Қытайдағы театр өнерінің қалыптасуы және дамуы


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...2

I ТАРАУ. ҚЫТАЙДАҒЫ ТЕАТР ӨНЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

1.1 Көне замандағы театрлық қойылымдар
... ... ... ... ... 8

1.2 Ерте ортағасырлық театрлық қойылымдар
... ... ... ... .10 вппапаапппааапапекрперерерРрпппапаа

II ТАРАУ. ЮАНЬ ДӘУІРІ - ҚЫТАЙ ДРАМАСЫНЫҢ АЛТЫН ҒАСЫРЫ

2.1 Драманың ерекшелігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

2.2 Драматургтар және олардың шығармалары
... ... ... ...21

2.3 Драмадағы образдарды сомдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

2.4 Драманың жанрлары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .48

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ..49

Кіріспе

Қытай- ғасырлар бойы ұрпақтан- ұрпаққа мұра болып келе жатқан бай
мәдениеті мен ұзақ тарихы бар әлемдегі өркениетті елдердің бірі.Өз бастауын
көне заманнан алатын театр өнері, қытай мәдениетіне көп үлесін қосып,
кейіннен драманың қалыптасуына өзіндік ықпалын тигізді. Қытай тарихындағы
Юань дәуірі, театр өнері мен драманың ең гүлденген кезеңі болғанына
қарамастан, ұлттық театр өнеріне тән алғашқы элементтер Чжоу дәуірінде-ақ
көрініс ала бастады. Бұл кезеңдегі театрлық қойылымдар діни рәсімдерге,
әскери жорықтарға, үйлену тойларына, көктем мерекесіне, сондай-ақ соғыс
жеңістерін мадақтауға аралған көріністер болды. Ал Қытайдағы шынайы, діни
емес алғашқы театр Хань дәуірінде қалыптаса бастады. Хань дәуірінде
актерлердің кәсіби деңгейі артып, әртүрлі күрделі қойылымдарды жүзеге
асыратын техникалық мүмкіндіктерге қол жеткізілді. Хань дәуірі- сарай
қойылымдарының ең гүлденген кезеңі болды. Ал Таң дәуірінде елдің
экономикасының дамуы мен мәдениеттің гүлденуі, театр өнерінің жандануына
оңды ықпалын тигізді. Бұл кезеңде театрлық қойылымдарды тек мерекелік
күндері ғана емес, әдеттегі күндері көңіл көтеретін мекемелерде тамашалауға
мүмкіндік туды. Таң дәуірінде император сарайында қойылымдарды
ұйымдастыратын, актерлер мен музыканттарды даярлайтын арнайы мекемелер
ашылды. Таң дәуірінде қойылымдардың мазмұны кеңейіп, драмалық шығармалардың
бастамасы қалыптасты. Қоғамның дамуымен қатар театр өнері де Сун діуірінде
айтарлықтай жетістікке жетіп, пьесалардың құрылымы күрделене түсті. Бірақ
Қытайда шынайы драманың қалыптасуы мен театр өнерінің шарықтаған кезеңі
Юань дәуіріне сай келеді.
Қытай драматургия тарихында Юань дәуірін (XIII-XIV) алтын ғасыр деп
атау қалыптасқан. Шынында, бұл кезеңде драматургиялық шығырмашалық
гүлденіп, театр өнері өзінің шарықтау шегіне жетті. Қытай дерек көздеріне
сүйенсек, Юань дәуірінде жүзден астам драматургтар бес жүздей пьесаларды
жазып қалдырған екен. Ал кейбір қазіргі заман зерттеушілері, драмалық
шығармалардың бұдан да көп болғанын айтады. Біздің заманымызға дейін жүз
елудей пьесаның мәтіні жеткен.Оның ішінде Гуан Хань-цин, Ван Ши-фу, Ма Чжи-
юань, Ян Сянь-чжи, Бо Пу, Кан Цзинь-чжи, Гао Вэнь-сю сияқты драматургтардың
шығармаларын атап айтуға болады. Бұл авторлардың ең таңдаулы пьесалары
қытай әдебиеті мен ұлттық театр репертуарларында көрнекті орынға ие. Бұл
жеті ғасыр бұрын жазылған драмалық шығармалар қазірге дейін өз құндылығын
жоймай, үздіксіз сахналарда қойылып, халықты таңдандырып келеді.
Драматургия мен театрдың дәл юань дәуірінде гүлденуін бірнеше
себептермен байланыстыруға болады. Моңғолдық Юань династиясы (1280-1368)
қытайдағы өз билігін қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен жаппай халықты қырып-
жою арқылы орнатқан болатын. Моңғолдардың шапқыншылығы қытайдың ауыл-
шаруашылығын құлдыратып, білім беру жүйесіне, бейнелеу өнеріне, поэзия,
философияға көптеген зардаптарын тигізі. Алайда моңғолдық билеушілер елдің
сыртқы сауда байланыстарын тоқтатпай, керісінше, шетелдік көпестер үшін
қытайдың есігін айқара ашып берді. Юань дәуірінде сауданың жандануы, тауар-
ақша айналымының өсуі қолөнердің дамуына, қалалардың гүлденуіне алып келді.
Қалалардың гүлденуі өз кезегінде әртүрлі көңіл көтеретін мекемелердің
ашылуына, елдің түпкір-түпкірінен- Орта Азия, Үндістан, Персия, Араб
елдерінен бишілердің, актерлердің, әншілердің, әртүрлі өнер адамдарының
ағылып келуіне жол ашты. Сырттан келген көпестердің, саудагерлердің,
жергілікті шенеуніктер мен солдаттардың көңілін көтеру үшін әртүрлі
театрлық қойылымдар қойылды. Пекинде бірнеше театрлар ашылып, актерлердің
құрамы кеңейіп, олардың кәсіби деңгейі де арта түсті. Әнге, биге, музыкаға
құмар моңғолдық билеушілер, көңіл көтеретін театрлық қойылымардың дамуына
еш тиым салған жоқ, керісінше оған қолдау көрсетіп отырды. Айта кететін бір
жағдай, Юань дәуіріне дейін театр өнерін дөрекі, бүлікшіл деп санап,
жоғарғы тап өкілдері театр өнеріне менсінбеушілікпен қарады. Яғни билеуші
топ театрдың дамуына, оның жандануына еш қызығушылық танытпады.
Ал Юань дәуіінде қалалардың гүлденуі театрдың дамуына, ал тетрдың дамуы
өз кезегінде драманың жандануына алып елді. Сондай-ақ Юань дәуірінде
емтихандық жүйенің құлдырауына байланысты, оқымысты, көзі ашық адамдардың
жаппай конфуций ілімін оқуында еш мән қалмады. Оның үстіне қытайлықтар
сарайдан аластатылып, ең төменгі қызметке тағайындалды. Осылайша сарайдан
біржолата қол үзген кейбір оқымысты, жазушылар қарапайым халыққа бір қадам
жақындап, олардың талабына сай, драма жазуға көңіл бөле бастады.
Юань дәуірінде театрдың қарқынды дамуы, репертуарардың үнемі жаңаланып
отыруын талап етті. Театрға арнайы пьеса жазатын әдебиетшілер пайда болды.
Олардың ішінде бірнеше шығарма жазып қалдырған, шынайы талантты
драматургтар да болды. Бұл кезеңде драматургия әдеби шығармашылықтың
өзіндік бір саласына айналып, драматургтар жазушылар одағына біріге
бастады. Бұл қоғам мүшелерінің актерлермен тығыз байланыста болуы,
драматургияның дамуына өзіндік үлесін қосты. Осындай жазушылар одағына Ма
Чжи-юань, Ли Ши-чжун, Хун Цзы-ли сияқты белгілі драматургтар кірді.
XIII ғасырдың екінші жартысы Юань драмасының ең гүлденген кезеңі болды.
Бұл кезеңде Қытайдың театрлық астанасы Пекин болды. Юань драмасы солтүстік
диалект негізінде жазылды, ал оның музыеалық бөлігі солтүстік әуендерден
тұрды. Солтүстікте қалыптасып, кейіннен бүкіл қытайда – Юаньдік цзацзюй
атымен белгілі болған музыкалық драма, XIII-XIV ғасырларда гүлдену кезеңін
бастан кешіріп, айтарлықтай жетістіктерге жетті.
Юаньдік драмада феодалдық қытайдың барлық әлеуметтік тобының өмірі
шебер суреттелген. Пьесаның қаһармандары тек император, министр, генералдар
мен шенеуніктер ғана болған жоқ, сондай-ақ ұсақ саудагерлер, қызметшілер,
шаруалар, балықшылар мен актерлер де пьесаның басты кейіпкерлері болды.
Феодалдық билеуші топ тарапынан үнемі қысым мен озбырлық көріп отырған
қарапайым халық әділетсіздікке, бостандыққа қол жеткізе алмады. Осындай
қоғамдағы әділетсіздікпен үнемі бетпе-бет келіп отырған драматургтар,
қарапайым халықты барынша қолдап, өздерінің шығармалары арқылы феодалдық
қоғамды, билеуші таптың жауыздығы мен қатігездігін сынап отырды. Көптеген
юаньдік драматургтардың шығармаларынан моңғолдық билікке деген наразылықты,
жатжерліктерге деген жеккөрініс сезімдерін байқауға болады.
Юань драмасының бір ерекшелігі- қоғамды реалистік тұрғыда суреттеп,
демократизм мен халықшылдыққа толы болуы. Юаньдік драмалардың құрылымы,
драмалық заңдылықтарды қатаң сақтаумен ерекшеленді. Яғни пьесалар міндетті
түрде төрт бөлімнен тұрды. Сондай-ақ негізгі бөлімге сецзы-қосымша
бөлімшелер қосылды. Диалогтан құрылған юаньдік пьесаларға жан бітіруші,
оларды жандандырушы ариялар болды. Арияның пьесада үлкен рөл атқаруы,
юаньдік цзацзюйді музыкалық драма деп атауға мүмкіндік береді.
Юань дәуіріндегі тетрлық қойылымдардың екі жанрын атап айтуға болады .
Бірі солтүстік цзацзюй жанры, екіншісі оңтүстік нанси немесе Вэйчжоулық
жанр.Оңтүстік қытайда Сун династиясы тұсында қалыптасқан нанси жанры уақыт
ағымымен дамып, жетіліп тек Мин династиясы кезінде ғана гүлдену кезеңін
бастан кешірді. Ал солтүстік цзацзюй жанры Юань династиясында гүлденіп,
осы жанрда жүздеген пьесалар дүниеге келді. Бұл екі жанрдың арасында
өзгешеліктер болғанмен де олардың бастамасы бір. Оларды бір ағаштың екі
бұтағы деп айтуға болады.Бұл екі жанрда жазылған пьесаларды ең жетілген,
шынайы драмалық шығармалар деп айтуға болады.
Қазіргі кезде қытай драматургия тарихында көрнекті орынға ие болған
теңдесі жоқ шығармалардың көпшілігі осы Юань дәуірінде жазылды. Атап
айтсақ, Гуан Хань-циннің Доу Э-нің өкпесі пьесасы, Ван Ши-фудың Батыс
қақпа, Ма Чжи-юаннің Хань сарайындағы күз, Бо Пудың Платан орманындағы
жауын пьесасы осы заманға дейін өз құндылығын жоймай келеді. Ал бұл
шығармалардың авторлары, қытай драматургиясының төрт құдайы деген атаққа
ие болды.
Юаньдік драмаларда ортағасырлық қытай қоғамы- оның мемлекеттік
құрылысы, әлеуметтік қатынастары, тұрмыс-салты, діні, мәдениеті жан-жақты
суреттелген. Қытай драмасы мен театр өнерінің өзіндік ерекшелігін айтқан
кезде мына жағдайды ескерген жөн. Қытайда театр өнерінің дамуына әр елдің
мәдениеті ықпалын тигізді. Мысалы, біздің жыл санауымыздың I-
мыңжылдығында, өнердің бұл саласы жаңа дамып келе жатқанда, Қытай Азияның
көптеген елдерімен дипломатиялық, сауда-саттық байланыста болды. Қытай
жазба деректерінің айтуынша, Орталық Азия, Үндістан, Үндіқытай, Корея
сияқты елдердің әртүрлі әндері, әуендер мен би өнерлері қытайда кең танымал
болған. Әрине олардың қытай театрының музыкалық-қойылымдық жағына өзіндік
үлес қосқаны сөзсіз. Көптеген халықтардың мәдени жетістіктерін бойына
сіңірген қытай театры, өз кезегінде Жапония, Вьетнам т.б елдердің театр
өнері мен драматургиясының дамуына үлкен әсерін тигізді.
Юань дәуірінің драматургиясы қытай өнерінің тарихында елеулі кезең
болды. Бұл кезеңнің драматургиясы XIII-XIV ғасырдағы қытай халқының ұлттық
тәуелсіздік пен бостандық жолындағы қаһармандық күресін суреттеп, ұлттық-
патриоттық сезім мен әлеуметтік идеялардың жаңа қадамға аяқ басқандығын
дәлелдейді. Юань драмасының қарапайым халыққа жақын болуы, олардың жан
тебіренісін түсіне білуі, оның қоғамдағы рөлін күшйтіп, халық бостандығы
үшін күресте үлкен мәнге ие болды.
Драматургиялық мұраларды зерттеу міне жеті ғасыр бойы жалғасып келеді.
Цзацзюй драмасы жөнінде ең алғашқы еңбек 1330 жылы жарыққа шықты. Бұл Чжун
Сы-ченнің Қайтыс болған драматургтардың тізімі атты шығармасы еді. Жүз
жылдан кейін белгісіз драматург, оған Қосымшала жазды.[16,10б]. Бұл екі
еңбек қысқа болғанына қарамастан, сол замандағы драматургтар жөнінде тамаша
мәліметтер береді.
XVI ғасырдың екінші жартысында Қытайда проза мен драматургия сияқты
әдебиеттің демократиялық жанрларына көп көңіл бөліне бастайды. Көптеген
драмалық шығармалар толықтырылып, қайта басылып шығады. Солардың бірі-Цзан
Мао-сюнің 1616 жылы құрастырған Юань пьесаларының жинағы атты еңбегі
[16,10б].
Қытай классикалық драмасын зерттеудегі ең маңызды кезең XX ғасыр болды.
Төрт жылыдың ішінде Ван Го-вэйдің сегіз еңбегі жарық көрді. Солардың бірі
1912 жылы басылып шыққан Сун және Юань театрларының тарихы атты
шығармасы. Қытайдың, Европаның театр өнерімен жақсы таныс болған Ван Го-
вэй, ғылыми қорды құнды деректермен толықтырып, Қытай мәдениеті тарихында
алғаш рет классикалық драманы орынды бағалады. Нақты мәселелерге қатысты
жасаған оның қорытындылары мен тұжырымдары осы күнге дейін мәнін жойған
жоқ. Алайда оның еңбектерінде юаньдік драмаға қатысты барлық өзекті
мәселелер толық қарастырылған жоқ.
XX ғасырдың басында юаньдік театр мен драмаға қатысты маңыөды оқиғалар
болды. Жапрнияда сақталған отыздан астам цзацзюйдің мәтіні жарияланды.
Оңтүстік драма жанрындағы үш шығарманың үлгісі табылды. Бұл жағдай, театр
мен драматургияны зерттеудегі жаңа дүмпу болды. 20-шы жылдардың аяғы мен 30-
шы жылдары белгілі ғалымдар- Чжэн Чжэн-до, Чжао Цзин-шэнь, Фэн Юань-цзюннің
бірнеше еңбектері жарық көрді.
30-шы жылдардың аяғында қытайдың жапон басқыншыларына қарсы күрес
жүргізуі, театр мен драматургия қатысты зерттеулердің жүргізілуіне, сол
саладағы еңбектердің жариялануына көп кедергі тигізді. Бірақ, соған
қарамастан бұл жылдары Янь Дунь-и, өзінің Юань драмасындағы талас
мәселелер атты еңбегін жазып шықты [16,11б].
1919 жылдан бастап қытай әдебиетін зерттеу жандана бастады. Драматургия
тарихы да зерттеушілердің назарынан тыс қалмады. Әсіресе 1958 жылы қытайдың
ұлы, біртуар драматургы- Гуан Хань-циннің 700-жылдығына орай, көптеген
драмалық шығармалар қайта өңделіп, жан-жақты зерттелініп, өзге тілдерде де
басылып шыға бастады. XIII-XIV ғасыр драматургиясы бойынша бірқатар
монографиялық еңбектер жарық көрді. Олардың ішінен Юаньдік цзацзюй
тарихы атты очеркті, Сунь Кай-дидің Юань драматургиясының қысқаша өмір
баяны атты еңбегін атап айтуға болады.
Шет елдерде, әсіресе Жапонияда юаньдік цзацзюйді зерттеуге көп
қызығушылық танытты. Оған дәлел ретінде 1943 жылы жарық көрген Есикава
Кодзироның Юань цзацзюйлерін зерттеу атты монографиясын атап айтуға
болады.
Юаньдік драмамен европалықтар алғаш XVIII-XIX ғасырларда таныса
бастады. Ал юаньдік театр, драма туралы мақалалар, қысқаша сипаттамалар тек
XX ғасырдың басында ғана әр елдің тілдеріне аударыла бастады. Батыс
елдерінің ішінен қытай дараматургиясын зерттеуде белсенділік көрсетіп
отарған АҚШ. Жарияланған еңбектердің ішінен Дж. Крамп мақаласын,
Д.Джонсон мен Х. Стимсон зерттеулерін, Р. Янның мақалалары мен аудармаларын
атап айтуға болады. 1976 жылы Дж Вашингтон университетінің профессоры Ч. Ши
өзінің Қытай драмасының алтын ғасыры: Юаньдік цзацзюй атты еңбегін
жариялайды.[16,13б]. Бұл еңбекте юаньдік цзацзюйдің музыкалық бөлігіне көп
көңіл бөлінен және оқырман қауымға қытай драмасы жөнінде көп мәлімет
береді. 1977 жылы ең алғаш рет шет тілінде ағылшындық У. Долбидің Қытай
драмасының тарихы атты еңбегі жарық көреді.Сонымен қатар юань драмасын
зерттеген француз ғалымы Р. Рюльман , ағылшын ғалымы Д. Хокс, голланд
ғалымы В.Идем еңбектерін айта кеткен жөп.
Қытайдың Совет Одағымен достық қарым-қатынаста болуы, көптеген орыс
ғалымдарының қытай әдебиетін, қытайдың классикалық драмасын зерттеуіне
өзіндік септігін тигізді. Юань драмасын зерттеп, бірнеше еңбек жазып
қалдырған В.М Алексеев, З. Эйдлин, В.Ф Сорокин, Н.Федоренко,Н.И.Конрад
сияқты зерттеуші-ғалыдарды атап айтуға болады.
Қытайды күшпен басып алған моңғолдардың қытай мәдениетіне, ғылы, білім
беру жүйесіне, ауыл-шаруашылығына көптеген шығындар мен зардаптар алып
келгені бізге мәлім. Алайда дәл осы Юань дәуірінде театр өнері мен драманың
кенеттен жандануы көпшілікті таңдандырады. Бұл тақырыптың өзектілігі де
сол, моңғолдық билік тұсындағы театр мен драманың жандануының себептерін
айқындау.
Юаньдік театр өнерінің дамуы, драманың қалыптасуы жөнінде көптеген
ғалымдардың зерттеу жүргізгеніне қрамастан, бір жүйеге келтіріп, тақырыпты
жан-жақты, толық зерттеген еңбектер санаулы ғана.Сондықтан да диплом
жұмасының негізгі мақсаты- Юань дәуіріндегі театр өнерінің дамуын, драманың
қалыптасуын, өзіндік ерекшеліктерімен, біржақтылығымен дараланатын юаньдік
цзацзюйдің мазмұнына үңіліп, оны жан-жақты зерттеу. Юаньдік драмадағы
образдың әр-алуандығына тоқталып, олардың әрқайсысына жеке талдау жасау.
Қытай драматургия қорына теңдесі жоқ, құнды пьесаларды алып келген ұлы,
біртуар драматургтардың шығармаларына талдау жасап, олардың шығармаларынан
өзіндік ой түйіндеу. XIII ғасырда қалыптасып, жеті ғасыр бойы өз
құндылығын жоймай келе жатқан юаньдік драманың, театр өнерінің қыр-сырын
толық түсіну үшін, оны осы салада зерттеулер жүргізген ғалымдардың
еңбектеріне сүйене отырып, жан-жақты талдау.
Диплом жұмысының негізгі міндеттері- Көне заманнан келе жатқан театрлық
қойылымдарды юаньдік қойылымдармен салыстыра отырып, оның өзіндік
ерекшеліктерін айқындау. Юаньдік пьесалардың сюжетіне сүйене отырып,
автордың қандай идеяны дәріптегендігі жөнінде өзіндік, субъективті
қорытынды жасау. Юань дәуіріндегі театр өнері мен драманың ерекшеліктеріне
талдау жасай отырып болашақта қазақ тетеры мен қытай тетры арасындағы өзара
ұқсастықтар мен айырмашылықтар жөнінде зерттеу жүргізу.
Диплом жұмысын жазу барысында көптеген орыс ғалымдарының еңбектері,
ағылшын, қытай тіліндегі қысқаша мақалалар қолданылды.
В.Ф Сорокиннің Китайская классическая драма XIII-XIV вв еңбегінде
драматургиялық цзацзюй жанрының ерекшелігіне кеңінен тоқталынған. Бұл
кітапта юаньдік драма композициясының күрделілігі, оның поэтикалық құрылымы
жақсы талданып, драмадағы кейіпкерлердің бейнесі мен мінез-құлқы айқын
суреттелген. Мұнда, біздің заманымызға дейін жеткен жүз алпыс екі пьесаның
мазмұны қысқаша баяндалады. Юаньская драма жинағында Гуань Хань-цин, Бо
Пу, Ма Чжи-юань, Кан Цзин-чжи, Ли Хао-Гу т.б атақты драматургтардың
пьесалары берілген. Сондай-ақ бұл жинақта Юань дәуіріндегі театр өнерінің
ерекшелігіне қысқаша тоқталынған. Диплом жұмысын жазу барысында осы
Юаньская драма жинағы мен Ван Ши-фудың Батыс қақпа кітабы негізгі дерек
көзі ретінде қолданылды. 1971 жылы басылып шыққан И.В Гайданың Китайский
традиционный театр сицюй атты еңбегінде көне заманнан XIV ғасырға дейінгі
қытайдағы театр өнерінің даму тарихы жазылған. Бұл кітапта, әр дәуірдегі
театр өнерінің дамуына жеке тоқталынып, олардың бір-бірінен айырмашылығы
көрсетіледі. Гуань Хань-цин великий драматург Китая атты еңбекте Гуань
Хань-циннің өмірі мен шығармашылығы жан-жақты қарастырылып, оның
пьесаларына жеке талдау жасалынған. Сондай-ақ юаньдік цзацзюйге толықтай не
қысқаша сипаттама берген С.Кучер, Е.А Серебряков, Е.А Цыбина, Б.Л Рифтин
мақалаларын да атап айтуға болады.Негізгі әдебиеттерден тыс, қосымша
материалдар есебінде Фицджеральдтің Китай краткая история
культуры,М.Кравцованың История культуры Китая, В.В Малявиннің
Цевилизация Китая еңбектері мен қытай әдебиетіне қатысты бірқатар
еңбектер пайдаланылды. Ағылшын қытайтанушысы С.П Фицджеральдтың Китай
краткая история культуры атты кітабында, көне заманнан XIX ғасырдың аяғына
дейінгі қытайдың рухани мәдениеті, өнері, әдебиеті жан-жақты қарастырылып,
соның ішінде театр өнері мен драмаға да көңіл бөлінген. Қытац халқыың
рухани құндылықтары мен өмір сүру үрдісін жүйелі түрде суреттеген
В.Малявиннің Цевилизация Китая еңбегінде де қытайлық театр өнері назардан
тыс қалмаған.

1. ҚЫТАЙДАЫ ТЕАТР ӨНЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

1.1 Көне замандағы театрлық қойылымдар

Қытай мыңдаған жылдық тарихы мен бай мәдени мұрасы бар мемлекет. Қытайдың
өнері мен мәдениетінің қай саласын алсақ та, сәулет өнері, бейнелеу өнері,
музыка, театр, барлығы қайталанбас ерекшеліктерге, шексіз құпияға, терең
мазмұнға толы. Қытай ұлтының ашық түске, айқын пішінге бейім келуі, табиғат
пен әйел сұлулығын нәзік сезінуі, олардың мінез-құлқының, әдет-ғұрпының,
мәдениетінің қалыптасуына ерекше әсерін тигізді.
Қазіргі Қытай әлемдегі көне әрі бай театр дәстүрін жалғастырып келе жатқан
елдердің бірі. Қытайдағы театр өнері II-ші мыңжылдықтың басында қалыптысып,
көпқырлы болмысымен ерекшеленеді. Қытай театры көне Греция, Үндістан сияқты
өз бастауын дәстүрлі жырлардан алған жоқ, керісінше театр өнерінің дамуына
қытайдың көне салт-дәстүрлері, той-мерекелерді өткізу шаралары, халықтық
билер мен аңыздар, ән салу мен жәрмеңкелік көріністер, діни рәсімдер
тікелей әсерін тигізді. Қытайдың ұлттық театрының жалпы атауы-сицюй. Бұл
түсініктің XV ғ қолдана бастағанына қарамастан, қытайдың театр өнері ежелгі
дәуірден-ақ етек алды. Сицюй түсінігі екі бөліктен тұрады: си-ойын, әзіл,
қалжың, қойылым, цюй-ән, ария деген мағына береді. Яғни сицюй- музыкалық
театр, музыкалық драма деген мәнге ие. Қытайдағы театр өнерінің негізі,
көптеген діни, жерлеу рәсімдерінде, мерекелік, той-думандық көріністерде
байқалады. Әсіресе көне заманда жергілікті тұрғындар табиғи апаттардан
қорғану үшін, халықтың тоқшылығын қамтамасыз ету үшін әртүрлі діни
рәсімдер, қойылымдар ұйымдастырып отырған. Үлкен мерекелерде қойылған
көріністер жергілікті храмдарда екі-үш күнге, кейде бір аптаға дейін
созылатын. Әдетте мұндай театрлық қойылымдарды жергілікті шаруалардың
балалары-әуесқой актерлер орындады және бұл өнер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп
отырды. Мерекелік қойылымдарда маска киіп көрініс көрсету халық арасында
кең тарады. Орталық және оңтүстік қытайдың көптеген аймақтарында кәсіптік-
ғибадатханалық актерлердің тобы болған. Ал Тайваньда мұндай топтар қазіргі
уақытқа дейін сақталған. Театрлық қойылымдар даостық ілімнің негізгі бөлігі
болды, ал құдайға табыну, актерлердің өмірінің мәніне айналды. Рухани
құндылықтардың дәстүрлі сатысы халықтық қойылымдарға да өз ықпалын тигізді.
Мысалы, Қытайдың оңтүстік батысында қойылымдар азаматтық және әскери деп
екі сатыға бөлінді.Біріншісі, өлген адамдардың жанын құтқаруға арналып,
көрермендердің қатысуынсыз өткізілсе, ал екіншісі, әдеттегі халыққа арналып
қойылды. Ал Гуандунде сахнаны ішкі және сыртқы деп бөлу қалыптасқан.
Актерлердің тамаша киімдері таңғажайып маскалары, барабан
дабылы, ән салу, әртүрлі бет қимылдарын жасауы, театрлық қойылымдардың
міндетті шарты болды. Қойылымдардың көпшілігі қоғамнан тыс адамдарды, яғни
киелілер мен қылмыскерлерді сомдауға бағытталды.
Көне заманда ең көп тараған қойылымдар үйлену тойға, көктем мерекесіне, аң
аулауға, әскери жорықтарға арналған көріністер болды.Мысалы көктем мерекесі
қойылымдары былай жүзеге асты: алдыңғы қатарда қылыш, қанжармен қаруланған
он екі жауынгер, жобарыс терісін жамылып, маска киген жастар, олардың
артынан үлкен барабан соққан он-он екі жас аралығындағы жүз жиырма бала
сарайға қарай бет алады. Дәл түнгі сағат он екіде сарайға ат-арбамен
жоғарғы шенеуніктер келіп, мерекелік шараларды бастайды.Яғни елді, сарайды
қара күштен тазарту, дабыл соғып, қылыш, найзамен қара күшті қудалау, шырақ
жағып үркіту сияқты рәсімдерді орындады. Осындай театрға тән қимыл-
әрекеттерге толы көріністерді театрдың бастамасы деуге болады.
Инь және Чжоу дәуірінде театрлық қойылымдар әдетте діни рәсімдерге және
соғыс жеңістерін мадақтауға бағытталды. Мысалы адамның жанын тазарту сияқты
діни рәсімді орындау үшін, актерлер аңның терісін жамылып, аң бейнесіндегі
маскаларды киіп қойылымдар қоятын болған. Ал Чжоу дәуіріне тән жауынгерлік
би, жазба деректкрдің айтуынша, чжоулықтардың иньдіктер мемлекетін
бағындыруын мадақтайтын көрініс болды. Осы театрлық қойылымдардың
орындаушысы кім болды деген сұрақ туады. Қытай халқының музыкаға, әнге,
биге деген құмарлығын ескере отырып, алғашқы орындаушылар кәсіби деңгейі
жоқ, тек әуесқой адамдар болған деген қорытындыға келеміз. Кейіннен қытай
театрында ю- кәсіби актерлер қалыптаса бастады.Театр өнерінің дамуына
байланысты кәсіби актерлер пайю және чанъю деп екіге бөлінді. Пайю- ән
салып, би билейтін, музыкалық аспапта ойнай алатын, суырып салма қасиеті
бар, халықты күлдіріп, көңіл-күиін көтере алатын актер. Ал чанъю- музыкалық
аспапта ән салатын халық актері.
Қоғамдағы әлеуметтік бөлініс бойынша, көне замандағы актерлер ең
төменгі сатыда тұрды. Алайда олардың таланты, ойының ұшқырлығы, сөз
тапқыштығы көптеген бектер мен императорларды таңдандырды, олардың
көпшілігі император сарайларында қойылымдар қойды. Мысалы жазба деректер
Цинь Ши-Хуанди сарайында Дань есімді актердің болғаны жөнінде мәлімет
береді.
Жалпы, Қытайда алғашқы театрдың шығу тегі жөнінде әртүрлі көзқарастар
айтады. Кейбір қытай театрын зерттеуші ғалымдар, оның ішінде Ван Го-вэй ,
театр өнері өз бастауын Чжоу дәуіріндегі театрландырылған билерден алды
дейді [12,6б]. Ал екінші бір ғалымдар театрдың шығу тегін қуыршақтар
театрымен байланыстырады. Үшінші бір көзқарас, театр өнері таза қытайлық
емес, ол Үндістаннан келген дейді. Қалай болғанда да Қытайдағы ең алғашқы
діни емес, шынайы театры Хань дәуірінде-ақ қалыптаса бастады. Жазба
мәліметтердің айтуынша, Хань империясының астанасында театр қойылымдарына
арналған арнайы орындар болған екен. Хань дәуіріндегі әртүрлі көріністер,
билер, музыканттар мен акробаттардың қойылымдары жүз ойын деп аталды.
Кәсіби деңгейдегі сахналық әрекеттер, сахнаға тұман мен қар жіберу, бір
жануар кейпінен екінші жануарға айналу сияқты күрделі қойылымдарды жүзеге
асыратын техникалық мүмкіндіктер де осы Хань дәуірінде қалыптасты. Алайда
бұл дәуірдегі театр өнерінің дамуын, драматургия ман жетілген театр
қалыптасқан кезеңмен салыстыруға келмейтін еді.
Хань дәуіріндегі У-ди императордың Юэфу палатасын құруына байланысты, елдің
түпкір- түпкірінен халықтық әндер жинастырылды. Әрине мұндай әндер түрлі
қойылымдармен әрлендіріліп отырды. Хань дәуірі- сарай қойылымдарының
гүлдену кезеңі болды. Чжан Хэн (78-139) ақынның Батыстағы астана туралы
жырында сарайдағы қойылымдарды анық сипаттауы оған дәлел бола алады
[12,14б]. Қытадың театр өнерінде актерлердің басқа образға кіруі,
жануарларды не адамдарды келістіру, сол адамның бет-әлпетін, қимыл-
әрекетін, сөйлеу мәнерін көшіру өте жақсы дамыған.
III-V ғасырларда Қытайда үздіксіз қырғын-соғыстар, билік үшін өзара
күрестер толастамай тұрды. Сондықтан да тарихи жазбаларда бұл кезеңге тән
театр өнері жайында мәліметтер жоқ.Тек VI-VII ғ Суй дәуірі кезеңінде театр
өнері қайта жанданып, одан әрі дами түсті. Суй шу кітабында, жаңа жылдың
алғашқы айында, бектердің император сарайына жиналатындығы, он бес күн бойы
сегіз ли қашықтыққа дейін актерлердің қатысуымен той-думан өткізілетіндігі
жақсы сипатталған [12,18б]. Мұндай салтанатты мерекелерде таңға дейін
актерлер өнер көрсетіп, би билеп, күлдіргі қимылдар жасап, бүкіл қала
көшелерін думанға бөлейтін болған. Театр арбалары арнайы безендіріліп,
тіпті найзағайдың жарқылын, күннің күркіреуін, қардың
жаууын сипаттайтын күрделі техникалық элементтер де қолданылды.

1.2 Ерте ортағасырлық театрлық қойылымдар

Суй дәуірінде қуыршақтар театры пайда болды. Әртүрлі маталардан
жануарлардың, адамдардың бейнесі жасалып, әдетте жерлеу рәсімдері туралы
қойылымдарда жиі қолданылды. Біз білетініміздей, Қытайда құлиеленушілік
қоғамда өлген адаммен бірге оның құлдары, жануарлары, әйелдері бірге
көмілетін болған. Ал өндіргіш күштер дами келе, билеуші топ жұмысшы күшін
сақтап қалу үшін бұл дәстүрді өзгерткен болатын. Яғни тірі құлдардың орнына
ағаштан, қамыстан жасалған бейнелер көмілді. Осы көне дәстүрдің негізінде
қуыршақтар театры қалыптасты деп айтуға болады.
VII ғасырдағы қытай өнерінің дамуы осы кезеңдегі қоғамдық ойлардың
қалыптасуымен тығыз байланысты болды. Өнер, әдебиеттің кез келген саласы
адамның құндылықтарын, сезімін, ойын, ішкі жан-дүниесін сипаттауға
бағытталды. Мұндай жағдай VII-XII ғасырлардағы театр өнерінде өз көрінісін
тапты.
Таң дәуірінде елдің экономикалық дамуы, сауда-саттықтың гүлденуі
қалардың өркендеуіне, әртүрлі көңіл көтретін мекемелердің ашылуына алып
келді. Осындай көңіл көтеретін үйлерде, шайханаларда, шарапханаларда халық
әншілері, бишілер, цирк шеберлері, тек қытайлық қана емес, жатжерлік
актерлер де қойылымдар қойды. Өнерге деген қызығушылықтың артуы, актерлерге
деген сұраныстың күшеюіне, актерлердің кәсіби деңгейінің артуына,
қойылымдардың күрделенуіне алып келді. Бұл кезеңде театрлық қойылымдарды
тек мереке күндері ғана емес, әдеттегі күндері көңіл көтеретін мекемелерде
тамашалауға мүмкіндік туды. Таң дәуірінде көшелерде қойылатын театрлық
көрінстер қалалық өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Европадағы сияқты,
қала көрермендерінің қошеметіне ие болған сындық көріністер кең таралды.
Мұндай қойылымды екі актер орындада және олар әдетте астаналық
шенеуніктерді сынға алып, кекетіп, келемеждеп көрсетті. Таң дәуірінде
драмалық шығармалардың бастамасы қалыптасты. Осындай қойылымдардың бірі 904
жылы императордың таққа отыруына арналған көрініс болды. Хань дәуіріндегі
сияқты Таң династиясы кезінде де әскери жеңістер музыкамен, әнмен
қошеметтелініп отырды. Таң династиясының алғашқы жылдарында мұндай
қойылымдар сарайдағы көңіл көтерудің ең жақсы жолы болды. Сарай
көріністерін сипаттайтын көптеген мәліметтер жазба деректерде сақталып
қалған. Мысалы, сарай музыканты Лу-Цайдың По чжэнь биі, Тай-Цзун
императордың жеңісін мадақтауға арналған екен. Бұл биді орындауға найза-
қылышпен қаруланған жүз жиырма сегіз жігіт қатысқан. Олар осы би арқылы
тұтқынға түскен жауларын өлтіру көрінісін бейнелейді. Тай-Цзунның мұрагері
сарайда мұндай көріністерді
жиі ұйымдастырып, тіпті өзі де пьеса жазған екен. Ал таңдық император Сюань-
Цзун (712-756) актерлерге көп қолдау көрсетіп, Алмұрт бағы атымен
белгілі, ең алғашқы драмалық мектептің негізін салған болатын.
Таңдық театрдың қалыптасуы жөнінде халық аузында аңыз-әңгімелер де
сақталған. Бұл аңыз бойынша 22 жылдың жетінші айында халық аспандағы
тоқымышы қыз бен бақташының кездесу күнін атап өтіпті. Осы мерекеде таң
императоры Сюань-Цзун мен оның сүйіктісі Ян-Гуйфэй жарқырыған жұлдыздарды
тамашалап отырғанда, Ян-Гуйфэй өзінің императорға деген адалдығының
тоқымышы қыз адалдығынан асып түсетінін дәлелдеген екен. Оған қатты риза
болған император, жас балаларды ән салып, би билеу өнеріне үйретіп, Ян-
Гуйфэйдің көңілін көтеру үшін қойылымдар қоюға бұйрық беріпті. Сондықтан да
қытай театры осы заманда қалыптасты деген пікір де бар [12,6б].
Таң дәуіріндегі театр қойылымдарының бір ерекшелігі-олар бұқара-
халыққа арналған жоқ, тек сарайдағы көңіл-көтеруге бағытталып, сарай
көлемінде дамыды. Таң дәуірінде император сарайында қойылымдар
ұйымдастыратын арнайы мекемелер болды. Бұл мекеме Цзяофан палатасы деп
аталды. Цзяофан палатасы алты бөлікке бөлінді, әрқайсысының өзіндік міндеті
болды. Мысалы, Нэйцзяофан, үлкен топтан тұратын қойылымдарды даярлады.
Юцзяофан жаңа әндерді орындаумен айналысты, сондай-ақ ергежейлілердің
қойылымын даярлайтын арнайы бөлім де болды. Алмұрт бағы деген атауға ие
болған бұл құрылым жалпы екі топқа бөлінді: сарайлық алмұрт бағы және
бақшалық алмұрт бағы. Бақшалық алмұрт бағында әдетте жас балаларды ән
салып, би билеуге баулып, музыкалық аспапта ойнауға үйретті.
Таң дәуірінде сарайда қойылған Маска, Ботоу, Су Чжунлян
шығармалары, сол замандағы ең танымал пьесалар болды. Маска пьесасының
пайда болуы Солтүстік Ци династиясының кезеңіне сай келеді. Бұл пьесаның
сюжеті бойынша, сол заманда қайсар, батыр, әскери өнерді шебер игерген Шэн
У есімді батыр болған екен. Алайда бет-әлпетінің өте сұлу болуымен, жаудың
бойында үрей туғыза алмапты. Сол себептен әр жолы соғысқа аттанғанда,
ағаштан ойып жасалған масканы киеді екен. Ал Ботоу пьесасының мазмұны
батыс аймақтан келген дейді. Бұл пьесада жабайы аңның адамды талап өлтіруі,
кайін сол таланған адамның баласының кек қайтарып, жабайы аңды өлтіруі
баяндалған.
Театрлық репертуарлардың көбеюіне байланысты пьесалар азаматтық
(вэньси) және әскери (уси) деп екіге бөлінді. Әскери пьесалар тарихи
оқиғалар негізінде жазылып, өткен ата-бабаларын мадақтауға, батырлардың
ерлігін мәңгілік етуге бағытталды. Әдетте мұндай пьесалар сарайда қойылды.
Ал азаматтық пьесалар күнделікті тіршілікті, қарапайым халықтың өмірін,
сатқындық пен адалдық, махаббат пен достық, байлық пен кедейлік,
мейірімділік пен жауыздық сияқты қасиеттерді суреттеп, қарапайым халыққа
бағытталды.
Таң дәуірінде жоғарыда айтып кеткен қойылымдардан басқа, суырып-
салмалық, сқақ-әжуа бағыттағы қойылымдар да кең таралды. Бұл бағыт театр
әлемінде цаньцзюньси деген атауға ие болды. Цзаньцзюньси диалог формасында
құрылып, екі актермен орындалды. Осы бағыттағы қойылымдар арқылы сарайдағы
кейбір жағдайлар, шенеуніктердің парақорлығы, сатқындығы астарлы түрде
сыналып отырды.
Театр қойылымдарының дамуымен қатар олардың сюжеттері де әр-алуан бола
бастады. Мысалы, таза тарихи пьесалар Чжуан-цзы түсі, Төрт бектің түнгі
думаны, махаббат тақырыбындағы Айлы түндегі цитра үні (Юэ вэнь чжэнь),
фантастикалық тақырыптағы Сегіз құдайдың кездесуі, Чжан-Шэннің теңізді
өртеуі сияқты шығармаларды атап айтуға болады.
Жоғарыда айтып кеткендей, Таң дәуіріндегі драмалық шығармалардың
бастамасы қалыптасты. Оған дәлел ретінде Таң, Сун дәуіріндегі Үлкен
арияны ( дацюй ) атап айтуға болады. Үлкен ария негізінен үш бөлімнен
тұрды. Бірінші бөлімінде музыкалық элементтер басым болса, екінші бөлімінде
көптеген көріністерден тұратын сахналық әрекеттер көрсетілді. Ал үшінші
бөлімде бишілер өнер көрсетті.
Сун дәуірінде сарайлық театр өнері айтарлықтай өзгеріске ұшыраған
жоқ. Бұрынғысынша пьесалар ықшамды, әрі екі актердің ойнауымен жүзеге асты.
Алайда Сун дәуірінде, театр қойылымдарына пьеса жазатын арнайы қоғамдар
ашылды. Олардың бірі шухуэй-кітапшылар қоғамы деп аталды. Сун дәуірінде
қалыптасқан осындай екі қоғамның атауы бізге мәлім. Бірі, Ханчжоудағы
Улинь шухуэй, екіншісі-Вэньчжоу қаласында орын тепкен Цзюшань шухуэй.
Мұндай қоғамдар ресми қызметке қолы жетпеген әдебиетші, жазушылардан тұрды.
Күн көріс есебінде, ақша табу қамымен олар театрлық қойылымдарға ариялар
мен диалогтар жазды. Театрлық шығармалардың көпшілігі халық әңгімелерінің
негізінде қалыптасты.
Материалдың жеткіліксіздігіне байланысты Сун дәуірінде қойылымдардың
қалай орындалғандығын дәл айту қиын. Алайда Сун дәуірінде кең танымал
болған актерлердің орындау шеберлігі мынанадай қорытынды жасауға мүмкіндік
береді:
1) дацюй (үлкен музыкалық пьеса)-сарайлық өнер түрінің бірі, пьесаның
негізгі мазмұны ән, би арқыла беріледі.
2) шочан-әнмен айтылатын әңгіме, яғни жыр.
3) чжугундяо-музыканың сүйемелдеуімен тарихи әңгімені баяндау.
Кейінірек, Солтүстік Сун династиясының құлауымен елдің мәдени орталығы
оңтүстікке-Ханьчжоуға ауыстырылған болатын. Бұл Оңтүстік Сун династиясында
көптеген шығармашылық қоғамдар құрыла бастады. Мысалы, күрес шеберлері
цзяоди шэ қоғамына, әңгіме айтушылар сюнбань шэ қоғамына, театрлық
қойылымдарды орындаушылар фэйло шэ қоғамына, көлеңке театрының актерлері
хойчэ шэ қоғамына бірігіп, әр аймақтарда өз өнерлерін көрсетті. Қалалық
жерлерде қойылымдарды тамашалайтын арнайы орындар болды. Ал мұндай құрылым
жоқ жерде актерлер бамбуктен кереге тұрғызып, арнайы сахна даярлап,
көрермендерге арнап орындықтар орналастырды.
Қытайда династиялардың алмасып, қоғамның дамуымен қатар өнер мен
мәдениет гүлденіп, театр өнері де алға жылжып отарды. Қытай театрының бір
ерекшелігі, байлық пен кедейлік, надандық пен құмарлық, есінен адасу,
ауыру, игілік сияқты психологиялық категорияларды қимыл-әрекет, көзқарас,
дауыс темборы, бет бояу, маска, музыка арқылы жеткізіп отырған.
Қытай театры музыка, би, цирк өнері, сөз өнері, ән, қара сөз, суырып салма
қасиеттердің бірігуінен, өзара үндесуінен құралады. Егер операны тыңдай
отырып музыка мен әнді бағаласақ, балетті тамашалай отырып, ондағы би
өнеріне көп көңіл бөлеміз, ал драмамен танысқан кезде пьесаның мазмұнын
жеткізетін актердің шеберлігі мен сөз өнерін бағалаймыз. Қытай театрының
бір өзгешелігі, ол осы өнердің үш саласын да бойына сіңіріп, біртұтас
қытайдың классикалық театрын құрайды. Қытай театры –Сицюйдің қазіргі кезде
бірнеше жүздеген түрлері бар. Олардың біразы тілі, яғни диалект бойынша,
актерлердің орындау шеберлігі мен музыкасы бойынша бір-бірінен
ерекшеленеді.
Жалпы қорытындылай келгенде Чжоу дәуірінде театрға тән элементтер
қалыптасып, діни мазмұндағы қойылымдар дамыса, Таң дәуірінде қойылымдардың
мазмұны кеңейіп, шынайы, жетілген қытай театры қалыптасты. Қоғамның
дамуымен қатар театр өнері де Сун дәуірінде айтарлықтай жетістікке жетіп,
пьесалардың құрылымы күрделеніп, актерлердің шеберлігі арта түсті. Бірақ
Қытайда шынайы драманың қалыптпсуы мен театр өнерінің шарықтаған кезеңі
Юань дәуіріне сай келеді.

2. ЮАНЬ ДӘУІРІ- ҚЫТАЙ ДРАМАСЫНЫҢ АЛТЫН ҒАСЫРЫ

2.1 Драманың ерекшелігі

1280-1368 жылдар аралығындағы, Қытайда сексен сегіз жыл бойы билік құрған
монғолдардың Юань династиясы, қытай мәдениетіне өзіндік ерекшеліктер алып
келді. XIII ғ басында Шыңғыс хан алғаш рет Солтүстік Қытайға басып кіріп,
чурчжэндік Цзинь империясының әскеріне соққы беріп, тоғыз жүзден астам
қаланы қиратып, тонап кеткен болатын. 1234 ж монғолдар чурчжэндерді
толығымен жеңіп, Солтүстік Қытайды өз империясының құрамына қосып алды.
1235 жылдан бастап моғолдар қытайдың оңтүстігіне жорығын бастап, 1276 жылы
бүкіл қытай жерін толығымен бағындырды. Қытайды бағындыруға келген Шыңғыс
ханның немересі Хубилай, астананы Қарақорымнан Пекинге көшіріп, династияға
Юань ( бастапқы, ең алғашқы) деген атау береді.
Монолдардың шапқыншылығы бастапқы кезде халықты жаппай қырып-жою,
қалаларды, егістіктерді өртеп, қу далаға айналдыру әрекеттерімен
сипатталып, ауыл-шаруашылығына, мәдениет, өнер, білім,
экономика салаларына көптеген шығындар алып келді. Егін егуге арналған
шұрайлы жерлер мал жйылымдарына айналып, жердің көп бөлігін Хубилай моңғол
шонжарлары мен сарайда қызмет ететін шенеуніктерге, буддалық
ғибадатханаларға бөліп берген болатын. Ал қытайлықтарға қару-жарақ сатуға,
жылқы ұстауға, түнде шам жағуға тиым салынып, кішігірім кінәлары үшін
жазаға тартылып, тіпті өлім жазасына кесіліп отырған еді.
Алайда қытай жерін басып алып, өз империясын құрған моңғолдар, қытай
мәдениеті мен тамыры тереңде жатқан қытайлық салт-дәстүрді толығымен жойып
жібере алған жоқ, Оның себептері: монғолдардың санының қытай халқына
қарағанда әлдеқайда аз болуы, монғолдардың отырықшы халықты басқаруда
тәжірибесінің жоқтығы, сондай-ақ қоғамдық-мәдени даму жағынан
қытайлықтардың көшпелі моңғолдарға қарағанда алда болуы еді. Сол себептен
моңғолдар керісінше қытайлықтардың мемлекеттік құрылыс жүйесін, жазуын,
киім үлгілерін, қытайдың кейбір әдет-ғұрыптарын қабылдап, біртіндеп
қытайлана бастады. Моңғолдардың шапқыншылығы елдің сыртқы сауда
байланыстарына кедергі жасаған жоқ. Керісінше шетелдік көпестерге Қытайдың
есігі кең ашылды. Ішкі-сыртқы сауда байланыстарының жандануы, тауар-ақша
айналымының күшеюі, қалалардың гүлденуі мен қолөнердің дамуы, елдің
мәдениетін қайта жандандырып, өнердің әр саласының дамуына ықпалын тигізді.
Моңғолдардың жаулап алуы философияға, білім беру жүйесіне, емтихандық
жүйеге кері әсерін тигізсе, ал роман мен драма дәл осы Юань дәуірінде
гүлденіп, өзінің шарықтау шегіне жетті. Қытай драмасының Юань дәуірінде
кенеттен жандануын ғалымдар бірнеше себептермен түсіндіреді. Біріншіден,
монғолдық қызметте Азияның, Европаның түпкір-түпкірінен
келген көптеген адамдар болды. Олардың ішінде Орта Азия, Иран, Үндістан,
Араб елдерінен шыққан небір ғалымдар, оқымыстылар, қолөнершілер, өнер
адамдары бар еді. Сондай-ақ әр ұлттың, әр мәдениеттің өкілдерінің қытай
жерінде сауда-саттықпен айналысуы, қытай мәдениетіне, әсіресе театр өнеріне
өз әсерін тигізуі мүмкін. Яғни драманың гүлденуіне шетелдіктердің келуі
себеп болды деген көзқарас бар. Бірақ мұндай көзқарас ешқандай
мәліметтермен дәлелденбей отыр. Дегенмен моңғолдар мен шетелдіктер, тікелей
болмаса да жанама түрде драманың қалыптасып, дамуына өзіндік ықпалын
тигізді. Екіншіден, моңғолдар билігіне дейін Қытайда конфуцизм жетекші идея
болды. Сондықтан да білімді адамдардың, ақын-жазушылрдың көпшілігі тек
конфуций канондарын жаттаумен шұғылданды. Жоғарғы тап өкілдері театр өнерін
әдебиеттің, мәдениеттің бір саласы деп мойындаған жоқ, ол тек төменгі тап
өкілдеріне арналған ойын-сауық, көңіл көтеру әрекеті деп бағаланды. Алайда
моңғолдардың келуімен конфуций ілімі өзінің бұрынғы беделінен айырылды.
Емтихандық жүйенің құлдырауына қарай, қытайдың көзі ашық, білімді
адамдарының конфуций ілімін оқып, жаппай емтиханға дайындалуында еш мән
қалмады. Оның үстіне қытайлық зиялылар ең төменгі қызметке тағайындалды.
Сарай өмірінен аластатылған олар, енді бір қадам қарапайым халыққа
жақындасып, олардың талабына сай, өз зейіндерін драма жазуға бұра бастады.
Үшінші бір жағынан, монғолдар классикалық емес өнерге еш тиым салған жоқ.
Моңғол шапқыншылығының бейнелеу өнеріне, философия, поэзия сияқты өте
құнды, әсерлі, сезімтал өнер саласына соққы беруі, қоғамда әлдеқайда
қарапайым, аса нәзік емес, қарапайым халыққа түсінікті драма саласының
қалыптасуына себеп болды.
Юань дәуірінің қытай драмасының алтын ғасыры деп аталуы да бекер емес.
Бұл заманда шынында драматургиялық шығармашылық гүлденіп, театр өнері
қарқынды түрде дамып, көптеген жетістіктерге жеткен болатын. Жазба деректер
Юань дәуірінде жүз онға жуық автордың бес жүзден астам шығармаларды жазып
қалдырғаны жөнінде мәлімет береді. Жұз елуден астам пьесалар, оның ішінде
Гуань Хань-цин, Ван Ши-фу, Ма Чжи-юань, Ян Сянь-чжи, Бо Пу, Ши Цзюнь-бао,
Кан Цзинь-чжи, Гао Вэнь-сю т.б драматургтардың шығармалары біздің
заманымызға дейін жеткен. Бұл шығармалардың ең таңдамалылары қытай әдебиеті
мен ұлттық театр репертуарларында көрнекті орынға ие болды.
Юань дәірінде театрлық өмірдің орталығы солтүстік драма өз бастауын
алған Пекин болды. Қытайдың оңтүстігінде, Ханьчжоу аймағында өзіндік
оңтүстік драма-наньси қалыптасты. Осы екі бағыттың арасында
айтарлықтай айырмашылықтар болды. Біріншіден, солтүстік драмада жатжерлік
әсерлер, әсірісе Үндістан мен Персияның ықпалы күшті болған. Екіншіден,
оңтүстік драмада музыкалық шығармаларды барлық кейіпкерлер орындаса, ал
солтүстік драмада музыкалық шығармаларды жалғыз кеіпкер орындады.
Үшіншіден, оңтүстік драманың құрамына шек қойылмаса, ал солтүстік драма
міндетті түрде алғы сөзден және төрт бөлімнен тұрды. Осыған қарамастан бұл
екі драмалық бағыт та театрдың жетілген формасы болды. Оңтүстік драма,
ұлттық театр өнерінің стильі ретінде ұзақ өмір сүрген жоқ, ол Юань
дәуірінде құлдырау кезеңін бастан кешіріп, тек XV-XVI ғасырларда ғана қайта
жандана бастады. Сол себептен оның сахналық құндылықтарының біразы жоғалып,
біразын солтүстік драма өзіне сіңіріп алды. Солтүстік драмаға кіретін
драмалық шығармалар біріге келе, Юаньдік классикалық драма деген атауға
ие болды.
Юань драмасы өзіндік ерекшеліктерімен, мазмұнының көпқырлылығымен
дараланады. Юань дәуірінде жазылған пьесалар Таң, Сун пьесалары сияқты
қысқа болған жоқ, әдетте төрт бөлімнен тұрды. Ежелгі пьесалар әдеби тілде,
жоғарғы таптың тілінде жазылса, юаньдік пьесалар қарапайым халық тілінде
жазылды.
XIII ғ екінші жартысы юань драмасының ең гүлденген кезі болды. X-XII ғ
солтүстікте қалыптаса бастаған музыкалық драма, Юань дәуірінде толық
жетіліп, бүкіл қытайға-юаньдік цзацзюй (аралас қойылым ) ретінде танымал
бола бастады.
Юаньдік цзацзюй өзіндік біржақтылығымен, драматургтардың қатал тәртіпті
сақтауымен бірден көзе түседі. Юаньдік пьесаларда тек қара сөз болған жоқ,
ол музыкамен көркемделіп отырды. Пьесалар ариялардың орындалуына байланысты
бірнеше бөлікке болінді. Қойылымның бір актісі бір арияның орындалуымен
сәйкес келді. Бір бөлімдегі арияны жалғыз адам орындағандықтан, арияның
ұзақтығы актердің мүмкіндігіне байланысты болды. Юаньдік пьесалардың төрт
бөлімнен тұратынына қарамастан, кейбіреулері бұл өлшемнен асып кетті.
Мысалы, Ван Ши-фудің Батыс қақпа пьесасы бес бөлімнен [1,4б], Ян Цзинь-
сяннің Батысқа саяхат пьесасы алты бөлімнен тұрды [16,81б]. Ал кейбір
осы заманға жетпей қалған пьесалар екі-ақ бөлімнен тұрды.
Юаньдік пьесалардың көпшілігінде қосалқы бөлімшелер-сецза жиі
кездеседі. Қосалқы бөлімше пьесаның басында келіп, кіріспе рөлін, не кез
келген бөлімнің арасында интермедия рөлін атқаратын өте қысқа, ықшамды
бөлім. Әдетте шығарманың мазмұны төрт бөлімге симаған жағдайда бір немесе
екі қосалқы бөлімше қойылады.
Жоғарыда айтып кеткендей пьесалар төрт бөлімнен тұрады. Біріншісі,
шығарманың бастама бөлімі (экспозиция) яғни негізгі кейіпкерлердің өзара
байланысын суреттейтін, оқиғаның одан әрі өрбуіне түрткі жасайтын бөлім.
Екінші бөлімде оқиға күрделеніп шиеленісіп, жаңа кейіпкерлер пайда болады.
Үшінші бөлімде оқиғаның шиеленісуі өзінің шарықтау шегіне жетіп, жағдай
кенеттен өзгереді. Көп жағдайда бұл жаңа кейіпкерлер – дана соттардың,
император жаушысының, парасатты шенеуніктердің пайда болуымен, кейде тылсым
күштердің араласуымен суреттеледі. Ақырғы төртінші бөлімде барлық
шиеленістер мен құпиялар, өзара түсінбеушіліктер өзінің шешімін тауып,
шындыққа көз жетіп, кінәлілер жазаланып, оқиға аяқталады. Мысалы, Доу Э
өкпесі пьесасының бірінші бөлімінде Доу Э мен оның болашақ жарының
жанұясындағы жағдай, Доу Э-нің әкесінің қалаға емтихан тапсыруға кетуі
суреттелсе, екінші бөлімінде Доу Э-нің күйеуінің өлуі, оның басқа жігітке
күштеп үйлендірілуі суреттеледі. Ал үшінші бөлімде Доу Э-ге жала жауылып,
оның өлім жазасына кесілуі бейнеленеді. Алайда төртінші бөлімде қаладан
оның әкесінің келуімен барлық түсінбеушіліктер шешіліп, пьеса,
әділеттіліктің қайта арнауымен аяқталады. [15,27б].
Бірақ Юаньдік пьесалардың біразы оқиғаның өрбу барысы жағынан жоғарыдағы
өлшемге сай келмейді. Мұндай пьесаларда алғашқы үш бөлімде оқиға бірқалыпты
өрбиді, ерекше өзгерістер болмайды. Тек төртінші бөлімде ғана бәрі өз
шешімін табады. Әдетте мұндай өлшем даостық, буддистік мазмұндағы
пьесаларға тән. Мысалы, Ашу кернеген Жэнь осы өлшемде жазылған [16,85б].
Оқиғаның өрбу жағынан юаньдік пьесаларда кездесетін тағы бір өлшем түрі
бар. Бұл өлшем, қатарынан бірнеше оқиға қамтылатын, кейіпкерлері өте көп,
ортақ шарықтау шегі (кульминация) жоқ, күрделі тарихи пьесаларға тән,
мысалы Сянъяндағы той, Се Цзинь-у [16,86б] осы өлшемде жазылған.
Юаньдік цзацзюйдегі бөлімдер – чжэ деп аталады. Бірақ Юаньдік жинақтарда
пьесаларды чжэге бөлмеген және қосалқы бөлімше де кездеспейді.
Юаньдік пьесалардағы көрермен қауымға ерекше әсер қалдыратыны поэтикалық
ариялар болды. Сондықтан да драматургтардың шеберлігін арияның сапасына
қарай бағалайтын. Драмалық шығармалардағы ариялар – цюй деп аталады. Цюй –
музыкамен сүйемелденетін поэтикалық шығарма.Әрбір ария белгілі бір әуенге
жазылады. Қытайда Чжоу дәуірінде-ақ музыкалық дыбыстар алты ер адамның және
алты әйел адамның дауысы деп бөлінген. Олардың әрқайсысы қытайлық дыбыс
реті-гүн, шан, цзюэ, юй, чжи, бяньгунь, бяньчжи бойынша жіктелді. Көне
музыкалық теорияларда сексен төрт ладотональдік кездеседі. Алайда юаньдік
арияларда олардың тоғыз түрі ғана кездеседі. Олар: сяньлюй, нанлюй,
хуанчжуан, чжунлюй, чжэнгун, дашидяо, шандяо, юэдяо, шуандяо.
Сяньлюй-таза, ашық әуен;
Наньлюй- қайғылы, мұңлы әуен;
Хуанчжун- сезімнің тұрақтылығы мен кеңпейілділікті сипаттайтын әуен,
Чжунлюй- жоғарылап, төмендейтін, кенеттен өзгеретін әуен;
Чжэнгун- қатаң, қаһарлы, ерлікті, батырлықты сипаттайтын әуен;
Дашидяо-сезімді, нәзік, сырлы әуен;
Шандяо- қайғы-мұңға реніш пен өкпеге толы әуен;
Юэдяо- жеңіл, көңілді, ойнақы әуен;
Шуандяо- әсерлі, салтанатты, жеңісті сипаттайтын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Драма - ежелгі өнер
Қазақ биінің даму жолдары
Қытай
Қытай тілінің морфологиялық құрылысы изоляциялы
Ши - ан
Моңғолия қазақтары мен салыстырсақ Қытай еліндегі қазақтарының өмір сүру салты монғолия қазақтарымен етене жақын
Қала, қолөнер және сауда
Қытай әдебиеті
Қытай халқының мәдениеті мен ғылымы
Магистрлік диссертацияның өзектілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz