Көне түріктердің діні, наным-сенімдері және салт-дәстүрлері
Кіріспе 3
1. Түріктердің «Тәңірі . құдайы». 4
2. Ұмай . береке молшылдық құдайы 8
3. Шамандық 9
4. Түріктердің қасқырдан жаратылу уағызы 11
5. Аққу құс культі 11
6. Соғды халқының түрік еліндегі орны 12
7. Буддизімнің түрік халқына әсері 14
8. Хрестиян дінінің түрктерге ықпалы 15
9. Арабтардың Орта Азияны жаулап алуы мұсылман дінін насихаттауы 16
10. Көне түріктердің әдет.ғұрпы, дәстүрі 18
Қорытынды 19
Қолданған әдебиеттер: 20

Көне түріктердің рухани әлемі – аса күрделі мәселелердің бірі.
Көне түріктер дәуірінде тек қана ашина түріктердің (тугю) құдіретті қағанаттары ғана емес, сонымен бірге ұйғырлардың және енисейлік қырғыздардың мемлекеттері де өмір сүрді, Қазіргі Тыва, Монғолия, Хакасия, Оңүстік Алтай, Қазақстан және Орта Азия территорияларында жүргізілген археологиялық зерттеулер көне түріктер мемлекеттерінің құрамы ірі, әрі тұрақты этникалық топтардан тұрғандығын және жүздеген жылдар өмір сүргендігін көрсетіп отыр.
Көне түріктер дәуірінің негізгі этномәдени аймақтарын былайша айқындайды:
1) Орталық және Орта азиялық түрік қағанаттары құрамъша енген тайпалардың аймағы (Монғолия, Тыва, Алтай, Қазақстан, Шығыс Түркістан және Орта Азшшың біраз жері);
2) Көне қырғыздардың — хягастардың мемлекеті қүрамындағы тайпалар аймағы (Минусинск ойпаты, ал 840 жылдан X ғ. дейін Монғолия, Тыва, Алтай жері);
Шығысында Қытайдан батысында Византияға дейінгі аса ауқымды аймақты алып жатқан бұл тайпалардың өзара байланысының маңызды дерек көздеріне көне түрік дәуіріндегі тас мүсіндер, петроглифтер, сондай-ақ жерлеу ғұрыптары жатқызылады. Көне түріктер мәдениетінің ортақтығың руна жазба ескерткіштері және олардың бірыңғай діни наным-сенім жүйесі де айқындайды.
Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырушы дәнекер рөлін атқара жүріп көне түріктер тамыры терең, айшықты дәстүр-салты бар өзгеше дала мәденеитінің негізін салыпған мемлекет.
Төрткүл даланың түпкір-түпкіріне тарап кеткен бүгін 160 миллиондай түрік тілдес халықтардың түп атасы – көне түріктер. Түріктердің рухани өмірі қанша күрделі болғаны әйгілі, бабаларымыздың табиғат пен туған жерге деген сүйіспеншілігін ешқашан жоғалтпаған!

1. Махаев А.Ш. Көне түріктердің рухани мәдениеті: Көмекші оқу құралы. 2-басылымы. –Алматы: Қазақ университеті, 2002
2. Аманжолов А.С. Түркі философиясы және жазу тарихы. Алматы 1996
3. Айдаров Ғ. Күтегін ескерткіші. Алматы, 1995
4. Қоңыратбаев Т. Әуелбек Қоңыратбаев – түркітанушы. Алматы 1996
5. Гумелев Л.Н. көне түріктер. Алматы, 1994
2. Аманжолов А.С. Түркі философиясы және жазу тарихы. Алматы 1996
3. Айдаров Ғ. Күтегін ескерткіші. Алматы, 1995
4. Қоңыратбаев Т. Әуелбек Қоңыратбаев – түркітанушы. Алматы 1996
5. Гумелев Л.Н. көне түріктер. Алматы, 1994
Көне түріктердің діні, наным-сенімдері және салт-дәстүрлері
Мазмұны
Кіріспе 3
1. Түріктердің Тәңірі - құдайы. 4
2. Ұмай - береке молшылдық құдайы 8
3. Шамандық 9
4. Түріктердің қасқырдан жаратылу уағызы 11
5. Аққу құс культі 11
6. Соғды халқының түрік еліндегі орны 12
7. Буддизімнің түрік халқына әсері 14
8. Хрестиян дінінің түрктерге ықпалы 15
9. Арабтардың Орта Азияны жаулап алуы мұсылман дінін насихаттауы 16
10. Көне түріктердің әдет-ғұрпы, дәстүрі 18
Қорытынды 19
Қолданған әдебиеттер: 20
Кіріспе
Көне түріктердің рухани әлемі – аса күрделі мәселелердің бірі.
Көне түріктер дәуірінде тек қана ашина түріктердің (тугю) құдіретті
қағанаттары ғана емес, сонымен бірге ұйғырлардың және енисейлік
қырғыздардың мемлекеттері де өмір сүрді, Қазіргі Тыва, Монғолия, Хакасия,
Оңүстік Алтай, Қазақстан және Орта Азия территорияларында жүргізілген
археологиялық зерттеулер көне түріктер мемлекеттерінің құрамы ірі, әрі
тұрақты этникалық топтардан тұрғандығын және жүздеген жылдар өмір
сүргендігін көрсетіп отыр.
Көне түріктер дәуірінің негізгі этномәдени аймақтарын былайша
айқындайды:
1) Орталық және Орта азиялық түрік қағанаттары құрамъша енген
тайпалардың аймағы (Монғолия, Тыва, Алтай, Қазақстан, Шығыс Түркістан және
Орта Азшшың біраз жері);
2) Көне қырғыздардың — хягастардың мемлекеті қүрамындағы тайпалар
аймағы (Минусинск ойпаты, ал 840 жылдан X ғ. дейін Монғолия, Тыва, Алтай
жері);
Шығысында Қытайдан батысында Византияға дейінгі аса ауқымды аймақты
алып жатқан бұл тайпалардың өзара байланысының маңызды дерек көздеріне көне
түрік дәуіріндегі тас мүсіндер, петроглифтер, сондай-ақ жерлеу ғұрыптары
жатқызылады. Көне түріктер мәдениетінің ортақтығың руна жазба ескерткіштері
және олардың бірыңғай діни наным-сенім жүйесі де айқындайды.
Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырушы дәнекер рөлін атқара жүріп көне
түріктер тамыры терең, айшықты дәстүр-салты бар өзгеше дала мәденеитінің
негізін салыпған мемлекет.
Төрткүл даланың түпкір-түпкіріне тарап кеткен бүгін 160 миллиондай
түрік тілдес халықтардың түп атасы – көне түріктер. Түріктердің рухани
өмірі қанша күрделі болғаны әйгілі, бабаларымыздың табиғат пен туған жерге
деген сүйіспеншілігін ешқашан жоғалтпаған!
1. Түріктердің Тәңірі - құдайы.
Тәңіршілдік — монотеистік сипаттағы діни жүйе. Ол бір кұдайды
мойындайды және орталықтанған қаған билігінің, түрік империясының, кейіннен
қағанаттардың идеологиясы ретінде қызмет еткен.
Тәңірге табынудың идеялық негізі — табиғат заттары мен кұбылыстарын
жанды деп қарау болып табылады. Тәңіршілдік сана әр заттың иесі, жаны бар
деп пайымдайды. Дүниейің барлық объектілері адам секілді, оларға сезім мен
сана тән-мыс.
Тәңірге табыну алғашында дін түрінде емес, космологиялық түсініктер
мен идеялардың жиынтығы ретінде, табиғи құбылыстарға мінажат етумен
байланысты пайда болады. Жеке бір халық қана тәңірге табынған десек қателік
болады. Тәңірге сенудің терең тарихи тамырлары бар. Ол күллі дін атаулыдан
бұрын пайда болған.
Тәңірі бейнесі б.э.д. бірнеше ғасырлар бұрын пайда болған Орталық
Азйядағы ең көне мифологиялардан келіп шығады. "Тәңірі" атауының шығу тегі
ғұндардың "ченли" және қытайдың "тянь", тіпті шумерлік "дингир" сөздерімен
байланыстырыла қарастырылады. Бұл сөздердің бәрі бір ғана мағынаны — аспан,
мәңгі көк аспан дегенді білдіреді. Басқа кұдайлардан айырмашылығы Тәңірі
материялданбаған, ол — рух, бүкіл тіршіліктің иесі.
"Тәңірі — кұдай", — деп көрсетеді Ш.Уәлиханов. Ұлы Абай да Тәңірі
ұғымын "жасаған" ретінде көп қолданған.
Тәңірінің "жасаған" ұғымына айналуы VII—VIII ғасырларда Орталық Азияда
Түрік қағанатының пайда болуымен тығыз байланысты. Тәңірічидеясы Түрік
қағанатының билігін уағыздап, дәріптеді.
Қоршаған орта, табиғат көшпелі түрік тайпаларының тұрмыс-тіршілігішң
көзі ретінде маңызды рөл атқарды, бұған қоса олардың кәсіби қызметі, яғни
малды күтіп-бағу табиғи-климаттық жағдайларға тәуелді болды. Сондықтан да
көне түріктердің діни наным-сенімдері табиғатқа табынушылық сипат алды.
Тәңір-құдайдың пайда болған уақыты қай кез деген мәселе бойынша
оқымыстылардың пікірі бір ізді емес, француз ғалымы Жан-Поль Ру біздің
заманымыздың аз алдында десе, қытайлық тарихшылар б.з.б. V—III ғ.ғ. дейді,
ал белгілі лингивист-ғалым О.Сүлейменов Шумер ескерткіштері негізінде
б.з.б. IV мыңжылдықта пайда болған деген ойды ұсынады. Ол: "Ғайса пайғамбар
туғаннан 4 мың жыл бұрын философиялық ілім ретінде қалыптасып, жер
бетіндегі ең ескі ілімдер — семит және үнді-иран діндерінің анасы болып,
ежелден мысыр діндеріне елеулі әсерін тигізген тәңіршілдік", — деп жазды.
Әуелгі түрік дәуірінің өне бойында Тәңірге табынушылық бүкіл евразия
көшпелілері арасына тарайды.
"Биікте Көк Тәңірі,
Таменде қара жер, жаралғанда,
Екеуінің арасында адам баласы жаралған " —
дейтін Күлтегін жырының үлкен жазбасындағы жыр жолдары көне
түріктердің Аспан және адам бір мезгілде жаралды деп түсінгендіктеріне
меңзейді. Кеңістікті Жоғарғы, Орта және Төменгі әлем деп (жоғарыда — аспан,
төменде — жер, екеуінің арасында адам) деп бөлу көрінісі байқалады.
Көне түріктердің мифологиясындағы ең жоғарғы сатыда бір объект — көк
аспан және құдайды білдіретін Тәңірі бар. Тәңірі құдай кене түріктер
түсінігі бойынша бірнеше сипатқа ие:
а) жоғарғыны яғни көкті көрсетеді;
ә) жаратушы кызметін атқарады;
б) жазалаушы қызметін де атқарады;
в) еркектік бастаумен байланысты қаралады.
Осыған орай, Күлтегіннің үлкен жазбасынан тағы да мысал келтірейік:
"Түркі халқы:
"Қырылайық, жойылайық" дecmi,
Ажалға жылжи бастады,
Көкте түрік тәңірісі,
Түріктің қасиетті жері, суы
Былаи депті:
"Туркі халқы жойылмасын" — дейді.
Орхон жазбалары мазмұны көрсеткендей, Тәңірі халыққа шексіз билік
жүргізеді. Оның жердегі әмірін жүргізуші қағанның іс-әрекеті де тікелей
Тәңірінің тілегімен астасып жатады.
Түркі халкының атақ-даңқы
Өшпесін деп,
Әкем қағанды,
Шешем қатынды
Көтерген тәңірі,
Ел берген тәңірі
Түркі халқының атақ-даңқы
Өшпесін деп,
Мені қаған етіп отырғызып еді.
...Көп қолмен он екі жорық жасадым.
Сөйтіп тәңірі жарылқады.
Тәңірінің адамдарға қатысы Тоныкөк жырынан да байқала-ды:
Соғыстық,
Бізден екі-үш есе артық еді,
Тәңірі жарылқағандықтан,
Kөп дen біз қорықпадық.
...Жеңдік.
Өзінің мәні жағынан Тәңірі монотеистік дінге жақын. Діни
көзқарастардың дамуы барысында көк аспан сияқты Тәңірін барынша күрделі
құдй-космос-Тәңірі-каинат түсінігі алмастырады. Мұндай ұғымдағы Тәңірі
өзіне космосты, оның көзге көрінетін бөлшектерін: күнді, айды, планетаны,
жүлдызды, адамды, табиғат құбылыстарын, жан-жануарды, өсімдіктерді қамтиды.
Енді табиғат культі және басқа культтер, наным-сенімдер, көзқарастар
барынша күрделенген Тәңірі туралы ұғымға айнала-ды. Тәңірі әрі рух, әрі
дене, әрі олардың бірлігі секілді бейнеге ие.
Көне түріктер дөуірінде "Тәңірі" сөзі бірнеше мағынада қолданылады:
1) аспан, дүние бөлігі ретінде;
2) Құдай ретінде;
3) құдайланған адам ретіңде;
4) әмір етуші, әмірші.
Осы политеистіх мәнде Тәңірі аспанда, жерде, суда, тау мен жануарлар
әлемінде де болса керек. Қазақтарда: "Көк тәңірі", "Жер тәңірі", "Аң
тәңірі", "Су тәңірі", "Құс тәңірі" деген ұғымдар сақталған. барлық сөз
тіркестерінде "тәңірі" сөзі "бұйырушы", "құдай", "билеуші" деген мағынаны
білдіреді.
Көне түріктердің түсінігі бойынша жердегі өмірмен байланысы бар көк
аспанның негізгі атрибуттары бұлар күн мен ай болған. Енисейлік құлыптас
ескерткіштерде "көк аспандағы күн мен айды жоғалттым" деген сөздер жиі
кездеседі. Орхон түріктері күнге қарап бағыт-бағдарды айқындаған.
Тәңірі бейнесі түркі тілдес халықтардың ғана рухани мұрасы емес, ол —
Орталық Азиядағы барлық халыққа ортақ дүние. Көне мифологиялық шығыстық
бейне қатарына жатататын Тәңіріні алтайлықтар — "тенгри", буряттар —
"тэнгри", сахалар — '"Тангара", тывалықтар — "дээр", шорлықтар — "тегри",
монғолдар — "тэнгер", шорлықтар— "тура" дейді. Айтылуы әртүрлі болғанымен,
мағынасы барлық халықта бірдей: рух, алғашқы бастау дегеңді білдіреді.
Көне қытай және шумер халықы түсінігінде де Тәңірі өмір мен игіліктің
көзі болып есептелінген.: Түркі, монғол және басқа халықтар түсінігінде
Тәңірінің мекені — көк аспан, ол көк аспанның тұрғындарына иерархия төн.
Сондықтан аспан тоғыз қабатка бөлінеді. Әрбір қабат тағы екіге бөлінед:
жарықка және қараңғыға, мейірбандыққа және әзезілдікке. Бұл дегеніміз кұдай
мейрімді және қатал, құтқарушы және жазалаушы ретінде болады деген сөз. Ол
бәрін көреді, шешеді, адам тағдыры да сол көктегі кұдайдың қолын-да.
Тәңіршілдік дінінің терең даналығы сонда, ол адамды кемсітпейді, қайта
адамды ерлікке, жақсы іске қарай ынталандырады.
Көне түрік дінінде түрік Тәңірісі бейбітшілік Тәңірісі болатын, — деп
жазды ұлы ойшыл Зия Гөкалп. Түрік дінінің өзегі болып табылатын ил (ел)
сөзі "бейбітшілік" мағынасын беретін. "Елші, Елхан" "бейбітшілік қағаны"
деген болатын. Түрік елхандары Манчжуриядан Мажарстанға дейін бейбітшілік
орнықтырған, бейбітшілік саясатының бастамашылары еді.
Тоғыз қабат аспан әлемі туралы түсінік ұзақ уақыт бойғы даму сатысынан
өткен және де өзге халықтар түсінігіне әсер еткен болса керек. Мысалы,
монғолдардың түсінігінде аспан тоқсан тоғыз қабаттан тұрады, соған қарай
Тәңірі атты 99 құдай бар. Ал еуропалық христиандар шығысқа тән дүниетанымды
толық алмай, тек құдайыланған үштік Троица туралы түсінік қалыптастырған.
Кене түріктік құдайлар пантеонында да бірнеше Тәңірі болған. Бірақ
олардың саны нақты қанша болғанын айту қиын. Әйтсе де осы бағытта арнайы
зерттеулер жарық көре бастағанын атап өткен жөн.
Тәңіршіддік діни жүйесінде маңызда орын алған Бұт тәңірінің бейнесі
көне түріктер мәдениетінде қаған билігінің символын және қағандық (ер) пен
қатундық (әйел) бастаудың бірлігі идеясын әйгілеген құдай болды деп
түсіндіреді зертгеушілер Ю.А.Зуев пен Г.Е.Агелеуовтер.
Шумер-түрік мәдениетін салыстыра отырып, О.Сүлейменов тәңіршілдіктің
өзекті идеясының бірі — қамта тірілуге сену болған, Монғолиядан Венгрияға
дейінгі жалпақ далада тізілген қорғандар басына қойылған тас әйелдер мүсіні
— адамдарды қайта тірілтуші Тәңірия—Иштордың бейнесі, өлікті тәңіршілдік
рәсімімен жерлеудің бірден-бір белгісі осы тас мүсіндер деп көрсетеді.
Көне түріктік пантеонда бақыт сыйлайтын тағдыр құдайы — Жол тәңірі
болды. Жол тәңіріге ұқсас бейнелер үнді еуропалық мәдениетте де кездеседі.
Мысалы, Пушан — жол құдайы, көкке баратын екі жолдың иесі, бар құпияның
сырын біледі. Жол тәңірі қыпшактардың мифологиялық бабасы Ақ төр, яғни Ақ
жол бейнесіне ұқсайды. Қазақ хандарының билігі де "Қасым ханның қасқа
жолы", "Есім ханның ескі жолы" және т.б. деп жолмен байланыстырылған.
"Көне түріктер Жол тәңірі қүт-берекеге жеткізеді деп түсінген.
"Ырқ бітікте" Ала атты жол тәңірі және Қара атты жол тәңірі туралы
мәліметтер кездеседі.
Ала атты Жол тәңіріне тән қасиеттер мыналар: а) оның ала аты бар: ә)
ол ылғи қозғалыста болады; б) адам баласымен тікелей қарым-қатынас жасауға
мүмкіндігі бар; в) адаммен жақсы қарым-қатынас жасауға әзір.
Енді қара атты Жол тәңірінің сипатына назар аударйық: а) өзі қара
түсті, қара жолдың қожайыны; ә) медициналық қызмет көрсете алады.
"Сынғаныңды бүтіндеймін, үзілгенің болса — жалғаймын" дейді адамға; б)
жасампаздық қызметі де бар. Мен халықты (немесс мемлекетті) жасадым", —
дейді. "Ырқ бітік" кітабындағы бұл мәліметтер кене түріктердің түсінігінде
екі қарама-карсы — жарық, мейрімділік және түнек, зұлымдық құдайларының
болғандығын аңғартады.
2. Ұмай - береке молшылдық құдайы
Ұмай ертедегі орталық және Орта Азияны мекендеген көшпелі (түркі
тілдес халықтардың ұрпақ жалғастырушы, береке молшылдық құдайы болған. Бұл
әйел құдай көне түрік қорымдарында (пантеонында) ғарыш құдайы Тәңірден
кейін екінші орын алған. Көне түріктердің ғұламасы Тоныкөкке арнап қойылған
ескерткіште мынадай жолдар бар: "Бізді дәйім жебеп жүрген Тәңірі ием, Ұмай
анам мен жер-суым".
Көптеген түрік халықтары тілінде де "Ұмай мен "ұма" сөзі мағыналас.
Олар баланың орны, жатыр, құрсақ мағынасында қолданылады. "Ұмай" сөзінің
төркіні алтайша емген (ана), сахаша биедеген мағынаны береді.
Сонымен ежелгі түркілердің ұғымында Тәңірі аспандағы ер рөлінде
керініп, Ұмай — жер-ана болып қабылданған. Көне түріктердің Ұмай анаға
табынуы Күлтегін, Тоныкөк жырларында байқалады. Мұнда қағанның әкесі
Тәңірге, анасы Ұмай анаға теңестіріледі.
Көне түріктер ұғымында Отан сөзі қасиетті жер-су деп беріледі. Жер-су
культіне байланысты түрктер таудың жартастың, өзен-көлдердің рухына
сиынған.
Тау культінің негізіне жерден, судан және көктен келетін үш қатерден
сақтану әрекеті жатады. Әр рудың өзінің касиетті тауы болады. Бірінші түрік
қағанатының түріктері Гобидің оң жағындағы Бодын-Інлі тауын, ал екінші
түрік қағанаты түріктері Өтүкенді (Монғолия жеріндегі Хангай таулары)
кәсиетті, құт мекен деп қадыр тұтқан.
Бұл таулардың, өзендер мен көлдердің киелі аруағын кәстерлеу емес, сол
таудың, өзен мен көлдің өзін қастерлеп, қүдірет тұту, яғни біз бұл арада
табиғаттың рух-бейнесін емес, өзін тіріге санап, қасіерлеу ісін көреміз.
Бабалар қалдырған жер-суды қастерлеу — жер-су культінің басты мазмұны.
Орхон-Енисей жазбаларында бұл наным жер-суды иесіз қалдырмау қажет, әйтпесе
жер-су иесі ұрады деп түсіңдіріледі. Көне түріктер ұғымында жер-су адамның
езі өмір сүретін әлемді білдіреді. Түріктер табиғатқа табынғандықтан өлген
адамның денесін өртеп, жер ананың қойнына күл мен көмірін ғана жерлеген.
Егер адам күзде не қыста қайтыс болса, әдет-ғұрыптарын жасау, көктемде жер
көгеріп, шөп шығып, жапырақтар жайқала бастаған кезде жерлейтін болған. Бұл
әдет наным-сенімінен табиғаттың төрт кезеңіне толық табыну байқалады. Көне
түрік жазба ескерткіштерінде адамдарға ажал жіберетін жер астындағы өлім
кұдайы Эрклиг жайлы айтылады. Ол әрбір адамның жанын алып, өмірін
қысқартатып құдай бейнесі ретінде ұғынылған.)
Өлген адамды жерлеу салты дами келе өлік туралы түсінікті дараландыра
түсіп, аруақ ұғымын туғызады. Кез келген кұбылыстың "иесі", "онгоны"
кейіннен аруаққа айналады. Әрине, адамның бәрі бірдей аруаққа айнала
алмайды. Руға басшы, қамқор болған адамдар ғана аруаққа айналады. Демек,
аруақ деп жүргеніміз табиғаттағы жанды-жансыз нәрсенің иесі, яғни Тәңірінің
өзі. Кектегі Тәңірінің өзі, жер, су және Ұмай, олардың рухтарының барлығы
аруақ болып табылады. Сонымен қатар адамдар Ұмай ықыласы ауғанға көктен
кемпірқосақ арқылы түседі деп ойлаған. Кемпірқосақтың өзі Тәңірі мен
Ұмайдың қосақталған көрінісі. Өйткені кемпір сөзі кам (шаман) - пір (ана)
дегенді айғақтайды. Адамдар мен күдіретті күштер арасында жүретін қоғамдағы
ерекше әлеуметтік топ шамандар болды. Шамандар көне түріктердің қоғамдық
өмірінде маңызда рөл атқарған.
3. Шамандық
Шаман атауы көне түріктерге дейін белгілі болған. Бұған б.э.д. бірінші
мың жылдықтың аяғына қарай ғұндарда шамандар болды деп мәлімдейтін қытай
деректері куә бола алады, қытай тарихшылары шамандарды ру деп атаған.
Қазіргі заманғы оқымыстылар бұл сөзді шаман деп нық сеніммен аударып жүр.
Қытай деректерінде ғұн шамандары "Жер рухына" құрбандық шалатыны
туралы айтылады. Сондай-ақ ғұн жауынгерлеріне шамандар магиялық күштер
арқылы жәрдем бергендігі баяндалады. Енді сөзіміз дәлелді болу үшін қытай
деректерінен үзінді келтірейік: "Сюннулер өздері жүрген жолдың өне бойында,
сонымен бірге асуларда қой мен өгіздерді жерге көміп, рухтардан хан
әскеріне өлім жіберілмеуін сұрауды өтінген".
Шаман ғұрыпының бұл көрінісі тыва халқы дәстүрлерінде күні кешеге
дейін сақталған. Тывалықтарда ғасыр басына дейін сақталған жол бойына
тастан үйме қылыш, оба жасау дәстүрі болған. Бұл дәстүрдің мәні — жол
маңындағы жергілікті рух-қожайындардан ақ жол сұрауы. Рухтардың ниеті түзу
болу үшін өгіздер тірідей тас қаланған, яки обалар жасалған жерлерге
көмілген. Мұндай "оба" деп аталған тас үймелерді жол бойына, асулы жерлерге
салу көне түріктерге де тән болған. Бірақ көне түріктер мұндай жерлерде
жануарларды құрбандыққа шалды ма, жоқ па беймәлім.
Тарбағатай өңіріне дейін жеткен юебань тайпаларының шамандары 449 ж.
жужандармен соғыс кезінде жауға соққы беру үшін нәсерлі жаңбыр, қарлы боран
және су тасқынын шақырған.
Жоғарыда келтірілген мысалдар ғұндарда шамандар болғанын және оның
кейбір қызметі мен әдістері біздің заманымызға шейін келіп жеткенін
дәлелдейді.
Қытай жылнамаларында жужандардан шыққан жас шаман өйеддің билеушінің
(әміршінің) сарайында қызмет еткені, теле және ұйғыр тайпаларында шамандар
қызмет ететіндігі және олардың найзағай түскен жерге құрбандық шалып, қойды
көметіндігі айтылады.
Зерттеуші Ә.Қоңыратбаев шамандық көбіне тибет, монғол, түрік
тайпаларына тән дейді. Ғалым одан әрі: "Шаман діні Түрік қағанаты заманында
толық туып қалыптасқан жоқ еді... Шамандық ұмай түрінде келіп, VII—IX
ғасырларда жаңа нанымға айналады, оның басы бақсылар болғанымен, нағыз
иелері — Қорқыт аталар, Бабай түктілер болған еді. Бұл кулът Сыр бойында
VIII—IX ғасырларда орнығады", — деп жазады.
Шамандық түріктерге қайдан келген деген мәселеге Ә.Қоңыратбаев былай
деп жауап берген: "Рас, шаманизм буддизмнің бір мазхабы болған. Ол VI—VII
ғ.ғ. Үнді елінен Тибет пен Қытайға, содан соң түрік-монғоддарға өткен".
Ал шамандықты зерттеуші тағы бір ғалым Л.П.Потапов бұған қарсы
мынандай уәж айтады: "...көне будда дінінде үндістерге жануарларды союға,
қан шығарып, кұрбандық шалуға тиым салынды. Сондықтан шамандық Үнді елінен
келді деген дұрыс емес".
Француз ғалымы М.Элиада (Шаманизм және оның жүзеге асу әдістері.
Париж, 1951) өз еңбегінде көне дәуірде түріктерде шамандық дін ретінде
болды десе, екінші бір француз оқымыстысы Жан-Поль Ру (VII—VIII ғ.ғ. Орхон
түріктерінің діні. Париж, 1962) шамандықтың дін ретіндегі рөлін теріске
шығарады.
Осы қарама-қайшы пікірлердің ішінде Л.П.Потаповтың көне түріктерге
дейін ғұндарда, онан соң түріктердің өз арасында шамандар болды деуі
қисынды сияқты естіген дұшпандар баланы да қасқырды да өлтіруге бел буады.
Алайда қасқыр баланы алып, Алтай тауларындағы бір үңгірге әкеледі. Үңгірдің
ішінде айналасы бір лиге созылып жатқан көкорай шалғынды жазық бар екен.
Үңгірдің жан-жағын таулар қоршап жатыр екен. Осы үңгірде қасқыр баладан он
ұл тауыпты. Бұл ұлдар ержетіп он тайпа ел болады. Үлдардың бірінің аты
Ашина, яғни "бөрі" деп аталған. Ол ерекше қабілеті және ақылдылығымен көзге
түсіп, тайпа көсемі болады.
4. Түріктердің қасқырдан жаратылу уағызы
Н.Я.Бичурин келтірген келесі бір аңызда қасқырға байланысты былайша
әңгімеленеді.
Ғүндар көсемінің екі сұлу қызы болыпты, оларды күйеуге беруге қимаған
көсем көк Тәңіріне бағыттауды ұйғарыпты. Сөйтіп жапан түзде үй тұрғызып,
сол жерге қыздарын орналастырып, көктен қыздарын алуды сұрайды. Қыздардың
кішісі сол үйді күндіз-түні торып жүрген қасқырға күйеуге шығып, ұл табады.
Одан тараған ұрпақ көбейе келе бір мемлекет болыпты: сондықтан да бұл жерде
адамдар қасқырдың ұлығанындай созылыңқы әнді жақсы көреді екен. Теле
тайпаларының тұп атасы осы қыздың қасқырдан туған ұлы болып саналған.
Зерттеуші Л.Н.Гумилев бұл қытай жылнамаларында келтірілген аңыздарда
екі түрлі сюжет — мифологиялық және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz