Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің қалыптасуы мен дамуы


КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I ҚАЗАҚСТАНДА БАНКІЛІК ЖҮЙЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ
ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.1 Банктік жүйе және оның мәнi мен қызметтерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1.2 1991 жылға дейінгі банк жүйелерінің дамуы мен
кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

1.3. Екі деңгейлі банк жүйесін құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13



II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСI ... ... ... ... ...16


2.1 Қ.Р.да банктiк жүйенiң қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

2.2 Ұлттық банк . Қазақстан Республикасының Орталық банкі ... ... ... ...21

2.3 Коммерциялық банктер . банк жүйесінің екінші деңгейлі
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24




ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Банктiк жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорлары шоғырландырылған: мемлекеттiк шаруашылық буындардың қаражаттары, халықтың жинақ ақшалары, т.б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуынабелсендi қатысады, яғни оларды пайдалану бойынша бақылау жүргiзедi, ақша айналымын реттейдi және сол арқылы ұдайы өндiрiстiк үрдiске әсер етедi. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуiмен банктердiң алдында жаңа мүмкiндiктер ашылуда. Меншiктi жекешелендiру мен мемлекетсiздендiру нәтижесiнде жеке меншiк , меншiктiң ұжымдық және акционерлiк түрлерi , кооперативтiк қозғалыс кең етек алуда, меншiктiң аралас түрi негiзiнде кәсiпорындар құрылуда. Қоғамда белгiлi-бiр класқа ие комерсанттар , кәсiпкерлер пайда болуда. Нарықтық қатынастардың дамуы бойынша экономикада , қоғамда банктердiң ролi күшеюде. Олардың жұмысында әмiршiл - әкiмшiл әдiстердiң орнын – экономикалық әдiстер алмастырды. Сөйтiп экономикаға банктiк ықпал етудiң құндық құрылымдарының мағынасы арта түстi.
Қазақстан Республикасының қазiргi банк жүйесiнiң құрылуы 1990 жылдың желтоқсанында ҚазКСР – нiң Жоғары Кеңесi қабылдаған “Банктер және банк қызметi туралы” Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екi деңгейлi банк жүйесi құрылды: жоғары (бiрiншi) деңгейдегi банк – ҚазКСР-нiң Мемлекеттiк банкi және төменгi (екiншi) деңгейдегi банк – коммерциялық банктер жүйесi.
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей экономикада нарықтық қатынастар өз-өзiн реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу саясаттарына ақша-несие және бюджеттi-салық саясаты, валюталық саясаттар жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi атқарып отырады.
Елiмiздiң өз егемендiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанымен , оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша – несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясат жатады.
Экономиканы ақша-неиселi реттеудi қаржы саласының басты секторы банк жүйесi iске асырады. Банк жүйесi қазiргi заманғы экономикада екi деңгейлi болып келедi, яғни мемлекеттiң эмиссия саясатын iске асырушы Орталық банк (бiздiң елде Ұлттық банк) және екiншi деңгейдегi банктер.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттiң алтын резервтерiн сақтайды, коммерциялық бактердiң мiндеттi резервтерi банктер арасындағы шот айыру ретiнде пайдаланылады. Орталық банк ақша-несие саясаты құралдары арқылы ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады.
1. Н.Ә. Назарбаев., “Қазақстан, – 2030” ұзақ мерзiмдi даму стратегиясы. Алматы, Жетi Жарғы, - 1997ж.
2. “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы” ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, 1995 жылғы 30 наурыздағы, №2155;
3. “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы” ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, 1995 ж. 31 тамыздағы №2444;
4. «Деньги, кредит, банки» Учебник Под. Ред. О.И Ловрушина, Изд.
2-е, - Москва: 1999г.
5. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-шi басылым, - Алматы: ИздатМаркет, 2004. – 272 б.
6. Баян Көшенова , Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
7. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы : Экономика, 2001, - 466 б.
8. Банки Казахстана, 2003 г. №12; “Банковскаы система Казахстана – крупнейший институтциональный инвестор национального фондового рынка” // Донцов С.
9. Банки Казахстана, 2004 г. №1; “О некоторых аспектах развития филиальных сетей коммерцеских банков” // Кил А. Б.
10. Вестник КазНУ, экономическая серия, 2001 г. №4; “Проблемы стабильности банковской системы РК” // А. А. Ильясов.
11. Мырзабеков Ш. Қазақстанның банк жүйесi ТМД көлемiнде бiрiншi орында: “Центркредит” банкiнiң директорымен сұхбат // Дала мен қала. – 2004.-1 қазан (№39).-13 бет.
12. Сайденов А. Г. «О перспективах развития денежно-кредитной политики и других направлениях деятельности Национального Банка» // Банки Қазахстана, №10, - 2005 г. 2-4 стр.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Көлемі: 31 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 700 теңге




МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .3

I ҚАЗАҚСТАНДА БАНКІЛІК ЖҮЙЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ

ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .5

1. Банктік жүйе және оның мәнi мен қызметтерi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

2. 1991 жылға дейінгі банк жүйелерінің дамуы мен
кезеңдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 11

3. Екі деңгейлі банк жүйесін
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .13

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСI ... ... ... ... ...16

2.1 Қ.Р-да банктiк жүйенiң қалыптасуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

2.2 Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының Орталық банкі
... ... ... ...21

2.3 Коммерциялық банктер – банк жүйесінің екінші деңгейлі
құрылымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .24

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

КIРIСПЕ

Банктiк жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорлары шоғырландырылған:
мемлекеттiк шаруашылық буындардың қаражаттары, халықтың жинақ ақшалары,
т.б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуынабелсендi қатысады, яғни оларды
пайдалану бойынша бақылау жүргiзедi, ақша айналымын реттейдi және сол
арқылы ұдайы өндiрiстiк үрдiске әсер етедi. Қазақстанның нарықтық
экономикаға көшуiмен банктердiң алдында жаңа мүмкiндiктер ашылуда. Меншiктi
жекешелендiру мен мемлекетсiздендiру нәтижесiнде жеке меншiк , меншiктiң
ұжымдық және акционерлiк түрлерi , кооперативтiк қозғалыс кең етек алуда,
меншiктiң аралас түрi негiзiнде кәсiпорындар құрылуда. Қоғамда белгiлi-бiр
класқа ие комерсанттар , кәсiпкерлер пайда болуда. Нарықтық қатынастардың
дамуы бойынша экономикада , қоғамда банктердiң ролi күшеюде. Олардың
жұмысында әмiршiл - әкiмшiл әдiстердiң орнын – экономикалық әдiстер
алмастырды. Сөйтiп экономикаға банктiк ықпал етудiң құндық құрылымдарының
мағынасы арта түстi.
Қазақстан Республикасының қазiргi банк жүйесiнiң құрылуы 1990 жылдың
желтоқсанында ҚазКСР – нiң Жоғары Кеңесi қабылдаған “Банктер және банк
қызметi туралы” Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екi
деңгейлi банк жүйесi құрылды: жоғары (бiрiншi) деңгейдегi банк – ҚазКСР-
нiң Мемлекеттiк банкi және төменгi (екiншi) деңгейдегi банк – коммерциялық
банктер жүйесi.
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей экономикада нарықтық қатынастар өз-
өзiн реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар
жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу
саясаттарына ақша-несие және бюджеттi-салық саясаты, валюталық саясаттар
жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi
атқарып отырады.
Елiмiздiң өз егемендiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-
күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанымен
, оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет
өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға
мемлекеттiң ақша – несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясат жатады.
Экономиканы ақша-неиселi реттеудi қаржы саласының басты секторы банк
жүйесi iске асырады. Банк жүйесi қазiргi заманғы экономикада екi деңгейлi
болып келедi, яғни мемлекеттiң эмиссия саясатын iске асырушы Орталық банк
(бiздiң елде Ұлттық банк) және екiншi деңгейдегi банктер.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттiң алтын
резервтерiн сақтайды, коммерциялық бактердiң мiндеттi резервтерi банктер
арасындағы шот айыру ретiнде пайдаланылады. Орталық банк ақша-несие
саясаты құралдары арқылы ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады.
Қазiргi таңда нарықтық экономикада банктiк жүйенiң ролi ерекше.
Банктiк жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас
құрылымдарының бiрi. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық
деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болады.
Қазақстан Республикасында екi деңгейлi банктiк жүйе 1990 ж. ҚазКСР-
нiң “Қазақ КСР-дағы банктер және банктiк қызметтер туралы” Заңы бойынша
қалыптасты. Мемлекеттiк банк ҚР-да Ұлттық банкке айналды. Ал қалған банктер
акционерлiк банктерге, Жинақ банкi ҚР-ның халықтық банкi деп аталды.
Осылайша банктiк жүйе елiмiзде қалыптасып, экономиканың тиiмдi қызмет
етуiне ат салысатын басты секторға айналды. Оның әр түрлi саясаттары арқылы
экономиканы өтпелi кезеңнен алып шығып, экономикалық өсуге бет алдық.
Қазiр елiмiзде банк жүйесi егемендiң алғаннан берi жүргiзiлiп келе
жатқан нарықтық инфрақұрылым iшiнде ең тиiмдi қалыптасқан жүйе болып
отырғаны белгiлi. Ал бiз осымен тоқтатпай банктiк жүйенi одан әрi
дамытуымыз керек. Ол үшiн банктiк жүйе қызметтерi туралы мамандық
деңгейiмiз жоғары болуы керек.
Мiне, сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Банк жүйесінің
қалыптасуы мен дамуы” деп алдым.
Бұл тақырыпты орындаудағы алдыма қойған негізгі мақсатым және
міндеттеріме:
• Банктік жүйесінің несие жүйесінің маңызды буыны ретінде қарастыру;
• Банктік жүйенің дамуы мен қалыптасу ерекшеліктерін, банктік жүйенің
даму тарихының кезеңдерін ашып өту болып табылады;
• Қазақстандағы банктік жүенің 1991 жылдан бергі ұлттық жүйе ретінде
пайда бола бастауы, оның қазіргі таңда дейінгі қалыптасу жағдайын
сипаттау.
• Банк жүйесінің негізгі элементтері болып табылатын Орталық банктер мен
коммерциялық банктерінің экономикада атқаратын қызметтері мен
опперацияларын талдау.

I ҚАЗАҚСТАНДА БАНКІЛІК ЖҮЙЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ ДАМУЫ

1.1 Банктік жүйе және оның мәнi мен қызметтерi

Банктiк жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас
құрылымдарының бiрi. Несие жүйесінің негізгі буыны – банктік жүйе болып
табылады. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым
көпшілігі банктер арқылы өтеді.
Банктердiң және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи
тұрғыдан қатарлас жүрдi және де олар бiр бiрiмен өзара тығыз байланысты.
Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей
байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндiрiс үрдiсiне қатысушылардың
экономикалық мүдделерiн қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер
қаржылық делдал ретiнде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық
жинақтарын және шаруашылық қызметтiң үрдiсiнде босаған басқа да бос ақша
қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына бередi,
ақшалай есеп айырысу жүргiзедi және экономика үшiн басқа да көптеген
қызмет көрсетедi, соның арқасында өндiрiстiң тиiмдiлiгi мен қоғамдық
өнiмнiң айналысына тiкелей ықпал етедi. (1-сызба). (4), 169 б.
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық ,
ауданаралық үлестiру механизмiн қамтамасыз ету арқылы маңызды халық
шаруашылығы қызметiн атқарады.
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады.
Өз қызметiнiң үрдiсiнде, олар ақша нарығында тауар болатын , жаңа
талаптар мен мiндеттемелердi жасады. Клиенттердiң салымдарын қабылдау
арқылы банк депозит деген жаңа мiндеттеме жасаса , ал қарызды беру арқылы
қарыз алушыға жаңа талап қояды. Осы жаңа мiндеттемелер мен талаптарды
жасау үрдiсi қаржылық делдалдықтың негiзiн құрайды. Несие берушi қарыз
алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметiнiң қозғалысы орын
ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.
Әр түрлi көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша
қаражаттарының “тобын” құрайды және оларды жұмыс iстеп тұратын капиталға
айналдырып, әр түрлi шарттарға несиеге деген талаптарды қанағаттандыра
алады. Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық-несиелiк қызмет
көрсетуiн ұйымдастыру және несиелiк жүйенiң қызмет етуi шаруашылық
құрылымдардың дамуында маңызды мәнге ие.
Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналыды және барлық
қаржылық капитал арқылы нақты экономиканы басқарады. Олар тек делдалдық
қызметтен шығып , ұдайы өндiрiстiң барлық фазасының аясына ғана кiредi.
Банктер шаруашылық өмiрдiң орталығы, барлық экономиканың негiзгi түйiнi
болып табылады.
Банктiк жүйенiң мақсаты мен мiндеттерi негiзiнен экономиканы жалпы
басқарудың мақсаттары және мiндеттерiмен бiрдей, әйтсе де банктер
басқарудың кiшiгiрiм жүйелерi ретiнде экономиканы басқарудың жалпы
мақсатына жетудi қамтамасыз ететiн, өзiне тән жеке мiндеттерiн орындайды.
Экономиканы басқару органы ретiндегi негiзiнен басқарудың экономикалық
қатынастарын көрсетедi, ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен
мүдде ретiнде көрiнiс алады, ал экономикалық мүдде өндiрiстiң мақсаты, яғни
оны қозғаушы фактор болып табылатын әдiстемелердi пайдаланады. Мүдденi
осылай деп түсiнуден келесi туындайды, яғни оларға қажеттiлiктердi
қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты.
Банктер басқарудың экономикалық әдiстерi мәселен, несиелеу арқылы,
экономикалық әр түрлi буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттiлiктерiн әр
түрлi несиелер мен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың
үздiксiз қызмет қызмет етуiндегi қажеттiлiгiн қанағаттандырады, қоғамдық
өнiмнiң тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етедi.
Банктер есеп айырысу операцияларын жүргiзудiң тәртiбiн бұзғаны үшiн
айыппұл, төлем төлеу күнiн созғаны үшiн өсiм, несиенi өз уақытында
қайтармағаны үшiн жоғары пайыздарды алуымен өзiнiң мүддесiн ғана емес,
сонымен қатар, бұл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесiн
қорғайды.
Банктер өз қызметтерiн орындау кезiнде функционалдық (экономикалық),
салалық (министерстволар, компания, фирмалар) және аумақтарды (жергiлiктi
орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс iстейдi.
Банктерде басқарудың басқа органдарындағы жоқ ағымдағы ақпараттар
болады. Ең алдымен ол қызмет көрсетiлген клиенттерiнiң негiзгi қызметi
туралы ақпарат болып табылады. Шотта еңбекақы беру, жабдықтаушыларға төлем
жасау, банктiк несиелердi қайтару үшiн қаражаттың болмауы тек объективтi
ғана емес, сонымен бiрге, осы шарт иесiнiң жұмысының нашар екендiгiнiң
күнделiктi оперативтi көрсеткiшi болып табылады. Банктiң мәлiметтерi
бухалтерлiк есептi құруды күтпей-ақ кәсiпорын қызметтерiнiң көптеген
маңызды факторлары туралы, әрi олардың нәтижелерiн алдын-ала көруге
мүмкiндiк бередi.
Қандай жүйе болмасын оның өзiнiң формалары мен қызметтерi болатыны
анық . Жалпы банктiң атқаратын қызметтерiн төмендегiдей қарапайым жiктеуге
болады:
• Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына
айналдыру;
• Кәсiпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен
операциялар жүргiзу;
• Ақша айналымын реттеу. Банк - әр түрлi шаруашылық субъектiлерiнiң төлем
айналымы жүретiн орталық. Банк өзiнiң есеп айырысу жүйесi арқылы
клиенттерiне айырбас, ақша айналымын жүргiзуге мүмкiндiк туғызады;
• Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентiне тек жинаған уақытша
бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиттiк чектердi ,
вексельдердi шығарумен де несиелейдi;
• Экономикалық және қаржылық ақпарат берiп отыру ;
• Орындайтын айрықша қызметтерiне байланысты банктер: эмиссиялық және
эмиссиялық емес болып екiге бөлiнедi.
Эмиссиялық банк – ол айналысқа ақша белгiлерiн эмиссиялауға (шығаруға)
құқы бар, әдетте Орталық банк деп аталады. Бiздiң елде ол – Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкi деп аталады. Мемлекеттiң Орталық банкiнiң
негiзгi мақсаты – айналысқа ақша бiрлiгiн шығару, қалған банктерге ерекше
тауар – ақша белгiсiн сату және банк жүйесiнiң несие есеп, эмиссиялық
жұмысын басқару болып табылады.
Мемлекеттегi басқа банктердiң барлығының да ақша белгiлерiн шығаруға
құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық,
инновациялық, ипотекалық және т.с.с. банктер. Коммерциялық банктер
клиенттерге көрсететiн қызмет түрлерiн үнемi ұлғайтып тұратын әмбебап
үлгiдегi банк. Ал басқа банктер бiр-екi қызмет түрiне маманданған банктер.
Ендi ұлттық банктiк жүйенi былай жiктеуге болады (сызба 1 ). Бұл
сызбадан банк жүйесiнiң формаларын айқын көруге болады.
Инвестициялық және инновациялық банктердiң екi түрi де ұзақ уақытқа
ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және
басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейiн ұзақ мерзiмге
қарызға бередi. Инвестициялық банктер кәсiркерлерге қарыз берсе, ал
инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеудi және оны игерудi
несиелейдi.
Ипотекалық банктер – жердi және жылжымайтын мүлiктердi кепiлдiкке
алып, ұзақ мерзiмге несиеге бередi. Олар ипотекалық облигация, акция және
басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинайды.

Сурет-1 – Банк жүйесiнiң негізгі формалары

Бағанадан бергi банктiк жүйеде басты банк деп айтып жүрген Орталық
банктiң қызметтерiне тоқталсақ. Кез-келген орталық банктiң мiндетi – ұлттың
ақша өлшемiнiң төлем қабiлеттiлiгi мен валюталық курсының тұрлаулылығын
қамтамасыз ету. Осы мiндеттердi атқару үшiн орталық банк негiзiнен мынадай
қызметтердi орындайды:
• Банкноталарды монополиялы түрде эмиссиялау;
• Ақша – несиелiк қатынастарды реттеу;
• Сыртқы экономикалық қатынастарды жүргiзу;
• Банктердiң банкiсi болу және үкiмет банкi қызметi,
Орталық банктiң ең алғашқы қызметi – ежелден қалыптасқан мемлекеттiң
өкiлi ретiнде заңды түрде – банкнота шығару. Ол – елде төлем
мiндеттемелерiн өтейтiн , халық қабылдаған жалпы ұлттық төлем құралы.
Кейбiр мемлекеттерде орталық банк монополиялы түрде монеталар шығарады. Көп
елдерде монетаны қаржы министрлiгi соғып, орталық банк оларды номиналымен
сатып алады. Сөйтiп , орталық банк сатып алған монеталарды өзi өзi шығарған
банкноталармен қосып айналымға түсiредi.
Орталық банктiң эмиссиялық монополиясы оны банк жүйесiнiң эмиссиялы-
кассалық орталығына айналдырды. Себебi орталық банктiң мiндеттемелерi кез-
келген коммерциялық банктiң кассалық қоры болып табылады. Өйткенi орталық
банктiң басты клиентi – коммерциялық банктер, ал олар орталық банк пен
экономика салалары арасында делдал ретiнде қызмет атқарады.
Орталық банктiң ақша несиелiк реттеу қызметi. Экономиканы ақша және
несие айналымына әсер ету жолымен реттеу – мемлекеттiң экономикалық
саясатынығ құрамдас элементi. Оның негiзгi мақсаты экономикалық өсудiң
тұрақтылығы, инфляция мен жұмыссыздықтың төменгi деңгейiне және төлем
балансының тепе-теңдiгiне қол жеткiзу болып табылады.
Орталық банктiң сыртқы экономикалық қызметi – ол орталық банктiң
мемлекеттiң валюталық саясатын жүргiзетiн және валюталық бақылау органы
болуы. Ол – ұлттық валютаның айырбастау курсын анықтау және оны реттеу;
елдiң ресми алтын валюта резервiнбасқару жөнiде операциялар жүргiзу;
халықаралық есеп айырысу, төлем балансын реттеу; елдегi және одан тыс
жерлердегi валюталық құндылықтардың қозғалысын қадағалау; болжамдарды
жасауға қатысу және төлем балансын құрастыруды ұйымдастыру жұмыстарын
жүргiзу. Орталық банк дүниежүзiлiк қарыз капиталы нарығы мен алтын
нарығына қатысу үшiн халықаралық келiсiмдердi дайындауға, сонымен бiрге,
халықаралық және аймақтық валюта-несие ұйымдарында өз еленiң өкiлi болып
қатысады.
Орталық банктiң банктердiң банкiсi қызметi – ол орталық банктiң
кәсiпорындарға және халыққа тура қызметкөрсетпеуi, яғни орталық банктiң
негiзгi клиентi коммерциялық банктер болуы. Бұл оның коммерциялық
банктерден айырмашылығы. Орталық банк коммерциялық банктердiң кассалық
қорларын жинақтау және сақтау қызметiн атқарады. Бұл қорлар банктiк
мiндеттiрезерв қорлары деп аталады. Орталық банк банктердiң депозиттерi
бойынша мiндеттемелерiнiң ең аз резервтерiне арақатынасын, яғни мiндеттi
резервтердiң нормасын бекiтедi.
Коммерциялық банктердiң кассалық резервтерiн сақтауға қабылдаумен қатар
орталық банк оларға несиелiк көмек көрсетедi. Оның несие үшiн проценттiк
төлем мөлшерi нарықтық мөлшерден анағұрлым жоғары болады, сондықтан орталық
банктiң несиесiн басқа несие алу мүмкiндiгi болмаған ақырғы жағдайда ғана
алады.
Орталық банк банктердiң банкiсi ретiнде елдiң төлем жүйесiнiң басты
реттеушi органы қызметiн атқарады. Ол банкаралық есеп айырысуды
ұйымдастыру, есептесу жүйесiн реттеу және үйлестiру жұмыстарын жүргiзiп ,
банк жүйесiнiң есеп есеп айырысу орталығы болып табылады.
Орталық банктер қадағалау мен бақылауды негiзiнен мынадай бағытта
жүргiзедi:
• Банктiк қызмет түрлерiне лицензия беру;
• Кейбiр операция түрлерiн жүргiзуге,
• Банктер берген қаржылық есептi тексеру және талдау;
• Клиенттердi ревизиялау (тексеру);
• Мiндеттi резервтердiң нормативтi және экономикалық нормативтердiң жүйесiн
белгiлеу, сонымен бiрге олардың орындалуын тексеру.
Орталық банктiң үкiмет банкiсi қызметi. Үкiметтiң банкирi ретiнде орталық
банк оның әрi кассирi, әрi несие берушiсi, әрi қаржылық кеңесшiсi. Орталық
банкте үкiмет мен мемлекеттiк органдардың есепшоттары ашылған. Орталық банк
мемлекеттi несиелеумен, мемлекеттiк заемдарды орналастыру және оларды өтеу
мәселелерi бойынша, нарықтық жағдайларға байланысты мемлекеттiк бағалы
қағаздарды және оның табысты уақытын таңдау жөнiнде кеңес берумен,
мемлекеттiк борышты басқарумен шұғылданады.
Қорыта айтқанда, орталық банктiң атқаратын қызметтерi бiрiмен-бiрi
тығыз байланысты.
Мемлекеттiң несие жүйесiнде коммерциялық банктердiң алатын орны өте зор.
Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлi саласында жан–жақты iс-әрекет етедi.
Коммерциялық банктер несие ресурстарының негiзгi бөлiгiн шоғырландырып, өз
клиенттерiне нсие беру, депозит қабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды,
шетел валютасын сатып алу – сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген
қаржылық қызмет көрсетедi.
Коммерциялық банктер – нарықтық экономикада несие жүйесiнiң негiзгi
буыны. Олардың мiндетi ақша айналымы мен капитал айналымының үздiксiз
қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсiп мекемелерiн, мемлекет пен халықты
несиелеу, халық шаруащылығына қор жинау үшiн жағдай жасау болып табылады.
Қазiргi коммерциялық банктер қаржы делдалы ретiнде ақша капиталын
салааралық және аймақаралық қайта бөлудi қамтамасыз етiп, маңызды халық
шаруашылық қызмет атқарады. Ендi коммерциялық банктер туралы кеңiрек танысу
үшiн олардың қызметтерiн айтып өтейiк:
Ақша қаражатын шоғырландыру және тарту қызметi – банктердiң ежелден
атқаратын қызметтерiнiң бiрi. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос
ақшасын банкке тарту, бiр жағынан, олардың иесiне процент түрiнде табыс
түсiрсе, ал екiншi жағынан банктiң несие операцияларын жүргiзуiне негiз
қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлi экономикалық және әлеуметтiк
қажеттiлiктерге жұмсалуы мүмкiн.
Коммерциялық банктердiң атқаратын келесi қызметi - несие беруде делдал
болу. Бос ақша қаражат иесi мен қарыз алушының арасында тiкелей несие
қатынастарының туындауына кедергi болатын жәйттер: ұсынылатын капитал
көлемiнiң қарызға қажеттi көлемге сай келмеуi, капиталдың айналыстан босау
мерзiмiнiң қарыздарға қажет мерзiммен сай келмеуi. Коммерциялық банктер
қарыз берушi мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдалы ретiнде осы
кедергiлердi жояды. Банктiк несие экономиканың әр түрлi секторларына
берiлiп , өндiрiстiң кеiеюiн қамтамасыз етедi.
Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесiнсiз тұрақты
экономика болуы мүмкiн емес. Сондықтан банктiң келесi қызметi
шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргiзудiң ролi зор.
Кәсiпорындар арасындағы есеп айырысудың негiзгi бөлiгi қолма-қол ақшасыз
жүредi. Банктер делдал ретiнде клиенттердiң тапсырысы бойынша шотқа ақша
қабылдап, ақшаның түсуiн және берiлуiн есептейдi.
Коммерциялық банктердiң ерекше қызметi құралдарын шығару арқылы
айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту
немес азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттiк және несиелiк
қызметтерiне тiкелей байланысты. Депозит екi түрлi жолмен: клиенттiң банкке
ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктiң несие беруi арқылы жүргiзiледi.

Коммерциялық банктер акция және облигация түрiндегi бағалы қағаздарды
шығарып және орналастыру эмиссиялық – құрылтайшылық қызмет атқарады.
Банктердiң жинақтарды өндiрiстiк мақсатқа жұмсайтын мүмкiндiгi бар. Сөйтiп
бағалы қағаздар нарығы несие жүйесiн толықтырып, әрi онымен тығыз
байланыста жұмыс iстейдi. Ұзақ мерзiмдi инвестиция тарту мақсатында
кәсiпорындар акция және облигациялар шығарады.
Банктер сенiмхат бойынша клиенттердiң мүлкiн басұару қызметiн де
атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметтi атқаруға құқығынан айрылғандардың
мүлкiн уақытша басқару; iзбасарларының мүддесi үшiн өлген адамның мүлкiн
басқару; пайда табу мақсатымен капиталды басқару және т.б. қызметтер
көрсету болып табылады. Ал компанияларға көрсететiн қызметтерi : банктiң
облигациялар бойынша кепiлшi болуы; нарыққа шығарылған акцияларды және
трансферттердi тiркеу үшiн өкiл болуы; корпорацияның зейнетақы қорының
қаржысын басқарушы болуы және т.б. қызметтер атқарады.
Экономикалық мағлұматтарды өзiне жинақтауы банктердiң клиенттерiне кеңес
беру қызметiне мүмкiндiк туғызады. Банктер төмендегiдей кеңес бередi: шот
ашу ; есеп-несиелiк және кассалық қызметкөрсетуден бастап, ақша және тауар
нарықтарында операциялар жүргiзуге дейiн нұсқау бередi.

1.2 1991 жылға дейінгі банк жүйелерінің дамуы мен кезеңдері

Кеңес үкіметі тұсында Қазақстан одақтас республикалардың бірі
болғандықтан оның дербес банк-несие жүйесі болған жоқ. Қазақстан
территориясында КСРО-ның орталықтанған банк-несие жүйесінің филиалдары мен
бөлімшелері қызмет етті. Сондықтан Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы
мен дамуы қазан төңкерісіне дейінгі патшалық Ресейдің және КСРО-ның банк
жүйесінің тарихымен тығыз байланысты.
Ресейдің банк жүйесі батыс елдердің банк жүйесіне қарағанда әлдеқайда
кеш қалыптаса бастап, өз даму жолында бірнеше кезеңдерден өтті. Алғашқы
банктер XVIII ғасырдың екінші жартысында мемлекеттік банк түрінде пайда
болды, XIX ғасырларда Ресейдің банк жүйесі негізінен келесідей банк-
мекемелерден құрылды:
• Мемлекеттік банк (1860 жылы);
• Қоғамдық қалалық (252 банк) және жер банктері;
• Көп буынды жеке банктер: акционерлік банктер, өзара несиелейтін
қоғамдар және несие-жинақтау серіктестіктерін.
1917 жылы қазан төңкерісінен кейін банк ісін ұйымдастыруды мемлекет
монополиялы түрде өз қолына алып, нәтижесінде жеке коммерциялық банктер мен
басқа несие мекемелері Мемлекеттік банкпен біріктірілді.
1927 жылы КСРО орталық атқару комитеті халық комиссарияты Кеңесінің
Несие жүйесін құру принциптері туралы қаулысына сәйкес бүкіл банк жүйесін
тікелей басқару Мемлекеттік банкке тапсырылды. Осы уақыттан бастап
банктердің пайыз белгілеудегі саясаттарын жүргізуге құқықтары жойылды.
1930-1932 жылдардағы жүргізілген несие реформасы елдегі банк
жүйесінің дамуындағы жаңа кезеңнің басталуы еді. 1929 жылы қабылданған
халық шаруашылығын өркендетудің бірніші бесжылдық жоспарлары бойынша елді
индустрияландыру және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру мемлекеттік бірыңғай
жоспар бойынша орталықтан қаржыландырылуы қажет еді. Ол үшін ақша қаражатын
қаржы-несие жүйесіне жинақтап, одаң соң жоспарлы түрде шаруашылық
салаларына бөліп беру керек.
Сонымен 1930-1932 жылдардағы жүргізілген несие реформасынның
қорытындысында жоспарлы социалистік экономикаға сәйкес үйлестіру типіндегі
несие-банк жүйесі құрылып, Мемлекеттік банк өндіріс пентауар айналымының
есептейтін және бақылайтын бірыңғай аппаратқа айналады. Сол кездерден
бастап коммерциялық банктердің ролі төмендеп, кейін елде тек мемлекеттік
банк және күрделі қаржымен қамтамасыз ететін маманданған банктер жүйесі
құрылды.
Елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуін жеделдету және ақша-несие
қатынастарының маңызын арттыру мақсатында 1988 жылы 1 қаңтардан бастап банк
жүйесін қайта құру туралы Қаулы қабылданды. Осы реформаның алғашқы кезінде
елдегі Мемлекеттік банк пен құрылыс банкінің негізінде мемлекеттік банкпен
қатар 5 салалық мемлекеттік маманданған банктер құрыла бастады. Оларға:
• Мемлекеттік банк – банктердің банкісі ретінде елдің ақша айналымының
тиімділігін ұйымдастыру;
• Өнеркәсіп құрылыс банкі - өнеркәсіп салаларын несиелеу болды;
• Аграрлы-өнеркәсіп банкі, яғни агро-өнеркәсіптік кешендерді дамыту;
• Тұрғын және әлеуметтік банкі;
• Жинақ банкі;
• Сыртық экономикалық банкі.
Осы аталған жаңадан құрылған банк жүйесі бұрынғыдан да көлемді, әрі
ыңғайсыз, көп сатылы, көп шығында және үлкен бюррократ аппараты бар жүйе
болды.
Банк жүйесін қайта құрудан кейін маманданған банктер арасында әр
түрлі қайшылықтар туындады. Сонымекн қатар жаңа банк жүйесі клиенттер мен
банктер арасындағы қарым-қатынастарға да кері әсерін тигізеді. Мысалы,
реформаға дейін банк бөлімшесінде клиентредің бәріне бірдей қызмет
көрсетілсе, ал реформадан кейін қызмет көрсететін банктің мамандануына
қарай клиент біздікі немесе басқанікі болып бөлінеді. Банк реформасының
бірінші кезеңіндегі сәтсіздіктің ең негізгі себебі – оның жоғарыдан
берілген нұсқау әдісімен жүргізілуі және оған айтарлықтай дайындықтың
болмауы, қажетті алғы шалалардың жүргізілмегендігі.
Банк реформасының келесі кезеңі осы қателіктер мен кемшіліктерді
жоюға арналған. 1988 жылы Кооперациялар (серіктестіктер) туралы Заң
қабылданып, соған сай қаражат тарту және несиелеу қызметтерімен
шұғылданатын кооперативтік банктер пайда бола бастады. Банктік
кооперативтер ашуға жасалған қолайлы жағдайлар өз алдына банктік шу
туғызып, көптеген банктердің пайда болу толқынына әкеліп соқтырды. Оған
келесідей статистикалық көрсеткіштер арқылы мысал келтіруге болады: 1989
жылы 1 қаңтарында елде 43 коммерциялық банк тіркелсе, бір жылдан кейін –
224, ал 1991 жылдың аяғында олардың саны 1357-ге жеткен. Бірақ бұлардың
ішінде жасанды немесе алдамшы түрде құрылған бір күндік банктер ғана
болды.
Банк жүйесін бірсыпыра реттеген 1990 жылдың аяқ шенінде одақтық екі
заң – Мемлекеттік банк туралы Заң және Банктер және банк қызметі туралы
Заң бекітілді. Заңдарда банк ашу жағдайы, оларды бақылау әдістері
белгіленді. Осы Заңдарға сай бұрынғы маманданған банктер акцияландыру
негізінде коммерциялық банктерге айнала бастады.

1.3. Екі деңгейлі банк жүйесін құру

Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 ж.
желтоқсанда ҚазКСР-ның Жоғарғы кеңесі қабылдаған “Банктер және банк қызметі
турал” Заңына бастау алады. Заңға сәйкес республикада екі деңгейлі банк
жүйесі құрылды: жоғары (бірінші) деңгейдегі банк - ҚазКСР-ның Мемлекеттік
банк және төменгі (екінші) деңгейдегі банк – коммерциялық банктер жүйесі.
Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі
қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын
тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме Қазақ
Кеңес Социалистік Республикасының территориясында жинақталған несие
ресурстары осы Заң шыққан күннен бастап Республика меншігі болып саналады.
Мемлекеттік банк республикасының меншігі және оның Орталық банкі болып
саналады. Қазақстан территориясында біртектес ақшаны пайдалану және
біртектес ақша саясатын жүргізу мәселелері Одақтық шартта көрсетілген. Оның
айналымға монополиялы құқықпен ақша белгілерін эмиссиялауға, ақша-несие
қатынастарын реттеуге, мемлекеттік бюджеттің кассалық жұмысын жүргізуге,
республика территориясында коммерциялық банктер ашуға рұқсат беретін құқығы
бар.
Мемлекеттік банк осы Заң бойынша қызмет атқарып, ҚазКСР-ның Жоғары
кеңесіне есеп береді, жер-жерлерде өз мекемелерін ашуға құқығы бар.
Мемлекеттік банктің басқару органы – оның Басқармасы. Басқарманың төрағасын
Республиканың Жоғары кеңесі 6 жыл мерзімге бекітеді. Банктің құрылымы мен
міндеттері оның Жарғысында белгіленеді.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың, кооперативтер мен азаматтардың несие-
есеп жұмыстарын жүргізу үшін республика территориясында коммерциялық
банктер мен басқа несие мекемелері ұйымдастырылады. Коммерциялық банктер өз
жұмысында осы Заңды және Қазақстан Мемлекеттік банкісінің нұсқаулары мен
ережелерін басшылыққа алады. Клиенттерімен шарттасып қызмет көрсетеді.
Коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері мемлекеттік, ұжымдық, жеке
және аралас (шетел капиталы қосылған) меншікте болуы мүмкін. Қазақстан
Заңдарына сай Мемлекеттік банк деп (Орталық - Ұлттық банктен басқа) капитал
толығынан үкімет иелігінде, немесе акционерлік капиталдың басым бөлігі
мемлекеттік құрылтайшылардың (мысалы, мемлекеттік кәсіпорындар мен
ұйымдардың) акциясы болған есептеледі.
Коммерциялық банктер өздерінің акционерлер жиналысында қабылданған
Жарғысы бойынша қызмет істейді. Сонымен бірге республика территориясында
шетел мекемелерімен бірігіп құрылған коммерциялық банктер қызмет істеуі
мүмкін. Егер банктің жарғылық капиталын қалыптастырғанда өзіміздің
мемлекеттік емес құрылым, немесе шетел мемлекеттік, ия болмаса мемлекеттік
емес құрылымдары қатынасса, онда аралас банктің түрлері деп есептеледі.
Аралас банктер мынадай варианттарда құрылуы мүмкін: мемлекеттік-жеке,
мемлекттік-кооперативтік, жеке-кооперативтік. Қосылып құрылған банктермен
олардың филиалдарының қызметі Қазақстан заңдармен реттеледі делінген Заңда.
Сөйтіп тәуелсіз Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы
мен даму жолдарын 1-кестеде өрнектелгендей шартты түрде бірнеше кезеңдерге
бөлуге болады.
Бірінші кезең, 1917ж. мен 1930ж. аралығы – патшалық ресейден қалған
банк жүйесін жаңадан қалыптастыру, бұл кезде әр түрлі меншіктегі банктер
мен несие мекемелері қатар қызмет істейді.
Екінші кезең, 1930 ж. мен 1987 ж. аралығы – елде КСРО Мемлекеттік
банкі әмбебап қызмет атқарды, яғни ол мемлекеттік Орталық банкі ретінде
эмиссиялау және несие беру қызметі мен қоса клиенттерге де қызмет көрсетті.
Үшінші кезең, 1988-1991 жж. аралығы – елде мемлекеттік маманданған
банктердің құрылуы, яғни КСРО Мемлекеттік банкі “банктердің банкісі”
ретінде эмиссиялық, ереже, нұсқау және т.б. нормативтік актілер
шығарушылық, бақылау және басқа қызметтермен шұғылданып, ал маманданған
банктер экономиканың әртүрлі салаларына қызмет көрсетті. Сонымен бірге 1990
ж. басында кооперативтік және коммерциялық банктер де құрыла бастады.
Төртінші кезең, 1991 жылдан қазіргі уақытқа дейін – нарықтық банк
жүйесінің қалыптасу кезеңі, яғни тәуелсі республиканың нарықтық
қатынастарға өту жағдайында екі деңгейлі банк жүйесінің пайда болуы және
дамуы.
Қазіргі уақытта экономикасы нарықтық типпен дамыған мемлекеттерді
барлығында дерлік екі деңгейлі банк жүйесі құрылып, белсенді түрде одан әрі
өрістеуде. Оның бірінші деңгейінде эмиссиялық, қадағалау, нұсқау ереже
шығару, рұқсат ету және сол сияқты басқа қызметтермен шұғылданатын, ал
екінші деңгейінде клиенттерге қызмет көрсететін коммерциялық банктер
орналасқан. Бұл елдердің тәжірбиесі дәлелдегеніндей олардың банк жүйесі
ақша айналымын ұйымдастыратын орталық банкпен, ал кәсіпорындарды, ұйымдарды
және халықты несиелейтін коммерциялық банктерден құрылған.
Банктерді эмиссиялық және іскерлік (коммерциялық) деп бөлу Қазақстан
мемлекетінің жаңа экономикалық механизмін құруға септігін тигізуде.

1-кесте
Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері.

1930 жылға 1930-1987 жж. 1988-1990 жж. 1991 жылдан
дейінгі банк (Одақтық бір (Одақтық бастап (дербес
жүйесі деңгейлі банк бірдеңгейлі екі деңгейлі банк
жүйесі). маманданған жүйесі).
банктер жүйесі).
Ресей Мемлекеттік1. КСРО Мембанкі 1. Банк жүйесін 1. Егемен
банкі және (оның ішінде КСРОқайта Қазақстанда
көптеген Мемлекеттік еңбекұйымдастыру: КСРОөзінің банк
несие-банк жинақ кассалары Мембанкі және жүесінің құрылуы.
мекемелері. жүйесі). Маманданған Екі деңгейлі банк
2. КСРО банктер: КСРО жүйесі - Ұлттық
Мемлекеттік Өнеркәсіп банкі. банк және
Құрылыс банкі. КСРО коммерциялық
3. КСРО Агроөнеркәсіп банктер.
Сыртқы-сауда банкі. КСРО
банкі. Тұрғын
үй-әлеуметтік
банкі. КСРО Жинақ
банкі. КСРО
Сыртқы – эконом
банкі.
2. Жаңадан
кооперативтік
және коммерциялық
банктердің құрыла
бастауы.

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСI

2.1 Қ.Р-да банктiк жүйенiң қалыптасуы

Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 жылы
желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабылдаған Банктер және банк
қызметі туралы Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екі
деңгейлі банк жүйесі құрылды. Ол ҚазКСР-ның Мемлекеттік банкі және екінші
деңгейдегі банктер.
Өз егемендiгiн алғанға дейiн Қазақстан Республикамызда банк жүйесi
болған жоқ. Елде КСРО - ның орталықтанған банк-несие жүйесiнiң филиалдары
мен бөлiмшелерi қызмет көрсеттi. Сондықтанда Қазақстанда банк жүйесiнiң
қалыптасуы мен дамуы қазан төнкерiсiне дейiнгi патшалық Ресейдiң және КСРО
... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы. Екі деңгейлі банк жүйесін құру
Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қалыптасуы
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь