Word редакторында құжаттарды теру және оларды сақтау



Жоспар:

Word редакторы туралы негізгі мәліметтер.
1. Жалпы мәліметтер.
2. WORD редакторын орнату, оны іске қосу және онымен жұмыс істеуді аяқтау
3. WORD экранымен танысу

Word редакторында құжаттарды теру және оларды сақтау.

1. Жаңа құжат жасау
2. «Құжат ашу» сұқбат терезесінің мүмкіндіктері
3. Бас құжат ашу
4. Басқа форматтағы файлдарды ашу
5. Құжатты сақтау
6. Нәтижелік информация
7. Атын өзгертпей сақтау
8. Құжатты автоматты түрде сақтау
MS WORD – текстік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шыңғаруға арналған Windows жүйесінің қосымшв программасы. Ол – текстік және графиктік мәліметтерді өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған текст редакторларының бірі.
Қазіргі компютерлік технологияда орындауға болатын кез келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайныдалған текстік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керекті баспа материалдарын теруден бастап, олардың оригинал-макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады, оларды көбейте отырып тарату мүмкіндіктері де толық қамтылған. Мұнда құжаттар мен кестелерді көрікті етіп, безендіруге көптеген қажетті шаблондар, стильдер жазылып бірден орындалатын ішкі макропрограммалау тілі, қарапайым графиктік бейнелерді салатын құрал-саймандар және т.с.с. жетіп артылады.

WORD редакторын орнату, оны іске қосу және онымен жұмыс істеуді аяқтау
WORD-пен жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа программаларды сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталляциялық) дискеттерден немесе компакт-дискіден компьютерге жазып орнатып алу, яғни құру керек.
Орнатылған WORD редакторын іске қосу бірнеше жолмен орындалады:
1. Басқару панеліндегі Іске қосу (Пуск) менюінің Атқару (Выполнить) командасы арқылы, бұл тәсіл редактордың қосымша параметрлерін бекіту мүмкіндігін береді.
2. Программалардың Microsft Office тобындағы WORD шартбелгісінде тышқанды екі рет сырт еткізу арқылы.
3. Windows жүйесінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін пайдалану арқылы.
4. WORD редакторына дайныдалған құжаттың шартбелгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет сыт еткізу арқылы т.б.
Редактормен жұмысты аяқтау (доғару) кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіле береді, мысалы:
- Файл Шығу (Выход) меню командаларын таңдау арқылы;
- WORD негізгі терезесінің жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть) командасын орындау арқылы;
- Тышқан курсоры терезе тақырыбы аумағында тұрғанда курсорды сол жақ шеттегі жүйелік меню шартбелгісіне алып барып, тышқанды екі рет сырт еткізу немесе батырманы бір рет басып, менюдің Жабу (Закрыть) командасын орындау арқылы;
- Редактор терезсінің тақырып қатарының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (х) басу арқылы;
- Тікелей Alt+F4 пернелерін басу арқылы.

Жалпы мәліметтер

MS WORD – текстік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып
шыңғаруға арналған Windows жүйесінің қосымшв программасы. Ол – текстік және
графиктік мәліметтерді өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай
алатын ең кең тараған текст редакторларының бірі.
Қазіргі компютерлік технологияда орындауға болатын кез келген операция
бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайныдалған текстік
фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра
отырып осы ортаға енгізуге болады. Жалпы, Word редакторында типография
жұмысына керекті баспа материалдарын теруден бастап, олардың оригинал-
макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады, оларды көбейте
отырып тарату мүмкіндіктері де толық қамтылған. Мұнда құжаттар мен
кестелерді көрікті етіп, безендіруге көптеген қажетті шаблондар, стильдер
жазылып бірден орындалатын ішкі макропрограммалау тілі, қарапайым графиктік
бейнелерді салатын құрал-саймандар және т.с.с. жетіп артылады.

WORD редакторын орнату, оны іске қосу және онымен жұмыс істеуді аяқтау
WORD-пен жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа
программаларды сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталляциялық) дискеттерден
немесе компакт-дискіден компьютерге жазып орнатып алу, яғни құру керек.
Орнатылған WORD редакторын іске қосу бірнеше жолмен орындалады:
1. Басқару панеліндегі Іске қосу (Пуск) менюінің Атқару (Выполнить)
командасы арқылы, бұл тәсіл редактордың қосымша параметрлерін бекіту
мүмкіндігін береді.
2. Программалардың Microsft Office тобындағы WORD шартбелгісінде тышқанды
екі рет сырт еткізу арқылы.
3. Windows жүйесінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін пайдалану арқылы.
4. WORD редакторына дайныдалған құжаттың шартбелгісіне тышқан курсорын
жеткізіп, оны екі рет сыт еткізу арқылы т.б.
Редактормен жұмысты аяқтау (доғару) кез келген стандартты тәсілдермен
жүргізіле береді, мысалы:
- Файл Шығу (Выход) меню командаларын таңдау арқылы;
- WORD негізгі терезесінің жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть) командасын
орындау арқылы;
- Тышқан курсоры терезе тақырыбы аумағында тұрғанда курсорды сол жақ
шеттегі жүйелік меню шартбелгісіне алып барып, тышқанды екі рет сырт
еткізу немесе батырманы бір рет басып, менюдің Жабу (Закрыть) командасын
орындау арқылы;
- Редактор терезсінің тақырып қатарының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу
батырмасын (х) басу арқылы;
- Тікелей Alt+F4 пернелерін басу арқылы.
Егер программамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертіліп,
бірақ дискіге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша
сұхбаттасу терезесін шығарып, өзгертілген құжатты дискіге жазу (Иә-Да)
керектігін, ал жазбасаңыз (Жоқ-Да) оны да растап беруіңізді өтінеді.
Қалауыңыз бойынша, редакторда әрі қарай жұмыс істей беруіңізге де
(Болдырмау – Отмена) болады.

WORD экранымен танысу
Терезеде Windows жүйесінде кездесетін болуға тиіс стандартты көптеген
элементтер бар. Солардың ішінен WORD редакторына тән қосымша элементтерді
қарастырайық өтейік.
Қалып-күй немесе қалып қатары негізгі терезенің төменгі жағында, оның
сол жақ шетіне таман орналасқан, онда теріліп жатқан құжат жөнінде мынандай
мәліметтер бар:
- стр5 – теріліп жатқан ағымдағы бет номері, 5-бет.
- Разд1 – ағымдағы текст бөлігін көрсетеді, бұл элемент бөліктерден
тұратын Басты құжат (Главный документ) үшін ғана қажет;
- 58 – текстің басынан есептегенде курсор тұрған орын 5-бетте, ал құжат
барлығы 8 беттен тұрады;
- 15,8 см – курсор тұрған ағымдағы қатардан сол беттің жоғарғы шетіне
дейінгі қашықтық, курсор экранда тұрғанда көрсетіледі;
- Ст27 – осы беттің жоғарғы шетінен курсорға дейінгі қатарлар саны, курсор
көрініп тұрғанда ғана көрсетіледі.
- Кол1 – осы қатардың басынан курсорға дейінгі символдар саны табуляция
символдары мен бос орындар да есепке алынады. Бұл да курсор көрініп
тұрғанда ғана көрсетіледі.
Қалып қатарында мұнан басқа қара түске боялып белгілі бір режимнің іске
қосылып тұрғанын, ал сұр түсті болса – іске қосылмағанын білдіріп тұратын
жұмыс тәртібі индикаторлары бар;
ЗАП – макрокамондаларды Жазу (Записать) режимі іске қосылған екпінді
күйде екенін көрсетеді;
ИСПР – түзетулерді (исправления) белгілеу режимі екпінді күйде, олар
құжаттық соңғы нұсқасына қандай өзгерістер енгізілгенін білдіреді;
ВДЛ – белгілеулерді кеңейтетін (Расширить выделения) F8 пернесі екпінді
күйде, яғни фрагментті белгілеп алып, оны кеңейту режимі іске қосылған, бұл
режим белгілеулер көлемін F8 арқылы кеңейтуге болатынын (бір символға,
сөзге, сөйлемге т.б.) көрсетіп тұрады. Белгіленген көлемді кішірейту –
Shift + F8 арқылы, ал белгілеуді тоқтату – Esc арқылы орындалады.
ЗАМ – символдарды ауыстыру (заменить) режимі екпінді күйде, символдарды
ығыстырып енгізу тәртібі (вставка) орындалса, ол сұр түске боялады. Бір
тәртіптен екіншісіне ауысу Insert – пернесін басу арқылы жүргізіледі.
Сонымен, жоғарыдағы режимдерді іске қосу немесе қоспау тәртіптері
белгілі бір пернелік командалармен орындалады. Оған қосымша, сол режимді
қарама-қарсы ауыстыру қалып-қатарына жалғаса орналасқан қажетті индикаторға
тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет сырт еткізуімен де орындалатынын
білген дұрыс.
Цифрлық таңбалары бар көлденең және тік жылжу белдеулері текст ішіндегі
курсор тұрған орынды бағдарлау мүмкіндігін береді. Бірақ бұл жылжу
белдеулері WORD редакторында бұрынғыдан маңызырақ қосымша функциялар
атқарады.
Көлденең орналасқан горизанталь белдеу (сызғыш) арқылы тышқан
көмегімен:
- абзац алдындағы жаңа жол басын;
- беттің сол жақ және оң жақ шеттерінде қалдыруға тиіс бос орындар (поля)
аумағын;
- текст ішіндегі кесте (таблица) бағаналарының (тік жолдары) енін;
- көлденең табуляция позицияларын өзгертуге, олардың жаңа мәнін бекітуге
болады.
Тышқан курсорымен осы шамалардың мәндерін өзгерткенде, олардың тек сол
(курсор тұрған) абзацқа қатысты екенін естен шығармаған абзал.
Ал енді тік орналасқан вертикаль белдеу (сызғыш) терезенің сол жақ
жақтауы бойында орналасқан. Оның көмегімен беттің жоғарғы және төменгі
жақтарында қалдырылатын бос орындар аумағын (поля) және де кестелер
қатарлары биіктігін өзгертуге болады. Тік, яғни вертикаль белдеуді
көрсетпей, алып тастауға болады, онда сіздің текстіңізге берілетін орын
ұлғаяды. Дегенмен ол бейнеленіп тұрса, тексті форматтау жұмыстары
жылдамырақ орындалатыны түсінікті шығар.
Көру режимдерінің батырмалары қалып қатары маңындағы көлденең жылжу
алабының сол жақ шетінде орналасады да, олар мыналардан тұрады:
- кәдімгі режим (обычный режим) батырмасы – бұл көру режимі келісім бойынша
редакторға кіргенде бірден орнатылады. Ол тексті форматтау элементтерін
қарапайым түрде көрсете отырып, беттерді бөлу шекараларын пунктир-
сызықшамен бейнелеп, символдарды теру, түзету және көру процесін жылдам
орындайды.
- беттерді белгілеу (разметка страниц) режимі текст қағазда қалай
орналасса, айнытпай солай бейнелейтін режим болып есептеледі, мұнда
форматтау, тексті түзету өте ыңғайлы, өйткені қағаз шеттері (поля) айқын
көрініп тұрады.
- құрылым (структура) режимі, тексті түйіндеп құжатты толық бейнелемей, тек
тақырыптарын көрсете алады, сол себепті текст тақырыптарын бастан аяқ
қарап отырып, оны бақылау мүмкіндіктерін береді. Ал оны түйіндемей,
ашылған күйде бейнелесек, өте көлемді текст өңделгенде, оның белгілі бір
бөліктерін түгелдей жылжытуға, көшіруге және оның құрылымын байқап отыруға
ыңғайлы тәртіп болып саналады.
Саймандар (инструменттер) панелі командалар мен іс-әрекеттерді жылдам
орындау үшін ең ыңғайлы жағдай жасайды. Оны пайдалану тышқан қолтетігінің
немесе соған ұқсас басқа аспаптың көмегімен жүргізіледі. Саймандар
панелінің белгілі бір командасын орындау сол командаға сәйкес батырманы
тышқанмен сырт еткізу арқылы орындалады. Бұл панельді әрқашанда пайдалануға
болады, өйткені, қалауымыз бойынша, ол құжат терезесінің жоғарғы жағында
тұрақты көрініп тұрады. Бұл екі панельден басқа Word редакторында бірсыпыра
әрекеттерді атқаратын панельдер (Сурет салу, көмек алу және т.б.)бар.
Нақты панельдер мен олардың әртүрлі батырмаларының атқаратын қызметі жұмыс
барысында түсіндіріледі.
Терезенің негізгі элементінің бірі болып, бірнеше текстік құжаттар
қатар орналаса алатын терезелерден тұратын, ашық түске боялған жұмыс аумағы
(рабочая область) болып саналады.

Word редакторында құжаттарды теру және оларды сақтау.

Жаңа құжат жасау
Word іске қосылған соң экранда 1-құжат (Документ1) деген бос терезе
пайда болады. Құжаттың бұлай аталу себебі Word программасы іске кіріскен
кезден бастап бұл сіздің 1-құжатыңыз болып саналады. Келесі құжат 2-
нөмірлі, онан кейін 3-нөмірлі, т.с.с. болып әрбір келесі құжат номері
осылай өсіп отырады. Егер ашылған 1-құжат жабылса да, осы тереземен жұмыс
істеп отырғанда (осы сеанс кезінде) құрылған келесі текст 2-құжат болып
номерленеді.
Жаңа құжат ашарда Word оны құру үшін белгілі бір шаблонды (нұсқаны)
пайдаланады. Бұл параметрлерге шрифтегі таңбалар сызылымы, парақ
айналасындағы бос қалдыратын өрістер (поля) мәні, табуляция символдары және
т.б. жатады. Нұсқалардың бұлардан басқа мынадай элементтері болуы мүмкін:
текст (мысалы, жоғарғы немесе төменгі колонтитулдар, беттер номерлері);
- кестелер (таблицалар)
- төртбұрышты жақтаулар (рамкалар)
- графиктік бейнелер
- кейбір арнайы жабдықтар (макрокомандалар, батырмалар, айта берсек
Саймандар панелі) және т.б.
Алдын ала келісім бойынша жаңадан ашылған құжат Кәдімгі деген нұсқа
(шаблон Обычный) бойынша жасалады. Word редакторын алғашқы рет
компьютерге орнатқанда оның құрамына мынадай стандартты нұсқалар кіруі
тиіс, олар: іс қағаздары, қызмет жазбалары; газет беттері; т.б. типтегі
құжаттар түрлері. Бұл нұсқалар ішінде бірден толтырылуға тиіс стандартты
өріс қатарлары (Кімге, Кімнен, Дата) мен дайын сөз тіркестері болғандықтан,
олар әркімнің уақыттарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Арнаулы
нұсқаларды пайдалану дайындалған құжаттарға біркелкі стиль береді.

Құжат ашу сұқбат терезесінің мүмкіндіктері
Сонымен Құжат ашу терезесінің немесе Саймандар панелінің мына
белгісінің - қосымша мүмкіндіктері:
- файл іздеу
- текстік құжат ашу
- файлды басқа орындарға жылжыту
- файлды қиып алу (алмасу буферлері арқылы)
- файлдың көшірмесін алу
- жарлық жасау
- файлды өшіру
- файл атын өзгеру
- файл қасиеттерін қарап шығу
- файлды ашпай-ақ оны жылдам көріп шығу
- файлдағы мәліметті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Мәтіндік редакторды» оқыту әдістемесі
Экранда Word құжатын көрсету режим
MS Word бағдарламасын оқытудың әдістері
Microsoft Office Word мәтіндік редакторы
Word редакторын тағайындау
Мs word редакторы туралы негізгі мағлұматтар
Дербес компьютер және оның бағдарламалары
Мәтіндік программаның жұмыс терезесі
Word мәтіндік редакторы
Word редакторы туралы
Пәндер