Сұраныс түрлері және оның бағалық квалификациясы



І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

І Сұраныс түрлері және оның бағалық квалификациясы

1.1 Сұраныстың бағалық икемділігінің түсінігі оның түрлері ... ... ... ... ... ...6
1.2 Сұраныс икемділігі және оның өзгеруі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
ІІ Қазақстан Республикасындағы сұранысты қаржы бойынша
пайдаланудың сипаттамасы

2.1 Сұраныс түрлерінің квалификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

2.2 Сұранысты қаржы бойынша пайдалану ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... 22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Осы тақырыптың негізгі мақсаты - сұраныс пен ұсыныс заңдарының мәнін аша отырып, оларға әсер ететін факторларды талдау. Жетілген бәсекелі нарық моделінің көмегімен, экономикалық ортаның өзгерістері баға мен сатып алатын тауар санына әсер етеді деген болжауды ары қарай дамытамыз. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негізінде нарықтық тепе-тендіктің қалыптасуы мен өзгеруінің себептерін түсінеміз. Микроэкономикалық теорияда сұраныс пен ұсыныстың икемділік концепциясы теориялық және практикалық маңыз-дылығымен ерекше орын алады. Сондықтан тақырыпта сұраныстың бағалық, табыстық және қиылысқан икемділігіне, сұраныстың бағалық икемділігіне әсер ететін факторларға, икемділіктің коэффициентін анықтауға және сұраныс пен ұсыныстың икемділік концепциясының тәжірибедегі роліне көп көңіл бөлінеді. Сұраныс пен ұсыныс теори-ясының мәнін жете түсінбей, келесі тақырыптарда қарастырылатын материалдарды меңгеру мүмкін емес. Сұранысты бағаға икемдеу жасайды және фирмалардың баға белгілеу стратегиясына әсер етеді. Көпшілікке ілесу әсерінің тағы бір себебі бар. Тауарды тұтынатын адамдардың саны өскен сайын оның құндылығы әрбір адам үшін өсе бастайды. Мысалы, егер е-mаіl немесе электронды пошта, ұялы телефон сияқты ақпарат жүйелері бір адамда ғана болса, олардың құндылығы өте төмен болар еді. Осы ақпарат жүйелерін қолданатын адамдардың саны өскен сайын олардың құндылығы әрбір адам үшін арта түседі. Сондықтан осындай тауарлар мен қызметтерге сұраныс көбейеді. Теріс жүйелі сыртқы әсерге өзін-өзі жоғары ұстау (сноб) әсерін жатқызуға болады.
1.Артыкова Б., Назыкеева Б. «Саяси экономия» Алматы, 1990
2. Әубәкіров, Я.Ә., Абдуллаев А.А. «Саяси экономия» Алматы 1991
3.Әубәкіров «Экономика теория негіздері» Алматы, 1999
4.Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.б., Жақыпова Ф.Н., Т.П. Табаев
«Экономикалық теория» Алматы, 1999
5.Дүйсенбаев К. Ш., Э.Т. Төлегенов., Ж.Г. Жұмағалиева «Заң»
Республикалық құқықтық журнал Астана 2000
6. История экономических учений Москва, 1994
7. Мельников В.Д., Ілиясов К. «Қаржы» Алматы, 1994
8. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы. А- 2003
9.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде
қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» Алматы 1992
10. Реуэль А.Л. «Экономических учений» Москва 1972
11. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер» Алматы 2001
12. Сәбден О., Тоқсанова А. Шағын кәсіпкерлікті басқару.А-2002
13.Үмбеталиев А., Ғ. Керімбек «Кәсіпорын экономикасы
және кәсіпкерлік» Алматы 2002
14. Ілиясов Қ.Қ., Құлпабаева С. Қаржы. Алматы 2003
15. Ядгаров Я.С. «История экономических учений» Москва 1998
16. Н.Қ. Мамыров., М.Ә. Тілеужанов «Макроэкономика» Алматы 2003
17. Қ.С. Құдайбергенова «Микроэкономика» Көкшетау 2005

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

І Сұраныс түрлері және оның бағалық квалификациясы

1.1 Сұраныстың бағалық икемділігінің түсінігі оның
түрлері ... ... ... ... ... ...6
1.2 Сұраныс икемділігі және оның
өзгеруі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
ІІ Қазақстан Республикасындағы сұранысты қаржы бойынша
пайдаланудың сипаттамасы

2.1 Сұраныс түрлерінің
квалификациясы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

2.2 Сұранысты қаржы бойынша пайдалану
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ..22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

Кіріспе
Осы тақырыптың негізгі мақсаты - сұраныс пен ұсыныс заңдарының мәнін
аша отырып, оларға әсер ететін факторларды талдау. Жетілген бәсекелі нарық
моделінің көмегімен, экономикалық ортаның өзгерістері баға мен сатып алатын
тауар санына әсер етеді деген болжауды ары қарай дамытамыз. Сұраныс пен
ұсыныс теориясының негізінде нарықтық тепе-тендіктің қалыптасуы мен
өзгеруінің себептерін түсінеміз. Микроэкономикалық теорияда сұраныс пен
ұсыныстың икемділік концепциясы теориялық және практикалық маңыз-дылығымен
ерекше орын алады. Сондықтан тақырыпта сұраныстың бағалық, табыстық және
қиылысқан икемділігіне, сұраныстың бағалық икемділігіне әсер ететін
факторларға, икемділіктің коэффициентін анықтауға және сұраныс пен
ұсыныстың икемділік концепциясының тәжірибедегі роліне көп көңіл бөлінеді.
Сұраныс пен ұсыныс теори-ясының мәнін жете түсінбей, келесі тақырыптарда
қарастырылатын материалдарды меңгеру мүмкін емес. Сұранысты бағаға икемдеу
жасайды және фирмалардың баға белгілеу стратегиясына әсер етеді. Көпшілікке
ілесу әсерінің тағы бір себебі бар. Тауарды тұтынатын адамдардың саны өскен
сайын оның құндылығы әрбір адам үшін өсе бастайды. Мысалы, егер е-mаіl
немесе электронды пошта, ұялы телефон сияқты ақпарат жүйелері бір адамда
ғана болса, олардың құндылығы өте төмен болар еді. Осы ақпарат жүйелерін
қолданатын адамдардың саны өскен сайын олардың құндылығы әрбір адам үшін
арта түседі. Сондықтан осындай тауарлар мен қызметтерге сұраныс көбейеді.
Теріс жүйелі сыртқы әсерге өзін-өзі жоғары ұстау (сноб) әсерін жатқызуға
болады.
І Сұраныс түрлері және оның бағалық квалификациясы
1.1 Сұраныстың бағалық икемділігінің түсінігі оның түрлері
Нарықтық сұраныс - барлық тұтынушылардың кез-келген бағамен сатып
алатын тауарларының жалпы көлемі. Оны анықтау үшін кез-келген бағамен
тауарлар мен қызметтерге білдіретін жеке тұтынушылардың сұраныс мөлшерін
қосу қажет. Нарықтық сұраныс қисығын құрастырудың жолы студенттерге
Экономикалық теория пәнінен белгілі. Нарықтық сұранысқа әсер ететін негізгі
фактор -тұтынушылардың саны. Нарықтық сұраныс жеке сұранысқа әсер ететін
факторларға байланысты өзгереді. Нарықтық сұранысқа халықтың саны, оның
демографиялық құрылымы, отбасындағы адамдардың саны мен шетелдік туристер
және басқа экономикалық емес факторлар әсер етеді. Нарықтағы сұранысты және
оған әсер ететін факторларды жете білу фирмаларға баға белгілеу саясатын
дұрыс жүргізуге, маркетингтік шешімдердің тиімді болуына көмектеседі.
Нарықтық сұранысты жеке адамдардың сұраныстарының мөлшерін қосу арқылы
анықтадық. Жеке тұтынушының нақты бір тауарға сұранысы басқа адамдардың сол
тауарға сұранысына байланысты емес деген болжамға сүйендік. Бірақ, жеке
адамдардың тауарға сұранысына сол тауарды сатып алған адамдар да әсер етуі
мүмкін. Оны жүйелі сыртқы әсер (network externality) дейді. Жүйелі сыртқы
әсер оң немесе теріс болуы мүмкін. Егер жеке тұтынушының тауарға
сұранысының мөлшері басқа адамдардың сұраныстарының өсуіне байланысты өссе,
онда жүйелі сыртқы әсер оң (көбейеді) болады. Ал, егер керісінше болса,
жүйелі сыртқы әсер теріс (азаяды) болады. Оң жүйелі сыртқы әсердің түріне
көпшілікке ілесу әсері жатады. Елдің бәрінде бар болса, менде де болуы
керек деген ұғым, сән (мода) талабына сәйкес болуға ұмтылу және т.б.
жағдайлар жеке адамдардың сұраныс мөлшеріне әсер етеді. Көпшілікке ілесу
әсерін ескеру ойыншықтар мен киім сататын фирмалардың маркетингтік
қызметтері мен жарнамаларында негізгі роль атқарады.
Көпшілікке ілесу әсері нарықтық сұранысты бағаға икемдеу жасайды және
фирмалардың баға белгілеу стратегиясына әсер етеді. Көпшілікке ілесу
әсерінің тағы бір себебі бар. Тауарды тұтынатын адамдардың саны өскен сайын
оның құндылығы әрбір адам үшін өсе бастайды. Мысалы, егер е-mаіl немесе
электронды пошта, ұялы телефон сияқты ақпарат жүйелері бір адамда ғана
болса, олардың құндылығы өте төмен болар еді. Осы ақпарат жүйелерін
қолданатын адамдардың саны өскен сайын олардың құндылығы әрбір адам үшін
арта түседі. Сондықтан осындай тауарлар мен қызметтерге сұраныс көбейеді.
Теріс жүйелі сыртқы әсерге өзін-өзі жоғары ұстау (сноб) әсерін
жатқызуға болады. Кейбір адамдар өте ерекше, сирек кездесетін немесе
эксклюзивті тауарларға құмар болады. Атақты суретшілердің жұмыстары, өте
қымбат және арнайы тапсырмамен орындалған заттар, киімдер сноб тауарларына
жатады. Осы тауарларды түтынатын адамдардың саны аз болғаң сайын олардың
құндылықтары өседі де сұраныс мөлщері көбейеді және керісінше.
Өзін-өзі жоғары ұстау (сноб) әсері нарықтық сұранысты икемсіздеу
жасайды және бағаны көтеруге мүмкіндік береді. Көптеген фирмалар арнайы
жарнама мен маркетингтік әдістерін қолдана отырып өзін-өзі жоғары ұстау
(сноб) әсерін туғызуға тырысады. Фирмалардың шешім қабылдауында нарықтық
сұраныстың бағаға, табысқа және басқа тауарлардың бағасына икемділігін
білудің де маңызы өте зор.
Сұраныстың бағаға икемділігі (СБИ) - ол сұраныс қисығының бойымен тауар
бағасының бір пайыздық өзгерісіне байланысты, сұраныс мөлшерінін пайыздық
өзгерісінің көрсеткіші (басқа факторлар тұрақты болса).
Нарықтық сұраныс қисығының бойындағы нүктелерге сәйкес келетін сандық
көрсеткіштерді қолдана отырып сұраныстың баға икемділігінің коэффициентін
(көрсеткішін) төмендегі формуланың көмегімен есептеуге болады:
Еd = (∆ QdQd)(100%)(∆РР)(100%),
мұндағы Qd - сұраныс қисығының бойымен өлшенетін сұраныс мөлшері, Р -
тауар бағасы, ∆ - өзгерісті көрсететін белгі.
Мысалы, өткен айда бір данасы 100 теңгеден 2000 дана тауар сатылды. Осы
айда басқа факторлар тұрақты болғанымен, тауардың бағасын сатушы 101
теңгеге көтерді деген жорамал жасаймыз. Соның нәтижесінде сатылған тауар
саны 1990 данаға азайды. Осы көрсеткіштерді қолдана отырып баға мен сұраныс
мөлшерінің пайыздық өзгерісін анықтаймыз.
Бағаның пайыздық өзгерісі:
[∆РР](100%)=[1тенге100тенге]( 100%)=0,01 (100%)=1 %.
Сұраныс мөлшерінің пайыздық өзгерісі:
[∆Qd1Qd](100%)=[-102000](100%)= -0,005(100%)= -0,5.
Сонымен, сұраныс мөлшерінің бағаға икемділігі:
Еd = (∆ QdQd)(100%)(∆РР)(100%)= -0,5%1% = - 0,5.
Сұраныстың бағаға икемділігі үнемі теріс сан болады. Себебі, сұраныс
заңы баға мен сұраныс мөлшерінің арасындағы кері байланысты көрсетеді.
СБИ мөлшері 0-ден шексіз мөлшерге дейін жалғасады. Егер сұраныстың
бағаға икемділігінің коэффиценті 0-ден 1-ге дейін болса, онда сұранысты
икемсіз дейміз, 1-ден шексіз мөлшерге дейін болса, сұраныс бағаға икемді.
Ал ол 1-ге тең болса, онда сұраныстың икемділігі бірге тең дейді. Оны
төмендегі кестенің көмегімен көрсетеміз.

2.2.1. кесте. Сұраныстың баға икемділігінің өзгеру шекарасы:
Ed-нің сандық мәніEd-нің абсолютті Сұраныс мөлшерініңСұраныс
мәні бағаға икемділігі
-1Ed0 0Ed1 ∆Qd (%)∆P (%) Икемсіз
Ed=-1 Ed=1 ∆ Qd(%)=∆P (%) Икемділік 1-ге тең
-Ed-1 1Ed ∆Qd (%)∆P (%) Икемді

Фирмалар тауарлар мен қызметтерді өндіру және сату туралы шешім
қабылдағанда сұраныстың икемділігіне әсер ететін факторларды ескереді.
Сұраныстың бағаға икемділігіне әсер ететін факторлар:
- субститут (бір-бірін алмастыра алатын) тауарлардың саны көп болған
сайьш сұраныс икемділеу болады;
бағаның өзгерісіне икемделуге қажетті уақыт көп болса, сұраныс бағаның
өзгерісіне икемділеу болады да, уақыт аз болса икемсіздеу болады;
тауардың бағасының табыстағы үлесі жоғары болған сайын сұраныс бағаға
икемділеу болады, тауардың бағасының табыстағы үлесі төмендеген сайьш оған
деген сұраныс баға өзгерісіне икемсіздеу болады;
тұтынушылардың табысының деңгейіне қарай бір нақты тауарға сұраныстың
икемділігі әр түрлі болады;
тұтынушылар тауарды үйреншікті тауарлар қатарына жатқызса, оған сұраныс
икемсіздеу болады. Тұтынушылар үнемі өздері үйренген тауарларын ғана
түтынатын болса, онда олардың қалауын кертартпалық (консерватизм) дейді.
Осы аталған факторлармен қатар жоғарыда қарастырылған жүйелі сыртқы
әсерлердің сұраныстың икемділігіне тигізетін салдарын да ескерген дұрыс.
Жеке қабылданған шешімдерді талдау барысында, сұраныс қисығының
бойындағы нүктелердегі сұраныстың бағаға икемділігін білу қажет. Сұраныстың
бағаға икемділігін сызықтық сұраныс қисығының еңкіштігімен шатастырмау
керек. Сызықтық сұраныс қисығының еңкіштігі (∆Р∆Q) оның бойындағы барлық
нүктелерінде тұрақты болғанымен, сұраныстың икемділігі әртүрлі болады.
Сұраныс қисығының бойындағы әрбір нүктедегі икемділікті білу үшін сол
нүктеден келденең және тік остерге қарай перпендикуляр түсіру керек. 2.2.1
суретіндегі графикті қолдана отырып сұраныс қисығының бойындағы
нүктелердегі сұраныстың бағаға икемділігін анықтаймыз. Сұраныстың бағаға
икемділігін осындай әдістің көмегімен анықтауды аралық формула деп
атайды.
Баға нольге тең болса, сұраныстың бағаға икемділігі де нольге тең
болады. Егер баға өте жоғары болса, сұраныс мөлшері нольге жақын болады, ал
сұраныстың бағаға икемділігі шексіз мөлшерге тең. 2.2.1 суретіндегі Р
бағасына сәйкес келетін нүктеде ∆Р=РС және ∆ Qd=РЕ болғандықтан ∆Qd∆Р=
(РЕРС)= -(ОQеРС). Е нүктесіндегі бағаны ОР кесіндісімен, ал сұраныс
мөлшерін ОQe кесіндісімен көрсетсек, сұраныстың бағаға икемділігін былай
анықтаймыз: (РQd) (∆Qd∆Р) = (ОРОQе)(-OQеРС)= -(ОРРС). Сонымен,
сұраныстың бағаға икемділігі 1-ге көбейтілген ОР кесіндісін РС кесіндісіне
бөлу арқылы анықталынады. Баға төмендеген сайын ОР кесіндісі қысқарады, ал
РС кесіндісі ұзарады. Яғни, сұраныстың бағаға икемділігі нольге жақындайды.
Сұраныс қисығының ортасында ОР мен РС бір-біріне тең, яғни сұраныстың
икемділігі бірге тең. Сұраныс қисығының бойымен С нүктесіне жақындаған
сайын сұраныс икемді бола бастайды, себебі ОР кесіндісі РС кесіндісіне
қарағанда ұзьшдау бола бастайды. Аралық формуланың көмегімен кез-келген
сұраныс қисықтарының нүктелеріндегі сұраныстьщ бағаға икемділігін анықтай
аламыз.
2.2.1 сурет. Сұраныс қисығының бойындағы СБИ

Осы жоғарыда қарастырылған жағдайларға сүйене отырып, сұраныстың бағаға
икемділігін сызықтық сұраныс қисығының түріне қарай анықтауға да болады.
Егер сұраныс қисығы тіктеу болса, сұраныстың икемсіздеу болғаны, ал сұраныс
қисығы көлбеулеу болса, сұраныстың бағаға икемділеу болғаны.
Егер тауардың бағасының аз ғана өзгерісі сұраныстың мөлшерін өте көп
өзгертсе, онда сұраныстың абсолютті икемді болғаны. Сұраныстың бағаға
икемділігінің коэффициенті шексіз мөлшерге тең болады. Ал сұраныс қисығы
екі өлшемді графикте көлденең сызық түрінде көрсетіледі. Егер бағаның
өзгерісі сұраныс мөлшерін мүлдем өзгертпесе, сұраныстың бағаға абсолютті
икемсіз болғаны. Сұраныстың бағаға икемділігінің коэффициенті нольге тең.
Онда сұраныс қисығы тік сызық түрінде көрсетіледі. Сұраныстың бағаға
икемділігін анықтаудың практикалық маңызы өте зор. Сатушылар сатып
алушылардың тауарға шығаратын шығындарына өте мүдделі. Себебі сатып
алушының щығыны саудадан түсетін жалпы табысқа тең:

жалпы шығын = жалпы табыс (Р(Q),

мұндағы р - тауар бағасы, Q - сатылған немесе сатып алынған тауар саны.
Демек, сұраныстың бағаға икемдідігі тұтынушының
жиынтық шығындары мен сатушының жалпы табысына әсер
етеді. Егер сұраныс икемсіз болса, бағаны көтеру
тұтынушының жиынтық шығындарын өсіру арқылы сатушының жалпы табысын
өсіреді. Егер сұраныс икемді болса, бағаны көтеру сұраныс мөлшерін қысқарту
арқылы сатушының жалпы табысын төмендетеді. Бағаның өзгерісінің жалпы
табысқа тигізетін әсері сұраныс мөлшерінің өзгерісіне байланысты. Оны 2.2.2
кестеден көруге болады.

2.2.2 кесте. Сұраныстың бағаға икемділігі және жалпы табыс
СБИ Р мен Qd Бағаның Бағаның өсуінен
өзгерістері төмендеуінен РQ-дің
РQ-дің өзгерісі
өзгерісі
Икемді ∆Qd(%)∆P(%) + —
сұраныс
Икемділігі∆Qd(%)=∆P(%) 0 0
бірге тең
сұраныс
Икемсіз ∆Qd(%)∆P(%) — +
сұраныс

Нарықтық сұранысқа әсер ететін негізгі факторлардын біріне
тұтьшушылардың табысы жатады. Табыстың бір пайыз өзгерісіне байланысты
сатып алатын тауар санының пайыздық өзгерісін сұраныстың табысқа икемділігі
дейді. Сұраныстың табысқа икемділігінің коэффициентін төмендегі формуланың
көмегімен анықтаймыз:
Е1d= (∆QQ)(∆II),
мұндағы ЕI- сұраныстың табысқа икемділігінің коэффициенті, Q - сатып
алынған тауар саны, I - тұтынушының табысы.
Сұраныстың табысқа икемділігінің сандық коэффициентін тауарларды
сапасына қарай топтастыру үшін қолданады. Егер Е1d0 болса, тауарды
әдеттегі тауар дейді. Табыс өскен сайын сұраныс та өседі. Егер Е1d 0
болса, тауар сапасыз тауарға жатады. Табыс өскен сайын сапасыз тауарға
сұраныс қысқарады. Егер сұраныстың табысқа икемділігі 0 ЕId болса, кәдімгі
тауар күнделікті бірінші кезекте тұтынатын тауарға жатады. Екінші кезекте
тұтынатын тауарға сұраныстың табысқа икемділігі Еd =1, ал сәндік, ұзақ
мерзімде қолданатын тауарлардың икемділігінің коэффициенті ЕI d 1.
Халықтың табысының деңгейі, оның өсу қарқыны жалпы экономиканың даму
сатысына байланысты болады. Егер экономика дамудың өрлеу сатысыңда болса,
халықтың табысы өсе бастайды. Ол қымбат, сәндік, ұзақ мерзімде қолданатын
тауарларға сұранысты көбейтеді. Егер экономика құлдырау сатысында болса,
жоғарыда аталған тауарларға сұраныс жылдам қысқарады. Сұраныстың табысқа
икемділігін ескере отырып, ұсақ саудамен айналысатын фирмалар өздерінің
тауар қорларын өзгерту туралы маңызды шешім қабылдай алады.
У тауардың багасынын пайыздық өзгерісіне байланысты X тауарға
сұраныстың пайыздық өзгерісін сұраныстың киылыспалы икемділігі дейді. Оның
коэффициенті:
Exyd =(∆ОхОх) (∆РуРу).
Егер ЕхУd 0 болса, х, у тауарлары бір-бірін алмастыратын тауарларға
жатады (мысалы, сусындар). Егер ЕхУ 0 болса, х, у тауарлар бір-бірін
толықтыратын тауарлар болады (мысалы: бәтеңке мен оның бауы, машина мен
жанар-жағар май). Егер х, у тауарлар бір-біріне байланысты болмаса,
сұраныстың қиылыспалы икемділігінің коэффициенті Ехуd = 0 болады.

1.2. Сұраныс икемділігі және оның өзгеруі.
Сұраныс пен ұсынысты талдау Сұраныс - бір нақты уақыт мерзімінде
нарықтағы көп бағаның біреуімен тұтьшушының сатып алғысы келетін және сатып
ала алатын тауарлар мен қызметтердің саны. Осы анықтаманы
талдайтын болсақ, мынадай тұжырымдарға келеміз: біріншіден, сатып
алатын тауар санын бір накты уақыт мерзімінде ғана анықтауға
болады; екіншіден, сұраныс тұтынушының қажеттілігінен
туындайды. Тұтынушының тауарға деген қажеттілігі болмаса, оның сұранысы
да болмайды; үшіншіден, егер басқа факторлар тұрақты болса, сатып алатын
тауар саны оның бағасына кері байланысты. Тұтынушы өзінің қолындағы
ақшалай табысына байланысты нарықтағы көп бағаның біреуін ғана
тандайды. Нарықтағы тауарлар мен қызметтердің бағалары, тұтынушының
ақшалай табысының сатып алу қабілетін анықтайды.
Сатып алатын тауарлардың саны мен олардың бағаларының арасындағы
байланыс нарықтық экономикада өте маңызды роль атқарады. Сондықтан
экономистер оны сұраныс заңы деп атаған. Сатып алатын тауар санына әсер
ететін бағадан басқа факторлар тұрақты болса, сұраныс бағаның функциясы:
Qd=f = f(1Р),
мұндағы Qd - сұраныс мөлшері, f- - функциялық байланысты көрсететін белгі,
Р - баға.
Сұраныс мөлшері мен бағаның арасындағы кері байланысты кестенің
көмегімен көрсетуге болады. 2.1.1 кестесінде баға мен сұраныс мөлшерінің
арасындағы кері байланыс көрсетілген.
2.1.1 кестеде берілген көрсеткіштерді координаттар осіне түсіріп
бейнелейміз. Бағаның төмендеуіне байланысты сұраныс мөлшерінің өзгерісі
2.1.1 суретіндегі сол жақтағы графикте көрсетілген. Нарықтағы баға 45 теңге
болса, 10 дана тауарға сұраныс болады. Баға 45 теңгеден төмендеген сайын
сұраныс мөлшері біртіндеп өседі. Баға 10 теңге болса, сұраныс мөлшері 50
данаға дейін өседі. Бағаның төмендеуіне байланысты өскен сұраныс мөлшерін,
сұраныс қисығын жоғарыдан төмен қарай сызу арқылы көрсетеміз.
Нарықтағы қалыптасқан бағалардың өзгерісіне қарай сатып алатын тауар
саны өзгерсе, оны сұраныс мөлшерінің өзгерісі дейді. Сұраныс
мөлшерінің өзгерісін, сұраныс қисығының түрш өзгерту арқылы
көрсетеді. Сұраныс қисығы тіктеу, көлбеулеу, ойыс немесе дөңес болып
сызылуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмысшы күш категориялары
Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс,жұмысбастылық және еңбекке ақы төлеу
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері
Кәсіпорын бәсекелестікке қабілеттілігн жоғарылатудағы маркетингтің рөлі
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу аспектілері
Банктік маркетинг жайлы
Банктік маркетингтің теориялық аспектілері
Банк жүйесіндегі маркетинг
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу
Бизнес-жоспар - пиццерия
Пәндер