Бюджеттік органдардағы негізгі құралдар қозғалысы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. Бюджеттік органдардағы негізгі құралдар қозғалысының теориялық аспектілері
1. 1 Негізгі құралдар туралы түсінік және кәсіпорындағы оның
мәні
1. 2 Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкес бюджеттік мекемедегі негізгі құралдарды мойындау және бағалау
2. БЮДЖЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ МЕН ЕСЕП САЯСАТЫ
2. 1 Негізгі құралдар қозғалысының түсу есебі
2. 2 «Ұшқын Искра» спортклубының негізгі экономикалық көрсеткіштері мен есеп саясаты
3 БЮДЖЕТТІК МЕКЕМЕДЕГІ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ АУДИТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Бюджеттік мекемедегі бухгалтерлік есеп пен аудитті жүргізудің заңдылығы
3. 2 Бюджеттік мекемедегі негізгі құралдар қозғалысының есебінің ішкі бақылаудың ұйымдастыру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамадастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді.
Елбасының 2013 жылғы Жолдауы Қазақстанды жеделдете жан-жақты жаңғырта жаңарту жолы таңдалып алынғандығын көрсетеді. Яғни, жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы елімізді жаһандық экономикаға кіріктіруге бағытталған мемлекеттік саясат қабылданды.
Елбасымыз басқа елдердің бәсекелес өндірістері мен салаларына, сондай-ақ нақ сол халықаралық нарықтарға қатысатын трансұлттық корпорацияларға салыстырмалы талдау жүргізіп, біздің келешегі зор өндірістерді, соның ішінде ішкі нарықты дамыту жөнінде жасалаған іс-қимылдың тиімділігіне баға беріп, олардың экспорттық әлеуетін арттыру мүмкіндігін қарастыру қажеттілігін атап көрсетті.
Сонымен қатар, Қазақстанда халықаралық бәсекеге қабілеттілік деңгейіне жете алатын, жоғары технологиялық жаңа өндірістерді дамыту қажетігі мен өнеркәсіптік құрылымды өзгертуге қабілетті, әрі ауқымды зор жобалар әзірлеу қажеттілігіне аса назар аударылды. Бюджет жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi жекелеген iс-шаралар барысында шешiмi жүйелiк ұстанымды талап ететiн көптеген мәселелер анықталды. Осыған байланысты қолданыстағы заңдар нормаларын реттеуге және жүйелеуге, олардың неғұрлым икемдi құрылымын қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн Бюджет кодексi әзiрлендi.
Бюджет кодексiнде бюджет жүйесiнiң орнықтылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ететiн жаңа қағидаттар бар, бұрын қолданылған бюджеттi жоспарлау қағидаттары, барлық бюджет деңгейлерiнiң шығыс және кiрiс бөлiктерiн қалыптастыру жөнiндегi ұстанымдар қайта қаралды.
Қолданыстағы заң кесiмдерiне функционалдық талдау жүргiзу нәтижесiнде және орталық пен өңiрлер арасындағы қатынастардағы жинақталған оң және терiс тәжiрибенi ескере отырып, бюджетаралық қатынастар қағидаттары, ресми трансферттердiң нысандары, республикалық бюджеттiң, облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетiнiң кiрiстерi айқындалды. Барлық бюджет деңгейлерiне қаржылық орнықтылық беру мақсатында Бюджет кодексiнде бюджет деңгейлерiнiң шығыстық өкілеттiктерi нақты бөлiндi. Бюджеттердiң дербестен күшейту үшiн, сондай-ақ бюджетаралық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн бюджеттiк субвенциялар мен алып қоюлардың мөлшерi үш жылға арналып белгіленетiн болады.
Бюджет кодексiнде бюджеттiк бағдарламалардың тиiмділiгiн бағалау туралы бап көзделген, оған сәйкес тиiстi есептердi жүргізу, бюджеттiк бағдарламалардың негiздемесiн, олардың орындалу барысы мен олар көрсететiн елдiң әлеуметтік-экономикалық жағдайына ықпал етуiн талдау және бюджеттiк бағдарламалардың тиiмсiз бағыттарын айқындау болып табылады.
Қазақстан республикасының Үкiметi әзiрлеген және бекiткен бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігіне бағалау жүргiзу әдiстемесi бюджетті жоспарлау, атқару және оның атқарылуын бақылау процесiнде бюджеттiк бағдарламалардың тиiмділігіне бағалау жүргiзу тәртiбi мен көрсеткiштерiнiң жүйесiн айқындайды. Бюджеттiк инвестициялар ұғымы кеңейтiлдi, инвестициялық жобаларды кезең-кезеңмен iрiктеу, сондай-ақ жобалардың тиiмдiлiгiн бағалау тәртiбi енгiзiлуде.
Жергiлiктi атқарушы органдардың тек жоғары тұрған бюджеттен ғана қарыз алу құқығы сақталып, сыртқы және iшкi капитал рыноктарынан қарыз алуы алынып тасталады.
Ұлттық қорға қаражат аударудың жаңа тетігi енгiзiлдi, осыған сәйкес Ұлттық қорды қалыптастыру көзi болып табылатын барлық ресми трансферттер тiкелей мемлекеттiк бюджеттен аударылатын болады. Осы іс-шаралар бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын қадағалайтын шарттар жөнінде атап өтті. Қаражатта мақсатты жұмсалғаннын реттеу көбінесе мемлекеттік мекемеледің негізгі құралдардың қозғалысының аудитін ің дұрыс және айқын жүргізілуімен, сонымен қатар нормативтік актілердің шарттарын орындауды міндеттеді.
Бүгінгі нарықтық экономиканың жағдайында бухгалтерлік есепті жүргізу басқару жүйесінің ең маңызды және міндетті шарты болып табылады. Бухгалтерлік есеп ұйымның хал ахуалын, экономикалық жағдайын анықтап негізгі міндеттерді нақты сипаттайтын бірден-бір жүйе. Бүгінгі күні бюджеттік мекемелерді алатын болсақ, ең алдыңғы қатардағы мәселелерге, яғни бюджеттен бөлінген құралдарға зор мән бере отырып, кеткен шығындардың ауқымын неғұрлым азайтып және мақсатты пайдалануды дұрыс әрі дәл анықтау міндетті шарт.
Осы мәселеге орай ұйым есептеу жолдарын дұрыс жүйеге келтіре отырып, көрсетілетін қызметін басқарудың заңдылықтары халық шаруашылығында өркендеуіне жол береді.
Нарықтық экономиканың нағыз шарықтап келе жатқан шағында күрделі экономикалық механизмді басқару дәл, әрі нақты жүргізілген есеп арқылы ғана жүзеге асуы тиіс.
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы - бюджеттік органдардағы негізгі құралдардың қозғалысының аудитін анықтау.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - бюджеттік органдардағы негізгі құралдардың қозғалысының аудитін жүргізу жолдарын зерттеу және негізгі құралдардың қозғалысының аудитін анықтау, аудиттің ұйымға тигізетін әсерін анықтау және оның аудитін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.
Нарықтық экономика жағдайында өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес қызметтерді жүзеге асыруды бақылау, осы мәселе өзекті болып тұрғандықтан дипломдық жұмысымды осы тақырыпқа арнап, оның аудитінің жүргізілуі мен ұйымдастырылуын және әдістерін терең мән беріп зерттедім.
1. Бюджеттік органдардағы негізгі құралдар қозғалысының теориялық аспектілері
1. 1 Негізгі құралдар туралы түсінік және кәсіпорындағы оның мәні
Негізгі құралдар кәсіпорын мүлкінің және оның айналымнан тыс активтерінің маңызды бөлігі болып табылады.
Негізгі құралдар - негізгі қорларды сипаттайтын бағалық өлшеуіштер.
Негізгі құралдар - өндіріс процесінде ұзақ уақыт пайдаланылатын, өзінің заттай - натуралды формасын сақтай отырып, шығарылатын өнім мен қызметтерге біртіндеп өз құнын аударатын, өндірісте тауарлар мен қызметтерді жеткізуде үшінші жаққа жалға берілетін құндылықтар.
Оларға кем дегенде бір жыл мерзімінде қолданылатын құралдар жатады.
Өндіріс процесі еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар) және еңбек құрал - жабдықтары болып бөлінетін өн-діріс құрал - жабдықтарының қатысуымен жүзеге асырылады. Еңбек құрал - жабдықтарының құрамына белгілі бір заттарды жатқызу олардың сыртқы белгілеріне қарап емес, өндіріс процесінде атқарар рөліне қарап белгіленеді. Мысалы, заводта дайындалған бу қазаны ол үшін дайын өнім болып санала-ды, ал орнату үшін субъект сатып алған осы қазан еңбек құралы болып табы-лады.
Негізгі құралдар функционалдық бағытталуына байланысты келесідей болып бөлінеді: өндірістік және өндірістік емес.
Өндірістік негізгі құралдарға - өндірістік процеске тікелей қатысатын (машиналар, құрал - жабдықтар), оның қызмет етуіне жағдай жасайтын (өндірістік ғимараттар, қондырғылар, электр жүйелері және т. б. ) және еңбек заттарын сақтау мен ауыстыруды қамтамасыз ететін негізгі құралдар жатады. Негізгі өндірістік құралдардың пайдаланылуын сипаттайтын жинақтаушы экономикалық көрсеткіш - негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнім болып табылатын қор қайтарымы.
Өндірістік емес негізгі құрал - жабдықтар - тұтынуға арналған құрал - жабдықтар. Олар ұжымның мәдени - тұрмыстық қажеттіліктерін ұзақ мезім бойы өтеуге арналған. Олар өндірістік процеске тікелей қатыспайды, бірақ кәсіпорын балансында тіркеледі. Оларға: ғимараттар, тұрғын үйлер, балабақшалар, мектептер, денсаулық сақтау мекемелері жатады.
Негізгі құралдарды иеленушілері бойынша бөлгенде, олардың қай экономика салаларына және қызмет түрлеріне, осы құралдардың қатысуымен өндірілген өнімдер немесе жасалған қызметтер экономиканың қай саласына және қызметтің қай түріне жатса, негізгі құралдар соған жатуы керек деген ережеге сүйенеді. Мысалы, «Өнеркәсіп» саласына экономиканың барлық саласында өнеркәсіп өнімдерін шығару процесімен тікелей байланысты негізгі құралдар жатады.
Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметтеріне қарай мынандай топтарға бөлінеді:
- жер;
- ғимараттар - негізгі, қосалқы, көмекші цехтар мен әкімшілік ғимараттар осыған кіреді;
- қондырғылар - бұған мұнай және газ скважиналары, дамбалар, платиналар, каналдар, темір жолдар жатады;
- тарату жүйелері - бұған газ және мұнай құбырлары, су тарату жүйелері, электр тарату жүйелері, байланыс жүйелері, жылыту жүйелері, канализация жүйелері жатады;
- машиналар мен құрал - жабдықтар - оған компрессорлар, домнапештер, балқыту пештері жатады. Олар күш машиналары болып есептеледі. Ал жұмыс машиналары мен құрал - жабдықтарға: комбайн, тігін машиналар, сонымен қатар өлшенетін және қадағалайтын приборлар (вольтметр, амперметр(, есептеуіш техникалар ( компьютерлер) жатады;
- транспорттық құралдар - бұған барлық қозғалатын құралдар жатады, яғни темір жолда, суда қозғалатын транспорттар және транспорттар жатады;
- өндірістік және шаруашылық инвентарь - өндірістікке: механизациялар мен инструменттер ( қысатын, итеретін) жатады, ал шаруашылық инвентарьға: жиһаз, палас, кілемдер жатады;
- жұмыс және аналық мал;
- көп жылдық өсімдіктер - гүлдер, ағаштар, алма бақтар және т. б. Халықаралық қаржы есебінің стандарттарыны сай негізгі құралдардың мынандай үш белгісі бар:
- материалдық формасының болуы;
- міндетті түрде кәсіпорын қызметінде пайдаланылуы тиіс, яғни сатылуға бағытталмауы керек ( тауар болмауы тиіс) ;
- кәсіпорында ұзақ уақыт пайдаланылуы тиіс.
Иелігінде болуына қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.
Меншікті дегеніміз - субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар - жалға алынған құралдар болып саналады.
Негізгі құралдар өндірістік процеске қатысуына қарай активті және пассивті болып бөлінеді.
Активті негізгі құралдарға өндірістік процеске тікелей қатысады. Мысалы, машиналар, құрал - жабдықтар, көлік құралдары және т. б. Ал қалған негізгі құралдарды пассивтіге жатқызуға болады. Себебі олар, өндірістік процеске тікелей қатыспайды, бірақ процестің дұрыс жүруіне қолайлы жағдай жасайды. Мысалы, ғимараттар, қондырғылар. [2]
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған ( тоқтатылып қойған ) және қорда тұрған деп бөлінеді. Жұмыс істеп тұрғанға пайдаланудағы құрал - жабдықтар жатады. Жұмыс істемей тұрғандар - бұл тоқтатылып қоюына немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланылмайтын негізгі құрал - жабдықтар. Қорда сақтаулы негізгі құрал - жабдықтарға жұмыс істеп тұрғандарды жоспарлы түрде ауыстыру үшін құрылғын қордағы объектілер жатады.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке заттай көрінісі бар, санауға және өлшеуге болатындар ( үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар ) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман, суға ( ғимараттардан басқа) күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар ( жер учакелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, және т. б. ) жатады. [3]
Негізгі құралдардың сапалық жағдайын талдау үшін оның құрылымын білу керек. Негізгі құралдардың келесідей түрлері қарастырылады:
- өндірістік құрылымы
- технологиялық құрылымы
- тұтыну уақытына байланысты құрылымы
Өндірістік құрылым деп - әртүрлі топтағы өндірістік негізгі құралдардың заттай - натуралды құрылымы бойынша олардың орташа жылдық құнының қатынасын белгілейді.
Өндірістік негізгі құралдардың өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштері болып - олардың жалпы құнының активті бөлігінің үлесі табылады. Бұл кәсіпорынның өнім шығаруының, кәсіпорынның өндірістік қуаттылығының және басқа экономикалық көрсеткіштерінің жұмысының өндірістік негізгі құралдардың активті бөлігінің көлеміне тәуелді болғанына байланысты. Сондықтан оның үлесін тиімді деңгейге дейін көтерілуі - өндірістік негізгі құрадардың өндірістік құрылымының бсым бағыттарының бірі болып табылады.
Өндірістік негізгі құралдардың өндірістік құрылымы келесі факторларға байланысты болып келеді: кәсіпорынның өзіндік ерекшеліктері; ҒТП-ң жеделдетілуі; шоғырлану деңгейі; мамандандырылуы; өндірісті кооперациялау; құрамдастыру мен диверсификациялау; географиялық орналасуы және т. б.
Өндірістік негізгі құралдардың технологиялық құрылымы оның кәсіпорындағы құрылымдық бөлімшелерге бөлінуін олардың жалпы құнындағы пайыздық үлесінде бейнеленуін сипаттайды.
«Тар» ауқымда технологиялық құрылым келесідей түрде берілуі мүмкін: мысалы, станоктар паркінің жалпы көлеміндегі белгілі бір түрлі станоктардың үлесі ретінде немесе жалпы көлік санындағы автосамосвалдың үлесі ретінде болуы мүмкін.
Өндірістік негізгі құралдардың мерзімдік құрылымы олардың мерзімдік топтарына бөлінуін сипаттайды ( 5жылға дейін, 5 жылдан 10 жылға дейін, 10 жылдан 15 жылғы дейін, 15 жылдан 20 жылға дейін, және 20 жылдан жоғары) . Негізгі құралдардың орташа мерзімі орта өсімнің көлемі секілді есептеледі. Мұндай есеп кәсіпорын бойынша толық түрде, сонымен қатар, машиналар мен құралдардың жекелеген топтары бойынша да жүргізілуі мүмкін.
Кәсіпорынның негізгі мақсаты болып - өндірістік негізгі құралдардың шектен тыс ескіруін болдырмау (әсіресе активті бөлігін), себебі, физикалық және моральды тозу деңгейі осыған байланысты болып келеді, яғни, жалпы айтқанда кәсіпорынның жұмысының нәтижесі де осыған тәуелді болып келеді.
Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оларды бағалауда қабалданған біртұтас принципі болып табылады. Негізгі құралдарды ақшаға шағып бағалау олардың көлемін, құрылымын, тозуын, қайта қалпына келтіруін және өндіруін жоспарлауға мүмкіндік береді. Негізгі құрал - жабдықтардың бастапқы құны, ағымды құны, қалдық құны және кейбір жағдайларда жойылу құны қарастырылады.
Бастапқы құн - негізгі құралдарды сатып алуға, салуға және жасап шығаруға кеткен нақты шығындардан және сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, сондай - ақ пайдалануға беру, тағы сол сияқты кез келген негізгі құралдарды жұмыс істеу жағдайына жеткізуге қатысты шығындардан тұрады.
Нарықтық жағдайда негізгі құралдардың кәсіпорынға келіп түсу мүмкіндігі арта түседі. Сондықтан, активті негізгі құралдардың кәсіпорынға келіп түсу тәсіліне байланысты олардың бастапқы құны келесі түрде анықталады:
- жақтардың келісімімен құрылтайшылардың кәсіпорынның жарғылық капиталына салған салымдары бойынша;
- кәсіпорынның өзінде дайындалған, сонымен қатар басқа тұлғалар мен кәсіпорындардан сатып алынған - осы объекттерді орнату
( құрастыру ) немесе сатып алумен байланысты нақты өндірістік шығындар, жеткізу, түзету және орналастырумен байланысты шығындарды қоса алғанда;
- басқа кәсіпорындар мен тұлғалардан қайтарымсыз түрде алынған, сонымен қатар мемлекеттік органдардың субсидиялары ретінде - сарапшылық жолмен немесе қабалдау - табыстау құжатардың мәліметтері бойынша;
- жақтардың келісімі бойынша ұзақ мерзімге жалға алынғандар.
Негізгі құралдардың ағымдағы құны - бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны. Негізгі құралдардың ағымдағы құнның оның бастапқы құнынан ауытқу көлемі - ҒТП-ң жеделдетілу деңгейіне, инфляция деңгейіне және т. б. байланысты болады. Негізгі құралдарды уақытылы, әрі дәйекті қайта бағалануы бірінші кезекте оның жай және ұлғаймалы өндірісі үшін үлкен маңызға ие.
Инфляция жағдайында негізгі құралдарды қай бағалау кәсіпорынға:
- негізгі құралдардың нақты құнын анықтауға;
- өнімнің өндірісі мен оның өткізілуіне қажетті шығындарды нақты, әрі дәйекті анықтауға;
- негізгі құралдардың өндірісіне жеткілікті болатын амортизациялық аударымдардың көлемін нақты, әрі дәл анықтауға;
- өткізілетін негізгі құралдардың сатылу мен жалға беру бағасын объективті түрде орнатуға мүмкіндік береді.
Негізгі құралдардың қалдық құны - бұл өндірілген өнімге, орындалған жұмысқа және көрсетілген қызметке әлі аударылмаған құн. Қалдық құнды анықтау үшін бастапқы құннан негізгі құралдар объектісінің қолданыста болу уақыты ұлғайған сайын мөлшері өсе түсетін есептелген тозу құнын алып тастайды.
Негізгі құралдарды олардың қалдық құны бойынша есептеу олардың сапалық жағдайын анықтау үшін қажет.
Жойылу құны - тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайда болатын қосалқы бөлшектердің, металл сынықтарының болжамды құны.
Негізгі құралдарды бағалау оларды есепке алу үшін, талдау үшін және жоспарлау үшін, сонымен қатар салынатын капиталдың көлемі мен құрылымын анықтау үшін қажет. [2]
Бухгалтерлік есептің 16 «Негізгі құралдар» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес негізгі құралдар дегеніміз - кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылатын және бір кезеңнен артық мерзім ішінде пайдаланылады деп болжанатын материалдық активтер.
Негізгі құралдарға: қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондығылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалары жатқызылады.
Негізгі құралдар объектісі төмендегі шарттарға сай келгенде ғана актив ретінде танылуға тиісті:
а) егер кәсіпорынның активпен байланысты келешек экономикалық пайда алатындығы аса үлкен ықтималдықпен сендіру мүмкін болса;
ә) егер кәсіпорын үшін активтің өзіндік құнын сенімді түрде бағалау мүмкін болса.
Негізгі құралдар есебін ойдағыдай жүргізу үшін алдымен оларды жүйелеп топтастыру қажет. Бұл жүйелеп топтастырудың экономиканық барлық салаларында бірыңғай болғаны жөн.
Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар -деп өндірісте қызмет ететін, яғни пайдаланылатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалары жатқызылады. Өндірістік емес Негізгі құралдар қозғалысының қатарына шаруашы-лықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатқызылады. Оларға тұрмыстық үй-жай шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатқызылады. Экономикалық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату-өткізу кәсіпорындары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топтастырылады.
Өндірілген өнім және көрсетілген қызмет қай экономика саласына және қызмет түріне жатса, соған қатысқан негізгі құралдар сол экономика саласына және қызмет түріне жатады.
1 сурет- Кәсіпорынның негізгі құралдары
Негізгі құралдарды экономикалық салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.
Егер шаруашылық субъектідегі Негізгі құралдар қозғалысының бәрі тек қана субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет көрсететін болса, онда ол субъектідегі Негізгі құралдар қозғалысының барлығы түгелімен сол шаруашылық субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатқызылады.
Мысалы: Өнеркәсіптік өнімдерін өндіру процесіне тікелей байланысты Негізгі құралдар қозғалысының барлығы өнеркәсіп саласына жатқызылады.
Егер кәсіпорынның балансында оның негізгі қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін экономика саласы қызметі түрінде топқа жатқызылады.
Негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын міндеттері қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:
-Жер (кәсіпорында пайдаланылатын барлық жер) ;
-Өндірістік ғимараттар мен құрылғылар;
-Машиналар мен жабдықтар, өткізгіш тетіктер;
-Көлік құралдары;
-Басқадай негізгі құралдар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz