Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби іс-әрекетінің психологиялық құрлымы



КІРІСПЕ
1.1 Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби іс.
әрекетінің психологиялық құрлымы
1.2 Құқық қорғау органдары қызметерлерінің кәсіби маңызды
Қасиет.сапалары


ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазіргі кездегі еліміздегі қоғамдық-экономикалық қатынастар жүйесінің өзгеруі, зайырлы құқықтық мемлекеттің қалыптасуы, қоғамның мемлекеттік-құқықтық құрылымның жұмысын жақсартуға деген мұқтаждығы сот-тергеу жұмыстарын жетілдіру - жалпы құқық қорғау жүйесін түгелдей қайта жасақтау саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бұл міндетті орындаудың табыстылығы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби әрекетін жан-жақты зерттеу, заңгердің тұлғалық ерекшеліктерінің кәсіби әрекет табыстылығына әсерін зерттеудің ғылыми негізделген бағдарламалық жүйесін жасаумен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауының талаптарына сәйкес–еліміздегі мемлекеттік қызметтің барлық саласындағы мамандардың кәсіби біліктілігі мен шеберлігінің деңгейін арттыру мәселесі қоғамымыздағы ең өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Бұл еліміздің ішкі істер органдарына да тікелей қатысты. Себебі, еліміздегі қылмысқа қарсы күрес міндеттемелерінің жүзеге асуының табыстылығы-осы саладағы мамандардың біліктілігімен, кәсіби шеберлік деңгейінен және құқық қорғау органдарын кәсіби даярлығы жоғары мамандармен қамтамасыз ету жұмыстарына тікелей тәуелді.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тұлғасы мен оның өз кәсіби іс-әрекетінің объектісіне деген құндылықты қатынасын қалыптастыру-еліміздің демократиялық мемлекетке айналуы жағдайларындағы ішкі істер органдары міндеттерінің күрделенуі, яғни Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының жаңаша реформаларына байланысты-мемлекеттік құқық қорғау органдары жүйесінің алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
1 Васильев В.Л. Юридическая психология. - М., 1991. - С. 47-76.
2 Еникеев М.И. Основы общей и юридической психологии. - М., 1996. – С. 387-396.
3 Минжанова Н.А. Педагогическая система профессионально-психологичес-кой подготовки слушателей учебных заведений ГСК РК к действиям в экстремальных условиях.- Караганда, 1997. - С.37-46.
4 Дуйсенбеков Д.Д. Проблемы преподавания психологических дисциплин для студентов правоведов // Вестник Алматинского Гуманитарного Ун-та им. Д.А. Кунаева. - 1999. - № 2. – С. 8-13.
5 Дуйсенбеков Д.Д. Право как предмет психологического анализа // Вестник Алматинского Гуманитарного Ун-та им. Д.А. Кунаева. 2000. - № 1. - С.10-15

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби іс-
әрекетінің психологиялық құрлымы

2. Құқық қорғау органдары қызметерлерінің кәсіби маңызды
Қасиет-сапалары

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Қазіргі кездегі еліміздегі қоғамдық-экономикалық қатынастар жүйесінің
өзгеруі, зайырлы құқықтық мемлекеттің қалыптасуы, қоғамның мемлекеттік-
құқықтық құрылымның жұмысын жақсартуға деген мұқтаждығы сот-тергеу
жұмыстарын жетілдіру - жалпы құқық қорғау жүйесін түгелдей қайта жасақтау
саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бұл міндетті орындаудың табыстылығы құқық қорғау органдары
қызметкерлерінің кәсіби әрекетін жан-жақты зерттеу, заңгердің тұлғалық
ерекшеліктерінің кәсіби әрекет табыстылығына әсерін зерттеудің ғылыми
негізделген бағдарламалық жүйесін жасаумен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауының
талаптарына сәйкес–еліміздегі мемлекеттік қызметтің барлық саласындағы
мамандардың кәсіби біліктілігі мен шеберлігінің деңгейін арттыру мәселесі
қоғамымыздағы ең өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Бұл еліміздің ішкі
істер органдарына да тікелей қатысты. Себебі, еліміздегі қылмысқа қарсы
күрес міндеттемелерінің жүзеге асуының табыстылығы-осы саладағы мамандардың
біліктілігімен, кәсіби шеберлік деңгейінен және құқық қорғау органдарын
кәсіби даярлығы жоғары мамандармен қамтамасыз ету жұмыстарына тікелей
тәуелді.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тұлғасы мен оның өз кәсіби іс-
әрекетінің объектісіне деген құндылықты қатынасын қалыптастыру-еліміздің
демократиялық мемлекетке айналуы жағдайларындағы ішкі істер органдары
міндеттерінің күрделенуі, яғни Қазақстан Республикасының құқық қорғау
органдарының жаңаша реформаларына байланысты-мемлекеттік құқық қорғау
органдары жүйесінің алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1 Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби іс-әрекетінің пси-
хологиялық құрлымы
Құқық қорғау органдарындағы заңгерлер еңбегі оны басқа көптеген
мамандықтардан ажырататын бірқатар күрделі және әртүрлі сипатқа ие. Сонымен
қатар, заңгер еңбегі барлық кәсіби әрекетті құқықтық жолмен реттеу арқылы
біртіндеп, әрбір заңгердің жеке адамдық құрылымына өзіндік қолтаңбасын
қалдырады. Көптеген заң мамандығына жоғары эмоцианалдық еңбек тән. Сонымен
бірге кейбір жағдайда, әрекет ұзақ уақытқа созылатын жағымсыз эмоциямен
қабаттаса жүреді.
Кәсіби заңгерлік қызмет негізінен мемлекеттік қызмет болып табылады.
Көптеген юристік мамандықтар үшін прокурор, судья, тергеуші, инспектор т.б.
ерекше үстемдік билік, билікті заңға сүйене қолдану құқы мен міндеттілігі
болады. Мүнымен қатар, бұл мамандарда өз әрекетінің салдары үшін жоғарғы
жауапкершілік сезімі дамиды.
Заңгерлік еңбектің психологиялық негізгі міндеті-мамандық ұсынатын
талаптар арасындағы орынды ара қатынасты айқындау. Бүл заңдылықтарды тану
үшін юристік еңбек психологиясы -түрлі ғылымдар, жалпы және дифференциялды
психология, еңбек психологиясы, заңдық әлеуметтану т.б. ғылымдардың
эксперименттік мәліметтері, теориялық жағдайлары мен зерттеу әдістеріне
сүйенеді.
Заң қызметі - бұл құқық нормаларымен байланысты әрекет. Ол-заңды қатаң
сақтауға негізделген, білім және еңбекке жауапкершілік, шыдамдылық,
шиеленушілікті талап ететін әрекет болып табылады. Көптеген заң
мамандықтары үшін тән сипат бұл, әрекетті ұйымдастырудың екі негізгі
аспектісі болып табылады.
• Қылмыстық іс бойынша жұмыс күшінің нормадан тыс жағдайы және өз жұмысын
жұмыс күні, аптасы бойынша ұйымдастыру.
• Басқа да қызмет адамдары немесе құқық қорғау ұйымдарымен т.б. бірлескен
жұмысты ұйымдастыру.
Қылмыстық сот ісін жүргізудегі ақиқатты іздеу- творчестволық процес
болғандықтан заң қызметкерлеріне адамның ішкі дүниесіне ене білу,
адамгершілікті жіті зейін, дәлдік қажет [1,153 б.].
Кәсіби заң қызметінің психологиялық анализі түпкі мақсат- шындықты
анықтау қозғалысы өтетін бірқатар этаптарды бөліп шығаруға мүмкіндік
береді. Бұл кәсіби әрекеттің келесі жақтары; танымдық, коммуникативті,
конструктивті ұйымдастыру, куәландыру, тәрбиелеу және тағы басқалары.
Құқық қорғау органдары кәсіби іс-әрекеті бірқатар белгілермен
ерекшеленеді.
• Құқық қоғау органдары қызметкерлерінің кәсіби әрекеттегі құқықтық
регламентациясы;
• Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби әрекетінің билікшіл,
міндетті сипаты;
• Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекеттерінің экстремалдық
сипаты;
• Заңгер еңбегінің стандартты емес творчестволық сипаты;
• Заңгердің процессуалды дербестігі, тұлғалық жауапкершілігі.
Ендігі жерде осы аталмыш белгілердің табиғатын терең түсініп, білу үшін
оларға біршама кеңірек тоқталып өтейік.
1. Құқық қорғау органдары қызметкері еңбегінің құқықтық регламентациясы.
Мемлекеттік-құқықтық жүйе қызметкерлерінің құқық пайдалану әрекеті нақты
шектелген. өз қызметінде бұл шектеулерді дұрыс сақтамау заңды бұзу болып
есептеледі. Бұл жағдай құқықтық нормалар мен ережелерді қатаң сақтауды
көздейді. Заңгердің әлеуметтену деңгейінің, қоғам алдындағы
жауапкершілігінің жоғарылығын бейнелейді. Заңгердің құқықтық санасы оның
кез-келген ситуациялық жағдайда адамгершілік, жүріс-тұрыс ережелерін
іскерлігін қалыптастырады.
2. Заңгердің кәсіби әрекетінің билікшіл, міндетті сипаты. Қүқық қорғау
органдарында қызмет жасайтын заңгерлер өз әрекеті барысында қызметтік
құқықтарын пайдалану арқылы жекелеген адамдар мен ұйымдар қызығуларымен
қайшылыққа түсуі мүмкін. Бүл қайшылық ұлғайған сайын адамдарға моралдық
зиян, психикалық жарақатқа әкеліп соғуы мүмкін. Мүндай жағдайда өз
қызметтік құқығын заңмен үйлестіре пайдалану заңгерден терең кәсіби білім
мен қатар кәсіби компетенттілік, қоршаған ортаға деген силастықты
қамтамасыз ететін психологиялық біліммен қарулануды талап етеді.
3. Қүқық қорғау қызметкерлері кәсіби әрекетінің экстремалдық сипаты.
Заңгердің кәсіби әрекеті қылмыспен күрес барысында шиеленісті, күрделі
жауапкершілікті, құқық бұзушылардың өзара белсенді қарама-қайшылығына толы.
Сонымен қатар осындай нервтік-психикалық ауыртпалықтар еңбек әрекетінің
жүйесіз ауысуы- тәуліктік күн режимінің тұрақсыздығы жүйкенің шаршауына,
эмоционалдық тұрақсыздық, невротикалық реакция, психосоматикалық
функционалдық ауытқуларға әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан да құқық қорғау
органдары қызметіне кәсіби жарамдылығы жақсы денсаулық, жоғары жүйке
жүйесінің шыдамдылығы, жұмысқа қабілеттілігі жоғары, эмоционалдық
тұрақтылығымен анықталады.
4. Құқық қорғау органдарындағы заңгерлік қызметтің стандартты емес
творчестволық сипаты. Заңгер еңбегінің негізгі ерекшелігінің бірі- ол
қашанда түрлі өмірлік ситуациялық жағдайларда индивидуалды творчестволық
көзқарасты талап ететін адамдармен жұмыс жасайды. Сондықтан да заңгерге
терең кәсіби және қоғамдық-саяси арнаулы білімдер мен қатар процеске
қатысушылар арасындағы өзара жеке адам аралық қарым-қатынас қырларын
меңгерудің маңызы зор болып табылады.
Қүқық қорғау органдары қызметкерлерінің процессуалды дербестігі,
тұлғалық жауапкершілігі. Сот-тергеу қызметкерлерінің өз кәсіби іс-әрекеті
баысында жергілікті билікті органдарға емес тек заң ережелеріне бағынуымен
сипатталады. Бұл заңгердің құқықтық сана сының деңгейіне байланысты болады.
Сонымен қатар құқық қорғау органдары қызметкерлері өз кәсіби әрекетінің
шешімдері мен соңғы нәтижелеріне тікелей тұлғалық жауапкершілік алады. Бұл
жағдай заңгерлерден жоғары кәсіби бейімділік, әлеуметтік кемелдену, нервтік-
психикалық, эмоционалды-еріктік тұрақтылық, жоғарғы интеллект,
творчестволық ойлау икемділігі, батылдық, шешім шығарғыштық, өзіне
сенімділік, табандылық, өз ісінің нәтижесіне деген жоғары жауапкершілікті
талап етеді [2,387-396 б.].
Құқық қорғау органдарындағы заңгердің кәсіби әрекетінің негізгі
психологиялық құрылымы төмендегідей; танымдық-болжамдық; коммуникативті;
ұйымдастырушылық-басқарушылық; тәрбиелеушілік.
1.Құқық қорғау әрекетінің танымдық-болжамдық құрылымы. Қылмысты тексеру,
заңды бұзушылық себептерін зерттеу, азаматтық-құқықтық дауларды шешу жалпы
таным процесін жан-жақты қамтиды. Сот-тергеу қызметкерлері іске асыратын
таным процесінің ерекшелігі таным объектісі негізінен өткен уақыт оқиғалары
болып табылады. Танымдық құрылымның бөлігі тексерудің барысы мен нәтижесін
ойша елестетудің негізін құрайтын болжамдау болып табылады.
Сот-тергеу қызметкерлерінің танымдық құрылымының ақиқаттығын орнату
алынған нәтижелерін процес барысында құжаттарда бейнелеу және бекітумен
сипатталады. Бұл құжаттар қылмыстық іспен азаматтық сот өндірісінде кез-
келген уақытта тексеріліп пайдаланылады.
Құқық қорғау қызметкерлері кәсіби әрекетінің нәтижесінің қоғамдық
сипаты. Әлеуметтік құбылыстар, олардың құқықтық анализі заңгерден кәсіби
жарамдылықтың факторларын талап етеді. Олар; жан-жақты кәсіби терең білім,
дамыған интеллект, икемді, творчестволық ойлау, жоғары ақыл-ой
қабілеттілігі, аналитикалық ойлау қабілеттілігі, болжамдау қабілеті, ең
бастысын көре білу, белсенді қабылдау, ес, тұрақты зейін, дамыған қиял,
интуиция т.б.
2. Заңгердің кәсіби әрекетінің коммуникативті құрылымы. Заңгердің
кәсіби әрекеті барлық уақытта қарым-қатынас жағдайында өтеді. Қарым-қатынас
адамдардың қоғамдық, әлеуметтік, құқықтық өзара қатынастарын бейнелейді.
Көп жағдайда қарым-қатынас заңгер үшін дербес процестік және кәсіби
әрекеттің ерекше бір түрі ретінде қаралады. Мұнда кәсіби қарым-қатынасты
заң іс-әрекетінде ақпарат алмасумен қатар өзара әрекеттестік және
адамдардың бір-бірін қабылдау процесі ретінде көрінеді.
3.Құқық қорғау әрекетінің ұйымдастырушылық-басқарушылық құрылымы.
Заңгердің кәсіби әрекетінде адамдармен жұмыс жасай білу, әрекетті дұрыс
ұйымдастыра білу өте маңызды роль атқарады. Заңгер құқық қорғау органдары
өкілі ретінде өз жұмысы мен жекелеген адамдар мен ұйымдар, бірлестіктер
мақсат-мүддесімен үйлестіре ұйымдастыру, басқару, кәсіби әрекет
өнімділігін арттыру жауапкершілігіне йе. Ол өз ұйымында жағымды
психологиялық ахуалды ұйымдастырып, конфликті жағдайларды болдырмауға
тырысып және іс-әрекетке қатысушы адамдардың индивидуалды ерекшеліктерін
есепке алып отыру керек.

Сондықтан да, ұйымдастыру-басқару әрекетіндегі заңгерлерге терең кәсіби
біліммен қатар ұйымдастырушылық қабілет өте қажет. Бұл қабілет;
белсенділік, бастамашылдық, тапқырлық, батылдық, табандылық, шешім
шығарғыштық, дербестік, өз әрекетінің барысы мен нәтижесіне жоғары
жауапкершілікпен сипатталады.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық әрекет заңгерден коммуникативті
компотенттілікті, жүйкелік-психикалық тұрақтылықты, адекватты өзіндік
бағалау, мотивациялық күшті талап етеді.
1. Құқық қорғау кәсіби әрекетінің тәрбиелеуші құрылымы. Құқық қорғау
органдары қызметіндегі тәрбиелеу функциясы ең алдымен ар соты,
қылмысқа қарсы күресу шаралары, ақпарат құралдары арқылы анықталынады.
Заңгерлердің тәрбиелеу жұмыстарына қатысуы олардан жалпы білімділік,
кең дүниетанымды, эрудициялылықты, қарым-қатынас шеберлігін талап
етеді [3,37-96 б.].

Кесте 1-Милиция инспекторы профессиограммасы

Кәсібінің атауы милиция инспекторы
Ойлаудың басым қабілеті Талап қою – басқару
№1 базалық білімдер ауданы құқық, заң ғылымдары,
және олардың деңгейі 3-деңгей, жоғарғы (теориялық)
№2 базалық білімдер ауданы қауіпсіздік, 2-деңгей,
және олардың деңгейі (білімдерді практикалық қолдану)
Кәсіби ауданы құқық, заң
Тұлғааралық өзара әрекеттестік көбінесе жанында деген тип бойынша
Басым қызығушылық әлеуметтік
Қосымша қызығушылық реалисттік
Жұмыс жасау жағдайы ғимаратта отырады,
ғимараттан тыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мамандықтың пәндер каталогы
Төтенше жағдайлардағы ішкі істер органдары әрекеттерінің негіздері
Құқықтық тәрбие туралы
Мемлекеттік аппарат туралы түсінік
Тергеушінің саналылық қасиеттері
Тергеу барысындағы тергеушінің кәсіби шеберлігі
Медицина қызметкерлерінің қылмыстық жауапкершілігі
Қазақстан Республикасы ІІМ арнайы бөлімшелерінің құқықтық жағдайы
ҚР адвокатура қызметінің құқықтық негізі
Тұрғын-жайға кірумен ұштасқан ұрлық
Пәндер