Microsoft Access жүйесінің мәліметтер базасын жобалау



Кіріспе

1. Беттік қалыптаумен өңделген бұйымға деректер базасын құру
2. Беттік қалыптаумен өңделген бұйымға негізгі кестені жобалау және құру
3. Көмекші кестелер дерек көздерін құру
4. Кластар бойынша кесте жобалау және құру
5. Дайындау әдістері сипаты бойынша кесте жобалау және құру

Қорытынды

Әдебиеттер
XXI ғасырдың басы адамзаттың индустриялық эрадан информациялық эраға өтуімен ерекшеленеді. Осыған байланысты ақпаратты білу, оны өңдеу және күнделікті істе пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.
Microsoft Access жүйесінің мәліметтер базасын жобалауға да және оны пайдалануға да ыңғайлы жақсы мүмкіндіктері бар. Access-ті қолданбалы программалар ішіндегі қолдануға арналған ең қуатты құрал ретінде көрсететін оның бірнеше ерекшеліктерін атап өтейік:
- Windows интерфейсі – тұтынушының жұмысына ыңғайлы жағдай жасайтын әртүрлі менюлер, терезелер, батырмалар тәрізді стандартты графикалық интерфейс элементтерін пайдалану;
- түс және графика – экран көрнекілігін қамтамасыз ете алатын әр түрлі қаріптерді, түстерді, белгішелерді (пиктограммаларды) және одан да басқа графикалық элементтерді пайдалана отырып, экранға көптеген мәліметтер шығару;
- программа шеберлері (Wizards) – тұтынушымен қарапайым, әрі логикалық айқын түрде диалог ұйымдастыра отырып, қолданбалы программалардың кез-келген элементін тез құру;
- оқиғаларды программалау – программалар экранда көрініп тұрған элементтермен тікелей байланыса алады және солардан кейінгі менюден команда таңдау, кез-келген бір батырманы шерту сияқты әрекеттерді тез жүзеге асыру;
- SQL – мәліметтерге тез қол жеткізу тәсілі ретінде программаларда, макростарда және өрнектерде SQL операторларын пайдалану.
Мәліметтермен жұмыс істеу барысында оларды жүктеу, түзету және іздеу сияқты негізгі операцияларды іске асыруға арналған қазіргі кездегі мәліметтер базасын басқару жүйесін (СУБД) пайдалану, компьютерде графикалық операциялық ортамен жұмыс жасау мүмкіндіктерін тереңдетуді жеңілдетеді.
Microsoft Access 97/2000 СУБД-сы Windows 98/2000 ортасында жұмыс істейтін, жаңа буынға жататын реляциялық мәліметтер базасының 32-разрядты басқару жүйесі болып табылады. Оның Windows – технологиясының барлық жақсы қасиеттерін сақтай отырып, тұтынушылардың жайлы жұмыс істеуіне бағытталған, өте қолайлы графикалық интерфейсі бар. Access кестелер, формалар, сұраныстар, басылымдар, макростар және модульдер сияқты мәліметтер базасының объектілерімен жұмыс істейді.
1. Кен Герц, Пол Литвин, Майк Гилберт «Access 2000». Перевод с английского «Ирина», BHV, Киев 2000г.
2. Д.Вейскас «Эффективная работа с Microsoft Access 2». Перевод с английского, Питер 1996г.
3. Абдуллина В.З., Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б. «Access жүйесімен жұмыс істеу». Алматы ЖГИ 2004ж.
4. «Технологический классификатор деталей машиностроения и приборостроения», М.: Издательство стандартов, 1976г.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. Беттік қалыптаумен өңделген бұйымға деректер базасын құру
2. Беттік қалыптаумен өңделген бұйымға негізгі кестені жобалау және құру
3. Көмекші кестелер дерек көздерін құру
4. Кластар бойынша кесте жобалау және құру
5. Дайындау әдістері сипаты бойынша кесте жобалау және құру

Қорытынды

Әдебиеттер

КІРІСПЕ

XXI ғасырдың басы адамзаттың индустриялық эрадан информациялық
эраға өтуімен ерекшеленеді. Осыған байланысты ақпаратты білу, оны өңдеу
және күнделікті істе пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып
табылады.
Microsoft Access жүйесінің мәліметтер базасын жобалауға да және
оны пайдалануға да ыңғайлы жақсы мүмкіндіктері бар. Access-ті қолданбалы
программалар ішіндегі қолдануға арналған ең қуатты құрал ретінде
көрсететін оның бірнеше ерекшеліктерін атап өтейік:
- Windows интерфейсі – тұтынушының жұмысына ыңғайлы жағдай жасайтын
әртүрлі менюлер, терезелер, батырмалар тәрізді стандартты графикалық
интерфейс элементтерін пайдалану;
- түс және графика – экран көрнекілігін қамтамасыз ете алатын әр түрлі
қаріптерді, түстерді, белгішелерді (пиктограммаларды) және одан да
басқа графикалық элементтерді пайдалана отырып, экранға көптеген
мәліметтер шығару;
- программа шеберлері (Wizards) – тұтынушымен қарапайым, әрі логикалық
айқын түрде диалог ұйымдастыра отырып, қолданбалы программалардың кез-
келген элементін тез құру;
- оқиғаларды программалау – программалар экранда көрініп тұрған
элементтермен тікелей байланыса алады және солардан кейінгі менюден
команда таңдау, кез-келген бір батырманы шерту сияқты әрекеттерді тез
жүзеге асыру;
- SQL – мәліметтерге тез қол жеткізу тәсілі ретінде программаларда,
макростарда және өрнектерде SQL операторларын пайдалану.
Мәліметтермен жұмыс істеу барысында оларды жүктеу, түзету және
іздеу сияқты негізгі операцияларды іске асыруға арналған қазіргі кездегі
мәліметтер базасын басқару жүйесін (СУБД) пайдалану, компьютерде
графикалық операциялық ортамен жұмыс жасау мүмкіндіктерін тереңдетуді
жеңілдетеді.
Microsoft Access 972000 СУБД-сы Windows 982000 ортасында
жұмыс істейтін, жаңа буынға жататын реляциялық мәліметтер базасының 32-
разрядты басқару жүйесі болып табылады. Оның Windows – технологиясының
барлық жақсы қасиеттерін сақтай отырып, тұтынушылардың жайлы жұмыс
істеуіне бағытталған, өте қолайлы графикалық интерфейсі бар. Access
кестелер, формалар, сұраныстар, басылымдар, макростар және модульдер
сияқты мәліметтер базасының объектілерімен жұмыс істейді.

1 БЕТТІК ҚАЛЫПТАУМЕН ӨҢДЕЛГЕН БҰЙЫМҒА ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫН ҚҰРУ

Деректер базасын құру технологиясының дамуына жарты ғасырдан артық
уақыт болды. Алғашқылардың бірі болып бұл программаны Американың
экономикалық мәселелерді өңдеудің стандартты құралдарын жасаумен
айналысатын Codasil мекемесі саналады.
Деректер базасы (ДБ) – белгілі бір пәндік аймаққа жататын
объектілерді (процестерді, құбылыстарды, оқиғаларды), олардың қасиеттерін
және өзара қатынастарын бейнелейтін, өзіндік аты бар мәліметтер жиыны.
Пәндік аймақ дегеніміз деректер базасын қамтуға тиісті нақты дүниенің бір
бөлігі болып табылады және белгілі бір құрылым бойынша қалыптасқан деректер
сипатының жиыны.
Деректер базасын басқару жүйесі (СУБД) – мәліметтермен жан-жақты
қатынас құра отырып, олардың өңделуін қамтамасыз ететін база құру мен
сүйемелдеуге арналған кешен және ДБ-ны құруға, оны қолдануға мүмкіндік
беретін тілдік-программалық құралдар жиыны болып табылады.
Берілген жұмыста объект – беттік қалыптаумен өңделген бұйым
(бұрандама, тығырық, сомын).
Беттік қалыптаумен өңделген бұйымның технологиялық
классификациясында келесі белгілер қабылданған:
бастапқы дайындама түрі;
квалитет;
кедір-бұдырлық параметрі;
технологиялық талаптардың сипаттамасы;
қосымша өңдеу түрі;
масса сипаттамасы.
MsAccess ДБ белгілі бір салаға қатысты объектілерді ,
сипаттамаларын бір немесе бірнеше кестелерден тұрғызылып, кесте бағаналары
объектінің қасиетіне немесе атрибутына сәйкес . Әр бағананың 3 элементі
болады:
1) имя поля – кестедегі өріс аты (ерекше, қайталанбауы тиіс);
2) тип данных – деректер типі;
3) описание – бағанаға берілетін түсініктеме (сипаттау).
Курстық жұмыс тапсырмасы – машина жасау саласының бұйымдарының
технологиялық классификаторы бойынша Беттік қалыптаумен өңделген бұйымдар
үшін Microsoft Access ДББЖ аясында деректер базасын құру.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты – беттік қалыптаумен өңделген
бұйымға(тығырық т.б.) Ms Access бойынша сипаттама беру. Бұйымның түрлі
көрсеткіштеріне арнайы сипаттама кестелерін құрып,ат беріп, арасында
байланыс тұрғызу және бұл арқылы тізбекті жүйелеу. Берілген бұйым үшін
құрылатын сипаттама кестелері: негізгі кесте, көмекші кестелер, форма, есеп
беру, кластар сипаты бойынша кесте жобалау және құру, яғни берілген бұйым
үшін толық деректер базасы сұлбасын тұрғызу.

2 НЕГІЗГІ КЕСТЕНІ ЖОБАЛАУ, ҚҰРУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ.

Беттік қалыптаумен өңделген бұйымға негізгі кестені жобалау және
құру Конструктор режимінде орындалады.
Кестені құру барысында Конструктор режимін таңдап, кесте
өрістерінің сипаттамасын анықтаймыз. Мұнда әрбір өріске ат беріп,
мәліметтер типін және оның сипаттамасын беріп, бұл өрістің қасиеттерін
анықтау керек.
Беттік қалыптаумен өңделген бұйымның технологиялық
классификациясында келесі белгілер қабылданған:
бастапқы дайындама түрі;
квалитет;
кедір-бұдырлық параметрі;
технологиялық талаптардың сипаттамасы;
қосымша өңдеу түрі;
масса сипаттамасы.
Бұйымның бұл белгілерін негізгі кестеге енгізу келесі түрде
жүреді: алдымен Конструктор режимі ашылады. Конструктор терезесінде үш
бағанадан тұратын кесте пайда болады. Бұл кестенің 1-ші бағана, яғни Өріс
атына (Имя поля) - бастапқы дайындама түрі (ВидИсхЗаг), квалитеті
(Квалитет), Кедір-бұдырлық параметрлері Ra,Rz (ПарШер Ra,Rz),
технологиялық талаптарының сипаттамалары (ХарТехТреб),қосымша өңдеу түрі
(ВидДопОбр), масса сипаттамасы (ХарМассы) кодтары енгізіледі.Кестенің 2-ші
бағана, яғни Деректер типі (Тип данных) бағанасында бағыттауыш тілсызық
пайда болады, оны шерткенде мүмкін болатын барлық мәліметтер типінің тізімі
шығады. Бұл тізімде мәліметтерге сәйкесінше Мәтіндік (Текстовый) немесе
Сандық (Числовой) ұғымдары таңдап алынады. Келесі 3-ші бағана, мәтіндік
Сипаттау (Описание) бағанасының жолына сипаттамаларға сәйкес мкм, мм, кг
және т.б. сәйкес мәліметтер енгізіледі.
Мәліметтерді сақтағанда негізгі кестеге ат беріледі ( ЛистШтамп).
Деректер базасында бұл құрылған кестелерді қарауда, өзгертуде және
жоюда кесте режимі қолданылады. Бұл режим мәліметтерді жол және бағана
бойынша көруде ең оңай әдіс болып табылады. Кесте режиміне ДБ терезесіндегі
керекті кесте атын екі рет шерту арқылы өтуге болады. Конструктор режимінде
және кесте режимінде өріс атынан өріс атына Тab клавишасы арқылы, ал
жоғарғы және төменгі жазуларға ↑ және ↓ клавишалары арқылы өтуге болады.

3 КӨМЕКШІ КЕСТЕЛЕР ДЕРЕК КӨЗДЕРІН ҚҰРУ

Көмекші кестелерді құру мақсаты берілген бұйымды сипаттауда ең
тиімді, дұрыс мәліметтер алынатын, жұмыс уақытын үнемдеуге мүмкін беретін
деректер көзі.
Көмекші кестелердің барлығы Құру (Создать) режиміндегі -
Конструктор арқылы кесте тұрғызуды таңдап алып орындалады. Ол кестелер
негізгі кесте арқылы жасалады. Бұл бұйым сипаттамасына байланысты 8 көмекші
кесте құрылады. 1-көмекші кесте аты – Бастапқы дайындама түрі (ВидИсхЗаг),
оның ішіне бастапқы дайындаманың жеті түрі енгізіледі, 2-кесте – Квалитет
(Квалитет), оған квалитеттің алты түрі енгізіледі, 3-кесте аты – Кедір-
бұдырлық сипаттамасы Ra, (ПарШер Ra), 4-кесте аты – Кедір-бұдырлық
сипаттамасы Rz, (ПарШер Rz), мұнда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Деректер базасы жүйесінің компоненттері
Мәліметтер қорларын пайдаланатын ақпараттық жүйелер
Мәліметтер базасының обьектілері
Деректер базасы
«Кітапхана бөлімінің Мәліметтер Базасын құру(ұйымдастыру)»
Мәліметтер базасының теориясы
Деректер базасын басқару жүйесінің теориясы
Деректер базасына сұраныс құру
Деректер қорын үйлестіру
«Есік-терезе» құрылыс дүкені деректер қорын құру
Пәндер