Ядролық қару


Жоспар

Кіріпе . . . 3

  1. Ядролық қару . . . 5
  2. Ядролық сынақ зардаптары . . . 7
  3. Ядролық қаруды жою . . . 11
  4. Невада-Семей қозғалысы . . . 11

Қорытынды . . . 13

Пайдаланған әдебиеттер . . . 14

Кіріспе

Қазақстанда Ядролық сынақтарға жан-жақты түгел қамтитын тыйым салу туралы Шартқа қол қоюдың басталуы зор қанағатпен назарға алынды.

Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қатысушы бола отырып, Қазақстан тиісті халықаралық міндеттемелерін қатаң орындауда және халықты қырып-жоятын қарудың басқа да түрлерін таратпау саясатын дәйектілікпен жүргізіп келеді. Таяуда Қазақстан аумығында ядролық ракеталардың соңғы ұшу қондырғылары жойылды. Осылайша, біздің елмізде бұдан былай ядролық қару атымен жоқ. Оның жиынтық әлеуеті өзінің қуаты жөнінен планетада төртінші орында болатын.

Ядролық қару қайтадан адамдарды қырып-жойып, табиғатты тлқандаудың құралына қандай жағдайда да айналмауға тиіс. Ядролық қару сынағын тоқтау - бұл ядролық қаруға ие мемлекеттердің ең асқақ ізгілікті миссисы.

Менің рефератымның мақсаты келесі міндеттерден тұрады:

  • Ядролық қару
  • Ядролық сынақ зардаптары
  • Ядролық қаруды жою
  • Невада-Семей қозғалысы

1989 жылдың 28 ақпанында болған еді. Сол күні ақын әрі жалынды шешен Олжас Сүлейменов қазақ теледидары арқылы мәлімдеме жасады. Олжас Сүлейменовтың сол жалынды сөзінен кейін Семей полигонындағы ядролық сынақтарға қарсы бағытталған ашу-ыза өрті қаулап кетті. Сол күні Алматыдағы көп адам жиналған митингте О. Сүлейменов еліміздің барлық қоғамдық, шығармашылық, діни ұйымдарына, бейбітшілік қорғау Комитеттеріне, халықаралық «Жасыл Әлем» ұйымына, «Адамзатты аман алып қалу» халықаралық қорының Комитетіне, Невада штатында сынақтарға тыйым салу қозғалысын жақтаушыларға Үндеуін оқып, Қазақстанда ядролық сынақтарды тоқтатуды талап етті.

Ядролық қару

Материаны фундаментальды зерттеу барысында ядролық қару дүниеге келді. Оны ең алғаш рет 1939 жылы атом ядросын Курчатов Игорь Васильевич ашқан болатын. Ол кім деген сұрақ туындайды?

Игорь Васильевич Курчатов 1903 жылы дүниеге келді. Балалық шағы Қырымда, Симферопольда өтті. Ол көп оқып, музыкамен шұғылданды, футбол ойнайды. Игорь сабақты үздік оқып, гимназияны алтын медальға бітіріп шығады.

Ол Қырым университетіне түскеннен кейін бірден физикаға құмарта бастады. Талантты жігіт жайын естіген Ленинград физика-техника институтының директоры академик А. Ф. Иоффе оны сол кезде совет физикасының орталығы болып тұрған өз институтына шақырады. Осында келген соң Курчатов ядролық физика саласындағы өзінің тұңғыш ғылыми жаңалықтарын ашты, сөйтіп оның есімі ғылым әлеміне кең тарайды.

1939 жылы ғалымдар тобы атом ядросында орасан энергия қоры жасырынып жатқанын ашты. Олар осы энергияны ауыздықтап, адамға қызмет еткізудің жолдары мен тәсілдерін болжады. Алайда, ядро энергиясын бүліншілікке душар ететін қаруға да пайдалануға болатын еді. Міне, осы қауіп Ұлы Отан соғысы басталуына байланысты шындыққа айналды. Фашистік Германияда атом бомбасын жасаудың барлық жолдары жедел қолға алынып жатты. Осымен бірге Совет Одағы мен Германия арасындағы үлкен бәсекелестік пайда болады. Осы екі державалардың атом бомбасын тез арада жасауға үлкен үлес қосты.

Бейбітшілікті фашистік бұғау қаупінен қорғап қалу үшін, тап сондай қару және оны тез арада жасап шығару қажеттігі тұрды. Сол мақсатпен 1942 жылдың өзінде-ақ Совет үкіметі жұмысты басқаруды Курчатовқа тапсырды.

Ядролық сынақ зардаптары

Қазақстан ХХ ғасырдың екі ғаламат оқиғасының - ядролық қаруды игеру мен космостық кеңістікке шығу секілді тарихи оқиғалардың куәсі. Ол ұлы державалар үшін қуаныш болса, халқы үшін қасірет еді.

Кейінгі жарты ғасыр бойы әлем өміріне қауіп төндіріп келе жатқан ядролық қарудың көзін құрту барлық халықтардың арманы болып отыр. Жойқын қаруды 1945 жылы бірінші болып сынаған да, сонан соң жауына қарсы жұмсаған да АҚШ еді. Бірақ атом бомбасына АҚШ-тың монополиясы көпке созылмады. КСРО-ның да қол жетіп, екі мемлекет арасында жанталаса қарулану жолында егес-бәсеке басталып жүре берді. Осы мақсатта атқарылмаған іс қалмады. Ең алдымен, сынақ полигонын дамытуға мән берілді. Оған қоса, осы саладағы жұмыстар тек құпия түрде жүргізілді. Бұрынғы Кеңес Одағының ядролық жиынтығына 700 000 тұрғыны бар 10 жабық ядролық қала қараған екен. Ал салада 1 млн. астам жұмысшылар қызмет атқарған.

Деректерге сүйенсек, әлемде 2044 ядролық жарылыс өткізіліпті, оның 513-і атмосферада. Соның 52, 7 проценті АҚШ-та, 35 проценті бұрынғы КСРО-да, 8, 8 проценті Францияда, 2 проценті Ұлыбританияда және 1, 6 проценті Қытайдың Қазақстанмен шектес Лобнор полигонында болған. Ал жалпы 1945 - 1989 жылдар аралығында АҚШ пен КСРО-да жасалған ядролық сынақ деректері мынадай:

Бұл цифралар құпия «атом соғысының» қызықты тарихын көрсете алады.

1975 жылы жердің астында ядролық қаруға сынау жасалып, 1960 жылдан бастап уран алу жұмыстары жүргізілген. Жарылыстан кейін жердің бетінде ойдым-ойдымдар пайда болған.

Торғай облысы мен Қостанай облыстарының шекарасындағы Наурызымда да бірнеше атом сынағы өткізілген. Жарылыс Қостанай жерінде 1972 жылы 8 көкекте жүзеге асты. Сілкіністің қуаты 1 килотондай болды. Міне, Қазақ жерінің көп бөлігі 40 жылдан астам уақыт бойы осы айналып, топырақ қабаты, ауа мен су ластанған.

Мұндай жарылыстар Сарыөзекте жыл жарымға тақау уақыт бойы үзілмеді. Осы мерзім ішінде бұл жерде ОТР-22 және ОТР-23 ракеталарының 1268 данасы жойылды. Алғашқыда ракеталар төрттен, ал кейіннен алтыдан жарылды.

Иә, қазақ халқына ұзақ жылдардағы жарылыстардың тигізген зардабы мен зияны адам айтқысыз.

Ядролық қаруды сынау зардаптарын анықтау мақсатымен кезінде құрылған ғылыми экспедиция 1957 жылы-ақ Семей облысының Абай ауданы тұрғындары мен малдарында радиацияның үлкен сәуле ауруы патологиясы барын анықтаған еді. Радиациялық сәуленің жалпы дозасы 400 рентгеннен кем емес болды. Мысалы, Семейдегі ядролық сынақтар салдарынан соңғы жылдары әр жүз адамға шаққанда жүйке-психикалық ауруға шалдыққан адамдардың саны 960-1624-ке, ақыл-ойы кем адамдар 3105-тен 4612-ге, невроз және жүйке тамыр дерті бар адамдар 3692-ге көбейген. Ал сары ауру, іш ауру сияқты дерттер халықты әбден меңдеген. Бұрын өкпе ауруын тұқым қуатын ауру деп келсек, енді қазақтар дауасыз рак, лейкоз, паралич, анемия, жазылмайтын тері ауруларынң алуан түрлеріне душар болып отыр. Ұрпаққа жалғасатын мұндай дертке дәрі де, дәрігер де дәрменсіз. Өйткені олардың бұрын-соңды адамзат баласында кездеспеген ауру-сырқаулардың «жаңа» түрлеріне тап болып отырғандықтан жасырын емес. Қазір республиканың қай тұсында болса да, түрлі аурулар жұқпалы аурулармен ауыратын адамдар мың адамға шаққанда қазір 7, 7 адамнан келеді. Бұл көрсеткіш 2000 жылға қарай өсіп, 10, 6 - 11, 0 адамға жетеді. Жыл сайын 20 мыңға жуық сәби шала туып, 5 мың сәби іштей мүгедек болып жарық дүниеге келіп жатыр. Міне, осының бәрі жеріміздегі алапат ядролық жаралыстар әсері деп білеміз.

Ядролық қаруды жою.

Ядролық қаруды жою - барлық қазіргі заманның ең күрделі мәселесі. Оның бәрін ойластыру біздің ең күрделі мәселесі. Оның бәрін ойластыру біздің ұрпаққа жүктеліп отыр. Қазақстан халқының тілегіне сәйкес Президентіміз Н. Назарбаевтың Жарлығымен Семей полигоны жабылды. Бұл әлемге әйгілі ұлы жеңіс еді. Ендігі мақсат - бүкіл дүние жүзіндегі ядролық ракеталарды, атом бомбаларын жою.

Невада - Семей қозғалысы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біріккен Ұлттар Ұйымының ядролық қарусыздандыру және ядролық қару - жарақты таратпау саласындағы халықаралық құқықтық негіздері
Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ядролық қарусызданудың маңызын
Ядролық қару түрлері
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының қарусыздану іс - шараларына қатысуы
Ядролық қарудың жарылыс ошағы
Жаппай қырып жою қаруларының түрлері
Ядролық қару таратпау саласындағы саясатқа тарихи шолу
Соғыс кезіндегі қауіпті жағдайлар
Иранның ядролық бағдарламасының мақсаты
Ядролық жарылыстың қауіпті факторлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz