Франциядағы орталық өкіметтің күшеюі


Франциядағы орталық өкіметтің күшеюі
Орта ғасырлардың аяғында Европапың бірқатар елдерінде сословиелік монархияның орнына (тежеусіз) абсолюттік монархия - король тежеусіз билік жүргізген феодалдық орталықтанғаи мемлекет орнықты. Король өкіметі, әсіресе, XVII ғасырдағы Францияда күшейді.
1. Өнеркәсіп пен сауданың дамуы.
XVI-XVII ғасырларда Францияда капиталистік өндіріс дамыды. Мануфактуралар ашылды, бұларда шұға, жібек, кенеп тағы басқа товарлар өндірілді. Лиондағы жібек мануфактураларында 12 мың жұмысшы істеді. Сән-салтанат бүйымдарын - кілем, шілтер, қымбат үй жиһаздары, әдемі киім, шыны ыдыс жасап шығаруда Париждің даңқы шықты. Париж Европадағы ең үлкен қала болды: онда 300 мың адам тұрды.
Елдің аймақтары арасында товар айырбасы күшейді. Басқа елдермен сауда жанданды. Марселъ порты арқылы көпестер Түркиямен сауда жасады. Олар Испанияға көп товар шығарып, оларды отарлардан әкелінген алтын мен күміске айырбастады. Францияның батыс жағалауындағы порттар, әсіресе Бордо порты тез өсті.
Король өкіметі мануфактуралардың өсуін және сауданың ліандануын дворяндардың мүддесіне пайдаланды. Ол сән-салтанат бүйымдары, шұға металл және қару-жарақ өндірісіне жол берді. Толып жатқан король мануфактуралары да ашылды.
2. Буржуазияның байлығы қалай өсті.
Ағылшын буржуа зиясы сияқты, француз буржуазиясы да жалдамалы жұмыс шыларды қанау есебінен және саудадан байыды. Бірақ король жеке меншіктегі өнеркәсіп және сауда орындарына көп салық салды. Бұл буржуазияны өздерінің түсіріп отырған пайдаларының бір бөлігінен айырды, өнеркәсіп пен сауданың өркендеуін тежеді. Сондықтан байлар дворян болуға ұмтылды, өйткені дворяндар мен дінбасылар салық төлемеді. Сол заманның адамы былай деп жазды: «Басқа бір елдердегіге қарағанда, мұнда саудагер кәсібі азырақ бағалан-ды, солай болса да, қандай болмасын қызмет алу үшін тырыспау еш жерде жоқ болар». Үнемі ақшаға мұқтаж король көптеген чиновниктік қызмет ойлап тауып, ол қызметті бай адамдарға сатты. Сөйтіп, байлар сот, прокурор, қала кеңесшісі болды. Олар жалақы, халықтан түсетін алым және пара түрінде тұрақты пайда алып отырды. Буржуазия шаруалардың жерін және дворяндардың поместьесін сатып алды. Бай адам чиновник қызметін немесе поместье сатып алса, дворян атағын алуына мүмкін болды.
Банкирлер және басңа ауқатты адамдар корольға қарызға көп ақша берді. Борышты процентімен қайтару үшін үкімет жаңа салыңтар енгізді. Корольдың қарызын еңбекші халықтың өтеуіне тура келді.
Корольдың үнемі ақшаға мүңтаждығын пайдаланып, ауқатты адамдар қандай болмасын аймақтан төлем аңы үшін салық жинауды өз міндетіне алды. Олар салықтың бүкіл со масын ңазынаға алдын ала төледі, одан кейін король солдатта рының көмеғімен халықтан өздерінің үкіметке төлегенінен анағүрлым көп ақша жинады. Мұндай «ақшалы адамдар» шамалы уаңыт ішінде аса мол байлыңқа кенелді.
Королъ буржуазияның қарыз, төлем ацы, пайдалы қызмет арқылы халықтың есебінен баюына мүмкіндік берді. Буржуазия сондықтан да королъ өкіметін қолдап отырды.
3. Тап күресінің шиеленісуі.
Сансыз феодал шонжарлары өздерінің ескі праволарын сақтап қалғысы келіп, корольға қарсы бүлік шығарды. XVI ғасырдың екінші жартысында Францияның шонжар феодалдары өзара қырқысқан соғыс жүргізді, бұл соғыс 30 жылдан астам уақытқа созылды. Олардың кейбіреулері католик шіркеуін лақтаса, екіншілері - негізінен оңтүстіктің дворяндары - протестант шіркеуіне қосылды. Бұл соғыстар діндарлар соғысы деп аталды.
Елді жалдамалылар отрядтары мен дворяндар тонады және кедейлендірді. Солдаттардың тонауынан және көп салықтан титықтаған Францияның көптеген аймақтарының шаруалары көтеріліс жасады. «Жемқорларға қарсы аттаныңдар!» деген ұран қарулы көтерілістің дабылы болды. Халық дворяндарды, откупщиктер (төлем аңы жинаушылар) мен чиновниктерді жемңорлар (французша- «крокан») деп атады. Шаруалар оларды жазалады, үйлері мен замоктарын қи-ратты. Бүл көтеріліс «крокандар көтерілісі» деп аталды. Францияның оңтүстік-батысында көтеріліске 40 мың адам қатысты. Халық қозғалысынан үрейленген дворяндар өзара қырқысқан соғысты тоқтатып, корольдің маңына топтасты. Шаруалар көтерілісін король әскері мен дворяндар отрядтары басты.
Королъ шаруалардың бағынышты болуына және халық көтерілісін басуда дворяндарға көмектесті.
Прокурордың қабылдауында. Гравюра (XVII г. ) .
Чиновниктің қабылдау бөлмесіне келгендер иін тіресіп тұр. Чиновник ақ-сүйек әйелмен әңгімесін бітіргенше, шаруалар шыдамдылықпен күтуде.
Кардинал Ришелье. Филипп де Шампенніц салған портреті (XVII ғ. )
Кардинал атағы бар. Ришелье Францияда католик шіркеуін басқарды, сонымен бірге корольдың бірінші министрі болды.
Француз шаруасы. Гравюра (XVII ғ. )
4. Ришельенің басқаруы.
Дворяндар мен буржуазия король екіметін қолдады. Ынжық әрі жасың король XIII Людовиктің бірінші министрі І герцог Ришелье солардың қолдауына сүйене отырып, орталың өкіметті нығайту жолында қажырлы әрекет жасады. Жігерлі, ақылды және мансапқор Ришелье Францияны 1624 жылдан 1642 жылға дейін биледі.
Ришелье Бас штаттарды бір рет те шаңырмады. Ол провинциялардың көптеген ақсүйек наместниктерін орындарынан алды. Провинциялар мен ірі қалаларға король тағайындаган чиновниктерді жіберді. Бұлар король бұйрықтарының дәл орындалуын және жергілікті шонжарлардың мінез-құлқын баңылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz