Есірткіге еліткен елдің ертеңі күмәнді



Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында (26 маусым) ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналы¬мын бақылау жөніндегі комитеті еліміздегі бұ¬қаралық ақпарат құралдары¬ның жетекшілері¬мен кездесу өткізді. Мұн¬да¬ғы негізгі мақсат — аталған дерттің ал¬дын алу жолында онымен тиімді жал¬пыхалықтық сипатта күрес жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарын ортақ іске тартып мүмкіншіліктерін терең пайдалану және оның қызметін барынша жете жұмылдыру.
Біз Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні алдында осы медиа-форумды өткізуге бел будық. Алдын ала ақпарат құрал¬дары¬на өздеріміздің ұсынысымызды жолда¬дық. Ол негізінен телеарналарда нашақор¬лық¬қа қарсы насихат жүргізетін бей-нетаспалар, радио-хабарларының уа¬қы¬¬тын ұзарту, басылымдарда жария¬ла¬ны쬬¬дар¬ды көбейту. Соңғы уақыттары есірткіге тәуелді жандардың саны артып отыр. Сұраным болмаса, ұсыныс та бол¬май¬ды де¬ген-дей, бұқаралық ақпарат құрал¬дарының жетекшілерімен бас қосып, біздің салауатты өміріміз үшін осы мә¬се-леде белгілі бір келі¬сімге келуді ұйғардық, — дейді Ішкі істер вице-министрі – Есірт¬кі бизнесіне қарсы күрес және заңсыз есірткі айналымын бақылау жөніндегі комитет төрағасы Анатолий Выборов.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
2006-06-23:
Есірткіге еліткен елдің ертеңі күмәнді

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында (26 маусым) ІІМ
Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау жөніндегі
комитеті еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілерімен кездесу
өткізді. Мұндағы негізгі мақсат — аталған дерттің алдын алу жолында онымен
тиімді жалпыхалықтық сипатта күрес жүргізу үшін бұқаралық ақпарат
құралдарын ортақ іске тартып мүмкіншіліктерін терең пайдалану және оның
қызметін барынша жете жұмылдыру.
Біз Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні алдында осы медиа-форумды
өткізуге бел будық. Алдын ала ақпарат құралдарына өздеріміздің ұсынысымызды
жолдадық. Ол негізінен телеарналарда нашақорлыққа қарсы насихат жүргізетін
бейнетаспалар, радио-хабарларының уақытын ұзарту, басылымдарда
жарияланымдарды көбейту. Соңғы уақыттары есірткіге тәуелді жандардың саны
артып отыр. Сұраным болмаса, ұсыныс та болмайды дегендей, бұқаралық ақпарат
құралдарының жетекшілерімен бас қосып, біздің салауатты өміріміз үшін осы
мәселеде белгілі бір келісімге келуді ұйғардық, — дейді Ішкі істер вице-
министрі – Есірткі бизнесіне қарсы күрес және заңсыз есірткі айналымын
бақылау жөніндегі комитет төрағасы Анатолий Выборов.
Әрине, бұл салада бұқаралық ақпарат құралдарының қосып жатқан үлесі зор
екендігі сөзсіз. Олар жас ұрпақтың бойында салауатты өмір сүру салтын
қалыптастыруға барынша ат салысып келеді. Түрлі 53 БАҚ құралдары есірткіге
қарсы насихат жүргізумен айналысуда. Дегенмен, дөңгелек үстел басында
телеарналардан нашақорлыққа қарсы насихаттық бейнекөріністерді көрсетуге
бөлінетін уақыттың өте қысқалығы айтылып өтті. Бүкіл ел болып, қоғам болып
жұмылып кірісіп жатқан шаруаның өрге басуы үшін оған ортақ іс ретінде қарау
керек. Сондықтан жастарды қатерлі дерттен сақтандыратын, нашақорлықтың
алдын алатын бейнекөрсетілімдерді телеарналар халыққа тегін жеткізуі тиіс.
Өйткені, бұл шаруаның бәрі халық үшін, біздің келешек ұрпағымыз үшін керек
нәрсе.
Дөңгелек үстел жұмысына қатысқан еліміздегі БАҚ арасынан бірінші кезекте
сөз алған республикалық “Егемен Қазақстан” газетінің басшысы Сауытбек
Абдрахманов өзіндік ойлары мен пікірлері және ұсыныстары арқылы
ұйымдастырушыларға жаңа бағыт-бағдар берді. Бас басылым басшысы өз сөзін
жаһандану жағдайында нашақорлық проблемасы барған сайын планеталық сипат
ала беретін болады, деп бастады. Оның үстіне біз есірткінің әлемдік
бизнеске айналғанын ескермей тұра алмаймыз. Осыдан бірер күн бұрын ғана
Алматыдан ұшақпен ұшып келе жатып, бір газеттен Эдуард Шеварднадзенің
кітабынан үзінді оқыдым. Автор Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан алып шығу
мәселесін Горбачевтің алдына қалай қойғанын, қалай көндіргенін жаза келіп,
өзінің Ауғанстандағы Кеңес командирлерімен кездесуін әңгімелейді. Көп
ұзамай соғыстың бітетінін, елге қайтатындарын естігенде командирлер есі
шыға қуанған шығар деп ойлайтын боларсыздар? Әрине, солай ойлайсыздар. Ал
шындығында олай болмаған көрінеді. Шеварднадзе осыған өзі де қатты
таңданып, оның мәнісін былай түсіндіреді. Мыңдаған адамдарға қайғы-қасірет
әкелген сол соғыс Кеңес командованиесіндегі талай адамға қыруар пайда алып
келген. Бір жағынан қару-жарақ сатса, бір жағынан ауған наркотиктерін бергі
бетке ешқандай кедергісіз өткізіп, ақшаға белшеден батып келген.
Бұл жағдай қазір, тіпті асқынып кетті дейді, – ойын одан әрі жалғаған
баяндамашы. Басқалардың бақытсыздығына қарамай баюдың сұмдық амалдарынан
тайынбайтын адамдар бар кезде наркомания бола береді. Ал ондай адамдардың
қай кезде де болғанын және бола беретінін бәріміз білеміз. Демек,
нашақорлықты түбірімен жоюға ұмтылу – иллюзия. Сондықтан бүгінгі таңда
мәселені оның зардабын барынша азайту тұрғысынан қойған дұрыс. – Біз әдетте
мерзімді баспасөзде есірткі насихатына тыйым салынғанын тілге тиек ете
береміз. Ол жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары Заңында жазылған. Бірақ,
есірткінің жанама жарнамасы бар екенін де ескеру керек. Мысалы, әйгілі
адамдардың арасында есірткіге ергендер аз емес екендігі белгілі. Солар
жайында жазғанда әлгі әйгілі тұлғалардың өміріндегі осы жайды көмескілей
кету тіптен де шындықты көлегейлеу ретінде бағаланбауға тиіс. Өйтпеген
күнде жас оқырман, жас тыңдаушы, жас көрермен өзі кумир тұтатын тұлғаның
өмірінде осындай да беттер болғанын білген кезде олардың бәрі бірдей
тиісінше түсіністік таныта бермеуі әбден мүмкін. Жалпы, біздің есірткіге
қарсы насихатымызда оның психикаға теріс әсерін: “Есірткі қолданған кезде
адамның көз алды тұманданып, басқа бір әлемге еніп кеткендей болады, ол аз
ғана уақытқа басындағы проблемаларының бәрін ұмытады, сөйтіп жаны тыныштық
тапқандай күй кешеді, бірақ мұның бәрі алдамшы, көп ұзамай ол есірткінің
торына түсіп, соған тәуелді болып қалады” деген сияқты сөздермен
түсіндіретін мақалалар әлі де кездесіп қалады. Бір қарағанда дұрыс. Бірақ
мәселеге тереңірек үңілсек, осының өзі онша жаман емес қой, аз ғана уақытқа
өзіңді бақытты сезінген неге теріс болсын дейтіндер де табылатынын, олардың
барған сайын көбірек табылып жатқанын ескермей тұра алмаймыз. Есірткіні
тарататындардың алғашқы дозаны мектеп оқушыларына тегін тарататыны осыдан.
Олар тұзаққа бір түскен бүлдіршіннің енді ұзаққа кете алмайтынын жақсы
біледі, —деді Сауытбек Абдрахманов.
Ғылым және білім министрлігінің Жастар саясаты департаментінің өкілі кез
келген әлеуметтік ауруды жеті рет емдегеннен гөрі, оның алдын алған
әлдеқайда тиімді деп есептейді. Міне, осы жағдайға орай аталған департамент
өкілінің айтуынша, олар бар күшті сауықтыру, яғни алдын алу шараларына
бағыттап отырған көрінеді. Қазіргі уақытта бірқатар үкіметтік емес ұйымдар
жұмыс істейді. Солармен қауіпті дерттің алдын алу үшін үнемі тығыз
байланыста шаруалар атқарылыпты. Осы тәжірибеге орай, қазір белгілі бір жол
қалыптасып та қалған, яғни жастар ұйымының жетекшісінің айтуынша, кез
келген мекемеге, ұйымға, ата-аналарға оны кәдеге жарату мақсатында ұсына
аламыз дейді.
Елбасы нашақорлыққа қарсы күрес жүргізудің 2014 жылға дейінгі стратегиясы
мен 2008 жылға дейінгі іс-әрекет ету бағдарламасын бекіткені белгілі. Егер
өткен жылы тіркеуде есірткіге тәуелді 48 мың адам тұрса, үстіміздегі жылы
бұл сан 5 мыңға ұлғайып отыр. Республика бойынша 280 адамға бір нашақордан
келеді екен. Есірткінің ең көп тараған жері және нашақорлықпен көп
ауыратындар Астана, Алматы қалалары мен Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан,
Жамбыл, Павлодар облыстарында көрінеді. Әрине, ең басты алаңдатарлық
мәселе, есірткінің балалар мен жастар арасында көптеп таралуы дер едік.
Заң бойынша есірткіні тұтынатындар мен оны тарататындар қоса жауапқа
тартылады. Үстіміздегі жылдың 5 айы ішінде ішкі істер органдары
қызметкерлерінің күшімен 4 мың нашақорлық қылмыс тіркелген. Бұл өткен жылғы
осы мерзіммен салыстырғандағы көрсеткіштен 4 есе асып отыр. Оның 4,5
пайызын есірткі сатушылар құрайды. Жыл басынан бері есірткі сату ісімен
маманданған 6 қылмыстық топ ұсталды. Заңсыз айналымнан 3 тонна 700 кило
түрлі есірткілік заттар тәркіленген. Оның жүзден аса килосын героин
құрайды. Зерттеу көрсеткендей, дейді Анатолий Выборов, – Қазақстанға
есірткі заттары Ауғанстаннан Орталық Азия аумағындағы елдер арқылы
жеткізіледі. Соңғы деректерге қарағанда, Ауғанстанда 420 тонна героин
дайындалып, тасымалдауға әзірлік жасалынып жатқан көрінеді. Әрине, бұл 420
тоннаның барлығы Өзбекстан, Қырғызстан немесе Қазақстан арқылы
тасымалданады деуге болмайды. Сондай-ақ, Ауғанстанда барлық даярланған
есірткінің 12 пайызы біздің еліміз жатқан “Солтүстік бағыт” деп аталатын
жолмен өтетіні тағы белгілі болып отыр.
Жыл басынан бері елімізде 94 түрлі контрабандалық қылмыстар анықталған. Бұл
контрабандалық қылмыстар саны да биыл 13 пайызға артып отыр. Осыған
байланысты есірткі саудасының алдын алу шараларын жүргізу қатаң қолға
алынды. Соның арқасында шекарадан кеден арқылы өткен контрабандалық
қылмыстар да анықталып отыр. Түнгі клубтар мен ойын-сауық отауларында
нашақорлық қылмыстарына қатысты жұмыстар жалғасын тауып келеді. Біздің
республикамызда жастардың бірнеше демалатын ойын-сауық орны бар, соларда
жыл басынан бері 60 шақты есірткіні тұтыну фактілері анықталған көрінеді.
Ал өткен жыл бойына бар-жоғы 25 факті анықталған еді.
Бұл күнде нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу үшін алты мемлекеттік орган
енген штаб құрылып отыр. Олар есірткінің жылжу бағыты мен есірткіні
таратушы және оны алушыға дейінгі жолды сүзгіден өткізіп, бақылайды. Соған
сәйкес Нашақорлық пен есірткі бизнесі жөніндегі заңға өзгерістер мен
толықтырулар енгізіліпті. Мысалға, жасырын айналымдағы есірткілерді бақылау
және жою жөніндегі шараларды одан әрі арттыру туралы Заңға қол қойылды. Бұл
заң көмегімен есірткілерді дайындайтын қосымша заттарға шектеу салынады.
Мәселен, Ауғанстанда шикі апиынды героинге айналдыру үшін оған бірнеше
басқа қосымшалар қажет көрінеді. Ондай қосымшалар Ауғанстанға көптеген
елдерден жеткізіледі. Міне, осылардың алдын алу мәселелері енгізілген заң
жобасы мақұлданды.
Нашақорлық адамзаттың тауқыметіне айналып отырған мәселе. Сондықтан, ондай
кеселмен күрес жан-жақты бағытта жүргізілуі тиіс. Бұл біздің елімізде түрлі
шаралар арқылы көрініс тауып та отыр. Аталған Комитет үстіміздегі жылдың
бес айы ішінде өзге де мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жасөспірімдер
мен жастар арасындағы нашақорлыққа байланысты көптеген кездесулер,
семинарлар, дөңгелек үстелдер, дәрістер өткізді. Бұдан басқа көптеген
үйірмелер, спорттық секциялар, өнертапқыштар орталықтары жұмыс істейді.
Соның арқасында соңғы жылдары елімізде жасөспірімдер уақытын салауатты
өткізетін демалыс орындарының саны 5 есеге артыпты.
Бір сөзбен айтқанда, қазір Қазақстанның баспа және электронды бұқаралық
ақпарат құралдарында есірткі насихаты жоқ деуге келеді. Есірткі мәселесінен
ешкім де сырт қалған емес. Бұған Біріккен Ұлттар Ұйымы да назарын тігіп
отыр. Әсіресе, БҰҚ есірткіге қарсы насихат жүргізуде де сақтық керек екені
айтылады. Сонда осы БҰҰ-ның наркомания мәселесін жазатын журналистерге
арнаған бірқатар ұсыныстары да бар екен.
Осы ұсыныстарға қарағанда, есірткі құралдарына қатысты дәл немесе
есірткілерді күшті және әлсіз деп қолдан бөлу жағымсыз салдарға соқтыратын
көрінеді. Сол сияқты, қоғамда табысқа жеткен немесе даңққа бөленген
адамдардың есірткі пайдаланғанын хабарлау, есірткіні әндерде,
кинофильмдерде, басқа да коммерциялық шығармаларда мақтау, адамдардың
назарын есірткіні заңсыз сатудан түсетін мол табысқа аудару, тәркіленген
есірткі құралдарының көшедегі құны жөнінде ақпарат тарату, оны медициналық
емес тұрғыдағы пайдалануды заңдастыруды жақтайтын мақалалар жариялау көп
жағдайда зиянын тигізетінін ескере білген жөн.

Комиссия жалғандық жасаса кім не істемейді

Қызылорда облысы, Шиелі аудандық прокуратурасымен аудандағы, уәкілетті
мемлекеттік органдардың қызметтеріне 2006 жылғы және 2007 жылдың 1-ші
жартыжылдығында жастар мен кәмелетке толмағандар арасындағы
нашақорлықтың алдын алу барысында заңдылықтың сақталуына тексеру
жүргізілді. Нәтижесінде аудандық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне
қарсы күрес жөніндегі комиссиясымен заң бұзушылықтарға жол берілгені
анықталды.

Атап айтар болсақ, ҚР Президентінің 29.11.2005 жылғы № 1678 санды ҚР-
да нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014
жылдарға арналған стратегиясы туралы Жарлығын жүзеге асыру мақсатында
Шиелі аудан әкімінің 06.02.2006 жылғы № 243 санды шешімімен
нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комиссиясы
құрылған.

Аудандық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі
комиссияның 2006 жылы 2007 жылға арналған іс-жоспарлары жасалынғанымен,
аудандық комиссиясымен өздерімен бекітілген іс-шаралардың жоспарда
белгіленген мерзімде нақты орындалуы комиссия отырысында қаралмаған,
жауапкершілік жүктелген мемлекеттік ұйымдардың жауапты қызметкерлердің
жауапкершілікпен қарап, тиісті шешімдердің қабылдануы толығымен
қамтамасыз етілмеген.

Бұл мән-жайлардың өз кезегінде аталған комиссияның аудан көлеміндегі
нашақорлықтың алдын алу, оны емдеудің тиімді жүйесін нығайту және
нашақорлықпен ауыратын адамдарды оңалту жүйесін құру жұмыстарының
тиімділігіне кері ықпалының болмай қалғаны даусыз.ҚР Үкіметінің
25.12.2003 жылғы № 1316 қаулысымен бекітілген Нашақорлықпен есірткі
бизнесінің алдын-алу және оларға қарсы іс-әрекет бойынша жұмысты
үйлестіру мәселелері жөніндегі ведомстоаралық комиссия туралы
Ережесінің 4 тармағының талабын бұза отырып, жыл басынан бері аудандық
комиссиясымен комиссия отырысы болмаған, тек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нашақорлық – тұңғиық түбі
Нашақорлықтың алдын - алу
Биологиялық лаңкестiк: қорқыныш, қайғы
Маскүнемдік, есірткіге әуесқой, темекі тарту денсаулығын нығайту жолдары
Әрекет потенциалы. Қозуды өткізу. Парабиоз туралы ілім
Нашақорлық туралы
Нашақорлық - бүкiл адамзат баласы үшiн аса үрейлi мәселе
Нашақорлық - қоғам дерті туралы ақпарат
Нашақорлық ғасыр дерті. Нашақорлармен жұмыс істеу
Қазақстан жастар арасындағы девианттық мінез-құлық
Пәндер