Қазақстандағы бахаилік ағымы


ӘЛ- ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
Философия және ғылым методологиясы кафедрасы
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Қазақстандағы Бахаилік Ағымы
Орындаған Абжалов С. У.
(қолы, күні)
Ғылыми жетекшісі:
филос. ғ. д. проф. Орынбеков М. С.
(қолы, күні)
Қорғауға жіберілді: философия
және ғылым методлогиясы
кафедрасының меңгерушісі қ. а.
филос. ғ. к., доцент Затов Қ. А.
(қолы, күні)
АЛМАТЫ 2005
Реферат
Магистрлік диссертация жұмысы дінтану саласынан жазылған.
Тақырыбы: “ Қазақстандағы Бахаилік ағымы ”
Зерттеу жұмысының мақсаты :
1. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы Бахаилік ағымының даму ерекшелігін зерттеу.
2. Ислам дінінің тарихында ортаға шығып отырған бұл ағымның исламмен қаншалықты үйлесіп, үйлеспейтіндігін және олардың миссионерлік жұмысының мақсаттары мен міндеттерінің мәнін ашу.
3. Бахаилікті Қазақстандағы жұртшылықтың қабылдау себептерін айқындау және дінді қабылдағандардың интеллектуалдық деңгейлерін көрсету.
Зерттеу жұмысының міндеті:
1. Республикадағы діни жағдайлардың қырлы-сырлы табиғатын ашу. Діни қатынастар еліміздің тағдырына және болашағына зор ықпалын тигізеді. Сондықтан дін мәселесін шешудегі негізгі түйін халықтар арасындағы өзара достық пен түсіністікті сақтау екенін көрсету.
2. Қазақстанда пайда болған жаңа діни ағымдардың бірі болып табылатын Бахаиліктің даму табиғатын ғылыми тұрғыдан талдау. Сенім негіздерін тереңінен зерттеу. Ислам дінінің тарихында ортаға шығып отырған ағым болғандықтан осы діннің негіздерімен салыстыра отырып объективті түрде баға беру.
3. Еліміз демократиялық бағытты ұстануына байланысты Қазақстанда Бахаилер Ұйымы еркін әрекет етуде. Бахаи идеяларында жергілікті халықтарда қалыптасқан көзқарастар мен дәстүрлерге қайшы келетін, патриотизмді, ұлт, отан деген ұғымдарды жоққа шығаратын көзқарастар бар. Зерттеудің маңызды міндеттерінің бірі бахаиліктегі осы көзқарастарды ашып көрсетіп, оның мәнін түсіндіруге талпыныс жасау.
Зерттеу жұмысының жаңалығы:
1. Бахаилік ағымы Қазақстанда пайда болғаннан бері өздерін дербес бір дін ретінде танытуда. Диссертацияда Бахаиліктің ешқандай жеке бір дін емес, керісінше ислам, христиан, иудаизмдегі пікірлерді біріктіргісі келген шииттік секталардың бірі екендігі ғылыми негізде тұжырымдалды.
2. Бұл ағымға кірудің негізгі себептері анықталып, Бахаилердің діни ілімді насихаттау барысында табысқа жетулерінің себептері көрсетілді.
3. Бахаилікті зерттеген орыс ғалымдарымен қатар, түрік және араб зерттеушілерінің еңбектеріндегі ойлар ең алғаш рет қолданылды.
Жұмысты жазу барысында 31 әдебиет қолданылды. Жұмыстың көлемі 66 бет.
Мазмұны
Б
Кіріспе . . . 4-6
1 Бахаилік тарихнамасы . . . 7
1. 1 Бахаиліктің шығуы мен қалыптасуы . . . 7-33
1. 2 Бахаилердің діни ілімі мен ұйымдық құрылымы . . .
- Қазақстандағы Бахаилік ағымы . . .
2. 1 Қазақстанға Бахаи ағымының келу тарихы . . .
2. 2 Қазақстандағы Бахаи сенімі орталықтарының қызметі . . .
2. 3 Қазіргі таңдағы Бахаилік . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі : Соңғы уақыттарда елімізде адамдардың ойы мен санасында әлеуметтік - экономикалық мәселелер бірінші орынға шығып, рухани құндылықтардың кешеуілдеп жатқаны байқалуда. Қоғамда пайда болған осы рухани бостықтың орнын басқа елдерден келген әртүрлі діни идеялар толтыруға тырысып бағуда. Нәтижесіз де емес. Бұл діни идеялардың Қазақстан халықтарының рухани сезімдерімен үйлесетіндері де, үйлеспейтіндері де бар. Сондықтан да дін дегеннің не екенін танып білу әрбір саналы адамға мәдени қажеттілік.
Жүргізілген зерттеулердің көрсеткіші бойынша бүкіл республика территориясында 46 конфессия мен деноминациядан өкілдік танытатын 2192 діни бірлестік әрекет етеді. Соңғы деректер бұл көрсеткішті 2504 ке жеткізіп отыр /1/. Бұл біздің елімізде діндердің түрінің өте көп екндігін дәлелдейді. Қазақстан секілді жас, әрі халық саны да аз мемлекет үшін бұл көрсеткіш қауіпті сияқты. Сонымен қатар осы саны көп діни ошақтардың сапасы қандай екенін, олар қандай идеяларды насихаттайтынын және олардың идеяларын қабылдаушылар кімдер екені көбінесе назардан тыс қалуда. Радио, теледидар және баспасөз арқылы берілетін хабарлар үстірт, тек таныстырумен шектеледі. Еліміздегі діни ахуалды терең ұғынып, оған жан-жақты баға беру дінтанушы ғаллымдардың негізгі міндеті болып табылады.
Діндер тарихына қарайтын болсақ, әлемдік діндердің өз ішінде бірнеше ағымдар мен бағыттарға бөлінгендерін көреміз. Әлемдік діндердің бірі болып табылатын және Қазақстан халқының 70 пайызға жуығы ұстанатын Ислам дінінде жаңадан қалыптасқан діни ағымдар - Халықаралық Бахаи Ұйымы, Ахмадиялық, Ваххабиттік қала берді жекелеген «Тариқаттық пірлердің» пайда болуы халқымыздың әдет - ғұрпына, қоғамымыздың өсіп өркендеуіне кедергі келтіруі ықтимал.
Осындай ағымдардың бірі, тақырыбымызға арқау болып отырған Бахаи ағымы. Бұл ағым өздерін дербес бір дін ретінде есептейді. Оған келтіретін кейбір дәлелдері де бар. Алайда бұл ағымның шығу тарихына қарасақ, онда мұның шииттік ағымның ішінен шыққанын айқын көруге болады.
Қазіргі кезде Қазақстандағы Бахаи Ұйымы жұртшылықтың назарын өзіне әжептеуір аударуда. Бұл ұйым заңды түрде тіркеліп, жұмыс жүргізе бастағаннан бері газет беттерінде, телевизия мен радиодан көрініп жүр. Қалыптасқан көзқарастарға қайшы келетін діни ілімді қабылдаушылардың саны арта түсуде. Сондықтан бұл « дінді » қабылдаушылардың көзқарасын, олардың қоғамдық өмірге араласу деңгейін зерттеп, оған баға беруді кейінге қалдыруға болмайды. Диссертация аталған мәселелердің мәнін ашып, Бахаилікті Қазақстанның рухани өміріндегі жаңа құбылыс ретінде қарастырып жан-жақты мазмұнын айқындауға ұмтылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Бахаиліктің Қазақстан жеріне келу тарихы сонау 1938-39 жылдарға тура келеді. Өйткені осы жылдары Орта Азия мен Кавказ аймақтарында тұратын бахаилерді біздің елдің солтүстік жақтарына жер аударады. Бұл діни ағым Қазақстан жерінде соңғы он жылдықта әрекет етіп келе жатқандықтан бұл тақырыпқа арналған арнайы ғылыми еңбек жоқтың қасы.
Бахаилік жайлы орыс шығыстанушы ғалымдары өз еңбектерінде орын бергенімен арнайы зерттеу жасалмаған. Орыс ғалымдарынан Бахаулла және оның діни іліміне қатысты арнайы зерттеу жасап, еңбек жазған Базиленко И. В болып табылады. Ғалым «Бахаизм: история вероучения (середина XIX- начало XX в) » атты еңбегінде бахаилікті тарихи тұрғыдан қарастырып, әлемдік діндер қатарына енуге ұмтылып жатқан діни - саяси ілім деп айтады.
Бахаилер жайлы түрік дінтанушы ғалымдары өте көп зерттеген. Солардың ішінен E. R Figlali-ның «Babilik ve Bahailik» атты еңбегін ерекше атауға болады. Ғалым бұл ағымды он тоғызыншы ғасырда теріс жолда танытылған тасаввуфтың (суфизм) және шииттіктің негізгі сенімдерінен болған «Махдилік» түсінігінің ортаға шығарған бұзғыншы әрекеті деп танытады.
Отандық ғалымдар арасынан бұл тақырыпты діндер тарихы аясында қарастырған Ғарифолла Есім және Артемьев А. И -лердің еңбектерін атап өтуге болады.
Бахаиліктің Қазақстандағы дамуы жалпы еліміздегі діни жағдаймен тығыз байланысты мәселе. Сондықтан бұл еңбекте «Саясат», «Analytic», «Ақиқат», «Ислам әлемі», «Түркістан», «Егемен Қазақстан», «Алтын Орда» журналдары мен газеттерінде соңғы уақыттарда дін мәселесіне байланысты шыққан мақалалар пайдаланылды. М. Орынбеков, Б. Құдайбергенов, Я. Трофимов т. б авторлардың еңбегі Қазақстандағы діндердің дамуы мен діни қатынастарға, елдің діндарлық деңгейін байқауға көп көмегін тигізеді.
Бахаилік шииттік сектаның ішінен шыққан бір ағым болып табылады. Шииттікке арналған зерттеу жұмыстары өте көп. Диссертацияда түрік және араб тіліндегі әдебиеттер кеңінен қолданылды. Сондай-ақ Бахаиліктің Қазақстандағы жағдайына қатысты Алматы қаласындағы Бахаилердің Ұлттық Рухани Мәжілісінің кітапханасынан алынған деректер қолданылды.
Зерттеудің мақсаттары:
1. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы Бахаилік ағымының даму ерекшелігін зерттеу.
2. Ислам дінінің тарихында ортаға шығып отырған бұл ағымның исламмен қаншалықты үйлесіп, үйлеспейтіндігін және олардың миссионерлік жұмысының мақсаттары мен міндеттерінің мәнін ашу.
3. Бахаилікті Қазақстандағы жұртшылықтың қабылдау себептерін айқындау және дінді қабылдағандардың интеллектуалдық деңгейлерін көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
1. Республикадағы діни жағдайлардың қырлы-сырлы табиғатын ашу. Діни қатынастар еліміздің тағдырына және болашағына зор ықпалын тигізеді. Сондықтан дін мәселесін шешудегі негізгі түйін халықтар арасындағы өзара достық пен түсіністікті сақтау екенін көрсету.
2. Қазақстанда пайда болған жаңа діни ағымдардың бірі болып табылатын Бахаиліктің даму табиғатын ғылыми тұрғыдан талдау. Сенім негіздерін тереңінен зерттеу. Ислам дінінің тарихында ортаға шығып отырған ағым болғандықтан осы діннің негіздерімен салыстыра отырып объективті түрде баға беру.
3. Еліміз демократиялық бағытты ұстануына байланысты Қазақстанда Бахаилер Ұйымы еркін әрекет етуде. Бахаи идеяларында жергілікті халықтарда қалыптасқан көзқарастар мен дәстүрлерге қайшы келетін, патриотизмді, ұлт, отан деген ұғымдарды жоққа шығаратын көзқарастар бар. Зерттеудің маңызды міндеттерінің бірі бахаиліктегі осы көзқарастарды ашып көрсетіп, оның мәнін түсіндіруге талпыныс жасау.
Диссертацияның ғылыми жаңалығы:
1. Бахаилік ағымы Қазақстанда пайда болғаннан бері өздерін дербес бір дін ретінде танытуда. Диссертацияда Бахаиліктің ешқандай жеке бір дін емес, керісінше ислам, христиан, иудаизмдегі пікірлерді біріктіргісі келген шииттік секталардың бірі екендігі ғылыми негізде тұжырымдалды.
2. Бұл ағымға кірудің негізгі себептері анықталып, Бахаилердің діни ілімді насихаттау барысында табысқа жетулерінің себептері көрсетілді.
3. Бахаилікті зерттеген орыс ғалымдарымен қатар, түрік және араб зерттеушілерінің еңбектеріндегі ойлар ең алғаш рет қолданылды.
Диссертацияның қолданыстық маңыздылығы:
Зерттеу жұмысының ғылыми нәтижелері діндер тарихы ғылымының дамуына өз үлесін қосады. Диссертация материалдары мен нәтижелерін жоғары оқу орындарында өтетін дінтану, діндер тарихы курстарын оқыту барысында қолдануға болады.
1 Бахаилік тарихнамасы
1. 1 Бахаиліктің шығуы мен қалыптасуы
ХІX ғасырдың ортасында Ислам мәдениеті мен өркениетінің негізінде дүниеге келген «Бахаи сенімі» 160 жылдық мерзім ішінде шииттік сектадан дербес бір «дін» (өздерін солай есептейді) деңгейіне көтеріліп әлемдік діндермен бәсекелестікте тұрған бір сенім жүйесі болып табылады. Бахаи Шіркеуін көптеген батыс ғалымдары, сондай-ақ Ресей де қазіргі кезде бұларды ең жас әлемдік дін деп есептеуде /2/.
Бұлай аталуына себеп ретінде мына төмендегі мысалдарды беруге болады:
- 1897 жылы атақты орыс шығыстанушысы Георгий Батюшков Европа
Жаршысына (Вестник Европы) : «Секталардың қалыптасуы Персия үшін қалыпты жағдай. Бір ғасырдың ішінде бұл елде екі-үш діни ілім пайда болады және артынан жоғалып жатады. Бабиттер сектасы басқаларына қарағанда мықтырақ болып келді. Қысқа мерзімнің ішінде өздеріне көптеген жақтастар тарта білді.
Бұл сектаны ұстанушылардың саны күн сайын ұлғая түсті. Жағдайдан қауіптенген молдалар және сейіттер жоғарғы биліктегілерді өз айтқандарына иландырып, оларды қуғын-сүргінге ұшыратты. Діндарлардың ықпалымен мемлекет белсенді түрде осы ағымды ұстанушыларды қудалады. Нәтижесінде бұларға сенушілер саны арта түсті. Бұл діни ілім тек Персияның ішінде ғана емес, сонымен қатар Туркия, Индия және Орталық Азияға да тарады /3/».
- «Британ энциклопедиясы» 1988 жылы, яғни 90 жылдан
кейін Бахаи сенімін таралу, жайылу тұрғысынан екінші орындағы әлемдік дін деп айтады /4/.
- Халықаралық Бахаи Ұйымының қоғамдық ақпарат бөлімі берген мәлімдемеде («Бахаи сенімінің әлемдік дін ретінде мойындала бастауы») былай дейді: «ХХІ ғасырдың келуімен Бахаи сенімі өзінің жазбаларымен, заңдары және сенушілер ұйымымен, өзіне тән өмір салттарымен әлемнің барлық бөліктерінде тәуелсіз әлемдік дін ретінде танылып отыр. Бұл дін өзінің ерекшелігімен Шығыс және Батыстың діни қауымдастықтары және басқа да зиялылары тарапынан мойындалып отыр. Ғалымдар бұл тұжырымға тарих, социология және салыстармалы дінтану зерттеулерінің нәтижесіне сүйеніп барып отыр. 180 елдің азаматтық билігі Бахаи институттарының діни сипатын мойындап, оларға заңды түрде тіркеуге тұруларына рұқсат етті. Халықаралық ұйымдар, ұлттық билік органдары мен жергілікті басқару орталықтары, дінаралық топтар мен ұйымдар және азаматтық қоғамдар бұл сенімнің тәуелсіздігін мойындап, оған жоғары баға беріп отыр. Әсіресе жалпы сүйспеншілік, әйелдер қозғалысы, өнегелі білім жайлы қоғам дамуына қосқан үлестері ерекше бағаланып отыр /5/».
Шыны керек, басқа да көзқарастар көп. Кейбір дінтанушылар Бахаи
сенімін Исламдағы реформаторлық қозғалыс ретінде Батыс пен Шығысты үйлестіруге әрекеттенген және уақыт өте келе дербес діни жүйеге айналған сенім деп қарайды. Ал «Великие религии мира» атты еңбектің авторлары Миркина З және Померанец Г. Бахаи сенімін әлі толық қалыптасып үлгермеген, діни ғұрыптары жүйеленбеген бір сенім жүйесі дейді.
Туркиялық исламтанушы ғалым Этхем Рухы Фығлалы да бұл ағымды «Бабилік және Бахаилік он тоғызыншы ғасырда теріс жолда танытылған тасаввуфтың (суфизм) және шииттіктің негізгі сенімдерінен болған «Махдилік»түсінігінің ортаға шығарған бұзғыншы әрекеті /6/ » деп танытады.
Осы секілді әртүрлі сыңаржақты сұрақтарға жауап іздеп көрейік.
19 ғасырдың екінші жартысында көптеген христиандар Иса пайғамбардың қайтып келетіндігіне үлкен үмітпен сенетін еді. Бұл мәселе «Жаңа өсиеттің» кейбір мәтіндерінде де түсіндірілген болатын. Лұқа жазған хабарда бұл туралы былай дейді: «Сол уақытта олар менің Билеуші ретінде ғаламат құдыретпен, салтанатты ұлылықпен бір бұлтта келе жатқанымды көреді. Сендер бұл оқиғалар бола бастаған кезде бастарыңды көтеріп, жоғары қараңдар, себебі құтқарылуларың жақын!-деді Иса. Содан кейін тыңдап тұрғандарға мына болашақтағы жағдайды түсіндірді:
-Інжіл ағашы мен барлық басқа ағаштарға қараңдар: жапырақтарының шыға бастағанын көргенде жаздың таяп қалғанын білесіңдер. Сол сияқты сендер осы оқиғалардың болып жатқанын көргенде Құдай Патшалығының жер бетінде орнайтын кезінің таяп қалғанын білетін боласыңдар. Сендерге шындығын айтайын: осы ұрпақ өлмей тұрып-ақ мұның бәрі іске асады. Аспан мен жер жойылатын болады, бірақ Менің сөздерім еш жойылмайды. Алайда өздеріңе сақ болыңдар: той-думан жасап, мас болып немесе күнделікті тұрмысты ұайымдап, жүректерің шеменденіп кетпесін! Әйтпесе Менің қайта оралатын күнім сендерге қапылыста келеді. Себебі сол күн жер бетінде тұрғандардың бәрінің басына түскен тор сияқты кенеттен туа қалады. Алдағы осы апаттардан құтылып, Билеуші ретінде келген Менің алдыма тұра алу үшін әрқашан сергек болып, сиынып мінәжат етіңдер!» /7/
Исаның қайта келіп әділеттілікті орнататынынан үміткерлер қарапайым христиандар болатын. Европа және Америкада бұл оқиғалар сол кезде айқын көрінетін. Дінге бет бұрған неміс ұлтының кейбір адамдары өз отандарын тастап, Кармель тау беткейлерінде Исаның келуін тосты /8/.
Бұл оқиға Батыста болып жатқан кезде, Иисустың қайта тірілуі Шығыста 1844 жылы Шираз қаласындағы Сейіт Али Мұхаммед атты кісінің келуімен орындалды дейді.
Бахаи дінінің негізін қалаушы Сейіт Али Мұхаммед (1819-1850) араб тілінен аударғанда «Күткен имамға ашылған қақпа» деген мағынаға келетін «Баб» деген лақаб атпен танымал кісі. Ол Иранда 1819 жылы 20 қазанда дүниеге келген. Кейбір деректер бойынша Мұхаммед пайғамбардың ұрпағы болып келеді. Оның әкесі ірі саудагер болатын. Баласы дүниеге келгесін біршама уақыттан кейін қайтыс болып кетеді. Али Мұхаммед нағашыларының қолында тәрбиеленеді. Бұл жерде ол сол кезеңге сай қарапайым білім алады. 22 Мамыр 1844 жылы Шираз қаласында Сейіт Али Мухаммад өзінің уәде етілген адам екендігін мәлімдеген. Ол былай деп мәлімдеме жасады: «Ей! Маған алғаш сенуші адам!-осы сөздерді ол Мулла Хусейінге айтты- Шын айтам! Мен Бабпын. Мен Құдайдың есігімін (қақпасымын) . Он сегіз адам әуелі мені мойындауы қажет. Өздіктерінен, жүректерінің қалауымен. Содан кейін олар бір-біріне тәуелсіз, маған қарай келетін жолды табады» /9/.
Баб өзін Мұхаммед пайғамбар айтып кеткен «Махди» екендігін айтып жариялады. Негізінде Иранда «Исна ашария» (12 имам) ағымы бар. Бұл ағымда «ғайып болған имам» (Махди) деген сенім бар. Сол үшінде Сейіт Али Мұхаммед осы ғайып имамды күтіп жүрген халыққа өзінің сол (Махди) екендігін жариялады. Осы түсінік арқылы өз алдына бір ұйым құрды. Оған «Бабилер» есімін берді.
XIX ғасырдың екінші жартысында Иран әлеуметтік - экономикалық, саяси және рухани жағынан құлдырауға ұшшыраған, артта қалып кеткен феодалдық мемлекеттің кейпінде еді. Бұл қлыраудың сыртқы саяси себептеріне орыс-иран соғыстары (1804-1813, 1826-1828 ) , Ауғанстан, Туркия және Орта Азия хандықтарымен арадағы шекара даулары, сондай-ақ Ресей мен Ұлыбританияның ықпалынсыз дербес саясат жүргізе алмаулары жатады. Елдің ішкі жағдайына келетін болсақ, сепаратистік сипаттағы феодал ақсүйектердің көтерілістерін айтуға болады. Олар көбіне өз жағына көшпенді тайпалар мен басыбайлы шаруаларды тартатын.
Иранның әскери жағынан әлсіздігі, сыртқы жаулардан күйрей жеңілуі, мемлекеттік аппарат пен армияның іштегі шаруалар көтерілісін басуда және қаладағы кедейшілікті шешуде дәрменсіз болуының себебі елдің әлеуметтік-экономикалық жағынан артта қалып кетуімен байланысты болып табылады /10/.
Жалпы алғанда Иран 19 ғасырда Англия, Франция және Ресейдің экономикалық, әскери және саяси әсерінің нәтижесінде қатты әлеуметтік, экономикалық және саяси құлдырауды бастан өткеруде болатын. Бұл жағдай тарих бойына белгілі болғандай бұқара халықтың өздерін осындай қиын-қыстау жағдайдан алып шығатын құтқарушыны аңсауларына жаңа бір жол ашып берді. Әсіресе бұл жол, бұл қақпа Махдилік сенімі түрінде, Имамия Шииттігіне тән адамдар үшін шииттіктің негізгі кілті қызметін атқарды.
Тақырыпты кеңінен ашу мақсатында Шииттіктегі Махди сеніміне тоқталып өту керек. Имамия шииттігі Ислами өмірдің тек қана Құран-Кәрімде айтылған, Мұхаммед пайғамбардың сүннетіне және Али мен Фатиманың ұлдарынан келген он екі имамның сөздерімен мүмкін болатындығына сенеді. Басқаша айтатын болсақ иман, имамдарға сенумен толықтырылады (тәмәмдалады) . Осы тұрғыдан Имамия шиитері пайғамбарлықтың Алладан берілген бір сый екендігіне сенсе, әр ғасырда пайғамбардың міндеттерімен міндеттелген, адамдарды дұрыс жолға салуды мойнына алған бір Имамның да бар екендігіне сенеді. Олардың ойынша бұл имам адамдардың дін және дүниелік істерін реттеуде, араларындағы зұлымдық пен дұшпандықты жойып, әділеттілікті орнатуда пайғамбардың орынбасарлық қызметіне лайық болып табылады. Осы тұрғыдан имамдық пайғамбарлықтың жалғасы болып есептеледі. Пайғамбарларды жіберу үлкен бір сый болғаны сияқты пайғамбардан кейін орнына имам тағайындау да үлкен сый және Алла Тағалаға бұл іс уәжіп (міндет) болып табылады. Имамдық Алла Тағаланың кітабы (Құран) немесе сол имамнан бұрынғы имамның (пайғамбардың) айтуымен жүзеге асады. Адамдардың таңдауы және қалауымен болмайды. Хазіреті Мұхаммед пайғамбар да Алланың аянымен Алиді халифа (орынбасар) етіп тағайындады. Мұны ол өзінің күйеу баласы болғаны үшін емес, Алланың үкімін атқарушы болғандығы үшін жасады.
Екінші бір жағынан Али және оның ізін қуушы он бір имам, Алланың өздеріне бағынуын әмір еткен тұлғалары болып табылады. Имамдар оның (Алланың) әмірлерін түсіндіруші жердегі өкілдері. Олар қателесуден және күнә жасаудан сақтандырылған. Сонымен қатар бұл адамдар шариғаттың қорғаушысы әрі халық арасында таратушы болғандықтан, бұлар мен пайғамбар арасында бір айырмашылық жоқ. Имамдар мен пайғамбарлар арасындағы жалғыз айырмашылық, пайғамбардың Алладан уахи (хабар) алуы, ал имамның болса әмірлер мен тиымдарды пайғамбар арқылы игеруінде /11/.
Махди туралы сунниттік ислам ғалымдары да әртүрлі көзқараста. Абдуллаһ бин Мәсғудтан риуаят бойынша Расулуллаһ (Мухаммед) былай деген: «Әлемнің бір күндік өмірі қалса да Аллаһ ол күнді ұзатып, менің бір адамымды сол күні жібереді. Яғни, Әһли-бәйтімнен біреуді жібереді. Бұл кісінің аты менің атыма ұқсас, әкесінің есімі әкемнң есіміне сәйкес келеді. Ол адам жер бетіндегі зұлымдықты жойып, орнына әділеттілікті орнатады», (Әбу Дауд, Тирмизи, Фитән 52) .
Умму Сәләмәдан риуаят бойынша Расулуллаһ былай деген: «Мәһди менің ұрпағымнан, қызым Фатиманың балаларынан келеді», (Әбу Дауд, Мәһди 1, 4284) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz