Бұхар жырау ауданы топонимі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Е. А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Филология факультеті
Қорғауға жіберілді
кафедра меңгерушісі
ф. ғ. д. Ш. М. Мәжітаева
«» 2002 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
БҰХАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ТОПОНИМІ
мамандығы: 0212 - Қазақ тілі мен әдебиет
Ғылыми жетекші: филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Жартыбаев А. Е.
Дипломшы: Зейтова А. А.
Қарағанды-2002 ж.
Е. А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЗЕЙТОВА АНАР АМАНТАЕВНА
БҰХАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ТОПОНИМІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
мамандығы: 0212 - Қазақ тілі мен әдебиет
Қарағанды-2002 ж.
ЖОСПАРЫ
Кіріспе 3-5
І - Тарау
1. Топонимикаға байланысты зерртеу еңбектері 6-12
2. Бұхар жырау ауданы топонимдерінің
лексикалық құрамы 13-29
а) Байырғы қазақ тіліне тән атаулар 13-18
ә) Араб, иран тілдеріне тән атаулар 19-21
б) Орыс тіліне тән атаулар 21-29
ІІ - Тарау
Бұхар жырау ауданы топонимдернің
құрылымдық жүйесі 30-46
Қорытынды 47-48
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 49-50
Кіріспе
Соңғы жылдары елімізде жер-су атауларының (топонимдері) зерттелуі аса қарқынды жүргізілуде. Әсіресе, бұл саладағы аймақтық (региональды) атаулардың зерттелуі күн күттірмейтін мәселе болмақ. Себебі байтақ республикамыздағы көптеген микротопонимдер (ұсақ көлемді жер-су атаулары) күн өткен сайын жер бедерінен өшіп, ұмытылып барады. Оларды дер кезінде жинау, жүйелей тілдік тұрғыдан зерттеу, қойылу себептерін анықтау - оларды есте сақтау, тарихта қалдыруды басты кепілі.
Осындай аймақтық өңір - Қарағанды облысындағы Бұхар жырау ауданы болып табылмақ. Бұл аудан қазіргі Қарағанды облысының шығыс бөлігіне орналасқан, 1938 ж. аудан ретінде құрылған. Орталығы - Ботақара селосы, іргесін 1901 ж. Таврия губерниясынан қоныс аударғандар қалаған. 1938 ж. дейін Санниковсккое, Троцкое, ал 1961 ж. дейін Колхозное, 2000 ж. дейін Ульянов, ал 2000 ж. бері Ботақара ауылы аталынып келеді. Аудан негізінен мал, құс, егін шаруашылығымен айналасады және картоп пен көкөніс өсіруге мамандалған. Ауданда 24 аудандық совет жұмыс істейді. Аудан жері ұсақ шоқылы, төбелі, қырқалы, жазық далалы келеді. Жер қойнауынан тас, көмір, қоңыр көмір, құрылыс материалдары барланған. Ауа-райы - тым континенттік, қысы суық, аязды, жазы ыстық. Аудан жерінде Нұра, Ащысу, Байбұра, Соқыр өзендері мен Ботақара, Батпақкөл, Шалқар көлдері, Ботақара, Найзақара, Құлжұмырсорың таулары ұшырасады. Өсімдіктерінен көкпекті, боз, бетеге, сұлыбас, жуман, қараған; аң-құстардан қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, борсық, арқар, ақбөкен, елік, суыр, саршұнақ, аламан кездеседі.
Ауданда түрлі оқу-ағарту мекемелері, 20 фельдшерлік-акушерлік пункт бар. 1939 жылдан ауданда «Знамя Ильича», 1988 жылдан «Ильич туы» газеті, осы газет 1991 жылдан «Сарыарқа» деген атпенен шығарылады. Аудан жеріңде Бұқар жырау Қалқаманұлының бейіті бар.
Міне, осы аталған аудан көлеміңдегі жер бедері мен табиғи ерекшелігі, өсімдіктері мен аң-құстары аудан топинимнен мол көрініс береді. Аудан топонимдері сол жердің табиғи байлықтары мен шаруашылықтары негізінде, табиғаттың тамаша көріністері мен жердің бет-бедеріне байланысты қойылып отырған. Ол туралы Қазақстан тарихында былай делінген: «Қазақстанның әр түрлі аудандарын мекендеген тайпалардың материалдық мәдениетінің өзгешеліктері бәрінен де гөрі археологиялық ескерткіштер мен топонимика мәліметтерінен айқынырақ көрінеді. Осы реттен қарағанда Бұқар жырау топонимдері де зерттеу барысында тілдік тұрғыдан мол мәліметтер берері даусыз» /1/.
Түрлі ресми карталар мен аудандық газет беттерінен және жергілікті тұрғындардан жинастырған (300 - дей) атауларды тілдік тұрғыдан қарастыру барысында алдымызға төмендегідей мақсат қойдық:
- Лексикалық құрамын анықтау, морфологиялық құрлысын айқындау, кейбір атаулардың түп-төркінін (этимологиясын) іздестіру үстінде атаулардың семантикалық мән-мағынасын ашуға ұмтылыс жасау.
І - ТАРАУ
1. ТОПОНИМИКАҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЗЕРТТУ еңбектері
Жалпы тіл біліміндегі лексикологияның ерекше бір бөлігі - ономастика жалқы есімдерді зерттейді. Ономастика деген терминнің орнына кейде ономатология деген термин де қолданылады. Бұлар өзара синонимдес терминдер. Бұл термин гректің онома - «ат, атау» деген сөзінен алынған.
Ономастика іштей бірнеше бөліктерге бөлінеді:
- Антропонимика (адам аттары мен есімдері) ;
- Топонимика (жер-су) ;
- Этнонимика (ру, ел, халық, тайпа) ;
- Астрономика (жұлдыз, аспан, әлем) ;
- Зоонимика (хайуан аттары) ;
- Фитонимика (өсімдік атаулары) ;
- Хрематонимика (мекеме, мейрам, газет, кітап, поезд, самолет, кинофильм) .
Ал енді осы бөліктердің өздері де іштей бірнеше бөліктерге бөлінеді. Мысалы: антропонимика іштей:
1) фамилия; 2) әке аттары; 3) өзінің аты; 4) лақап аты; 5) бүркеншік ат; 6) этноантропонимдер (ру аттарынан) т. б. бөліктерден тұрады.
Ал топоним бөлігі (жер-су) : 1) гидронимия (өзен-көл, су) ; оронимия (тас, тау, төбе) ; ойконимия (елді мекен) ; урбанимика (қала, көше аттары) бөлімдеріне бөлінеді.
Ономастиканы жан-жақты терен зерттеудің тіл тарихы мен тарихи этнография үшін мәні зор. Ономастикалық қабаттар арқылы көне лексикалық қабаттар, грамматикалық формалар мен синтаксистік құрылыстар, халықтық әдет-ғұрып пен ырымдар т. б. жайттар толық байқалады. Бұндай атаулар табиғаты жағынан тілдегі сөздік құрамға тән, тілдің жалпы заңына бағынышты, олардың бәрі жалпы есім сөздерден жасалады. Мысалы: жалпы есім, қауын-Қауынбай, жомарт - Жомарт, Қараған - Қарағанды.
Тіліміздегі жалқы есімдерді құрамына қарай зерттегенде төл сөздерден жасалғанымен қатар, басқа тілдерден ауысқандарының да барлығы байқалады. Оларды зерттеу барысында қоғамдық құрлыстың көрінісін, халықтың басқа елдермен жасаған қарым-қатынасын, тарихи байланыстарын аңғарамыз. Осындай ерекшеліктері - топонимиканың ең алдымен тіл тарихына тән лингвистикалық ғылым екендігін көрсетеді. Өйткені оның грамматикалық әрі фонетикалық заңдылығы халық тіліне тән. Сондықтан да олардың құрамына әр дәуірге, түрлі қоғамдық құрлысқа тән сөздер кездеседі.
Топонимиканың тағы бір ерекшелігі - бұл да халық ауыз әдебиетіндегі жырлар, ертектер, мақалдар тәрізді ұзақ ғасырлар жасайды. Ондай атаулар арқылы тіліміздің өткендегі тарихын, көне сөздік құрамын, грамматикалық құрылымын анықтай аламыз. Қазіргі сөздік қорымызда, яғни әдеби тілімізде ұшыраспайтын көптеген сөздердің ономаларда ұштасуы осының айғағындай. Мысалы, Шаған, Бөген батыр, Қамқа, Шон т. б.
Халық атауларының жасалу, пайда болу тарихында төтенше орын маңызды мәселенің бірі - тарихи-мәдени жағдайлар. Халық тарихындағы бұл елеулі уақиғалар, біріншіден, түр-түрлі қоғамдық құбылыстағы әр түрлі діни ағымға (шаманизм, исламизм байланысты болса) ; екіншіден, көрші елдермен жасалған мәдени, тарихи қатынастармен де ұштасып жатады. Әдетте, осындай тарихи-мәдени қарым-қатынастардың тіліміздегі есімдер құрамының молая түсуіне, лексика-мағыналық, функциялық мәнінің жетеле түсуіне зор ықпал жасайды. Оның ішінде ең алдымен араб, иран, мәдениеті мен тілінің әсерлерінің ықпалы зор болады. Бұл елдерден тілімізге енген есімдер туралы айтқанда оларды төмендегідей ерекшеліктерге бөле қарастыру дұрыс болмақ.
1) Жалпы мұсылман қауымына ортақ ислам дінінің күшті әсерінен қойылған атаулар: а) Діни есімдер, яғни дін иелерінің, Пайғамбар әулие - әнбие, софы, қажы есімдерінен (Мұхамбет, Мұхамедғали, Ахмет, Пірмұхамбет, Иса, Жүсіп, Абдолла т. б. ) қойылған атаулар.
ә) Құраннан қойылған діни мағынадағы есім сөздер … Хашим - қадірлі, құрметті; Әмір - оныншы; Бақи - мәңгілік; Әкпар - зор, ұлы; Әнуар - нұрлы; Әнипа - шын, нағыз мұсылман әйел; Абсамат - ізгілікті; мәңгілік: Әлішер әли - зор, мықты.
2) Қарапайым тұрмыстық сөздерден, яғни, шер - арыстан; тұрмысымызда жиі қолданылатын күнделікті сөздерден жасалған атаулар … Әділ - турашыл, әділ; Әзиз - қадірлі, қымбатты; Әкім - басшы, бастық; Әлім - білімді; Әмір - бастық; Әсел - бал; Әуез - дыбыс; Әскер - жауынгер, жасақ; Бақыт - құт, ырыс; Базар - сауда орны.
Мінеки, атаулардың тарихын, тілдік құбылыстарын жіті байқап, оның көнелері мен жаңаларын салыстыру - осы ретте тарихи лексикология үшін өте құнды болмақ. Бұны осылайша, лингвистикалық, этнографиялық және тарихи тұрғыдан зерттеу - бұрын да, қазір де, қолға алынып жатқан жұмыс. Олай дейтініміз - ономастиканың тарихи қабаттары, жеке тілдік ерекшеліктерінің ата түбірлері, және көне тілдерге тән қосымшалары әлі де толық зерттеліп біткен жоқ /2/.
Дегегмен, ономастиканың зерттелу бағыты әсіресе қазіргі лингвистикалық қауымда ерекше дамып отыр. Жер жүзінде ономастика бойынша жыл сайын қисапсыз ғылыми әдебиеттер мен ресми журналдар: Польшада, Лос-Анжелесте, Германияда, Францияда ономастикалық журналдар 1949 ж. бастап шығады. Қазіргі ономастика көптеген жоғарғы оқу орындарында арнаулы пән ретінде өтеді. Атап айтқанда, елімізде, Москва, Томск, Қазан университетінде, КазГУ-де пән ретінде оқытылады. Елімізде тұнғыш рет В. А. Никнов авторлығымен «Топонимикаға кіріспе» атты оқулық 1965 ж. жарық көреді. Ономастиканы зерттеу, ұйымдастыру жолға қойылады. СССР Ғылым академиясының тіл білімі институты мен этнография институты жанында ономастикалық топтар жұмыс істейді. Осы ономастикалық топтардың ұйымдастыруымен соңғы жылдары одақтық, регионалдық конференция-семинарлар өтті. Украина, Белоруссия, Молдавия, Литва республикаларында ономастикалық комиссия ұйымдастырылды. Олар қазірге дейін 15 конференция өткізіп, жеке жинақтар шығарды. Тіл білімінің көптеген салалары сияқты ономастика бойынша халықаралық конгрестер әрбір 3 жыл сайын өтіп тұрады. Бірінші халықаралық конгрес, А. Дозе бастамасы бойынша 1938 жылы Парижде өткен еді. Екінші дүниежүзілік соғыс салдарынан бірінші және екінші конгресс аралығында 8 жыл айырмашылық болды, яғни, 1946 жылы Париж қаласында өтті. Ал 1963 жылы халықаралық ономастикалық конгрестің 25 жылдығы аталып өтті. Бұл салауатты конгреске дүние жүзі ономастарының таңдаулы өкілдері қатынасып, ономастиканың теориялық, практикалық ерекшеліктері қаралды. VIII ономастика конгресінің тақырыбы жалқы есімдердің хронологиясы туралы болды. Ал Вена қаласында 1969 жылы болып өткен Х конгрестің тақырыбы - оронимия (тау, төбе, тас) болды. Ал осындай - халықаралық конгрестерге совет ғалымдарының қатынасуы - 1966 жылы Лондонда болған ІХ конгрестен басталды.
Ал қазақ тіл білімінің ономастика саласы соңғы 20 жыл ішінде қауырт зерттеліп, жеке-жеке монографиялық еңбектер мен ғылыми мақалалар және ономастикалық сөздіктер жарық көре бастады.
Қазақ ССР Ғылым академиясына қарасты Тіл білімі институтында ономастика бөлімі құрылып, онда осы тақырыпта докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғала бастады. Ғ. Қонқышбаев, А. Әбдрахманов, Т. Жанұзақов, Е. Қойшыбаев, В. Н. Попова, О. Сультаньяев, Е. Керімбаев, М. Қожанов, Б. Бектасова т. б. Ғалымдар Әбдрахманов А. «Топонимика және этимология» - А., 1975, Қазақстан этнотопонимикасы. - А., 1979., Жанұзақов Т. «Қазақ тіліндегі жалқы есімдер». - А., 1965; «Қандай есімді ұнатасыз?» - А., 1968. - 11 б. ; «Қазақ есімдерінің тарихы». - 1971, 215 бет; «Есімдер сыры». - 1974, 132 бет; «Очерк казахской ономастики». - А., 1982, 176 бет; Керімбаев Е. «Атаулар сыры». - Алматы, 1984. - 109 бет; Қойшыбаев Е. К. «Қазақстанның жер-су аттары сөздігі». - 1985 ж. және де тағы басқа түрлі еңбектерін бастырып шығарады. Ал жоғарыда аталған республикалық ономастика бөлімі түрлі кезеңдерде төмендегідей жинақтарды шығарады: «Тюркская ономастика» (1984), «Қазақ ономастикасының мәселелері» (1986), «Проблемы этимологии тюркских языков» (1990) .
Бұл мәселемен соңғы жылдарда түрлі түркі тілдес республикалардың мамандары да айналыса бастаған. Атап айтқанда, Өзбек ССР-і топонимдері туралы Х. Хасанов, С. Қараев, Л. Каримов, Ә. Бегматов, З. Досымов, Т. Нафасов т. б. докторлық және кандидаттық жазса, азербайжан топонимдері туралы Р. Юзбашов, А. Алиев, С. Коллозаде, Т. Ахмедов т. б. еңбектерінде азербайжан топонимдерінің терминдері мен топологиялық принциптері туралы айтылады.
Қырғыстан топонимдері туралы Д. Исаев, С. Өмірзақов, Қ. Қонқабаев т. б. еңбектерінен көптеген мағлұматтар аламыз. Ал Түркімен топонимдерінен С. Атаниязов, М. Тельдиханов т. б. тілшілер аттарын атауға болады. Татар, чуваш, башқұрт топонимдері туралы Г. Ф. Саттаров, Р. Х. Субаева, Г. Гарифова, М. Мунинова, Ж. Киекбаев, А. Камалов, Р. З. Шукуров, З. Ураскин, А. Г. Шайхулов . т. б. диссертациялар қорғап, түрлі кітаптар жазған. Алтай топонимиясы туралы О. Т. Молчанова кандидатық және докторлық диссертация қорғап, монографиялық еңбектер мен сөздік шығарады. Дж. Н. Коков, Шахмурзаев, Б. Мусакаев жолдастар Кабардин-Балкар топонимдерін зерттесе, Г. С. Корнилов чуваш топонимі жайлы кандидаттық диссертация мен көлемді мақалалар жазып жариялаған. Түркі халықтарының ішінде Шығыс Сібір регионы бойынша: хакас топонимдерінен А. М. Жевлов, шор топонимінен А. А. Бонюхов, якутия топонимдерінен К. Ф. Гриценко кандидаттық диссертациялар қорғап, сөздіктер шығарады.
Сонымен, ономастиканы зерттеу қазіргі кезде Батыс Европа және Совет тіл білімінің негізгі мәселелерінің бірінен саналып отыр. Ономастиканың ең басты бөлімдері антропонимика мен топонимиканы зерттеген, оның күрделі мәселелеріне арналған мақалалар, жеке монографиялық еңбектер соңғы кезде молынан шыға бастады. Арнайы ономастика саласымен айналушы ғалымдар саны өсе түсті.
Қорыта айтсақ, бізде ономастиканың антропонимика, топонимика, этнонимика, астронимика, космонимика, зоонимика, фитонимика бөлімдері әлі толық зерттелген жоқ. Олардың зерттеу объектілері мен қажет мәселелері ұшан-теңіз, бір емес бірнеше ұрпаққа жетері сөзсіз.
Олай болса, қазақ ономастикасының сан салалы проблемалары мәселелеріне зейін қойып, лингвистикалық, тарихи-этнографиялық, әрі географиялық қыр-сырын ашу, зерттей беру - келелі де зәру мәселелердің бірі болмақ.
- Бұхар жырау ауданы топонимдерінің лЕКСИКАЛЫҚ ҚҰРАМЫ
а) Байырғы қазақ тіліне тән атаулар
Аталған аудан көлеміндегі жер бедері мен табиғи ерекшеліктері, өсімдіктері мен аң-құстары аудан топонимінен мол көрініс береді. Аудан топонимдері сол жердің табиғи байлықтары мен шарушылықтары негізінде, табиғаттың тамаша көріністері мен жердің бет-бедеріне басты қойылып отырған. Ол туралы Қазақстан тарихында дұрыс айтылғандай: «Қазақстанның әр түрлі аудандарын мекендеген тайпалардың материалдық мәдениетінің өзгешеліктері бәрінен де гөрі археологиялық ескерткіштер мен топонимика мәліметтерінен айқынырақ көрінеді» /3/.
Осы реттен қарағанда Бұхар жырау ауданы топонимдері де зерттеу барысында тілдік тұрғыдан мол мәліметтер берері даусыз. Белгілі бір жердің, болмаса өлкенің топонимдерін зерттеудің зор мәні барын ХІХ ғасырдың бірінші жартысында орыс ғалым Н. И. Надеждин: «Топонимика - жер тілі, ол жер кітап, сол кітапта адамзат тарихы географиялық атауларда жазылып қалған. Және де ол барлық жерде бірдей емес, белгілі бір тіл ішіндегі белгілі өлке - өңір атаулары бір-бірінен өзіне тән ерекшеліктерімен айқындалып тұрмақ», - деген орынды пікір айтқан /4/.
Ауданда орыс атауларының қалыптасуы XVIII ғасырдың соңында басталған отарлау саясатына сәйкес туындай бастады. Отарлау саясатын орнықтыруды көздеген патшалық Россия қазақ даласына қарашекпендерді (орыстарды) жер аудара бастады. Соның негізінде қазақ даласындағы ең құнарлы, ең бай, сулы жерлер орыстарға беріліп, ол жерлерде станция, хуторлар салына бастады. Аудандағы Нұра, Ащысу өзендері бойларындағы Миньковка, Петровка, т. б. атаулар сол дәуірге тән атаулар. Әр түрлі кезеңдерде тұрмыс жағдайларының әдіс-тәсілдерінің өзгеруіне байланысты ауылдың атаулары да өзгеріп отырған. Кішкентай шарауашылықтарды совхоздарға біріктіру барысында да кейбір топонимикалық өзгерістер жасалған. Кейбір бөлімше мен селолық советтер бірдей атауменен атала бастаған. Мысалы, Озерный - с. Озерное, Петровка - с. Петровка, Суыксуский- с. Суықсу.
Белгілі бір өңірде совхоз атымен бірге орталықшы білдіретін атаулар да пайда бола бастайды. с. Үміткер - Бабаев атындағы с/з; с. Петровка - Ульянов атындағы с/з; с. Құрлыс - Энгельс атындағы с/з; с. Калинин - Қызыл Октябрь совхозы; с. Победы - Озерный совхозы.
Осы салыстырулар арқылы қазақ тіліндегі арқа сөзінің алтай тобындағы басқа халықтар тілдерінде де жуық, мәндес мағынада қолданылатынын байқамыз. Ороним ретіндегі арқа сөзі аталған тілдерде «таудың көлеңке беті», таудың арғы жағы, «тау», «төбе» таудың ең жоғарғы жоталары, мағыналарын білдірмек. Ал қазақ тіліндегі формасына осы соңғы мағына жауық. Оны аталған оронимнің ұсақ жоталардан тұрып, олардың бір-біріне арқалана орналасуы да дәлелдей түсетін тәрізді (арқалау) - арқаға салып тасу, арқа арқылы тасу. Атаудың құрамындағы лық (арқа -лық) қазақ тілінде есім тудырушы жұрнақ, тілімізде осы жұрнақ арқылы қор - лық, кісі - лік, тағы - лық т. б. сөздер жасалған. Бұл жұрнақ басқа түркі тілдерінде хакас азыр + лық «тармақты», тува дағ + лық, «таулық» т. б. түрінде кездеседі /4/.
Аудан өңіріне кең тараған келесі бір атаулар - Ботақара, Шешенқара, Найзақара таулары.
Бұл таулардың бәрі де іргелес, аудан орталығының шығысына қарай орналасқан. Бұлардың құрамындағы «бота», «шешен», «найза» сыңарлары ауыс мағынада қолданылып тұр. Анықтай түссек, бота - түйе малының бір жасар, ең кішкентайы, яғни, таудың аласалығын, ал шешен - тау бітімінің біркелкі, құз - жартассыз, шешеннің сөзіндей жатықтығын; ал «найза» керісінше тау тасының найзадай үшкір, үшы сүйір шың-құзды болатынынан хабар бермек /5/.
Ал атаудың екінші сыңары қара/хыра; қар, кер, гер - үндіевропа, орал алтай тілдерінде «тау», «тас», «шын» мағынасын білдіретіні туралы В. М. Ильич Свитыч айтан /6/.
Ал Э. М. Мурзаев сөздігінде тау мағынасындағы ғар сөзі афган тілінде «гар», алтай «дич», армян «кар» - камень; др. инд. «гич», авест «кич» - гора; ханди «гер», грузин «гуч» славян «гора», азербайжан «отгар» - от трава, гар гора т. б. түрінде кездеседі /7/. М. Қашқар сөздігіндегі «Керіш» басына шығу мүмкін болған тау басы, ең биік шері.
Керүч - верх горы, склон высокий горы Алтай тілінде «кер күш» огромная сказочная птица; «кер балық» - кит.
Монғолша кіча - «гребень», «возвышеность», хээр қыр /8/. Және де кар - ғар түбірлері қазақ даласындағы кейбір оронимдер мен сөз тіркестерінде қазірге дейін ұшырысады. Мысалы, Талғар - биік тау, занғар - биік, ғарыш - алыс, қар, кәрі жілік - қолдың жоғарғы тұсындағы жілік. Ал оронимнің екінші бөліміндегі қара - хыра сөздерді түркі тілдерінде «шоқы», «жота», «төбе» мағынасында қолданылады.
Туыстығы жағынан түркі тілдеріне тән қазіргі қазақ тіліндегі қара сөзі қара түсті білдірумен қатар тілімізде «биік», «үлкен» мағынасын да білдірмек. Мысалы, қара мал - сиыр; ірі қара - түйе, жылқы, сиыр; алыстан бір қара көрінеді - тегіс жерден биік зат, дене жануар. Үшқара - үш бөліктен тұратын тау және де осы қара сөзіне байланысты ауданда Шешенқара, Найзақара, Ботақара т. б. оронимдер ұшырасады.
Осы Ботақара тауы тіркесіндегі тау географиялық терминнің өзі арнайы тоқталуды қажет етеді. Қазақ тіліндегі тау сөзі түркі тобындағы тілдерде ұйғыр тілінде тағ: узб. тоғ; тат. тав; кирг. тоо; чув. ту; кум. тав; карк. тау; хак. тағ; якут. тыа; тува - кижи - тав түрінде кездеседі /9/. Осы формалардың ішіндегі ең көнесі тағ - дағ. Мысалы осы термин тағ түрінде VII ғасырға жататын күл - Тешиннің құрметіне қойылған ескерткіште, Х ғасырдағы «Алтын Ярукута», Х ғасырдағы Махмуд Қашқаридің «Диван - лұғат - ат - тюрк» деген еңбегінде, 1069 жылы жазылған «Құдатқу білікте» ұшырасады.
Осы географиялық тау терминінің алдында анықтауш ретінде келетін қара, көк, ала сөздерінің республика өңерінде қолданылауының да өзіндік ерекшеліктері жоқ емес. Анығырақ айтсақ, ала сөзі оңтүстік өңірлеріндегі аса биік, қысы-жазы басынан қар кетпейтін тауларға байланысты аталса Алатау, қара сөзі - аса биік емес, жақпар тасының түрі қарақоңыр, түрлі ағаш түрлеріне жұтандау тауларға байланысты қолданылады. Ал көк компоненті негізінен баурайына қарағай немесе түрлі ағаш қалың өсетін тауларға орай қолданылады. Бұхар жырау ауданы орониміне қара компоненті ғана тән, ала көк сөздерінен тұратын оронимдер жоқ. Оның себебін бұл өлкеде биік таулар мен баурайында ағаш, талы, терегі мол таулардың ұшыраспауынан деп білеміз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz