Кәсіпкерлік және кәсіпкерлік қызметтің теориялық негіздері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1Кәсіпкерлік ілімінің қалыптасуы мен даму ерекшеліктері . . . 5
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
2. 1Қазақстандағы кәсіпкерлік және кәсіпкерлік қызметтің ерекшеліктері . . . 26
2. 2 Қазақстандағы кәсіпкерлік бәсекелестіктің іс-әрекеті . . . 35
2. 3 Кәсіпкерлік қызмет туралы нормативті құқықтық жүйе . . . 41
2. 4 Кәсіпкерлік қызмет аймақтық құрылымының қалыптасу ерекшеліктері . . . 49
ҚОРЫТЫНДЫ. . . . 55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 57
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде әлемдік және отандық экономикада терең әлеуметтік -- экономикалық өзгерістер орын алуда. Кәсіпкерлік теориясы мен қазіргі тәжірбиесіне ғылыми тұрғыдан талдау жасау, қолдану, міндетті түрде Қазақстан экономикасын одан әрі дамытып жетілдіретіні сөзсіз. Кәсіпкерлік - бұл коммерцияның табысқа жетуді көздейтін іс-әрекет, кәсіпкер кәсіпорынды иемденетін адам, немесе иемденушінің атынан кәсіпорынның жұмыстарын басқаратын өкілетті менеджер ретінде қарастырылады.
Кәсіпкерлік қызметті зерттеу проблемаларының маңыздылығы мен өзектілігі - теориялық негіздеріне кәсіпкерліктің алғашқы атауынан бастап, қазіргі кездегі ғылыми сараптамалардан өткізіп басты қызметтерімен, ерекшеліктеріне сипаттамалар жасалды. ХVІІІ ғасырдан бастап көрнекті ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп, негізгі концепцияларына көңіл бөлінді. Атап айтасқ, Р. Контиллион, Н. Баум, Ж. Б. Сэй, А. Смит, Дж. Кларк, А. Маршал, және Д. Шумпетердің жетістіктеріне тоқталдық. Кәсіпкерлік қызмет қазіргі кезде басты өзекті мәселелердің бірі, себебі кез-келген ұлттық экономиканың дамуын қамтамасыз ететін негізгі өндіруші күш деп атауға болады. Кәсіпкерлік қызметі капитал мен еңбекті айналысқа келтіру негізінде жоспарды жасап, оны келешекте орындау іс-шараларын егжей-тегдейлі көрсетілді. Кәсіпкерлік қызметтің мәні - өндіргіш күштерді жаңадан, қайта ұйымдастырып, құрамдастыруы жайында қарастырылады. Сонымен қатар теориялық мәселеде кәсіпкерліктің негізгі формаларын анықтап, олар қызметтері мен операциялары жайында жан-жақта көрсетіледі, талданады. Мысалы, коммерциялық кәсіпкерлік қызметі, өндірістік кәсіпкерлік қызметі, қызмет көрсету, инновациялық, өндірістік тұтыну және ақпараттық қызмет түрлерінің тармақтарына бөлінді.
Кәсіпкерлік қызметінің мақсаты - Кәсіпкерлік қызметінің мақсаты-теоретикалық өңдеулерге талдау жасау арқылы қазіргі кездегі кәсіпкерлік қызметінің ерекшеліктерін, артықшылықтары мен кемшіліетерін баға беру болып табылады. Кәсіпкерлік қызметі, іс-әрекеті, дамуы, бәсекелік аясына байланысты маңыздылықтарына сипаттама жасалады. Қазақстандағы кәсіпкерлік қызмет жағдайы жайында ерте заманан бастап, әйгілі Жібек жолындағы халықаралық сауданың роліне, орта ғасырдың кәсіпкерлік ерекшеліктерін қамтып, қазіргі уақыттағы шағын, орта және ірі бизнестің даму сипатын анықтап талдау жасалды. Он жыл бойы белсенді мемлекеттік қолдау отандық кәсіпкерліктің сандық іргетасын қалауға мүмкіндік берді, дегенмен бизнестің толыққанды саналы дамуына әлі де болса ойдағыдай жетістіктерге шет қойған жоқ. Ағымдағы жағдайда мемлекеттің стратегиясының мақсаттары тұрғысынан кәсіпкерлікті дамытудың жаңа кезеңіне өтудің мүмкіндігі туып отыр. т Сондай-ақ, әлемдік тәжірбиеге көңіл бөліп кәсіпкерлікті дамытудың оң салдарын іздеп, жан-жақты тиімді жолдарын іздестірудеміз. Қазіргі кездегі экономикалық жетістіктеріне кәсіпкерліктің үлесі де баршылық.
Кәсіпкерлік қызметінің зерттеу нысаны және пәні - капитализм жүйесінің пайда болуынан бастап байлыққа деген ұмтылыс, шексіз пайданы алуға ынта тудырды. Кәсіпкерлердің іс-әрекеті мәдени шеңберге ие бола отырып, мамандандырылыған сипатқа ие болды. ХІV ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болып, акцинерлік қоғамдар құрыла бастады. Сауда қатынастары әлемде кеңінен таралып дамыды. Шағын жәнет орта бизнес арасындағы айырмашылық ұлғайды. Жалпы осы кезеңнен бастап, максмалды пайда болу мотиві күшейді. Жаңа мамандар-жетекші менеджер және ірі өндірісті ұйымдастырушы мамандықтар қалыптасты. Экономистер, қаржыгерлер, бухгалтерлер, заңгерлер, конструкторлар, технологтар мамандықтары пайда болды.
Қазіргі уақытта шағын, орта және ірі бизнес даму үстінде, жылдан-жылға кәсіпкерлер қызметінің саны артып келеді. Кәсіпкерлік қызметтің дамуындағы теориялық консепциялар отандық ғалымдардың еңбектерінде жиі кездеседі, атап айтсақ академик Шеденов Ө. Қ., профессор Искалиев М. Е., профессор Жатқанбаев Е. Б., профессор Елемесов және тағы басқалар. Кәсіпкерлік қызмет көрсетуде мемлекетімізде өте қолайлы жағдайлар және жеңілдіктер жасалған, тек әрине әлі де болса әкімшілдік-әміршілдік жүйенің осы саланың қарқынды дамуына кедергілердің бар екені белгілі. Қазақстан қысқа мерзім ішінде нарықтық қатынасқа бейімделіп, өз беделін көтере бастады. Қазір тек Қазақстан аумағы ғана емес, ТМД елдерінің аумақтарында қаржыларын салып, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыра бастады. Ал, сонымен бірге ҚР аумағында шетел капиталы қатысқан кәсіпорындарының қызметі Еуропа, Азия, Америка елдерінің капиталымен де жүзеге асырылып отыр.
1 КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Кәсіпкерлік ілімінің қалыптасуы мен даму ерекшеліктері
Кәсіпкерліктің мәнін түсіну үшін, ең алдымен бұл сөздің этимологиясын және даму эволюциясын зерттеуден бас тарту керек. Кәсіпкерлік түрлі елдерде және түрлі халықтарды соңғы 800 жыл бойы әр түрлі түсінікті иемленеді. Француз сөзі «Enterprendre» ХІІ және ХV ғасырларда «бар нәрсені жасау» дегенді білдірсе, Англияда ХV ғасырдан бастап кәсіпкерлікке жақын келесі көрсетілгендей түсініктер қоланылды: «merchant» - саудагер, «adventure» - тәуекелге барушы адам, «undertaker» - міндеттерді өзіне алушы тұлға. [13-136б]
Кәсіпкерліктің тарихы орта ғасырлардан басталады. Осы кезеңнен бастап саудагерлер, қолөнершілер, көпестер, миссионерлер өздерін кәсіпкер ретінде көрсете білді. Капитализмнің пайда болуынан бастап байлыққа деген ұмтылыс шексіз пайданы алуға ынта тудырды. Кәсіпкерліктің іс-әрекеті мәдени шеңберге ие бола отырып, мамандандырылған сипатқа ие болды. Көп жағдайларда кәсіпкерлер өндіріс құралдарының иесі бола отырып, өз фабрикаларында, зауыттарында өздері қызмет жасады.
ХІV ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болып, акционерлік қғамдар пайда құрыла бастады. Бірінші акционерлік компаниялар халықаралық сауда саласында қалыптасты. Ең бірінші 1554 жылы Ресеймен сауда қатынастарын жүргізу үшін ағылшын сауда компаниясы қалыптасты. Кейінірек, Гудзон шығанағымен сауда жасаған ағылшын және голландия компанияларының құрылуына алып келді. Осыдан кейін шарушылықтың акционерлік формасы экономиканың басқа салаларына ене бастады.
ХVІІ ғасырдың аяғында бірінші акционерлік банктер қалыптасты. Осылай 1694 жылы акционерлік бастамалар негізінде Ағылшын банкі, 1695 жылы Шотландия банкі құрылды. ХVІІІ ғасырдың аяғы, ХІХ ғасырдың басында банктік істің акционерлік формасын жүргізу көптеген мемлекеттерде кеңінен дами бастады. Бұндай жағдайларда ұсақ фирмаларға өмір сүру қиынға соғып, орта және ірі фирмалар пайда болды. Соның негізінде максималды пайда табу мотиві күшейді. Осы кезеңде жаңа мамандықтар - жетекші менеджер және ірі өндіріс ұйымдастырушы мамандықтары қалыптасты. Алғашқы кезде бір жаққа жинақталған кәсіпкерлік функциялар мамандандырылған бағытқа бөлінеді. Экономистер, қаржыгерлер, бухгалтерлер, заңгерлер, конструкторлар, технологтар, мамандықтары пайда бола бастады. Олардың бәрінен болып, олар көптеген қызмететрден босатылып, өндірісті басқаруға және ұйымдастыруға тоқталған.
Кәсіпкерлік концепциясының теориясын 1-ші болып Ричард Кантиллион 1725-1730 жылдары өз еңбектерінде сипаттады. Соңғы 250 жыл арасында кәсіпкерлік теориясы түрлі ғалымдар мен экономистер еңбегінде бейнеленіп, ақырында олар кәсіпкерлікті -- адамның тәуелділікпен инновацияға сай бейімділігі емес, бұл одан да көп мағынаға ие жаңа бір кәсіпорынды құру деп ақырғы бір тұжырымға тоқталды.
Бастапқы «кәсіпкерлік» термині тәуекел сөзімен, ал кәсіпкер тауарды өндіру және сатумен байланысты тәуекелділік пен жауапкершілікті өзіне алатын адаммен байланыстырылды. Мысалы, 1725 жылы Р. Кантиллион кәсіпкерлік тұрғысндағы тәуелділікті өзіне міндеттеумен байланыстырып, сонымен ол капиталды салушы, өзінің жеке еңбегін және ресурстарын пайдаланушы кәсіпкер деп айыра білді. Ол кәсіпкерді өзіне жұмыс орнын жасай алатын адаммен байланыстырды. Қашан адамды өзінің жұмысындағы нақты еңбек ақысы қанағаттандырмаған жағдайда, ол өзінің идеяларын жүзеге асыратын жолдарды іздей бастайды, ақыр соңында ол кәсіпкер бола бастайды. Кантиллионның ойы б ойынша кәсіпкер мен жұмысшы арасындағы басты айырмашылық, бұл - кәсіпкерлер белгісіз жағдайда жұмыс істеуінде дейді. [12-64б]
ХVІІі ғасырдың ІІ жартысындағы физиократтар және олардың танымал өкілі Квисней - кәсіпкерлік концепциясын кеңейте білді. Олар Кантиллион сияқты кәсіпкерлікті белгісіздікті тасушылар және бұл анықтамаға өндіріс ресурстарды иемдену керек екенін, оларды біріктіріп ары қарай дамытты. Олардың түсінігінше кәсіпкер жаңа әдістерді енгізу және жаңа өткізу рыноктарын іздеу арқылы өнімнің өндірісін ұйымдастырушы тұлға.
Екінші физиократ Николас Бауле (1767) өндірістік топтың және фермерлердің инновациялық менеджментке, яғни жаңалықтарды ойлап табуға жақын болуы деді. Бауле әрқашан еңбек өнімділігінің арттыруына технология мен ғылымның маңыздылығына көңіл аударды. Ол кәсіпкер мен меншік арасында айырмашылық бар екенін түсінді. Меншік иелері кәсіпкерлерді капиталмен қамтамасыз ете отырып, ал соңғылары бұл қаржыларды ресурстар мен жұмысшылардың еңбек ақысын төлеуге жәберу арқылы тәуелділікті өз басына алатындар деп тұжырымдады. Ол өзінің еңбектерінде, басқаруда жаңашылдықты қолдануды дәлелдеп, сонымен қатар білім ғана тәуелділікті төмендете алады деді.
Кейінірек, ХVІІІ ғасырдың аяғы - ХІХ ғасырдың басында танымал француз экономисті Жан Батист Сэй (1767-1832ж. ж) өзінің «Саяси экономиканың трактаты» (1803 ж) атты еңбегінде кәсіпкерлік қызметтің анықтамасын үш классикалық өндіріс факторларымен - жердің, капиталдың, еңбектің бірігуімен байланыстырды. Сонымен қатар, ол «ағылшын кәсіпкерлерінің дарындылығы» - Англия өнеркәсібінің дамуының бірден-бір факторы деп атайды. Сэйдің пікір бойынша кәсіпкер немесе өндіріс шеберлері келесідей қасиеттерді және сапаны иемденуі тиіс:
- олар төлем қабілетті, тұрақты, парасатты, мұқиятты боуы тіис;
- олар капиталды қарыз түрінде тартып, уақытында несиеніқайтаруы тиіс;
- олар бизнесте әділетті, бизнес ақпаратынан хабардар, өжеттілік сияқты моральдік қасиеттерді өзіне біріктіруі тиіс;
- олар қандай да тауар ерекшелігін, маңыздылығын және болжанатын сұраныс пен өндіріс әдістерін нақты бағалуы тиіс;
- бір уақытта олар жұмыс күшін, керек құрал-жабдықтарды, тауарларды сатып алатын тұтынушыларды тауып, оларды бір жүйеге біріктіріп, сонымен қатар экономикалық көрсеткіштерді бақылау мен қойылған мақсаттарға жетуге тырысу керек . Басқаша сөзбен айтқанда олар басқару мен әкімшіліктендіру өнерін иемдену керек;
- олар өнімді рынокта сатудың бұрын оның бағасы мен құнын дұрыс есептеуді білу керек.
Сэйдің негізгі тезисі өнімді шығарудағы кәсіпкерлердің басымды рөлін мойындауда. Сэйдің ойынша, кәсіпкердің табысы мен еңбегі үшін марапат, өндірісті ұйымдастыра білу және тауар өткізу, «тәртіптің рухын» қамтамасыз ету болып табылады.
Оның айтуынша, кәсіпкер - бұл өзіне және белгілі бір тауар өндіруде тәуекелділікті қолына алатын адам.
Өкінішке орай, экономикалық ғылымның негізін қалаушылар - классиктер - кәсіпкердің тұлғасына онша көңіл бөлмегенін айта кеткен жөн. Кәсіпкерлік қызмет олардың ғылыми анализінің пәні болған жоқ. Ағылшынның экономист - ғалымдары Адам Смит (1723-1790ж. ж. ) және Давид Рикардо (1772-1823ж. ж. ) экономиканы өзін-өзі реттейтін механизм ретінде көрді. Бұндай механизмде шығармашылық кәсіпкерлікке орын табылмады. Бірақ, А. Смит өзінің «Халық байлықтарының табиғаты мен себептерін зерттеу» атты негізгі еңбегінде кәсіпкердің сипатына көңіл бөлген. А. Смиттің ойынша, кәсіпкер капиталдың иесі бола тұрып, белгілі-бір коммерциялық ойды жүзеге асыру үшін және пайда табу мақсатында тәуекелділікке барады, өйткені қандай да бір қызметке капиталды салудың өзі белгілі бір тәуекел элементінен тұрады. Кәсіпкерлік пайда, А. Смиттің ойынша, бұл тәуекелге барғаны үшін компенсация болып табылады. Кәсіпкер өзі жоспарлайды, өндірісті өзі ұйымдастырады, еңбекті бөлумен байланысты пайданы жүзеге асырады, сонымен қатар өндірістік қызметтің нәтижесінде билік етеді. [16-105б]
Давид Рикардо капитализмде - абсолюттік табиғи, жойылмайтын өндіріс әдісін көрді, ал кәсіпкерлік қызметті тиімді шаруашылықтың міндетті элементі ретінде қарастырады.
К. Маркстің экономикалық теориясының негізінде кәсіпкер капиталист-эксплуататор ретінде көрсетілген.
Американдық экономист Дж. Б. Кларк (1847-1938ж. ж. ) Сэйдің «үш біріккен формуласын» біршама өзгертті. Оның ойынша, өндірістік процесте әрдайым 4 фактор қатысып отырады:
- капитал;
- капиталдың игіліктік пен өндірістік құралдары және жер;
- кәсіпкердің қызметі;
- жұмысшының еңбегі;
Осылай бола тұра әр факторға өндіріс табысының арнайы бөлігі керек:
Капитал - капиталистке пайыз әкеледі, капиталдық игілік - рентаны, капиталистің кәсіпкерлік қызметі - пайда әкеледі, ал жұмысшы еңбегі - оған жалақыны қамтамасыз етеді. Басқа сөзбен айтқанда:
Еркін бәсеке еңбекке - еңбекпен жасалатынды, капиталистке - капиталистпен жасалатындаы беруге ұмтылады деп жазған. Осы кезеңде кәсіпкерлер қызметін американдық экономист Дж. Б. Кларк осылай түсінген.
Кәсіпкердің шешім қабылдау концепциясына өз еңбегін сіңірген Карл Менеджер (1871) болды. Ол субъективті австриялық экономикалық мектептің негізін салушылардың бірі. Ол кәсіпкер қызметінлегі нақты тәуекелділікті кәсіпкердің өзі қабылдауы өте үлкен мәнге ие емес. «Тәуекелділік - бұл сирек кездесетін құбылыстар болып табылады», -деп тұжырымдайды. Менеджер өндіретін өнім түрін таңдаумен, керек ресурстарды табуға кәсіпкердің шешім қабылдау процесін 4 кезеңмен бөліп көрсетті:
а) экономикалық жағдайлар туралы мәліметтер жинау;
б) экономикалық есеп (түрлі варианттар ішінен тиімді өндіріс әдісін таңдау) ;
б) кәсіпорынның мақсатына сай келетін тауар өндіру;
в) негізгі экономикалық нәтижелерге жету үшін өндірістік жоспардың орындалуын қадағалау.
Француз экономисті А. Маршалл (1907-1968ж. ж. ) Бірінші болып жоғарыда айтылған үш классикалық саяси экономияның өндіріс факторларына «жер, капитал, еңбек) төртінші фактор - ұйымдастыруды қосты. Ол бірінші болып менеджер мен кәсіпкер арасындағы айырмашылықты дәлелдеді. Осы кезден бастап кәсіпкерлік түсінігі, сонымен қатар оның функциялары кеңейе түсті. Менеджер - кәсіпорындағы ең басты функцияны атқарса, кәсіпкер бизнестің сәтті болуына байланысты барлық жауапкершілік пен тәуекелділікті өз мойнына алушы тұлға болып табылады. Сондықтан ол менеджерге және кәсіпкер тән қасиеттерді иемденуі керек.
Сонымен қатар А. Маршалл мінсіз кәсіпкерді сипаттайтын қасиеттердің көп болуын ескеріп. Тек кәсіпкерлердің кейбіреулері ғана бұл қасиеттерді иемдене алады деп тұжырымға келеді.
Негізінде кәсіпкерлер кейбір кезде өте күшті, кейбір кезде керісінше, бірақ кәсіпкерлердің басты міндеті капитал мен еңбекті айналысқа келтіру негізінде жоспар жасап, оны келешекте орындау іс-шараларын егжейлі-тегжейлі көрсету болып табылады. Кәсіпорын өскен сайын, кәсіпкерлік қабілет те арта түсу керек, сонымен қатар ол өзінің қайсарлығын, бірегейлігін, сан қырлылығын, бастамашыл іс-әрекеттерге дайындығын өн бойына жинақтап, сақтап қалған жағдайда ғана, ол әмбебап та, сәттілікті кәсіпкер болып қала алады. [18-33б]
Орта ғасырдың менеджмент тарихын зерттеген маман Джозеф Шумпетерді (1910 ж. ) қазіргі кәсіпкерліктің атасы деп те атайды. Шумпетер өз оқуларында қызмет етіп жатқан бизнесті тек қана басқара алатын менеджер ретіндегі кәсіпкер бейнесіне ауытқып кеткен. Кәсіпкердің мәні өндіргіш күштерді жаңадан (қайта) ұйымдастырып, құрамдастырады. Ал осы өндірігіш күштердің қозғалысы, өз кезегінде, жалпы экономикалық қозғалысқа немесе кәсіпкерлік циклдарының жылдамдауына әкеліп соғады. Шумпетер кәсіпкерлік іс-әрекетте қолданатын келесі бағыттарды. (немесе олардың жиынтығын) анықтайды:
- жаңа тауар мен қызметкөрсетулер;
- Кәсіпкерлердің жаңа әдістері;
- өткізудің жаңа рыноктары;
- жабдықтаудың жаңа көздері;
- ұйымдастырудың жаңа формалары (нысандары) .
Д. Шумпетер кәсіпкерлерді жай алып сатарлар мен инвесторлардан ерекшеленетін - әлеметтік-экономикалық жаңашылы деп атайды. Олар (кәсіпкерлер) әр түрлі бағыттар мен құрамдастарды біріктіріп жаңа бизнесті құрады.
Шумпетер әр түрлі материалдар, өндіріс құрал-жабдықтарының жай жинақтарымен тұжырымдалмайтын кәсіпкерлік еңбегінің ерекшелігін көрсетеді. Ал бұл ерекшелік мынадай:
- жаңа тауарлар мен қызмет көрсетулерді;
- өндірістің жаңа әдістерін;
- жаңа өткізу рыноктарын;
- жабдықтаудың жаңа көздерін;
- ұйымдастырудың жаңа формаларын табу;
және енгізу арқылы әр түрлі материалдар мен өндіріс құрал-жабдықтарын тиімді қолдану. Соның негізінде олар өзінің еңбегімен пайданы жасап шығарады және бұл пайда қазіргі кезде кәсіпкердің пайдасыдеп те аталады.
Франк Найт (1921ж. ) кәсіпкерлік қызметтің ең басты ерекше белгісі болып, бұның болашағы белгісіз жағдайларда жұмыс істеуі. Ф. Найттың пікірі бойынша кәсіпкер - әрқашан өз позициясын берік ұстап, осы арқылы түрлі жолында кездескен тосқауылдарды батыл түрде жеңіп өтуді мақсат етіп қойған адам. Найт кәсіпкердің қызметін жалпы сипатта бейнелеп ұйымдастыруына және бақылау қызметтеріне орындайтын менеджерден тұратын, меншігінде кәсіпорын мен капиталды иемденетін меншігі болуы тиіс. Ф. Найттың пікірі бойынша кәсіпкерліктің мәні нақты қызметтерді орындауда және кәсіпорынды құруда емес, керісінше болашағы белгісіз жағдайларда жұмыс істеумен сыртқы ортаның өзгеруіне тез арада жауап қайтару болып табылады. Кәсіпкер өз кәсіпорнының пайдасын арттыру мақсатында өзінің капиталымен ақталған тәуекелдікке баруға дайын болу керек. [4-23б]
Енді осы заманға авторлар позициясынан кәсіпкерлік теориясын қарастырсақ, ең бірінші Давид Маккеланд (1961ж. ) қарап өткеніміз жөн. Ол кәсіпкерге келесідей сипаттамалар береді:
- ақталған тәуекелге бару шеберлігі;
- жігерлілігі мен жасампаздық белсенділігі;
- өзіндік және дербес жауапкершілігі;
- қабылдаған шешімдерінің салдарын білу;
- келешектегі сыртқы орта өзгерістерін болжап білу;
- ұйымдастырушылық шеберлігі.
Питер Друкер (1964ж. ) кәсіпорынды ұйымдастыру мүмкіндігі түсінігін экономика ғылымына бірінші болып енгізді. Жаңа кәсіпорынға ресурстарды іздеу мен оларды орналастырудан бұрын бизнестің дамуына қолайлы мүмкіндіктерді иелену керек. Экономистер кәсіпорынның пайдасын арттыруды айтады. Керісінше пайданы алу үшін мүмкіндіктерді арттыру туралды сөз болып отыр. Бизнеске қолайлы мүмкіндіктерді іздеу кәсіпкер қызметініің негізі болып табылады, нәтижесінде кәсіпкер нәтижелілігі төмен сферадан жоғары нәтиже беретін сфераларға өз ресурсатырн ауыстырады. Кәсіпкерлік қызметінің ерекшелігі бұл - жоғарға нәтижені кәсіпорындарды құру қабілеттілігінің байланыстырады.
Харви Либенстейн (1978 ж. ) кәсіпкерлік белсенділігінің екі түрін қарастырады:
- қызметтің бірінші түрі - менеджментке сай күнделкті атқаратын қызметтерді орындаумен байланысты болса, екіншісі - инновациялық қызмет түрі.
- Бірінші қызмет түрі қалыптасқан және толық зерттелген рыноктық ортада қызмет ететін кәсіпорындарды басқаруды білдіреді.
- Инновациялық қызмет жаңа рыноктардың шарттарында жұмыс істеу мен тауарлардың және қызметкөрсетулердің жаңа түрлерін шығарумен байланысты кәсіпкерлік әр түрлі рыноктық жағдайларда тиімді қызмет ете білуі тиіс.
- кәсіпкерлік қызметтің негізгі субъектісі болып - кәсіпкер саналады. Сонымен қатар тұтынушылар, мемлекет, жалдамалы жұмысшы және бизнестегі серіктестері болып табылады.
- кәсіпкерлік қызметте маңызды орынды объект иемденеді. Өйткені объект пен кәсіпкерлік идеясы болып табылады.
Қорыта айтқанда, кәсіпкерлік қызметінің объектісі бұл - тауар, өнім, қызмет және тағы басқалар болып табылады, яғни кімнің де болса қажеттілігін қанағаттандыратын және рынокқа тұтыну, қолдану, сатып алу үшін ұсынылады.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРІ
2. 1 Қазақстандағы кәсіпкерлік және кәсіпкерлік қызметінің ерекшеліктері
Қазақстандағы кәсіпкерлік жағдайына келсек, мұнда бұл сала тарихи ерте заманда пайда болған. Ежелгі түрік дәуірінде Жетісу қаласы тек аялдау орны ғана емес, сонымен қатар, мұнда сауда және қолөнер орталықтары болған.
ХІІІ ғасыр мен ХV ғасырдың алғашқы ширегінде Оңтүстік Қазақстан территориясы арқылы сауда қызметінің дамуында маңызды рөл атқарған Батыс-Шығыс халықаралық сауда жолы өткен.
ХVІІІ ғасырда қазақтар Орта Азия, Ресей, Қытай, Иран патшалықтарымен - мал, жылқы, тері жүн және аң аулау бұйымдарымен сауда жасаған. Қазақ жерлері арқылы Орта Азиядан Ресейге керуендер жөнелтілген. Орынбор, Тобыл, Семей арқылы сауда жасау өте маңызды болған.
ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында тұз табумен айналысу, тау-кен ісі дами бастады. Сонымен қатар, мыс, қалайы, күміс, тас көмір қазу басталып, балқыту және тері илеу зауыттары ашыла бастады. Малдың тауарлық маңызы барынша өсті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz