Батыс Қазақстан облысы жайлы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

1 БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1. 1 Аймақтың қысқаша мінездемесі

Батыс Қазақстан облысы - Қазақстан Республикасының солтүстік-батысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. Шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау облыстарымен, батысында Ресейдің Астрахан, Волгоград, солтүстік-батысында Саратов, Самара, солтүстігінде Орынбор облыстарымен шектеседі. Облыс 1932 жылы 10 наурызда Орал облысы болып құрылған. 1996 жылдан Батыс Қазақстан облысы аталады. Жерінің аумағы 151, 3 мың шаршы шақырым, тұрғындары 617, 6 мың адам (1999) . әкімшілігі жағынан Батыс Қазақстан облысы 12 ауылдық, 2 қалалық әкімш. ауданға, олар 4 кенттік және 155 ауылдық әкімшілік округтерге бөлінген. Орталығы - Орал қаласы. Облыстағы 539 елді мекеннің тұрғындары біркелкі орналаспаған. Халықтың орташа тығыздығы 1 шаршы км-ге 4, 0 адамнан келеді(1999) . Слтүстік аудандарда және Жайық өзенінің аңғарында халық жиі қоныстанған (1 км²-ге 9-12 адам) . Қала халқы бүкіл халықтың 41%-ке жуығын құрайды. Қалалары: Орал, Ақсай; ірі кенттері: Бөрілі, Дерқұл, Зашаған, Круглоозерное, Чапаев.

Табиғаты. Батыс Қазақстан облысы аумағының басым бөлігі Каспий ойпатының солтүстігінде орналасқан. Жер бедері, негізінен, құмды алқаптар мен сор ойпаңдар алмасып отыратын жазық болып келеді. Бұл өңірдің абс. биіктігі 10-25 м-ден аспайды. Солтүстігіндегі қырат бөлігі (абс. биікт. 45-65м) Сырт қырқасы арқылы Орал үстіртіне ұласады. Жалпы Сырттың осы тұстағы ең биік жері 259 м (Ешкі тауы) . Орал үстіртінің облыс жеріндегі бөдігі - құрғақ арналармен тілімденген жонды-белесті өңір. Оның абс. биіктігі 110-260 м, ең биік жері - Ақтау тауы (263 м) .

Геологиясы және кен байлықтары . Жер қыртысы бор кезеңінің мергелінен, палеогеннің құмтастарынан, әктастарынан түзілген. Олардың бетін Каспий ойпатының төрттік кезең шөгінділері жапқан. Өзен аңғары аллювий шөгінділерінен құрылған. Облыс жерінде тұз күмбездерінен құрылған ірі тектоникалық құрылымдар (Сантас, Сасай, т. б. ) көп. Облыстың жер қойнауы мұнайға, әсіресе, газға (газ-конденсат) мейлінше бай. Мұнда Қазақстандағы зерттелген газ-конденсаты қорының 90 %-тен астамы шоғырланған (Қарашығанақ газ-конденсаты кен орны) . Одан басқа облыс аумағында жанғыш тақтатас (Чернозатон, Тоғай, Новошаново), калий, магний тұздары (Шалұар көлі), цементтік шикізат (Ақсуат, Шаново), керамзиттік саз (Тұйықсай, Погодаев), т. б. құрылыс материалдары кен орындары бар.

Климаты. Облыстың климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі құрғақ. Қаңтар айының орташа температурасы -11 -14◦С, кейде -40◦С-қа дейін төмендейді, шілде айындағы температура +22 +25◦С, кейде 40◦С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның көпжылдық орташа мөлшері 190(оңтүстігінде) - 350мм (солтүстігінде) . Қар жамылғысы 70 күннен (оңтүстігінде) 140 күнге (солтүстігінде) дейін жатады. Жыл бойына екпінді желдер (кейде 15-20 м/с-қа дейін) болып тұрады. өсімдіктердің вегетациялық кезеңі 150-170 тәулік.

Гидрографиясы. Облыстағы өзендері Каспий теңізі алабында жатыр. Ұзындығы 100 км-ден асатын 14 өзен бар. Басты су артериясы - Жайық өзені солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай ағады. Оның облыс жеріндегі ұзындығы 500 км-дей. Жайыққа облыс аумағында Емболат, Шаған, Дерқұл, Елек, Шыңғырлау, Барбастау өзендері құяды. Облыстың шығыс жағындағы шаын Өлеңті, Қалдығайты, Жақсыбай өзендері Орал үстіртінен басталып құмға сіңіп жоғалады. өзендері қарашаның 2-жартысында қатып, сәуірдің 1-жартысында мұзы ериді. Батыс Қазақстан облысында 140-тан астам көл бар. Оның 9-ның су айдыны 10км²-ден асады. Суы тұщы маңызды көлдері: Қамысты Самар, Итмұрынкөл, Сұлукөл; ірі тұзды көлдері: Шалқар, Аралсор, Жалтыр, Жалтыркөл, Боткөл, т. б. Жер бетіндегі ағынды суды реттеу үшін облыс аумағында бірнеше бөгендер салынған. Олар негізінен Көшім суландыру жүйесінде және Қараөзен бойында орналасқан.

Топырағы мен өсімдік дүниесі. Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігі далалық белдемде, қалған жері шөл белдемдерде жатыр. Облыс жерінің 15%-ін құмды алқап алады. Қиыр солтүстік, Сырт суайрықтарында қара, Сырт және Орал үстіртінің қыратты бөліктерінде қызыл қоңыр, өзен аңғарларында шалғынды сортаң, шөгінді (құмдақ-сазды) топырақ түрлері тараған. Облыстың оңтүстік бөлігін құмды алқаптар (Нарын, Көкөзенқұм, Аққұм, Қарағандықұм, т. б. ) алып жатыр. Солтүстік бөлігінде бетегелі дала өсімдіктері мен шөлейт белдемнің өсімдік түрі басым. өзен жайылымдарында астық тұқымдасты шөп түрлері, кей жерлерде қалың қамыс, құрақ өскен. Жайық аңғарында терек, емен, қайың, тал, Сырт және Орал үстіртінде, Елек өзені алабында шоқ қайың орманы көптеп кездеседі.

Жануарлар дүниесі. Батыс Қазақстан облысының тоғайлы-орманды өңірлерінде бұлан, елік, өзендер бойындағы қалың қамыс арасында қабан, оңтүстігіндегі құмды жағында ақбөкен, түлкі, қарсақ, қасқыр, қоян, күзен, құндыз; кеміргіштерден сарышұнақ, құм тышқаны, т. б. мекендейді. Облыста құстардың көптеген түрлері (аққу, қоңырқаз, сұрқаз, тырна, бірқазан, балықшы, құр, ақиық, кезқұйрық, безгелдек, қаршыға, т. б. ) кездеседі. өзен-көлдері балыққа бай (сазан, көксерке, аққайраң, табан, жайын, шортан, т. б. ) . жайық өзенінде қызыл балық турлері (бекіре, шоқыр) кездеседі.

Шаруашылығы. Батыс Қазақстан облысы экономикасында ауылшаруашылық өндірісінің үлесі басым. Мүнда астық егу, жайылымдық мал шаруашылығы, етті-сүтті сиыр өсіру дамыған. Облыс шаруашылығының негізгі салаларының бірі - өнеркәсіп. Облыста мұнай, газ өндіру, металл өңдеу және машина жасау, тамақ, жеңіл, құрылыс материалдары, ауылшаруашылық техникасын жөндеу, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, т. б. салалар жақсы дамыған. Ірі өндірістерден Қарашығанақ газ-конденсат комбинаты, "Металист", "Зенит", "Металл өңдеу", "Омега" зауыттары, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде "Надежда" тігін-тоқыма комбинаты, былғары аяқ киім зауыттары, аң терісін өңдеу, балық комбинаттары, арақ-шарап, сыра зауыты, нан комбинаты, сондай-ақ, "Жайықжылужарық", Оралоблгаз, "Диана", "Орал - Алма", "Нұржанар", Оралагрореммаш, т. б. кәсіпорындары жұмыс істейді. Батыс Қазақстан облысында республикадағы табиғи газдың 30%-тен астамы өндіріледі. Облыстағы ауыл шаруашылығына тиімді жер 13, 9 млн. га (1997) . Оның ішінде жыртылатын жер аумағы 1, 4 млн. га, шабындық 940 мың га, жайылымы 8, 2 млн. га. Астық дақылдары 934 мың га жерге, техникалық дақылдар 34, 1 мың га, картоп және көкөніс-бақша дақылдары 7, 6 мың га, жемщөп дақылдары 222 мың га жерге егіледі. Мал шаруашылығында сиыр саны 444 мың, қой мен ешкі 904 мың, шошқа 28, 5 мың, жылқы 94 мың, түйе 3, 9 мың, құстың саны 371 мың (1997) .

Батыс Қазақстан облысында темір жол, автомобиль жолы және су жолы көлігі дамыған. Темір жолдың жалпы ұзындығы 417 км. Автомобиль жолдарының ұзындығы 8500 км, оның ішінде 2500 км жол асфальттанған. Олармен 4, 8 млн тонна жүк тасымалданған (1997) . Негізгі автомагистралдары: Орал-Атырау, Орал-Ақтөбе, Орал-Орынбор. Жайық өзенінен Атырауға дейін кеме қатынайды. Қазақстанның ірі қалаларымен және кейбір шет ел қалаларымен әуе қатынасы бар.

1. 2 Туристік инфрақұрылымы

Жалпы облыста туристік инфрақұрылым жақсы дамыған. Бас қаламыз Оралда және басқа да аудан орталықтарында көптеген туристік фирмалар, қонақ үйлер, санаторийлар сауықтыру кешендері жұмыс істеп жатыр.

«Атамекен» туристік-сауықтыру орталығы қала аймағында, Шаған өзенінің жағасында орналасқан (Жайық өзенінің оң жақ сағасы) . Көкке оранған төрт жарым гектарда 300 орынды 4 ұйықтау корпусы, асхана, душ, медпункт, бассайен және спорт алаңдары орналасқан. Жаз мезгілінде шілде айынан тамыз айы аралыгында алты профильді ауысымда 1500-ге дейін балаларды қабылдайды. Шаралар профиль ауысымдарына байланысты жоспарланады: «Ралам саяхаты», «Туристік-экологиялық», «Халықаралық» және тағы да басқалар. Орынбордан келген балалар Халықаралық ауысымда жыл сайын демалады. Лагерь жумыстарының багдарламасы «Бау-бақша» көліне жаяу жорық, «Шалқар» көлінде және «Қызыл мектеп» ескі мекенінде болу, қазақ және орыс драма театрларына, филармонияға, муз айдыны сарайына, мини-хайуанаттар саябағына; тақырыптық КТК-ға, ойындарга, би кештеріне және басқа да шараларга бару. Ашық типтегі бассейнде су полосы және жүзушілердің жеке сынақтары бойынша жарыстар өтеді, ал фито-бардан әрқашанда тіл үйіретін пайдалы коктейльдердің дәмін татуға әбден болады. балалар жазғы типті уйықтайтын корпуста, бөлмеде 18-25 адамнан турады. Асханасы 160 орынға есептелген. тамақтану күніне алты рет беріледі. Қысқы мезгілде орталықта туристік-өлкетану және экологиялық үйірмелер жұмыс жасайды. «Зимушка-зима», «Масленица», демалыс күндеріндегі шаңғы жорықтары, шаңғымен сырғанау және қар таудан сырғанау, балаларды ешқашан бей-жай қалдырмайтыны анық. Лагерьдегі өмір қызыққа толы.
Ақжайық санаториясы. Ақжайық санаториясы 1984 жылы «Уральский» демалыс базасында құрылған. Ол Жайық өзенінің әдемі де жайлы жагасында облыс орталығынан 43 шақырым жерде орналасқан. Қалаға автобуспен байланысады. Санаторий 300 адамға есептелген, жыл бойы жұмыс жасайды. Емделушілер 2 адамға арналған бөлмелерде, жақсы жабдықталған корпуста орналастырылады. Санаторийдің негізгі табиғи емдеу факторы ішкі және сыртқы қолдану үшін хлоридті магний-натрийлі минералды су болып табылады. Санаторийде минералды су жіберетін ванналар мен емдеу душтары бар су емханасы, сонымен бірге, жақсы жабдықталған емдеу-диагностикалық кабинеттері мен зертханалары орналасқан. Бальнеотерапияда электр сәулесімен емдеу, емдік дене шынықтыруы, массаж, климаттық емдеулер қолданылады. Клуб, кітапхана, би залы, бильярд, спорт алаңдары бар. Орал өзені жағасында жаз мезгілінде емдеу жағажайы жұмыс жасайды. Көрсеткіштер: қан айналымы агзаларының ауруы. Емдеу мерзімі: 24 күн.

Орал қаласындағы “Парк-Отель” туризм және демалыс базасы. Біздің облыста туризм саласына қатысты басты мәселелердің бірі - халықты шетелге тасып, ақшаны желге ұшыратын сыртқы емес, елге пайда әкелетін ішкі туризмді өркендету. Ол үшін Орал өңірінде туристік-мәдени нысандар жетерлік. Тек инфрақұрылымды дамыта түсу керек. Яғни жол, сервистік қызметтен басқа, сырттан келген туристерді қабылдайтын демалыс орындары көптеп ашылуы қажет. Тамыздың 15-і күні Орал қаласының Самал-3 шағынауданында дәл осындай талапқа жауап беретін облыстағы бірегей “Парк-Отель” туризм және демалыс базасы ашылды.

Демалыс орны қала сыртында, Шаған өзенінің жағасындағы жасыл желекке оранған тоғайлы алқапта орын тепкен. Жалпы аумағы 30 мың шаршы метрді құрайтын кешенді базада екіқабатты алты коттедж, ЛЮКС деңгейлі үш коттедж бөлек орналасқан. Ал жайлы он екі орын ұсынатын отель келген қонақтарға үш тілде қызмет етеді.

Бір ерекшелігі - туризм базасы қысы-жазы үзіліссіз жұмыс істейді. Туристер немесе қала қонақтары жазда су бойымен теплоходта серуендеп, балық аулап, атқа мініп, теннис ойнап, бір сөзбен айтқанда, спорттың қалаған түрімен шұғылданып, демала алады. Ал қыста коньки, шаңғы секілді бой жазатын қысқы спорт түрлері ұсынылады. Кез келген уақытта қырға шығып, аңшылықпен де айналысуға болады. Кешенде балалардың ойын алаңқайы, бассейн, жаттықтыру залдары, 350 орындық мейрамхана бар.

Туризм және демалыс базасының салтанатты ашылуына қатысқан облыс әкімі Нұрғали Әшімов алдымен осы істі қолға алған кәсіпкер Алексей Василецке және оның ұжымына алғысын білдіріп, облыстағы туризм саласының өркендеуіне тоқталды:

- Туристік бизнес - қазір әлемнің жетекші елдерінің бюджетіне қомақты қаржы әкеліп отырған маңызды сала. Осы саланы дамытуға табиғаты көркем қазақ елінің, соның ішінде Ақ Жайық өңірінің мүмкіндігі мол. Соңғы жылдары бұл салаға жете көңіл бөлініп келеді. Ақпараттық-жарнамалық өнімдердің сапасы жақсарды, облыста 30-дан астам туристік фирма жұмыс істеп отыр. Облыстың Бөкей ордасындағы тарихи-мәдени кешен, Шалқар өзені, Тасқала ауданындағы Ешкі тауы, Жайық өзені, Қаратөбе ауданындағы Аққұм - мұның бәрі де өлкенің шеттен келген қонақтарға көрсететін інжу-маржаны. Бұл - туристік бизнесті дамыту саласында біздің пайдалана алатын мүмкіндігіміздің аз ғана жұрнағы. Бұл бағытта әлде де жұмыстана түсуіміз керек. Халықаралық және аймақтық шараларды өткізуге облыс бюджетінен 35 млн. теңге бөлінді.

“Солнышко” сауықтыру кешені 2007 жылдың желтоқсан айында құрылды. Негізгі мақсаты қысқы ойын түрлері-шанамен сырғанау, шаңғы тебу, мұз айдынында коньки тебу, квадрациклмен жүру сияқты қызмет корсету. Бұл кешен ашылған күннен бастап жергілікті тұрғындардың назарынан шықты. Басында тек жергілікті тұрғындар келгенімен, кейіннен көрші ауылдардыі да тұрғындары келіп жатты. Негізгі қызмет көрсететін мерзімі желтоқсан-ақпан айлары. Ал көпшілігін қызықтыратыны квадрациклмен аялдау. Және бағасы арзан(1 кесте) .

Аумағында бір шағын мұз айдыны, шаңғы тебетін, шанамен сырғанайтын, квадрациклмен аялдайтын алаңдар бар. Және қонақтарға арналған тунеу орындары, екі ресторан, автотұрақ бар.

1 кесте

“Солнышко” сауықтыру кешеніндегі қосыша қызмет (прокатқа берілетін) [16]

Прокатқа берілетін заттар
сағатына
Прокатқа берілетін заттар:

Кешенге кіру өз заттарыңмен

Мұз айдынына кіру

Шаңғы

Коньки

Арнайы шана

Екі адамдық квадрацикл

сағатына:

300 тг

300 тг

300 тг

400 тг

200 тг

2000 тг

Пайда табу жағына тоқталсақ, орташа есеппен күніне 40-45 адам келеді екен. Олардың көбі жасөспірімдер мен студенттер. Ал кейбір күндері 180-200 адамға дейін жетеді. Таза пайда 2007 жылы 1160 мың теңгені құраса, 2008 жылы 1890 мың теңгені құрады. Ал алдағы жылдарда тағы да көптеген шаралар іске асырылып, қомақты пайда табуға мүмкіндік бар дейді.

Жайық өзенінің бойындағы “Мечта” кемпингі. Кешен Орал қаласынан 4 км жерде орнласқан (4 сурет) .

Табиғаты тамаша жерде орналасқан, қонақтарға сапалы қызмет көрсететін, түрлі конференциялар мен семинарлар өткізетін залы бар, қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген, турлі тойлар мен іскерлік кездесулер өткізуге тиімді кешен.

Кешеннің инфрақұрылымына кіреді:

  • Комфотты қонақ үй
  • Кафе, жазғы кафе, банкет залдары, сауна
  • Су үстіндегі дебаркадер
  • Мангалмен демалыс орны
  • Спорт залы
  • Футбол, воллейбол залы
  • Прокат (веллоспедтер, роликтер, бадминтон, үстелтеннисі, дартс, коньки, шаңғы, шана, пневматикалық винтовка) .
  • Қайық станциясы
  • Жайық өзені бойымен серуендеу

4 сурет. Мечта кемпингінің орналасқан орны [43]

Ал туристік фирмалар саны да 2008 жылы 30 ға жеткенді. (2 кесте) .

Бұл көрсеткіш 2007 жылмен салыстырғанда 2, 5 есе өскенін көрсетеді. Тек Орал қаласында ғана емес, сонымен қатар Ақсай қаласында, Чапаев елді мекнінде де жаңадан туристік фирмалар ашылған. Әр туристік фирманың өзіндік ерекшеліктері бар. «Панорама», «World of Travels» туристік ұйымдары «Шалқар көлі», «Бөкей хандығы», «Балық аулау мен аңшылық» атты туристік маршруттар дайындады. Жайық өзенінің бойымен, Жайық өңірінің тарихи-өлкелік обьектілеріне атпен жүретін маршрут ұйымдастыру. Ал “Азия - Тур”, “Натали Экспресс” туристік фирмаларына сыртқы туризмге деген сұраныс көп. Облыс тұрғындарының қызығушылығын тудыратын шет ел аймақтары: Испания, Франция, Италия, Түркия, Таиланд, Малайзия мемлекеттері болып отыр.

2 кесте

Облыстағы ірі туристік фиамалар[42]

Туристік фирма атауы
Маршруттар бағыты
Адресі
Туристік фирма атауы:

«Панорама» турфирмасы

«Натали экспресс» фирмасы

«Азия-тур» туристік агенттігі

«World of travels» туристік агенттігі

Маршруттар бағыты:

Жайық өзенімен «Көгілдір жолдар» су маршруты, Шалқар көліне бір және үш күндік автобус маршруттары, «Пушкин жүрген жерлермен» Орал-Соль-Илецк - Орал атпен жүру маршруттары, көбіне шетелдік туристерді жиі қызықтарын «Бөкей хандыгына саяхат» үш күндік ұшақ маршруттары .

Испания, Италия, Франция, Чехия,

Түркия, Тайланд, Малайзия мемлекеттеріне турлар жасайды.

Азия-Тур" туристік фирмасының қызметтерін пайдалана отырып, облыс түрғындары Испания, Франция, Кипр, Италия, БАӘ, Тайландтың элиталы турларында демалуға мүмкіндік алады

Испания, Франция, Кипр, Түркия, Италия, БАӘ, Тайланд, Бали аралдары, Гаваи аралдарына турлар ұйымдастырады. Сонымен қатар Шалқар көліне, Жайық өзені бойымен мршруттар ұйымдастырады.

Адресі:

Орал қаласы, Фурманов көш., 165

БҚО, Ақсай қаласы, 2-ші шағын аудан

Орал қ., Достық-Дружба даңғ., 192/1

Орал қ., Нариманов көшесі 23

Жаңа жыл қарсаңында Ақсай қаласында ардагерлердің демалыс паркі ашылды. Қалада ұзақ жылдар бойы қараусыз тұрған теміржолшылардың ескі паркі қайта жөндеуден өтіп, ардагерлердің демалыс орны ретінде пайдалануға берілді. Аудан әкімінің ұсынысымен ұйымдастырылған шара жыл соңында шешімін тауып отыр. Парктің жаңарып, жасарып, қайта қалпына келтірілуіне жергілікті жерде қызмет атқарып жатқан ірі компаниялар демеушілік жасаған. Ескі ағаштар кесіліп, парк аумағы тазартылып, жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, түгелдей қоршалған. Ардагерлердің жастық шақтары осы теміржолшылар паркімен тығыз байланысты. Демалыс орнының ашылу салтанатына аудан әкімі К. Имашев, соғыс және еңбек ардагерлері, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары жиналды. Ардагерлер өздеріне арналған демалыс орнының ашылғанына алғыстарын білдіріп, жиналған қауым алдында Ақсай қаласының бұрынғы келбетінен сыр шертті. Мереке келгендер ауыл өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалап, спорттың шаңғы жарысы мен футбол ойын түрлерінен бақ сынасты. Паркті көгалдандыру мақсатында көк шалғын шөптердің тұқымдары алынған, арам шөптерге қарсы улағыш зат, шөптерді отайтын, суарғыш құралдар да әзір тұр. Жазда балаларға арналған спорт алаңдарына қажетті құрал-жабдықтар сатып алынған. Келешекте демалыс орталығына темірден жасалған екі киіз үй қойылатын болады. Болашақта бұл алаңда қала тұрғындарының меркелік шаралары мен спорттық жарыстары өткізілетін болады. «Орал өңіріндегі туризм» атты фото альбом шығарылды.

Жалпы туризм саласы мен қосарланып жүретін саланың бірі - бұл қонақ үй саласы. Қазіргі уақытта 2006 - 2008 жылдарға арналған қонақ үй жүйесін дамыту жөнәндегі бағдарламасы жасалған. Бағдарламаның басты мақсаты - Республикада қазіргі заманға сай жоғарғы нәтижлі бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, экономикалық қосалқы салаларын өркендету. Сондықтан қонақ үй және туристік бизнес бұл мәселелерді қарастыруда. Батыс Қазақстан облысында қонақ үй саласы да жақсы дамыған(3 кесте) . Аймақта жылдан - жылға қонақ үйлер саны көбейіп келеді. Тек Орал қаласында ғана емес, басқа да көптеген аудан орталықтарында жаңадан қонақ үйлер салынуда. Ақсай қаласында 3, Жаңақалада 2, Жәнібекте 1, Чапаев елді - мекенінде 1 қонақ үй жаңадан салынған екен.

3 кесте

Облыстағы ірі қонақ үйлер [42]

ҚОНАҚ ҮЙ АТАУЫ
Қысқаша сипаттамасы
Адресі
ҚОНАҚ ҮЙ АТАУЫ: «САЯХАТ» ҚОНАҚ -ҮЙІ
Қысқаша сипаттамасы: «Саяхат» қонақ үйі қала орталығында, Достықдаңғылы мен Т. Масин көшелері қиылысында орналасқан. Қонақ үй бес қабатты, лифтімен жабдықталған. 1 және 3-қабаттарда тәулік бойы жүмыс жасайтын кафе орналасқан. Қонақүйде барлық жагдайы жасалган бір орынды және екі орынды «полулюкс», «люкс» санатты бөлмелер орналастырылған. Әр бөлме теледидар, тоңазытқышпен жабдықталған.
Адресі: Орал қ.,
Т. Масин көш., 83 тел. : 51 30 03
ҚОНАҚ ҮЙ АТАУЫ:

«ОРАЛ» ҚОНАҚ -ҮЙІ

«ШАҒАЛА» ОТЕЛІ

«ПУШКИН» ОТЕЛІ

Қысқаша сипаттамасы:

Орал» қонақ үйінде 1-2 орынды «люкс» нөмірлеріне барлықжағдай жасалған: ванна, теледидар, телефон, тоңазытқыштар бар. Қонақ үй қосымша қызмет көрсету ретінде кафе, кір жуу орны, үтіктеу орны, автотүрақ, шаштараз, тіс емдеу қабинеті, авиа және темір жол кассалары, тігін шеберханалары қызметтерін ұсынады.

«Шағала»- үш жұлдызды отель.
Іскери адамга өте қолайлы, тыныш және әдемі орында орналасқан. Отель бір және екі бөлмелік, люкстардан тұратын 50 орынға арналган. Әр бөлмеде шагын бар, жуынатын бөлме, теледидар, телефон, кондиционер бар. Келген қонактарга шаштараз, химиялық тазалау және кір жуу орындары қызмет көрсетеді. Отельдің өз ас үйін жаңа піскен көкпен және көкөністермен қамсыздандыратын жылыжайы, сонымен қатар мейрамханасы, бары, мәжіліс зал(viр-залы) және тренажер залы бар.

«Пушкин» отелі Достық даңғылы мен Е. Пугачев көшелері қиылысында, «Курениден» алыс емес жерде орналасқан. Отельдің 12 нөмірі «апартамент» санатында, 54 нөмірі «люкс» санатында. Әр нөмір кондиционермен, телефонмен, кабельді телевидениемен, мини-бармен, фан-койл жүйесімен (ауа темпиратурасын реттеу) жабдықталған.

Адресі:

Орал қ., Фурманов көш., 80/2

Орал қ., 4-шағын аудан,
Тел. : +7 3112 27 01 09

Орал қ., Т. Масин көшесі, 67/1

2 АЙМАҚТЫҢ ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫНА СИПАТТАМА

2. 1 Табиғи-рекреациялық ресурстары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық білім беру туралы
Батыс Қазақстан аймақтарының туризмінің дамуы
Қызылорда облысындағы туризм
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
Туризмді түлету – Ақ жайыққа бір арман
Қостанай облысына жалпы сипаттама
Ақтөбе қаласындағы демалыс пен туризмнің дамуы
Қызылорда облысында туризмді дамыту
Шығыс Қазақстандағы қола дәуірінің тарихнамасы
Қазақстан Республикасы кітапханалары жаңа жағдайда: мәселелері, даму жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz