«Айналайын» ұғымының ассоциативтік өрісі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті

Жалпы тіл білімі кафедрасы

Диплом (бітіру) жұмысы

«АЙНАЛАЙЫН» ҰҒЫМЫНЫҢ АССОЦИАТИВТІК ӨРІСІ

Орындаған 4 курс студенті Сисенбаева А.

( қолы, күні)

Ғылыми жетекшісі профессор Г. Б. Мадиева

( қолы, күні)

Норма бақылаушы доцент А. Таусоғарова

( қолы, күні)

Кафедра меңгерушісінің

рұқсатымен қорғауға жіберілді профессор Э. Д. Сулейменова

( қолы, күні)

Алматы, 2009

РЕФЕРАТ

Жұмыстың тақырыбы: «Айналайын» сөзінің ассоциативтік өрісі.

Жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың көлемі: 50 бет

Пайдаланылған әдебиеттер саны: 34

Тірек сөздер: тілдік сана, психолингвистика, ассоциативтік өріс, концепт, когниция.

Зерттеу нысаны: «Айналайын» сөзіне берілген ассоциациялар.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті: «Айналайын» сөзінің ассоциативтік өрісін анықтау.

Тілдегі ассоциациялық құбылыс табиғатын анықтаған зерттеулердің жетістігіне сүйене отырып, «Айналайын» сөзі тудырған ассоциациялардың табиғатын зерттеу, ассоциативті эксперимент нәтижесінің қажеттілігін көрсету.

Жұмыстың мазмұны: Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, нысаны, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, әдістері жайлы мәлімет беріледі. Негізгі бөлім екі тарауды қамтиды. Мұнда отандық лингвистикадағы психолингвистикалық зерттеулер жайлы мәлімет беріледі. Қорытынды бөлімінде жалпы жұмыс барысы жүйеленіп, түйін жасалады.

Жұмыста қолданылған дерек көздері: Ғылыми еңбектер, түсіндірме, лингвистикалық, философиялық сөздіктер.


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1. ОТАНДЫҚ ЛИНГВИСТИКАДАҒЫ ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР . . . 6

1. 1 Тілдік сана мен өріс терминінің сипаттамасы . . . 11

1. 2 Психолингвистикадағы ассоциативтік тәжірибе когнитивтік ұғым ретінде . . . 28

2. «АЙНАЛАЙЫН» СӨЗІНІҢ АССОЦИАЦИЯЛЫҚ ӨРІСІН АНЫҚТАУДАҒЫ ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ . . . 36

2. 1 Экспериментті ұйымдастыру әдісі . . . 43

2. 2 Зерттелген материалдардың сандық қорытындысы . . . 47

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 50

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 52


КІРІСПЕ

Әлеуметтану ғылымы өзіне халықтың әлеуметтік қырын ашуды мақсат тұтады. Осымен негіздес және аттас әлеуметтік лингвистика да әлеуметтік ғылымның тілдік тармағы ретінде кеңінен танымал. Әлеуметтік лингвистика бұл жұмыста бізге халықтың пікірін, ойын білуге байланысты болғандықтан да тиесілі болып отыр. Біз жасаған анкетаның ең алдымен ассоциациялық анкета екенін ескерсек, бұл тұрғыда когнитивтік ғылымы біздің теориялық базамызға айналуы заңды. Ал бұл болса өз кезегінде антропоцентристік парадигмамен тығыз байланысты. Антропоцентристік бағыттың зерттелу ұстанымында объективтік дүниедегі барлық нәрсе адамның өзінен бастау алады. Адамның ақыл-ой, санасы, дүниетанымы, көріп-білген өмір тәжірибесі арқылы жүзеге асырылады. Осы антропоцентристік зерттеу бағытының мүмкіндіктерін жүзеге асыруда когнитивтік теорияның мүмкіндіктері зор.

Когнитив теориясының дамып қалыптасуына логика, философия, психология, мәдениеттану, жасанды интеллект, информатика, әдебиет тарихы, тіл, биология, медицина сияқты ғылымдарды байланыстырып тұрған қолшатыр іспеттес қарастырылып келеді.

Когнитив ғылымының негізін қалаған психолог Джордж Миллер мен тілші Ноем Хоменийдің есімдері де осы саламен байланысты. Жалпы когнитив ғылымы адамзат атаулының әлем бейнесі мен қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың, процестер мен сан-сапалардың, уақыт пен кеңістік факторларының қарым-қатынасын адам санасы мен ақыл-ойында, бір сөзбен айтқанда, дүниетанымында қалай көрініс беретіндігін айқындаумен айналысатын ғылым. Осы ғылымның біздің зерттеуге алған жастармен байланыстылығы таным объектісі санатында аса маңызды.

Жұмыстың мақсаты: Жастардың тілдік санасындағы «Айналайын» сөзінің ассоциативтік өрісін анықтау, оларға тілдік тұрғыда талдау жасау. Алынған реакцияларды анкеталық сұрақтардың жауаптарымен байланыстыру.

Негізгі міндеттері:

  • «Айналайын» сөзінің ассоциативтік қатарын анықтау;
  • Алынған ассоциациялардың ерекшеліктерін анықтау;
  • Алынған реакцияларды қосымша анкеталық сауалдармен байланыстырып, өрістерге түсінік беру.

Жұмыстың әдіс - тәсілдері:

  • Әлеуметтану ғылымының оңтайлы тәсілі сауалнама жүргізу, анкеталау;
  • Ассоциативтік анкета немесе еркін ассоциация тәсілін қолдану;
  • Сұрыптау, жүйелеу, талдау тәсілдері.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Жұмыста қазақ тілді жастардың «Айналайын» сөзіне қатысты ассоциацияларын зерттеу көзделген. Бұл өз кезегінде әлі де қол тимеген тың тақырып. Біз бұл жұмыста жастардың «Айналайын» сөзіне қатысты пікірін білуге мүмкіндік аламыз. Өйткені ассоциация ең алдымен пікірлер жиынтығының сыртқа қалқып шыққан көрінісі.

Жұмыстың өзектілігі: Бізге дейін «Айналайын» сөзіне қатысты мұндай еңбектер болмаған. Біз өз зерттеуімізде сол олқылықтың орнын толтыруды жөн санадық.

Зерттеудің дерек көздері: Зерттеу жұмысының дерек көздері ретінде теориялық тұрғыдан лингвистикалық сөздіктерді, оқулықтарды, монографияларды атауға болады. Жалпы жұмыстың өзі сауалнамалық болғандықтан бұл жерде сауалнаманың жастардан алынған нәтижелері қарастырылады.


1. ОТАНДЫҚ ЛИНГВИСТИКАДАҒЫ ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Тіл білімінде психолингвистика мәселесі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қарастырыла бастады. Ал оның нақты ғылым ретінде қалыптасуы өткен ғасырдың екінші жартысынан бастау алады.

Психолингвистика - психология мен тіл білімінің түйіскен шегінде арнайы ғылыми пән ретінде қалыптасып, қазіргі таңдағы тіл білімінің ең жас салаларының бірі болып отыр. Екі ғылымның одағынан пайда болған тіл білімінің бұл саласын дамытуға әлемнің көрнекті лингвистері Г. Штейнталь, В. Гумбольдт, А. Потебня, И. Сеченев, Ф. Фортунатов, И. А. Бодуэн де Куртенэ, Л. Щерба, Л. Блумфильд, Б. Скинер, Л. Выготский және т. б. ғалымдардың еңбегі мол болды.

Психолингвистика (грек. psyche - жан және lingua - тіл) - сөйлеу механизмдерін (сөзді қабылдау, оның санада тууы) психикалық процестермен байланысты зерттейтін, олардың тіл жүйесіне қатысын қарастыратын комплексті ғылым [1, 55] .

Психолингвистика тілдің психологиялық құбылыстармен байланысын зерттейді. Психологиялық құбылыстар (түйсік, қабылдау, сезім т. б. ) сөйлеу процесіне тікелей қатысады. Адам ауызекі және жазба тіл арқылы қатынас жасағанда белгілі бір ұғымды білдірумен бірге сол ұғымға деген өзінің көзқарасын да қоса аңғартады. Демек, тіл ойды ғана емес, адамның сезімін, жан дүниесін де білдіреді. Психолингвистикаға берілген жоғарыдағы анықтамаға қоса, оның мәнін тереңірек ұғыну мақсатында әлемге аттары әйгілі психолингвистердің анықтамаларына тоқталайық.

«Психолингвистика - это прежде всего определенный ракурс в котором изучается язык, речь, познавательные процессы. Это наука о том, какие психические процессы имеют место, когда мы порождаем речь и воспринимаем речь, т. е. говорим, слушаем и читаем, а так же о том, как мы обладаем речью на родном языке и на иностранном» [2, 123] .

«Психолингвистика - это наука о специфике становления и функционирования языка как достояние индивида - личности, включенной в социум и шире - в культуре, в межличностные и межкультурные взаимодействие» [2, 125] .

«Психолингвистика - это отношение между системой языка и языковой способностью, процессы или механизмы кодирования и декодирования при помощи языка» [2, 129] .

Көріп отырғанымыздай, психолингвистикаға баға берген анықтамаларды әр тараптан, әр қырынан түсінуге болады. Себебі, психолингвистиканың зерттеу объектісі мен ауқымы өте кең.

Психолингвистика мәселелерін қарқынды зерттеу бұрынғы Кеңес Одағы мен алыс шетелдерде өткен ғасырдың жартысынан бастап қарастырылды. Тіл психологиясы тіл білімі мен психологияның тоғысында дүниеге келіп, бұл ғылымдардың одағы жүз жылдан аса жасап келеді. Осы жылдар аралығында алыс-жақын шетелдік ғалымдар тіл білімінің бұл саласына қатысты пікірлерін жан-жақты баяндап, психолингвистиканың ғылыми негізін қалауға барынша ат салысты.

Қазақстанда психолингвистиканың мәселелері 50 жылдардың соңы мен 60 жылдарда қызу қолға алынып, қазіргі таңда теориялық және қолданбалы маңызы жоғары мәселелердің бірі болып отыр. Қазақстанда психолингвистиканың зерттелуі мынадай үш түрлі бағытта жүргізілгенін байқаймыз. Бірінші, қазақ балаларының орыс тілі мен өзге тілдерді меңгерудің психологиялық негізі жайында іздестірілген зерттеулер.

Бұл салада М. Мұқанов, Н. Айғабылов, Е. Суфиев, М. Қайырбаева, К. Оразбекова т. б. жүргізілген зерттеулер ұлт балаларының орыс тілі мен шет тілдерін меңгерудің негізі мен механизміне арналған. Өзге тілдерді ана тілі деңгейінде меңгерудің психологиялық тетіктері іздестірілді. Сондай-ақ ғылым негіздерін үйренуде олардың ақыл-ойы мен танымдық әрекеттерін дамытуға тигізетін ықпалын ашып көрсетуді мақсат етіп қойды.

Екінші бағыт - алпысыншы жылдардың орта кезінде қолға алынып, зерттеуге ден қойылған мәселе - оқушылардың ана тілі грамматикасының ұғымдары мен категорияларын меңгеру арқылы өзге ғылыми пәндер мен ойлау әрекеттерін, дүниетанымдық көзқарастарын өрістету мәселелерін психологиялық және оқыту әдістемесін жетілдіру тұрғысынан іздестірілді. Бұл бағытқа республикамыздың тіл мамандары мен психологтарының жүргізген зерттеулері жатады. Сөйтіп, олар Қазақстанда психолингвистиканың белгілі бір саласының іргетасын қалауға өз үлестерін қосты.

Үшінші - психология ғылымының негізгі ұстанымдары мен қағидаларына сүйене отырып, елімізде тәлім-тәрбие, әлеуметтік, медициналық, заң, инженерлік психология салаларын дамытуға тілдік факторлардың атқаратын қызметіне баса назар аудару үрдісі өріс ала бастады. Бұл салада білікті мамандар өздерінің кәсіби қызметтеріне орай қазақ тілінің сөздік қоры мен шешендік өнеріне жіті зейін қойды.

Ұлттық тілдің ғылымның алуан саласын заман талабына сай дамыту жолдарын іздестіруге көңіл бөліп отыр. Ойымызды бір сөзбен түйіндейтін болсақ - қазақ халқының ауыз әдебиті мен сөз өнері адамның жан дүниесінің құпия сырларын ашып көрсетіп, оларды нақышты түрде бейнелейтін өнер және рухани екендігіне назар аударылды. Мұндай жәйттер психолингвистиканың өзекті мәселесі - тілдің даму тарихы мен өмірде қолдану қызметін айқындай түсетін қуатты танымдық құрал екенін көрсетеді. Міне, аталған үш бағыт психолингвистиканың негіздері.

Жоғарыдағы пікірлер мен бағыттар отандық тіл біліміне тиесілі, ал енді психолингвистика деген ұғымды дүниеге әкелген, оның ғылым ретінде қалыптасуына негіз болған шетелдік және кеңестік тіл мамандарының ғылыми тұжырымдамаларына тоқталайық.

Тілді зерттеу, оның шығу тегі мен даму жолдарын жан-жақты қарастыру сонау ерте замандарда басталғаны белгілі. Ежелгі Үнді, Қытай, Грек философтары мен орта ғасырда өмір сүрген. Еуропа ғалымдары қай кезде болмасын тілдің табиғатын зерттеуге, оның ғажайып сырын ашуға барынша талпынған. Осындай талпыныстар бірте-бірте тілге қатысты сан-қилы көзқарастар мен бағыттарды туғызды. Ондай бағыттар, әсіресе, ХІХ ғасырдың 20-40 жылдары белең алып, түрлі ағымдар мен мектептердің пайда болуына әсер етті. Мәселен, тілдің пайда болуын тікелей биологиялық құбылыс деп есептеген натуралистік бағытты жақтаушылар өз дәуірінде кездесіп отырды. Бұл бағыттың Август Шлейхер бастаған өкілдері өз концепциясын ұсынып, оны ғылыми бағыт ретінде қалыптастырған. Бұл -таза натуралистік бағыт [7, 98] .

Сол дәуірде Фердинанд де Соссюр бастаған бір топ ғалым тілдің қоғамдық мәніне аса ден қойып, тілді қоғамдық құбылыс деп тұжырым жасады. Осылайша ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында тілді жан-жақты зерттеу басталып, әлі күнге дейін жалғасын тауып келе жатыр. Рас, тіл - қоғамдық құбылыс және адамдардың қарым-қатынас құралы. Оның қоғамдық, әлеуметтік мәнін атамай өтуге болмайды.

Тілді жасайтын, оның бай мұрасын ғасырдан ғасырға жеткізетін - адам, яғни сол тілдің иесі. Жер бетінде қанша халық болса, сонша тіл бар. Ал мәдениет пен дәстүр - әр қоғамның рухани құндылықтары. Мәселен, бүгінгі күні қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуына байланысты оның қоғам өміріндегі өзектілігі түрлі талаптарға жауап беруіне қарай арта түсуде. Сондықтан тіл үйреніп отырған субъект оның қоғамдық табиғат және әлеуметтік қызметі мен мәніне ерекше көңіл бөлуі қажет. Мысалға, тіл меңгеріп отырған тұлға мемлекеттік қызметкер болған жағдайда және ресми қарым-қатынас барысында қолдану кезінде үйреніп жүрген болса, тілдік бірліктердің ситуативті жағдайға байланысты түрленуін білуі керек.

Демек, ол кісі коммуникативтік актіні орнату, жалғастыру немесе доғару кезінде сөйлеу әрекетінің ерекшелігіне қарай белгілі бір нұсқа түрінде элементті таңдауы керек. Ол сауалнама, әлеуметтік сұраулар, мен сұхбат сұрақтарына жауап беру, әңгімелесу және сөйлесу барысында әлеуметтік, ұлттық, мәдени, этнолингвистикалық факторлардың әсер етуін ескерумен байланысты.

Осы мәселелерге байланысты тіл меңгеруші тұлға бірнеше жайттарды ескеруі қажет. Мысалы, әлеуметтік өлшемдерге байланысты сөйлеу тілінің таңдалуы, меңгеріліп отырған тілдің қоғам өмірінің түрлі салаларында функционалдық мағынасын анықтау, үйреніп отырған тілде қалыптасатын коммуникативтік актінің ұлттық мәдени ерекшеліктерін белгілеу, тіл - ұлттық мәдениеттің құрамдас бөлігі екенін ескеру, коммуникативтік құралдардың прагматикалық сипаттарын белгілеу және т. с. с. көріп отырғанымыздай, тілдің қоғам өміріндегі әлеуметтік мәні жоғары. Ал қазіргі таңда адамның қатынас жасау құралы - тілді қоғамдық құбылыс ретінде ғана қарастырып қоймай, сонымен қатар адамның ішкі жан дүниесін, сезімін білдіретін психологиялық құбылыс ретінде де жан-жақты зерттелуде.

Тілдегі мұндай психологиялық бағыт ХІХ ғасырдың 50 жылдары В. фон Гумбольдт философиясының әсерінен пайда болды. Кейіннен тіл білімінде психолингвистика ғылымы ретінде қалыптасқан бұл саланың негізін қалауға Г. Штейнтальдің, Ресейде А. Потебняның еңбегі зор болды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында көрнекті тіл ғалымдарының көпшілігі осы бағытты жақтады. Тіл психологиясының нысаны - адамдардың сөйлеу әрекетінде болатын психикалық процестер. Тілдік құбылыстарды психологиялық тұрғыдан сөз ету - ХІХ ғасырдағы лингвистердің көпшілігінде болды және бұл бағыт тілдік философия ретінде әртүрлі көзқарастағы ғалымдардың, мектептердің басын біріктірді [7, 109] .

Лингвистикалық психологизмнің басты концепциясы - тіл мәселелерін шешуде психологиялық қағидаларды басшылыққа алу. Тіл психологиялық бақылаудың нысаны, оның мақсаты - тіл біліміндегі логикалық көзқарастарды сынау, тілдік категориялар мен логикалық категориялар арасында қайшылықтар көп, сондықтан тіл мәселелерін зерттеуде логика заңына сүйенуге қарсы шығу. Психологиялық бағыттағылар өз ішінен индивидуалистік психологизм, әлеуметтік психологизм деп аталатын екі бағытқа жіктелген.

Индивидуалистік психологизмнің ең көрнекті өкілі Герман Пауль. Бұл бағыт тіл біліміндегі натуралистік және логикалық бағыттарға қарсы күресе отырып, тілдік құбылыстардың барлығын жеке адамдардың сөйлеу және психикалық ерекшеліктеріне, олардың ой-санасындағы өзгеріс-құбылыстарына тәуелді етеді. Жалпы халық тілі, біртұтас ұлт тілі деген - жалған сөз. Тіл - жеке индивидумдікі.


1. 1 Тілдік сана мен өріс терминінің сипаттамасы

Тілдік санаға түсінік бермес бұрын, алдымен «сана» деген ұғымның өзіне тоқталып өткен жөн. өйткені, сана тілдік сананың ең басты критериі болып табылады.

Е. С. Кубрякованың басшылығымен жарыққа шыққан «Краткий словарь когнитивных терминов» сөздігінде бұл түсінік былай анықталған: «Сана (consciousness) - адамзатты саналы жан иесі ретінде танытатын, сонымен қатар «ми» деп аталатын жоғары жүйелі материяның айрықша құрылымы. Сана әлденені сезініп, одан тұжырым жасап қана қоймай, айналадағы ортаны танып-білетін, эмоциялық стимулдар қабылдай алатын қабілеті. Бар қуаты ішкі және сыртқы дүниеге бағытталған бұл ерекше жүйеге белгілі бір объектіге назар салып, ақпарат алу, алынған сол ақпаратқа сүйеніп ойлау мен вербалдық әрекеттерге көше алу мүмкіндіктері тән».

Сонымен қатар, «Философский энциклопедический словарь» мен «Психологический словарьға» жүгінсек те, дәл осындай сана ұғымына қатысты ортақ ойларды байқаймыз. Яғни, сана тарихи және қоғамдық эволюциядан өткен адам баласына ғана тән анықтауыш ретінде шындық өмірдің мидағы психикалық бейнесі [9, 198] .

Дегенмен, А. Азимовтың «Методологиялық терминдер сөздігіне» көз жүгіртетін болсақ, сананың интуицияға теліне сипатталғанына куә боламыз. Ол сананың тек саналылық жағдайында ғана міндетін атқаратынын баса айтып, саналылықтың бес деңгейін атап көрсеткен.

Мұндай сана мен «тілдік сананы» ажыратпаушылықтар осы күнге дейін көптеген еңбектерде кездесіп отырады. Тағы бір айта кететіні, сананы шындықтың көрінісі, галаграммасы ретінде танитын тенденция басым.

И. А. Стернин сананың барлық түрлерін бес бөлікке бөлді:

  1. Ой-толғам қайраткерлігі негізі бойынша - саяси, ғылыми, діни, экологиялық, тұрмыстық, кластық, эстетикалық, экономикалық және т. б.
  2. Субъектінің түп-тиесілілігі бойынша - гендерлік, жастық, әлеуметтік (кәсіби, гуманитарлық, техникалық), даралық, қоғамдық, топтық және т. б.
  3. Қалыптасу деңгейі бойынша - дамыған және дамымаған сана.
  4. Сананың негізінде жатқан принцип бойынша - жаһандық, демократиялық, консерваторлық, прогрессивтік, реакциялық және т. б. саналар түрі.
  5. Тәжірибесі, сананың қамтамасыз ететін, айналысатын интеллектуалдық әрекетіне байланысты - креативті, техникалық, эвристикалық, көркем т. б. сананың түрлері [10, 56] .

Аталмыш сананың түрлері сол Стерниннің айтуынша, сананың алуан-түрлілігін құрайды да, жаһандық, кешенді қарастырылады; қарастырылуына орай да «оларды танымдық жағын еске ала отырып когнитивтік құбылыс деп атаған дұрыс» [10, 76] .

Сананың тілге қатысының зерттелу тарихы бізге керекті мәліметтерге аса бай. Осы жерде бір айта кететін нәрсе, ойлау мен ақылдың ғылыми-биологиялық сананың аналогтары бола тұра, барлығы да тілге қатыстылығы тұрғысынан зерттелуі және де олардың пайда болуына әсер еткен шешуші фактор - тілдің дамуы болып табылатындығы. Мұндай көзқарастың бастауында Н. Хомский секілді ірі ғалым тұр. Ол өзінің еңбегінің лингвистика мен философия, психологияның араласуынан туғанын жазды. Одан кейінгі зерттеушілердің бәрінің бір ауыздан айтқаны мынау болды: «Когницияны лингвистика тұрғысынан зерттеу керек». Яғни, сананы тіл арқылы таныған дұрыс. Өз кезегінде тілді де сананың негізінде зерттеген ләзім.

Соңғы жылдары лингвистикада, психологияда, мәдениеттану мен этнографияда «тілдік сана» ұғымы кеңінен таралып келеді. Бұл түсінік аты айтып тұрғандай екі канондық терминдер: «сана» мен «тілдің» қосылуынан пайда болды. Атақты ғалымдар В. Гумбольдт, Л. Вейсберг, В. Вунд, А. Потебня, С. Рубенштейндер бұл бағыттың бастаушылары болып саналады.

Тілдік сана терминіне сыни көзқарасты алғашқылардың бірі болып А. А. Леонтьев білдірді: «Тілдік сана сөз тіркесіндегі «тілдік» сөзі - эпитет» - деді ол [5, 59] . Бұл тұрғыда И. А. Стерниннің пікірін де назарға алған пайдалы. Оның түсіндіруінше «Тілдік сана», сананың тілдік қырын сипаттауға дәлме-дәл атау ретінде жемісті де жеңісті де емес. Дей тұрғанмен, бұл термин кеңінен ғылыми айналысқа еніп кетті.

Қазіргі тіл біліміне қатысты әдебиеттерде бұл термин тұрақты, нақты мағыналы болмағандықтан, белгілі бір мазмұнсыз қолданылады. Тіптен кешегі нормашылдығымен, бәтуалылығымен атағы шыққан Кеңестік тіл ғылымында да бұған қатысты біржақтылық болмаған сыңайлы. КСРО ғылым академиясының мұрындық болуымен баспа бетін көрген «Язык и личность» атты ғылыми жинақта да бұл мәселеге айтарлықтай орын бөлінген. Қарап отырсақ, О. С. Ахманованың «Лингвистикалық терминдер сөздігінде» берілген анықтамадан бөлек: «Тілдік сана - мәдениет пен аталмыш адамзат қоғамының ерекшелігі, олардың тілдерінде көрініс тапқан һәм психикалық қайталанбастығы». Сондағы О. И. Блинованың «Языковое сознание и вопросы теории мотивации» мақаласында тілдік сана терминінің кей жағдайда сөздіктегіден өзгеше де ұғынылатыны сөз болған: «мәселен. Белгілі бір тіл туралы білімдер шоғыры, елестетулер, тұжырымдар топтамасы ретінде оның (сол тілдің) құрылымының, функционалдық ерекшеліктерінің, айтылу нормаларының, сөздік талғауларының көрінісі. Бұл түсінік тұрғысынан тілдік сана Ф. Энгельстің (халықтық сана), И. А. Бодуен де Куртененің (тілдік көрініс (представление), тілдің халық арқылы көрінуі), Л. В. Щербаның (лингвистикалық инстинкт, тілдік иісалғыштық (чутье) ), Э. М. Уленбектің (тілдік компетенттік) ұғымдарына жақындай түседі».

Кеңестік тіл ғылымының тағы бір өкілі А. А. Белобородов кезінде: «Тілдік сана - философиялық толғаныс тұрғысынан ерекше шағылу объектісіне ие қоғамдық сананың айрықша формасы ретінде көрінеді», - деп, «Языковое сознание: сущность и статус» еңбегінде түйіндеген. Осы Белобородов топшылауының жазылған уақытына қарамастан, осы күнгі зерттеушілер көзқарастары мен батыстық танымға келінкіремейтінін атамай өтуге болмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұлулық
Жұмабаев Мағжанның тілдік тұлғасы
Тілдік санадағы ауыл/қала ұғымдары
Табиғаттың бір үлкен бөлшегі
Аспан денелері атауларының концептуалды өрістері
Эмоцианалды - экспрессивті сөздердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
Танымның адам өмірінде алатын рөлін мәтінге талдау жасау арқылы айқындау
Қазақ әйелі концептісінің этномәдени сипаты
Уақыт/время/time концептілерінің ассоциативтік ерекшеліктері
Әлем бейнесі және әлемнің тілдік бейнесі ұғымдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz