Бас бостандығынан заңсыз айыру және адамды саудаға салу



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1. Бас бостандығынан заңсыз айырудың түсінігі мен сипаттамасы
1.1. Адамды бас бостандығынан заңсыз айыру қылмысының түсінігі ... ... ... ..8
1.2 Бас бостандығынан заңсыз айыру қылмысының жалпы сипаттамасы ... ..15

2. Адамды сату және құлдық қылмыстарымен күрестің халықаралық реттелуі
2.1 Адамды сату және құлдық қылмыстарына сипаттама және оларды реттейтін халықаралық конвенциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.2. Адамды сату және құлдық қылмыстарымен күрес саласындағы халықаралық құқықтың жалпы танылған нормалары мен құқықтық тыйым салулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
2.3. Адамды сату және құлдық қылмыстары мәселелерін шешудегі халықаралық ұйымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
2.4. Адамды сату және құлдық қылмыстарының пайда болу және таралу себептері мен оған қарсы мемлекеттердің әрекеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36

3. Адамды сату және құлдық қылмыстарының халықаралық қылмыстық жіктелуі және қылмыстық жауапкершілік
3.1. Адамды сату және құлдық қылмыстарының қылмыстық жіктелуі ... ... ...42
3.2. Адамды сату және құлдық қылмыстарын жасаған айыптыларға қатысты қолданылатын санкциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46

4. Адамды сату және құлдық қылмыстарымен ұлттық дәрежеде күрестің механизмдерін реттеу
4.1. Адамды сату және құлдық қылмыстарымен күресте Қазақстан Республикасының рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50
4.2 Адамды сату және құлдық қылмыстарымен күрес мәселелерін реттеудегі халықаралық және ұлттық құқықтың өзара қатынасы және өзара
әрекеттестігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...54

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
Кіріспе……………………………………………………………………………...4

1. Бас бостандығынан заңсыз айырудың түсінігі мен сипаттамасы
1.1. Адамды бас бостандығынан заңсыз айыру қылмысының түсінігі..............8
1.2 Бас бостандығынан заңсыз айыру қылмысының жалпы сипаттамасы......15

2. Адамды сату және құлдық қылмыстарымен күрестің халықаралық реттелуі
2.1 Адамды сату және құлдық қылмыстарына сипаттама және оларды реттейтін халықаралық конвенциялар................................................................ 20
2.2. Адамды сату және құлдық қылмыстарымен күрес саласындағы халықаралық құқықтың жалпы танылған нормалары мен құқықтық тыйым салулар....................................................................................................................28
2.3. Адамды сату және құлдық қылмыстары мәселелерін шешудегі халықаралық ұйымдар..........................................................................................32
2.4. Адамды сату және құлдық қылмыстарының пайда болу және таралу себептері мен оған қарсы мемлекеттердің әрекеттері.......................................36

3. Адамды сату және құлдық қылмыстарының халықаралық қылмыстық жіктелуі және қылмыстық жауапкершілік
3.1. Адамды сату және құлдық қылмыстарының қылмыстық жіктелуі...........42
3.2. Адамды сату және құлдық қылмыстарын жасаған айыптыларға қатысты қолданылатын санкциялар....................................................................................46

4. Адамды сату және құлдық қылмыстарымен ұлттық дәрежеде күрестің механизмдерін реттеу
4.1. Адамды сату және құлдық қылмыстарымен күресте Қазақстан Республикасының рөлі..........................................................................................50
4.2 Адамды сату және құлдық қылмыстарымен күрес мәселелерін реттеудегі халықаралық және ұлттық құқықтың өзара қатынасы және өзара
әрекеттестігі...........................................................................................................54

Қорытынды............................................................................................................58

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................61
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995ж.
2. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегі № 167 Қылмыстық Кодексі.
3. Қазақстан Республикасының «Қылмыстық іс жүргізуге қатысатын тұлғаларды мемлекеттік қорғау туралы» 05.07.2000г. №72 Заңы.
4. Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2337 Заңы.
5. ҚР «Бала құқығы туралы» 08.08.2002 жылы қабылданған Заңы.
6. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» 17.12.1998 ж. № 321Заңы.
7. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң адамдарды сатуға байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөнiндегi 2006 - 2008 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 сәуірдегі № 261 Қаулысы.
8. Адамдарды сатумен күреске байланысты Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы мүше-мемлекеттерінің 2007-2010 жылдарға арналған ынтымақтастық Бағдарламасы.
9. Құлдыққа қатысты БҰҰ Конвенциясы. 25 қыркүйек 1926 ж.
10. ХЕҰ-ның мәжбүрлі және міндетті еңбекке қатысты Конвенциясы. 28 маусым 1930 ж. № 29
11. БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жалпыға бірдей Декларациясы. 10 желтоқсан 1948 жыл
12. Үшінші тұлғалармен жезөкшелікті пайдалану және адам саудасымен күрес туралы БҰҰ Конвенциясы. 2 желтоқсан 1949 жыл
13. Құлдық, құлдарды сату және құлдыққа ұқсас әдет-ғұрыптар мен институттарды жою туралы БҰҰ қосымша Конвенциясы. 7 қыркүйек 1956 жыл
14. Мәжбүрлі еңбекті жою туралы № 105 ХЕҰ-ның Конвенциясы. 25 маусым 1957 жыл
15. Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі Халықаралық пакт. 19 желтоқсан 1966 жыл
16. Балалар құқығы туралы Конвенция. 20 қараша 1989 жыл
17. Барлық еңбек етуші-мигранттар мен олардың жанұя мүшелерін қорғау туралы халықаралық Конвенция. 18 желтоқсан 1990 жыл
18. Халықаралық қылмыстық соттың Рим Статуты. 17 шілде 1998 жыл
19. Балалардың еңбегінің ең жаман нысандарының жойылуы бойынша тыйым салу мен тез арадағы шаралар туралы № 182 ХЕҰ Конвенциясы. 17 маусым 1999 жыл
20. Балаларды сату, бала жезөкшелігі мен бала порнографиясына қатысты балалар құқығы туралы БҰҰ конвенциясына № 2 Қосымша хаттама. 25 мамыр 2000 жыл
21. Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенция, 2000 жылғы 15 қарашадағы Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенцияны толықтыратын адамды сату, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу мен ескерту туралы № 2 Хаттама. 15 қараша 2000 жыл

Оқулықтар мен мақалалар тізімі:
22. Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі. - Алматы, 1996.
23. Мыңбаев М.А. Еріксіз еңбекті құқықтық реттеу. Алматы, 2004.
24. Искатова С.Т. Жезөкшелікпен айналысуға тартқаны және осы іс-әрекеттерге арналған притондар ұйымдастырғаны немесе ұстағаны үшін қылмыстық жауаптылық. Астана, 2003.
25. Мизулина Е.Б. «Торговля людьми и рабство в России». М., Юристъ. 2006.
26. Международное уголовное право / Под общ. Ред. В.Н. Кудрявцева. М., 1999.
27. Общая теория государства и права / Под ред. В.В. Лазарева. М., 1994.
28. Теория государства и права. Курс лекций / Под ред. М.Н. Марченко. М., 1998.
29. Черданцев А.В. Теория государства и права. М., 2003.
30. Кудрявцев В.Н. Преступность и нравы переходного общества. М., Гардарики. 2002.
31. Лунеев В.В. Преступность ХХ века. М., 1997.
32. Торговля людьми. Социокриминологический анализ. Центр по изучению транснациональной преступности и коррупции. Academia, Москва, 2002.
33. Габов Ю.А. «Незаконная миграция и торговля людьми». Миграционные потоки и национальный консенсус, № 200 Караганда Би. 2005.
34. Римашевская Н.М. Разорвать круг молчания. О насилии в отношении женщин. Москва, URSS. 2005.
35. Миграция в Центральной Азии: проблемы и перспективы. А.: Дайк-пресс, 2005.
36. Милевский А.И. Уголовно-правовая борьба с торговлей несовершеннолетними. Дисс. к, ю. н. / Московская академия МВД РФ. – М., 2000.
37. Нарикбаев Т.М. Криминологические проблемы борьбы с транснациональной преступностью. Астана, 2007.
38. Тлегенова Г.А., Токтыбаева К.А. Трафик людей: информация как предупреждение. А., 2002.
39. Омашева А. «Адамдарды саудалауды халықаралық сипаттағы қылмыс ретінде қылмыстық-құқықтық саралау». Заң және заман №12, 2005.
40. Кенжебеков Б. «Бала асырап алудың сыртында сату тұрған жоқ па?». Құқықтық Қазақстан, № 16, 15.06.2004.
41. Әділ Қ. «Бала тауарының бағы ашалап тұр». Заң газеті, № 19, 10.03.2004.
42. Сәрсембина Б. Ақтөбеде адам саудасы қызып тұр. Жас алаш. 3 желтоқсан 2010 жыл .
43. Қалкөз Жүсіп. Адам саудасы асқынып барады. Заң газеті. №4, 14 қаңтар 2010.
44. Айхан Шәріп. Айқын газеті. 18 қаңтар 2010.
45. Найденова Л. Торговля людьми – одна из форм современного рабства. Адвокаты Алматы. 2006.
46. Шабатова А.М. Торговля людьми - как один из видов организованной преступности. Экономика и право Казахстана. 2007.
47. Бидаулетова А.Д. Роль ОБСЕ в предупреждении и борьбе с траффиком людей. Вестник КазНУ. Серия международные отношения и международное право.2007.
48. Гридчин А.А. «О борьбе международных полицейских организаций с торговлей женщинами и детьми» Правовая реформа в Казахстане. №2. 2006.
49. Сарсембаев М.А. Борьба с контрабандой мигрантов, незаконной миграцией в Казахстане и международное право. Казахстан-спектр. №3, 2005.
50. Ахметова С.Н. Нет работорговле. Юридическая газета, 25 января 2007.
51. Н. Балабаева. Унесенные в неволю. Мысль. №3, 2006.
52. Мукашева А.А. Когда обещания ложь. Огни Алатау. 8 февраля 2007.
53. Сейдинов Е. Правовой анализ национального законодательства в борьбе с вербовкой людей для эксплуатации. Экономика и право Казахстана. №3, 2004.
54. Бадикова Е. Торговля людьми как транснациональноая организованная преступная деятельность. Мир закона, №2, 2005.
55. Алжанкулова С.А. Причины возникновения и распространения торговли людьми. Вестник КазНУ. Серия Международные отношения и международное право. №3-4. 2007.
56. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігіне адам саудасымен күрес бойынша сұрақтарына жауаптары.
57. Первый доклад Государственного Департамента США о торговле людьми в странах мира. 2001.
58. Victims of Trafficking and Violence Protection Act of 2000: Trafficking in Persons Report 2007.
59. http:/ usinfo.state.gov.
60. http: / SlaveryFund/ un.org/ russian.
61. Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. //Егемен Қазақстан №33-35 (25881). 30.10. 2010. ж.
62. Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы. Ерекше бөлім. /Оқулық/. Екі томдық. 2-том. Алматы: “Дәнекер” институты, 2000.-378 б.
63. Оңғарбаев Е.Ә., Смағұлов А.А. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы. Оқулық. – Қарағанды: Болашақ- Баспа, 2005. – 248 б.
64. Өзбекұлы С. Көшпелі қазақ өркениетіндегі құқық. Право кочевой цивилизации казахов. Монография. –Алматы: «Мектеп баспасың ЖАҚ, 2009. –224 бет.
65. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім: Оқулық. Өңделген, толықтырылған, 2-басылым. – Алматы: Жеті жарғы, 2003. – 560 б.
66. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан. / Под ред. Рогова И.И. и Рахметова С.М. – Алматы: Баспа, 1999.
67. Рахметов С.М., Мукажанов А.К. Изнасилование (уголовно-правовые и криминологические проблемы). Научно-практическое пособие. Алматы, 2003.
68. Уголовный кодекс Республики Казахстан: (Особенная часть) Коментарий.-Алматы: ЗАО “Жеті Жарғы”, 2000. - 816 с.
69. Алматы қаласы Бостандық ауданы сотының архиві. 2000 жыл.
70. Уголовное право Казахстана (Особенная часть). Учебник для вузов./ Под ред. Рогова И.И. и Рахметова С.М. – Алматы: ТОО «Баспа», 2001.
71. Концепция правовой политики Республики Казахстан. Одобрена Указом Президента Республики Казахстан от 20 сентября 2002 года № 949 // Юридическая газета от 2 октября 2002 года. № 40.
72. Молдабаев С.С. Проблемы субъекта преступления в уголовном праве Республики Казахстан. - Алматы: ТОО «Аян Эдетң, 1998.-156 с.
73. Қылмыстың алдын алудағы шенуліктер қандай болмақ. //Заң газеті. №19 (126) 13 мамыр 2008 жыл.
74. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Оқу құралы - Алматы: ЖШС “Баспа”, 2001.-176 б.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Тұран университеті

Заңтану және халықаралық құқық кафедрасы

Қорғауға жіберілді
Заңтану және халықаралық
құқық кафедраның меңгерушісі, з.ғ.к.
_____________Н.К.Амиров

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: Бас бостандығынан заңсыз айыру және адамды саудаға салу

050301 Құқықтану - мамандығы

Орындаған Коджаев
Ж.М.

Ғылыми жетекші
аға оқытушы
Досанова М.М.

Алматы, 2011

Бекітемін
Заңтану және халықаралық құқық
кафедрасының
менгерушісі, з.ғ.к.
_________________Н.К.Амиров

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ ҮШІН ТАПСЫРМА

Студент Коджаев Ж.М.
1 Жұмыстың тақырыбы университет бойынша № 65 А 25 қыркүйек 2010 ж.
бұйрықпен бекітілген
Бас бостандығынан заңсыз айыру және адамды саудаға салу
2 Студенттің аяқталған жұмысы тапсыру күні 15 наурыз 2011 ж.

3. Әзірлеу үшін сұрақтардың тізімі:
1. Бас бостандығынан заңсыз айырудың түсінігі мен сипаттамасы

2. Адамды сату және құлдық қылмыстарымен күрестің халықаралық реттелуі
3. Адамды сату және құлдық қылмыстарының халықаралық қылмыстық жіктелуі
және қылмыстық жауапкершілік
4. Адамды сату және құлдық қылмыстарымен ұлттық дәрежеде күрестің
механизмдерін реттеу

4. Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
1. Мыңбаев М.А. Еріксіз еңбекті құқықтық реттеу. Алматы, 2004.
2. Мизулина Е.Б. Торговля людьми и рабство в России. М., Юристъ. 2006.
3. Торговля людьми. Социокриминологический анализ. Центр по изучению
транснациональной преступности и коррупции. Academia, Москва, 2002.
4. Габов Ю.А. Незаконная миграция и торговля людьми. Миграционные
потоки и национальный консенсус, № 200 Караганда Би. 2005.
5. Н.М. Римашевская. Разорвать круг молчания. О насилии в отношении
женщин. Москва, URSS. 2005.
6. Милевский А.И. Уголовно-правовая борьба с торговлей несовершенно-
летними. Дисс. к, ю. н. Московская академия МВД РФ. – М., 2000.
7. Нарикбаев Т.М. Криминологические проблемы борьбы с транснациональной
преступностью. Астана, 2007.

Тапсырманың берілген күні 19 қазан 2010 ж.

Ғылыми жетекші ___________________ Досанова М.М.
(қолы)
(аты-жөні)
Тапсырманы орындауға
алған студент ___________________ Коджаев
Ж.М.
(қолы)
(аты-жөні)

Бекітемін
Заңтану және халықаралық құқық
кафедрасының
менгерушісі, з.ғ.к.
________________Н.К.Амиров

Диплом жұмысының орындалу
КҮНТІЗБЕЛІК КЕСТЕСІ

№ Жұмыс кезеңдері Орындалу Орындау тұралы
мерзімі белгі
1 Диплом жұмысы ұшін тапсырма беру
2 Әдебиеттерді таңдау, оқып зерделеу және
өңдеу, негізгі әдебиет көздері бойынша
библиография жасау
3 Диплом жұмысының жоспарын құру, оны ғылыми
жетекшімен келісу
4 Диплом жұмысының алғашқы нұсқасын жазу
және оны тексеруге өткізу
5 Қорытындармен ұсыныстарды ғылыми жетекшімен
келісу
6 Ескерпелерге сәйкес диплом жұмысын қайта
өңдеу (жетілдіру) және ғылыми жетекшінің
пікірімен бірге кафедраға өткізу
7 Диплом жұмысының кафедраға алғашқы қорғау
8 Кафедра менгерушісінің қорғауға жіберуінен
кейін диплом жұмысын рецензиялау үшін
сыртқы сарапшыға жіберу және жазбашы түрде
рецензиясын алу
9 Қорғауға ұсынылатын баяндаманың тезистерін
және кестелік-иллюстрациялық маитериалдарын
жасау

Кестенің берілген күні 19 қазан 2010 ж.

Ғылыми жетекші ___________________ Досанова М.М.
(қолы)
(аты-жөні)

Тапсырманы орындауға
алған студент ___________________ Коджаев
Ж.М.
(қолы) (аты-жөні)

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1. Бас бостандығынан заңсыз айырудың түсінігі мен сипаттамасы

1.1. Адамды бас бостандығынан заңсыз айыру қылмысының
түсінігі ... ... ... ..8
1.2 Бас бостандығынан заңсыз айыру қылмысының жалпы сипаттамасы ... ..15

2. Адамды сату және құлдық қылмыстарымен күрестің халықаралық реттелуі
2.1 Адамды сату және құлдық қылмыстарына сипаттама және оларды реттейтін
халықаралық
конвенциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
20
2.2. Адамды сату және құлдық қылмыстарымен күрес саласындағы халықаралық
құқықтың жалпы танылған нормалары мен құқықтық тыйым
салулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
2.3. Адамды сату және құлдық қылмыстары мәселелерін шешудегі халықаралық
ұйымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .32
2.4. Адамды сату және құлдық қылмыстарының пайда болу және таралу себептері
мен оған қарсы мемлекеттердің
әрекеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..36

3. Адамды сату және құлдық қылмыстарының халықаралық қылмыстық жіктелуі
және қылмыстық жауапкершілік
3.1. Адамды сату және құлдық қылмыстарының қылмыстық жіктелуі ... ... ...42
3.2. Адамды сату және құлдық қылмыстарын жасаған айыптыларға қатысты
қолданылатын
санкциялар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..46

4. Адамды сату және құлдық қылмыстарымен ұлттық дәрежеде күрестің
механизмдерін реттеу
4.1. Адамды сату және құлдық қылмыстарымен күресте Қазақстан
Республикасының
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..50
4.2 Адамды сату және құлдық қылмыстарымен күрес мәселелерін реттеудегі
халықаралық және ұлттық құқықтың өзара қатынасы және өзара
әрекеттестігі ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..61

Кіріспе

Тақырып өзектілігі. 1990 жылдардың бас кезінде пайда болып, бүгінгі
уақытта ең шырқау шегіне жеткен бас бостандығынан заңсыз айыру, адам
саудасы әлемде есірткі мен қару-жарақ саудасынан кейінгі үшінші орында тұр.
Әрине, табыстылығы мен таралу шеңбері бойынша мафияның жылдық бюджеті – 7
миллиард АҚШ долларының шамасында. Шындығы да сол, тірі тауарға салық
төлеудің, инвестиция салудың, тасымалдаудың қажеті жоқ. Жеткізу нүктесіне
өз аяғымен барады, қамшының астында жүріп, еңбегін ақтайды. Кеудесінде жаны
шыққанша немесе бұғаудан қашып құтылғанша (алайда, мұндай жағдайлар өте
сирек) қожайынға өте тірі табыс әкеледі. Өліп қалған жағдайда, құны жоқ.
Екінші алданған құл кезекте тұрады.
Шетелдерде үй күтушісі, даяшы, бала бағушы жұмыстары ұсынылады. Қыз-
келіншектерге көбіне 500-700 доллар көлемінде жалақы уәде етіледі. Расында,
мұның сыртында күштеп жезөкшелікпен айналысу да тұр. Ер адамдарды кәсіби
біліктілікті аса көп қажет етпейтін жұмыстармен қызықтырады. [42.2-бет]
Адам саудасымен күрес мәселелері бойынша Америка Құрама Штаттары
Мемлекеттік хатшысының кеңесшісі Джон Миллер адам саудасы – бұл құлдықтың
қазіргі нысаны және бүкіләлемдік мәселе деп басып айтты.[59.] Біріккен
Ұлттар ұйымының адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Луиза Арбурдың
пікірі бойынша: Құлдық халықаралық қауымдастық күрес жүргізетін адам
құқықтары бұзылуының алғашқысы болса да, оның өткен шаққа кеткенін айту әлі
ерте. Оны түбімен жою үшін аса үлкен күш салу қажет. Бұған қоса құлдық
алуан түрлі нысанда болады. Оның нысандары уақыт өте келе өзгеріп,
әлеуметтік-экономикалық және діни мағынасын көрсетеді.[60.] Адам саудасы -
күшпен қорқыту, алаяқтық, билігін асыра пайдалану немесе жағдайдың
осалдығын пайдалану жолымен, немесе басқа тұлғаны бақылайтын тұлғаның
келісімін алу мақсатында төлемақы немесе олжа түрінде пара беру жолымен
пайдалану мақсатында жалдау, тасымалдау, беру, жасырушылық немесе адамды
иемденуді білдіреді.[34.67-бет]
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында мемлекеттің жоғары
құндылықтары адам, адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп
жарияланған.[1.] Халықаралық қауымдастықпен игерілген, тиісті халықаралық-
құқықтық актілермен бекітілген және танылған құқықтар мен бостандықтар
адамның әлеуметтік және заңды түрде қамтамасыздандырған тәртіп шарасы болып
табылады. Олар бөлінбес, ажырамас қасиетке ие және адамның жүріп-тұру
тәсілін еркін таңдау қабілетінде көрінісін табады, оған қатысты ешкім
ешқандай тыйымдар мен шектеулер қоя алмайды.[22.77-бет]
Соған қарамастан, біз адамның жалпыға танымал құқықтарының бұзылу
мәселесінің өзекті болуының куәгерлері болып отырмыз. Адам құқықтары
бұзылуының әртүрлі нысандары пайда болуда, олар - адамның өмір сүруге
құқығының бұзылуынан бастап еркін сөзге құқықтың шектелуіне дейінгі
нысандары. Соның ішінде, қазіргі кездегі адам құқықтары бұзылу нысандарының
ең қауіптілерінің бірі – Бас бостандығынан заңсыз айыру және адам саудасы,
құлдық.[45.30-бет]
2009 жылы 27 тамызда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев 2010-
2020 жылдар кезеңіне арналған Республикалық Құқықтық саясат тұжырымдамасы
туралы жарлыққа қол қойды. Қазақстан Республикасының Конституциясы 40-бабы
1-тармағына сәйкес мемлекеттің құқықтық саясатының басты бағытын одан әрі
айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы 2010-2020 жылға дейінгі кезең
құқықтық саясаты тұжырымдамасын бекітуді талап етемін. Бұл тұжырымдамада
мемлекеттің құқықтық саясаты салалық тиісті бағдарламалары, Қазақстан
Республикасы үкіметінің перспективалары және жыл сайынғы заң жобасын жасау
жұмыстары жоспарларын Республиканың нормативтік құқықтық актілері жобаларын
жасауға негіз болып табылатындығын белгіленген болатын.
Ел басы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында, ішкі саяси
тұрақтылық – 2020 стратегиялық жоспарын іске асырудың сенімді іргетасы.
Ішкі саяси сала мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі
мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін
нығайту болып қала береді. Жаңа онжылдықта біз өзіміздің экономикалық
жоспарларымыздың табыстарын дәйекті саяси жаңғырту арқылы бекемдеп, саяси
жүйемізді жетілдіруді жалғастырамыз және мұнда құқықтық реформа маңызды рөл
атқаратын болады, деп мәлімдеген.[61.]
Қай заманда болмасын адамды қанау, зорлық-зомбылық жасау ең сорақы
көрініс және үрей тудыратын құбылыс болып саналады. Адам саудасы дегенде,
әрбір кісінің жеке заңды құқығын ескерместен оларға зорлық-зомбылық жасау,
азапты жұмыстарға жегу, адами еркін аяққа таптау арқылы белгілі бір
топтардың, яғни оңай олжаға кенеліп, пайда табудың көзіне айналдыру секілді
теріс сипатында көз алдымызға келеді.
Әр жыл сайын дүние жүзі бойынша 4 миллионға жуық адам құлдыққа
сатылады. Алдап-арбау жолымен өз Отандарынан сырт мемлекеттерге әкетіліп,
тегін жұмыс күші ретінде немесе жезөкшелікпен айналысуға итермелеу
жағдайларын қазіргі заманның құлдығы дегеннен басқаша атау мүмкін емес.
Ішкі мазмұны, орындалу механизмдері жұртшылыққа тіптен түсініксіз – сәби
саудасы, шетелдерге жұмысқа жалдану, т.б. адам саудасының кеңінен жайылған
түрлері. Өкінішке орай, уақыт сілкінісінен түсініксіз күй кешкен кез-келген
мемлекет ХХІ ғасырдың құлдығына қарсы тұра алмады. Мұның көрінісін мынадан-
ақ байқауға болады: біріншіден, адам саудалаушылар өздерінің қылмыстық
қызметтерін сырт көзге байқалмайтындай етіп, ұйымдастыра алды. Екіншіден,
экономикасы тұрақсыз, әлеуметтік жағдайы төмен елдің халқы құл
иеленушілердің құрбандығына бірінші болып шалынады. Үшіншіден, соғыс өрті
тұтанған немесе тұтануға жақын жанжалды аймақ – қарбазардың қызған
орталығы деуге болады. Қалыпсыз аймақта адамды ешбір кедергісіз ұрлауға
да, осында әкеліп сатуға да болады. Тіпті, тірі тауарды өлтіріп тастау да
қиын емес. Жұмсартып айтқанда, адам құны арзандаған қоғамда, екі аяқты
пенде қорғаныссыз қалып отыр. Бүгінгі күннің ең қатал, ең сұмдық, бірақ
даусыз ақиқаты ешкімнің ешкіммен шаруасы жоқ формуласы – адам
саудалаушылардың қолындағы таптырмас құралға айналды.
Адам саудасының жолын кесу әзірге мүмкін емес. Қоғам, билік осы қанды
бизнестің қауіптілігін сезініп отырған жоқ. Трафикке (адам саудасына) қарсы
бағытталған ақпараттық соғыстың тым бәсеңдеп кеткендігін де атап өткен жөн.
Шетелде оңай олжа жатпағандығын аңғал жұртымызға айта беру керек.
Ақпараттық компанияның әлсіздігі адам саудалаушы трансұлттық қылмыстық
топтар үшін де пайдалы, табысты бизнестерін өркендетуге еш кедергі жоқ.
Жоғарыда көрсетілген жағдайды ескере отырып, осы дипломдық жұмыстың
негізгі идеясы бас бостандығынан заңсыз айыру мен адам саудасы қазіргі
кездегі құқықтық реттелуін, онымен халықаралық-құқықтық күрес мәселелерін
ашып көрсету болып табылады.
Еңбектің әдістемелік негізі. Жұмысты жасау барысында келесідей ғылыми
әдістер пайдаланылды: танымды-диалектикалық, тарихи, статистикалық,
формалды-заңдық, салыстырмалы талдау және комплекстік көзқарас әдістері.
Тақырыпты зерттеуде келесідей ғалым заңгерлердің еңбектері қолданылды,
соның ішінде отандық ғалымдар; Е.Б. Мизулина, М.А. Сарсембаев, А. Сыдыкова,
Е. Бадикова, Е. Сейдинов, С.А. Алжанкулова, Н. Балабаева, Г.А.Тлегенова,
К.А. Токтыбаева, Л. Найденова, А.М. Шабатова, А. Омашева, шетелдік
ресейлік ғалымдар; Милевский А.И. Мизулина Е.Б. Н.М. Римашевскаяның
еңбектерін ерекше атап өткен жөн.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Осы зерттеу жұмысының мақсаты – адам
саудасы мен құлдық қылмыстарына қарсы күрес мәселелерін теориялық тұрғыдан
қарау, әсіресе, қазақстандық және халықаралық дәрежеде осы мәселенің шешілу
жолдарын көрсету, адам саудасы және құлдық қылмыстарының пайда болуының
себептері мен олармен күрес жолдарын көрсету. Бұл мақсаттан дипломдық
жұмыстың нақты міндеттері туындайды:
- бас бостандығынан заңсыз айыру, адам саудасы және құлдық
қылмыстарына сипаттама беру;
- бас бостандығынан заңсыз айыру, адам саудасы және құлдық
қылмыстарының пайда болу себептерін көрсету;
- адамды сатумен күрес саласындағы халықаралық актілерді талдау;
- адам саудасы және құлдық қылмыстарының түрлері мен нысандарын
талдау;
- адам саудасы және құлдық қылмыстарымен күрес бойынша халықаралық
ынтымақтастық.
Зерттеу жұмысының пәні – Бас бостандығынан заңсыз айыру, адам саудасы
мен құлдық қылмыстарының пайда болуы, олармен күрес мәселелері, көрсетілген
қылмыстың пайда болу себептері.
Зерттеу жұмысының объектісі – Бас бостандығынан заңсыз айыру, адам
саудасы мен құлдық қылмыстары.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі
бөлімнен, негізгі бөлім төрт тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

1. Бас бостандығынан заңсыз айырудың түсінігі мен сипаттамасы

1.1. Адамды бас бостандығынан заңсыз айыру қылмысының түсінігі

Азаматтардың жеке басына, құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын
қылмыстар біздің қоғамымызға үлкен зиянын тигізеді. Сол себепті мұндай
қылмыстармен шешуші күрес жүргізу ҚР құқық қорғау органдарының маңызды
міндеті болып табылады. Қылмыспен күресу үшін елімізде қылмыспен тікелей
күрес жүргізетін мемлекеттік органдардың жұмысын жақсартудың, сол сияқты
қылмыстық заңнаманы одан әрі жетілдірудің маңызы зор. Қылмыстық-құқықтық
ғылым тәжірибеші-заңгерлер қылмыстық заңды дұрыс қолдануға септігін
тигізетіндей құқықтық мәселелерді дайындауы керек.
Көшпелі қазақ қоғамының жағдайында құқықты жасаудың бірден бір тәсілі
ретінде әдет-ғұрып саналған. 1917 жылға дейін Қазақстан аумағында
қазақтардың әдет-ғұрыптық қылмыстық құқық нормалары, шариат-мұсылмандық
құқығы және жалпы империялық қылмыстық заңдар, соның ішінде 1885 жылғы
жазалар туралы Ережелер әрекет еткен. Қазіргі таңда Қазақстанда өзіндік
дербес заңдар-1997 жылы Парламентпен қабылданған Қазақстан Республикасының
Қылмыстық Кодексі мен Қылмыстық іс жүргізу Кодексі әрекет етеді.
Қазақстаннның Ресей империясына кіруіне байланысты біз, Ресей заңнамасының
біздің еліміздің құқықтық өмірінің дамуына әсер ету фактісін мойындаймыз.
Жеке адамға қарсы қылмыстар — бұл азаматтардың негізі жеке құқықтарына
бағытталған қоғамдық қауіпті әрекеттерді ҚК-де көзделген тобы. Бұл топтағы
қылмыстардың көпшілігі ауыр және аса ауырға жатады, олар моральдық және
материалдық зиян келтірілуі мүмкін. Қылмыстың бұл топтарын бірінші орынға
жылжыту ҚР қылмыстық заңнамасының негізгі реформасындағы маңызды
концептуалдық идеяға, яғни азаматтарды өмірі мен денсаулығы, оның заңды
мүдделерінің құқықтары мен бостандықтарын айрықша қорғауға сәйкес еді.
Әрекетсіздік әрекет сияқты тұлғаның ерікті қылығы болып табылады,
сондықтан да ол әрқашан саналы сипатқа ие. Егерде қоғамдық қауіпті әрекет
кінәлінің белсенді мінез-құлқынан байқалса, онда әрекетсіздік болу керек
және істелуі мүмкін әрекеттің істелмеуінен байқалады. Қоғамдық қажетті
әрекеттерді орындауда тұлғаның міндеті мыналардан шығады: а) заң мен
нормативтік актілерді жазудан; ә) кәсіби міндеттер мен қызметтік
уәзіптерден; б) келісім шарттар; в) жеке өзара қатынастан; г) кінәлінің
алдағы қызметінен. Қылмыстың формальдық құрамының объективтік жағы тек
қоғамдық қауіпті әрекеттен туады.
Ұлттық заңнаманың ұқсамаушылығы ұлттық дәстүрдегі, экономиканың даму
деңгейіндегі және идеологиялық мәселелерге көз қарастардағы
айырмашылықтардан, сонымен қатар қалыптасқан ұлттық құқықтық мектептер мен
өзекті ғылыми бағыттардың әсер етуінен туындайды.[62.378-бет]
Тұлғаның жеке бас бостандығына қол сұғушылық қылмыстарының
анықтамаларына қатысты 1917 жылға дейінгі ресейлік заңнама қызығушылық
тудыруда. Бұл жерде 1885 жылғы редакциясындағы жазалар туралы Ережелер
жөнінде сөз болып отыр. Өйткені, 1903 жылғы Ережелер сол күйі күшіне енген
жоқ. Жалпы жеке бас бостандығын шектейтін қылмыстарға: 1) Мәжбүрлеу; 2) Шын
мәнінде бостандығын шектеу (қамау және ұстау); 3) Адам ұрлау; 4) Қорқыту;
5) Басқа адамның тұрғын үйіне қол сұғушылық (отбасы тыныштығын бұзуы).
Осыған орай аталған құқық бұзушылықтардың бөлігі ұсақ қылмыстық қол
сұғушылықтардың жалпы ұғымы болып табылады. Мысалы, заң бойынша адам
ұрлауды келесі топтарға бөлді: а) құлдыққа сату (Ереженің 1410 бабы); б)
негрлерді сатуға қатысу (1411 бап); в) нәрестелер мен балаларды ұрлау (1407
және 1408 баптар); г) адасқан балаларды ұстау (1409 б); д) әйел ұрлау
(1529, 1530, 1549, 1580, 1581, 1582 баптар). Анағұрлым маңызды болып
табылатын қылмыс түрлері де кездеседі, олар қорқытуң деген жалпы атпен
танылады: ол ретінде сараланған қорқыту (1545-1547 бб) және аралық
соттармен бекітілетін жазалар туралы Жарғының 139-141 баптарында (бұл жерде
1885 жылғы редакциясындағы аралық соттармен тағайындалатын жазалар туралы
Жарғы жөнінде сөз болып отыр) көзделген жай қорқыту танылады. Бірақ,
біздің зерттеуіміз тарапынан анағұрлым маңызды болып жеке бас бостандығына
қарсы қылмыстарға өзгенің тұрғын үйіне қол сұғылмаушылықты бұзуды жатқызу
фактісі табылады. Жазалар туралы ережелерде осындай қылмыстық әрекетті
жазалаушы баптар (ондай бап 1857 жылғы жазалар туралы Ережеде болды, ол бап
өзгенің тұрғын жайына баса көктеп кіргендігі үшін жауаптылықты қарастырған
болатын), болған жоқ, бірақ, бұл қылмыстағы кінәлілер, аралық соттармен
тағайындалатын жазалар туралы Жарғының 142 бабына сәйкес жауаптылыққа
тартылды.
Ең алдымен мұндай қылмыс түрінің маңызды бөлігі тек қана арнайы бөлім
шеңберінен тыс орналаспаған, ол сонымен қатар басқа да нормативті қайнар
көздерде кездесетіндігін; екіншіден, осы қылмыс тобында қазіргі уақытта
адамның жеке бас бостандығына қарсы қылмыстарға (отбасылық тыныштықты бұзу)
жатқызу қиынға соғатын әрекеттер бірден көзге түсетіндігін айта кеткен жөн.
Мұндай ереже жеке бостандық деп аталатын терминнің қалыптасуымен
түсіндірілді. Жеке бостандық-бір жерден екінші бір жерге қозғалу
бостандығына құқығы және әрекет және әрекетсіздікке өзіндік анықтаушылық
құқығы. Соңғы тұжырым қорқыту мен мәжбүрлеудің құрамдарын жеке бас
бостандығына қарсы қылмыстардың қатарына енгізуге негіз болып
табылады.[63.248-бет] Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзуда көрінетін
әрекет, ол тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты шын мәніндегі бостандыққа қол
сұғылмаушылыққа теңестіруге байланысты, жеке бостандыққа қарсы жасалған қол
сұғушылық ретінде танылады.[64.224-бет]
Кеңестік кезеңдегі қылмыстық заңнаманың, әрине, Ресей империясының
заңнамасынан елеулі айырмашылығы бар. Бірақ, мемлекеттік, діни, сауда және
басқа да тұлғаға қол сұғушылық, соның ішінде жеке бас бостандығына қарсы
қылмыстармен салыстырғанда анағұрлым аз мөлшерде өзгеріске ұшырады.
Әрекет кінәлінің жәбірленушіні еркін жүріп тұру бостандығынан заңсыз
айырғанда, сондай-ақ, оның өз қалауы бойынша орнын ауыстыру мүмкіндігінен
айырғанда жүзеге асырылады.[65.560-бет]
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 126- бабына сәйкес
қылмыстық жазаға тартылатын әрекет болып адамды бостандығынан оны ұрлаумен
байланыссыз бас бостандығынан айыру табылады. Бірақ, аталған қылмыстық-
құқықтық нормада да, Қазақстанның қылмыстық заңнамасында да жалпы адам
ұрлаудың анықтамасы кездеспейді. Адам ұрлаудың белгілі бір нормативті
ұғымының болмауы құқық қолданушыдан әр кезде қандай да бір әрекет адамды
заңсыз бас бостандығынан айру немесе ұрлау болып табылатындығын дербес
бекітуді талап етеді.
Тергеу органдары мен соттың қорытындылары, істің материалдарына қатысты
негізді болуы тиіс. Мысалы, Жамбыл облыстық сотының 2002 жылғы 18
қарашадағы үкіміне сәйкес Оразбаев С. деген азамат кінәні ауырлататын
жағдайда адам өлтіру мен заңсыз бас бостандығынан айыруды жүзеге
асырғандығы үшін кінәлі болып танылды. Істі екінші инстанция сотында
қараған кезде сотталғанның Чистопольская деген азаматшаның бостандығын
заңсыз айыруға бағытталған әрекеттерін жасамағандығы туралы шағымдары
негізді деп танылды. Шешім қабылдау барысында Жоғарғы Сот алқасы келесі
жағдайларды көрсетті: ҚК 126 бабының мәні бойынша бостандықтан заңсыз айыру
түсінігінде адамның өз қалауы бойынша орнын таңдауына, кеңістік пен уақытта
еркін жүріп-тұруына кедергі келтіруге бағытталған әрекетін түсінуге болады.
Осыған орай, кінәлі тұлға басқа адамды еркін жүріп-тұру мүмкіндігінен
айырады және осыны ниет етеді. Тергеу органдары мен соттың Оразбаев
Чистопольскаяны бостандығынан заңсыз айырды деген қорытындылары іс
материалдарынан туындамайды және Чистопольскаяның кереғар және ауытқымалы
жауаптарына негізделген болжам болып табылды. Оразбаевтың жауабынан белгілі
болғандай, ол Слуцкийдың пәтерінде таң атқанға дейін болып, одан кейін
кетіп қалған. Чистопольская Оразбаевтың жауаптарын дәлелдеп берді және
Оразбаев Дорофеевті ұра бастаған кезде ол одан күйеуін ұрмауды өтініп, оны
өзінің денесімен жауып қалғанын айтты. Оған Оразбаев арқасына бірнеше
жерден пышақ салады. Оразбаевтың көрсетуі бойынша ол өз күйеуінің қасында
оны Оразбаев өлтіре ме деп қорқып жатады. Оразбаев Слуцкийді өлтірген соң
Чистопольская орнынан тұрып орындыққа отырады, өйткені арқасы ауырып жүре
алмаған. Оразбаев диванда отырып түнгі 12 ден 3 ке дейін ұйықтаған.
Азаматша да ұйқыда болған. Таңғы 6 сағат шамасында Оразбаев кетіп қалады.
Кетіп бара жатып, ол әйелдің Дорофеев пен Слуцкойдың өлімі туралы полицияға
хабарлауын сұрады. Аталған жағдайлар Оразбаевтың кейбір әрекеттері
Чистопольскаяның әрекеттерін шектесе де, олар оны заңсыз бас бостандығынан
айыруға бағытталмаған. Оразбаев Чистопольскаяның әрекеттерін шектейтін өз
сөздерінде белгілі бір белсенді әрекет жасамаған: оны бөлмеде қамамаған,
оны байламаған және кетіп бара жатып оны пәтерде жауып кетпеген. Мұндай
жағдайларда алқа Оразбаевты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің
126 бабының 2 бөлігі г) тармағы бойынша сотталу бөлігіндегі үкімін, оның
әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты іс өндірісін қысқартып,
жойылуға жатады деп таныды.
Кез-келген құқыққа қайшы әрекеттің нормативтік анықтамасының
қажеттілігі еркше аргументацияны талап етпейді. Тек ең маңызды деген
жағдайларына тоқталып кетелік. Біріншіден, құқыққа қайшы әрекет түсінігі -
бұл осы әрекеттің объективті жағының мәні болып табылады; екіншіден,
құқыққа қайшы әрекеттің мәнінің нормативті-құқықтық анықтамасы тек құқық
қолданушыларға ғана емес, сондай-ақ, басқа да азаматтарға да өз әрекеттерін
дұрыс бағалауға мүмкіндік береді; үшіншіден, нақты құқыққа қайшы әрекеттің
нормативтік-анықтамалық түсінігінің болуы саралау барысында құрамы жағынан
ұқсас қылмыстардан ажырату кезінде, нақты құқықтық бағдар береді. Қылмыстық
заңнамада адам ұрлау мен адамды заңсыз бас бостандығынан айырудың
түсінігінің болмауы, ең алдымен құқық қолданушыдан қылмыстық заңнамада бар
ұқсас анықтамалық сипаттамаларды талап етеді.
Ұрлау - яғни жасырын түрде алып кету, ұрлау. Сәйкесінше, адам ұрлау –
бұл адамды жасырын түрде алып кету, ұрлауды білдіреді. Жасырын түрде –
басқаларға көрсетпей жасырын түрде алып кету. Маңызды нақтылауды өткен
ғасырда И.В Платонов жасаған. Оның пікірі бойынша жылжымайтын мүлікті ұрлап
алып кетуге бомайды, өйткені ұрлап алып кету деген қозғалатын мүлікті
иелену деген мағынаны білдіреді. Жылжымайтын мүлікке қатысты қылмыс
құжаттарды өзгерту жолымен немесе өзге адамның иелігіндегі аумаққа баса
көктеп кіру жолымен ғана мүмкін.[65.560-бет]
Сондықтан да, ұрлау яғни затты иелену, алу, біздің жағдайымызда адамды
өзінің толық иелігіне алуды білдіреді. Демек, қозғалмалы зат болып
табылатын адам ұрлануы мүмкін.
Бірақ, адам бір өзі өмір сүрмейді. Ол қоғамда өмір сүреді және оны
қоршаған адамдардың белгілі бір міндеттерімен байланысты. Сондықтан да адам
ұрлау (адамды заңсыз бас бостандығынан айыру) кезінде тек жалғыз ол ғана
зардап шекпейді, сондай-ақ оның туыстары, оған жақын адамдар зардап шегеді.
Міне, ол сол адамдардан ұрланады және сол тұлғалардан сатып алу ретінде
ақша және құндылықтар талап етеді.
Адам ұрланған кезінде ең алдымен оның бостандығына нұқсан келтіріледі.
Еркін жүріп-тұру құқығы, әрбір адам ерекше қастерлейтін құқықтар қатарына
жатқызылады. Ол өзінің тұлғасын еркін басқаратын әрбір адамның қасиетті
құқығы- жеке бас бостандығының қарапайым және анағұрлым табиғи көрінісін
білдіреді. Осы жерде осы құқықтың жекелеген тұлғалар үшін де, жалпы
қазақстандық қоғам үшін де маңыздылығын айту қажет пе? Тұлғаның жеке бас
бостандығына қол сұғылмаушылық жалпы және мәңгі қажеттілік болып табылады.
Осы әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық бекітілуінде көрініс табатын
адамдардың жеке бас бостандығын заңсыз айыру мен адамды ұрлаумен күресте
қылмыстық саясаттың жүзеге асуының бағыты ретіндегі құқық шығармашылық
елеулі кемшіліктерге ие. Олардың бірі - ол адам ұрлаудың түсінігінің заңдық
бекітілуінің болмауы болса, ал екіншісі, бас бостандығынан заңсыз айырудың
түсінігінің заңдық бекітілуінің болмауы. Тәжірибеде осы кемшіліктердің орын
алуы бас бостандығынан заңсыз айыру, адам ұрлау және адамды кепілге алу
секілді қылмыстарын ажырату кезінде қиындықтар туғызады.[63.248-бет]
Сонымен қатар, егер адам ұрлау мен бас бостандығынан заңсыз айырудың
терминдерін қарастыратын болсақ онда, олар бір біріне ұқсамайды. Мысалы,
әрбір заңсыз ұрланған адам - бостандығынан айырылады, бірақ әрбір бас
бостандығынан заңсыз айырылған адам - ұрланбайды. Яғни, бұл жерде жеке
болып заңсыз адам ұрлау, ал, жалпы болып заңсыз бас бостандығынан айыру
табылатын жекенің жалпыға қатынасы туралы сөз болып отыр.
Осылайша, адам ұрлаудың бас бостандығынан заңсыз айрудан негізгі
айырмашылығы ретінде жәбірленушіні ұстау орнының жасырын сипаты табылады.
Жәбірленуші міндетті түрде тұрақты алыстайды және жақын туыстарына
белгісіз жерге орналастырылады.
Ұрлау барлық уақытта белсенді әрекеттердің жасалу жолымен жүзеге
асырылады. бас бостандығынан заңсыз айыру тек әрекет арқылы ғана емес,
сондай-ақ әрекетсіздік арқылы да жасалуы мүмкін. Мысалы, өз еркімен қозғала
алмайтын адамды мүгедектік арбасынан айыру немесе жәбірленуші оның алдын
ала келісімімен бөлмеде қамалуы жағдайында бас бостандығынан заңсыз айыру,
оны босату бойынша әрекеттерді жасаудан бас тартқан кезінде көрініс табуы
мүмкін.
Адам ұрлаудың объективті жағы барлық уақытта үш әрекеттен тұрады:
жәбірленушіні кепілге алу, оның орнын ауыстыру және одан ары ұстау. Біздің
пікіріміз бойынша, адам ұрлау – бұл тірі адамды алдау арқылы немесе жасырын
немесе ашық түрде кепілге алуымен, оны табиғи микроәлеуметтік ортадан алып
кетумен, оны тұрақты немесе уақытша болу орнынан, оның еркінен тыс
қозғалтумен байланысты тұлғалардың (тұлғаның) заңсыз қасақана әрекеті. Бас
бостандығынан заңсыз айыру ұстау деген бір әрекеттен тұрады.
Адамды заңсыз бас бостандығынан айыру секілді мұндай қылмыстың аяқталу
сәті ретінде Н.Н Бойко жәбірленушіге белгілі бір орыннан шығуға мүмкіндік
бермейтін әрекеттер жасалған уақытын санайды. Егер, бас бостандығынан айыру
қандай да бір басқа жерге апаруында болса, онда оның аяқталу сәті тек
жәбірленушіні сол орынға апару мен оны сол жерде ұстаған уақытынан бастап
есептеледі.
Аталған әрекеттер субъективті жағы бойынша да ажыратыды. Бас
бостандығанан заңсыз айыру кезінде жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіру
қасақаналықпен қамтылмайды. Адам ұрлаған кезде, жәбірленушіге оны сатып
алудан бас тартқан жағдайда денсаулығына зиян келтіру немесе оны өлтіру
ұрлаған тұлғалардың ниетіне кіреді. Міне, осыдан барып сатып алу құны
көтеріледі.
Р.Р Жансараева атап көрсеткендей, бас бостандығанан заңсыз айыру бұл -
адамды өз қалауы бойынша орнын таңдауға, басқа адамдармен сөйлесуге,
кеңістік пен уақытта жүріп-тұруға кедергі келтіру.[66.]
ҚР ҚК 126 бабындағы бас бостандығынан заңсыз айыру адамды оның еркіне
қарсы ұстау мен оны мәжбүрлі түрде ұстауды білдіреді. Мәжбүрлі түрде ұстау
оны сыртқы ортамен байланысын (мысалы, телефон арқылы, компьютер, пошта
арқылы) қолдану мүмкіндігінен айыруды емес, адамды шектеулі кеңістікте
ұстап отырумен түсіндіріледі. Бас бостандығынан заңсыз айырудың түсінігіне
жеке адамның еркін жүріп-тұру бостандығынан басқа, кез-келген құқықтары мен
бостандықтарын шектеуді енгізу қарастырылып отырған қылмыстық-құқықтық
норманы, кең көлемде талқылауға септігін тигізеді. Осыған орай адамды
ұстаудың амал-тәсілдері әртүрлі болуы мүмкін.
Қылмыстық құқық саласындағы мамандар (теоретиктер болсын, практиктер
болсын) арасында бас бостандығынан заңсыз айыру зорлық әрекеті болып
табылатындығы жөнінде пікір қалыптасқан. Сонымен қатар, 1959 жылғы Қазақ
КСР ҚК 115 бабында біреуді бас бостандығынан заңсыз күштеп айыруды зорлық
қылмысы ретінде қарастырылған норма аталған. Осыған орай, күш қолдану нақты
түрде емес, сондай-ақ психикалық болуы мүмкін. бірақ біздің пікірімізше,
адамды оның отырған жерінде ұстау зорлық әрекетінсіз де жүзеге асуы мүмкін.
Мысалы, ұйықтап жатқан адамды жауып кету жағдайында, зорлық әрекеті
болмайды.
Заңсыз бас бостандығынан айырудың құрамы болу үшін жәбірленушінің оны
белгілі бір кеңістікте жүріп-тұру мүмкіндігін, оның еркіне қарсы айыру
фактісін түсінуі керек. Сондықтан да, егер, бөлме қылмыскермен жабылып,
кейін басқа тұлғамен ашылса онда қол сұғушылық объектісіне ешқандай зиян
келтірілген жоқ, ал, адамды заңсыз бас бостандығынан айыруға бағытталған
тұлғаның әрекетері заңсыз бас бостандықтан айыруға қастандық жасалды деп
саралануы мүмкін. Егер қылмыскер ұйықтап жатқан жәбірленуші ұйқысынан
оянбағанын біле тұра, өзі жапқан бөлмені ашса, онда оның әрекетінінің
құрамында қылмыс жасаудан ерікті бас тарту орын алады. Аяқталған
оқталғандық жасалғанына қарамастан, объектіге нақты зиян келген жоқ.[67.]
Бірақ, егер ұйықтап жатқан кезде қамалған жәбірленуші ұйқысынан оянып
өзінің қамалғанын түсінген жағдайда, қылмыскердің әрекеті ҚР ҚК 126 бабында
көзделген аяқталған қылмыс құрамын білдіреді.
Заңсыз бас бостандығанан айыру болып сондай-ақ, адасқан бөтен баланы
оның еркіне қарсы ұстау да табылады.[68.816-бет]
Аталған жағдайлар есі ауысқандарды, жасөспірімдерді, мас адамдарды, ес-
түссіз жағдайындағы адамдардың бостандығын шектеуге де қолданылады.
Сонымен қатар, егер есі ауысқан адамдар мен қатты мас болуы
жағдайындағы адамдардың бостандығын аса қажеттілік жағдайында шектеу заңды
әрекет болып табылады. Сондай-ақ өздерінің кәмілетке толмаған балаларына
қатысты мәжбүрлі-тәрбиелеу шараларын жүзеге асырушы ата-аналардың қылмыстық
жауаптылығы болмайды. Бас бостандығынан заңсыз айыру ретінде адамды оның
келісімімен бостандығанан айыру, сондай-ақ аса қажеттілік пен қажетті
қорғану мен қылмыскерді ұстау кезіндегі бостандығынан айыру танылмайды.
Бас бостандығанын заңсыз айыру кез-келген жерде жүзеге асырылуы
мүмкін. Заңсыз бас бостандығанан айырудың құрамы үшін ең бастысы – бұл
қылмыскермен жүріп-тұруды қандай да бір затқа байлап қою арқылы
жәбірленушінің қозғалу мүмкіндігінен айыру болып табылатын жасанды немесе
табиғи кедергілердің жасалуы.
Қарастырылған қылмыстың жасалуы бас бостандығынан айыру орындарында да
болуы мүмкін. ҚК 126 бабымен бас бостандығынан заңсыз айыру жағдайларын
саралаған кезде бостандығынан айыру орындарында, олар қылмыскер қол сұғатын
орын таңдау бостандығын белгілі бір деңгейде иеленеді.
Бас бостандығынан заңсыз айыру – созылмалы қылмыс болып табылады.
Осыған орай, басқа қылмысты жасау кезінде бас бостандығынан заңсыз айыруды
қолданған тұлғалардың әрекеттерін саралаудың проблемалық мәселесі де
туындайды.
Егер бостандығынан айыру басқа қылмыс түрін жасаудың құралы, тәсілі
ретінде болатын болса, онда ол жеке қылмыс құрамы ретінде сараланбайды.
Егер де бас бостандығынан заңсыз айыру басқа қылмысты жасауға итермелесе,
онда қылмыстың жиынтығы орын алады. Мысалы, қылмыскер пәтер иелерін
қарақшылық жасау кезінде байлап қоюы. Жәбірленушіні байлап қоюы кезінде
уақытша бас бостандығанан заңсыз айыру күш қолданудың бөлігі ғана болып, ҚР
ҚК 126 бабы бойынша қосымша саралауды талап етпейді. Бірақ, егер қылмыскер
жәбірленушіні қарақшылық жасап болған соң, сол байланған күйінде қалдыратын
болса, онда әрекет ҚК 126 бабының белгілерін құрайды. Егер де күш қолдану
әрекеттерін жасау уақыты аралығында жәбірленуші байланған күйі орманда
қалып қойған жағдайда топ болып зорлауды жүзеге асырған тұлғалардың
әрекетін саралау туралы мәселесі де, жоғарыда аталғандай шешілуі керек.
Егер де, зорлау адамдар тобымен үздіксіз немесе бір адаммен жәбірленушіні
мәжбүрлі түрде алып кету арқылы жасалса, онда бас бостандығынан заңсыз
айырудың белгілері болмайды. Өйткені жәбірленушіні ұстау қылмыскерлерге тек
зорлау үшін ғана қажет болды. Осыған байланысты, С. деген азаматты ҚР ҚК
126 бабы бойынша ақтаған және оның әрекеттерін тек ҚР ҚК 120 бабы бойынша
саралаған соттың позициясы дұрыс. Өйткені С. деген азамат кәмелеттік жасқа
толмаған қызды алдау жолымен лифтіге кіргізіп, жоғарғы қабатқа көтерілу
барысында лифтіні қабат арасында тоқтатып, кәмелеттік жасқа толмаған қызды
күштеп ұстап, зорлау әрекетін жасаған. Сосын лифтіден шығарып
жіберген.[69.]
Біздің пікірімізше, 126 бап бойынша әрекетті басқа қылмыстармен бірге
саралау негізінен тек нақты қылмыс жиынтығы орын алған кезінде ғана мүмкін
болады. Бас бостандығынан заңсыз айыру кезіндегі қылмыстың идеалды жиынтығы
орын алмайды.
Жоғарыда аталғандардың негізінде, адамды бас бостандығынан заңсыз айыру
– бұл адамға өз орнын таңдауға қатысты өз қалауын жүзеге асыруға кедергі
келтірумен байланысты заңсыз қасақана әрекет деп қорытынды жасауға болады.

1.2 Бас бостандығынан заңсыз айыру қылмысының жалпы сипаттамасы

Бас бостандығынан заңсыз айыру жеке адамға қарсы қылмыстардың
арасындағы тектік обьектісіне қарай адамның бостандығынан қол сұғатын
қылмыстар құрамына жатады.
Адам өміріне қарсы қылмыстарда әрекет немесе әрекетсіздік құқыққа қайшы
сипатына иеленеді. Адам өміріне қылмыстық әсер ету тек адам өмірі
жағдайында ғана аяқталған қылмыс құрамын құрайды. Адам өміріне қарсы
қылмыстың денсаулыққа қарсы қылмыстан айырмашылық белгісі — соңғысының
зардаптары өз мазмұны бойынша қай органға зиян келгендігіне, қандай ауру
күшімен, денсаулыққа зиян келу нәтижесінде еңбек қабілеттілігі жоғалту
дәрежесінің қандайлығымен анықталады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйегіндегі
Жарлығымен мақұлданған, республикамыздың құқықтық саясатының Концепциясына
сәйкес, құқық қорғаушы органдардың қызметінің заңдық базасын жетілдіруді
жалғастыру қажет және оның әрекет аясына азаматтардың маңызды бөлігі
тартылады, демек қоғамдағы тұрақтылық, қоғам мен мемлекеттің мүдделері,
сондай-ақ адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол
сұғушылықтан қорғаудың беріктігіне сенімділігі және елдегі құқықтық
тәртіптік жағдай, олардың тиімді қызмет етуі байланысты.[70.]
Кейінгі жылдарда еліміздегі криминогенді жағдай күрделі сипатқа ие
болуда. Қылмыстың өсімі әлеуметтік тынышсыздықты ұлғайтады, сондай-ақ
азаматтардың өздерінің жеке басы мен мүліктік қауіпсіздігіне негізді
алаңдаушылықты туғызады. Мұндай жағдайда адам экономикалық тұрақсыздықты
сипаттайтын өмір жағдайларынан туындайтын қарама-қайшылықтарды шешу кезінде
алмастырушы монета ретінде қалып отыр. Мұндай қарама-қайшылықтарды шешудің
қоғамға қауіпті тәсілдерінің бірі болып ҚР ҚК 126 бабында көзделген,
нақтырақ айтсақ адамды бас бостандығынан заңсыз айыру танылады. Оның
қоғамға қауіптілігі заңсыз бас бостандығынан айырудың адамның жеке бас
бостандығына қол сұғатын қылмыс болып табылатындығымен анықталады.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы жанындағы құқықтық
статистика мен ақпарат Орталығының мәліметтері бойынша 2007 жылы заңсыз бас
бостандығанан айрудың 50 фактісі, 2008 жылы – 119; 2009 жылы – 142 фактісі
тіркелген, олардың 37 - әйелдерге қатысты, ал кәмілетке толмағандарға
қатысты – 23; 2010 жылы – 123, олардың 42- әйелдерге қатысты, ал кәмілетке
толмағандарға қатысты – 19 факті тіркелген. Егер ҚР ҚК 126 бабында
көзделген барлық қылмыстарды 2007 жылдын 2010 жыл аралығында есептейтін
болсақ, онда Қазақстан Республикасында кейінгі бес жылда барлығы 582 бас
бостандығынан заңсыз айыру фактісі тіркелгендігі жөнінде қорытынды жасауға
болады.
ҚР ҚК 126 бабында көзделген қылмыстардың үлесі қылмыстардың жалпы
санында 2006 жылы (141440)-0,035 ( (50); ал 2007 жылы (138198)-0,086 (
(119); 2008 жылы (150790)-0,094( (142); 2009 жылы (152168)-0,097 ( (148);
2010 жылы (135151)-0,09( (123) құрады. ҚР ҚК 1 тарауына қарастырылған Жеке
адамға қарсы қылмыстарғаң талдау жасай отырып, бұл жерде осы қылмыс
түрлерінің тұрақты өсімі байқалып отырғанын айта кету керек: 2006 жылы 7,2(
(10234); 2007 жылы-7,9( (10880); 2008 жылы –7,6( (11422); 2009 жылы-7,8(
(11811); 2010 жылы- 8,6( (11666) – бұл мәліметтер Қазақстан республикасында
тіркелген қылмыстардың жалпы санына шаққанда алынғаны (есептеу кезінде ҚР
Бас Прокуратурасының жанындағы құқықтық статистика мен ақпарат Орталығының
мәліметтері қолданылды).
Статистикалық мәліметтер ауыр және аса ауыр қылмыстардың кейінгі
жылдары өсімі мен кемуінің қарқын алуын көрсетеді. Егер 2006 жылы мұндай
қылмыстардың 76602 тіркелсе, онда 2007 жылы 67830 тіркелген, яғни өткен
жылмен салыстырғанда 11,5 пайызға кеміген. Бірақ, 2008 жылы мұндай
қылмыстардың өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 73160, яғни 7,9
пайыз, ал 2009 жылы бұл өсім 80744 құрады. Бірақ, 2010 жылы бұл
қылмыстардың 2009 жылмен салыстырғанда 69042 қысқырғандығы байқалды. Ауыр
және аса ауыр қылмыстардың арасындағы бас бостандығынан заңсыз айырудың
үлес салмағы 2006 жылы - 0,489 (; 2007 жылы-1,09 (; 2008 жылы–1,24 (; 2009
жылы–1,25 (; 2010 жылы-1,054 ( құраған.
Егер де он жылдық статистиканы алар болсақ, онда үш жыл ішінде (1988,
1989, 1990) Қазақ КСР-де қылмыстардың келесі саны көзделгендігі жарияланған
статистикалық жинақ бар: 1988 жылы-10339; 1989 жылы-135338; 1990 жылы-
148053. Олардың ішінде жеке адамға қарсы қылмыстар 1988 жылы-6232; 1989
жылы-8243; 1990жылы 9107. Осы қылмыстардың жедел өсуі байқалуда.[71.]
Қылмыстылықтың жалпы себептері мен нақты қылмыстың себептері арасында
алынбайтын кедергі жоқ. Сонымен қатар, нақты қылмыстардың себептері жалпы
себептердің болуымен қамтылған және нақты сатыдағы әлеуметтік дамудың
белгілі бір кемшіліктерімен, қоғамдық өмірдегі келеңсіз құбылыстармен
жүзеге асуы мүмкін және олар онымен күресуге кедергі келтіретін
жағдайлармен байланысты.
Қарастырылып отырған қылмыс түрі үшін сотталғанның балалық шағындағы
тәрбиенің дұрыс болмауының көрсеткіші ретінде бас бостандығынан айру
түріндегі жазасын өтеп жатқан сотталғаннан сауал алу кезінде алынған
мәліметтер дәлелдейді.
Сотталғандардың 19,8 (-ның ата аналары тату өмір сүрген, ал 54,4 (
көбіне ұрысқан, олардың 27,9 ( спиртті ішімдіктерді пайдаланған. Тек 44,7 (
толық отбасында тәрбиеленген. Қалған 55,3 ( санынан әкесіз-41,5 (, анасыз-
4,3 (, ата-анасыз 9,5 ( сотталған.
Бала кезінде ата-анасының біреуі немесе екеуі де болмаған сотталғандар
санынан 36,1 ( тек анасы, 7 (-тек әкесі, 12 (-тек туыстары, немесе балалар
үйінде тәрбиеленген. Толық емес отбасында туғанынан 9,6 (, 1 жасқа
толғаннан кейін 6,2 (, үш жасында 10,7 (, он жасында 20,1 ( тәрбиеленген.
Жоғарыда келтірілген мәліметтер сотталғандардың көпшілігінде мұндай
жағдайдың болмағандығын білдіреді. Қарастырылып отырған қылмысты жасаған
кінәлі тұлғаның ата-аналары ұрысқан, жартысынан көбісі толық емес отбасында
тәрбиеленген, әрбір үшінші сотталған әкесіз тәрбиеленген. Сотталғандардың
көбі ер адамдар болғандығына қарағанда отбасында әкенің болмауы олардың
тәрбиесіне кері әсерін тигізген. Өздерінің балаларын тәрбиелеудің
әдістемесі бойынша болмашы нәрселерді білмейтін отбасылар да аз
кездеспейді.
Отбасындағы тәрбиенің дұрыс болмауы қарастырылып отырған қылмыс
субъектіліерінің көбінде олардың мектептегі сабақ үлгеріміне әсер еткен.
Сотталғандардың 2,6 пайзы өте жақсы оқыған, 16,4 пайызы жақсы, 48,4 орташа,
32,6-төмен оқыған.
Сонымен қатар полицияның балалар бөлмесінде немесе ҚР ІІМ органдарының
жасөспірімдердің істері жөніндегі инспекцияда есепте сотталғандардың 36,9
пайызы тұрған.
Қарастырылып отырған қылмысты жасаудың бірден бір себебі ретінде, бас
бостандығынан заңсыз айырғандығы үшін жауаптылықтың болмай қоймайтындығы
қағидасын сақтамау танылады. Сотталғандарға олардың жасалған қылмыстарына
жаза болатындығына қалай қарайтындығы туралы сұраққа сауалнама жүргізгенде,
олардың 93,6 пайызы, ол жауаптылықтан құтылып кетеміз деп
үміттенген.[72.156-бет]
Криминологиялық әдебиетте және тәжірибеде қылмыстылық факторың термині
кең қолданылады.
Біздің пікірімізше, жекелеген қылмыстардың себептері мен жағдайлары -
бұл нақты қылмыстарды жасауға мақсат пен ниетті туғызатын объективті және
субъективті факторлардың жиынтығы. Аталған факторлардың кеңістікте, уақытта
тек нақты қылмыстарға қатысты емес, сондай-ақ қылмыстың белгілі бір
санатына қатысты өзара әрекеттесу механизмін бекіту қажет.
Қылмыстылықтың факторларын олардың көп түрлілігіне байланысты жеке
емес, бір топқа біріктіріп қарастырған орынды болады. Осыған байланысты,
жеті негізгі факторлық кешенді атауға болады: экономикалық, саяси,
ұйымдастырушылық, құқықтық, психологиялық, медициналық, техникалық.
Әрбір факторлық кешен жалпы қылмыстылыққа және қылмыстың жекелеген
түрлеріне, соның ішінде адамды кепілге алуға әсер етеді. [73.]
Криминологиядағы қылмыстылықтың себептерін негізгі топтастыру
себептердің әрекет ету деңгейіне негізделген және жалпы, ерекше және
жекенің арақатынасының диалектикасымен анықталады. Осы топтаманың критерийі
ретінде қылмыстылықтың себептерінің топтастырылу дәрежесі табылады. Осыған
орай, факторлардың жиынтығын: а) қылмыстылық себептерінің жалпысына (барлық
қылмыс түрлеріне жалпы себептерге); б) қылмыстың әртүрлі санатының
себептеріне (ерекше); жекелеген қылмыстардың себептеріне бөлуге болады.
Жастар арасында қылмыс елеулі орын алуда. Статистика 2006-2010 жылдар
аралығында қылмыстың өсімі мен 2010 жылдардың екінші жартысында
төмендегендігін көрсетеді. Кейінгі бес жылда 14-29 жас аралығындағы жастар
қылмыс жасаған тұлғалардың жартысынан көбін құрады. Жоғары қылмыстылық
әсіресе 18-29 жас аралығындағыларда байқалған.
Ауыл жастарының бірқатар бөлігі қалада ұрлық, тонау, қарақшылық, рэкэт,
контрабанда, алкогольді өнімдердің, тамақ өнімдерінің заңсыз жасалуы мен
айналымы, наркобизнес, жезөкшелік секілді криминалдық салаларға тартылады.
Қылмыстық топтардың көп бөлігі ауыл жастарынан қалыптасқан.
Сонымен қатар, жастардың ортасында тоталитарлы діни секталардың, діни
экстремизмнің әсерлерін атап кету қажет. Мешіттер мен медреселердің саны
Қазақстанда көп. Республикамыздың оңтүстік аудандарында - Оңтүстік-
Қазақстан, Жамбыл, Қызыл-Орда, Алматы облыстарында исламның әсері қарқынды
өсуде.
Арнайы деңгейлі қылмыс түрі ретіндегі бас бостандығынан заңсыз айыруға
кері әсерін тигізетін құбылыстар, яғни қылмыстың барлық түрлеріне тән
криминогенді факторлар алады.[74.176-бет]
Жүргізілген зерттеудің нәтежиелерін басшылыққа ала отырып, ондай
факторлардың санына келесілерді енгізу керек:
- бас бостандығынан заңсыз айыруды тиімді профилактикаладың
жетімсіздігін;
- әртүрлі қару-жарақтың, оқ-дәрілердің, жарылғыш заттарға қол жеткізудің
оңтайлылығын;
- жүйелі тіркеуде тұратын тұрақты ақпараттық-талдау жұмыстарының
болмауын;
- бас бостандығынан заңсыз айырумен күреске тікелей қатысатын
қызметкерлер мен оларға әрекеттесетін тұлғаларды құқықтық және
әлеуметтік қорғау жүйесінің жеткіліксіз дәрежедегі тиімділігін;
- құқық қорғаушы органдарға заңсыз бас бостандығынан айырумен күресте
көмек көрсететін азаматтарды сәйкес ынталандырудың болмауын;
- бас бостандығынан заңсыз айырумен күресті жүзеге асырушы органдардың
ұйымдастырушылық-басқарушы кемшліктерін;
- бас бостандығынан заңсыз айырумен күрес аясындағы заңнаманың
жетілдірілмегендігін жатқызуға болады.
Бас бостандығынан заңсыз айыруды жүзеге асыруға ықпал етуші
факторларға кейбір қылмыс түрлеріне тән факторларды жатқызуға болады.
Мысалы, қарастырылып отырған қылмыс күш көрсету арқылы (зорлық қылмыстары),
алдын-ала сөз байласқан топпен (топтық қылмыстылық), ұйымдасқан топпен
(ұйымдасқан қылмыс), кәмілетке толғандармен (кәмілетке толмағандардың
қылмысы), пайдакүнемдік ниетпен (экономикалық қылмыстар), қару қолдану
арқылы (қару қолдану арқылы жасалған қылмыстар), рецидивистермен (рецидивті
қылмыстылық) жасалған болуы мүмкін.
Бас бостандығынан заңсыз айыру ең басты жағдайда жеке адам бостандығына
қол сұғады. Сондықтан да, оған жеке адам бостандығына қарсы қылмыстарды
жасауға ықпал ететін факторлар тән болып келеді. Сонымен қатар, бас
бостандығынан заңсыз айырудың ерекше сараланатын құрамында адамды абайсызда
өлтірудің немесе басқа да ауыр салдар әкелетін жағдайлар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекеттерге араласуы
«Адамдарды саудаға салумен күрестің қылмыстық – құқықтық және криминологиялық проблемалары»
Тұлғаның Конституциялық кепілдендірілген жеке бас бостандығына қол сұғатын адам ұрлау қылмысының қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы
Адамды саудаға салу қылмыс құрамын шетелдік қылмыстық заңнамалармен салыстырмалы түрде талдау
Адамды сатудың мемлекетке әсері
Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқықбұзушылық іске тарту
ӨМІРГЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
Жеке адамға қарсы қылжыстардың жалпы сипаттамасы
Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түрлері
ОТБАСЫ ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРЫН ЖЕКЕ ҚҰРАМДАРҒА БӨЛУ МӘСЕЛЕСІ
Пәндер