Экономикалық өсу басты макроэкономикалық категориясы ретінде



КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ БАСТЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯСЫ РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1.1 Экономикалық өсудiң жалпы түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Экономикалық өсудiң үлгілері мен факторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Экономикалық өсудiң түрлерi және ғылыми.техникалық прогресс ... ... .13


2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ БАРЫСЫ МЕН ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

2.1 Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайы мен даму барысы .20
2.2 ҚР.сы экономикалық дамудың тұрақтылығын сақтаудағы қазіргі күнгі мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
Экономикалық өсу ұғымын бiз ылғида ұзақ мерзiмде қарастырамыз. Өйткенi, қысқа мерзiмде өндiрiс факторлары тұрақты болып келедi.
Осылайша, экономикалық өсу толық жұмысбастылық жағдайындағы потенциалды өнiм өндiру деңгейiнiң ұзақ мерзiмдегi қарқыны болып табылады.
Экономиканы қай жағынан алып қарасақ та, олардың барлығы экономикалық өсу мәселесiне алып келедi. Бұл мәселенiң өзектiлiгi халықтың тұрақты өсуiне, өмiр сүрудiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Он төрт жылдан астам уақытта елiмiздiң тәуелсiздiгiмен қатар жүргiзiлiп келе жатған экономикалық реформалардың маңыздылығы мен қолданбалылығына тоқталар кез жеттi.
Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасы атап көрсеткенiндей, “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек”.
Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ол үшiн елде тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк бағдарламалар немесе стратегиялар қажет /1/.
Экономикалық өсу әдетте ЖIӨ-нiң нақты өсуiмен бағаланады және оның өсу қарқынымен тiкелей байланысты. Экономикада құлдырау және өркендеу кезеңiне байланысты өсудiң екi аспектiсi болады: өсу нәтижесiнiң бұрынғы деңгейiне жету және одан асып кету. Қазақстан экономикасы қазiр экономикалық өсудiң қайта жандану кезеңiнде өмiр сүрiп отыр. Мұндай 70 жыл бойы мүлде басқа көзқараста болып келiп, ендi оған керiсiнше нарықтық экономикаға өту кезiнде мемлекеттiң, яғни макроэкономикалық реттеудiң алатын орны үлкен болуы керек.
Экономикалық өсудiң тұрақтылығы шаруашылық саясатты жүргiзудiң бiрден-бiр көзi. Экономикалық өсу тек қана жұмысшыларға жұмыс орнын табу, жұмыс күшiнiң толықтырылуы емес, сондай-ақ жұмыссыздық деңгейiн алдын-алу болып табылады.
Халық санының өсуiмен қатар, экономикалық өсу бұл өмiр сүру деңгейiнiң жоғарылауын қамтамасыз етедi. Осы көрсеткiш бүкiл әлеуметтiк мәселелердi, жалпы елдiң тұрмыс-тiршiлiгiн шешетiн көрсеткiш. Оның тиiмдi болуы үшiн ең алдымен елдегi жүргiзiлiп отырған экономикалық саясат дұрыс жүргiзiлуi және оның орындалуы үшiн ұлттық экономиканы қолдайтын, ешқандай жалалы болмайтын нақты экономикалық стратегиялар болуы керек.
Мiне осыдан келiп мен курстық жұмысымның тақырыбын “Экономикалық өсу: үлгілері мен факторлары ” деп алдым.
Бұл тақырыпты жазудағы басты мақсат жұмыс барысында жалпы экономикалық өсудiң әдiстемелiк негiзi және оның Қазақстандағы ерекшелiгi қарастыру, сондай-ақ дамушы елдердiң жоғары экономикалық өсуге қол жеткiзген жетiстiктерiн талдап, оны ұлттық экономика дамуына тиiмдi жақтарын көрсету, сонымен қатар, экономикалық өсуге басты бағыт болып саналатын Қазақстан Республикасының бүгiнгi таңдағы атқарып отырған индустриялы – инновациялы дамуы туралы тоқталу.
1. Н.А. Назарбаев. // “ Қазақстан – 2030 “ ұзақ мерзiмдi даму стратегиясы.
2. Әкiмбекеов С., Баймұхамбетова А.С. Жанайдаров У.А. / Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана: 2002. – 464бет.
3. Мамыров Н.Қ., Тiлеужанова М.Ә. - Макроэкономика: - Оқулық. – Алматы: Экономика, - 2003. – 432 бет.
4. Стратегия “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы. 2003 ж.
5. Н. Ә. Назарбаев. “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 наурыз, 2004 ж.
6. Н. Ә. Назарбаев. «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауы, Астана, 2006 жыл, 1 наурыз.
7. Статистика Казахстана. Алматы, - 2007 г. – 467 стр.
8. «Обзор макроэкономической ситуации в Казахстане» // Бердибек Сапарбаев, РЦБК, №4, 2007 г.
9. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, Ақорда, 2007ж. 23 ақпан.
10. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Н.Назарбаев 2008 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, Ақорда, 2008 ж. 5 ақпан.
11. Тұрсымбаева М.Ж. Экономиканың шикізаттық құрылымын өзгертуде кластердің рөлі // АльПари – 2005 - №4 – 42-44 бет.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ БАСТЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯСЫ РЕТІНДЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 5

1.1 Экономикалық өсудiң жалпы түсінігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Экономикалық өсудiң үлгілері мен факторлары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3 Экономикалық өсудiң түрлерi және ғылыми-техникалық прогресс
... ... .13

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ БАРЫСЫ МЕН ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ
ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

1. Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайы мен даму барысы .20
2.2 ҚР-сы экономикалық дамудың тұрақтылығын сақтаудағы қазіргі күнгі
мәселелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..37

КIРIСПЕ

Экономикалық өсу ұғымын бiз ылғида ұзақ мерзiмде қарастырамыз.
Өйткенi, қысқа мерзiмде өндiрiс факторлары тұрақты болып келедi.
Осылайша, экономикалық өсу толық жұмысбастылық жағдайындағы
потенциалды өнiм өндiру деңгейiнiң ұзақ мерзiмдегi қарқыны болып табылады.
Экономиканы қай жағынан алып қарасақ та, олардың барлығы экономикалық
өсу мәселесiне алып келедi. Бұл мәселенiң өзектiлiгi халықтың тұрақты
өсуiне, өмiр сүрудiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Он төрт жылдан
астам уақытта елiмiздiң тәуелсiздiгiмен қатар жүргiзiлiп келе жатған
экономикалық реформалардың маңыздылығы мен қолданбалылығына тоқталар кез
жеттi.
Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң
нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасы атап
көрсеткенiндей, “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына
қосылуы керек”.
Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын
табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ол үшiн елде
тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк
бағдарламалар немесе стратегиялар қажет 1.
Экономикалық өсу әдетте ЖIӨ-нiң нақты өсуiмен бағаланады және оның
өсу қарқынымен тiкелей байланысты. Экономикада құлдырау және өркендеу
кезеңiне байланысты өсудiң екi аспектiсi болады: өсу нәтижесiнiң бұрынғы
деңгейiне жету және одан асып кету. Қазақстан экономикасы қазiр
экономикалық өсудiң қайта жандану кезеңiнде өмiр сүрiп отыр. Мұндай 70 жыл
бойы мүлде басқа көзқараста болып келiп, ендi оған керiсiнше нарықтық
экономикаға өту кезiнде мемлекеттiң, яғни макроэкономикалық реттеудiң
алатын орны үлкен болуы керек.
Экономикалық өсудiң тұрақтылығы шаруашылық саясатты жүргiзудiң
бiрден-бiр көзi. Экономикалық өсу тек қана жұмысшыларға жұмыс орнын табу,
жұмыс күшiнiң толықтырылуы емес, сондай-ақ жұмыссыздық деңгейiн алдын-алу
болып табылады.
Халық санының өсуiмен қатар, экономикалық өсу бұл өмiр сүру
деңгейiнiң жоғарылауын қамтамасыз етедi. Осы көрсеткiш бүкiл әлеуметтiк
мәселелердi, жалпы елдiң тұрмыс-тiршiлiгiн шешетiн көрсеткiш. Оның тиiмдi
болуы үшiн ең алдымен елдегi жүргiзiлiп отырған экономикалық саясат дұрыс
жүргiзiлуi және оның орындалуы үшiн ұлттық экономиканы қолдайтын, ешқандай
жалалы болмайтын нақты экономикалық стратегиялар болуы керек.
Мiне осыдан келiп мен курстық жұмысымның тақырыбын “Экономикалық өсу:
үлгілері мен факторлары ” деп алдым.
Бұл тақырыпты жазудағы басты мақсат жұмыс барысында жалпы
экономикалық өсудiң әдiстемелiк негiзi және оның Қазақстандағы ерекшелiгi
қарастыру, сондай-ақ дамушы елдердiң жоғары экономикалық өсуге қол
жеткiзген жетiстiктерiн талдап, оны ұлттық экономика дамуына тиiмдi
жақтарын көрсету, сонымен қатар, экономикалық өсуге басты бағыт болып
саналатын Қазақстан Республикасының бүгiнгi таңдағы атқарып отырған
индустриялы – инновациялы дамуы туралы тоқталу.
Жұмыс барысындағы мiндеттерiме келетiн болсақ:
1) Экономикалық өсу теориясы мен оның экономикалық мазмұнын талдау;
2) Экономикалық өсудің үлгілері, түрлері мен факторларына тоқталу;
3) Экономикалық өсудің қамтамасыз етудегі ҒТП мен экономикалық өсу
факторларына тоқталу;
4) ҚР-ның экономикалық дамуының динамикасы мен бүгінгіт таңдағы даму
жағдайын қаарстыру;
5) Экономикалық өсудің тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету
проблемалары мен ұлттық экономиканың экономикалық қауіпсіздік мәселесіне
тоқталу болып табылады.
6) Қазіргі таңдағы тұрақты экономикалық өсуiне керi әсерiн тигiзiп отырған
мәселелердi анықтау және оның шешу жолдарын табу.
Курстық жұмыстың құрамы екі тараудан тұрады: бірінші тарауда жалпы
экономикалық өсу ұғымына түсінік беріліп, экономикалық өсудің үлгілері мен
түрлеріне кеңірек тоқтвлу, ал екінші тарауда ҚР бойынша экономикалық өсудің
бүгінгі таңдағы жағдайы мен өсудің тұрақтылығын, ұлттық экономиканың тиімді
дамуын қамтамасыз етудің іске асуы туралы қарастырылды.

1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ БАСТЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯСЫ РЕТІНДЕ

1.1 Экономикалық өсудiң жалпы түсінігі

Экономикалық өсудiң теориясы бұл көптеген концепциялар және бұлар әр
кезеңде әр түрлi бағытта дамыды. Бұл жағдайлар экономикалық өсудiң бiр
деңгейден екiншi деңгейге ауысуына негiз болады. Оларды әдiстемеге
байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады:
• Неокейнстiк;
• Неоклассикалық;
• Тарихи-әлеуметтiк.
1) кейнсиандық (неокейнсиандық) мекроэкономикалық тұрақтылық теориясы.
2) классикалық (неоклассикалық) теориялар, өзiнiң теориялық бастауын сонау
Ж.Б. Сэйден алып және Дж.Б. Кларк, Р.Солоудың еңбектерiмен аяқталды.
Классикалық бағыттағы ойда рыноктық жүйенiң тиiмдiлiгi, яғни өзiн-өзi
реттеу механизмi қарастырылған, мұнда тек қана экономикалық субъект қана
емес бүкiл экономикалық өндiрiс факторлары қарастырылады. Мүлтiксiз еркiн
бәсеке, рыноктық баға жалпы тепе-теңдiктi қамтамасыз еттi. Осы мақсатта
классикалық теория XIXғ. және XX ғ. Басында экономикалық өсуде басты
орында болды.
Ұлы экономистер А. Смит, Д.Рикардо, Т.Мальтус және К.Маркс халықтар
байлығы қорлануына басты көңiл бөлдi. Ал екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн
Р.Харрод өзiнiң ғылыми статьясында ұлттық өнiмнiң өсуiне байланысты өсудiң
үш концепциясын ұсынды: неокейнсиандық (Т.Харрод, Е.Домар); неоклассикалық
(Р.Солоу); посткейнсиандық (Н.Калдор);
Ал XX ғасырдағы болған дүниежүзiлiк экономикалық дағдарыс
тұсында, яғни өндiрiс қатынастары бұзылуы нәтижесiнде классикалық теорияның
экономиканың рыноктық тепе-теңдiкте бола алмайтындығын дәлелдедi. Осы
дағдарыстан шығуда экономикаға мемлекеттiң араласуы керек болды, яғни
кейнсиандық бағыт қалыптасты. Ол экономиканы қысқа мерзiмде қарастырады.
Кейнсиандық модельдiң таянышына ұлттық шаруашылық түгелiмен
кiредi. Кейинсиандық теорияның басты макроэкономикалық мәселесi ұлттық
табыстың анықтауыш деңгейi динамикасы және оны бөлу болып табылады. Бұл
факторлар кейнсиандық эффективтi сұраныс арқылы қаралады. Дж. Кейнс
концепциясы макроэкономикалық тепе-теңдiкке жетуде толық жұмысбастылықты
айта отырып , ЖҰӨ көлемiне қашан эффективтi сұраныс болмай болмай қалған
жағдайда оған мемлекет жағынан қосымша инвестициялар бөлiну керек дедi.
Кейнстiк өсу үлгiсi негiзiнде логикалық құрал қолданылады, бiзге
белгiлiсi кейнстiк қысқа мерзiмдiк тепе-теңдiк моделi. Кейнстiк өсу
моделiнiң қарапайым түрi Е. Домар үлгiсi болып табылады, бұл моделде
қапиталдың шектi өндiрiсi Леонтьев функциясы ретiнде қарастырылады.
Домар үлгiсi еңбек нарығында ұсыныстың артықшылығынан шығады, бұл
бағаның тұрақтылығын ескередi. Капиталдың шығып қалуы жоқ, ал капиталдың У-
ке қатынасы ( K Y) және қор жинағы нормасы тұрақты болып келедi. Өнiм тек
1 ресурсқа ғана тәуелдi деп айтуға болады, ол – капитал.
Неоклассиктер көзқарасы бойынша, экономикалық дамудағы басты шарт бұл
iшкi ресурстар жиыны, яғни шетел көмегi емес, капиталдың қорлануы және
халықтың өсуi.
Неоклассикалық модельдiң жалпы көрiнiсi келесi көрсеткiштерде:
1. Өндiрiстiк функция, яғни тоқтаусыз еңбек және капитал комбинациясы
санына байланысты өнiмнiң белгiленген мөлшерiн беруге мүмкiншiлiк
беретiн.
2. Еңбек ұсынысы функциясы. Халықтың тұрақты экзогендi өсу қарқыны, ал адам-
сағат та тұрақты өседi.
3. Жинақ функциясы.
4. Рыноктағы қызметтердiң тепе-теңдiгi
Яғни неоклассикалық модельде басты орында өндiрiстiк функция тұрады.
Ендi экономикалық өсудiң бiрнеше жаңа модельдерiне тоқталсақ.
Жапондық модель 70-80 жылдары, өнеркәсiп, ғылым, қоғамдық кәсiпкерлiк,
қаржы кеңiстiгi экономиканы мемлекеттiк реттеу, сыртқы экономикалық
қатынасқа байланысты құрылды. Ондағы бәсекелестiк фирмаларға жаңа
материалдардыигеруге және өңдеуге, шикiзаттарды өңдегенде жаңа әдiстердi
енгiзуге, жартылай фабрикаттардың мөлшерiн арттыруға, ресурс жинақтаушы
және қалдықсыз технологияға ауысуға итермеледi. Мемлекет қандай жағдай
болмасын экономикаға өзiнiң тиiмдi әдiстерiмен қатысып отырды.
Еңбек ресурсын пайдалануды қарқындандыру жұмыскүшiнiң тиiмдiлiгн
арттырып, жапониядағы экономикалық өсудiң ыңғайлы жаңа моделiн ұсынды.
Жапонияның экономикада көлемдi құрылымдық бағытышикiзаттық тапшылығына
байланысты құрылды. Осының есебiнен қызмет көрсету, ақпараттық және
интелектуалдық кеңiстiкте экономика қарқынды дамыды. ҒТП ұлттық
шаруашылықта 70-80 жылдары экономикалық өсудiң 70%-iн, ал қалған жылдары
90% iн қамтыды.
АҚШ-тың экономикалық өсудегi жаңа моделi қауiп-қатердiң көзiн құрту
немесе әлемдегi лидерлiк позициясын ұстау есебiнде қарастырылады. Ұлттық
шаруашылықтың дамуының басты жолы экспортты кеңейту және импортты
алмастыруға байланысты.
Жапондық моделден өзгешелiгi Американдық экономикалық модель
статистикалық көрсеткiштерге бағындырылады. АҚШ-та мемлекеттiк реттеу
негiзiнен сырқты саясатта жүргiзiледi.

1.2 Экономикалық өсудiң үлгілері мен факторлары

Экономикалық өсу факторлары қызмет ету әрекетiне байланысты нақты және
жанама факторлар болып бөлiнедi. Нақты факторлар экономикалық өсудiң
физикалық өсуiнiң мүмкiншiлiгiн көрсетсе, ал жанама факторлар осы
әрекеттердiң iске асуын қамтамасыз етедi. Олар нақты экономикалық өсу
факторларына оң немесе терiс әсер етуi мүмкiн.
Нақты факторларға негiзгi бес факторды жатқызуға болады, яғни жиынтық
ұсыныс пен өндiрiстiң динамикасын көрсететiн факторлар:
• еңбек ресурстарының сандық және сапалық өсуi;
• негiзгi капиталдың сапалы құрамының көлемiнiң өсуi;
• өндiрiстi ұйымдастыру және технологиялар қатысуымен;
• табиғи ресурстардың айналымының сандық және сапасының артуы;
• қоғамды ксiпкерлiк қызметтiң дамуы.
Жанама факторларға мына факторларды жатқызуға болады:
• нарықты монополизациялаудың төмендеуi,
• өндiрiстiк ресурстарға бағаның төмендеуi,
• пайдаға салықтың төмендеуi,
• несие алу мүмкiншiлiктерiнiң артуы және т.б.
Қазiргi экономикалық теорияда, әдетте экономикалық өсу деп, өндiргiш
күштердiң ұзақ мерзiмдiк дамуымен байланысты өндiрiстiң нақты көлемiнiң
табиға дәрежесiнiң ұзақ мерзiмдегi өзгерiстерiн атайды.
Соңғы жүзжылдықта дүниежүзiнiң көптеген мемлекеттерiнде адам басына
шаққандағы ЖҰӨ және жиынтық ЖҰӨ тұрақты түрде өсуде. Экономиканың өсуi
кеңiнен тараған құбылыс болып есептеледi. Экономикада болып отыратын
дағдарыстарды ескерсек те, ұзақ мерзiмдi экономиканың өсуi қарқыны
ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуi, адам басына шаққандағы
табыстың өсуi – бұл экономикадағы жаңа құбылыс.
Экономиканың өсуiн өлшеудiң екi жолы бар:
1) Макроэкономикалық көрсеткiштердiң өсуi (ЖҰӨ,ЖIӨ, ТҰӨ, ҰТ)
арқылы;
2) Әлеуметтiк институттар үрдiсiнiң өзгерiсi (жеке меншiк құқығы
құрылымының өзгеруi, өндiрiстi ұйымдастыру және бөлу
формалары).
Әрине қандай пән болмасын оның өзiнiң басқалардан ерекшелеп тұратын
факторлары және түрлерi болады.
Экономикалық өсу факторларына нақты өндiрiс көлемiнiң кеңеюiмен
байланысты оның өсiнiң тиiмдiлiгi мен сапасын анықтайтын үрдiстер.
Экономикадық өсу экономикадағы прогрессиялық қозғалысқа байланысты деп
бiр анықтама келтiрсек ал екiншi экономикалық өсу бұл халық басына
шаққандағы ЖҰӨ-нiң өсуi.
Егер әскери-саяси мәселе болса онда көбiнесе алғашғы анықтама
қолданылады, ал халықтың тұрмыс деңгейiне байланысты екiншi анықтамаға
жақынырақ боламыз. Экономикалық өсу қандай болмасын барлық әлеуметтiк-
экономикалық жүйеде басты қызметтi атқарады. Экономикалық өсудiң басқа
экономикалық категориялардан ажырата көрсететiн бiрнеше бегiлерi бар:
1. Негiзгi факторлардың құрылымы мен деңгейiн анықтайды.
2. Экономикалық өсу макроэкономикалық категория, ұлттық экономиканың
жағдайымен сипатталады.
3. Экономикалық өсу динамикалы түрдегi заңдылық үрдiс
4. Ол тек қана елдiң iшкi экономикалық қызметiне ғана емес, сыртқы
факторларға да байланысты.
5. Бұл макроэкономикалық көрсеткiш бола отыра, микроэкономиканы да қатар
бақылайды. Яғни салааралық және индустриялық дамудағы негiзде.
Экономикалық өсудiң негiзгi мақсаты халықтың тұрмыс-тiршiлiгiнiң
өсуi, ол бiрнеше жағдайда көрiнедi:
1. Халықтың орта кiрiсiнiң өсуi, яғни жан басына шаққандағы ұлттық табыс.
2. Бос уақыттың өсуi.
3. ҰТ өсуiнiң халықтың орта тобы арасында бөлiнуi.
4. Әр-түрлi товарлар және қызмет көрсетулердiң санының және сапасының өсуi.
Нақ осы факторлар өндірістің өсуін нақты түрде мүмкін етеді. Ұсыныс
факторлары түпкілікті бір сипатқа ие: олар өте сирек немесе мөлшері
шектеулі. Ал адам қажеттіліктерінің іс-жүзінде ұшы-қиыры жоқ. Сондықтан
әлеуметтік экономикалық дамудың белгілі бір деңгейінде елдердің әйтеуір
біреуінде азық-түліктік, экологиялық, демографиялық проблемалар туындайды.
Өндірістік ресурстардың сиректік немесе шектеулілік салдарынан экономика
соған бейімделуі, қайта жаңғыру (өзгеруі), өсудің жаңа үлгілерін таңдауы
тиіс, үрдістерді ынталандырып немесе, керісінше, керексіздерін тежеп
отырады.
Экономиканың нақты өсуі, сондай-ақ сұраныс факторларына да байланысты
болады. Олар өндірістің өскелең көлемін іске асырудың мүмкіндігін
анықтайды. Солардың ең маңыздыларының қатарына тұтынушылық, инвестициялық,
мемлекеттік шығындарды, өткізудің жаңа рыноктарын игерудің есебінен
экспортты ұлғайтуды немесе елде шығарылатын өнімнің әлемдік рыноктағы
бәсеке қабілетін арттыруды атауға болады.
Жоғарыда көрсетілген факторлармен қатар экономиканың бөлу факторлары
да ықпал етеді. Экономикалық өсуге ықпал жасайтын осындай факторларға
жататындар:
– өндіріс ресурстарын салалар, кәсіпорындар, елді аймақтар
бойынша нақты бөлу;
– шаруашылық қызмет субъектілірнің арсында табыстарды
бөлудің қоғамда қолданылатын тәртібі.
Экономикалық өсуге екі жол арқылы жетуге болады: экономикалық қызметке
жаңа жұмыс күшін тарту және экономикалық белсенді халықтың бұрынғы сондай
санын анағұрлым тиімді пайдаланудың есебінен, яғни экстенсивті және
қарқынды даму жолдарының көмегі арқылы қол жетеді.
Экономикалық өсудің экстенсивті үлгісі ұлғайтылған үдайы өндірістің
ең қарапайым жолы. Соның көмегімен жұмыссыздықты жылдам қысқартуға, жұмыс
күшінің жұмыспен көп қамтылуын қамтамасыз етуге болады. Экономикалық өсудің
мұндай жолының күрделі кемшіліктері де бар. Біріншіден, оған техникалық
тоқырау кідірісі тән, мұндай тоқырау кезінде өнім шығаруды ұлғайту
техникалық прогреспен қатар жүрмейді. Екіншіден, капитал қайтарымы,
материал сыйымдылығы, еңбек өнімділігі сияқты көрсеткіштер өзгеріссіз
деңгейде қалады. Үшіншіден, экономикалық өсу шығындық сипат алады, оның
себебі, өндірісті экстенсивті кеңейту еңбек және табиғи ресурстардың
жеткілікті көлемдерінің болуын ұйғарады және экономиканың масштабтары
солардың есебінен ұлғаяды. Бұл орайды ұдайы өндіріс жағдайлары шарасыздан
нашарлай түседі. Сондықтан экономикалық өсудің экстенсивті жолына ұзақ
мерзімде бағдарлану тұйыққа әкеп тірейді.
Экономикалық өсудің қарқынды үлгісінің басты айрықша белгісі-
техникалық прогресс базасында өндіріс факторларының тиімділігін арттыру.
Өндірісті қарқынды ұлғайтудың шүбәсіз құндылығы табиғи ресурстардың
шектеулілігінен туындайтын экономикалық өсу тосқауылдарын жеңетіні болып
табылады. Қарқынды экономикалық өсу кезінде өндіріс ауқымын ұлғайту
анағұрлым ілгерішіл техниканы, озақ технологияларды, ғылым жетістіктерін
қолданудың, сондай-ақ кадрлардың біліктіліктерін арттырудың есебінен
жүреді. Экономикалық өсудің қарқынды үлгісінің ерекшеліктері мынада, мұнда
экономикалық өсу қарқынының өте жоғары болуы мүмкін емес, ал ғылыми-
техникалық прогресс жұмыссыздықты тудыру мүмкін.
Сонымен, экономикалық өсу қарқынды және экстенсивті сипат алу ықтимал.
Бұл ретте мемлекеттің экономикалық дамуы өндіріс ресурстарын пайдалану
тиімділігін ұдайы өсу жағдайларында, яғни өндірістің қарқынды сипат кезінде
қамтамассыз етіледі.
Экономиклық өсуді сипаттайтын индикатор болып табылатындар: ЖІӨ нақты
өсу, халық табыстарының нақты өсу, инфляция деңгейі, валютаның айырбас
бағамы, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және ЖІӨ қатысты үкіметтің сыртқы
борышының деңгейі, елдің сауда балансы (экспорт, импорт және сауда
сальдосы),экономикаға тартылатын инвестициялардың нақты өсуі, сондай-ақ
экономика салалары мен экономикалық қызмет түрлері бойынша тауарлар және
көрсетілетін қызметтер өндірісінің өсу қарқындары.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып табылады, осы
мақсатқа ол күрделі қаржы ретінде жұмсалады. Алайда рыноктық механизімнің
сұранымы мен ұсынымы жағдайында мұның өзі жеткіліксіз.
Сұранымның қалыпты жағдайындағы экономикалық өсудің экстенсивті түрін
алатын болсақ, мұнда ерекше қиындық туа қоймайды. Экономиканың жеткілікті
қарқынды дамуы сол кезге дейін жүзеге асуы мүмкін: қоғам қай уақытта
экстенсивті өсудің шектеулі кедергілерімен жолыққанша. Ондай кедергілерге
табиғи ресурстардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз.
Бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген,
қолайлы емес пайдалы қазбаларды қосу ретінен жабылады және бұл ресурстарды
қымбаттады. Өңделген кезінде ресурстар құнының бірлігі нәтижесінде түпкі
өнімнің өсуіне өте аз береді. Оның тиімділігінің төмендігінде экономикадағы
пропорциональдық өзгереді және экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды.
Бір сөзбен айтатын болсақ, экстенсивті дамудың өзіндік экономикалық
шектеулері бар. Мұндай жағдайда тап болған қоғам өзінің бағыт - бағдарын
өзгертуге тырысады. Экстенсивті дамудың қайнар көзінің жойылуы қоғамды
интенсивті өсу мүмкіндіктерін қарастыруға итермелейді. Демек техникалық
процестің ресурсты сақтау түрлеріне бағыт-бағдар жасау: оларға- материалды
сақтау, энергияны сақтау және қорды сақтау жатады. Барлық қоғам
масштабындағы экономикалық өсу тауар мен қызмет көрсетудің жылдық көлемінің
ұлғаюымен байқалады. Сондықтан экономикалық өсуді өлшеудің көрсткіші: жалпы
ішкі өнімі (ЖІӨ) немесе жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) немесе ұлттық табыс (ҰТ)
болып табылады. Экономикалық өсу абсолюттік және салыстырмалы мөлшерде
өлшенеді.
Өндіріс көлемінің ауытқуы жиынтық сұраныстың өзгеруімен түсіндіріледі
(Кейнс кресі, IS-IM үлгісі). Жиынтық ұсыныс қысқа мерзімді кезеңде
қарастырылады. Сұраныс пен ұсыныс талдырмасы және циклдік тербелістерге
байланысты экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуын экономикалық
саясаты тұрақтандыруға тырысады. Бірақ өнім көлемінің қысқа мерзімді
ауытқуы, жұмысбастылықтың деңгейі экономиканың жалпы өсуінің қозғалысымен
берілген, оның өсуінің көлемін ұлғайту экономикалық өсумен байланысты.
Экономикалық өсуді жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімді динамикасы (құбылысы,
жайы) ретінде немесе өнім көлемінің өсуі ретінде қарастыруға болады. Оның
факторларының және заңдылықтарының талдауы экономикалық теорияның басты
сұрақтарының біреуі болып табылады.
Жекеленген уақыт мерзімінде экономикалық өсу жылдық өсу қарқынымен
анықталады. ЖҰӨ-нің өсу қарқынан анықтау үшін, осы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерін
алдағы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерінен шегеру қажет. Сол айырманы алдағы жылғы
нақты ЖҰӨ-ге жатқызып, нәтижесін пайыз тұрінде көрсетеді.
Жалпы ұлттық өнімнің ЖҰӨ біраз жылғы қарқынды өсу сипаттамасы
көрсеткіштерін тізе отырып, оның тенденциясын ашуға яғни экономикалық
дамудың бағытын анықтауға болады.
Экономикалық өсудің қазіргі типінің өзіндік ерекшелігі бар. Ол
мынамен байланыстырылады: оның артта қалуы XX-шы ғасырдың 50-шы жылдары
басталған ғылыми - техникалық революция дамуымен сәйкес келді. Экономикалық
өсу сапалық жаңа дәрежеге көтерілді және ол ҒТР жағдайында әндірістің
интенсификациялау негізінде жүзеге асады.
ҒТР-ның қазіргі дәуірі технологиялық революция айдарымен жүзеге асып
(70-80 жылдары басталды), мынаны байқатады: еңбекті сақтандыратын
технологияны кеңінен қолдану, яғни робототехниканы кеңінен қолданатын.

Экономикада нақты пайданың өсуі “Экономикалық өсу” деп түсіндіріледі
және әрібір адам басына шаққандағы нақты өнімнің өсу есебі болып табылады.
Сондықтан экономиканың өсуін өлшеу үшін абсолюттік арттыру немесе нақты
өнім көлемі өсуінің екпініне немесе адам басына шаққандағы көрсеткіштер
қолданылады. Мысалы:

(Ү=Үt –Yt-1 немесе Yt =(Yt Yt-1, (1)
t- уақыт индексі.
Егер экономикалық өсу сырттан әкелінген қосымша ресурстардан
жасалынса және қоғамдағы еңбектің орта өнімділігін өзгертпесе, онда ол
экстенсивті болады. Интенсивті өсу технологиямен және өндіріс факторларының
жетілген түрімен байланысты, яғни өнімді ресурс көлемінің көбеюі
нәтижесінде ұлғайту емес, олардың қайтымының, тиімділігінің нәтижесінде
өнім өндіру. Интенсивті өсу халықтың әлеуметтік өсуінің экстенсивті немесе
интенсивті типтеріне байланысты, сыбағалы салмағының салыстырмалылығына
немесе экономиканың өсуіне әсер ететін басқа факторларға байланысты болады.
Экономика өсуінің факторларын көбіне экономиканың өсуінің типімен
топтайды. Экстенсивті факторларға капитал көлемінің, еңбек көлемінің, ал
интенсивтіге-технологиялық прогресс, масштаб арқылы үндемеу, білімді және
маман жұмысшылар деңгейін көтеру, ресурстарды бөлуді жақсарту және оның
қолдану үрдісін сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Кейде жиынтық
сұраныс үрдісінің басты катализаторы ретінде және экономикалық өсуінің
дербес факторы ретінде бөлінеді.
Экономиканың өсуін шектеп тұрған себептер ретінде мыналарды айтуға
болады: экологиялық және ресурстық шектеулер, әлеуметтік шығындардың
ауқымды спектрі және де үкіметтің тиімсіз экономикалық саясаты.
Экономика өсуінің негізгі үлгілерін қарастырайық. Басқа үлгілер сияқты
өсу үлгісі абстракты, экономика үрдісінің нақты түрі график немесе теңдік
түрінде көрсетіледі. Үлгіні жасау барысында пайдалынылатын болжамдар нақты
үрдістің нәтижесін жоққа шығарады, бірақ экономиканың өсуі сияқты күрделі
құбылыстың заңдылықтарын және кейбір мәселелерін талдауға мүмкіндік береді.
Өсу үлгісінің көбі өнімнің нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндіріс
факторларының өсу ықпалымен. Яғни еңбек пен капиталдың әсерінен пайда
болады.
Өсу үлгісінің көбі шығынның нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндірістік
факторлардың өсім ықпалымен, яғни еңбек пен капитал ықпалына, еңбек факторы
сырттың ықпалына қарсы тұра алады, ал капитал көлемін, керісінше,
инвестициялық саясат арқылы тез өзгертуге болады. Уақыт өте келе,
капиталдың экономикада амортизация есебінен қысқаратыны және таза
инвестиция есебінен көбейетіні белгілі. Біз экономиканың өсуінің өзі
бағалы деп айта алмаймыз, оның бағалылығы – халықтың жағдайын көтеруге
негіз болғанында. Сондықтан экономиканың сапалы өсуіне баға беру үшін,
тұтыну бағасының динамикасын қарастыру керек.
Кейнстік өсу үлгісі негізінде логикалық құрал қолданылады, бізге
белгілісі кейнстік қысқа мерзімдік тепе-теңдік үлгісі.
Сұраныс талдауын ұсыныс динамикасын анықтайтын факторларды қоса отырып
қарастырамыз. Бұл арқылы экономикадағы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінің
шарттарын анықтауға болады.
Кейнстік өсу үлгісінің қарапайым түрі Е. Домор үлгісі болып
табылады, бұл үлгіде капиталдың шекті өндіріс Леонтьев функциясы ретінде
қарастырылады. Домор үлгісі еңбек нарығында ұсыныстың артықшылығынан
шығады, бұл бағаның тұрақтылығын ескереді. Капиталдың шығып қалуы жоқ, ал
капиталдың (К) Ү-ке қатынасы (КҮ) және қор жинағы нормасы тұрақты болып
келеді. Өнім тек 1 ресурсқа ғана тәуелді деп айтуға болады, ол - капитал.
Инвестицияның өсуі экономикада ұсыныс пен сұраныс өсуінің факторы
болып табылады. Егер берілген мезгілде инвестиция және І-ға өссе, онда
мультипликатор әсерімен жиынтық сұраныс келесіге өседі:
(YAD =(I * m=(I(11-b) =(I1s (2)
m-шығын мультипликаторы

b-тұтынуға шекті бейімділік
s-қор жинағына шекті бейімділік
(YA =(* (К-жиынтық ұсынысының өсуі.
(-капиталдың шекті өнімділігі
Капиталдың (К өсімшесі инвестицияның І көлемімен қамтамассыз етіледі,
осыдан (YA=(*І.
Экономиканың өсуінің тее-теңдігі сұраныс пен ұсыныстың теңестірілудің
шартында пайда болады.
(Is=(*І немесе (IІ=(* s, яғни инвестицияның өсімшесі капиталдың шекті
өнімділігі мен қор жинағының шекті бейімділігіне тең болуы керек.
Тепе-теңдік шарты бойынша инвестиция қор жинағына тең болғандықтан,
І=S, ал S=sY; s=const болғанда, табыс деңгейінің көлемі инвестицияның
деңгейіне пропоционал болады, сонда (YҮ= (IІ=(* s
Сондықтан, Е. Домардың теориясына сай, экономикадағы нақты табыстың
тепе-теңдік өсу қарқыны және қолда бар өндірістік қуаттың барлығы
қолданылады. Ол капиталдың шекті өнімділігі және қор жинағының нормаларына
тура пропоционал немесе (К(Ү- капиталының қайтарылуының өсімшесіне тура
пропорционал болады. Инвестиция мен табыс бірдей қарқында өседі.
Егер үлгіде берілген деңгейде жеке сектордың жоспарлы инвестициясының
өсу қарқыны ауытқыса, мұндай динамикалық тепе-теңдік тұрақсыз болуы
мүмкін.
Е.Домардың үлгісі өсу теориясына сай келе алмайды. Бұл кейнстік қысқа
мерзімді тепе-теңдікті ұзақ мерзімге кеңейтудің әрекеті және дамып келе
жатқан жүйе үшін қандай шарттар орындалатынын көрсету.
Инвестицияның эндогендік функциясын қоса отырып Р.Ф. Харрод (1939ж)
экономикалық өсудің арнайы үлгісін құрады.
Акселератор принципіне сай, табыстың кез-келген өсуі капитал
салымының өсуіне алып келеді, бұл өзгеріс табыстың өзгеруіне
пропорцианалды:
It =v(Үt –Yt-1) (3)
Мұндағы v-акселератор.
Экономикадағы алдыңғы кезеңде қалыптасқан жағдайларды ескере отырып,
кәсіпкерлер өндіретін өнім көлемін жоспарлайды.

1.3 Экономикалық өсудiң түрлерi және ғылыми-техникалық прогресс

Экономикалық өсу сандық және сапалық өсуiне байланысты интенсивтi
және экстенсивтi түрлерi болады.
Экстенцивтi түрiне:
1) Технологияда инвестицияның артуы;
2) Бос уақыты жоқ қызметкерлер санының артуы;
3) Тұтынушы шикiзат көлемдерiнiң, материалдардың, сыртқы капиталдардың өсу
қарқыны;
Интенцивтi факторларға:
• Ғылыми техникалық прогрест дамыту;
• Қызметкерлердiң мамандық деңгейiнiң жоғарылауы;
• Негiзгi және сыртқы қорларды қолдануды жақсарту;
Экономикалық өсудiң екi түрiнiң жiктелуiн келесi 1-ші суреттен көрсек.

Сурет 1 - Экономикалық өсудiң екi түрi және оның жiктелуi

Экономикалық өсудi өлшеу әдетте келесi көрсеткiштерден тұрады:
1) ЖIӨ-нiң өсуi немесе ұлттық табыстың өсуi;
2) ЖIӨ және ҰТ-тың өсу қарқынының жан басына шаққандағы мөлшерi;
3) Өндiрiстiк саладағы жан басына шаққандағы өсу қарқыны.
Экономикалық өсудiң тиiмдi жақтарымен қатар егер ол дұрыс iске аспаса
адамзат баласына зиянды жақтары да бар. Оған мысал ретiнде экологиялық
проблемаларды алуға болады.
Нақты өмiрде экономикалық өсудiң экстенсивтiк немесе интенсивтiк
типтерi таза түрде болмайды. Ғылыми техникалық жетiстiктердi (ҒТП)
енгiзунегiзiнде жүзеге асырылатын, өсу факторларын сан жағынан жетiлдiру,
қашан болмасын өндiрiс құрал-жабдықтарын және жұмысшы күшiне инвестициялар
салымын жасауды талап етедi. Жұмысшы күшi мен құрал-жабдықтардың өсуi,
олардың сапалық сипаттамаларына өзгерiс енгiзедi. Сондықтан нақты
экономикалық өсудi талдағанда, оның теориялық үлгiсiн емес, өсу типтерiн
басымырақ экстенсивтiк және басымырақ интенсивтi деп бөледi.
Өндiрiсте қолданылатын еңбек пен капиталдың сәйкестiгiн белгiлейтiн
макроэкономикалық көрсеткiштердiң өзгерiстерiне әсер етуiне байланысты ҒТП
бiрнеше түрге бөлiнедi.
Егер ҒТП дамуында еңбектiң капиталмен жабдықталуының әрбiр
белгiленген шамасына өндiрiс факторларының шектi өнiмдiлiгiнiң ылғи бiр
ғана көрсеткiшi сәйкес келсе, онда Хикс бойынша бейтарап ҒТП орын алады.
Егер еңбектiң капиталмен жабдықталуы белгiленген жағдайда шектi еңбек
өнiмдiлiгi капиталдың шектi өнiмдiлiгiнен тез өсiп отырса, экономикаға
еңбектi үнемдейтiн техникалық прогресс тән болады. Керiсiнше жағдайда –
шектi еңбек өнiмдiлiгiнiң өсу қарқыны мен шектi капитал өнiмдiлiгiнiң
арақтынасы керiсiнше болғанда ҒТП капитал үнемдейтiн типi пайда болады.
Егер ҒТП дамуында белгiленген еңбек өнiмдiлiгiнiң орта дәрежесiне
еңбектiң шектi өнiмдiлiгiнiң бiрдей шамасы сәйкес келсе, онда осындай түрi
Солоу бойынша бейтарап деп аталады.
Инновация категориясының экономикалық анализде басты төрт аспектiсiн
көрсетуге болады:
1. инновация – интелектуалды еңбек нәтижесi, яғни инновация арқылы
бәсекелестiкке төтеп бередi;
2. инновация – бәсекелестiк күш, яғни нарықтың тепе-теңдiгiн бұзады;
3. жаңа өнiм және жаңа процесс қоғамға оң нәтижесiн тгiзедi;
4. инновация – экономикалық өсу факторы ретiнде.
Осындағы төртiншi аспектi бiздiң елiмiз үшiн маңызды болып табылады.
XX ғ. 50 жылдары американ оқымыстысы Роберт Солоу экономикалық өсудiң
басты факторы ҒТП екендiгiн айтқан. Мұны Саймон Кузнецта қолдады. Оның
пiкiрiнше ұлттық өнiмнiң тұрақты өсуiн, қоғамның тұтынуын қамтамасыз
етуде технологиялық прогрестiң маңызы ерекше екенiн айтты.
Экономикалық эволюцияда көптеген ғалымдар тұжырымы бойынша олар
техника – экономикалық зерттеуiнде инновациялық процесс туралы келесi
әдiстемелiк негiздерiн ұсынды:
1) экономикалық динамика мен экономикалық өсудi қозғаушы фактор
инновациялық негiздегi бәсеке болып табылады;
2) экономикалық дамуда бiлiм мен интелект басты рольде болуы керек;
3) интелектуалдық қызметтi институционализациялау оның құрылымы мен негiзi
болып табылады.
Қазiргi заманғы экономикалық теорияда экономикалық өсу факторларын
негiзгi 4-ке бөледi :
1) елде экономикалық ресурстардың өсуi;
2) өндiрiстiң жаңа технологиялар арқылы қызмет iстеуi, ресурс шығындарын
қысқартып және жылдық сол өнiмдi шығару;
3) шектеулi ресурстарды тиiмдi бөлудiң әдiстерiн талдау;
4) адамдардың денсаулығының, өмiр сүру деңгейiнiң өсуi.
Мұнда 1-шi әрекет экстенсивтi экономикалық өсуге жатса, ал 2 және 3
факторлар интенсивтi экономикалық өсуге, яғни инновациялық қызметке, 4-шi
экономикалық емес фактор болып табылады.
ҒТП-ні қаржымен қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары қаржыландыру
көздерінің көптігі және олардың мақсатты бағыттылығы болуы тиіс.
Ғылым жалпы нарықтық қатынастарға бағдарлана алмайтын қызмет
сферасына жатады: мәселен ғылым түгелдей коммерцтялық критерийлерге түсіп
кетпейді, сондықтан экономиканың маңызды секторларындағы технологияны
революцияландыра алатын іргелі зерттеулер мен келешектегі зерттемелерді
қаржыландырудың міндетін мемлекет өзіне алады. Мемлекеттік ғылыми-
техникалық, инвестициялық, экологиялық және өзге де бағдарламалар мен
жобаларды қаржыландырудың орталықтандырылған қаражаттар есебінен жүргізілуі
мүмкін.
Экономиканы тиімді дамытуда негізгі шығындардың бірі болып табылатын
ҒТП-ні қаржымен қастамасыз етудің көзі қаржылық қолдау көрсетуге арналған
инновациялық қорлардың ресурстары бола алады; бұл қорлар салаларда немесе
аймақсатрда ғылыми-техникалық өнімді әзірлеушілер мен тұтынушылардың,
банктердің басқа мүдделі кәсіпоырндар мен ұйымдардың, сондай-ақ биліктің
жергілікті органдарының бюджет қаражаттары есебінен құрылуы мүмкін.
Соңғы уақытта алдын ала ескерілген шарттарда нақтылы ғылыми
зерттеулер жүргізуге азаматтар мен заңды ұйымдардың, соның ішінде шетелдік,
халықаралық ұйымдардың да өтеусіз және қайтарусыз беретін гранттары –
арнаулы ақша және басқадай қаражаттарды беру жолымен қаржыландырудың
демеушілік сияқты көзі айқын дамып келеді. Негізінен бұл нысан мақсатты
қолданбалы зерттеулер мен енгізбелік жұмыстарды қолдау үшін қолданылады.
Кейін жекеше бизнестің дамуына қарай, бұл көз іргерлі зерттеулерді
қаржыландыруда көрнекті рөл атқарады.
Шаруашылықтың басқару органдары ғылыми-зерттеу, тәжірибе-
конструкторлық жұмыстарының және ғылымды қажетсінетін өнімдердің жаңа
түрлерін игерудің арнаулы салалық және салааралық бюджеттен тыс қорларын
құра алады.
Ғылыми зерттеулерді қалыпты қамтамасыз ету ғылыми орталықтарда
күштерді біріктіруді, осы мақсат үшін қаржы ресурстарын орталықтандыруды
қажет етеді. Ірі ресурстар не шаруашылық субъектілердің, аймақтардың,
егеменді мемлекеттердің аударымы жолымен шоғырландырылуы, немесе жеткілікті
ірі бюджеттен мақсатты арналым түрінде бөлінуі мүмкін.
Нарық жағдайында ғылыми өнім тауар болуы және сұраным мен ұсынымның
бағасы бойынша сатып алынуы тиіс. Мұндай жағдайда ғылыми өнімді сатып алушы
шығарған шығындардың орнын толтыру үшін ғылым нәтижесін тез және тиімді
пайдалануға мәжбүр болады. Бұл жағдайда ғылыми өнім үшін есеп айырысуда
кредиттің рөлі артады, ол ғылыми-техникалық зерттемелерді өндіруден
алынатын ұтыстардың есебінен өтеледі.
Өндірістің тиімділігін арттыруда қаржының рөлі сондай-ақ ғылыми
техникалық прогресті жетілдіруге, оны қолдауға арналған қаржылық
жұмсалымдармен де тығыз байланысты болып келеді.
Ғылыми-техникалық прогресті (ҒТП) қаржыландырудың көзін таңдау
кезеңдерге, тиісінше ғылыми-техникалық зерттеулерге байланысты, соның
ішінде: іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер, жобалау-конструкторлық
зерттемелер, жаңа техника мен технологияны, өндірісті, еңбекті және
басқаруды ұйымдастырудың әдістерін енгізу.
Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырудың басымдығы жалпы
мемлекеттік маңызы бар аса маңызды іргерлі зерттеулерге, салааралық
проблемалар бойынша жұмыстарға, мемлекеттік және халықаралық ғылыми-
техникалық бағдарламалар мен жобалардың тапсырмаларына беріледі.
ҒТП-нің қолданбалы және енгізбелік шаралары шаруашылық есеп
қорларынан және банк несиелері есебінен қаржыландырылуы тиіс. Бұл шаралар
өндіріс тиімділігіне тікелей ықпал жасайтындықтан, оның түпкілікті
нәтижелеріне әсер ететіндіктен шаруашылық жүргізуші субъектілердің
кірістерін ҒТП сферасындағы олардың қызметінің түпкілікті нәтижелерімен
тығыз байланысын қамтамасыз ететін икемді салық саясаты жүргізілуі тиіс.
ҒТП-ні жеделдетуді ынталандырудың маңызды бағыты ҒТП-нің басым
бағыттарын жүзеге асыратын субъектілер үшін мақсатты субсидиялар мен
жеңілдікті несиелер беру, жаңа техника мен технологияларды игеру жөнінде
арнайы құрылатын көтеріңкі шығындардың инвестициялық қорлары есебінен
өтемақы төлеу, негізгі құрал-жабдықтардың жеделдетілген амортизациясын
қолдануболып табылуы мүмкін.
Рыноктық қатынаста бәсекенiң дамуымен экономикада мемлекеттiң ролi
төмендейдi. Бiрақ дамыған елдер тәжiрибесi бойынша тек қана нарықтық
принциптер негiзiнде материалдық-техникалық базаның қалыптасуы мүмкiн емес.
Елдегi инновациялық даму мемлекеттiң араласуынсыз оң нәтиже бермейдi,
сондықтан инновация мен инвестиция мемлекеттiң реттеудiң объектiсi болып
табылады.
Көптеген дамушы елдер табиғи ресурстарға бай бола тұра, тұрақты
дамуға қол жеткізе алмады. Қысқа мерзімде шикізат экспорты бұл елдердің
мемлекеттік қазынасына табыс әкеліп, тұрғындардың әл-ауқатын көтереді.
Алайда, уақыт өте келе жоғары табыс экономиканы құлдыратады, яғни
мемлекетті шикізат экспортынан және оның әлемдік рыноктағы жағдайынан
тәуелді етіп, шикізатты аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды
және шикізаттың күндердің күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл мәселенің
қаншалықты маңызды екенін түсінеміз.Дәл осы жағдайдан шығудың бiрақ жолы
бар, ол - жоғары технологиялық өндірісті дамыту.
Қазіргі таңда ел экномикасы дамуының шешуші факторлары - ғылым мен
инновациялық технологиялар екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз. Бүкіл
әлемде озық технология мен техниканы насихаттайтын 1951 ж. Калифорнияда
құрылған дүние жүзіндегі ең алғашқы технопарк – АҚШ-тағы “Силикон
аңғарының” пайда болуына негіз болды. Өткен ғасырдың 80-жылдары
технопарктер тек АҚШ, Еуропада ғана емес, Канада, Сингапур, Австралия,
Бразилия, Индия, Қытай, Жапонияда да құрыла бастады.
Жапондықтар жаңа өнімді ойлап табу және оны жасап шығару
жылдамдығынан американдықтар мен еуропалықтарды да басып озады.Жаңа
автокөлік Жапонияда 1 айдан кейін шықса, АҚШ-та –4, Еуропада 2 айдан кейін
шығады.Жапондықтар үшін өнімнің сапасын қажетті деңгейге жеткізу үшін 4 ай
жеткілікті, ал АҚШ-та бұл көрсеткіш- 11 ай .
Ал Қытайда жаңа техника мен жоғары технологияны өндіріске енгізумен
1950 ж. құрылған ҒТИП ғылыми-техникалық индустриалды парктер айналысады.
Онда технологиялық жетістіктер коммерциялық және өндірістік жағынан
қарқынды жылдамдықпен игеріледі. ҒТИП қарамағына әр түрлі саладағы ғылыми
орталықтар мен кәсіпорындар кіреді. ҒТИП олардың құрылуына жағдай жасайды,
ғылыми зерттеулерін жүргізуге көмектеседі,ақпарат және қаржымен қамтамысыз
етілуін қадағалайды,бір сөзбен айтқанда , кәсіпорынға “қолайлы орта”
жасайды.Қытай экономикасына үлкен үлес қосып, инновацияны дамытып отырғанын
ҒТИП құрамына кіретін кәсіпорын санының өсуінен байқаймыз.1991ж. –2587,
1992 ж. –9678, 1996 ж. –13722, 2000 ж. –20796.
Ал Корея Республикасының Оңтүстік Корея ғылым мен техниканы соңғы
50 жылда өте қарқынды дамытты. Екінші дүниежүзілік соғыстан әлемдегі ең
кедей елдердің бірі болып шығып, соғыстан кейінгі зерттеулердің басым
бөлігін қорғаныс, ядролық және космостық салаларға бағыттады.Корея
Республикасы ғылыми-техникалық саясатын өткен ғасырдың 60-жылдарының
ортасында қолға алды. 1967 ж. басты міндеті ғылыми-техникалық саясатты
жобалау және жүзеге асыру болып табылатын Ғылым және технология Министрлігі
құрылды және Ғылым мен техниканы қолдау туралы Заң қабылдады. Осыдан
кейінгі дамуы 5 жылдық кезеңдерге жоспарланған.
Финляндия 1991 жылға дейін экспортының жартысын КСРО-ға жіберетін.
КСРО тарап кеткеннен кейін және 90- жылдардағы экономикалық дағдарыс
Финляндия экономикасына да жағымсыз әсер етті.Мысалы, жұмыссыздық деңгейі
1991 ж 3,5%-дан 1993 ж 20%-ға дейін өсіп кетті. Осы келеңсіз жағдайдан
шығу үшін Финляндия Үкіметі 1991 ж жаңа экономикалық бағдарлама
қабылдады.Оның міндеті- Финляндияны дамыған елдер қатарына қосу.Осы
бағдарламаны жүзеге асыру мақсатымен Үкімет ұлттық инновациялық жүйені
құрды. Оның қызметін тікелей Финляндия Президенті қадағалайды.
1990 ж. бүкіл КСРО елдерінің экономикасында жағымсыз жағдай
қалыптасты. Қазақстанда барлық салалар дағдарысқа ұшырап, ғылымға көңіл
бөлінбеді, көптеген кәсіпорындар жұмысын тоқтату, бөлшектену, тіпті қайта
құрылу сияқты құрылымдық өзгерістерге ұшырады.Мұның бәрінің себебі –
нарықтың қатал талабы болды. Тозған құрал-жабдық, шығыны көп икемсіз
өндіріс, тиімсіз басқару, сын көтермес қаржылық жағдай және осы сынды
мәселелер аяғына шырмауық болып оралды.
Нарыққа көшу процесі аяқталғаннан кейінгі жылдарда экономиканың
жанданып дамуы шикізат (газ, мұнай, металл) сатудан түскен валюталық
түсімдерге тікелей байланысты болды. 2000-2002 жылдарда Қазақстанда
экономикалық өсу байқалды. Бірақ бұл өсім шикізат сатудан түскен пайда
есебінен, яғни “көз бояушылық” екенін түсінген ҚР Үкіметі қырағылық
танытып, елдің индустриалды-инновациялық саясатын қолға алды. 2002 ж шілде
айында ҚР Президенті Жарлығымен “Инновациялық қызмет" туралы Заң күшіне
енді.
Әрбір ел дүниежүзілік рынокта өз орнын тауып, үлесінен айрылмауға
тырысады. Бұл тікелей инновацияларға қатысты екені мәлім. ХХ ғасырдың 50-60
ж.ж дамыған елдер қолға алған негізгі мәселе де осы болатын. Алайда,
мемлекет құқықтық-нормативтік негізін жасап, мемлекеттік бюджеттен
қаржыландырып немесе басқа қаржы ресурстарын жұмылдырып, бағыт бермесе, бұл
саланың қарқынды дамуы да екіталай.
Іс жүзінде ғылыми зерттеулер мен инновациялық процестерді мемлекеттік
қолдаудың негізгі кең тараған 3 әдісі бар.
1. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуы;
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ірі лабораториялар қалыптастыру,
нәтижесін ақысыз түрде көпшілікке ұсыну. Әдетт, бұл лабораториялар
қорғаныс, энергетика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мәселелерін
шешумен айналысады;
2. Қайтарымсыз негізде субсидиялар бөлу немсе қаржылық қолдау;
Мемлекеттік емес лабораторияларда іске асырылатын ғылыи зерттеу жұмыстарына
қайтарымсыз негізде мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінеді.Негізгі қойылатын
шарт- зерттеулер барысы бойынша толық есеп беру, алынған нәтижені ашық
түрде жариялау
3. Ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибе жүргізуге инвестиция
бөлінген жеке бизнеске салық жеңілдіктерін ұсыну.
Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау үшiн ең бiрiншi құқықтық
нысандары елiмiзде жоғарыдағы стратегия бойынша орындалуда. Ал мемлекеттiк
қаржылық қолдау және инновациялық құрылымдарды құру үшiн оған көп мөлшерде
қаржы керек. Осы мәселе қазiр елiмiзде күрделi мәселенiң бiрi болып отыр,
сондықтан қаржыландыру, сырттан инвестиция тартуға негiзделген
Инвестициялық, Инновациялық қорлар, Даму банкi, экспорттық несиелер мен
инвестицияны сақтандыру корпорациясы сияқты даму институттары құрылды.
Бұл мәселенің шет елдерде қалай шешілетініне назар аударып көрелік.
Жапонияда инновацияларға II дүниежүзілік соғыстан кейін көп көңіл
бөліне бастады.Елде шағын және орта кәсіпорындар бүкіл экономиканың негізін
құрайды.
Ал мемелекет инновациялық саясатты солар арқылы жүргізеді. Шағын
кәсіпорындар барлық кәсіпорындардың 99%-н құраса, олардың ЖҰӨ-дегі үлесі
52%- ды құрайды. Мемлекет саясатының шағын және орта бизнестегі
кәсіпкерлікті қолдауының мәні қажетті капитал салымы мен жұмыссыздық туралы
деректерді сәйкестендіру болып табылады.
Мемлекеттік деңгейде кәсіпорындарына мынандай қолдау көрсетеді:
1. Мамандандырылған мемлекеттік мекемелер (шағын инновациялық
кәсірорындарға кеңес беретін комисссиялар, кәсіпорындарды қолдайтын бас
басқарма, регионалдық органдар, мемлекеттік даму корпорациясы, шағын
инновациялық кәсіпорындар академиясы, шағын инновациялық кәсіпорындардың
бүкіл жапондық регионалдық орталық комитеті) жаңадан құрылған шағын
кәсіпорындарға көмек көрсетеді.
2. Қаржылық кепіл беру мен қаржылық көмек көрсету;
Оны 59 филиалы бар мемлекеттік қаржылық корпорация, 102 филиалы бар
ұлттық қаржылық корпорация, 117 филиалы бар сауда және өндірістік
кооперацияның Орталық банкі, шағын инновациялық кәсіпорындарға арналған
кредиттерді сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады.
Шағын және орта бизнесті қолдаудың жапондық жүйесінің негізгі
элементі ол құқықтық-нормативтік қамтамасыз ету болып табылады. Оған “Шағын
және орта бизнесті мемлекеттік қолдау” туралы Заңнан бастап “Жаңа қызмет
түрін енгізуде туындайтын төтенше жағдайлар” туралы Заңға дейін т.б. заңдар
кешнін қамтиды.
Жапонияда орталық банктер кредиттердің 47% -н, ал жергілікті
коммерциялық банктер100% кредитті шағын және орта кісіпорындарға береді.
Шағын инновациялық кәсіпорындарды қаржылық қолдаудың арнайы механизмдері
қолданылады. Олар “жеңіл қарыздар” деп аталады. Егер жай қарызды 4-8%-бен
алса, шағын инновациялық кәсіпорындар қарызды осының жартысымен алады.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ БАРЫСЫ МЕН ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ
ЖАҒДАЙЫ

2.1 Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайы мен даму барысы

Тарихтан берi келе жатқан қазақ елiмiз көптеген әр қилы
замандарды басынан өткiзiп, Кеңес Одағы құрамында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дамушы елдердегi экономикалық өсу және қазақстан экономикасы
Экономикалық өсу экономиканың басты категориясы ретінде
Экономикалық өсу: факторлары, кезеңдері, ерекшеліктері
Стратегиялық жоспарлаудың ғылыми-теориялық негіздері
Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері жайлы ақпарат
Қор нарығы және оның қазақстандағы инвестициялық процеске әсері
Инвестициялық процеске қор нарығының әсері
Дж.М. Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселесі
Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері туралы ақпарат
Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы
Пәндер