Су тасқыны, су басу



Гидрологиялық болжамдар
Су басу кезіндегі әрекеттер
Сел қаупінің нышандары
Сел қауіпті аудандарда болғандағы қауіпсіздік шаралары
Оңтүстік Қазақстан облысында тасқын судан бірнеше көпір бұзылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 27-наурызда Бесерек өзенінің тасқын суы Хантағы ауылындағы (Кентау мыңындағы) көпірді шайып кеткен. Соның салдарынан Назаров көшесіндегі 50 үй ауылдан үзіліп қалды. Құрбан болғандар мен бұзылған ештеңе жоқ. 28-наурызда жауған нөсер жауынның салдарынан Ащысай, Байылды және Қарнақ (Кентау маңындағы) ауылдарында екі көлік жолдары көпірінің қиябетін және құбыр көпірін, сонымен қатар өзен жағалауын су шайып кеткен.
Сонымен қатар, Төлеби ауданының Көксерек округінен, Досалы би көшесінде орналасқан бірнеше үйді арықтан лықсыған су басып бара жатқандығы туралы хабар келді.
Барлық хабарлар бойынша төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері барып, Көксерек округінде трактор және басқа техникалардың көмегімен арық тазаланған, қазіргі уақытта су басу қаупі төніп тұрған жоқ.
Су басу негізінен ұзақ уақыт жауған қалың жаңбырдың немесе қысқа уақытқы нөсердің, қардың күрт еруінің, мұз кептелуінің, қатты дауыл желдің теңізден немесе өзеннен суды жағалауға қарай айдауының салдарынан болады.
Өзендердің жоғарғы жағында кептелген мұз немесе топырақ үйінділері жырылғанда ғана су кенеттен қаптайды. Ал басқа жағдайларда су басуға орай әрекет жасауға белгілі бір уақыт болады. Дегенмен көктемгі қауырт қар еру кезінде, ұзақ уақыт ауа райы бұзылғанда, өзеннің төмен жағалауларында мұз жүріп жатқан кезде жағалаудың маңына тоқтамаған жөн. Әсіресе қар еріп жатқан кез бен ұзақ уақытқа ауа райы бұзылған кезде үлкен шалшықтардан өту қауіпті. Судың қосымша мөлшері шалшықтан өтуді едәуір қиындатады, сондықтан бұрын тексерілген учаскенің өзі тез арада аса қауіпті, өткел бермес жерге айналады.

Су тасқыны, су басу

Оңтүстік Қазақстан облысында тасқын судан бірнеше көпір бұзылды. Бұл
туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар
департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 27-наурызда Бесерек
өзенінің тасқын суы Хантағы ауылындағы (Кентау мыңындағы) көпірді шайып
кеткен. Соның салдарынан Назаров көшесіндегі 50 үй ауылдан үзіліп қалды.
Құрбан болғандар мен бұзылған ештеңе жоқ. 28-наурызда жауған нөсер жауынның
салдарынан Ащысай, Байылды және Қарнақ (Кентау маңындағы) ауылдарында екі
көлік жолдары көпірінің қиябетін және құбыр көпірін, сонымен қатар өзен
жағалауын су шайып кеткен.
Сонымен қатар, Төлеби ауданының Көксерек округінен, Досалы би көшесінде
орналасқан бірнеше үйді арықтан лықсыған су басып бара жатқандығы туралы
хабар келді.
Барлық хабарлар бойынша төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері
барып, Көксерек округінде трактор және басқа техникалардың көмегімен арық
тазаланған, қазіргі уақытта су басу қаупі төніп тұрған жоқ.
Су басу негізінен  ұзақ уақыт жауған  қалың жаңбырдың немесе  қысқа
уақытқы нөсердің, қардың күрт еруінің, мұз кептелуінің, қатты дауыл желдің 
теңізден немесе өзеннен суды жағалауға қарай айдауының салдарынан болады.
Өзендердің жоғарғы жағында кептелген мұз немесе топырақ үйінділері
жырылғанда ғана  су кенеттен қаптайды. Ал басқа жағдайларда  су басуға орай
әрекет жасауға белгілі бір уақыт болады.  Дегенмен  көктемгі қауырт қар еру
кезінде, ұзақ уақыт ауа райы бұзылғанда, өзеннің төмен жағалауларында мұз
жүріп жатқан кезде  жағалаудың маңына тоқтамаған жөн. Әсіресе қар еріп
жатқан кез бен ұзақ уақытқа ауа райы бұзылған кезде үлкен шалшықтардан өту
қауіпті. Судың қосымша мөлшері шалшықтан өтуді едәуір қиындатады,
сондықтан  бұрын тексерілген учаскенің өзі  тез арада аса қауіпті, өткел
бермес жерге айналады.
Катастрофалық су басулар кезінде  ойпаң жерлерден неғұрлым тезірек
кетіп, рельефтің неғұрлым биіктеу жеріне  шығып, сол араға ұзақ уақытқа
апаттық лагерь тігу қажет.
Елді мекендерді су басу кезіндегі қауіпсіздік көп ретте оған алдын ала
дайындалумен қамтамасыз етіледі. Жергілікті топографияны, климат
жағдайларын және тарихты білсеңіз, су басу аймағын ондаған метр дәлдікпен
есептеп шығару қиын емес. Оның бер жағында, шағын су басулардың 5-10 жылда,
үлкен су басулардың 20-25 жылда,бүтін бір өзен алаптарын қамтитын  аса
үлкен су басулардың 50-100 жылда, ал бірнеше өзен жүйесінің аумақтарына
тарайтын катастрофалық су басулардың 100-200 жылда бір рет болатыны
белгілі.
Гидрологиялық болжамдардың бүтін бір жүйесі бар:
• Қысқа мерзімдік (10-12 тәулік);
• Ұзақ мерзімдік (2-3 айға дейін);
• Ұзақ мерзімнен астам  (3 айдан ары қарай).
Тек жағалаудағы облыстардың тұрғындарын таяудағы уақыттарда не күтіп
тұрғанын сұрап білу қажет.
Профилактикалық қауіпсіздіктің жеке шараларына мыналарды жатқызуға
болады:
• толқынның алғашқы соққысынан құлап қалмайтын, күрделі, мықты
құрылыстар салу;
• отбасының барлық мүшелерін жүзуге үйрету;
• қайықтың болуы (екеу болса тіпті жақсы – бірі кәдімгі қайық, бірі-
үрлемелі қайық);
• таяу жердегі топографиялық биік нүктелермен таныс болу;
• жақындап келе жатқан күтпеген бақытсыздық туралы құлақтандыру
тәсілдері мен формаларын білу.
Су басу кезінде мыналарды істеу қажет:
• үйде газды, электр қуатын, суды өшіру;
• жанып тұрған жылыту пештерін сөндіру;
• бағалы үй заттарын ғимараттың жоғарғы қабаттарына немесе шатырдың
астына тасып қою;
• әйнектер сынбауы және қалқып жүрген қоқыс ішке кірмеуі үшін үйлердің
бірінші  қабаттарының  терезелері мен есіктеріне тақтай немесе фанера
шегелеп қою;
• үй малдары тұрған қоралардың есіктерін ашық қалдыру.
Кенеттен су басқанда өзіңізбен бірге су  өтпейтін жылы киімдеріңізді,
көрпеңізді, тамағыңызды т.б. алып, рельефтің бұрын су баспағаны белгілі ең
биік нүктелеріне шығыңыз. Егер ондай жерлер болмаса жүзіп кету үшін қайық
немесе басқадай жүзу құралын даярлап қою қажет.
Су деңгейі түскеннен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зардап шеккендерді іздеу жұмыстарын жүргізу
Төтенше жағдай енгізілген аймақтар
Cу тасқыны, одан қорғану жолдары
Су басу қауіпі
Сырдария өзенінің су тасқынынан жанындағы тұрғындар мен нысандарды қауіпсіздендіруді қамтамасыз ету
Сулы мұзды селдер мен мұзды сулы су тасқындары түсініктерін салыстыру
Сел қауіпі
Су тасқынының зардабы
Су тасқыны жайлы
Су тасқынынан қорғану
Пәндер