Еңбек ресурстары



Халықаралық еңбек ұйымының Бас директоры Хуан Сомавианың 2005 жылғы маусымда өткен 93-ші Халықаралық еңбек конференциясындағы баяндамасында 2004 жылғы жаһандық экономиканың қарқынды беспайыздық өсуі мен оптимизм тудырмайтын – 1, 7 пайыз жұмыспен қамту арасындағы контрастқа алаңдаушылығын білдірді. Әлемде миллиардан астам жұмыссыз немесе «жұмыс істейтін кедейлер» бар. Әлемдік жұмыс күшінің жартысына жуығы күніне 2 АҚШ долларымен өмір сүреді. «Жұмыс адамдардың экономикалық, саяси және әлеуметтік үмітінде басты орын алатындығын» айта келіп, ХЕҰ Бас директоры экономикалық өсу мен жұмыс орындарын құру арасындағы алшақтықты еңсеру, лайықты еңбек тұжырымдамасын қозғау жұмыстарын жандандыру, жұмыспен қамту саласында өрескен шектеулермен ұшырасатын жұмыскерлер мен отбасыларды жұмыспен қамту проблемаларын шешуді іздестіру қажеттігін көрсетті. Барлық әлемде жұмыссыздыққа ұшыраған мүгедектер мен денсаулығы нашар адамдар, біліктілігі жетпейтін жастар, бұрын сотталғандар, бала тәрбиелейтін әйелдер, көшіп-қонушылар, этникалық аз топтар, селолық аудандарда және өндірісі құлдыраған жерлерде тұратын азаматтар көп.
Еңбек нарығында қауіп-қатер тобына үлкен жастағы адамдар да жатады. Олардың көбісі үшін жұмыспен қамту зейнетақымен қамсыздандырудың төмен деңгейіне байланысты әлеуметтік кедейлікті еңсеру құралы болып табылады. Үлкен жастағы топтың қызметкерлерінің жартысы белгілік әлеуметтік филосоы Э.Фроммның ойын қуаттағандай немесе қолдағандай, өмірдің тез ағынын сезіне отырып, өз әлеуетін толық іске асыруға ұмтылады.
Әр адамның еңбек ету құқығын қамтамасыз ету мақсатында егде жұмыскерлерді жұмыспен қамту саласында халықаралық-құқықтық стандарттар белгіленген. Халықаралық еңбек ұйымының Егде жұмыскерлер туралы 1980 жылғы 23 маусымдағы № 162 ұсынымының маңызы зор. Онда әрбір елдің ұлттық заңанамаға, тәжірибе мен жергілікті жағдайға сәйкес мұндай жұмыскерлерге кімнің жататындығын айқындайтындығы көзделген.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Еңбек ресурстары

Халықаралық еңбек ұйымының Бас директоры Хуан Сомавианың 2005 жылғы
маусымда өткен 93-ші Халықаралық еңбек конференциясындағы баяндамасында
2004 жылғы жаһандық экономиканың қарқынды беспайыздық өсуі мен оптимизм
тудырмайтын – 1, 7 пайыз жұмыспен қамту арасындағы контрастқа
алаңдаушылығын білдірді. Әлемде миллиардан астам жұмыссыз немесе жұмыс
істейтін кедейлер бар. Әлемдік жұмыс күшінің жартысына жуығы күніне 2 АҚШ
долларымен өмір сүреді. Жұмыс адамдардың экономикалық, саяси және
әлеуметтік үмітінде басты орын алатындығын айта келіп, ХЕҰ Бас директоры
экономикалық өсу мен жұмыс орындарын құру арасындағы алшақтықты еңсеру,
лайықты еңбек тұжырымдамасын қозғау жұмыстарын жандандыру, жұмыспен қамту
саласында өрескен шектеулермен ұшырасатын жұмыскерлер мен отбасыларды
жұмыспен қамту проблемаларын шешуді іздестіру қажеттігін көрсетті. Барлық
әлемде жұмыссыздыққа ұшыраған мүгедектер мен денсаулығы нашар адамдар,
біліктілігі жетпейтін жастар, бұрын сотталғандар, бала тәрбиелейтін
әйелдер, көшіп-қонушылар, этникалық аз топтар, селолық аудандарда және
өндірісі құлдыраған жерлерде тұратын азаматтар көп.
Еңбек нарығында қауіп-қатер тобына үлкен жастағы адамдар да жатады.
Олардың көбісі үшін жұмыспен қамту зейнетақымен қамсыздандырудың төмен
деңгейіне байланысты әлеуметтік кедейлікті еңсеру құралы болып табылады.
Үлкен жастағы топтың қызметкерлерінің жартысы белгілік әлеуметтік филосоы
Э.Фроммның ойын қуаттағандай немесе қолдағандай, өмірдің тез ағынын сезіне
отырып, өз әлеуетін толық іске асыруға ұмтылады.
Әр адамның еңбек ету құқығын қамтамасыз ету мақсатында егде
жұмыскерлерді жұмыспен қамту саласында халықаралық-құқықтық стандарттар
белгіленген. Халықаралық еңбек ұйымының Егде жұмыскерлер туралы 1980 жылғы
23 маусымдағы № 162 ұсынымының маңызы зор. Онда әрбір елдің ұлттық
заңанамаға, тәжірибе мен жергілікті жағдайға сәйкес мұндай жұмыскерлерге
кімнің жататындығын айқындайтындығы көзделген. ХЕҰ егде жұмыскерлерді
жұмыспен қамту проблемасын жалпыға ортақ және теңгермелі жұмыспен толық
қамту стратегиясы аясында және – кәсіпорындар деңгейінде – жалпыға ортақ
және теңгермелі әлеуметтік саясат аясында барлық халық топтарына тиісті
көңіл бөле отырып, сол арқылы жұмыспен қамту проблемасының бір топтан
екіншісіне ауыспауын қамтамасыз ете отырып қарастыру қажет деп есептейді.
ХЕҰ-ның № 162 (5, 21, 22-тармақтары) ұсынымында егде жұмыскерлер жасы
бойынша кемсітілмей, басқа жұмыскерлермен бірдей тең мүмкіндіктер мен қарым-
қатынастыру пайдалануы тиістігі егжей-тегжейді реттелген, атап айтқанда:
• кәсіби бағдар мен еңбекке орналастыру қызметтеріне қол жетімділік;
• олардың жеке қабілеттерін, тәжірибесі мен біліктілігін ескере отырып:
1. мемлекеттік секторға да, жеке секторға да олардың таңдауымен жұмысқа
(ерекше жағдайларда кейбір жұмыс түрлері үшін ерекше талаптарға,
шарттарға немесе ережелерге байланысты жас шектеулері белгіленуі
мүмкін);
2. кәсіби дайындық, атап айтқанда біліктілігін арттыру және қайта
мамандану мүмкіндігіне;
3. ақысы төленетін оқу демалысына, атап айтқанда кәсіби дайындық және
кәсіподақтық білім мақсатында;
4. қызмет бойынша көтерілуге және жұмыстың әділ бөлінуіне қол жетімділік;
• еңбек өмірінен еркін қызмет режиміне біртіндеп көшуге мүмкіндік
беретін жүйелер аясында жұмыспен қамту және еңбек қатынастарын тоқтату
тәжірибесі (зейнетке шығу ерікті негізде жүзеге асырылады);
• бірдей еңбегі үшін сыйақы;
• әлеуметтік қамсыздандыру шаралары мен әлеуметтік жәрдемақылар;
• қауіпсіздік техникасы ме еңбек гигиенасы саласындағы шараларды
қосқанда, еңбек жағдайы;
• бұл мүмкіндіктер және қол жетімдік кәсіби қызметпен немесе еңбекпен
қамтуға байланысты болғанда, тұрғын үй алу мүмкіндігі, әлеуметтік және
медициналық қызметке қол жетімділік.
Батыс елдерінде кәсіпорын әкімшілігінің кадр саясаты жұмыскер ретінде
жастарды алуға және кәсіпорыннан зейнет алды жастағы адамдарды шығаруға
құрылмаған. Кәсіби дайындығына көп шығын талап ететін жас жұмыскерлерге
ауыстырудан гөрі, еңбекке күш-жігерін аямайтын біліктілігі жоғары жұмысқа
қабілеттілікті сақтауға қаражат бөлу тиімді бола бастады. Көптеген
кәсіпкерлер егде жұмыскерлердің бұрынғы тәжірибесі мен жұмыста алған
дағдыларын ескере отырып, қайта даярлау мен өндірістік қайта бейімдеуді
жүзеге асыру орынды деп есептейді. Батыстағы жұмыс істейтін кәрілер
құрамында еңбек өнімділігінің өсуі даусыз факт болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы Қазақстан Республикасының
1999 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 4-бабына сәйкес әр адамның өз еңбек
құқықтарын іске асыруға бірдей мүмкіндіктері бар. Ешкімнің де еңбек
құқықтары шектелмейді және жынысына, жасына, нәсіліне, ұлтына, діни
көзқарасына, сеніміне, азаматтығына, қоғамдық бірлестікке қатысына, сондай-
ақ жұмыскердің іскерлік қасиеті мен оның еңбегінің нәтижесіне байланысты
емес басқа да мән-жайларға қарамастан, оларды іске асыруда қандай да бір
басымдықтар алмайды.
Дегенмен, қазақстандық жұмыс берушілер өте сақ болғандықтан, егде
жұмыскерлерді жаңа технологияларға икемдеу үшін оқыту қиын екендігіне
сенімді. Тең құқықты жас жағынан айыру барлық жұмыспен қамту спектрінде
және кез келген деңгейдегі фирмаларда да орын алған. Фактілер 50-ден асқан
жұмыскерлер қызмет бойынша жылжуда, біліктілігін артырру мүмкіндігінде де,
бос орындарға қабылдау туралы олардың өтініштерін оңа қрау кезінде де
қиындықтарды сезінетіндігін көрсетеді. Қоғам осы әлеуметтік-демографиялық
топқа деген сананы жаппай өзгерткенде ғана егде азаматтар саны көп елдің
ойдағыдай дами алмайтындығын байқағысы келмейді.
Егде жастағы адамдардың өздері де өмір жиегінде оларға бөлінген
орынмен, яғни үй қызметшісі роліне мойынсынғысы келмейді. аға ұрпақ
өкілдерінің көбісі үшін нақты мүмкіндік қоғамға жақын болып қалу, өзінің
әлеуметтік мәрбетесін сақтау зейнет жасына жеткеннен кейін кәсіби қызметін
жалғастыру болып табылады.
Қазақстанда нарық қатынастарын қалыптастыру жұмыспен қамту саласында
егде жұмыскердің кемсітудің күшеюіне әкелді. Кәсіпорындардың өмір сүруге
деген күресі жұмыстан шығаруда оларды бірінші кандидат және жұмысқа
қабылдау кезінде соңғысы ретінде қарауға көзқарасты туындатты. Осындай
жағдайларда мұндай жұмыс күші жұмыс берушіге тиімсіз болып қалды. Еңбекке
орналастыруда теңдікке заңнамалық тұрғыда кепілдік берілуіне қарамастан
мынадай үдеріс байқалады: кандидаттың жасы жұмысқа қабылдау туралы мәселені
шешу кезінде айқындаушы фактор бола бастады. Ұйымдардың басым көпшілігінде
зейнеттегі және зейнет алды жасындағы жұмыскерлерді де ығыстырудың түрлі
нысандары тәжірибеге енуде. Оның үстіне, кәсіпорындағы еңбек жағдайы мен
егде қызметкерлерді кемсіту дәрежесі арасында белгіленген өзара байланыс
анық байқалады: компаниядағы еңбек жағдайы жақсы, жалақысы жоғары болған
сайын зейнет жасына жеткен жұмыскерлердің құқықтары көбірек шектеле түседі.
Статистикалық деректерге сәйкес Қазақстан Республикасында жұмыс
істейтін егде халықтың үлес салмағы 16 % құрайды. Еңбекке тарту құрылымында
3, 5 % - 60 жас пен одан жоғары жастағы адамдар, соның ішінде 3,7 % ер
адамдар мен 3, 2 % әйелдер. Ер адамдарға қарағанда әйелдердің қоғамдық
өндіріскетартылуы дәрежесе өте төмен, дегенмен ер адамдар мен әйелдерді
тарту деңгейі олардың жасы ұлғайған сайын азая түсуде.
Селолық жерлерде егде халықты қалаға қарағанда тарту көбірек. Ол
селолық үй шаруашылығына қосымша табыс әкелетін және егде халықтың қосымша
тартылуын қамтамасыз ететін ауыл шаруашылық жұмыстарының маусымдық сипатына
байланысты.
Жұмыссыздар деңгейі туралы айтқанда, Қазақстан Республикасы статистика
агенттігінің деректері бойынша мынадай үдеріс байқалады. 2004 жылы 55-64
жастағы жұмыссыздардың саны – 30, 9 мың адамды құраса, қалалық жерлерде –
22, 4 мың адам, селолық жерлерде – 8,5 мың адам. 2005 жылы тиісінше сандар
мынадай: 31,1 мың адам, 17, 0 мың адам, 14, 1 мың адам.
Қоғамдық қатынастардың барлығы заңнама негізінде қалыптасатындығына
байланысты еңбек заңнамасы маңызға ие бола бастады. Оны талдау егде
адамдарға қатысты мынадай қиындықтар мен олқылықтарды бөліп көрсетуге
мүмкіндік береді.
Еңбек және халықты жұмыспен қамту туралы заңнамада егде жұмыскер
деген ұым жоқ. Бірқатар дамыған елдерден айырмашылығы жасы үлкен топтағы
адамдардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді арнайы реттеу жеткілікті
регламенттелмеген.
Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23
қаңтардағы Заңы (бұдан әрі - Заң) зейнет алды жастағы адамдар жататын
халықтың мақсатты топтарының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу шараларын
қамтамасыз етеді.
Заңның 18-бабы 2-тармағының негізінде жұмыспен қамту қызметтері
органдары азаматтардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, лайық жұмыс
ұсынуға міндетті. Заңның мағынасы бойынша зейнет алды жасындағы адамға
жұмыс іздеуде қиындық туған азаматтар үшін белгіленген жұмыспен қамтуды
қамтамасыз етудің қосымша кепілдіктерін алмай-ақ қолданылады:
• біліктікті арттыру мүмкіндігін беру және
• кәсіби оқыту, уақытша жұмысқа орналастыру;
• арнайы әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
• жұмыс орындарына квота белглеу.
Шындығында, біз, бір жағынан әкімшілік әлсіздікті және жұмыспен қамту
қызметтерінің жұмысында таптаурын болған қағидатты ұстанамыз, екінші
жағынан кадр саясатын жоспарлау бөлігінде жұмыс берушілерде икемділік жоқ
және негізгі еңбек ресурсы ретінде егде адамдарды қабылдағысы келмейді.
соның салдарынан зейнеталды жастағы азаматтар арасында жұмыссыздардың
деңгейі жоғары.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің деректері бойынша 2006 жылдың алты айында жұмыспен қамту
органдрында зейнет алды жастағы адамдардың қатарынан 2,5 мың жұмыссыз
есепте тұр, соның ішінде 2, 1 мың адам - әйелдер. Зейнет алды жастағы
адамдардың ішінен жұмыс сұрап келгендерден 610 адам, соның ішінде әйелдер –
404 адам, селолық жерлерден – 150 адам жұмысқа орналасты.
Сондай-ақ зейнеталды жастағы адамдардың біліктілікті арттыруға және
кәсіби оқуға құқықтары шектелмейді (мысалы, дербес компьютерде жұмыс істей
білуге үйрету, бухгалтерлік жұмыскерлердің біліктілігін арттыру және
басқалары). Бірақ зейнеталды жастағы адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу
жөніндегі әлеуметтік бағдарламаларда еңбек нарығындағы белсенді саясатта
мұндай бағыт бөліп көрсетілмеген.
Жұмысқа қабылдау туралы жарнама хабарландыруларда жұмыскердің жасын
кемсіту нормасы ашық көрсетіледі. Осыған байланысты осы мәселені қосымша
заңнамалық реттеу міндетті өзекті бола түседі.
Француз Еңбек кодексі, мысалы, заңнамамен айқындалатын жағдайларды
қоспағанда, жұмысқа қабылдаудың шекті жасын жарияланатын бос орын
жарнамаларында көрсентуге тыйым салады. Кемсітті, сондай-ақ жұмысқа
қабылдау негізсіз, олардың іскерлік қасиеттеріне байланысты емес деп
есептейтін азаматтар еңбек инспекциясы органдарына және (немесе) сотқа
жүгінуге және бұзылған құқықтарын қалпына келтіруде, бос өткен уақытты
төлеуді және келтірілген моральдық залалды өнідіруді талап етуге құқылы
(Еңбек туралы Франция Заңының 4, 7, 89, 97-баптары).
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономика жағдайындағы еңбек ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру және оны жетілдіру жолдары
Қаржы ресурстарының экономикалық негізі
Еңбек ресурстарын ұйымдастыру
Қаржы ресурстары
Кәсіпорында еңбекақы төлеуді жетілдіру жолдары
Еңбек потенциалын қалыптастырудың теориялық негіздері
Жастарды жұмыспен қамту жүйесін басқаруды жетілдіру жолдары
Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары
Адам потенциялының даму аспектісі және оның көрсеткіштері
Ресурстар және олардың түрлері
Пәндер