Тәрбиесі қиын, балалармен жүргізілетін жұмыстың әдістемесі



"Қиын" оқушыларды тәрбиелеу және оқыту
Құндылық проблемасы
Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері
Әдебиеттер
"Қиын" оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда психологиялық-педагогикалық проблема ретінде күн тәртібінен түспей отырғаны мәлім Мұның өөі "қиын оқушылар" санының жылдан-жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады. Бір уақыттарда "қиын оқушыларға" көбінесе жасөспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы категорияға жататындар аз емес. Сондықтан "қиын оқушыларды" ерте жастан - бастауыш кезеңнен бастап қолға алып, олардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет. "Қиын оқушыларды" тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Мораль нормаларына жауап беретін айналадағы болмысқа жеке адам көзқарастарының сан-салалығын ескере келгенде, адамгершілік тәрбиенің жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі өте зор.
Қазіргі кезде бастауыш сатыда оқушының жалпы және психикалық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін ең алдымен, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылып отырғаны белгілі.
Бұл мақсаттың нәтижелі жүзеге асуы үшін Қазақстан Республикасында білім беру мен тәрбиенің мазмұнын жаңарту мәселесі алға қойылып, халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру көзделіп отыр. Мектептегі шәкірттеріміздің бойында халқымыз ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-намыс, ождан, имандылық, инабаттылық, мейірімділік, кішіпейілділік, ата-мекеніне, еліне деген сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеу заман талабынан туындап отырған мәселе.
1. Тугаринов В.П. Избранные философские груды. - Ленинград. Изд. Ленинградского университета, 1988. - 344 с.
2. Төлеубекова Р. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика: әдістемелік құрал. - Алматы: РБК, 1994. - 140 бет.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Тәрбиесі қиын, балалармен жүргізілетін жұмыстың әдістемесі

"Қиын" оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда психологиялық-
педагогикалық проблема ретінде күн тәртібінен түспей отырғаны мәлім Мұның
өөі "қиын оқушылар" санының жылдан-жылға өсіп отыруымен байланысты болып
табылады. Бір уақыттарда "қиын оқушыларға" көбінесе жасөспірімдер
жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы
категорияға жататындар аз емес. Сондықтан "қиын оқушыларды" ерте жастан -
бастауыш кезеңнен бастап қолға алып, олардың сапалы білім мен саналы тәрбие
алуларына мүмкіндік жасалуы қажет. "Қиын оқушыларды" тәрбиелеу жүйесінде
адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Мораль нормаларына
жауап беретін айналадағы болмысқа жеке адам көзқарастарының сан-салалығын
ескере келгенде, адамгершілік тәрбиенің жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі
өте зор.
Қазіргі кезде бастауыш сатыда оқушының жалпы және психикалық дамуының
жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін ең алдымен, бұрынғыша оқушыны пәндік
білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін
қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылып отырғаны
белгілі.
Бұл мақсаттың нәтижелі жүзеге асуы үшін Қазақстан Республикасында білім
беру мен тәрбиенің мазмұнын жаңарту мәселесі алға қойылып, халықтың
ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін
жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын,
дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын
қалыптастыру көзделіп отыр. Мектептегі шәкірттеріміздің бойында халқымыз
ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-намыс, ождан, имандылық, инабаттылық,
мейірімділік, кішіпейілділік, ата-мекеніне, еліне деген сүйіспеншілік
сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеу заман талабынан туындап отырған мәселе.
Сондықтан оқушылардың ішінде ерекше категория болып табылатын "қиын
оқушыларға" адамгершілік тәрбие берудің формаларын, әдіс-тәсілдерін
жетілдіру аса қажет, бұл міндетті жүзеге асырудың бастауыш буыннан
басталатыны белгілі.
Құндылық проблемасы өмірдің өзінен алынған. Табиғат пен-қоғам
құбылыстарына құндылық тұрғысынан қарау адам өмірінің негізі болып
табылады. Құндылық қатынас адам мен қоғам өмірінде қажетті, жалпыға ортақ
және мәңгілік фактор болып табылады.
Құндылық проблемасы қоғамдық ғана емес, жеке тұлғалық та проблема.
Құндылықсыз адам болуы мүмкін емес. Құндылықты зерттеуде алға қойылатын
мақсат - адам өмірін байытатын нақты, дәл құндылықтарды таңдап алу.
Сондықтан бұл проблема танымдық және әлеуметтік проблема болуымен қатар,
тәрбиелік проблема ретінде ерекше мәнге ие болады. Көрнекті философ
В.П.Тугариновтың айтуы бойынша, құндылықтар болмысты таңудан келіп шығады,
олар танып білуге болатын нақты фактілер, қоғам мен табиғаттың мәнді
жақтары адамзаттың іс-әркеті мен қоғамдық тарихи тәжірибесі процесінде
жасалады.
Ғылыми әдебиеттерде "құндылық" түсінігіне әртүрлі анықтамалар беріледі.
Философиялық тұрғыдан алсақ, құндылықтар – адам үшін пайдалы мәнге ие
болатындардың барлығы, яғни адамзат қоғамының іргелі дамуы мен адамның жеке
тұлғасын жетілдіруге тиімді ықпал ететіндердің барлығы болып табылады.
Психологиялық тұрғыдан, құндылық ретінде қоғам үшін әлеуметтік-тарихи мәні
бар және жеке адамдар үшін тұлғалық мағынасы бар болмыстың белгілі бір
құбылыстары сипатталады. Сонымен бірге құндылық қоғамның моральды
қатынастарының көріну формасы ретінде әрекет етеді. Сондықтан құндылық
біріншіден, жеке тұлғаның адамгершілігі, абыройы және олардың адамгершілік
әрекеттері немесе адамгершілік сипаттары, екіншіден, моральдық нормалар,
принциптер, мұраттар, қайырымдылық, әділеттілік, бақыт ұғымдары деп
айқындалады.
Адамгершіліктің өрісі кең, бұл қасиет әр адамның еңбекке, қоғам
өмірінде, тұрмыста, көпшілік орында өзін ұстауынан, басқалармен қарым-
қатынасынан, жүріс-тұрыс, іс-қимылынан байқалады. Адамгершілігі мол адам
бағытты, ел-жұртына қадірлі, қоғамға да пайда келтіреді, яғни
маңындағыларға үлгі-өнеге бола алады. Сондықтан "қиын оқушыларды" жас
кезінен адамгершілік қасиеттерге баулу, олардың келешекте азамат болып
қалыптасуына кепілдік береді.
Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері: а) адамгершілік сананы
қалыптастыру; ә) адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамыту;
б) адамгершілік мінез-құлық біліктілігі мен әдеттерін
қалыптастыру.
Бастауыш сыныпта "қиын оқушыларды" адамгершікке тәрбиелеу ең алдымен
оқыту процесінде жүргізіледі. Баланың адамгершшік қасиеті сабақ үстінде,
мұғаліммен және құрбы-құрдастарымен ұдайы қарым-қатынасында қалыптасады.
Сабақ үстіндегі адамгершілік тәрбиенің тиімділігі сабақ мазмұнының
ғылымилығы, мұғалім жұмысының әдістері мен тәсілдерінің адамгершілік-
эмоциялық сипатқа ие болуы, сабақ үстінде мұғалім мен балалар арасында
қалыптасатын өзара түсіністікке құрылған қарым-қатынас стилі, мұғалімнің
адамгершілік келбеті негізінде мүмкін болады. Сондықтан "қиын оқушыларға"
әртүрлі сипаттағы жеке тапсырмалар беруде этнопедагогика құндылықтарын
пайдалана отырып, адамгершшік тәрбие беруді іске асырудың маңызы зор.
Этнопедагогика құндылықтарының ішінде халықтың ауызекі шығармашылығы
ерекше мәнге ие болады. Қазақ халқының ауызекі шығармашылығы - ұлттық
тәжірибелер мен тағылымдардан туған бай қазына, өшпес өнеге, тәрбие
өрнектері, ауыз әдебиет түрлері. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-
тәрбиенің белгілі жүйесін жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын
арнаулы жолдар, тиімді тәсілдер болған. Сондықтан қазақ халқының ауызекі
шығармашылығы – тәлімдік-тәрбиелік ой пікірдің бастауы, халықтың рухани
мұрасы. Олардың қайсысының болсын педагогикалық мүмкіндіктері жоғары, өзіне
тән мазмұны, ерекшеліктері бар. Халық ұғымымда адамгершілік қасиеттік
өзекті мәселесі қайырымдылық пен қайырымсыздық, жақсылық пен жамандық,
ерлік пен ездік – адамдық қасиеттің бір-біріне қарама-қарсы сипаттары.
Мәселен, халқымыз қайырымды, бойындағы бар қасиетін халыққа жақсылық
жасауға арнаған адамды "Ел қамын жеген ер", "Жақсы ай мен күндей, әлемге
бірдей", "Жақсы туса - ел ырысы, жаңбыр жауса - жер ырысы", "Жақсы келді
дегенше, жарық келді десеңші" деген мақал-мәтелдер арқылы жұрт қамын
ойлайтын абзал азаматтың портретін алға тартады. Керісінше, қара басының
қамын бәрінен жоғары қоятын өзімшіл, алдамшы, опасыз жандар жайында: "Жаман
қорыққаннан сыйлайды", "Жаман адамға мал бітсе, жақынын танымас", "Бір
жаман мың қолды ірітер, бір құмалақ бір қарын майды шірітер" деп, жас
ұрпақты мұндай жаман қасиеттерден аулақ жүруге шақырады. Халық даналығы
жақсы мен жаманды салыстыра суреттеп, сайып келгенде, жақсының жақсылығын
халыққа тигізер пайдасына қарай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қиын жасөспірімді тәрбиелеу
Әлеуметтік педагог
Заманауи мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі курсын педколледждерде оқытудың ұйымдастыру формалары
Қиын бала ұғымына түсінік
Қазіргі заман жағдайында әлеуметтік педагог мамандығының енгізілуінің әлеуметтік тарих контексті
Жазғы демалыс лагерінде бұқаралық дене шынықтыру спорт жұмыстарын ұйымдастыру
Мектепке дейінгі мекемедегі отбасымен бірлескен жұмыстар
Қиын балаларға психологиялық көмек
Ынтымақтастық педагогиканың негіздері
Пәндер