Экономикалық теория туралы
КІРІСПЕ
I ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ.
1.1. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны.
1.2. Нарықтық экономиканың қызметі.
II ТАРАУ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
2.1. Зерттеу әдістерінің маңызы.
2.2. Экономикалық.математикалық модель жасау кезеңдері
III ТАРАУ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ.
3.1. Экономикалық теорияның қалыптасу категориялары мен заңдары.
3.2. Экономиканың заңдылықтары.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Экономикалық ілімнің тарихи қалыптасқан аты — саяси экономия. Қазір бұл пәннің атын өзгертіп экономикалық теория деп жүр. Бұлай өзгертудің негізі мәселенің түпкі мәнінде емес, өйткені ғылымның іргетасы, заңдылықтары өзгермейді. Адамзаттың жалпы даму ықпалына байланысты қатынастарды қарастырумен бірге экономикалық теория нақтылы тарихи даму заңдылықтарын да зерттеуі тиіс. Демек, жалпы адамзаттық көзқараспен бірге әр елде орын алған нақтылы өндірістік қатынастар, әлеуметтік-таптық қарым-қатынастарды да жоққа шығаруға болмайды. Әлемдік экономикалық ілімнің жетістіктерін басшылыққа ала отырып, оқулық авторлары ең бастысы рынок экономикасының қалыптасуы мен заңдылықтарына талдау жасайды.
Дамып келе жатқан Латын Америкасы, Африка, Азия елдеріндегі жағдайды айтпағанның өзіңде Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ, Жапония және басқа осындай соңғы жылдары алға шыққан елдердің өзінде де "жұмақ" орнады деуге болмайды. Бұлар да макроэкономикалық қайшьтлықтар, инфляция, жұмыссыздық, экономикалық дамудағы тоқырау т. б. мәселелер орын алып келеді.
Ал "социализмнің саяси экономиясы" туралы айтар болсақ, ғылымда, оның ішінде экономикалық теорияда социалистік идеяның негізгі қағидалары: адамгершілік, әділеттілік, еңбекке қарай ақы төлеу т. б. принциптері әкімшілдік жүйеде, шын мәнінде толық жүзеге асырылмады, олардың шындыққа айналуына мүмкіндік те болмады. Кеңес елінде орнады делінген "социализм" сыңаржақты мемлекеттік капитализм мен социалистік идеяның кейбір буындарын пайдаланған, зорлық әдістері арқылы орнаған ерекше қоғамдық құрылыс. Бұл қоғам 70 жылдан астам Ресейде, онымен бірге Қазақстан тәрізді аймақтарда орын алып келді. Сол бір қоғамның болмысын анықтау, ғылыми баға беру болашақтың ісі.

1. Ашимбаев Т.А. Государственное регулирование перехода к рыночным отношением. // Известия HAH РК. Серия «Общественные науки» — Алма-Ата, 1993. №2.
2. Валовой Д. Кремлевский тупик и Назарбаев - М.: Молодая гвардия, 1993.
3. Владимирова Л.П. Прогнозирование и татрование в условиях рынка. - М. Дашков и К, 2000.
4. В. Клаус. Десять заповедей чешасой реформы: // Известия. 1994. 5 апреля.
5. Казахстанская правда, 1997. 25 декабря.
6. Деловая неделя. 1997. №12,
7. Государственное регулирование экономики / Под общ. ред. д.э.н. проф. В.И.Кушлина и д.э.н., проф. Н.А. Волгина. — М.: Экономика, 2000.
8. Государственное регулирование рыночной экономики / Под.ред. Петрова Р.П. СПб, 1999.
9. Джкевич А.К. К осмыслению опыта экономического развития Япоти // Российский экономический журнал. 1992. №10.
10. Елемесов P., Жатканбаев Е. Государство и рынок: Учебное пособие. — Алматы: Каржы-Каражат, 1997.
11. Есиркепов Г.А. Приватизация государственной собственности в Республике Казахтан в условиях перехода к рынку. — Алматы, Уни-верситет «Туран», 1999.
12. АльПари. 1997. №10.
13. Вопросы экономики. 1990. №5.
14. Заявление Кабинета Митстров Республики Казахстан об эконо-мической политике в 1994 г. // Казахстанская правда. 1994. 5 февраля.
15. Ихданов Ж.О., Сансызбаева Г.Н., СахановаАН. Пмново-финансовые механизмы регулирования экономики. ~ Алматы: Экономика, 1998.
16.Казахстан 1991 — 2001 годы: Информационно-аналитичесский сборник. Агентства PK no статистике. — Алматы: Экономика, 1998.
17.Калиев Г. Аграрная реформа в Казахстане: история, современностъ, перспективы. — Алматы: Бастау, 1998.
18. Кейнс Дж. Общая теория занятости, процента и денег. М., 1995.
19. Класс Эклунд. Эффектная экономика — шведская модель: (Пер. со швед.).- М.: Экономика, 1991.
20. Кошанов А.К. и др. Формирование государственного предприни-мателъства в Республике Казахстан в условиях смешанной экономики. — Алматы, 2000.
21. Ливщиц А. Государство в рыночной экономике (краткий спецкурс) // Российский экономический журнал. 1993. №1.
22. Лю Гогуанъ. Регулирование китайской экономики и судьба реформы // Вопросы экономики. 1989. № 10.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
I ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ.
1.1. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны.
1.2. Нарықтық экономиканың қызметі.
II ТАРАУ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
2.1. Зерттеу әдістерінің маңызы.
2.2. Экономикалық-математикалық модель жасау кезеңдері
III ТАРАУ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ.
3.1. Экономикалық теорияның қалыптасу категориялары мен заңдары.
3.2. Экономиканың заңдылықтары.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН Әдебиеттер ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Экономикалық ілімнің тарихи қалыптасқан аты — саяси экономия. Қазір
бұл пәннің атын өзгертіп экономикалық теория деп жүр. Бұлай өзгертудің
негізі мәселенің түпкі мәнінде емес, өйткені ғылымның іргетасы,
заңдылықтары өзгермейді. Адамзаттың жалпы даму ықпалына байланысты
қатынастарды қарастырумен бірге экономикалық теория нақтылы тарихи даму
заңдылықтарын да зерттеуі тиіс. Демек, жалпы адамзаттық көзқараспен бірге
әр елде орын алған нақтылы өндірістік қатынастар, әлеуметтік-таптық қарым-
қатынастарды да жоққа шығаруға болмайды. Әлемдік экономикалық ілімнің
жетістіктерін басшылыққа ала отырып, оқулық авторлары ең бастысы рынок
экономикасының қалыптасуы мен заңдылықтарына талдау жасайды.
Дамып келе жатқан Латын Америкасы, Африка, Азия елдеріндегі жағдайды
айтпағанның өзіңде Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ, Жапония және басқа осындай
соңғы жылдары алға шыққан елдердің өзінде де "жұмақ" орнады деуге болмайды.
Бұлар да макроэкономикалық қайшьтлықтар, инфляция, жұмыссыздық,
экономикалық дамудағы тоқырау т. б. мәселелер орын алып келеді.
Ал "социализмнің саяси экономиясы" туралы айтар болсақ, ғылымда, оның
ішінде экономикалық теорияда социалистік идеяның негізгі қағидалары:
адамгершілік, әділеттілік, еңбекке қарай ақы төлеу т. б. принциптері
әкімшілдік жүйеде, шын мәнінде толық жүзеге асырылмады, олардың шындыққа
айналуына мүмкіндік те болмады. Кеңес елінде орнады делінген "социализм"
сыңаржақты мемлекеттік капитализм мен социалистік идеяның кейбір буындарын
пайдаланған, зорлық әдістері арқылы орнаған ерекше қоғамдық құрылыс. Бұл
қоғам 70 жылдан астам Ресейде, онымен бірге Қазақстан тәрізді аймақтарда
орын алып келді. Сол бір қоғамның болмысын анықтау, ғылыми баға беру
болашақтың ісі. Экономикалық қатынастар сан алуан құбылыстар мен
процестерді қамтиды, шектелген материалдық ресурстарды өмірлік
қажеттіліктерді қамтамасыз ету жолында адамдардың, олардың топтарының
өңдірісте, бөліс, айырбас, тұтынуда атқаратын қызметін зерттейтін ғылыми-
экономикалық теория. Әрбір тәуелсіз елдің мемлекеттік даму жолында
ерекшеліктер бар. Экономикалық ғылым оның заңдары бүкіл әлемдік болғанымен
жеке елдердегі көріністері әр түрлі. Ол ерекшеліктер сол елдің табиғи
орналасуы, шикізат байлықтары, халқының менталитеті, халықаралық еңбек
белінісіңдегі орны т. б. жағдайларға байланысты.
Кеңес Одағы тараған соң Қазақстан Республикасы саяси тәуелсіздікке ие
болып өз алдына жеке мемлекет ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелігіне
қабылданды, басқа да тәуелсіз елдер сияқты әкімшілдік жүйеден рынок
қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алып, етпелі дәуір
кезеңдерін басынан өткізуде.
Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттер, алға қойған мақсат
әлеуметтік бағыттағы жоғары тиімді экономиканы қалыптастыру әлемдік
кеңістікте өз орнын табу, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, жоғары
дәрежелі еңбек өнімділігіне жету, халық шаруашылығы құрылымында жоғары
технологияны пайдалану, халықтың тұрмыс дәрежесін көтеру, аралас
экономиканы қалыптастыру, түрлі меншік иелеріне жол ашу, рынок
орталықтарыңда тиімді заңға негізделген іскерлікке қол жеткізу. Соның
өзінде ең негізгі мәселе — макроэкономикалық проблемаларды дұрыс шешу. Бұл
арада әңгіме жұмыссыздықты жою, экономикалық мәселелерге ерекше кеңіл
бөлуде болып отыр.

Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара
байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам
өміріндегі ең қажетті шарт — аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету,
еңбек нәтижесін өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн
көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардың табиғи ортада хайуанаттардан
бөлініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы түңғыш
экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге
болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі
экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан,
Греция, (Ксенофонт, Платон, Аристотель т. б.) ойшылдарының еңбектерінде
қарасты-рылды. Мәселен, Аристотель тауар құны деген ұғымға тоқталып, оның
айырбас қатынасынан шығатынын байқаған. Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда
экономикалық ой-пікір ғылым болып қалыптаспады. Оның себебі ол заманда
тауар-ақша, рынок, сауда дамымады, шаруашылық негізінен тұйық натуралды —
заттай жүргізілді.
Экономикалық ой-пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы сауда,
өнеркәсіп капиталының дами бастауына байланысты болды. Бұл кезең негізінен
Еуропада XVI— XVII ғасырларды қамтиды. Ал Ресейде тауар-ақша қатынастары
1861 жылғы реформадан соң дамыды. Қазақстан елінде XIX ғасырдың соңы, XX
ғасырдың басында сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық рынок,
еңбек бөлінісіне қамту процесі бірте-бірте жаңданған. Еліміздің Солтүстік,
Батыс аймақтары Ресеймен тауар айналысына басым қатынаста болса, Оңтүстік
Шығыс, Орталық аудаңдарға Орта Азия, Қытай т. б. елдердің саудагерлері жиі
келе бастады. Тарихтағы белгілі "Жібек жолы" осының айғағы.
Алғаш рет өз алдына қалыптасқан ой-пікірдің белгілі бағыты —
меркантелистер мектебі. Ол (мерканте — итальян сезі сауда, пайда табу)
қоғамдық байлықтың негізі ақша, алтын деп біледі. Меркантелистердің талабы
тауарды шет елдерге мүмкіндігінше көп сату, олардан мейлінше аз сатып алу,
сөйтіп ақша қорын молайту жолдарын іздеуі. Демек, меркантелистер сауда
капиталының мүддесін қорғаған. Меркантелистер рынок экономикасы теориясы
мен практикасының негізін қалаушылар қатарына жатады. Олар ақша неғұрлым
көп болса, қоғамның байлығы да мол болады деген ұғымды басшылықка алды.
Әрине, сауда капиталы тұрғысынан бұл ұғым дұрыс та шығар. Себебі
саудагерлер, көпестер ақшасы көбейген сайын, мал-мүлкі көп байлардың
қатарына қосылып, қоғамға қажет тауарларды тасымалдау, сату ісі жанданады.
Сауда капиталының қызметі айырбас, айналыс процесін үздіксіз жүргізу арқылы
экономиканы ілгері бастыруға көмектеседі. Бірақ сауда капиталы қоғам
байлығын, адамдардың әл-аукатын көтеретін күш емес. Оның себебі айналыс,
айырбас саласында тек қана құн формасы ауысып тұрады, екінші сөзбен
айтқанда, тауар, оның құны бір қолдан екінші қолға өткенде ешбір жаңа
тауар, жаңа құн жасалмайды. Демек меркантелистер теориясы ғылыми
дәлелденбеген, ол халық шаруашылығын толық қамтитын ілім болған жоқ.
Меркантелистердің осы осалдығын физиократтар байқады да қоғамдық байлық,
саудада емес, өндірісте екенін дәлелдеді. Бірақ физиократтар Ф. Кенэ, А.
Тюрго т. б. өндіріс қатарына тек ауыл шаруашылыгын жатқызды. Олардың
пікірінше, қоғам байлығының бірден бір кезі ауыл шаруашылығы өнімдері,
сондықтан есімтал тап қатарына тек қана шаруалар жатады деген ұғымды
дәріптеп, Ф. Кенэ тұңғыш рет ұдайы өндіріс теориясына қатысты "Экономикалық
кесте" жасады. Бұл кестеде бір жыл ішінде өндірілген ауыл шаруашылық
өнімдерінің ұдайы өндіріс процесі зерттелінді.
Ф. Кенэнің "Экономикалық кестесі" қогамдық өндірістін ұдайы даму
процесін зерттеуге арналған, өз заманындағы даналықпен болжалған ғылыми
тұжырымдамалар қатарына жатады. Физиократтардың өңдіріске кеңіл аударуы
экономикалық ой-пікірдегі күрделі жаңалық, алға басу. Бірақ олардың
өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі халық шаруашылығының басқа
салаларын өнімсіз деп есептеуі дұрыс болмады. Оны буржауазиялық саяси
экономиканың көрнекті екілдері У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, С. Сисмонди
еңбектері айқын керсетті. Қоғам байлығы жалпы өндіріс салаларында пайда
болатындығы дәлелденді. Ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіптің материалдық
игіліктерді өндіру, өңдеу процестерін жалғастыратын байланыс, халыққа
қызмет көрсету салаларывда да жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық молаяды
деген қағида берік қалыптасты.
Классикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік
өндірістік қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын
экономикалық ой-пікірдің прогрессивті сатысы болды. Классикалық
буржуазиялық саяси экономияның басты табысы еңбек құн теориясының негізін
калады.
Осы ой-пікірдің қалыптасуы сауда және қарыз-өсімқорлық капиталына
қарсы өндірістік капиталдың қоғамдағы ерекше релін атап керсеткен ғылыми
қағида болғаны белгілі. Еңбек құн теориясын маркстік саяси эко-номия ілгері
дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан-жақты талдады. Маркстік экономикалық
теория XIX ғасырдың екінші жартысыңда қалыптасып, XX ғасырдың алғашқы
ширегінде В. И. Лениннін еңбектерінде дамыды. Маркстік саяси экономия —
еңбекшілердің, жұмысшы табының мүддесін қорғайтын теория. Сондықтан да оған
қарама-қарсы буржуазиялық тұрпайы (вульгарлық) саяси экономия пайда болды.
Марксшілер капиталистік қогамды дәріптеуші барлық экономикалық теорияларға
сын көзбен қарады. Оның себебі капиталистік экономикалық қатынастарда
негізінен екі тап: біріншісі, үстемдік жасайтьш буржуазия болса, екіншісі,
пролетариат — қаналушы тап өмір сүреді. Олардың арасында антогонистік
бітіспес қайшылық бар. Маркстік теория бойынша, пролетариат барлық еңбекші
қауымды капиталистік қанаудан азат етіп, қоғамдасқан социалистік өндіріс
орнатуы қажет. Тарихта 70 жылдан астам кеңес елінде, екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін Еуропа, Азияның бірсыпыра мемлекеттерінде, Кубада
социалистік революция басталып, социализмнің көбінесе кеңестік
моделі (үлгісі) жүзеге асырылды. Сонымен бірге XX ғасырдың екінші
жартысынан бастап капи-талистік дүниеде де елеулі өзгерістер болды. Бір топ
дамыған елдер (АҚШ, Жапония, ФРГ, Англия, Канада, Италия), соңғы жылдары
Оңтүстік Корея, Сингапур, Гонконг сияқты елдер қазіргі заманғы ғылыми-
техникалық революцияға бейімделіп, әлемдік озық тәжірибені дұрыс пайдалану
нәтижесінде қоғамдық өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттырып келеді.
Бүл елдерде еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшылардың тұрмыс дәрежесін көтеру,
олардың кәсіпорындарды басқаруға, демократияны дамытуға қатысуы сияқты
жаңалықтар Ресейдегі Қазан төңкерісінің әсерінен деуге болады. Себебі
социалистік қоғамның міндеті, оның ұсынған үрандары капиталистік елдерге
әсерін тигізбей қойған жоқ. Капиталистер дүние-дегі езгерістерді ескеріп,
жұмысшыларға қолайлы жағдай туғызу жолдарын іздеді. Әрине, еңбекақының
өсуі, тұрғын үй, әлеуметтік қорғау мәселелерін шешу алдымен жұмысшы табының
еңбек өнімділігіне, өндірісте жаңа техника, технологияны енгізуге
байланысты екені айқын. Қазіргі ілгері дамыган елдерде еңбек өнімділігі
дәрежесі, еңбектің интенсивтілігі өте жоғары екені белгілі. Мәселен, ФРГ-де
бұрынғы ГДР-мен салыстырғанда еңбек өнімділігі дәрежесі 2 есе жоғары болды.
Сол сияқты Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапурда жұмысшылар 10—12 сағат
қажырлы еңбек ететіні құпия емес. Капиталистік дамыған елдердің артта
қалған, бұрьш отарлық тәуелділікте болған халықтардың еңбегін арзан
пайдаланудан түсірген пайдасын айтпасқа болмайды. Ресейдегі 1917 жылғы
Қазан теңкерісі экономикалық жағьшан мешеу қалған елде жүзеге асырылды.
Қазақ халқының кешпелі тұрмыс салты, экономикалық укладтары жетілмеді,
соның салдарынан дүниежүзілік мәдениет пен ғылымнан шектеліп қалды.
Қазан төңкерісінің қазақ жеріне тарауына байланысты озат елдің
пролетариатының көмегімен капитализмге соқпай, социализмге өту теориясы
қолданылды. Ұрандарында бәрі де адам үшін, адамның игілігі үшін деген сөз
жазылған социализмнің әкімшілдік жүйесі кеңес халқын дүниежүзілік ғылыми-
техникалық прогрестен шетте қалдырып, үлкен дағдарысқа ұшыратты. Бұл өте
өкінішті және қынжылтатын жағдай. Әңгіме ауыртпалық пен дағдарыс туралы
сөзді қайталай беруде емес, керісінше, осы дағдарыстан тезірек шығу
жолдарын анықтау, халықаралық еңбек бөлінісіне неғүрлым ұйымдасқандықпен
өтуде болып отыр. Әр халықтың егемен ел болғысы ке-летіні табиғи талап деп
қарасақ, соңғы уақытта басқа республикалар тәрізді Қазақстанның өз алдына
мемлекет болып әлемдік кеңістіктен, Біріккен Ұлттар Ұйымынан орын алуы
тарихи маңызы зор оқига. Экономикалық тәуелсіздік болмайынша саяси
тәуелсіздіктің де баянды болуы қиын. Қоғамдық еңбек белінісінің
артықшылықтарын неғұрлым тиімді пайдалану, өз экономикасының құрылымын
жетілдіру, сыртқы сауда, айырбас қатынастарының заңдылықтарын меңгеру
қажет. Қазақта "сауда сақал сипағанша" деген мақал бар, сондықтан
халықаралық сауда-саттықтың, дүниежүзілік рыноктың тәртібін мүқият
зерттеудің, бәсекелік күрестің ұтылмас жолын меңгерудің маңызы арта бермек.
Ежелден саудаға шорқақ қазақтың алдында рынок теориясы мен тәжірибесін
жедел және жан-жақты игеру міңцеті түр. Қазіргі жоғары оқу орындарында
барлық мамандыққа оқып жүрген студент жастардың экономикалық теория
негіздерін үйрену арқылы практикалық мәселелерді тезірек дұрыс шешуіне
болады. Республикамызда дарынды, шет тілдерді білетін жастар аз емес,
олардың бір тобы АҚШ-та, Англияда, Францияда, Германия, Оңтүстік Корея,
Жапония, Түркия сияқты елдерде бизнес, маркетинг, менеджмент, банк жүйесі,
финанс-валюта, басқа да қалыптасқан қазіргі заманғы рыноктық
инфрақұрылымның заңдылықтарын үйренуде. Бүл прогрессивті бағыт одан әрі
дами бермек.
Қазіргі экономикалық ғылым ерекше дағдарыска ұшырап отыр. Бүл
дағдарыстың себептері кеп, оның негізін экономика, саясат, идеология т. б.
қоғамдық емір сала-сында байқаймыз. Қазіргі таңдағы көкейтесті проблемалар
еңбекші қауымның еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартуға, адамдардың
күнделікті қажеттерін өтеуге керек тауар қорларын молайтуға, әсіресе азық-
түлік мәселесін шешуге келіп тіреледі. Экономикалық ғылым адамдар қажетін
өтеу жолдарының заңдылықтарын зерттейді. Осы ғылымның объективті зандары
еңбекшілердің, бүкіл халықтың мүдделеріне қызмет ететіні белгілі.
Экономикалық ілім қоғамдық өндірісті, адамдар арасында әлеуметтік-
экономикалық қатынастарды зерттейтіндіктен ол қоғамдағы барлық емірге,
күнделікті тұрмысқа, адамдардың еңбек ету жағдайына байланысты сан алуан
мәселелерге көңіл аударуға тиіс. Ал қогамдық қатынастардың негізі —
өндірістік қатьшастар. Оның құрамына жалпы алғанда тікелей өндіріс,
айырбас, белу, тұтыну қатынастары кіреді, оларды қайталап үздіксіз өндіру
немесе ұдайы өңдіріс қатынастарын дамытып, жетілдіру аса маңызды. Қазіргі
кезеңде ерекше шешімін күтіп отырған мәселе 70 жылдан аса тарихи орын алған
кеңестік экономикаға саяси экономикалық талдау жасау, сол арқылы бұрынғы
және қазіргі рыноктық бағыт ұстап отырған елдердегі әлеуметтік-экономикалық
қатынастарды зерттеу.
1.2. Нарықтық экономиканың қызметі.
Рыноктық инфрақұрылымның негізі қаланды. Оған банктер желісі,
инвестициялық және сақтандыру компаниялары, биржалар, аудиторлық фирмалар
және басқа да шаруашылық субъектілеріне қызмет ететін, олардың өнім өндіру
ісіне, қызметтеріне деген сенімділіктерін арттырып, коммерциялық тәуекелді
азайтуға септігін тигізетін объектілер кіреді.
Еңбек, капитал және тауар рыноктарындағы қатынастарды қадағалап
отыратын заң шығару ісі кеңейіп, тереңдей түсті. Сауданың, қаржылай-
несиелік және басқа да рыноктық экономика институттарының дамуы елдегі ВВП
(внутр. валов. продукт. Каз.) өндірісінің құрылымында айтулы ілгерілеулерге
жағдай жасады. Қызмет көрсету бағасының да үлес салмағы өсті.
Сәйкес тепе-тең тұтынушылар рыногының құрылуы. Экономикалық жүйені
ауыстыру қысқа уақыт ішінде сұраныс пен ұсыныстың ара салмағын жөнге
келтіруге және тұтынушылар рыногындағы белгілі бір тепе-теңдікке қол
жеткізуге мүмкіндік берді. Халық тұтынатын тауарлардың басым көпшілігіне
деген ұсыныс төлемге қабілетті сұраныстан асып кетті. Бірақ мұның өзі де
көңілге медеу ұялатар факт. Алайда ішкі өнім артты десек те, импорттың
интенсивтілігі мен халықтың басым бөлігінің жинақ қорларының құнсыздануына
байланысты төлемге қабілеттілігі төмендеді, өндірістің тоқтауы, тұтынушылық
құндардың аспандап шарықтау орын алды.
Қаржылық тұрақтылық. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуде бірқатар
табыстарға қол жетті. Инфляция қарқыны мен қаржы рыногының проценттік
салымдарының төмендеу динамикасы соның бір айғағы болды. Мемлекеттің алтын-
валюталық резервтерін жасау қолға алынды. Теңгенің валюталық курсы біршама
тұрақталып қалды. Сыртқы сауда айналымының ақсауы мен қаржыландырылуы
инфляциялық әдістерсіз жүзеге асырыла бастаған мемлекеттік бюджет
жетіспеушілігіне қатысты оң өзгерістер байқала бастады. Өнеркәсіптің
бірқатар салаларында өндірістің тұрақталу тенденциялары көрінді.
Атап өтілген жетістіктермен қатар, ел экономикасын реформалаудың екінші
кезеңінде біраз өткір проблемалар да орын алды. Атап айтқанда, экономикалық
қайта құрулардың алғашқы жылдары өндірістің айтарлықтай құлдырауымен есте.
Бұл әлеуметтік саладағы бірқатар проблемалардың ұшығуына әкеп соқты —
халықтың таза ақшалай кірісі осы кезеңде 5 есе төмендеді. Халықтың кіріс
көлемі жөнінен таптарға бөліне бастауы етек алды. 1995ж. халықты кіріс
көлемі бойынша топтарға бөліп қараудан мынадай қорытынды шықты. Халықтың
10%-інің кірісі бір ең төменгі азық-түлік алымына жетпейді, 42%-ң кірісі —
сондай алымның бірден екіге дейінгі бағасындай, 39%-ікі екіден төртке
дейінгі бағасындай және 9%-інің алымның төрттен жоғары бағасындай кірісі
бар болған.
Ең ауқатты және ең тұрмысы төмен таптардың кірістерінің арасындағы
алшақтық 11 ден 30 есеге дейін жетті. Бұл әлемдік практикада қабылданған
(10 еселік) ең жоғары көрсеткіштен асып түсті. Жұмысқа орналасу
проблемалары да ұшыға түсті. Ресми тіркелген жұмыссыздар саны 1996ж.
экономикалық ынталы (активы) халықтың 4,1%-ін құрады. Есепте тұрған
жұмыссыздар саны елдің жұмыспен қамту қызметтеріне түскен жұмысшыларға
деген сұраныстардан 25 есе көп болды. Мәжбүрліктен ұзақ демалыста және
толық емес жұмыс уақтысы режимінде жұмыс істеп жатқандардың саны 1996ж.
соңында экономикалық ынталы халықтың шамамен 7%-н құрады.
Өндірістің құлдырауы мен соған байланысты туындаған әлеуметтік
проблемалардан бөлек республика бірқатар спецификалық дағдарыс тұғызушы
факторларға тап болды. Біріншіден, ең көкейтесті проблемалардың бірі бір-
біріне әсер етуші факторлардың жиынтығынан пайда болған төлем дағдарысы
болды. Бұл факторлардың ішінде бәрінен бұрын өздерінің айналым құралдарын
тауысқан және өздеріне ауадай қажет несиелік ресурстар алуға мүмкіндіктері
болмаған кәсіпорындардың нашар қаржылық ахуал көп қиындықтар тудырды.
Екіншіден, инвестиция саласындағы проблемалар ұшығын тұрды. Инвестицияны
қысқартудың көлемі экономикалық басқа салаларындағы құлдырау деңгейлерінен
асып кетті. 1993—1995жж. өзінде ғана капиталдық салым көлемі екі еседен
асаға дейін кеміді.
Орын алған олқылықтарға қарамастан, экономиканы реформалаудың екінші
кезеңінде түркілікті институционалдық қайта құрулар жүзеге асырылып, көңіл
көншітерлік макроэкономикалық тенденциялардың қалыптасуы мен тұрақталуына
негіз қаланды. Бұл ілгерілеу 1997—2000жж. елдің ұлттық экономикасының
дамуының үшінші кезеңінде айқын көрінді. Бұл жылдарды негізгі
макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасының ерекшелігіне сәйкес жеке этап
ретінде қарастыруға болады. 1997—2000ж. аралығында ВВП-ның, өнеркәсіп
өндірісінің, инвестиция көлемінің және басқа да маңызды көрсеткіштердің
өсуі басталды. Алайда экономика дамуының динамикасын біртіндеп өзінің
таралу географиясын кеңейте түскен, сол жылдары болған әлемдік қаржы
дағдарысы біраз тежеп тастады. 1997ж. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде
басталған дағдарыс, 1998ж. Ресейге жетті және Қазақстан экономикасына да
кері әсерін тигізді: осылайша, 1998 жыл елдің ВВП-сын төмендеуі байқалған
осы кезеңнің жалғыз жылы болды. Ал 1999ж. ұлттық валюта айтарлықтай
девальвацияға ұшырады. Республика экономикасының әлемдік рыноктор
конъюктурасының ықпалына түсуі және оның елде өндірілетін өнімдер бағасына
тәуелділігі реформалардың аталмыш кезеңінің негізгі сабақтарының бірі
болды. Өңдеу өнеркәсібін дамыту, отандық тауарөндірушілер мен шағын
бизнеске қолдау жасау, экономиканың шаруашылық комплекстің шикізат көзі
ғана болуын жоюға бағытталған құрылымдың реформаларын тереңдету мәселелері
көкейтесті сипат алды.
Аталмыш проблемалардың шешімін табуы реформалардың үшінші кезеңіндегі
институционалдық қайта құрулардың айтарлықтай тереңдеуінен көрініс тапты.
Экономикалық процестердің нормативтік-құқықтық базасы едәуір кеңейіп,
толықтырыла түсті, экономиканың ең маңызды салаларын дамытуға жағдай
жасайтын бірқатар бағдарламалық құжаттар қабылданды, шаруашылық ортаның
дамыған рынок стандарттарына жақындастырылуы бойынша шаралар жасалды. Осы
кезеңде жасалған көптеген қадамдардан ең прогрессивті қадамдар ретінде
төмендегі макроэкономикалық деңгейдегі шараларды ерекше атап өтуге болады:
жинақтаушылар қорлар жүйесі бойынша азаматтардың зейнетақыларын
тұлғаландыруға (персонализация) бағытталған, сонымен бірге қуатты ұлттық
инвестициялық институттардың қызметін атқаратын зейнетақы реформаларын
жүргізу;
жекешелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқару процестерін жетілдіру;
өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын қалпына келтіруді бастауға мүмкіндік
берген отандық тауарөндірушілер мен импорттың орнын басуға қолдау көрсету
бойынша бірқатар шаралар қабылдау;
отандық банк секторының ары қарайғы нығаюына және инвестициялық
процестерге халықты тартуға бағытталған қаржы саласындағы реформаларды
тереңдету;
елдің әлемдік рыноктардағы баға конъюктурасының залалды өзгерістеріне
тәуелділігін азайтуға мүмкіндік беретін ҚР Ұлттық Қорын құру туралы шешім
қабылданды.
Жалпы алғанда онжылдықтың соңғы жылдарын Қазақстандағы экономикалық
реформалардың негізгі бөлігінің аяқталу кезеңі деп қараған жөн. Елдің
макроэкономикалық дамуының аталмыш кезеңінің негізгі нәтижесі деп мыналарды
атауға болады.
1. 1. Негізінен бұрынғы шаруашылық жүйенің және әлеуметтік-
экономикалық формацияның радикалды трансформациясының күйреуінен туған
қиындықтар жойылды. 90-жылдардың басында еліміз тап болған көптеген
көкейтесті проблемалар азды-көпті шешілді, елдегі қаржылық-экономикалық
ахуалдың жетілген тұрақталуы негізінде болашақтағы дамуға жол ашқан
рыноктың типтегі экономика құрылысы болды.
2. 2. Өткен кезеңдерде басталған қазіргі заманғы рыноктың
шаруашылықты жүргізу стандарттарына сай нормативтік-құқықтың базалардың
құрылуы аяқталды. Құнды қағаздар рыногы, қаржы жүйесі, еңбек, рыногы,
салық салу, бухгалтерлік есеп, акционерлік қатынастар және басқа да
көптеген экономика салаларында дамыған заңдар қабылданды және іске асып
жатыр.
3. 3. Мемлекеттен бөлу және жекешелендіру процестерінің негізгі
бөлігі аяқталып, аралас типті экономика қалыптасты, жеке бизнестің
қуатты табы пайда болды. Осылай, 01.01.2001ж. Қазақстанда жалпы саны
138549 заңды тұлғалардан 111400-і меншіктің жеке түрімен жұмыс істеді,
жеке секторда елдің ВПП-сының шамамен 70%-і өндіріледі. Өткізілген
институционалдық қайта құрулардың негізінде рыноктық және өндірістік
инфрақұрылым компанияларының қарқынды дамып келеді. Ел ВВП-сындағы
үлесі үнемі өсіп отыратын қызмет көрсету саласының дамуы есебінен ел
экономикасының құрылымында орын алып келген диспропорциялар жойылды.
Экономиканың көптеген салалары мен шеңберлерінде бәсекелестік орта
қалыптасты.
4. Мемлекеттің қаржы саласында барлық негізгі бағыттар бойынша
берік тұрақтылыққа қол жетті: мемлекеттік қаржы, ұлттық валютаның
бағасы, банк жүйесінің тұрақтылығы мен беріктігі, Ұлттық банктің алтын-
валюталық резервтері, инфляция динамикасы, ақша нарықы мен мемлекеттік
құнды қағаздар нарықындағы проценттік салымдар бойынша ілгерілеу
байқалды. Осылайша 2000ж. тұтынушылық баға орта есеппен айына 0,8%-ке,
мемлекеттік бюджет 01.12.2000 жылы ВВП-ға 2,2%-ке орындалды, Ұлттық
банкті қайта қаржыландыруға салым 2001ж. ақпанда 12,5-ке төмендеді,
мемлекеттік құнды қағаздардың кірісі қосалқы нарықта жылына 11,4%-тен
айналды. Қаржылық тұрақтылық халықтың айтарлықтай бос бөлігін тартуға
және банктердің экономиканың маңызды секторларына беретін несиелерінің
көлемін едәуір ұлғайтты.
4. 5. Экономикада инвестициялық-өндірістік процестер қарқын ала
бастады. Онжылдық соңында ВВП көлемдерінің, өнеркәсіп өндірісінің,
инвестициялық жұмыстардың динамикасында және бірқатар маңызды
көрсеткіштерде айтарлықтай ілгерілеу байқалды. Өсім іс жүзінде
экономиканың барлық салаларында — өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында,
транспорт пен байланыста, саудада және т.б. орын алды. Бұл елдің
дамуының тұтастай (жалпылама) және жүйелік сипаты жайында әңгіме
қозғауға мүмкіндік береді. 1999ж. бастап, реформа жылдары алғаш рет
сауда тепе-теңдігі көңіл көншітерлік белгілері байқалды.
5. 6. Реформалардың үшінші кезеңінің ең маңызды ерекшелігі олардың
шынайы құрылымдық қайта құруларға жүйелік түрде бағытталуы болды. Нарық
институттары мен шаруа жүргізу механизмдерін қалыптастыру саласында
бірқатар батыл қадамдардың жасалуының нәтижесінде Қазақстан экономиканы
реформалаудың қарқыны бойынша ТМД елдерінің көбін басын озды. Атап
айтқанда Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып зейнетақы
реформасы, банктік салымдарға кепілдік беру жүйесі, Ұлттық банк арқылы
Бүкіләлемдік банкке қарызды мерзімінен бұрын өтеу, Ұлттық қор құру,
банктер мен зейнетақы қорларының салымшыларына ұлттық валютаны
девальвациялаудан туған бағамдық шығындар үшін мемлекеттік өтемақы
төлеу, экспорттерлардың валюталық көмекті міндетті түрде сатудан бас
тартуы, автокөлік иелерінің жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру
сияқты шаралар қабылдады. Қазақстанның ТМД елдері арасында шетел
инвестицияларын тартудың жан басына шаққандағы көлемі жөнінен ең
алдыңғы орында екені даусыз Мемлекет пен шаруашылық субъектілері
қаржыны басқару оптимизациясының әдістерін табысты қолданып келеді:
құнды қағаздар шетел рыноктарына шығарылуда қайта қамсыздандыру
механизмдері іске қосылуда. Үшінші кезеңдегі ел Экономикасын реформалау
ісі 90-жылдардың басында орын алған келеңсіз тенденцияларды өзгертуге
жол ашты. Онжылдықтың үшінші бөлігінен бастап макроэкономикалық
көрсеткіштердің басым бөлігі тұрақтылықты немесе өсімді көрсетіп
келеді. Соңғы жылдары жүргізілген қайта қалыптастырулар елдің
әлеуметтік саласына да бірқатар игі ықпалын тигізді: халықтың кірісі
өсе бастады, жаңа жұмыс орындары ашылды, мемлекеттік бюджеттің
әлеуметтік мұқтаждылыққа шығысы артты.
Елдің шаруашылық комплексін реформалау процестерінде, оның жүйелік
қайта қалыптасуында жетекші рольді мемлекеттің экономикалық саясаты
атқарды. Тәуелсіздік алған соң Қазақстан экономикалық процестерді
ұйымдастырудың ең қиын жүйесін іс жүзінде басынан бастап құру
қажеттілігімен бетпе-бет келді, ол сонымен бірге шаруашылық ортаны
түпкілікті реформалау ісімен күрделілене түскен қажеттілік еді. Өтпелі
кезеңнің бұл объективті қиындықтары экономиканы басқару саласында
жеткілікті дұрыс шешімдер қабылдауға әрқашан жағдай жасай бермейтін. Алайда
жалпы алғанда өткен онжылдықтың қорытындысы бойынша елде экономикалық
саясат жүргізудің рыноктық қоғам принциптеріне лайық жүйесі қалыптасты.
Қазіргі уақытта елдің экономикалық саясатын бірнеше шешуші бөліктерге
бөлуге болады: қаржы-несиелік, салықтық-бюджеттік, сыртқы экономикалық,
инвестициялық, нарықтық блоктар және монополияға қарсы саясат.
Реформалардың басынан аяғына дейінгі кезеңдеріндегі экономиканы
тұрақтандырудың шешуші бағыты қаржы-несиелік саясат болды.
Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету көбіне Қазақстан Ұлттық
Банкінің 1994 жылдың шілдесінен бері жүргізіп келе қатаң ақша саясатының
жүзеге асырылуы байланысты. Ақша саясатын жүргізу инфляцияның төмендеуіне
ықпал ететін ақшаны көлемін сомасы бойынша басқаруға, сондай-ақ
өнеркәсіптің өсе түсуіне арналған тұрақты айырбастау бағамын қалыптастыруға
бағытталды. Қайта қаржыландыруға иек арту инфляцияның іс жүзіндегі
қарқынына байланысты туындады. Ал мемлекеттік құнды қағаздарға деген сенім
аукциондық әдіспен анықталды, бұл шынына келгенде, олардың маңызын ашып
берді. Екінші дәрежедегі банктерге қосымша талаптардың бекітілу жолын
қадағалау өте сәтті жүзеге асырылды.
1995ж. ортасынан бастап Қазақстанның қаржы-несиелік саясатының
құралдары дамыған елдерде дәстүрге айналған тағы бір шарамен — Ұлттық Банк
өзінің құнды қағаздарға арналған жеке қоржынын жасай бастаған кездегі ашық
рынокта жүргізілген операциялармен толықты. Осы мақсатта шығарылу көлемі
ақшалай агрегаттар бойынша бағыттарға байланысты белгіленген арнайы құнды
қағаздар — Ұлттық банк ноталарын шығару қолға алына бастады. Сонымен қатар
ақша көлемін стерилизациялау және теңгенің айырбас құнының тұрақсыздығын
жою мақсатында валюталық рыноктағы интервенция сияқты рыноктың экономикаға
тән регулятор іске қосылды.
1996 жылдан бастап екінші дәрежедегі банктердің несие саясаты біршама
өзгерді. Мұндай банктердің қатары кеміп қалған еді. Ал аталмыш
операциялардың негізгі бағыты банк жүйесінің беріктігін сақтау болып қалды.
Жеңілдік несиелерін беру мен кәсіпорындардың Ұлттық Банкке несие сұраған
тікелей өтініштерін қарау тоқтатылды. Несиелердің бөлінуі аукциондар,
банкіаралық рынок, сондай-ақ ломбардтық негізде жүзеге асты.
1997ж. бастап қаржы-несиелік саясаттық жүзеге асырылу әдістемесі
дамыған елдердің осыған ұқсас стандарттарына сәйкес түпкілікті қалыптасын
бітті және Ұлттық банктің ресми салымының өзгеруін, міндетті түрдегі
резервтерге нормалар белгілеуді, ашық нарықтағы операцияларды және ішкі
валюталық нарықтағы интервенцияларды қамтыды. Инфляция қарқынының бәсеңдеуі
артынан пропорционалды негізде сыйақы түріндегі ресми ставкалар —
қаржыландырудың ресми ставкасы, ломбардты несие бойынша сыйақы түріндегі
ставка, “овернайт” несиелері бойынша сыйақы түріндегі ставкалар төмендеді.
1998ж. қаржы-несиелік саясат әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында
жүргізілді және орын алған жағдайдағы қадағалаудың спецификалық
қажеттілігін көрсетті. Бұл оған Қазақстанның қаржы секторын қорғауға
бағытталған қатаң сипат берді. Сонда да 1999ж. ұлттық валютаның еркін жүзіп
жүрген айырбас бағамының режимі қабылданды, және ол біршама девальвацияға
ұшырады. Осы жағдайда қаржы-несиелік саясаттың ең басты міндеті инфляция
қарқынының өсуіне тоқтату болды. Сонымен бірге, бұрынғыдай екінші
дәрежедегі банктердің кредиттік қабілетінің артуы да көкейтесті мәселе
Бүйінде қалды. Осыған байланысты Ұлттық Банк бір жыл ішінде қайта
қаржыландыру салымының деңгейін 18%-ке дейін төмендетті. Кейін ол көрсеткіш
2000 жылғы қаржылық ахуалдың түркілікті тұрақталуына қарай 14%-ке, ал 2001
жылдың ақпанында 12,5%-ке түсті.
Экономикалық процестерді қадағалаудың тағы бір негізгі бағыты салықтық-
бюджеттік саясат болып табылды. Қазақстан экономикасын реформалаудың
бірінші кезеңінде осы салада басты назар негізінен рыноктық стандарттарға
сай заңдарды қарастыруға аударылған еді. Нормативтік база салық салу
саласында да, нарыққа бағытталған бюджеттік жүйе құру бойынша да құрылған
болатын. Бюджеттік саладағы ахуал республиканың рубль аймағында тұрған
кезінің өзінде өте қиын еді. Бюджеттік процесс эммисиялық жұмыстарды
бақылап отырған Ресейге тікелей тәуелді болатын. Реформалардың алғашқы
жылдары Қазақстанда мемлекеттік бюджеттің өте үлкен диспропорциялары
байқалды. Ұлттық валюта енгеннен кейін бюджеттік жүйені жетілдіруге
ұмтылыстар жасалды. Алайда инфляцияның жоғары қарқыны бюджетті
қалыптастыруды барынша жетілдіруге мүмкіндік бермеді. Бюджет
жетіспеушілігін Ұлттық банк несиелері есебінен жабу кең көлемде қолданысқа
енді. Бұл да инфляцияның өсуіне, ақыр аяғында бюджет балансының бұзылуына
ықпал етті.
Бюджет саласындағы өзгерістер 90 жылдардың орта шенінде мемлекеттік
бюджеттің жетіспейтін тұстарының инфляциялық емес әдістермен
қаржыландырылуы жүзеге аса бастап, ал осы көрсеткіштің көлемі кірістер мен
шығыстар арасындағы алшақтықтарды болдырмау мақсатында бақылауға алынған
кезде басталды. Осы кезеңнің салық жүйесі де белгілі бір өзгерістерге
ұшырады. Салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың тиімді әдісі ретінде
ғана емес сонымен бірге инвестициялық-өндірістік жұмыстарды жөнге
келтірудің құралы ретінде қарастырыла басталды. Бір жағынан бұл өзгерістер
осы уақытта жүргізілген ірі кәсіпорындарды жеке проекттар бойынша
жекешелендірумен де байланысты болды. Осы проекттар аясында инвесторлар
едәуір салық жеңілдіктеріне ие болды.
Реформалардың үшінші кезеңі бюджеттік-салықтық саясат саласында
мемлекеттік бюджетті орындаудың тұрақталуы, мемлекет жетіспеушілігі
көлемнің кемуі, салық заңдарының отандық тауарөндірушілерге қолдау жасауға
бағытталуы сияқты негізгі ерекшеліктерді қамтыды. Салық механизмдері
белгілі бір салалардың дамуын жөнге келтіруге бағыттала отырып, қолданыла
бастады. Осылайша, 1999ж. машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсіп
өнімдерінің бәсекелестікке қабілетін арттыру мақсатында машина жасау мен
химия өнеркәсібі үшін НДС төлеу мерзімін 90 күнге ауыстыру бойынша салық
заңына өзгерістер енгізілді. Ал жеңіл өнеркәсіп үшін бұдан бөлек НДС-тің
нөлдік ставкасы енгізілді. 2000ж. салық уақының жекелеген ережелеріндегі
өзгерістерді орнықтыруға дайындық бойынша жұмыс жалғасын тапты. Ол ережелер
ең алдымен машина жасау кәсіпорындарына, ішкі рынокқа бағытталған химиялық,
мұнай-химиялық және ағаш өңдеу өнеркәсіптеріне арналған қатаң емес салық
режимін қарастырады.
Экспортқа бағытталған экономикалы ел ретіндегі Қазақстанның экономикалық
дамуында реформалардың бүкіл өн бойында сыртқы экономикалық саясат үлкен
роль атқарды. Елдің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz