Қайта жаңғыру (Ренессанс)



I.Кiрiспе.
Қайта жаңғыру (РЕНЕССАНС).

II.Негiзгi бөлiм.
Қайта жаңғыру мәдениетi негiзгi үш бағытта дамыды:
1. Рухани өмiрде, мәдениетте гуманизм деген iлiмi.

2. Халықтың қилы тағдыры, оның азаттық үшiн күресi.

3. Табиғаттану ғылымдарының жетiстiктерiне сүйене отырып,христиан дiнiнiң пайда болуы;табиғат құбылыстарын өз заңдылықтарына сүйенiп, революциялық жаңалықтар ашуы.

III.Қорытынды.
I. Қайта жаңғыру мәдениетi (Ренессанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық мәдениет – XIV ғ. аяғында XV ғ. басында Еуропада, оның iшiнде Италияда қалыптасты. Бұл мәдени төңкерiс Венециядан басталып, бүкiл Италияны қамтыды. Қайта жаңғыру дәуiрiн Еуропаның көптеген мемлекеттерi, атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Англия, Балқан елдерi және т.б. бастарынан кешiрдi. Бұл кезеңде итальян қоғамы Грекия мен Римнiң көне мәдениетiне ерекше мән берiп, көне мәдени мұраларды жаңғыртумен қызу айналыса бастады. Тұңғыш рет Еуропа дiни идеялар негiзiнде емес, жалпы адамзаттық гуманистiк идеялар рухында бiрiгуге мүмкiндiк алды. Бұл дәуiр адамзат тарихындағы сындарлы заман болды. Еуропа бастан кешiрген бұл өтпелi кезең – қоғамдық-саяси және мәдени өмiрде елеулi орын алды: Экономика саласында – бұл географиялық ашулар заманы мен капиталдың алғашқы қорлану заманы, отарларды жыртқыштықпен бөлiп, басып алынған халықтарды айуандықпен тонау заманы, отаршылдық соғыстар заманы болды. Саясат саласында – теуелсiздiк үшiн күрес заманы болды. Жаңадан қалыптасып келе жатқан жас буржуазия мүдделерi басымдылық танытып «бюргерлiк мәдениеттiң» барған сайын ұлттық сипатқа ие бола бастау заманы. Толассыз соғыстар, отаршылдардың айуандық әрекеттерi және соның нәтижесiнде тереңдей түскен таптық қақтығыстар, халыққа қырғидай тиген түрлi аурулар эпидемиясы, талай дарынды еркiн ой иелерiн отқа жаққан инквизиция оттары, толассыз дiни соғыстар – осылардың бәрi Еуропа халықтарының өткен тарихы, дәуiр сипаты болды.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I.Кiрiспе.
Қайта жаңғыру (РЕНЕССАНС).

II.Негiзгi бөлiм.
Қайта жаңғыру мәдениетi негiзгi үш бағытта дамыды:
1. Рухани өмiрде, мәдениетте гуманизм деген iлiмi.

2. Халықтың қилы тағдыры, оның азаттық үшiн күресi.

3. Табиғаттану ғылымдарының жетiстiктерiне сүйене отырып,христиан дiнiнiң
пайда болуы;табиғат құбылыстарын өз заңдылықтарына сүйенiп, революциялық
жаңалықтар ашуы.

III.Қорытынды.

КІРІСПЕ
Қайта жаңғыру мәдениетi.

I. Қайта жаңғыру мәдениетi (Ренессанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық
мәдениет – XIV ғ. аяғында XV ғ. басында Еуропада, оның iшiнде Италияда
қалыптасты. Бұл мәдени төңкерiс Венециядан басталып, бүкiл Италияны
қамтыды. Қайта жаңғыру дәуiрiн Еуропаның көптеген мемлекеттерi, атап
айтқанда: Франция, Испания, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Англия,
Балқан елдерi және т.б. бастарынан кешiрдi. Бұл кезеңде итальян қоғамы
Грекия мен Римнiң көне мәдениетiне ерекше мән берiп, көне мәдени мұраларды
жаңғыртумен қызу айналыса бастады. Тұңғыш рет Еуропа дiни идеялар негiзiнде
емес, жалпы адамзаттық гуманистiк идеялар рухында бiрiгуге мүмкiндiк алды.
Бұл дәуiр адамзат тарихындағы сындарлы заман болды. Еуропа бастан кешiрген
бұл өтпелi кезең – қоғамдық-саяси және мәдени өмiрде елеулi орын алды:
Экономика саласында – бұл географиялық ашулар заманы мен капиталдың алғашқы
қорлану заманы, отарларды жыртқыштықпен бөлiп, басып алынған халықтарды
айуандықпен тонау заманы, отаршылдық соғыстар заманы болды. Саясат
саласында – теуелсiздiк үшiн күрес заманы болды. Жаңадан қалыптасып келе
жатқан жас буржуазия мүдделерi басымдылық танытып бюргерлiк мәдениеттiң
барған сайын ұлттық сипатқа ие бола бастау заманы. Толассыз соғыстар,
отаршылдардың айуандық әрекеттерi және соның нәтижесiнде тереңдей түскен
таптық қақтығыстар, халыққа қырғидай тиген түрлi аурулар эпидемиясы, талай
дарынды еркiн ой иелерiн отқа жаққан инквизиция оттары, толассыз дiни
соғыстар – осылардың бәрi Еуропа халықтарының өткен тарихы, дәуiр сипаты
болды.

II.Негiзгi бөлiм.
Қайта жаңғыру мәдениетi негiзгi үш бағытта дамыды:

Қайта жаңғыру терминi осы дәуiрдiң белгiлi суретшiсi,сәулетшiсi және өнер
тарихының асқан бiлгiрi Джордане Базареи (1512-1574) өзiнiң Жизнеописание
наиболее знаменитых живописцев, ваятелей и зодчих (XVI ғ.) деген еңбегiнде
алғаш рет қолданған. Демек, бұл терминнiң мағынасы – көне заман мәдениетiн
жаңғырту болып табылады. Ал одан кейiн, дәлiрек айтқанда, XVIII ғ. бастап
Италиялық жаңғыру дәуiрi адамның қайта жаңғыруы және гуманизм дәуiрi деп
сипаталады. XIV –XV ғ. Италия мәдениетiн былай сипаттаудың тамыры да осы
дәуiрде жатқандығын атап өткен дұрыс сияқты, өйткенi тұңғыш рет адам
табиғаты, адамгершiлiк деген ұғымдарды енгiзген осы дәуiрдiң алыптары
Леонардо Бруни мен Колюччо Салютати болатын. Тереңiрек үңiлiп қарайтын
болсақ, гуманизм латынның адамгершiлiк деген сөзiнен шыққан (гомо –
адам деген ұғымды бiлдiредi).Бұл терминды жаңа адамдар - (гуманистер)
енгiзген. Олардың ойынша, гуманизм бүкiл адамзат баласы тудырған мол мәдени
мұраларды құныға оқып, зерттеп-бiлуге ұмтылу болып табылады. Олай болса,
Қайта жаңғыру заманының басты жаналығы – ғасырлар қойнауына көз жүгiртiп,
өткен замандардағы көне мәдени мұраларды қайта жаңғырту болып табылады.
Белгілі ғалым — гуманист, Леонардо Бруни (1370—1444 ж.) гуманизмді
адамның өмірі мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне қатысты дүниелерді таньш-
білумен және адамды рухани жағынан жетілдіріп, оны әсемдікке, ізгілікке
баулитын жағдайларды ғылыми тұрғыдан зерттеп білу деп түсінді. Оған:
поэзия, грамматика, риторика, тарих, философия, музыка және т.б. жатқызды.
Сөйтіп, көне мәдениет құндылықтарын игеруде басты рөлді гуманитарлық
ғылымдар атқарады деп есептелді. Бұл кезеңде қоғамды мәдени тұрғыдан қайта
құруды мақсат еткен білімді, рухани байлығы мол Еуропа интеллигенциясының
қальштасу процесі басталды. Қоғамда алатын орнына, қызмет дәрежесіне,
байлығына, тіпті тұрмыс-тіршілігінің әр түрлілігіне қарамастан оларды ортақ
мақсат біріктірген болатын. Мысалы, Лоренцо Медичи — ел басшысы болса,
Полициано — университет профессоры, Пико делла Мирандоло — граф, ал Лоренцо
Вониконтри — офицер болды. Демек, гуманизм — мәдениеттің басты
принциптерінің бірі, оның сапалық өлшемі, оның ақиқаттығының айнасы болды.
Осы орайда, қайта жаңғыру мәдениетінің өзіндік сипатына тоқтала
кеткенді жөн көрдік. Олар: гуманизм, антроцентризм, орта ғасырлық
христиандық дәстүрлерді нәрлендіру, көне мәдени мұраларды қайта жаңғырту
(философия мен өнердің көне туындыларын тірілту) және дүниеге жаңа көзқарас
болып табылады.
Ренессанс мәдениетінің жоғарыда көрсетілген өзіндік ерекшеліктері оның
дәуірлеріне тікелей байланысты болып келеді, өйткені бұл өзгерістер заман
ағымына, дәуір тынысына тікелей тәуелді болғаны ақиқат.
Қайта жаңғыру мәдениеті төрт кезеңге бөлінеді. Жоғарыда көрсетілген
белгілер енді ғана біліне бастаған кезең проторенессанс (қайта жаңғыру
қарсаңы) деп аталады. Екі ғасырға созылған бұл тарихи кезеңнің әр ғасыры
(XIII ғ. дученто, XIV ғ. — треченто деп аталады) тамаша дарынды адамдарды
өнер сахнасына шығарды. Солардың бірі — Қайта жаңғыру мәдениетінің
бастауында болған ұлы Данте Алигъери (1265–1321 ж.).µлы дарынның қыл
қаламынан шыққан атақты комедияларының кереметтігі соншалық, оның талантына
бас иген ұрпақтары бұл туындыны Құдіретті комедия деп атады. Данте,
Франческо Петрарка (1304—1374 ж.) және Джованни Бокаччо (1313—1375 ж.)
Қайта өрлеу (жаңғыру) дәуірінің дарынды өнер қайраткерлері және итальян
тілінің негізін қалаушылар болды. Олардың шығармалары дүниежүзілік
әдебиетке қосылған тамаша туындылар қатарынан орын алды. Мысалы,
Петрарканың Мадонна Лаураның өмірі мен өліміне арналған сонеттері өзінің
тірі кезінде-ақ әлемге әйгілі болды. Оның жолын қуушылардың бірі
Декамеронның авторы атақты Боккаччоның гуманистік идеяларға толы
реалистік новеллалары — дүниежүзілік әдебиет саласындағы соны құбылыс болып
саналады.
Қайта жаңғыру кезеңінің мәдени дәстүрлері, оның өзіне ғана тән
ерекшеліктері айқындала бастаған кезең — XV ғасыр, яғни Бастапқы Қайта
жаңғыру дәуірі (кватроченто). Ал Италия мәдениеті идеялары мен
принциптерінің гүлденген кезеңі және оның құлдырау қарсаңын — Кемелденген
жаңғыру кезеңі (Чинквеченто) деп атаймыз. Бұл дәуір XVI ғасырды қамтиды.
Қайта жаңғыру мәдениетінің басты назары адам тұлғасына аударылды. Адам
бойындағы ізгі қасиеттерді
жан-жақты көрсету арқылы оны биік дәрежеге көтеру және оның ар-намысын,
абыройын қорғау — басты орынға қойылды. Міне, сондықтан да болар, шынайы
гуманизм адамның бостандық алуға, бақытты болуға, өз қабілетін дамытуға
құқығы бар екендігін жариялады, адамдар арасындағы қарым-қатынаста теңдік,
әділдік, адамды сүю және адамгершілік принциптерін жақтады. Ерекше атап
өтетін бір жайт, Қайта жаңғыру заманының гуманизмі адамды дін бұғауынан
босатуға бағытталды, яғни дін мен шіркеу ықпалын әлсіретуге барынша күш
салды. Ендеше, бұл дәуірдің гуманистік идеялары — рухани төңкерістің негізі
болды, ал өз кезегінде бұл төңкерістер буржуазиялық революциялар толқынымен
және жаңа Еуропаның мәдениеттің қалыптасу процесімен тығыз байланысты
болды.
Қайта жаңғыру мәдениетінде басты назардың адамға, оның табиғатына
аударылу сырын қалай түсіндіруге болады? Қоғамдағы мұндай түбегейлі
өзгерістің — әлеуметтік-экономикалық факторларға, оның ішінде тауар-ақша
қарым-қатынастарының дамуына тікелей байланысты болды. Адамның
тәуелсіздігін сезіне бастауына, енді ғана туындап келе жатқан еркіндікке
қол жеткізуіне, ең бірінші кезекте қала мәдениеті себепкер болды. Италия
қалаларында тамаша ірі өнеркәсіп орындарының болғаны тарихтан белгілі.
Соларды ішінде Қайта жаңғыру мәдениетінің ошағы болған — Флоренцияның
мерейі үстем болды. Табиғи байлықтардың тапшылығы және тағы да басқа
жағдайларға байланысты Италия басқа мемлекеттер- мен сауда-саттық жасауға
ерекше мән берді. Италия қалалары Батыс елдерімен де, мұсылман елдерімен де
сауда-саттық жасады. Мұның өзі ел экономикасының одан әрі дамып, қала
мәдениетінің гүлденуіне әкеліп соқты, ал қала мәдениетінің ықпалымен жаңа
адамдар қалыптасты. Бірақ жаңа адамдардың қалыптасуы әлі де болса орта
ғасырлық заман ықпалына байланысты болды, қаншама уақыт өтсе де христиандық
дәстүрлердің қаймағы шайқалмаған болатын, сондықтан да болар адамдар орта
ғасырлық шырмаудан шыға алмай аласұрды. Міне, осындай тарихи кезеңде көне
мәдени мұраларды тірілтуге деген жаппай құлшыныс жаңа адамдардың
қайталанбайтын, ерекше мәдениеттің қайнар бұлағын ашуына мүмкіндік берді.
Бұл мәдени төңкерістің барысында Қайта жаңғыру даналарының басты
назарында Платон сияқты көне заман ойшылдарының ілімдерінің болуын қалай
түсіндіруге болады. А.Ф. Лосев осы орайда тамаша ғылыми тұжырым жасап, бұл
жағдайды неоплатонизммен байланыстырды. Оның пiкірінше, Қайта жаңғыру
дәуірінің өкілдері мәдениетті орта ғасырлық догматтан тазартты, оны қайта
қарау арқылы қайта жаңғыртып, жаңа мазмұн берді. Ол мәдениет тарихындағы
неоплатонизмнің үш түрін атап көрсетті. Олардың біріншісі — көне замандық —
космологиялық, екіншісі — орта ғасырлық — теологиялық, үшіншісі — жаңғырған
— антроцентристік неоплатонизм. (Г.В. Драч. Культурология. Ростов-на-Дону.
1995) Көне заманның неоплатонизмі Платон ілімін қайта қарай отырып, рухтың
табиғатын, заттар қозғалысын, космостық айналыстың ақиқаттығын
космологиялық тұрғыдан түсіндіруге әрекет жасаса, орта ғасырлық
неоплатонизм табиғат пен дүниеден жоғары өмір сүретін, жоқтан болмыс
тудыратын абсолюттік жан теориясына негізделді. Жоғарыда атап көрсетілген
антропологиялық жаңғырған неоплатонизм бір жағынан, көне заман
неоплатонизмінің көмегімен материалдық дүниені жоғары көтеріп, орнықтыруға
тырысса, екінші жағынан оның орта ғасыр-лық неоплатонизммен ортақ
қасиеттері, белгілері бар. Демек, сұлулық пен әсемдікке толы дүниені аңдап-
түсіну — жаңғыртушылық дүниетанымдық мақсаттардың бірі больш саналады.
Құдай жандандырған дүние әр уақытта да адам назарында болған, оны қатты
қызықтырған. Жарық дүниенің құпия сырларын танып-білуде адамның
сезімдерінен артық не бар, ендеше бұл қағиданы ескере отырып, жаңғыртушылар
адам көзіне пара-пар келетін бұл дүниеде еш нәрсе жоқ деп есептеді.
Сондықтан да Қайта жаңғыру дәуірінде өнер салаларының ішінде сурет салу
және т.б. ұдайы даму үстінде болды. Шындығында да, дүниені танып-білумен
қатар оны шынайы жеткізе білуде суретшілердің мүмкіндіктері мол, олай болса
олардың дүние-танымдық мақсатгарды шешудегі белсенділігінің
сыры да осынша болса керек. Ал бұл жағдай итальяндық Қайта жаңғыру
дәуірінің көркемдік сипатта болуына тікелей әсер етті.
Ерекше атап өтетін бір жайт, итальян тарихшыларының гуманистерге деген
көзқарастары әртүрлі болып келеді. Италияның өткен тарихына көз жүгіртетін
болсақ, Ренессанс дәуірі бұл елдің өзара қақтығыстар мен соғыстарға толы
кезеңімен сайма-сай келеді. Тарихи деректерге жүгінсек, дүние жүзіне атағы
шыққан кейбір гуманистер Италияның бостандығын тұңшықтырушы мейірімсіз
билеушілерге қызмет еткен, тіпті шетел басқыншылығы кезінде патриоттық
сезімін көрсете алмай дәрменсіздік танытқан. Бірақ бұл келеңсіз
көріністерге қарап біржақты көзқарас тумауы керек, өйткені дүниежүзілік
көлемде гуманистер жаңа қоғамдық күш болды. Оларды табиғи дарыны, ұшқыр
ойлары текке кеткен жоқ, өйткені осы бір ұлы ойшыл даналардың арқасында
ғана Қайта жаңғыру дәуірінің мәдениеті Жаңа заман мәдениетінің жаршысы,
бастамасы болды. Қайта жаңғыру дәуірі мәдениетінің өкілдерінің ішінде сол
дәуірдің тынысын терең сезінген, сол бір аласапыран кезең мен жарық
дүниенің әсемдігін, адамның жан-дүниесін өнер туындылары арқылы бере білген
алып тұлғалар болған. Солардың бірі — өнер алыбы Леонардо да Винчи
(1456—1519 ж.). ‡з заманында ол айналыспаған ғылым мен білімнің, мәдениет
пен өнердің бірде-бір саласы болмаған. Ол — әрі мүсінші, әрі суретші, әрі
математик, әрі инженер, әрі геолог, әрі философ, әрі ақын, әрі физик т.б.
болған. Сегіз қырлы, бір сырлы Леонардо да Винчи ұшу аппаратының қанатының,
токарь станогының жобаларын жасады. Леонардо да Винчи сонымен қатар
ғылымның әр саласына байланысты жазылған әр тақырыптағы ғылыми
трактаттардың авторы. Леонардоның керемет ұлы туындысы және барлық
замандардағы ең ғаламат суреттерінің бірі — Құпия жиын. Миландағы Санта
Мария делла Грацие шіркеуіндегі бұл сурет бізге жартылай бүлінген күйінде
жетті.Бұл суретте Христос барлық сезімдер орталығына айналған,он ішкі жан
дүниесі, қайғысы мен сабырлылығы — заңды құбылыс. Шығармада көрсетілген
драманың терең мәні де осында болар, өйткені мұндағы сатқын, опасыз Иуданың
сол бір құпия кештегі келбетінің өзі де үлкен шеберлікпен берілген.
Жаугершілік, қиын-қыстау заманда салынған бұл сурет екінші жағынан — заман
талабынан туған, мәңгі өшпес тақырыпқа арналған патриоттық шығарма болып
табылады.
Дүниені дүр сілкіндірген, бұл күндері Париждегі Лувр музейінің інжу-
маржаны болып отырған Мона Лиза — Джо-конда туындысы ғасырлар бойы көрген
адамды таң қалдырып келеді. Леонардо Джоконданы салуда ұзақ еңбектенді,
қажымай-талмай жетілдіре түсудің нәтижесінде артына баға жетпес асыл мұра
қалдырды. Оның көркем мұрасы сан жағынан алғанда онша көп болмаса да, оның
бірде-бірін мыңмен айырбастауға болмайды, бәлкім оның қаламының құдіреті де
осында болар.
Осы орайда өнер тарихындағы ұлылардың бірі — Рафаэль Санти (1483—1520
ж.) нағыз кемелді шағында — 37 жасында қайтыс болғанына қарамастан артына
мәңгілік өшпес мұра қалдырды. Оның атақты туындысы — Сикст мадоннасы
Меккедегі қара тас арабтар үшін қандай киелі болса, Сикст мадоннасы
еуропалықтарға да сондай қасиетті дүние. Рафаэль өзінің әйгілі болған
шығармалары Афины мектебі, Конестабиле құдай — ана, Парнас және
басқаларында гуманизм идеяларын кеңінен насихаттап адамның әлі де ашыла
қоймаған рухани мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысады.
Адамзат қоғамына мәңгілік рухани азық болған шығармалардың авторы,
тасқа тіл бітірген теңдесі жоқ мүсінші, тамаша қыл қалам шебері, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайта өрлеу мәдениеті
Қайта жаңғыру дәуірі
Қайта жаңғыру дәуірі мәдениеті
Қайта жаңғыру мәдениеті (Ренессанс)
Қайта өрлеу мен Реформация дәуіріндегі саяси- құқықтық ілімдер мен гелиоцентризмнің мемлекет пен қоғамды басқарудағы рөлі
Қайта жаңғыру мәдениеті
Ежелгі Қытай мәдениеті
Қайта жаңғыру дәуірі мен Реформация кезеңінің мәдениеті
Қайта өрлеу дәуірі музыкасы
Гегельдің пікірінше абъсолюттік рухтың соңғы формасы философия
Пәндер