Қазақстанға шетел инвстицияларын тарту процесіне талдау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

1 Қазақстанға шетел инвстицияларын тарту процесіне талдау

Өзінің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, экономикасының дамуы үшін Қазақстанның күшті потенциалы бар. Егер тек шикізаттық сектордың мүмкіндігін айтар болсақ, онда республика қойнауындағы минерал шикізатының шығымын эксперттер 8, 7 трлн долларға бағалайды. Елімізде дүние жүзімен салыстырғанда мыстың қоры 10 процент, қорғасын - 19 процент, мырыш -13 процент, темір - 10 процент. Қазақстан уранның қоры бойынша дүние жүзінде бірінші, алтын бойынша - жетінші орында. Жалпы дүниежүзілік қорлардан бариттің анықталған қоры 1, 1 есе, ал вольфрамдікі - 1, 2 есе жоғары. Мұнай мен газ қорлары бойынша республикамыз дүние жүзіндегі алдыңғы қатардағы елдермен таласады.

Осы бір табиғи ресурстар іске косылу үшін оған ақша жүмсау керек, атап айтқанда төте инвестиция түріндегі.

Инвестициялық пәрменділіктің терең және ұзақ әлсіреуі аяқталмаған қүрылыстағы жағдаймен дәлелді сипатталады.

Қазақстанның үлттық есептеу агенттігінің дерегі бойынша аяқталмаған және іске қосылмаған қүрылыстарға, оның ішінде уақытша объектілерге жүмсалған капиталдың қаражат мөлшері 1995-2004 жылдары іс жүзінде өзгерген жоқ және орасан көп сома 296 млрд теңгені қүрайды. Аяқталмағандардың шамамен 80 проценті энергетика, түсті және қара металлургия және басқа қаржы көп талап ететін өндірістік құрылыстар болып табылады. Аяқталмаған қүрылыстарды шаруашылық айналымға енгізу - республика экономикасының қауіпсіздігін нығайтудағы аса ауқымды және жауапты мәселе.

Өзіміздің қандай да бір дұрыстау бос дағдарысы қаражат болмаған жағдайда және экономиканың терең кризисі кезінде, шетелдік инвестициялар экономиканы көтеру үшін «допингтің» ролін атқарады, оның өзі мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуға тікелей әсерін тигізеді. Екінші жағынан кейбір сомалар, әсіресе қорғаныс мәні бар, экономикалық қауіпсіздік жағынан шетелдік инвестициялар үшін жабық болуы тиіс.

Мысалы, Жапонияда, шетелдік осы салаларға жататын кәсіпорындардын акцияларын да сатып ала алмайды. Басқа батыс елдерде де шетел инвесторлары үшін лицензия берудің қатаң режимі бар, біздің республикада ол әрине әзірше жоқ. Алайда, дүниежүзілік алдыңғы қатардағылардан айтарлықтай артта қалған қорғаныс салалары мен өндірістері үшін шетел капиталының түсуі осы артта қалушылықты жоюдың және ұлттық қауіпсіздікті нығайтудың жолы болып табылады.

Шетел инвестициялары елдің экономикалық қызығушылығына айтарлықтай сәйкес келеді, қашан мазмұны жағынан өте арзанға бар фабрикаларды, зауыттарды, электростанцияларды, кеніштерді және т. б. сатып алу емес, шынайы түрде қаржылық және материалдық ресурстарды құятын болса. . Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігіне батыстың ескі құрал-жабдықтарын жоғары бағамен «өткізіп» жіберу мақсатында біріккен кәсіпорын құру практикасы да сай келмейді. Біріккен кәсіпорын көмегімен Қазақстан рыногынан өзінің бақталастарының өндірісін құлатуға тырысқан жағдайлар да бар. Экономикалық қауіпсіздік мәселелері шетел инвесторлары жағынан отандық әлеуметтік саясатты, қоршаған ортаны қорғау нормаларын, қаржылық ұтым жағынан қойылатын талаптарды сақтауда шиеленісе түседі.

Қазақстан экономикасына қазiргi келiп жатқан көптеген шетел инвестициялары негiзiнен әлемдiк тарнсұлттық корпорациялардың бiздiң экономикамызға салған инвестициясында көрiнiс табуда. Елiмiздегi ауқымды трансұлтты компаниялардың басым көпшiлiгi АҚШ, Ұлыбритания, Жапония және Оңтүстiк Корея елдерi екенi белгiлi. Осы дамыған елдердiң елiмiздегi басты және кең көлемде қызмет етiп отырғандарына келесiлердi жатқызуға болады: Шеврон, Бритиш Газ, Аджип, Сумимото Корпорейшн, Эльф Акитэн, БМВ, Туркие Петроллери, Оман Ойл компани, Джапан Петролеум Эксплорейшн, LG және т. б. трансұлттық корпорациялар жатады.

Осы аталған жағдайларды ескере отырып, елiмiздiң отандық мұнай және газ салаларында қызмет ететiн корпорациялары (“КазМунайГаз”, ОАО “СНПС - Актобемунайгаз”, “Карачаганак Петролеум Опереитинг”, ТОО Казахойл-Актобе, ТОО КазГерМунай”, ЗАО “Торгай-Петролеум” және т. б. компаниялар) өздерiнiң инвестициялық саясатын жалпы түрде келесi бағыттарда құру керек:

  • Корпорация қаржылары мен активтерiн дамыту және тиiмдi пайдалану;
  • Корпорацияға инвестиция тартудың тиiмдi көлемiн және оның қажет деңгейiн алдын-ала анықтау;
  • Тартылған инвестицияларды өндiрiстiң өңдеушi саласын дамытуға немесе өнеркәсiп саласын дамытуға ынталандыру;
  • Инвестиция тартудың әр түрлi жолдарының (несие, лизинг, тiкелей, портфельдi, құрал-жабдықтай немесе мемлекеттiк гранттар) өздерiне ең ұтымды көздерiн анықтау;
  • Инвестициялық тәуекелдiлiктерiн барынша азайту немесе сақтандыру;
  • Негiзгi капиталды инвестициялауға баса назар аудару, әсiресе мұнай-химия өнеркәсiбiн дамытуды қолға алу;
  • Мұнай саласында инновациялық жоғары технологияларды пайдалануды дамыту және шетелдерден қажеттi жаңа технологияның түрлерiн алдын-ала тiзiмдеу;
  • Мұнай және газ саласында қызмет ететiн отандық және шетел корпорациялары ұлттық өнеркәсiптiң басқа салаларын инвестициялауға ынталы болуы керек;
  • Осы мұнай-химия және мұнай өiмдерiн шығаратын салаға мемлекеттiң бөлген субсидиялары мен гранттарын ұтып алу болып табылады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы шетел инвестицияларды басқару туралы
Қазақстан Республикасындағы шетел инвестицияларды басқару
Қазақстан Республикасындағы шетел инвестицияларды басқару жайлы
Елдің инвестициялық климаты және оған әсер ететін факторлар
Инвестициялық үдеріс: оның мәні, мазмұны және қызметі
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты талдау
Инвестициялық саясат пен басқару
Инвестициялық саясат жайлы
Инвестициялар мәселесі және мемлекеттің инвестициялық саясаты
Инвестицияның теориялық даму ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz