“радиохабардың тілі мен стилін оқыту әдістемесі”



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3.6



I Тарау. Радиохабардың тілі мен стилін оқытудың теориялық негіздері

1.1. Радиохабардың тілі мен стилінің зерттелуі туралы. Стильдің
теориялық сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7 . 22
1.2. Радиохабардың тілі мен стилін оқытуды зерттеудің психологиялық, лингвистикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 23 . 36
1.3. ВВС (Бритиш Бродкастинг Корпорайшн) радиохабарларының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37 . 42


I тарау бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43


II Тарау. Радиохабарың тілі мен стилін оқыту әдістемесі.

2.1 Радиожурналистика пәнінің әдістемесі радиохабардың тілі мен
стилін оқытудың алғышарты ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 44 . 46

2.2. Радиохабардың тілі мен стилін оқытудың әдістемелік үлгісі ... ... 47 . 51


2.3. Радиохабар дайындауға тән іскерліктер мен дағдыларды
қалыптастыруда оның тілі мен стилін қолдану әдістемесінің
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 52 . 63

II тарау бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 64


III тарау. Тәжірбиелік оқыту және оның нәтижелері ... ... ... ... ... ... 65 . 69

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 70.71

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 72.74
Тақырыптың өзектілігі. Қоғамның жаңа бағытта дамуы, Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекетке айналуы, ел өміріндегі, оның барлық саласындағы түбегейлі өзгерістер, ана тілімізге мемлекеттік тіл дәрежесінің берілуі, мемлекеттік тілдің үкімет тарапынан қамқорлыққа алынуы - бүгінгі қоғамымыздағы жаңа үрдістердің бipi.
Қазіргі ақпараттық ағымның кеңдігіне байланысты Бұқаралық ақпарат құралдары тілінің тілдік мазмұны журналистер алдына түрлі міндеттерді артып отыр. Біріншіден, қазақ тілінің қолданыстық сипаттағы мүмкіншіліктері барынша тиімді, әрі ұсынықты пайдалану әрбір тілшінің алдына үлкен міндет жүктеп отыр. Екіншіден, сол радио тілі мен стилін өз нақышынан айырмай, әдеби тілге қалыптап, әсерлі де мәнді жеткізудің өзектілігі артып отыр. Бұқаралық ақпарат құралы (БАҚ), оның ішінде радио - бүгінгі таңда көпшілікті қоғам тынысымен таныстырып, күнделікті өміріміздегі өзекті мәселелер мен ақпараттар ағынын ел зердесіне жеткізумен айналысуда. Қандай бұқаралық ақпарат құралы болмасын, ең алдымен, халық тілін пайдаланатыны белгілі. Халық тілі негізінде сұрыпталған ауызекі сөйлеу тілі ғасырлар бойы қалыптасып келеді. Бұл радиода хабар жасаудың бірден бip өзекті мәселесі болып отыр.
Радио тілінің белгілі бip мақсаты, міндеті, жауапкершілігі болады. Радио тілі - белгілі бip дәрежеде халықтың әлеуметтік және өмірлік қажетін өтейтін тіл құралының бip саласы. Сөз де, сөйлеу де, әңгімелесу де бәрі айналып келгенде тілге бағынышты. Ауызекі сөзді радиосөзге айналдыра білу де өнер, бұлай дейтініміз радиохабарларда қолданылатын сөз жазбаша сөз емес, негізінен ауызекі сөйлеу тілі екенін естен шығармау керек. Радиода ауызекі сөздің әсері мол болып келеді. Әсіресе, шеберлікпен сөйленген сөз тыңдарманға әсер етпей қоймайтыны сөзсіз. Ал радиодағы сөз тыңдаушыға әсер етсе, онда сол хабардың жақсы дайындалғанын керсетеді.Бүгінігі таңда хабар әртүрлі сала бойынша дайындалады, яғни хабар дәрігер, мұғалім, өнер адамдарына арналуы мүмкін. Ал адамдардың жас ерекшелігіне сай: зейнеткер,қызметкер, студент және т.б. Осындай топтарға радио тілі мен стилін қолданып хабарлар дайындау әдістемесін үйрету қажеттілігі туындап отыр. Жұмыстың өзектілігін осыдан көруге болады.
Осыған байланысты бұл диссертациялық жұмыстың:

Зерттеу объектісі (нысаны) - қазақ топтары студенттерін радиохабар дайындауға үйрету;

Зерттеу пәні – қазақ топтары студенттерін радиохабар дайындауға үйретуде, оның тілі мен стилін қалыптастыру;

Зерттеу мақсаты: Жоғарғы оқу орнының қазақ тобы студенттеріне радиохабар тілі мен стилін тәжірбиелік тұрғыда меңгеріп, өздеріне нақты хабар дайындауда шеберлік тәсілдеріне баули отырып, радиохабар жасау барысында, оның тілі мен стилін қолданудың ғылыми әдістемелік негізін жасау.
1. Бернштейн С. Язык радио. М., 1977
2. Зарва М. Слово в эфире. 2-е издание. М., 1977
3. Зарва М. Произношение в радио и телевизионной речи. М., 1976
4. Вакуров В. О языке радио и телепередач. М., 1960
5. Ружников В.Н. Основы радиовещания. Учебное пособие. М., 1993
6. Гальперин Ю. Живое слово. М., 1959
7. Андронников И.Л. Слово написанное и сказанное//Я хочу рассказать Вам. Изд. 2-е., доп. М., 1965
8. Пустовойт П.Г. Слово, стиль, образ. М., 1965,с73
9. Байтұрсынов А.Әдебиет танытқыш. А, Жазушы, 1989, 141б
10. Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. Алматы, Жазушы, 1966., б.26
11. Шнейдер А. Об ораторском искусстве. М., 1975
12. Михаилов Б. Язык и стиль СМИ и пропаганды. М., 1980
13. Фриш А. Как писать для радио и телевидения. – М., 1963
14. Кроссин Л. О языке радиопредач. М., 1967
15. Толмачев А. О языке радиопередач. М., 1967
16. Барноу Э. Как писать для радио. М., 1960
17. Шмелев Д.Н. Язык и стиль масссовой информации и пропаганды.
18. Михалкович В. Изобразительный язык средств массовой информации. М., 1986
19. Сопер П. Основы искусства речи. М., 1992
20. Гуляев К. Об искусстве устной речи. м., 1962
21. Олейник В. Радиопублицистика. Киев, 1978
22. Любосветов Д. По законам эфира: О специфике творчества радиожурналиста. М., 1979
23. Гаймакова Б. Основы риторики. М., 1991
24. Конрад Н.И. Предисловие//Большой японско – русский словарь. М., 1970
25. Шерчова Г. Эхо слова. М., 1986
26. Рахманова Л. Многозначность слова. М., 1982
27. Абилова Н.В., Ложникова О.П. Аудиовизуальные средства журналистики.алматы, 1996.44с.
28. Ревенко А. Заповедное слово. М., 1975
29. Гаймакова Б.Д. Сенкевич М.П. Макарова С.К Мастерство эфирного выступления. М., 1993
30. Сағымбеков Р. Алматыдан сөйлеп тұрмыз. Алма - Ата, 1974
31. Солилова З. Техника речи и исполнительское мастерство. М., 1990
32. Барманкулов М.К. Жанры печати, радиовещания и телевидения. Алматы. 1974, 31-бет.
33. Леоньтев А. Язык, речь, речевая деятельность. М., 1969
34. Летунов Ю. Время. Люди. Микрофон. М., 1974
35. Лингвистический энциклопедический словарь – Под ред. В.Н. Ярцевой. М., 1990 с. 414.
36. Головин Б.Н. Основы культуры речи. М., 1988, с. 41-128
37. Ярошенко В. Информационные жанры радиожурналистики. М., 1976
38. Омашұлы Н. Белестер. Алматы: Қазақ университеті, 1999.183 б
39. Большой толковый словарь иностранных слов. 1 том. Ростов на Дону: Феникс, 1995. 75 с.
40. Абилова Н.В., Ложникова О.П. Аудиовизуальные средства журналистики.алматы, 1996.44с.
41. Введенская Л.А. Павлова Л.Г. Культура и искусство речи. Ростов на Дону: Феникс, 1996. 381 с.
42. Лазутина А. Профессиональная этика журналиста .М., 1999 85с.
43. Байтұрсынов. А. Шығармалар. Алматы. Жазушы , 1989 . 148б
44. Леоньтев А. Психология общения. Тарту, 1974
45. Прение Е. Журналистский текст как система выразительных средств. М., 1982
46. Рощин С.К. Психология и журналистика М.,1989, с. 36-52.
47. Коломинский Я. Беседы о тайнах психики Минск, 1990
48. Богомолова Н.Н. Массовое коммуникация и общение М., 1988
49. Свитич. Л.Г. Профессия: Журналист. Учебное пособие. М., Аспект Пресс., с 58-59, c 103-105.
50. Омашев Н.Радиожурналистика. Оқулық. А., Экономика, 2005 232б
51. Петровская Л.А. Компетентность в общении: социально – психологический тренинг. М., 1989
52. Свитич Л.Г., Ширяева А.А Журналистское образование: взгляд социолога, М., 1997
53. Гусельникова М.В. Лингвистические особенности информационных жанров РВ. М., 1987
54. Смыслов В. Восприятие речевого сообщения М., 1991
55. Кривин Л. Радиовещание В США М., 1991
56. Костомаров Г. Языковой вкус эпохи. М., 1994
57. Каменская О. Текст и коммуникация М., 1990
58. Никитин М. Оптимизация текста в журналистике. – М., 1986)
59. Розенталь Д.Э. Разбор практики. – Советское телевидение и радио. 1971, №7.
60. Омашев Н. Қазақ радиожурналистикасы. Алматы., 1992, 157б
61. Тхагушев И.Н. Радиоаудитория и ее изучение. – Основы радиожурналистики. – М., 1984, 163-бет.
62. Қожакеев Т. Адам. Қоғам. Сатира. – Алматы, 1980, 60-бет
63. Летунов Ю.А. О развитии документальной жанров. – М., 1966, 37-бет.
64. Багиров Э. Ружников В. Основы радиожурналистики. М., 1984
65. Ученова В.В. Беседы о радиожурналистике. – М.: 1978, 51-бет
66. Триккель И.А. Специфика радиокоммуникаций, ее выразительные средства и жанры. 11-12 бет.
67. Казахстанская правда. 2003 №301 c.2
68. Михайлов С.А. Журналистика Великобритании. – СПб, 2004, 448с
69. Омашев. Н. Радиожурналистика негіздері. Оқу құралы – А, 1983 13б
70. Власов. Ю.М пропаганда за фасадом новостей. М,1976, с-16
71. The BBC News Styleguide by John Allen. 2006.
72. Муратов С.А. Основы радиожурналистики. М., 1984
73. Ярошенко В.Н. Информационные жанры радиожурналистики.
74. Кунанбаева С.С. современное иноязычное образование: методология и теории. А., 2005
75. Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики. Учебное пособие. М., Изд – во «РИП холдинг» 2-е издание
76. Мархаев Л. Журналистика и радио. Л., 1962
77. Барманкулов М. Сравнительный анализ жанров. Алма - Ата, 1975
78. Гуревич П.С., Ружников. В.Н Советское радиовещание: Страницы и истории// М., Искусство. 1976 - с. 75
79. Багиров Э.Г. Очерки теории телевидения // М, Искусство.- 1978 – с 95-118
80. Ученова В.В. Беседы о радиожурналистике. – М.: 1978, 51-бет
81. Каган М. Морфология искусств // Л., 1972. – С – 410-424
82. Штульман Э.А. Методический эксперимент в системе методов исследования. Воронеж. Изд – во Воронежского Университета., 1976
83. Дейк Т.А., Язык. Познание. Коммуникация. М., 1989.
84. Богомолова Н.Н. Социальная психология печати, радио и телевидения. М., 1991
85. Мастерство журналиста под. Ред. Горохова., В.М. Пельта М., 1977
86. Моргунов Б.Г. Законы звучащей речи. М., 1986
87. Ревенко А. Заповедное слово. Семь бесед о ремесле. М., 1975
88. Сенкеевич М.П. Культура радио – телевизионной речи. М., «Высшая школа», 1997
89. Barnow E. Mass communication. – N.Y., Toronto, 1956
90. Bogardus E.S. The making of Public opinion. – N.Y.., 1951
91. Cook T. Governing with the News. The News Media as Political Institution. – Chicago, 1988.
92. Ferguson D.L., Patten J. Journalism today! An Introduction. – Skokie, 1979
93. Mayeux P.E. Broadcast News. Writing & Reporting. – Chicago, 1996.
94. Hess S. News and Newsmaking. – Washington, 1996.
95. Hillard R.L. Writing for Television, Radio and New Media. CA, 2000.
96. Sternberg R.J. Thinking styles. Cambridge: Cambridge University Press, 1998.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем
Тілдері Университеті

Магистратура

Мамандығы 6№ 0119: 2 Шетел тілі

Қолжазба
құқығында

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Тақырыбы: “Радиохабардың тілі мен стилін оқыту әдістемесі”

Орындаған: Әуелбек Ш.О
2 курс
магистранты
Ғылыми жетекші:
Қондыбаева М.Р

п.ғ.д.,профессор

Қорғауға рұқсат етілді:

Алматы 2007

РАДИОХАБАРДЫҢ ТІЛІ МЕН СТИЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

беттер

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .. 3-6

I Тарау. Радиохабардың тілі мен стилін оқытудың теориялық негіздері

1. Радиохабардың тілі мен стилінің зерттелуі туралы. Стильдің
теориялық сипаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
7 - 22
2. Радиохабардың тілі мен стилін оқытуды зерттеудің психологиялық,
лингвистикалық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
23 - 36
3. ВВС (Бритиш Бродкастинг Корпорайшн) радиохабарларының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .. 37 - 42

I тарау бойынша қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43

II Тарау. Радиохабарың тілі мен стилін оқыту әдістемесі.

2.1 Радиожурналистика пәнінің әдістемесі радиохабардың тілі мен
стилін оқытудың алғышарты
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 44 - 46

2.2. Радиохабардың тілі мен стилін оқытудың әдістемелік үлгісі ... ... 47
- 51

2.3. Радиохабар дайындауға тән іскерліктер мен дағдыларды
қалыптастыруда оның тілі мен стилін қолдану әдістемесінің
сипаттамасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... . 52 - 63

II тарау бойынша қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 64

III тарау. Тәжірбиелік оқыту және оның нәтижелері ... ... ... ... ... ...
65 - 69

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 70-71

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 72-
74

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қоғамның жаңа бағытта дамуы, Қазақстан
Республикасының тәуелсіз мемлекетке айналуы, ел өміріндегі, оның барлық
саласындағы түбегейлі өзгерістер, ана тілімізге мемлекеттік тіл дәрежесінің
берілуі, мемлекеттік тілдің үкімет тарапынан қамқорлыққа алынуы - бүгінгі
қоғамымыздағы жаңа үрдістердің бipi.
Қазіргі ақпараттық ағымның кеңдігіне байланысты Бұқаралық ақпарат
құралдары тілінің тілдік мазмұны журналистер алдына түрлі міндеттерді артып
отыр. Біріншіден, қазақ тілінің қолданыстық сипаттағы мүмкіншіліктері
барынша тиімді, әрі ұсынықты пайдалану әрбір тілшінің алдына үлкен міндет
жүктеп отыр. Екіншіден, сол радио тілі мен стилін өз нақышынан айырмай,
әдеби тілге қалыптап, әсерлі де мәнді жеткізудің өзектілігі артып отыр.
Бұқаралық ақпарат құралы (БАҚ), оның ішінде радио - бүгінгі таңда
көпшілікті қоғам тынысымен таныстырып, күнделікті өміріміздегі өзекті
мәселелер мен ақпараттар ағынын ел зердесіне жеткізумен айналысуда. Қандай
бұқаралық ақпарат құралы болмасын, ең алдымен, халық тілін пайдаланатыны
белгілі. Халық тілі негізінде сұрыпталған ауызекі сөйлеу тілі ғасырлар бойы
қалыптасып келеді. Бұл радиода хабар жасаудың бірден бip өзекті мәселесі
болып отыр.
Радио тілінің белгілі бip мақсаты, міндеті, жауапкершілігі болады.
Радио тілі - белгілі бip дәрежеде халықтың әлеуметтік және өмірлік қажетін
өтейтін тіл құралының бip саласы. Сөз де, сөйлеу де, әңгімелесу де бәрі
айналып келгенде тілге бағынышты. Ауызекі сөзді радиосөзге айналдыра білу
де өнер, бұлай дейтініміз радиохабарларда қолданылатын сөз жазбаша сөз
емес, негізінен ауызекі сөйлеу тілі екенін естен шығармау керек. Радиода
ауызекі сөздің әсері мол болып келеді. Әсіресе, шеберлікпен сөйленген сөз
тыңдарманға әсер етпей қоймайтыны сөзсіз. Ал радиодағы сөз тыңдаушыға әсер
етсе, онда сол хабардың жақсы дайындалғанын керсетеді.Бүгінігі таңда хабар
әртүрлі сала бойынша дайындалады, яғни хабар дәрігер, мұғалім, өнер
адамдарына арналуы мүмкін. Ал адамдардың жас ерекшелігіне сай:
зейнеткер,қызметкер, студент және т.б. Осындай топтарға радио тілі мен
стилін қолданып хабарлар дайындау әдістемесін үйрету қажеттілігі туындап
отыр. Жұмыстың өзектілігін осыдан көруге болады.
Осыған байланысты бұл диссертациялық жұмыстың:

Зерттеу объектісі (нысаны) - қазақ топтары студенттерін радиохабар
дайындауға үйрету;

Зерттеу пәні – қазақ топтары студенттерін радиохабар дайындауға
үйретуде, оның тілі мен стилін қалыптастыру;

Зерттеу мақсаты: Жоғарғы оқу орнының қазақ тобы студенттеріне
радиохабар тілі мен стилін тәжірбиелік тұрғыда меңгеріп, өздеріне нақты
хабар дайындауда шеберлік тәсілдеріне баули отырып, радиохабар жасау
барысында, оның тілі мен стилін қолданудың ғылыми әдістемелік негізін
жасау.
Аталған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды.

- Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әдістемелік әдебиеттермен
таныса отырып, психологиялық және лингвистикалық
ерекшеліктерін белгілеу;
- Тақырыптың зерттелу деңгейін анықтау, зерттелмеген сұрақтарды
белгілеу;
- Радиохабардың тілі мен стилінің басқа стиль түрлерімен қарым -
қатынасы, лексика-грамматикалық ерекшеліктерінің әдістемелік
негізін жасау;
- Радиохабар дайындауда қолданылатын стиль түрлерін анықтау,
радиохабар дайындауға оқытатын принциптер мен әдістерін
белгілеу;
- Радиохабар дайындауда оның тілі мен стилін қолданудың
әдістемелік тұрғыда негізделген үлгісін құрастыру.

Зерттеу жұмысының методологиялық негізін тақырыпқа байланысты
лингвистика және психология саласындағы еңбектер ( М.Зарва, В.Вакуров,
Ю.Гальперин, И.Андронников, С.Бернштейн, А.Байтұрсынұлы, Қ. Жұмалиев, Г.
Костомаров, Леонтьев А.А) пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының жетекші идеясы: ағылшын тіліндегі радиохабарлардың
тілі мен стилін іріктеп, оларды қазақ топтарында оқитын студенттерге
үйретуді арнайы әдістемелілік жүйеге енгізу. Студенттер радиохабар тілі мен
стилін жақсы меңгеріп, оларды радиохабар жасау барысында дұрыс қолдана
білуі.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер тілдік жоғары оқу орны қазақ
топтары студенттерін радиохабардың тілі мен стиліне үйретуде, хабардың тілі
мен стилін қолдануға байланысты әдістемелік нұсқаулар жасап, радиохабар
тілі мен стилін ұтымды (тиімді) қолдану жолдарын көрсетіп, жаттығулар
кешенін құрсақ, онда біз радиохабар тілі мен стилін оқыту әдістемесіне қол
жеткіземіз, өйткені радиохабар тілі мен стилі хабардың негізгі қаруы
(өзегі) болып табылады.

Зерттеу әдістеріне тоқталсақ, олар:
- Ғылыми әдістемелік әдебиеттерге сын көзбен қарап талдау;
- Болашақ мамандардың (журналистердің) радиохабар тілі мен
стилін қолданғандығын бақылау;
- Радиохабар тілі мен стиліне оқыту жағдайына байланысты
журналистика пәні ұстаздарымен анкета жүргізу;
- Эксперимент жүргізу, нәтижелерін сараптау.

Ғылыми жаңалығы : Жоғарғы оқу орны қазақ тобы студенттерін радиохабар
тілі мен стилін оқыту әдістемесін үйретуде радиохабар жасау әдістемесі
және технологиясы (тілдік құрылымы,көркемдеуші құралдары) жан жақты
зерттеліп, оның әдістемесі беріледі.

Теориялық құндылығы:
- Жоғарғы оқу орны қазақ тобы студенттерін радиохабар жасауда
радиохабар тілі мен стилін қолданудың теориялық негізі
жасалынды.
- Жоғарғы оқу орны қазақ тобы студенттерін радиохабар жасауда
радиохабар тілі мен стилін қолданудың әдістемелік
негізі,принциптері,әдістемесі және жаттығулар кешені
жасалынды.
- Жоғарғы оқу орны қазақ тобы студенттерін радиохабар жасауда
радиохабар тілі мен стилін қолдану жолдары көрсетіліп, негізгі
терминдерге тоқталдық.

Тәжірбиелік құндылығы:
- Жоғарғы оқу орны қазақ тобы студенттерін радиохабар жасауда
радиохабар тілі мен стилін оқыту әдістемесін қолдануға
байланысты әдістемелік нұсқаулар беру.
- Берілген нұсқауларды радиожурналистика саласынан дәріс беретін
мамандар мен болашақ мамандар – студенттер пайдалануға болады.

Зерттеу кезеңдері.

1. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты анықталды, тақырып бойынша
жинақталған материалдар талданып, өңделді.

2. Радиохабар стилінің басқа стиль түрлерімен қарым –қатынасы,
лексика,грамматикалық ерекшеліктері анықталды.Әдістемелік үлгінің
негізі қаланды.

3. Ұсынылып отырған үлгінің тиімділігін тексеру мақсатында тәжірбиелік
оқыту жұмысы жүргізілді.

4. Тәжірбиелік оқыту жұмысының нәтижесі сарапталды. Алынған нәтижеге
байланысты зерттеу тақырыбы бойынша негізгі қорытындылар мен
ұсыныстар жасалды.

Зерттеу жұмысының материалы мен нәтижелерінің апробациясы. Зерттеу
материалдары жүйелі түрде магистрлік оқуларда баяндалып отырылды. Сонымен
қатар, зерттеу жұмысының негізгі мәселелері ғылыми әдістемелік журнал
беттерінде жарық көрді.

Диссертация құрылымы. Кіріспе бөлімде зерттеу жұмысының жүйелі түрде
ғылыми аппараты, яғни зерттеу жұмысының өзектілігі, зерттеу обьектісі,
пәні, мақсат - міндеттері, ғылыми болжам, зерттеу әдістері, ғылыми
жаңалығы, теориялық және тәжірбиелік құндылығы анықталды.
Зерттеу жұмысының бірінші тарауында зерттеу тақырыбына байланысты
әдебиеттер сараптауға салынды. Зерттеу тақырыбы бойынша жарық көрген ғылыми
еңбектерге талдау жасалынып, зерттеу нысанынан тыс қалған сұрақтар
қамтылды. Сонымен бірге, радиохабардың тілі мен стиліне оқытудың
психологиялық, лингвистикалық ерекшеліктері анықталып, әлемдегі ең ірі
ақпарат таратушы ВВС - дің радиохабарларының ерекшеліктеріне тоқталдық.
Зерттеу жұмысының екінші бөлімі радиохабардың тілі мен стилін оқытуға
арналған әдістемелік үлгіні негіздеуге арналады. Сонымен қатар, радиохабар
дайындауға тән іскерліктер көлемі анықталды. Тіл мен стильгепсихологиялық,
педагогикалық тұрғыдан сипаттама берілді.
Үшінші бөлімде ұсынылып отырған әдістемелік үлгінің тиімділігін
тексеру мақсатында өткізілген тәжірбиелік оқыту барысы мен нәтижелерін
сараптауға арналды.
Қорытынды бөлімде зерттеу жұмысының барысы жайлы жалпы қорытынды
жасалды. Ескертетін жайттар мен ұсыныстар анықталды.
Зерттеу жұмысында 2 сызбанұсқа, 3 кесте, 96 әдебиет қолданылды.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар.
1. Профессионал радиожурналист жанрлардың теориясы мен спецификасын
меңгерумен қатар, оларда қандай тіл стильдерінің қолданылуын білуі
керек. Қазіргі радиожурналистерге сонымен бірге, аналитикалық талдау
қабілеттілігі мен қатар, журналисік жұмыстың әдістемесін меңгеру
қажет. Осы орайда, басылымдар негізінде радиохабар әдістемесінің
теориясы мен тәжірбиесін жалпылау мен ұғынудың қажеттілігі туындап
отыр.
2. Диалогқа түсе алу - радиожурналистиканың міндетті қасиеттерінің
бірі. Радиожурналист пен аудиторияның әрекеттестік процесінде кері
байланыс, хабарды коммуникациялық канал лайықтау - ақпаратты беру
нәтижесін көтеу мүмкіндігін береді.
3. Радиожурналист пен бұқаралық аудиторияның әрекеттестік амалдары мен
әдістерін таңдауда радионың ерекшелігі мен акустикалық қабылдаудың
психологиялық ерекшелігін ескеру қажет.

I – тарау. Радиохабардың тілі мен стилін оқытудың
теориялық негіздері

1.1 Радио тілі мен стилінің зерттелуі. Стильдің теориялық сипаты.
Бұл бөлімде біз, радиохабардың тілі мен стилі мәселесін зерттеумен
айналысқан шетелдік және отандық ғалымдар зерттеу жұмыстарына, олардың
ұстанған көзқарастарына талдау жасай отырып, қазіргі кезге дейін шешімін
таппаған мәселелерді анықтап, олардың себебін іздеп, сол мәселеге өз
қатынасымызды білдіруге тырысамыз. Алдымен, радио тілі мен стилінің
зерттелу аясы туралы бірер сөз айтып кетуді жөн көрдік.
Радиохабардың тілі мен стилі туралы XX ғасырдың жиырмасыншы - отызыншы
жылдары алғашқы зерттеулер пайда бола бастады. Бұл кезде жекелеген, шағын
еңбектер мен мақалалар жарияланған болатын. Бірақ, мұндай зерттеулерде
көбіне алғашқы байқаулар мен тұжырымдар жасалды. Сондай-ақ сол кездегі
зерттеулерде көбінесе мәселені терең әрі жан-жақты қамти алмаушылық
кездесті. Алайда, сол кездің өзінде-ақ қайсыбір мәселелердің көтерілуі
кұптарлық еді. Алғашқы еңбектер "Говорит СССР", "Советское радио и
телевидение" деген басылым беттерінде жарияланды. Сонымен қатар, түрлі ой-
пікірлер айтылған болатын. Дегенмен, бұл - алғашқы ізденістер еді. Кейін
келе әлі анықталмаған мәселелерді қозғау, жаңадан теория мен тәжірбие жайын
жолға қою ici қолға алынды. Сөйіп біріншілердің қатарында С.Бернштейн
сияқты ғалымдар зерттеу жұмыстарымен айналысты.[1] Сонымен қатар, М.Зарва,
В.Вакуров, В.Ружников, Ю.Гальперин, И.Анрдонников сияқты ғалымдар еңбектері
жарыққа шықты. Бұл зерттеушілер еңбектерінде радиодағы хабарға байланысты
тақырыптар зерттелген болатын.[2,4,5,6,7] Одан соң да зерттеу аясы бірте-
бірте кеңейіп, басқа да тақырыптар бойынша тұжырымдамалар қарастырылды.
Бұл орайда радио тілі біржақты қарастырылмай, әдеби тілге және жалпы тіл
заңдылықтарына байланысты алынды.[2;3] Осы ретте орыстың атақты ғалымы,
академик Виноградовтың әдеби тіл мен оның стилі және теориясы туралы
еңбектері пайдаланылды.[4] Басқа да көптеген орыс ғалымдарының
лингвистикалық еңбектеріне назар аударылды. Атап айтсақ, орыс зерттеушісі
П.Г. Пустовойт: Көркем шығармада адам характерін барынша дәл суреттеу және
оның логикалығы үшін күресу – бұл сөз сапасы үшін, сөз бен адамдарды
барынша таңдай білу үшін күресу, - деген пікір айтқан. [8]
Ал қазақ зерттеушілерінің еңбектеріне келетін болсақ, бастапқы кезде
қазақ тілін жан-жақты зерттеген лингвист, ғалым Ахмет Байтұрсынов
еңбектерін айта кету керек. Ахмет Байтұрсынов тілдік нормалардың жасалуы
және заңдылықтары жөнінде еңбектер қалдырған. Сондай-ақ "Әдебиет танытқыш"
деген еңбегінде тілдің тазалығына және анықтығына, дәлдігі мен
әуезділігіне байланысты пайымдаулар мен ғылыми қорытындылар жасаған.
Сонымен бipгe сөздің дыбысталуы мен айтылу мәнеріне де тоқталған.
Сонымен қатар, аталған еңбекте ғалым сөз өнері адам санасының үш
негізінде (ақылға, қиялға, көңілге) тірелетінін айта келіп, “Тілдің міндеті
- ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түюін
түйгенше айтуға жарау”, - деп дәйектеді.[9]Алайда осыған қарамастан тілді
орынды жұмсай білетін адамды таба, көре білу қиын. Себебі, ең ақырғы өз
ойын сол ойлаған қалпында басқаларға жеткізе білу де тілдік шеберлікке
келіп тіреледі. Мәселен, А.С. Пушкин жазған өлеңінін кейбіреуін 13 рет
түзеткен, Л.Н. Толстой өз шығармаларын баспаға беріп қойғаннан кейін де
талай түзетіп, талай өзгерткен екен.
Бұдан шығатын қорытынды ойыңдағыны, қиялдағыны, көңілдегіні тілмен
айтып жеткізу өте қиын екенін, тілдік шеберлікті талап ететінін байқаймыз.
Әрбір журналист өз ой-өрісіне қарай ұлттық тіл қорынан қажетін алады деген
сөз. Оның үстіне тіл - материалдық құрал. Сондықтан да тілді әркім өз
біліміне, өмір тәжірбиесіне қарай алуан түрде ұштайды.
Жоғарыда айтылған жайлар - радио тіліне мен стиліне байланысты алып
қарауға болатын мәселелер.
Keлeci бip қазақтың академик-ғалымы Қажым Жұмалиев "Қазақ әдебиеті
тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі" деген еңбегінде, сондай-
ақ "Стиль - өнер ерекшелігі" деген еңбегінде тіл, стильге орай ғылыми
пікірлер келтірген. [10] Аристотель, - деп жазады жазушы Риторика,
поэтика атты еңбектерінде тіл, стиль, стилистика мәселелеріне көп көңіл
бөлген. Әсіресе, прозалық, поэтикалық сөйлеу тілдерінің айырмашылығы мен
жақындықтарынн ашып көрсете алған. Ол бұл туралы: Жалпы айтқанда, жазылған
нәрсе оқуға да жеңіл, сөйлеуге де ыңғайлы болуы керек, қысқасы, жазу стилі
– ең дәл стиль, - дегенді білдірді.
Стильдің бағалығы, - деді одан әрі ғұлама, - анықтығында. Өйткені,
сөйлеген сөз анық болмаса, сөйлеуші өзінің көздеген нысанына жете алмайды
. Ғұлама әр стильдің жақсы, ұғынықты болуы үшін төмендегідей төрт түрлі
шартты ұсынған:
1) жалғаулық пен демеулікті дұрыс қолдану;
2) алыстан орағытып, түсіндіремін демей, айтайын деген ойды дәл айту;
3) екұшты мағыналы сөздерді қолданудан сақтану;
4) Әңгіме көп адам не бір адам туранлы ма, соны аңғартатын сан есім
жалғауларына сақ, мұқият болу.
Ал бұл туралы орыстың белгілі ақыны А.Блок: Қай адамның болсын стилі
оның жан сырымен тығыз байланысты, стиліне қарап, оның жанын көре алады,
форманы зерттеу арқылы оның терең мазмұнына бойлайды , - дейді. Блоктың
айтуынша, әрбір адамның стилін ең алдымен, оның идеялық бағыты айқындайды
екен. Яғни, асқан биік идея ғана жақсы стиль тудырады. [10]
Басқа да ғалымдар қатарынан С.Аманжоловты, Н.Сауранбаевты,
І.Кеңесбаевты, Ә.Хайдаровты, Р.Сыздықоваларды атауға болады. Осы секілді
ғалымдар қазақ тіліне байланысты көптеген мәселелерді зерттеді. Сондықтан
олардың еңбектерін де радионың тілі, стиліне қатысты түрде пайдалану керек.
Дегенмен, журналистика саласында қазақша арнайы, дербес зерттелген еңбек
жоқ деуге болады. Бірақ арғы-бергі зерттеушілер: Х.Бекхожиннің,
Т.Амандосовтың, Т.Қожакеевтің, Н.Омашевтің, Р.Сағымбековтің еңбектерінде
қосымша тіл-стильге байланысты айтылатын мәселелерді пайдаланған жөн. Бip
айта кететін нәрсе - радионың тілі, стильі туралы қазақша еңбектер жазып
зерттеу алдағы уақыттың ici. Келесі ретте, радио тілі туралы орыс, шетел
зерттеушілерінің пікірлерін келтірсек.
Радио тілі - қарапайым, түсінікті, тапқыр, бейнелі,
мәнерлі,әуезді, әсерлі болуы керек. Сонымен бipгe радио тілін зерттеуші
шетел ғалымының пікіріне назар аударсақ, қосымша мына жайларды аңғаруға
болады. Мәселен, ғалым А.Шнейдер өз еңбегінде: "Кітаптың тілі
емес, газеттің тілі емес, сөйлеу тілі ғана радио тілі болу керек", -
дейді.[11] Ал зepттeyшi Ю.Гальперин болса: "Радионың табиғатының өзі сөйлеу
тілін қажет етеді, - деген пікір айтады.[6] Сондай-ақ, Б.Михайлов:
"Радиохабар тілі- әдеби тілдің сөйлеу түрлеріне жатады", - дейді. [12] Тағы
бip пікірді А.Фриш былай деп түйеді: "...оның (яғни, радионың) сапасы
сөйлеуге байланысты". [ 13]
Демек, осы пікірлердің бәрін қорыта келгенде, үлкен ұғымдағы
"радио тілі" сөзден, сөйлеуден, әңгімелесуден келіп құралалады екен. Сол
сөйлесудің бәpi жай ғана айтыла салмай, радионың, яғни, ақпарат құралының
мақсатын орындауы керек. Сонда ғана сөйленген сөздер "радио тіліне" айнала
алады. Радиохабар материалында тілді қолданудың өзіндік сырлары, жұмбақтары
жетерлік.
Радиохабар дайындауда онда тек қана тіл, стиль ғана емес,
дыбыстың да орны бөлек. Радиохабардың ерекшелігіне байланысты дыбыс
айрықша рөл атқарады. Радиодағы ауызша сөз бен сөйлеу тілінің өзіндік мәні
бар. Сондықтан сөйлегенде дауысты жоғарылату мен төмендетудің және
екпіннің, үн ырғағыньң радиода сөйлеу үшін орны бөлек. Дауыстың қандай
дәрежеде болуының өзі адамға әртүрлі әсер етеді. Дұрыс акцентпен айтылған
сөз көңілге қонымды шығады, естуге де жағымды болып келеді. Алайда, тез
сөйлеу мен баяу сөйлеудің де әcepi өзінше екі басқа.
Тілді радиохабарларда өз орнымен, заңдылығымен қолдану
тыңдаушыға оңды әсер етсе, кepicіншe оны дұрыс қолдана білмеу көңіл-
күйге ыңғайсыз әсер беретіні белгілі. Хабарда дауыс тербелісі де сөз
бояуын арттырады. Осылайша радиодан берілетін материалдар мен хабарларда
белгілі бip ырғақпен сөйлеуші адамның ақпараты тыңдарманға әсерлі де,
сенімді жеткізіледі.
Радио пайда бола бастаған уақыттардан бepi радио тілі өз oрнын иелену
үстінде. Ендігі жерде радиодағы сөз сөйлеу түрлеріне келсек, радиода сөз
сөйлеу монолог, диалог түрінде келуі мүмкін. Алдымен, монолог дегеніміз не
және ол радиода қалай беріледі деген сұраққа жауап беріп көрелік. Мысалы,
монолог түрінде микрофон алдындағы әңгіменің, комментарийдің, сөз сөйлеудің
және журналист әңгімесінің көп бөлігі өтеді. Tіптi, кейде репортаждың өзі
монолог түрінде беріледі. Монолог - жеке адамның өз сөзі, ойы, пікірі болып
табылады. Ол ешкімммен әңгімелеспей, көз алдында көрінбейтін, өзімен біpге
отырмайтын адамға тіл қатқандай әсер қалдырады. Оның сөз eтіп отырған ішкі
ойларына қасында қолма-қол жауап беріп, сөзге араласушы немесе жауап беруші
болмайды. Сондықтан монологты сұрау салу, жауап беру сияқты нәрселер бip
адамның өз сөзімен ғана шектеліп, тиісті ой мақсаты орындалып барып
аяқталып отыруға тиіс. Радиода монолог - радионовелла, радиохат сияқты
хабар түрлерінде қолданылады. [14]
Сонымен қатар, монологта сөз сөйлеушінің өзінің көңіл-күйі мен iшкі
толғаныстарынан басқаша келетін түрі де бар. Ол хабарлау, баяндау
тұрғысындағы монолог. Мұнда оқиғаға сендіру мақсатында оның жай-күйін
логикалық тұрғыда дамыта мазмұндау жатады. Бұл орайда субъекті мен объекті
бөлініп, сөйлеуші сөзі өзіне байланысты емес, керісінше басқа біреуге
арналғандай болады. Оның өз адресаты бар деген сөз. Монологты бір адам
жүргізетін болғандықтан, көбіне-көп ол шешендікті, сөз тапқырлықты қажет
етеді.
Бұған керісінше диалог - екі немесе одан да көп адамның микрофон
алдында сөйлесуі, әңгімелесуі болып табылады. Ол көбінесе радиосұхбатта
қолданылады.
Радио тілінен жай сөйлесу тілін қалай айыруға болады деген сұраққа
жауап беріп көрейік. Радио тілі деңгейіне көтерілмеген сөйлесу сөздері
ресми емес, дайындықсыз болып келеді. Онда сөз қалай айтылса да epiктi, ал
тілдік бейнелеу құралдары әбден сұрыпталмаған, сөздің дәлдігі мен толықтығы
қажет бола бермейді. Сөйлесушілер сөз аяғын бітірмей-ақ, бір-бірін екпін,
қимыл арқылы түсінiп аяқтай береді, яғни, аяқталмаған ойлар, сөйлемдер
орын алуы мүмкін. Оның үстіне түсінбеген жайларды, сөздерді қайталап
айтуға, түзетуге болады, басқа сөздермен ауыстыруға болады. Өйткені, ол
сөздер эфиргс айтылып жатқан жоқ. Ал радио тілін дұрыс қолданамын деген
радиожурналист немесе басқа да микрофон алдында сөйлеушілер бұл секілді
жауапсыздықты, орынсыз сөйлеп, артық-ауыс әңгіме айтуды қаламайды.
Күнделікті өмірдегі сөйлесу сөздерінде айтылатын әдеби, мәдени нормаға
жатпайтын сөздер радио тілінде қолданылмайтыны түсінікті. [15]
Сөйлейін сөз радиода негізгі қызмет атқарады. Ал "радио тілі" одан
гөpi кеңірек ұғымды қамтиды. Ceбeбi, радио тілінің өз заңдылықтары болады.
Оның бәpi журналист бойында тәжірбиеден, жүре келе қалыптасады. Демек,
радио тілін қарапайым түрде түсінбеу керек, оның өз алдына ғылыми
негізделген көптеген ерекшеліктері, сипаты бар. Оны бip ғана ұғымға
сыйдыру мүмкін емес. Сондықтан радио тілі жан-жақты жинақтап,
кең ауқымда анықтауды қажет етеді. Ол үшін келешек маман -
радиожурналист сөз бен тілдің айырмашылығын білуі керек. Тіл -
сөзге қарағанда кең ұғым. Радио тілінің белгілі біp мақсаты, міндеті,
жауапкершілігі болады. Қоғам мен адам алдында көтерер жүгі мен атқарар
қызметі зор. Радио тілі - белгілі бip дәрежеде халықтың әлеуметтік және
өмірлік қажетін өтейтін тіл құралының өзіндік айрықша шарттары бар саласы.
Сөз де, сөйлеу де, әңгімелесу де бәpi айнальш келгенде тілге бағынышты.
Тіл - ғылыми категория. Радиодағы сөйлеу, әңгімелесу тілден жаралып жатады.
Ал жайшылықта айтыла салған сөз радио тілі дәрежесіне көтерілмеуі мүмкін.
Ол үшін сөздің мән - маңызы болу керек. [16]
Ал енді ауызша сөздерге келсек, олар кәдімгі күнделікті нормасын
сол өзгермеген қалпында радиода қолдана беру жарасымсыз. Яғни, ауызша
сөзді радиохабарларға үлгі ретінде қабылдап, көшірме жасаудың қажеті
жоқ. Себебі ауызша сөздердің өзі радиода қолданылғанда іріктеліп,
керегіне қарай белгілі мөлшерде пайдаланыльш отырады. Ауызша сөздің өзін
шексіз әpi талғамсыз қолдану радиохабарлардың сапасын нашарлатады. Радио
тілінің нормасын бұзады. Мысалы, көркем, әдеби драмалық хабарларда
және мәтінсіз айтылатын құжаттарда ауызша сөз тек қажетінше қолданылады
да, артық мөлшерде қолдану орынсыз болып шығады. Сонымен бірге ауызша
сөзді мөлшерсіз қолдану радиохабарлардың көркемдігін төмендетеді.
Сондықтан ауызша сөзді талапқа сай қолданғанда ғана сәтті пайдалануға
болады. Қазіргі әдеби тілде ауызша сөздер мен кітап
сөздерінің жақындасуы байқалады. Мұның өзі радио тілінің күрделеніп келе
жатқанын көрсетеді.
Әрине, радио өзіне қажетті мүмкіндіктерді жақсы пайдалану үшін ауызша
сөзді, оның айтылу, дыбысталу жүйесін қолданатыны белгілі. Осыдан келіп
ауызша сөзді радиосөзге айналдыра білу де өнер екендігі анықталады. Ол үшін
фонетиканың, морфологияның, лексиканың, синтаксистің де қазақ тіліндегі
заңдылықтарынан хабардар болу керек. Сонда ғана радиода хабарлар дайындауда
табысқа жетуге болады.
Ал радиосөздің нормасы және негізі (база) қалай жасалады десек, бұл
да өз алдына бөлек мәселе. Ауызша сөзді дамыта отырып, әсемдеп, көркемдеп,
оралымды да, мағыналы түрде қолдана білу – радиосөзді жасайтын жол. Тілдік
бояуларды арттыру үшін эпитет, метафора, теңеуді пайдалану тиімді. Сондай-
ақ, қанатты сөздер, мақал-мәтелдерді қолдану да радиосөзге ерекше әсер
бepiп, әсерін күшейтеді. Тыңдарманға тартымды да қызықты сөз болып
шығады.
Сонымен радиосөздің нормасын жасайтын лингвистикалық негіз - ауызша
сөздің стилистикасы болып табылады. Бұған қоса айтар нәрсе, белгілі бip
нормадағы ауызша сөз – радиосөздің негізі болып табылады. Ал осы
радиосөздердің жалпы жиынтығы: нормалары, стилистикасы, заңдылықтары,
жүйесі, қалыптасуы мен дамуы, тағы басқа көптеген компоненттері радио
тілін құрайды. Бұдан келіп шығатын қорытынды не? [17]
Демек, радиода хабарларды оқып берудің керегі жоқ. Тек қана
әдістемелік бюллетеньдерді немесе газеттің ресми ақпаратын ғана оқыған
дұрыс. Ал басқа радиолекция, радиобаяндамаларды оқымай, ауызша айтып берген
жөн. Бұл ретте көркем материалдарды да оқудың арнайы тәсілдерін таппаса,
ойдағыдай болып шықпайды. Радиохабарларда қолданалатын сөз жазбаша сөз емес
(мысалы, кітаптағы секілді), негізінен ауызша сөз екенін естен шығармау
керек. Мұны айтқанда мынаған назар аударған жөн. Жазбаша сөз - ауызша
хабарламаның үлгici бола алмайды. Ауызша сөздің өз орны бар, жазбаша сөздің
де орны ерекше. Әрқайсысы өзіне тән жағдайда ғана қолданылғаны орынды.
[18]
Радиода ауызша сөздің әсері мол. Әcipece, шеберлікпен сөйленген
сөздер тыңдарманға әсер етпей қоймайды. Шешендік стильдің қажеттігі де
осында. Ал радиодағы сөз тындаушыға әсер етсе, онда сол хабардың да жақсы
дайындалғанын көрсетеді.
Хабар дайындағанда әртүрлі сала бойынша: өндіріс жұмысшысына немесе
ауыл шаруашылық мамандарына арналуы мүмкін. Сондай-ақ, дәрігер, мұғалім,
өнер адамына арналуы мүмкін. Ал жас ерекшелігіне сай: зейнеткер, қызметкер,
студент, мектеп оқушысы, балалар бақшасына арнап дегендей... Осындай топтарға
тіл, стиль ерекшелігін қолданып, хабарлар дайындау керек.
Бұл жалпы радиодағы тіл, радиосөз жайлы әдебиеттерді талдаудан
жасалған тұжырымдамалар.
Ал енді стильдің теориялық сипатына келетін болсақ, жалпы стиль
ұғымына анықтама бере кетейік. Стиль – гректің “жазу құралы” деген сөзінен
шыққан термин. Ертедегі римдіктер бip ұшы cүйіp, бip ұшы
қалақша кішкене таяқшаны тақтаға сөз жазу үшін қолданып, оны стиль деп
атаған.[10]
Стиль тіл ғылымына, лингвистикаға сүйенеді, яғни тілді қолдану
сипатына қарай стиль туып, қалыптасады. Стиль тіл біліміне қатысты
бола отырып, өз алдына мақсат-міндеті бар пән ретінде
қарастырылады.
Тілдің көркемдегіш, бейнелегіш, мәнерлі, әсерлі мән беретін құралдарын
стилистика дейміз. Стиль – көркемдеп сөйлеудің, ойды айтудың мақсатына
қарай әсерлі де мәнерлі жеткізудің тілдік амал-тәсілдерінің жиынтығы.
Тілдік дыбыстардың, грамматикалық, тұлғалардың, сөздердің, сөз
тіркестерінің, сөйлемдердің қалыптасқан жүйесі. Стиль — творчестволық
ерекшелікті білдіреді. [ 10]
Әдетте сөйлеу тілінің және жазба тілінің стилі болады. Стиль
түрлеріне тоқталсақ, олар : 1. Әдеби стиль. 2. Ғылыми стиль. 3.
Публицистикалық стиль.
4. Ресми стиль болып бөлінеді.
Стиль туралы ғалымдар түрлі пікірлер айтқан. Мысалы, Бюффон: "Стиль
дегеніміз - адам", дейді. [19] Ал ертедегі ойшыл Платон болса: "Мінез
қандай болса, стиль де сондай", - деген. [20] Орыс академигі Виноградов пен
қазақ академигі Қ.Жұмалиев стиль туралы көп зерттеген. Виноградовтың:
"Авторлық проблема және стильдер теориясы" деген, Қ.Жұмалиевтің: "Стиль -
өнер ерекшелігі" деген еңбектері құнды зерттеулер.
Стиль бірден қалыптаспайды. Оның бастауы,
дамуы,
қалыптасуы сияқты кезеңдері болуы заңды. Стиль көбіне жазушы,
журналистерде айқын көрінеді. Көркем шығарма мен
публицистикадағы стильдің өзіндік айырмашылығы бар.
Публицистикалық стильге баспасөздің, радио мен
теле-
дидиардың, яғни, бұқаралық ақпарат құралдарының тілдерін жат-
қызуға болады. Бірақ, бұлардың өзіндс стиль әрқайсына тән
белгілерімен, сипатымен ерекшеленіп қолданылады. [21]
Сондай-ақ, ұлттың тілінде өзіндік стиль өрнектері жүйеленеді. Ал
үлкен көлемде әдеби ағымдар мен әдістерде де стиль
қалыптасады. Сонымен бipгe, әpбip жеке шығармашылық иесінің басқаға
ұқсамайтын жеке стилі кездесуі мүмкін. Олардың өздерінің дара
қолтаңбасы болады.
Қазақ тілінің қазіргі стильдік тармақтары ауыз әдебиетінен басталып,
әcipece, XIX ғасырда қазақ баспасөзінің пайда болуына байланысты жазба
түрдегі стидьдер қоғамдық әртүрлі салалар бойынша дами бастады. Сол кезде
қазақ тілінде мерзімді баспасөздің шығуы публицистикалық стильді өмірге
әкелді. Шоқан, Абай, Ыбырай шығармаларындағы публицистикалық стиль де
белгілі. Публицистиканың стилін оның жанрларынан да көруге болады. Демек әр
жанрдың өзіндік стилі бар. Мәселен, очерк пен фельетонның стилі бірдей
емес. Онда қолданылатын сөздер де, сөйлемдер де өзінше. Фельетонда
сатиралық уытты сөздер мен тіл қолданылса, очеркте жағымды, ұнамды
жайларға байланысты көркем сөз бен тіл қолданылады.
Радиохабарлар стилінде сөйлеу тілінe сай екшелген, сұрыпталған әуезді,
әуенді, сазды, интонациялы, мәнерлі, айшықты фразалар, сөз тіркестері
пайдаланылады. Сонымен бірге, фразалардың ұзын-қысқалығын байқап, сөздер
рет - ретімен құрастырылуы қажет. Лексиканы орнымен пайдаланып, дұрыс
бейнелеуге назар аударған жөн. Әрбір аудиторияға терминнің түсінікті түрін
ескеру мен фразалардың түсінуге қолайлылығы мен айтуға ыңғайлылығын ескеру
- стильді радиоға бейімдейді.
Радиостильге қатысы бар, көңіл-күйге әсер ететін факторлар қатарында
айтылар сөздің көңіл-күйге әсер eтетін бояуларын, лиризмді байқау керек.
Сондай-ақ, ауызша және жазбаша сөздің арақатынасын аңғарған жөн. Сөз
нешінші жақта айтылмақ? (I-II-III - жақтарда). Монолог немесе диалог
түріндегі сөздер ше? Бұлардың да стильге әсер ететінін ұмытпаған лазым.
Радиодағы стильдің өзіндік ерекшелігін айқындайтын тағы бip сипаттарға
мыналарды жатқызуға болады; хабардың түрлері қалай берілуі тиіс? Айталық,
оның жүргізілу, жеткізілу бағыты қандай? Мысалы, үгіттік мақсатта ма,
түсіндірушілік мақсатта ма, баяндау мақсатында ма, нұсқау мақсатында ма,
хабарлау мақсатында ма? Бұлардың да бip-бipiнe ұқсамайтын ішкі стильдік
айырмашылықтары бар. Көркем радиохабарлар мен жаңалықтар немесе соңғы
хабарлар, сондай-ақ саяси хабарлар стилі де бірдей болмайды. Мұны
радиожурналистер жіті ажырата білулері тиіс.
Радиохабарлар тілінде сөйлеу тіліне сай екшелген, сұрыпталған әуезді,
әуенді,сазды, интонациялы, мәнерлі де айшықты фразалар, сөз тіркестері
пайдаланылады. Сонымен бірге, фразалардың ұзын-қысқалығы ескеріліп, сөздер
рет – ретімен құрастырылуы қажет. Сонымен қатар, радиохабар дайындау
барысында тілдік лексиканы дұрыс пайдалану мен бейнелеуге үлкен назар
аударған жөн. Әрбір аудиторияға терминнің түсінікті түрін ескеру мен
фразалардың түсінуге қолайлылығы мен айтуға жеңіл әрі ыңғайлылығын ескеру –
стильді радиоға бейімдейді. [22]
Радиохабарларындағы әдеби тіл рөліне келетін болсақ, әдеби тіл
әдеттегі жай тіл емес, ол халық тілінің әбден сұрыпталған елеп-екшелген,
таңдап – талданған түрі. Әдеби тілдің белгілі бір заңдылдықтары мен
нормалары бар, Атап айтсақ, лексикалық нормалар, грамматикалық нормалар,
орфографиялық және орфоэпиялық нормалар сақталып отыруы тиіс. Сонымен
бірге, әдеби тілдің мәдени нормалары да ұмытылмауы шарт. Сөздердің мәдени
маңызы мен мәні, сипаты әрқашан ескерілгені жөн. Бұл орайдағы әдеби тіл
мәдениетінің жауапкершілігін әрбір журналист ескеруі керек. Хабарлар
дайындалғанда, хабар мәтінін жазғанда қалам иелері өз шығармашылығында
әдеби тілдің інжу – маржанын пайдаланады. Хабарды немесе мәтінді тілдік
бояулармен көркемдеуде, безендіруде, суреттеуде, бейнелеуде - әдеби тілдің
алатын орны шексіз. Ал оны тапқырлықпен, шеберлікпен қолдана білу
журналистке байланысты. Ендеше, радиохабарларда әдеби тілді қолдану сипаты
қандай десек, мына жайларды айтып өткен жөн. Әдеби – тіл әдеби – драмалық
хабарлардың бояуын арттырады. Қандай хабарлардың болса да тартымды, қызықты
тілмен берілуін қамтамасыз етеді. Хабарлардың тілінің құрғақ шықпауына
көмектеседі. Яғни, хабарлардың, материалдардың, мәтіндердің шығармшылық
сапасын көтереді.
Сондай-ақ, әдеби тіл радиотыңдаушының көңіл- күйіне, сезіміне әсер ету
құралы ретінде аса пайдалы. Нәзік нақыштты, астарлы ойлы, сырлы сазды
фразалар мен тіркестер құруға мүмкіндік береді. әдеби тілдің тағы бір
эфирдегі қажетті сипаты – ұнамды тіл оралымдары мен сауатты да, мәдени
сөйлеуге және жазуға әсер ететіндігі. Демек, әдеби тілді орнымен қолдану
радиохабарларын дайындауда табысқа жеткізетін жолдардың бірі. Ал ауызша
әдеби тіл мен жазбаша әдеби тілді радиохабарларда шеберлікпен пайдалана
білудің жөні бөлек. [23]
Әдеби тіл өмірдің, қоғамның барлық салаларында бүгінде кеңінен
қолданылып келеді. Саяси, ғылыми, экономикалық, мәдениет және әдебиет пен
өнер саласында әдеби тілсіз іс атқарылмайды. Осы салаларда хабар дайындауда
әдеби тіл күнделікті әрі үздіксіз пайдаланылады.
Қазіргі таңда Бұқаралық коммуникация құралдары (БКҚ – баспасөз,
радио, теледидар) сөз бостандығының тікелей құралы болуда. Осы мәселеге
байланысты бұқаралық коммуникация құралдары ерекше мәнге ие болуда. Маңызды
мәселе – радиохабардың тілі мен стилін толық жетілдіру бұқаралық қарым –
қатынастың ақпараттылығы мен нәтижелілігін, ауызша және жазбаша сөздің
мәдениетін көтеруге ықпал етуде.
Бұқаралық қарым – қатынастың негізгі құралдары әдеби тілдің, тілдік
нормалардың қалыптасыуына және де әдеби тілдің қазіргі нормаларының
қалыптасу және таралу негізгі факторы болуда. Осы ерекшелікті ескере
отырып, академик, Н.И. Конрад бұқаралық қарым – қатынас тілін белгілі
ұлттың жалпы тілі. [24]
Жалпы, радио адамзат өркениетіндегі аса ірі ғылыми жетістік қана
емес, қоғамның дамуын жеделдеткен құбылыс ретінде бағалаған жөн. Сымсыз
ақпарат жеткізуді меңгергелі бері бір ғасырдан астам уақыт өтті, ал ғылыми-
техникалық прогресс қарыштап дамуда. Соған тікелей жол ашқан
“ақжолтайлардың бірі де бірегейі” – радио және соған қатысты технологиялар.
XXI ғасырда адамды және де оның болашағын ақпараттық ағымдағы жаңа
технологиялық байланыс құралдарынсыз елестету мүмкін емес. Соның
бастауында тұрған ғылыми жаңалық - радио болса, ол күні бүгінге дейін
жетілдірілу үстінде. Радио ақпаратты жеткізу мен тасымалдау құралы ғана
емес, оны басқару мен жүйелеудің тетеігіне айналды. Радио шекараны
білмейтін тосқауылсыз арнаға, жаһандық сипатқа ие болды. Бүгінгі ақпараттық
тасқынның да бастау бұлағы - радиотехнологиялар. Сөзді тыңдарманына
жеткізудің де қуатты құралы радио болып табылады. Ендеше сол радио
толқындардан берілетін хабардың сапасының артуына ықпал ететін болашақ
маман – радиожурналистер еншісінде. Бүгінгі таңда радионың бұқаралық
ақпарат құралы ретіндегі мәні мен маңызы арта түсуде. Радионың ұйытқысы да,
тірегі де, жүрегі де – мамандар, білікті кадрлар. Бұқаралық байланыс
(коммуникация ) ретінде оның екі жағы бар: ақпарат жасаушы – шығармашылық
ұғым және тыңдарман. Осы жағдайда радиохабар жүйесі үшін болашақ маман
даярлаудың маңызы арта бермек. Радиохабар тарату, жеткізудің жолдары, әдіс
– тәсілдерін техникалық мамандық иелеріне қалдырып, сол ақпараттың ішкі
мазмұнын жасаушы – радиожурналист ұшқырлығы, білгір маман қажеттілігі
туындап отыр.
Ендеше сол болашақ маман өнімі – радиохабар десек, радиохабарларының
қасиетін айта кетелік. Радиохабардың бірінші табиғи қасиеті – жеделдігі.
Қалыптасқан Бұқаралық ақпарат құралдары жүйесінде бірде-бір басқа құрал
мұндай жеделдікті қамтамасыз ете алмайды. Соңғы жылдары қауырт дамып, кең
қолданысқа ие болған ұялы телефондар радиохабар мүмкіндігін бұрынғыдан да
арттырды. Радиохабар ең жедел де икемді, әрі аз шығынмен жұмыс істейтін
бұқаралық құрал болып қала берді. Радиохабар әмбебап хабар таратуымен де
қолайлы. Ауа - райынан бастап, маңызды оқиғалар, төтенше жағдайлар
барысы, экономикалық көрсеткіштер туралы, болмаса спорт әлеміндегі
жаңалықтар жер жаһаннан әуе толқынына тарап жатады.
Әрбір хабар тыңдарманға тартымды, жақсы шықсын десек,
радиохабарларының бейнелеу құралдарын орынды қолдану асқан шеберлік деп
айтсақ қателеспейміз. Ендеше сол бейнелеуіш құралдарды қарастыра кеткенді
жөн көрдік. Ал зерттелу жағына келсек, радиохабардың бейнелеу құралдары аз
зерттеліп жатқанымен, талас пікірлер де аз емес. Алғашқы кезде оның
дыбыстық эффектілерін тым асық бағаласа, келесі зерттеуші бейнелеуші
құралдардың барлығы бірдей деп дәлелдеуге тырысты. (А.А. Музыря). Ал Ю. Д.
Баранеевич: сөз бен әуен - негізгі , шулар – қосалқы деп қарастырады
[25].
Радиохабардың бейнелеу құралдарын шатастырмау үшін екі топқа бөліп
қарастырған жөн. Бірінші топқа – құбылыстың акустикалық көшірмесі сөз бен
шу және әуен кіреді. Бұлар – табиғи бейнелеу құралдары. Ал екінші топқа -
техникалық бейнелеу құралдары жатады, яғни түрлі монтаж, жаңғырық, сөзді
жылдамдату, баяулату және тағы басқалар жатады. Мәселен, сөз бен монтажды
қатар қоюға болмайтындығын дәлелдеудің қажеті шамалы, өйткені олардың
табиғаты да, радиохабарындағы орны мен рөлі де екі бөлек, өзінше ерекше.
Соған ұқсас бейнелеу құралдарының да қызметі бірдей емес. Мысалы,
радиоочерктің идеясын тек қана әуен мен шу арқылы толық жеткізу мүмкін
емес. Олар сөзбен байланыста ғана міндетін атқара алады. Сонымен, бұл
бейнелеу құралдары, яғни әуен мен шу сөзге тікелей бағыныңқылы болады.
Радиохабарды тілдік бейнелеу , безендіру, ажарлау, мәнерлеу хабарлар
сапасын арттырып, көркемдігін күшейтеді. Бұл орайда лингвистиканың теңеу,
эпитет, метафора сияқты бейнелеу құралдарын кеңінен әрі жан-жақты қолдану
тиімділікке жеткізеді. Ойдың логикалық әсерін пайдалана отырып,
тыңдарманның назарын аудару, қызықтыру, тартымды сөйлеу секілді
компоненттерді орнымен әрі қажетіне қарай қолдану табысқа жеткізбек.
Тілдік безендіру – радиохабардың көркем шығуына қызмет ететін
фактор. Сондықтан, тіл бояуларының тартымды шығуына күш салып, ізденістер
жасауды талап етеді. Хабар көркемдігі сапалы болса, тыңдаушыға да оның
берері зор болмақ. Бұл орайда лиризмнің де орны ерекше екенін ескерген жөн.
Ол – адамның көңіл-күйі мен ой-сезіміне қозғау салады. Ал, бұл жағдай
радиотыңдаушы үшін аса қажет, өйткені арақатынас орнату, тыңдаушы мен
жүргізушінің немесе автордың, яғни радиожурналистің арасында белгілі бір
байланыс орната білу де таптырмайтын қасиет.
Кез келген хабарды құрғақ тілмен жүргізу табысқа жеткізбейді. Тіл –
ойдың көрінісі. Сондықтан эфирде сөйлеу мәнерінің мән-маңызын ұмытпау
керек. Хабарда мәнерлі де айшықты тілмен қолданбай адамның назарын аудару
мүмкін емес. Бұл ретте сөздің тек жылтырақ сыртқы әсерін ғана көздемей,
оның маңыздылығына басым зер салған жөн. Хабардың сәтті шығуы аз сөзбен
көп мағына беру, ойдың ұтымды болуын ойлау, сөздердің астарлы, мәнді шығуын
байыптауды қажет етеді. Сөз дәл, анық, айқын рөл атқарып, тыңдаушы ұғымына
сай келуін қарастыру абзал. Сонда ғана эфирден берілетін әрбір хабар
түрлерінің тілдік бояулары өздеріне тән, лайықты жағдайында ғана көрініс
береді. Әдетте, эфирден жиі берілетін саяси хабар мен көркем хабардың орны
ерекше. Бұларда тілдік бояуларды қолдану бірдей емес. Саяси хабарды тым
көркемдеп жіберу қисынсыз. Сондықтан әрбір хабар түрлерінің өз табиғатын
ескеріп отыру талабы туындайды. Сонымен бірге, радиохабарды безендіру үшін
тағы да бір жол – акустика болмақ. Акустика – тіл әуезі туралы ілім. Ол
гректің естілу деген сөзінен шыққан термин [26]. Хабардың дұрыс жасалуына
әсер ететін бұл фактор арқылы дыбыстардың бөлмеде немесе далада қалай
естілетінін байқаймыз. Ал мұның өзі микрофон қолданылатын, дыбыс, сөз
жазылатын және эфирден берілетін ақпарат құралдары үшін ескеруді қажет
ететін жәйт. Ендігі сөз радиохабарларының акустикалық, яғни дыбыстық
безендіру құралдары жайында болмақ.
Радиода хабарларды акустикалық безендіру құралдары – сөз дыбысы, шу,
музыка, монтаж болып есептеледі, яғни хабар ішінде дыбыстарды дұрыс жазып
алудың реті болып саналады. Адам сөзін өзінің әуезімен немесе әуенімен
таспаға жазу, керек жерінде хабарға әуенді пайдалану қажетті екені белгілі.
Бұл жәйттер оқиға болған жерден дайындалған хабарларға нанымдылық,
деректілік, табиғилық дарытады. Сонымен бірге, хабарлардың эфирге тән талап-
шарттарын орындауға мүмкіндік береді. Әрі бұған қоса, эфир хабарларын
безендіру болып шығады. Акустиканың кейбір белгілері мынадай: [27]
1. Дыбыстың күші – мұнда дыбыс дірілінің қарқыны рөл атқарады.
2. Дыбыстың ырғағы – мұнда дыбыстың дірілінің санына байланысты
айқындалады.
3. Дыбыстың әуені – мұнда дыбыстың естілу толқынына байланысты болып
келеді.
4. Дыбыстың созылмалығы – мұнда дыбыс ұзақтығы мен қысқалағы
ескеріледі.
Міне, осылайша радиохабарын дайындауда акустиканың айрықша орын
алатынын байқау қиын емес. Олай дейтініміз, радио хабарлары дыбыстарға
негізделіп жасалынады.
Келесі бір бейнелеу құралдары қатарына фразеологиялық тіркестер
жатады. Фразеологиялық тіркестер халықтың ауызша және жазбаша тілінде
қалыптасып, тұрақты формада көрініс береді. Ондай тіркестер көбіне тілде
дайын күйінде, аса көп өзгермейтін түрде кездесіп, екі немесе одан да көп
сөздерден құралуы мүмкін. Халықтың немесе жеке адамдардың сан ғасырлар бойы
қалыптастырған сөз тіркестері адамның ауызша немесе жазбаша сөзіне ерекше
әсер, астарлы мағына береді. Мұндай тіркестердің өз алдына бүтін мағынасы
болады. Сөйлемдер ішінде ерекше мәнмен көрініп, көңіл – күйге әсер етеді.
[28] Мысалы: көзді ашып - жұмғанша, қас пен көздің арасында, тайға
таңба басқандай, жұмған аузын ашпады, мұртын балта шаппайды, көзге
түртсе көргісіз және т.б. Мұндай сөздер әдебиет пен публицистикада жиі
қолданылғанымен, радиохабарларда фразеологиялық тіркестерді ауызша сөздер
мен мәтіндерді әрілеу үшін, мәнерлеп, мақымына жеткізу үшін енгізіледі.
Ендігі бір бейнелеуіш құралдар - халық жасаған көркем сөздер - мақал
– мәтелдер болып табылады. Алдымен мақалға тоқталатын болсақ, олар
фразеологизм қатарына жататын оралымдар. Себебі, мұнда тұрақты тіркестер
болғанымен, өзіндік құрылысы мен мағынасы жағынан фразалық тіркестерден
ерекшелігі бар. Мақалдар бір немесе бірнеше жол болып та , өлең секілді
шағын бір оралымды қамтуы мүмкін. Мұнда халықтың өмір тәжірбиесінен туған,
замандар бойы елеп-екшелген даналық, өсиет - өнегеге толы мән мазмұн
жатады. Онда әртүрлі толымды ойлар, терең де жан-жақты ұлағаттық, тәрбиелік
астарлар байқалады. Мақалдар ұйқасқа да құрылып, бүтін бір ойды білдіреді.
Мақалдар – көркем сөздер болып табылады. Олар мәдени сөздер болуымен қатар,
эстетикалық талғамды білдіретін мағыналы сөздер. Аз сөзбен көп мағына
берудің үлгісі осы мақалдардан танылады. Мысалы: Білекті бірді, білімді
мыңды жығады, тұз астың дәмін келтірер, мақал сөздің сәнін келтірер және
т.б. Мақалдар айтуға ықшам, жеңіл болуымен бірге, адамның көкейінде бірден
жатталып қалуға ыңғайлы болып келеді. Астарлы да ауыспалы мағыналы болуы
келетін мақалдар көркем ой беруге таптырмайтын сөздер қоры, халық арасында
кең тараған әрі үнемі айтылып жүретін сөздер. Мұнда ой кесімді түрде, нақты
айтылады. Мақалдар радиохабарда сөзге ерекше мән, мағына беру үшін және
хабардың тартымды болуы үшін енгізіледі. Мақалдардың радиохабардың сөз
сазын, әуенін, әуезін келтіру үшін және ырғақ, екпін секілді сөздің айтылу
мәнерін арттыруға үлкен көмегі бар. Енді мәтелге келетін болсақ, бұл да
әрі ықшам, әрі нақыл сөздер болып келеді. Мұнда ой айтылып, тілде өзіндік
орны бар сөз тіркестері қалыптасқан. Мәтелдер де көркем, нақышты құрылады.
Мақалдан ерекшелігі мәтелдерде ой кесіп айтылмай, жанама түрде келеді.
Мысалы: Қызым саған айтам, келінім сен тыңда , баяғы жартас – бір
жартас және т.б.
Тағы да бір бейнелеу құралдарына тоқтала кетсек, ол – қанатты сөздер.
Бұл сөздер тапқыр, өткір, дәл, анық сөздер. Қанатты сөздер екпінді әрі
ұшқыр ойлы болып келеді. Мысалы : Қанат ұшса қатаяр, адам деген ардақты
ат және т.б. Радиохабарларда мұндай сөздердің айрықша қызметі, сипаты
бар. Бұлар хабар тілін көріктендіреді, әсерлендіреді, мазмұнын күшейтеді.
Сөзге, мәтінге салмақты мағына береді, тыңдаушыға ой салады. Ойға, сезімге
әсер етіп, сөздің ішкі қуатын ашады.
Сонымен қатар радиода шешендік өнерге үйренудің қажеттігі туындайды.
Айталық, радиожурналистер, жүргізушілер, комментаторлар шешендік өнерді
үйренуі тиіс. Онсыз хабар дайындау, оны жүргізу, тыңдаушыға ойды жеткізу
қиынға түсері сөзсіз. Шешен болу адамның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мамандықты таңдаудағы мотив
Радиохабар таратудың міндеттері
Радиожурналистиканың пішіндік бейнелеуші құралдары
Дыбысталған сөз - басты бейнелеуші құрал
Шет тілін оқытудың ұстанымдары және мазмұны
Радио және интернет арқылы хабар тарату
ОҚУШЫЛАРДЫҢ АЛГОРИТМДІК ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ОҚЫТУ МЕН ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ
ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫНЫҢ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ӘДІСТЕРІН ПРАКТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Радиоочерк
Функционалды стиль түрлерінде синонимдік қатарларды оқытудың әдістері
Пәндер