XVIII ғасырдың ортасынан –XIX ғасырдың ортасына дейінгі Қазақстандағы ресей империясының миссионерлік саясаты



Зерттеу мәселесінің өзектілігі.

Қазақ халқы 1991 жылы өз тәуелсіздігін алғанға шейін КСРО құрамында дінсіздік идеологиясымен тәрбиеленгені жасырын емес.Сондықтанда болар қазақ халқы егемендік алған соң рухани жаңғыруды бастан кешіп,ислам діні құндылықтарымен қайта қауышып,миссионерлік саясаттың салқын салдарынан арыла бастады.
Ұсынылып отырған осы ғылыми жұмыс белгілі-бір дәрежеде қазақ халқы бастан кешкен жоғарыда аталған Ресей империясының миссионерлік саясатының басталуы,жүргізілу жолдары,қазақ халқына тигізген зардаптары туралы ғылыми зерттеу тұрғысынан баға беруге талпыныс болмақ.Қолдағы деректерге сүйене отырып бұл ғылыми жұмысымызда XYIII ғасырдың ортасынан-XIX ғасырдың соңына дейінгі Ресей империясының миссионерлік саясаты туралы мол мағлұмат беруге тырысамыз.Зерттеу жұмысында бұрын-соңды осы тақырыпты зерттеген тарихшы-ғалымдар еңбектеріне салыстырмалы түрде талдау жасалып,тарихи сабақтастық тұрғысынан баяндалады.Осының негізінде Ресей империясының миссионерлік саясатының көздеген түпкі мән-мағынасы ашылады.Міне зерттеудің өзектілігі осы болып табылады.

Мәселенің зерттелу деңгейі.

Тақырыптың тарихнамасына тоқталсақ,XYIII ғасырда қазақ халқының ұстанған діні мен салт-дәстүрін зерттеп,өз еңбегінде тиянақты түрде сипаттаған А.И.Левшин болатын.Ол өзінің “Описание киргиз-казачьих,или киргиз-кайсацких орд и степей” атты еңбегінде қазақ халқын өздері мұсылманбыз деп есептегенімен,оларда бұрынғы шамандық наным-сенімдер сарқыншықтары басым деп атап өткен.\1\
1.Левшин.А.И.Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей.-Алматы:Санат,1996.-652 с.(С.314-315)
2.ВалихановЧ.Ч.Собрание сочинений в 5-ти томах.-Алма-Ата:Ғылым,1984.-458с.(С.303)
3.Ильминский Н.И.Избранныя мьста изь педагогоических сочинениа некторыя свидьния о его дьятельности и о посльдних дняхь его жизни.Казань.-57с.(С.1892)
4.Вяткин М.Очерки по истории казахской ССР.Том.1.1941.-452с.(С.325)
5.Жақыпбек С.Қазақ қалай шоқындырылды//Ақиқат.1997.№3;
Хазіреттер қарсылығы//Ақиқат.1997.№4;А.Байболсынова.XIX ғасырдағы Батыс Қазақстандағы миссионерлік саясат//Ізденіс.2003.№4;Ж.Әбішева.XIX ғасырдағы патшалық Ресейдің Қазақстандағы мисионерлік саясаты//Ізденіс.1999.№4;Б.С.Әбенова.Патшалық Ресейдің мектеп жүйесіндегі орыстандыру саясаты//Ақтөбе мемлекеттік университетінің хабаршысы.2001.№4.
6.Нуртазина Н.Д.Ислам в истории средневекового Казахстана.-Алматы:Фараб,2000.-321с.(С.303)
7.Султангалиева Г.С.Западный Казахстан в системе этнокультурных контактов(XYIII-начало XIX вв.).-Уфа.2002.-262с.(С.99-105)
8.Мырзахметов М.Қазақ қалай орыстандырылды.-Алматы:Атамұра-Қазақстан,1993.-128 б.(Б.17-45)
9.Гумилев Л.Н.Көне түркілер.-Алматы:Санат,1994.-33б.(Б.71) 10.Естаев Ж.Өсербаев Н.Ислам және қазақтардың әдет-ғұрыптары.-Алматы:Жалын,1992.-86 б.(Б.57)
11.Қазақстан тарихы.-Алматы:Атамұра,1996.-Т.1.-636 б.(Б.402)
12.Нуртазина Н.Д.Ислам в истории…-С.170.
13.Утемиш-хаджи.Чингиз-наме.-Алма-ата:Ғылым,1992.-243с.(С.105)
14.Нуртазина Н.Д.Ислам в истории…-С.202.
15.Фазлаллах.Ибн Рузбихан Исфахани.Михман наме-ий Бухара.-М.:Наука,1976.-293с.(С.63)
16.Абусейтова М.Х.К проблеме источниковедения средневекового Казахстана//Отан тарихы.-1998.-№1.С.45.
17.Қазақ бақсы-балгерлері:құрастырған Ж.Дәуренбеков,Е.Тұрсынов.-Алматы:Ана-тіл,1993.-221 б.(Б.219)
18.Нуртазина Н.Д.Ислам в истории…-С.210.
19.Қазақстан тарихы.-Алматы:Атамұра,1998.-Т.2.-638 б.(Б.599)
20.Л.Н.Гумилев.Көне түркілер…-Б.73.
21.Снесарев Г.П.Реликты домусульманских верований и обрядов у узбеков Хорезма.-М.:Наука,1969.-375с.(С.266)
22.Дулати М.Х.Тарихи-Рашиди.-Алматы:Санат,1999.-656с.(С.324)
23.Тынышпаев М.История казахского народа.-Алма-Ата:Санат,1993.-224с.(С.133)
24.А.И.Левшин.Описание…-С.369.
25.Нуртазина Н.Д.Ислам в истории…-С.217.
26.Мырзахметов М.Қазақ қалай…-Б.102.
27.Султангалиева Г.С.Западный Казахстан…-С.109.
28.Султангалиева Г.С.Западный Казахстан…-С.109.
29.Мырзахметов М.Қазақ қалай…-Б.17.
30.Байболсынова А.XIX ғасырдағы….-Б.9.
31.Оралмағанбетов Ж,.Есмағамбетов М.Аңыздар мен ақиқаттар өлкесі.-Алматы:Кітап,2001.-183 б.(Б.54)
32.Вяткин М.Очерки по…-Б.324.
33.Султангалиева Г.С.Западный Казахстан…-Б.110.
34.Вяткин М.Очерки по…-Б.324.
35.Зиманов С.Россия и Букевское ханство.-Алматы:Ғылым,1982.-237с.(С.137)
36.Зиманов С.Россия и Букевское…-С.147.
37.Ғабдуллин Б.Шоқан,Ыбырай және Абай дін туралы.-Алматы:Қазақстан,1988.-317 б.(Б.27)
38.Левшин А.И.Описание…-С.316.
39.Ғабдуллин.Б.Западный Казахстан…-Б.37.
40.Султангалиева Г.С.Западный Казахстан…-С.109.
41.Көпейұлы М.Ж.Қазақ шежіресі.-Алматы:Жалын.1993.-76 б.(Б.10-11)
42.Султангалиева Г.С.Западный Казахстан…-С.107-110.
43.Байболсынова А.Қазақстандағы…-Б.9.
44.Есмағамбетов К.Қазақтар шетел әдебиетінде.-Алматы:Атамұра-Қазақстан,1994.-240 б.(Б.68)
45.Бекмаханов Е.Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында.-Алматы:Санат,1994.-416 б.(Б.35)
46.Ғабдуллин Б.Шоқан.Ыбырай…-Б.36.
47.Султангалиева Г.С.Западный Казахстан…-С.111.
48.Ғабдуллин Б.Шоқан,Ыбырай…-Б.43.
49.Омаров Ә.Қазақстандағы ағарту ісі және патша өкіметінің отарлық саясаты.-Алматы:Санат,1997.-169 б.(Б.16)
50.Зиманов С.З.Материалы по истории политического строя Казахстана.-Алма-Ата:Ғылым,1960.-Т.1.-441с.(С.339)
51.Мырзахметов М.Қазақ қалай…-Б.101-102.
52.Зиманов С.З.Материалы по…-С.112.
53.Султангалиева Г.С.Западный Казахстан…-С.112.
54.Султангалиева Г.С.Западный Казахстан…-С.103.
55.Зиманов С.З.Материалы по…-С.341.
56.Мырзахметов М.Қазақ қалай…-Б.39.
57.Байболсынова А.Қазақстандағы…-Б.10.
58.Байболсынова А.Қазақстандағы…-Б.11.
59.Мырзахметов М.Қазақ қалай…-Б.38.
60.Қарасаев Ғ.Рухани отарлау жолы-миссионерлік//Қазақ тарихы.-2000.-№6.-19-20 б.
61.Мырзахметов М.Қазақ қалай…-Б.40.
62.Байболсынова А.Қазақ қалай…-Б.11.
63.Ж.Әбішева.XIX ғасырдағы патшалық Ресейдің Қазақстандағы миссионерлік саясаты.//Ізденіс.-1999.-№4.-46 б.
64.Султангалиева Г.С.Западный Казахстан…-С.116-117.
65.Байболсынова А.Қазақстандағы…-Б.11.
66.Мырзахметов М.Қазақ қалай…-Б.51-53.
67.Нуртазина Н.Д.Ислам в истории…-С.225.
68.Материалы по истории КазССР(1789-1828)М.:Наука,1940.Т.IY.
№71 документ.
69.Әбішева Ж.Патшалық…-Б.47.
70.Ғабдуллин Б.Шоқан,Ыбырай…-23бет.
71.Радлов В.В.Алтын сандық.Құрастырған:С.Қасқабасов.Алматы: Ана-тіл,1993.-256 б.(Б.17)
72.Ғабдуллин Б.Шоқан,Ыбырай…-Б.24.
73.Байболсынова А.Қазақстандағы…-Б.10.
74.Шонанұлы Т.Жер тағдыры-ел тағдыры.Алматы:Санат,1995.-224 б.(Б.104)
75.Мырзахметов М.Қазақ қалай…-Б.31.
76.Қарасаев Ғ.Рухани отарлау…-Б.29.
77.Мырзахметов М.Қазақ қалай…-Б.29б.
78.Султангалиева Г.С.Западный Казахстан…-С.110.
79.Мырзахметов М.Қазақ қалай…-Б.31.
80.Ғабдуллин Б.Шоқан,Ыбырай…-Б.34.
81.Алтынсарин Ы.Таза бұлақ.-Алматы:Жазушы,1988.-317 б.(Б.305)
82.Алтынсарин Ы.Таза бұлақ… -Б.312.
83.Қарасаев Ғ.Рухани отарлау…-Б.30.
84.Р.Отарбаев.Екі киіз үйдің тарихы.//Қазақ әдебиеті.-1988.24 маусым.
85.Ы.Алтынсарин.Таза бұлақ…-Б.311.
86.Султангалиева Г.С.Западный Казахстан…-С.112бет.
87.Ильминский Н.И.Избраннья…-С.5б.
88.Мырзахметов М.Қазақ қалай…-Б.48.
89.Султангалиева Г.С.Западный Казахстан…-С.113.
90.Байболсынова А.Қазақстандағы…-Б.10.
91.Ғабдуллин Б.Шоқан,Ыбырай…-Б.37.
92.Қарасаев Ғ.Рухани отарлау…-Б.39.
93.Мырзахметов М.Аталған еңбек.,34бет.
94.Шонанұлы Т.Жер тағдыры…-Б.105.
95.Қазақстан тарихы.-Алматы:Атамұра,2002.-768 б.(Б.567)
96.Есмағамбетов К.Қазақтар…-Б.85.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Зерттеу мәселесінің өзектілігі.

Қазақ халқы 1991 жылы өз тәуелсіздігін алғанға шейін КСРО құрамында
дінсіздік идеологиясымен тәрбиеленгені жасырын емес.Сондықтанда болар қазақ
халқы егемендік алған соң рухани жаңғыруды бастан кешіп,ислам діні
құндылықтарымен қайта қауышып,миссионерлік саясаттың салқын салдарынан
арыла бастады.
Ұсынылып отырған осы ғылыми жұмыс белгілі-бір дәрежеде қазақ халқы
бастан кешкен жоғарыда аталған Ресей империясының миссионерлік саясатының
басталуы,жүргізілу жолдары,қазақ халқына тигізген зардаптары туралы ғылыми
зерттеу тұрғысынан баға беруге талпыныс болмақ.Қолдағы деректерге сүйене
отырып бұл ғылыми жұмысымызда XYIII ғасырдың ортасынан-XIX ғасырдың соңына
дейінгі Ресей империясының миссионерлік саясаты туралы мол мағлұмат беруге
тырысамыз.Зерттеу жұмысында бұрын-соңды осы тақырыпты зерттеген тарихшы-
ғалымдар еңбектеріне салыстырмалы түрде талдау жасалып,тарихи сабақтастық
тұрғысынан баяндалады.Осының негізінде Ресей империясының миссионерлік
саясатының көздеген түпкі мән-мағынасы ашылады.Міне зерттеудің өзектілігі
осы болып табылады.

Мәселенің зерттелу деңгейі.

Тақырыптың тарихнамасына тоқталсақ,XYIII ғасырда қазақ халқының ұстанған
діні мен салт-дәстүрін зерттеп,өз еңбегінде тиянақты түрде сипаттаған
А.И.Левшин болатын.Ол өзінің “Описание киргиз-казачьих,или киргиз-кайсацких
орд и степей” атты еңбегінде қазақ халқын өздері мұсылманбыз деп
есептегенімен,оларда бұрынғы шамандық наным-сенімдер сарқыншықтары басым
деп атап өткен.\1\
Қазақ халқының діни наным-сенімдерін зерттеп жазған еліміздің біртуар
ұлы Ш.Ш.Уәлиханов “Тәңірі”,”Қазақ даласындағы ислам діні”,”Қазақтардағы
шамандықтың қалдығы”атты мақалаларында өз-көзімен көріп білген тарихи
шындықты баяндайды.Ш.Уәлиханов қазақ даласындағы ислам дінінің сақталып
келуіне орта азиялық молдалардың әсері зор және де қазақ қоғамында
мұсылмандық ережелерді білмеген адамдардың руластары арасында беделі
болмайды деп,қазақ даласындағы ислам дінінің қоғамға тигізіп отырған әсерін
анық бағалайды.\2\
Бұл деректер миссионерлік саясат басталмас бұрынғы қазақ даласындағы
ислам дінінің орнын көрсетсе,мисионерлік саясат барысындағы қазақ
даласындағы шоқындыру ісі қалай жүргендігі туралы Н.И.Ильминский
еңбектерінен таба аламыз.Н.И.Ильминский қазақ халқын шоқындырудағы тиімді
жолдар туралы толғана отырып:татар тілінде христиандық уағыз кітаптарын
көптеп шығарып,алғашында араб әрпімен,кейін уақыт өте орыс әліпбиіне
көшіріп,мұсылман халықтарды христиандандыру қажет дейді.Ол миссионерлік
саясатта тілді-1 орында,әріпті-2 орында пайдалану тиімді деген.\3\
Кеңес үкіметі тұсында қазақ халқының діні мен басынан өткен миссионерлік
саясат салдары жөнінде кеңестік тарихшы М.Вяткиннің еңбектерінде сөз
қозғалады.М.Вяткин “Очерки по историй Казахской ССР” атты ғылыми
еңбегінде:Ресей империясының қазақ халқына Бұхара,Хиуа мұсылман
діндарларының әсерін азайту үшін татар молдаларын,кейін сол татар
молдаларына“ислам фанатизімінен” қорқып,қуғындау саясатын жүргізгенін жаза
келе,қазақ даласындағы патша үкіметінің миссионерлік саясаты XIX ғасырдың
ортасынан басталды деп көрсетеді.\4\
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін бұл тақырыпта бірнеше ғылыми
мақалалар жарияланды:Жақыпбек С.”Қазақ қалай шоқындырылды”,”Хазіреттер
қарсылығы”;А.Байболсынова “XIX ғасырдағы Батыс Қазақстандағы миссионерлік
саясат”;Ж.Әбішева “XIX ғасырдағы патшалық Ресейдің Қазақстандағы
миссионерлік саясаты”;Б.С.Әбенова “Патшалық Ресейдің мектеп жүйесіндегі
орыстандыру саясаты”\5\.Бұл мақалаларда Ресей миссионерлерінің қазақ халқын
орыстандыруда қолданған сан айлалы әдіс-тәсілдері жөнінде мол мағлұматтар
көп.
Ал осы тақырыптағы ғылыми монографиялардан Нұртазина Н.Д. “Ислам в
историй средневекового Казахстана” еңбегін атап өтуге болады.Бұл еңбекте
Ресей империясының миссионерлік саясаты қарсаңындағы қазақ даласындағы
ислам дінінің орны туралы ғылыми деректер негізінде өте жақсы
баяндалған\6\.
Келесі атап өтуді талап ететін ғылыми монография Султангалиева Г.С.
“Западный Казахстан в системе этнокультурных контактов” еңбегі.Бұл еңбекте
Ресей империясының идеологиясындағы-“мұсылмандық сұрақтың” қалыптасуы
жөнінде тың архивтік материалдар өте көп\7\.
Ресей империясының миссионерлік саясатын әшкерлеп,орыстандыру саясатының
терең түп-тамырын ашып көрсететін елеулі еңбектердің бірі М.Мырзахметовтың
“Қазақ қалай орыстандырылды” атты ғылыми монографиясы.Бұл еңбекте патша
үкіметінің қазақ халқын орыстандырудағы сатылы саясаты баяндалып,қазіргі
күндегі көріністері де аталып өтіледі\8\.
Міне жоғарыда аталған осы еңбектер негізінде өз тақырыбымызды ашуға
тырысамыз.

Пайдаланылған дерек негізі.

1.Материалы по истории КАЗССР 1789-1828.М.,1940.Т.IY.№ 71 документ.
2.Материалы по истории политического строя Казахстана(со времени
присоединения Казахстана к России до Великой Социалистической
революций)Алма-Ата:Изд-во АН КАЗ.ССР,1960.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері.

Зерттеудің негізгі мақсаты тақырыптың мәнін ашу.Осы мәселені шешу
барысында алдымызға мынадай міндеттер қойдық:
-қазақ халқының ресей империясы құрамына қосылғанға дейінгі ұстанған
діні мен діни наным-сенімдерін баяндау.
-Қазақстандағы Ресей империясының миссионерлік саясатының басталуын және
де бұл саясатты жүргізудегі негізгі себептерді ашып көрсету.
-Миссионерлік саясатты жүргізу жолдары мен сатыларын,әдіс-тәсілдері мен
айла-амалдарына ашып көрсету.
-Ресей империясының миссионерлік саясатына қазақ халқының көзқарасын
анықтау.
-Ресей империясының миссионерлік саясатының қазақ халқына тигізген
әсерін баяндау.

Зерттеудің хронологиялық шеңбері.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері XYIII-XIX ғасырлар аралығын
қамтиды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы.

Аталған тақырып бойынша қолда бар деректермен,жазылған арнайы
еңбектерді,мерзімді баспасөз материалдарын хронологиялық шеңбер бойынша
топтастырып,қазақ даласындағы патша үкіметінің миссионерлік саясаты
төңірегінде қалыптасқан субьективті және обьективті тарихи көзқарастарды
баяндап,тарихи талдау жасау болып табылады.

Зерттеудің практикалық маңызы.

Зерттеу жұмысы қазақ даласындағы Ресей империясы жүргізген миссионерлік
саясаттың негізгі мәнін түсінуде мол мағлұмат беріп,миссионерлік үгіт-
насихаттардың жүргізілу жолдарын ашып көрсетеді.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері.

Зерттеу жұмысы қазіргі қоғам дамуының обьективті диалектикалық даму
заңдылықтары негізінде,зерттеу тақырыбымен байланысты деректер менғылыми
еңбектерге нақты тарихи және тарихнамалық талдауға негізделген тарихи
салыстырмалы тәсілмен жазылды.

Зерттеудің территориялық ауқымы:
Зерттеу жұмысы Қазақстанның барша өңірін қамтиды.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі.

I Тарау.XYIII ғасырдың ортасынан –XIX ғасырдың ортасына дейінгі
Қазақстандағы Ресей империясының миссионерлік саясаты.
1.1.XYIII ғасырдың ортасына дейінгі қазақ халқының ұстанған діні мен
діни наным-сенімдері.
Қазақ халқының өткен тарихына көз салсақ сақтар,ғұндар,үйсін,қаңлы
тайпалары заманынан протоқазақтардың-тотемизм,анимизм,ф етишизм наным-
сенімдеріне табынғанын білеміз.Сақтар мәдениетіндегі “аңдық стильдің” өзі-
тотемге табынудың нақты көрінісі.Арғы бабаларымыз жабайы діни наным-
сенімдерімен қатар,б.з.д II ғасырдан жанданған Ұлы жібек жолы арқылы қазақ
даласына тараған зорастризм,буддизм,неосториандық христиан діні сықылды
наным-сенімдерден де хабары болған.
Алайда қазақ халқының арғы-тегі болып саналатын түркі тайпалары
-“тәнірге-көк аспанға” табынған.Сонымен қатар жер мен суды,Ұмай ананы қадір
тұтқан.Қытай деректеріне сенсек сиқыршыларға (бақсыларға-авт) сенген\9\.
Арабия түбегінде-ислам діні пайда болып,633 жылы “дін үшін соғыс”
ұранымен араб тайпалары дін тарату жорықтарын бастаған соң,YIII ғасырдың
ортасында ислам діні қазақ даласына да жетті\10\.Қазақ даласына ислам дінін
таратуда араб билеушілері алдымен әскери күшке сүйенгенмен,бұл саясат үлкен
нәтиже бере қоймады.Сондықтанда кейінгі кезеңде ислам дінін таратуда араб
көпестері мен ғалымдары біраз еңбек етті.Қазақ даласында алғаш болып ислам
дінін 756 жылы қарлұқ билеушілері қабылдаса,960 жылы Қарахан мемлекетінің
билеушісі Сатұқ Боғра хан ислам дінін-мемлекеттік дін ретінде
жариялады\11\.Бірақта Қарахан мемлекетінде исламның ресми түрде қабылдануы
ол мемлекеттегі тұрғындардың бәрі де мұсылмандар дегенді білдірмейді.Себебі
бұл кезеңдегі Қарахан мемлекетінің көршілері бұрынғы пұтқа табынушылықты
қолдаған оғыз және қыпшақ мемлекеттері болды.Бұл мемлекеттер арасында
мәдени интеграция жүріп,ислам діні Оғыз,Қыпшақ мемлекеттеріне тарай
бастады.Бірақ соған қармастан шамандық наным-сенімде бұрынғы беделін
жоғалтпай,әлі де көшпелілер арасына кең таралды.Тіпті шамандық наным-сенім
Қарахан мемлекетінде тарап,ел тұрғындарын екі дінділікке бөлді деуге
болады.Осындай ел ішіндегі алауыздықтар Қарахан мемлекетін әлсіретіп,1141
жылы Самарқанд түбінде қарқытайлардан жеңілуге әкелді.Бұл өз кезегінде осы
аймақтағы ислам дінінің беделіне нұқсан келтірді.1212 жылы Қарахан
мемлекетінің құлап,оның орнына Қидандардың келуі ислам дінін
әлсіретеді.Кейін найман ханы Күшліктің мұсылмандарды қудалауы,бұрынғы пұтқа
табынушылық пен неосториандық христиан діндерінің күшеюіне жол
ашады.Моңғолдар шапқыншылығы нәтижесінде 1219-1224 жылдары аралығында Орта
Азия мен Қазақстан моңғолдар қол астына қарайды.
Бұл кезеңде ислам дінін қудалау тоқтатылады.Шыңғыс хан өзінің діни
саясатында діни ағымдарға бейтарап көзқараспен қарап,барлық діндерді бірдей
құрметтейді.Ал оның ұлдары арасында бұл мәселеде екі жақты пікір
болды.Шыңғыс ханның ұлдары Жошы мен Үгедей ислам дінін қолдаса,Шағатай мен
Төле шамандық наным-сенімді дәріптеушілер болды\12\.Бұл тағы да қазақ
даласында ислам мен шамандық наным-сенімдер арасындағы күресті
қоздырады.Бұл күресте ислам діні жеңіп шықты деуге болады.Себебі 1227 жылы
Шыңғыс хан өлген соң,ұлы қаған болып Үгедей сайланды.Біздің ойымызша оның
бұл таққа келуі,тек қана оның батырлығы мен ақылдылығына ғана емес,діни
көзқарасына да байланысты болуы мүмкін.Атақты Шыңғыс хан ислам дінінің
болашақта алатын орнын түсініп,үлкен ұлы Жошы өлген соң,ислам дінін
қолдаған Үгедейді Шағатайдан артық көрген болу керек.
Кейін Шыңғыс хан империясы ыдыраған кезде қазақ даласында Алтын орда және
Шағатай мемлекеттері пайда болады. Бұрынғыдай бұл мемлекеттерде де ислам
мен шамандақ наным-сенімдер қатар жүріп отырды.1347 жылы Қазақстанның
оңтүстігінде Моғолстан мемлекеті құрылып,оның алғашқы ханы Тоғылық Темір
ислам дінін қолдады.
Ал Қазақстанның қалған бөлігінде 1242 жылы Алтын орда мемлекеті
құрылды.Алтын орда да Берке хан тұсында ислам діні тарала бастайды.Ал ислам
дінінің таралуының аяқталуы Өзбек хан (1312-1342)есімімен байланысты.Ол
ислам дінін тарату үшін алдымен шамандық нанымды уағыздаушылар болып
табылатын бақсыларды қуғындаған.Оның айқын көрінісін Өтеміс қажының “Шыңғыс-
нама” еңбегінде жазылған:”Өзбек хан бір күні атақты сопы Баба Түкті Шашты
Әзіз бен белгілі бір бақсыны шақырып,осылардың қайсысы күшті екенін білу
үшін оттан өтуге бұйырады.Осы отқа бақсы өртеніп,әулие сопы аман
шығады”\13\-деген үзіндіден Өзбек ханның бақсыларды тірілей өртеуге де
барғанын көреміз.Міне осындай шаралардан кейін қазақ даласында ислам діні
шамандықтан басым түсе бастады.
Ал енді қазақ хандығы құрылғаннан кейінгі қазақ хандарының діни
саясатына тоқталсақ. Бұлардың ең алғашқысы қазақ хандығының негізін
қалаушылардың бірі әз-Жәнібек хан. Ол өзінің туысы Кереймен бірге
қоластындағы 200 мыңдай көшпелі тайпалармен 1458-1459жылдары Моғолстанға,
Батыс Жетісу жерлеріне қоныс аударған. Әбілхайыр хандығынан бөлінген Керей
мен Жәнібек Моғолстан ханы Есен-Бұға берген Шу мен Қозыбас аймағын
мекендейді. Осылайша Шығыс Дешті Қыпшақтағы қазақтардың Жетісуға көшіп
келуі Орта Жүз бен Ұлы Жүз тайпаларының бірігіп, қазақ халқының аяқталып
қалған шоғырлауны процесін жеделдетті. Жәнібек хан 1468 жылы Әбілхайыр
хан өлген соң жеке тәуелсіз қазақ хандығын құруды көздейді. Жәнібек хан
жаңа мемлекеттің идеологиялық тірегі ретінде ислам дінін қолдайды\14\.
Себебі Қазақ хандығының қоластына біріккен тайпалар негізінен, мұсылмандар
еді. Жәнібек ханның мұсылмандарды қолдағанын оның Әбілхайыр ханнан бөлініп
көшуіне рухани көсем діндар Ақжол бидің өлтірілуі себеп болғанынан да
көреміз. Бұл туралы біз Ш.Құдайберді ұлы Айналымға енгізген қарақыпшақ
Қобыланды батырдың арғын биі Ақжол биді өлтіруіне байланысты , Әбілхайыр
хан мен Жәнібек сұлтанның арасында дау-дамай болуынан көреміз. Бұл жерде
Жәнібек сұлтанның Ақжол бидің жақтастарын қолдап, Әбілхайыр ханмен күреске
шығуы діни-рухани көсемге деген құрметін көрсетеді . Жәнібек ханның ислам
дінін мемлекеттік идеология ретнде таңдауына оның кеңесшісі Асан қайғының
ықпалы болған, кейбір ғалымдар Асан Қайғыны Суфи деп есептеп, Жәнібек
ханның нағыз мұсылман болуына әсер етті дейді. Асан Қайғы өз жырларында
Жәнібектің батыс саясатындағы қателіктерін ескертіп, Жәнібекке алысты
болжай алмайсың деп реніш білдіреді. Бірақ қазақ хандығы құрылғаннан кейін
Жәнібек хан алдында көптеген кедергілер пайда болады. 1462 жылы Есен-Бұға
өлген соң, Моғолстандағы тайпалардың бір бөлігі Жәнібекке қосылып, оларға
қарсы Ахмет ханның әскерімен қақтығысқа түседі. Керей мен Жәнібек осылай
Жетісуда қазақ хандығы құрылғаннан кейін шығыс Дешті Қыпшақтағы этникалық
аумағын біріктіру үшін күрес бастап шайбанилер ұрпағымен ұзаққа созылған
қақтығыстар басталады. Осы жерде қазақ халқының шайбанилермен шайқасқа
рухтанып шығуна исламның рухани күші әсер етті деуге болады. Себебі ҮІІ
ғасырдағы араб еліндегі Мұхаммед пайғамбардың күрейшіт тайпасының
шонжарларынан қысым көріп, Меккеден Мәдинаға қашып, кейін жеңістерге жетіп
Меккеге жеңімпаз болып кіру оқиғасымен, ХҮ ғасырдағы қазақтардың Әбілхайыр
хандығынан қоныс аударып, Моғолстанға барып күшейген соң қайтта атамекенге
- Шығыс Дешті Қыпшаққа оралу ойы ұқсастығы халықты қанаттандырса керек.
Сол кездегі Жәнібек ханның, мұсылманша аты Әбу Сайдтың ислам ережелерін
білетін, араб парсы тілдерін оқыған, шығыс поэзиясымен сусындаған адам
екенін ескерсек, осы ойдың Жәнібектің өз басынан тууы мүмкін екені
айқындалады. Осылайша Жәнібек ханның Сырдария бойындағы қалаларды иелену
үшін жанталаса күрес жүргізу, иеленген қалаларды қалпына келтіріп, оларды
қолөнер кәсіпшілілігін сауда ісін жандандыру, Түркістан жазираларында қала
мәдениетін жеделдете дамытуы исламның қала мәдениетімен тығыз байланысты
екенін түсініп, қазақ хандығындағы ислам орнын көтеру үшін бағытталған
әрекет деп есептеу қажет.
Ал енді Асан Қайғы ескерткен батыс саясатына келсек, бұл жерде
Жәнібек ханның көрегендік танытып маңғыт сұлтандарымен одақ құрып, батыс
шекерасын уақытша бекітуі, Жәнібек ханның осы кезде күшейіп келе жатқан
орыс мемлектіне қарсы шықпай, өзінің негізгі жаулары – Шайбани ұрпағына
қарсы шығуы, Алтын Орданың құлауы жақындап, орыс мемлекетінің тәуелсіздігін
алатындығын сезуінен деп ойлау керек. Ал Жәнібек ханның орыстарға қарсы
шықпауының бір себебі мұсылмандардың өз ішіндегі қырқысы таусылмай жатып,
кәпірлерге жиһад жариялаудың мүмкін еместігін сезуінде.
Осылайша, өз елінің тәуелсіздігі үшін күрес қазақ хандығынның негізін
қалап, кергесін бекітуге ат салысқан Жәнібек ханның дипломатиялық та,
әскери, діни саясаты да ел бірлігі үшін бағытталды. Жәнібек хан 1480 жылы
қайтыс болып, ел үшін істеген ерлігін ұмытпаған қазақ халқы оған Әз-Жәнібек
деген ат қойды. Әз-Жәнібек хан осылайша өз ұрпақтарының санасында қазақтың
ұлы тұлғаларының бірі ретінде сақталды.
Діни саясатының тереңдігімен көзге түскен келесі атақты қазақ ханы Әз-
Жәнібек ханның ұлы – Қасым хан болды. Қасым хан қазақ хандығын үлкен
биіктерге жеткізген қайраткер ретінде белгілі. Оның тұсында елде тыныштық
орнап, халық саны миллионға жеткен. Оның осындай үлкен биіктерге жетуіне
діни саясатының маңызы зор болды. Оның дәлелін ХҮІ ғасырда қазақ халқы –
ислам елі болды деген Ибн Рузбиханның сөзінен көреміз\15\.
Қасым хан сопы мұсылман болып, Бұхар шейхы Әбу Бәкір Саданың мүрейді
болған\16\.Ол сопыларға қолдау көрсетіп Орта Азия дінбасыларымен тығыз
байланыс ұстаған. Оның мысалы ретінде Қасым ханның 1512 жылы джубар шейхы
Қожа Исламды паналатуын келтіруге болады. Ол көптеген діни саяси беделді
адамдар мен кездесіп өзінің шешендігімен, даналығымен көзге түскен. Қасым
ханның діни саясатының басты жемісі деп – қазіргі синкретті қазақы
дінінің пайда болуын атауға болады.
Қасым ханның билік басына келгеннен кейін істеген алғашқы әрекеттернің
бірі Өзбек хан тұсында басталып, Ақсақ Темір заманында күшейген бақсыларды
қуғындауды тоқтатуы болды 17\. Ол осы әрекеті арқылы мұсылмандық
мәдениеттің ұлттық дәстүрді өзіне сіңіріп алуына жол бермеді. Қасым хан
ұлттық дәстүр мен мұсылмандық дәстүрдің жақсы жақтарын байланыстырып,
жаңаша діни сенім жасағысы келді. Қасым хан ислам дінінің келелі жақтарын
алып, оның ішінде қала мәдениетіне үлкен көңіл бөледі. Ол әсем Сарайшық
қаласын гүлдентіп, өзінің астанасы етті және ол Ресей жақтан келетін діни
және саяси экспансияға сына ретінде қағылды. Бұл қаланы зерттеу әлі
жалғасып, ондағы мұсылмандық стильдегі архитектуралық құрылыстардың, құнды
діни кітаптардың табылуы осының дәлелі. Ол орта Азиялық қалалар мен сауда
және оқу-ағартулық байланыстар ұстап, діни жиһат ұранын соғыста әскерлер
рухын көтеруге пайдаланды.
Қасым хан өзінің даналығымен елді тыныштандырып, терең болашақты
болжайтын саясатты жүргізді. Оның діни саясатын талдап көрсек, ол басқарған
уақытта ислам діні Қазақстанның Оңтүстік бөлігінде кең тарады. Басқа
аймақтарда ислам жеткілікті дәрежеде дамымады. Себебі көшпелі тұрмыс салты
Аллаға сиынатын мінәжат орындарын, тұрақты дінбасыларды қалыптастыруды
қиындатты. Қасым хан осыған байланысты намаздың әр жерде оқылуын дінді
қаралау емес, керісінше діни қажеттілікті түсінді. Дін басылардың
функциясын көшпелілерде аралайтын арнайы нахшанбандийа, йасауийа
ордендерінің сопылары орындады. Қасым ханның Орта Азщиялық нахшанбадийа
сопылармен одақтас болғанын мына мысал көрсетеді: Бабырды жеңгеннен кейін
(1512ж) Ұбайдолла ханнан Қасымның қызына құда түсіп елшілер келеді. Дәл осы
уақытта хан ордасына аттанып бара жатқан Қожа Исламға Қасым хан былай
деген: Мен қызымды сіздің елге жіберіп жатырмын. Сіз біздің пірлердің
баласы едіңіз. Қызыма бас-көз бола жүріңіз18. Осы сөздерден Қасым ханның
ұлттық дәстүрді және оның өкілдері бақсы-балгерлерді қамқорлап жүрсе де
мұсылман дінбасылармен тығыз байланыста болғанын көреміз. Жоғарыда атап
өткендей, Қасым ханның діни саясатының мәні ұлттық дәстүрді мұсылмандық
дәстүрге қарама-қайшы келмейтіндей етіп икемдеп, екі дәстүрдің де жақсы
жақтарын қазақ хандығын күшейтуге бағыттау. Бұл саясатта ислам діні басты
орын алып, ұлттық дәстүрді оған сіңістіру қажет болды. Осы мақсатта Қасым
хан сопылық ілімді және сопылық одақтарды пайдаланды. Ол Қожа Ислам, Қожа
Нәсирәддин Ұбайдолла (Қожа Ахрам) т.б. атақты сопылардың уағызын тыңдаған.
Осы Қасым ханның тұсында Мұхаммед пайғамбардың ең жақын серіктері – Әбу
Бәкір, Омар, Осман, Әли есімдері кең таралып, олардың қазақ даласына қатысы
туралы аңыздар шығарыла бастады. Оның көрінісі Халиф Әли и Хауланның ұлы
Мұхаммед әл- Ханафийа жерленген-мыс делінетін Созақ маңындағы қабір. Баба
–Ата (Ысқақ Баба) әулие туралы аңыз т.б. ұлттық дәстүрді ислам дініне
кіргізу барысында жергілікті қамқоршы құдайларды жаңа атқа ауыстырып,
мұсылмандық дәстүрге жақындата бастады. Сопылық ілімдер нәтижесінде қой
малының пірі Шопан-Ата – Қожа Ахмет Йассауи шәкіртіне айналып шыға келді.
Сиыр малының пірі – Зеңгі Баба Хәкім атаның шәкірті, әйгілі түрік шейхы
деген лақап ат алды. түйе малының пірі Ойсыл қара - әйгілі ислам
қайраткері Уайс әл-Карани болып мұсылман елдеріне аңыз болып тарады.
Мұхаммедтің қызы Фатима Ұмай ананың орнын басып, әйелдер мен балалар
қамқорына айналды.19
Әулиелерге сыйыну, табиғат аясына табыну мұсылмандық дәстүрмен сіңісіп
кетті. Атақты түркітанушы Л. Н. Гумилевтің еңбектерінде көрсетілген
түркілердің тауға табынуы 20 мен мұсылмандықтың байланысын Оңтүстік
Қазақстандағы ел қадірлейтін таулардың бірі Қазығұрттағы Нұх кемесі туралы
ислам аңызынан көреміз. Ал енді әдет-ғұрыптағы исламдық және шамандық
сенімдердің астасуына келсек, оған мына мысалдар келтіруге болады. Қазақ
халқында қазірге шейін сақталған құрбандық шалу ғұрпы тамырын шамандық
дәстүрден алады. Негізінде ислам шарты бойынша құрбандықты тек Аврам
пайғамбар құрметіне құрбан айтта ғана сояды. Ал қазақтар болса басына іс
түскен уақытта тәңірінің атына құрбандық шалған. Бұндай ислам дінінен
ауытқуларды бүркемелеу үшін мұны мұсылман дін басылары – садаха деп
атаған\21\. Осындай ұлттық дәстүрлерді мұсылмандандыру көріністері ХҮІ-ХҮІІ
ғасырларда көп болған. Бұл туралы Снесарев Г.П. Ислам діні ежелгі
сарқыншақтарды ішінара мойындауға мәжбүр болды деп жазған. 11
Қасым хан діни саясатын өзінің билігін және одақтастарын көбейтуге де
пайдаланған. Ол өзінің аса діндарлығымен көзге түскен Моғол ханы Жүністің
қызы Сұлтан Нигар ханымды әйелдікке алған, яғни осы әрекетімен мұсылмандық
сенімін пайдаланып династиялық неке құрған.3 Қасым хан сонымен қатар
маңғыттармен одақ құрып, Ресей жақтан келетін қауіпті азайтты. Маңғыттар
мен саяси одағын бекіте түсу үшін діни ықпалды да пайдаланған деп есептеуге
болады. Себебі осы кездері Баба Түкті Шашты Әзіз — қазақ батырларының
қамқоршысы және діни аңыздарда Маңғыт тайпасының мифтік бабасы ретінде де
көрсетіледі. Қасым хан даналығын діни білгірлігі туралы М.Х.Дулатидің
Тарих-и- Рашидиді тамсана жазғанын 22 ескерсек, Қасым ханның осы діни
аңызды саяси одақты бекітуге ұтымды пайдаланды деп ойлауға болады. Қалай
болғанда да Маңғыттармен одақ Қазақ хандығының іргесін бекітті. Ал осы
жоғарыда айтылған жетістіктер, синкреттік қазақ діннің қалыптасуының басы
діни аңыздар, сопылық ілімдер арқылы ұлттық дәстүрмен мұсылмандық дәстүрді
байланыстыру, бақсы-балгерлерге қолдау көрсету т.б. неліктен Қасым ханға
телінеді, осыған тоқталып өтсек:
1. Қасым ханның кезінде қазақ хандығы бекіп тыныштық орнады. Қасым хан
бейбіт саясат жүргізді. Бұл туралы М. Тынышбаев : Қасым хан саяси қуатымен
әскер күшіне қарамастан бейбітшілікті жақтады деген23. Осылайша бейбіт
уақыттарда ол діни уағыздарды күшейтіп, исламды мемлекеттік дәрежеге
көтеріп, сонымен қатар ұлттық дәстүрді сақтағысы келді. Сол үшін ол
Оңтүстік Қазақстандағы ислам орнының бекігенін түсініп, батысқа ығысып,
Сарайшықты өз ордасы етіп, осы жақта ислам дінін уағыздады. Елдің ішкі
бірлігін сақтау үшін, бақсы-балгерлерді қуғындауды тоқтатты. Осы арқылы
мұсылмандық дәстүр мен ұлттық дәстүрдің тепе-теңдігін сақтауға тырысты.
2. Қасым хан басқарған уақытта қазақ даласына көптеген орта азиялық
сопылар шақыртылды. Қасым хан Қожа Ислам, Қожа Ахрам, уағыздарын ел арасына
таратты. Исламның кереметі туралы аңыздар айтылды. Сопылар қазақ халқының
ежелгі сеніміне ислам дінінің жақсы жақтарын әкеліп, ұлттық дәстүрмен
мұсылмандықты байланыстырды. Сопылардың уағыздарындағы мұсылман
батырларының жеңісі қазақтарды рухтандырды. Қасым ханның атақты жеңістерін
осымен түсіндіруге болады. Осылайша, ислам уағызы қазақ хандығын рухани
тұрғыдан бекітті. Қасым хан синкретикалық қазақы діннің негізін қалап,
Қазақ тарихында өзінің өшпес ізін қалдырды.
Дала Ликургі деп А.И. Левшин атап өткен - Тәуке хан өзінің даналығымен,
заңгерлік іскерлігімен ұрпақтар есінде қалды. Тәуке хан билеген жылдары
елде ішкі алауыздық тиылып, бәріне ортақ заң шығып, дала данышпандары
қасына жиналды. Оның осындай жемісті саясатының алтын діңгегі – ислам діні
және Тәуке хан жүргізген діни саясат болды.
Тәуке ханның қазақ хандығын билеген кезеңіндегі ең басты еңбегі – Жеті
Жарғы заңы шығарылды. Ал Жеті жарғыны талдай келсек, исламдық бағытта
шығарылған құжат екенін айқын көреміз. Бұл жеті жарғыда Тәуке ханның діни
саясатының айқын бейнесі көрінеді. Мәселен, мынадай баптар кездеседі:
христиан дінін қабылдаған адамның туыстары оның мүлкін тәркілеуге құқығы
болды. Аллаға қарсы шыққан адамды жеті куәгер айыптаса оны тас лақтырып
өлтіреді. Қожаларды ақсүйектер қатарына жатқызу, зекет төлеуді талап ету
т.б.24 Яғни осы заңдардан көрінгендей, Тәуке ислам дінін мемлекеттік дін
дәрежесіне көтерген. Сонымен қатар Тәуке хан Түркістанды астанасы етіп,
қазақ қоғамының діни орталығы қылды. Осы кезеңде Түркістан екінші Мекке
атын алды. Осы аймақтағы қалалар қазақ хандығының діни саясатының тірегі
болды. Тәуке хан ислам рухын жауынгерлердің рухын көтеруге де пайдаланды.
Тәукенің исламдық жасыл туы болып, бұл ту жауынгерлерді рухтандыратын күшке
айналды, кейін бұл ту 1916 жылғы көтеріліске шыққан А.Имановқа
табысталды.25 Жоғарыда көрсетілген мысалдардан Тәуке ханның діни саясаты
исламды күшейтуге бағытталғанын көреміз. Ол ұлттық дәстүрді де қолдап
отырды. Осының нәтижесінде ХҮІІІ ғасырдың бас кезінде мұсылмандық дәстүр
мен ұлттық дәстүрдің байланысы сақталды. Біз бұл туралы Левшиннің
еңбектерінен біле аламыз. Осы кездегі қазақтардың діни сенімі туралы ол
былай жазған: Қазақтар жаратушыға сенгенімен, ислам дінінің ережелерін
толық ұстамайды. Қазақтарда басқа мұсылмандардағыдай фанатизм жоқ, бірақ
қазақтар мұсылман еместерді капір деп санайды. Қазақтар арасына ислам діні
Түркістан, Бұхара, Хиуадан келген дінбасылар арқылы таратылып тұр. Егер
бұлар болмаса олар ислам дінін ұмытып кетер еді. Қазақтар бақсы-балгерлерге
сенеді. Жерлеу ғұрпы мұсылмандық ережелермен істеледі. Жоғарыда
айтылғандарды талдай келе, шаман сенімін ислам дінімен байланыстырып ұстау
қазақтардың көшпелі өміріне байланысты екенін түсінеміз. Левшин атап
өткен кәпірлерге деген өшпенділік Тәуке хан заманында әдейі өршітіліп,
жоңғар, орыс, қытайлықтарға қарсы соғысқа рухтандырып шығуы үшін
қолданылған. Ал орта азиялық дін басылармен байланыс оңтүстік аймақтарда
кең тарап, халықтың діндарлығын күшейткен. Қазақ бақсы-балгерлерін қолдау,
олардың медициналық рухани құндылықтарын түсінгендіктен деп ойлау қажет.
Осылардан көрінгендей, Тәуке заманында ұлттық дәстүр Мұсылмандық дәстүрдің
құрамында болып, қазақ қоғамына зор ықпал етті. осы кездегі қазақ
даласындағы ислам дінінің күшеюін Тәуке ханның діни саясатының жемісі деп
түсінеміз.Осылайша қазақ хандығы 1731 жылы Ресей құрамына енер тұста ислам
елі болып саналғанмен,бұрынғы шамандық наным-сенімдер халқымыздың салт-
дәстүрлерінде кең орын алды.Соған қарамастан қазақтар өздерін ислам
әлемінің (Дар ус саламның) бір бөлшегі ретінде санады.

1.2. Ресей империясының қазақ даласындағы миссионерлік саясатының
басталуы,тарату жолдары мен әдіс-тәсілдері.

1731 жылы 10 қазан күні Әбілхайыр хан бастаған кіші жүз қазақтары Ресей
империясының құрамына енгеннен бастап,қазақ халқы Ресей империясының бір
бөлшегіне айналды.Бұл жағдай қазақ халқын Ресей империясы жүргізіп отырған
бұратана халықтарды шоқындыруға бағытталған миссионерлік саясаттың
аранына әкелді десек те болады.Ресей империясының бұл саясаты қазақ халқы
әлі құрамына қосыла қоймаған уақытта басталған еді.1719 жылы Ресей Сенаты
орыс емес халықтарды шоқындыру мәселесін қараса,1728 жылы Сенат Еділ
бойын жайлаған халықтарды шоқындыруға арнайы жарлық шығаруы-ертеңгі күні
Ресей империясына отар болып енетін халықтардың,соның ішінде қазақтардың да
рухани тағдырын осы саясаттың күтіп тұрғаны анық еді\26\.
Алайда патша үкіметі ашық түрде осы кезеңде қазақ халқын шоқындыруға
асыға қоймады.Себебі патша үкіметі әлі де құрамына толық қосылып болмаған
қазақ халқын шоқындыру саясаты арқылы үркітіп алудан қорқып,қазақ халқы
Қытай мемлекетіне ығысып кетпесін деген оймен,толықтай қосылғанша
христиандандыру саясатымен кідіре тұруды жөн көрді.Бұл саясаттың орнына
патша үкіметі Орта Азия хандықтарымен экономикалық байланыс орнату үшін
де,қазақ халқын өзіне жақындата түсу үшін де ислам дініне ымыраластықпен
қарап,мұсылмандық дінбасылар арқылы Ресей империясының құрамына қосылу
процесін жеделдетуге тырысты.Осыған байланысты Екатерина II (1762-1796)-
“орыс емес халықтардың дініне сыйластықпен қарау” принципін 1773 жылы
жариялады.Бұл бойынша Ресей үкіметіне-мұсылман дінбасыларымен жақсы қарым-
қатынас ұстап және оларды өз саясатына пайдалану ұсынылады.Жалпы Екатерина
II мұсылман дінбасыларын ресей үкіметі саясатын қазақ даласында жүргізетін
бағынышты тұлғалар ретінде қарастырды.Бұл саясатты жүргізу Ресей
құрамындағы татар және башқұрт молдаларына тапсырылды.Олар сонымен қатар
қазақ даласындағы орта азия дінбасыларының ықпалын азайтуға тиісті
болды.Татар және башқұрт молдаларының қазақ тілін,әдет-ғұрып,салт-
дәстүрлерін білуі қазақ халқын Ресей құрамына енгізуде делдалдық қызмет
етуге мүмкіндік берді.Бұл туралы зерттеуші-ғалым А.Добромыслов былай деп
жазған:”татарлар мен олардың мешіттері қазақ халқына көпір ретінде
болды,тек осы көпірмен өтіп қана қазақтар орыстарға жақындаса алатын
еді\27\.Екатерина II өзінің саясатының бастамасы ретінде мешіттер құрылысын
салу туралы қаулы(1782 жылы 8шілде;1784жылы 2мамыр)шығарды.Бұл саясаттың
басты ерекшелігі мешіттерді қазақтармен шекаралас аудандарға салуы
болды.Осы әрекет арқылы көшпелі қазақтарды намаз оқу,құлшылық ету әрекеті
үшін орыс жерлеріне әкеліп,орыстармен жақындастыру көзделді.Екатерина
патшаның келесі қадамы 1785 жылы 25 қарашада және 1787 жылы 21 сәуірде
шығарған қаулыларынан көрінді.Ол өз қаулысында барон О.А.Игельстромға қазақ
руларын татар молдаларымен қамтамассыз етуді тапсырды.Молдалар қазақ
даласында Ресей үкіметіне тыңшылық қызмет атқарды.Яғни мұсылман дінбасылары
Ресей мемлекетінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізуге көмектесетін
қолбалаға айналды.Осы қызметі үшін олар үлкен жалақы мен сыйлықтар алып
отырды.Кейін қазақ даласына жіберілген молдаларды бақылау үшін 1788 жылы 22
қыркүйекте Уфа қаласында мүфти Мұхамеджан Құсайыновтың басшылығымен
“мұсылмандар заңдарының діни жиналысы” ұйымдастырылды.Бұл діни жиналыстың
міндеттеріне қазақ даласына жіберілетін молдалардан сынақ алу,мешіттер
құрылысына рұқсат беру,мұсылман діндарларын басқару т.б кірді.Осылайша діни
жиналыс Ресей мемлекетінің Қазақстан мен Орта Азияға жүргізетін
миссионерлік саясатының басты орындаушысына айналды.\28\
Ресей үкіметі 1797 жылы келешек миссионер кадрларды даярлауға айрықша
мән беріп,Казан рухани Академиясының ашылуы,оның ішінде “орыстандыру
палатасы” мен “переселенческий контораның” дүниеге келуі қазақтар арасында
мұсылман дінін қолдау саясаты артынан шоқындыру саясаты басталатынын
аңғартатын еді\29\.Осы бағыттағы ең алғашқы қадам ретінде оны жүзеге
асыратын арнайы тірек пункттері немесе басқару органдары қажет болды.Сол
мақсатта 1799 жылы Орынбор және Уфа епархиясы құрылды.Оның алғашқы епископы
болып Амбросий Келембет(Казамбек) тағайындалды.Осы жылы оның Духовная
консистория мен семинариясы да ашылды.Ал 1802 жылы қызметін жандандыру
мақсатында рухани басқару орны Орынбордан Уфаға көшіріледі\30\ .Алайда
осындай дайындықтары болғанымен XIX ғасырдың басында патша үкіметі әлі де
мұсылмандықты қолдау саясатын жалғастырды.Патша үкіметіне қызмет етуші
молдалар Орынбор діни жиналысының сынағынан өткесін,Орынбор губерниясының
басқармасынан рұқсат алып,тек содан кейін қазақ даласына жіберілген.Осындай
ұзақ тексерулердің болу себебі:Ресей үкіметінің тек өзіне шын берілген
адамдарды ғана қазақ даласына жіберу саясатынан туындаған еді.Себебі қазақ
даласына өтіп,патша үкіметі тапсырмаларын орындамай халық арасында жоғары
беделге ие болған молдаларда аз емес еді.Ақтөбе өңірінде үлкен бедел жиған
Қазақай бабада бұл сөзімізге дәлел бола алады\31\.Бұл жөнінде тарихшы
М.Вяткин:”чтобы нейтрилизовать деятельность этих мулл,царское правительство
назначало в степь так называемых указных мулл,но последние,по признанию
русской администраций не ползоались никаким влиянием среди казахов”\32\,-
деп патша үкіметі тағайындаған молдалардың қазақ қоғамында алатын орнын
айғақтайды.Соған қарамастан қазақ даласына жіберілетін молдалар –Казан
губерниясынан және Орынбор губерниясындағы Сейіттік посадтың
татарларынан,башқұрт кантондарынан алынды.Себебі бұл жерлер қазақ рулары
мекендейтін жерлермен шектесіп жатты.Негізінен татар-башқұрт молдалары
тайпа-ру мүшелеріне ислам дінін уағыздап,үстем тап өкілерінің балаларын
оқытып,сұлтан-старшиналар жанында тілмәштық қызмет атқарды.Ресей үкіметі
қазақ жерінде мешіт құрылыстарын салуға шек қоя отырып,бұл мешіттерді Ресей
жеріне шекаралас аймақтарға салды.Қазақ даласындағы Сарайшық қаласы маңында
мешіт салмақшы болған Орман Нұралыұлының,Қобда өзені маңында мешіт салмақ
болған сұлтан Тәуке және Баймұхамед Айшуақұлдарының ұсыныстары
қабылданбай,бұл құрылыстарды салуға қаржының жеткіліксіздігі сылтау
етілді\33\.Бірақта 1832 жылы татар және қазақ халқы көп көшіп- қонып
келетін Илецк қаласы маңында мешіт салуға қаржы табылды.Мешіттің бұл жерде
салынуы сауда нүктесі болуына байланысты еді.Бірақта қазақтардың бәрі
бірдей бұл мешіттерге бармаған.Бұл жөнінде тарихшы М.Вяткин өз кітабынан
мынандай үзінді келтіреді:” Директор Оренбургской таможни Величко
рассказывает,что когда царьское правительство в конце XYIII века построило
в степи близ укрепленной линии мечети,казахи в ответ на призыв к посещению
мечети уезжали в степь\34\”.Бұдан біз қазақтардың орыс мұсылмандандыруына
бір жақты көзқарас болмағанын байқаймыз.Қазақ даласында ресей үкіметі
көмегінен тыс салынған мешіттерде аз болмаған.Маңғыстау өңірінде атақты пір
Бекет атаның өзі бірнеше мешіт салып,бұл мешіттерге құлшылық етуші
қазақтар өте көп барған.Алайда ресей үкіметі салған мешіттерге де барушы
қазақтар табылған.
Ресей үкіметінің діни саясатындағы тағы бір бағыт XIX ғасырдың ортасынан
бастап молдалар санын анықтау болды.Себебі Екатерина патша заманындағы
қаулылар бойынша қазақ даласына жіберілген молдалар саны анықталмаған
еді.Бұндай оқиғалардың орын алуының басты себебі губерниялық басқарма
жұмыстарындағы қателіктер мен татар-башқұрт молдаларының көбінесе қазақ
даларына рұқсатсыз кетуі еді.Бұндай молдалар қазақтар арасында ұзақ уақытқа
тұрақтаған. Атақты Бөкей ордасының билеушісі Жәңгір хан осы молдаларды өз
діни саясатына пайдаланған.
Жәңгір ханның діни саясатына келсек, ол ислам дінін қолдап, қазақ
жастарын мұсылманша да, еуропалық типті ғылыми тұрғыдан да оқыған зиялы
адам етуді ойлады. Оның істеген әрекеттері діни ағарту мәселесін өзгертіп,
жаңаша діни оқыту жүйесін іздеді. Жәңгір хан тіпті Ш.Марджани, Х.Фаизханов,
И.Гаспринский сияқты татар ғалымдарынан да бұрын жадидтік ағартушылық
идеологиясының қалыптасу жолдарын іздестірді. Біз оны төмендегі мысалдардан
көре аламыз: Жәңгір хан билікке жаңа келген кезде Қазақстандағы ағарту ісі
әлі де дамымаған еді. Бұл кезде оқудың түрі балаларды молдалар оқуына беру
болды. Көбінесе бұл молдалар Бұхардан, Ташкенттен , Казан, Уфадан келген
шала сауатты адамдар еді. Молдалардағы оқу көбінесе үш-төрт айға созылып,
ешқандай жүйесіз, арнайы жоспарсыз құран сүрелерін оқытумен шектелді. Бөкей
ордасындағы ақсүйектер өздерінің жандарына тілмаш молдалалар ұстады. Олар
тілмаштықпен қатар ақсүйектердің балаларын оқытты. Бірақ осы кезеңде Ресей
үкіметінің қазақ қоғамындағы ислам дінін жағымсыз сипатта көрсету үшін
арнайы сауатсыз тыңшы адамдарды молда ретінде жіберген. Осыны көріп білген
Жәңгір ханның діни-ағарту саятатындағы алғашқы қадамы Бөкей ордасында
медреселер жанынан бастауыш мектептер ашу болды. Бұл мектептерді арнайы
оқыған, тексерілеген молдалар басқарды. Осы әрекетімен хан екі мақсат
көздеді: 1. Халықты қолда ұстаудың құралы – исламның беделін көтеру. 2.
Елдегі білім беруді дамыту. 35
Жәңгір ханның қазақ қоғамын мұсылмандандыруға тырысуына ықпал етіп
отырған әйелінің әкесі орынбор мүфтиі – М.Гусейінов және татар мен башқұрт
молдалары болды. Осылардың ықпалымен хан қазақ балаларын Қазан, Уфа,
Орынбор, Астрахан мектеп-медреселеріне оқуға жіберді. Дінбасылардың
қызметін орталықтандыру үшін Жәңгір хан кеңесінде ахун басқаратын басты
мешіт ашылды. Ахун жергілікті мешіттерді басқарып, бағыт-нұсқау беріп
отырды. Ханның өзі жергілікті молдалардан сынақ алып, қызметттерге
тағайындап отырды. Осы кезде қожалардың беделі өсті. Дінбасылар хан
билігінің рухани қаруы болды.
ХІХ ғасырдың ортасында Бөкей ортасындағы әрбір руда өзінің жеке молдасы
болып, бұлар бұрынғыдай сауатсыз, басқа жақтан келген молдалар емес,
арнайы оқып білім алған жергілікті молдалар болды. Бұлар Жәңгір ханның
тапсырған бұйрықтарын орындайтын адамдар еді. Хан осылайша белгілі бір
уақыт аралығында татар бұхар молдаларын жергілікті молдалармен ауыстыруды
көздеді. Жаңа молдалар мектептерде орыс тілін, жаратылыстану пәндерін,
арабша оқытты. Бұл мектептерде орташа топ балалары да білім алды. Ал
ақсүйек бай балалары көбінесе хан сарайындағы мектепте оқыды. Кейін бұл
мектеп түлектері Ресейдің жоғары оқу орындарында сауаттанды. Мысалға айтсақ
олардың қатарында:С. Бабажанов, Қ.Қарауылов, Қ.Шығаев, Ғ.Бөкейов т.б. болды
36.
Бұл мектептерде шығыс тілдерін және дінтануды Садыраддин Әминов
жүргізді.Жалпы Бөкей ордасында бұл кезеңде-38 мұсылмандық мектеп
ашылып,онда 400-ге жуық оқушы оқыған. Осылайша, Жәңгір хан ашқан
мектептерде оқушылар діни және пәни білім алды. Қорыта айтқанда, Жәңгірдің
діни-ағарту саясаты жәдидтік қозғалыстың басы болып, қазақ даласында ислам
рөлін күшейтуге бағытталды.
Бірақта Ресей үкіметі бұл кезеңде мұсылмандықты қолдау саясатынан бас
тарта бастаған еді.Себебі татар-башқұрт молдалары қызметі белгіленген
межеден асыңқырап,енді тіпті қазақ даласына ислам фанатизімін тудырады
деп есептеді.Соның бір көрінісі ретінде Ш.Уәлиханов:Мансұров ісі деп атаған
татар молдаларының бірін-бірі әулие ретінде қолпаштауын
келтірсе\37\,белгілі орыс тарихшысы А.И.Левшин: қазақ даласында 1821 жылы
жалған пайғамбар Орта жүзде шәкірттер жинағанын-сөз етеді.Осындай
себептерден келіп Ресей үкіметі XIX ғасырдың орта шенінде қазақ даласында
мұсылмандықты қолдау саясатынан бас тартып,миссионерлік саясатына көшуді
жөн санайды.Бұл жайлы “Сібір қырғыздары туралы жарғыны” құрастырған патша
ченеунігі М.М.Сперанский былай деген:”қазақтар сөз жүзінде ғана
мұсылмандар,сондықтан оларды христиандыққа айналдыру өте
оңай”\38\.Сондықтанда осы кезеңде миссионерлер алдымен қазақтарды
татарлардың рухани әсерінен бөлектеп ұстап,бар күштерін қазақ халқын
шоқындыруға сала бастады.Бұл Ресей империясының миссионерлік саясатындағы
жаңа кезең еді.

II.Тарау.XIX ғасырдың ортасынан-XIX ғасырдың соңына дейінгі Ресей
империясының Қазақстандағы миссионерлік саясаты.

2.1.Ресей империясының миссионерлік саясатындағы өзгеріс.Қазақ халқын
христиандандыруға бет бұру.

Ресей империясы XIX ғасырдың ортасынан бастап қазақ даласындағы “татар
фанатизміне” қорқынышпен қарай бастады.Бұл кезеңде татар-башқұрт молдалары
қазақ сұлтандарына үлкен әсер етіп,тіпті сот ісінде-“шариғат” заңдарын
пайдалануды да Ресей үкіметіне ұсына бастады\40\.Алайда бұл Ресей заңдарын
қазақ даласына енгізбекші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі түркілік дүниетанымның Қазақстан ғылымындағы және дәстүрлі қазақ қоғамындағы алатын орны мен ықпалын анықтау
Қазақ қоғамындағы экономикалық жағашылдықтарды әдістемелік тұрғыдан зерделеу
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдің Қазақстанға жүргізген саяси құқықтық реформалары
Зерттеудің жетекші идеялары
Қазіргі қазақ қоғамындағы ислам діні
Діни басқарма қорында статистикалық сипаттағы құжаттар өте көп
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХНАМАСЫ (ХVШ-ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІ)
Патшалық ресейдің оңтүстік Қазақстандағы орыстандыру саясаты, орыстандыру саясатына қарсы наразылықтың өрістеуі
ТОРҒАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕНЕРАЛ-ГУБЕРНАТОРЫ (ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТІ, ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ)
Патша үкіметінің қазақстандағы діни саясаты
Пәндер