Интеграцияланған жүйелер


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
Интеграцияланған жүйелер
Интеграцияланған жүйелер - өнім атауы мөлшері бойынша көп емес, бірақ есептегіштік жағынан өте қуатты және программамен қамтамасыз етудің белсенді дамып келе жатқан бөлігі. Интеграцияланған жүйелер (бірігіп-кіріккен) жүйелер құру идеясы жаңа емес және ЭЕМ-нің барлық толқынында біраз шамада жүзеге асты.
Бұл проблемаға деген назар мәнісі есептегіш техниканы қолдану саласын кеңейтумен де, мәліметтер өндеудің неғұрлым жетілдірілген жүйесіне көшуге байланысты программалық қамтамасыз етуді жасап шығарушы фирмалардың өз клиенттерін «жоғалтып» алмауға тырысумен де түсіндіріледі.
Интеграцияланған пакет дегеніміз - әмбебап пайдаланушылық интерфейспен бір пакетке біріктірілген, мәліметтер алмасу жолымен өзара әрекеттесетін, әр түрлі мақсаттағы қолданбалы программалар жиынтығы. Интеграцияланған пакеттер мекемелік іс-қызметті автоматтандыруға арналған және оған әдетте мынадай модульдер қосылады (тиісті дербес пакеттерге қарағанда, қуаттылығы аздау) .
- Электронды кесте;
- Мәтінді әзірлеу жүйесі;
- Мәліметтер базасы;
- Графикалық редактор;
- Коммуникациялық модуль;
Кейде бір жеке жұмысты орындау үшін, мәселен, қаржылық есеп беруді жасау үшін бірнеше қолданбалы программаларды пайдалануға тура келеді. Ең алдымен мәліметтер базасынан қажетті жазбаларды таңдап, оларды электронды кестеге көшіру керек және мәліметтерді мәтіндік редакторға импорттаудың қажетті есептеулерінен кейін есеп беру мәтінін әзірлеу қажет. Негізінде, бұл міндетті мәліметтер базасын басқару жүйесінің көмегімен шешуге болады, бірақ интеграцияланған ортаны пайдалану неғұрлым қолайлы.
Жүйе компоненттері арасындағы мәліметтердің алмасуы арқасында жазба өрістері, мәліметтер базасы электронды кестенің ұяшықтарына айналады, ал мәтіндік редактор мәліметтерді есеп мәтініне кірістіруге мүмкіндік береді. Графикалық редакторда даярланған диаграммалар мен графиктер жайлы да ұмытпаған жөн, коммуникациялық модульдің көмегімен директорға батыл түрде есеп беруге болады.
Стандарттық модульдерден басқа интеграцияланған пакеттер құрамына көбіне күнтізбе, калькулятор, электронды почта, мәліметтерді сұрыптау мен сүзгіден өткізу құрамдары, сонымен қатар ақпаратты рұқсат етілмеген қол жетуден қорғау құрамдары кіреді. Интералданған пакеттерде файлдық жүйелермен өзара әрекеттесу құралдары болады, мәліметтерді көшіру мен диск құрамын қарап шығуды қамтамасыз етеді, бір сөзбен айтқанда, компьютермен өзара әрекеттесу құралдарының толық жиынтығын қамтамасыз етеді.
Программалық құралдардың осы санаттағы айрықшаланатын ерекшеліктері мыналар:
- Ақпараттық технологиялардың толықтығы түпкілікті пайдаланушылар үшін;
- Түпкілікті пайдаланушының бір типті интерфейсі.
Дәстүрлі немесе толықтай байланысқан, интеграцияланған кешендер- жеке жұмыс парағында мәліметтерді өндеу технологиясы жағынан туыстас, әр түрлі мамандандырылған (проблемалық-бағдарланған ) пакеттердің функциялары мен мүмкіндіктерін бір тұтастыққа біріктірген көп функциональды дербес пакет. Мұндай программалардың типтік өкілдері -FRAMEWORK, SYMPHONY, LOTUS WORKS.
Бұл программаларда мәтін редакторларының, мәліметтер базасын басқару жүйелері және кестелік процесс функциялары интеграцияланады. Жалпы алғанда мұндай пакеттің құны ұқсас ерекшелікті пакеттердің жиынтық құнынан анағұрлым төмен.
Сондай-ақ, интеграцияланған пакет аясында мәліметтер арасындағы байланыс қамтамасыз етіледі, алайда, мұндайда әрбір компоненттің арнайы мамандандырылған пакетпен салыстырғанда, мүмкіндіктері азаяды. Бұрынғы программалардың интерфейсі мәліметтер алмасудың әр түрлі құралдарымен және жұмыс ортасын сипаттаудан толған еді, бұл пайдаланушыдан пакет режимі, мәліметтер пішімі, сақтау принциптері мен мәліметтердің әр түрлі типтерін құбылту жағынан белгілі бір дағдылар мен білімді талап ететін, бұл ақыр аяғында пакеттердің тартымдылығын кемітетін. Қазіргі заманғы пакеттерде (мысалы, Microsoft Works ) бұл олқылық жойылған: интерфейстің қарапайымдылығы қызметкерлерді алдын ала оқытусыз-ақ оны қолдануға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта программалық құралдарды интеграциялайдың басқа тәсілі: бірыңғай ресурстық база шеңберінде арнайы мамандандырылған пакеттерді біріктіру, қосымша тіркемелердің өзара іс-қимылын объектілер мен тіркемелер арасындағы ауыстырып қосудың біртұтас қолайлы орталығы мен объектілері деңгейінде қамтамасыз ету белсенді жүзеге асуда. Бұл жағдайда интеграциялау объективті байланысқан сипатта.
Бұл типтік тектес және ең қуатты пакеттері мыналар: Borland Office for Windows, Lotus SmarSuite for Windows, Microsoft Office. Бұл пакеттердің кәсіби редакциясында төрт тіркеме бар: мәтіндік редактор, МББЖ, кестелік процессор, ашық көрсету графигінің программалары. Мұндай пакеттер құрудың мақсатқа сәйкестілігі, бәлкім, оның құрамдас компоненттерінің жай сомасына қатысты интеграциялаудан қосымша тиімділік алу ниетімен байланысты шығар. Бұл әсер тиімділікке компоненттерінің пайдаланушы жұмысы процесінде үйлесімді өзара іс-қимылы есебінен жету керек. Программаларды Интеграциялауға арналған дәстүрлі тәсіл пайдаланушыға қажет мамандандырылған пакетте болатын функцияның жоқтығымен және шағын болса да, қосымша оқытудың қажет екендігімен жеткен жеңісті жоққа шығаруы мүмкін.
Ортақ ресурстарды қолдану пакеттерді интеграциялаудың жаңа типі ерекшеліктері болып табылады. Бұл жерде ресурстарға бірлесіп жетудің төрт негізгі түрін бөліп көрсетуге болады:
Кешен программаларының барлығына ортақ утилитті қолдану. Мысалға алғанда, пакеттің барлық программалары ішінде емлені тексеру утилиті қол жетерліктей; бірнеше программаларды бірлесіп қолдануда тұрғын объектілерді пайдалану; бір қосымша тіркемеден басқасына көшудің (немесе іске қосу) қарапайым тәсілін жүзеге асыру; тіркемемен (макротілдің) бірге жұмысты автоматтандыру құралдарын бірыңғай принциптерде құруды іске асыру, бұл макроанықтаулар тілінде программалауға жұмсалатын ең аз шамадағы шығындармен ақпаратты кешенді өңдеуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Бірнеше қосымша тіркемесімен бірге объектілерді бірлесе қолдану - мәліметтерді құбылту мен программаларды интеграциялаудың қазіргі заманғы ең негізгісі. Бұл сомада екі негізгі стандарт жасалған.
- Objekt Linking and Embedding OLE 2. 0 Microsoftфирмасының объектілерін кірістіру мен динамикалық құрастыру;
- Apple, Borland, IBM, Novell мен ашық құжаты.
Объектілерді динамикалық тұтастырып құрастыру механизмі пайдаланушыға бір қолданбалы программамен жасалған ақпаратты басқасында жасалған құжатқа орналастыру мүмкіндігін береді. Сонымен бірге пайдаланушы жаңа құжаттағы ақпаратты осы объектіні жасауға көмектескен өнім құралдарымен редакциялай алады (редакцияланғанда тиісті қосымша тіркелме автоматты түрде іске қосылады) . Іске қосылған тіркеме мен контейнер-құжатты өндеу программасы экранға «келісілген» мәзірді шығарады, оның тармақтарының бірен-сараны бір программаға, екінші бөлігі - басқасына тиесілі.
Сонымен қатар, бұл механизм OLE - объектілерін бір қолданбалы программа терезесінен екіншісінің терезесіне көшіруге мүмкіндік береді.
Бұл технологияда программаның функциональды ресурстарын жалпы қолдану мүмкіндігі қарастырылған, мәселен, кестелік процессор графиктерін құру модулі мәтіндік редакторда қолданылуы мүмкін.
Бұл технологияның кемшілігі - бір беттің көлемінде шектелуі.
OpenDoc әзірленімге қатысушы фирмалардың ашық стандарттарына негізделген объектілік - бағдарланушы жүйелер. Объекті үлгісі ретінде IBM фирмасы OS\2 үшін әзірлеген жүйелік объектілердің бөлінген үлгісі қолданылуда. OLE және OpenDoc арасындағы үйлесімділік көзделеді.
Компьютерлік қауіпсіздік мәселелері
Ақпаратты қорғау мен оның құпиялық стратегиясы. Есептегіш техникада қауіпсіздік ұғымы өте кең мағынада. Ол компьютер жұмысының сенімділігін де, құнды мәліметтердің сақталуын да, ақпараттың өкілеттілігі жоқ адамдардың өзгеріс енгізуінен қорғауын да, электронды байланыспен хат жазысу құпиясын сақтауды да меңзейді. Ақпарат қауіпсіздігінің қаупі ретінде ақпараттың жойылуына, тұтастығына нұқсан келуге, құпиялық немесе ақпараттың қол жеткізуге болатындығына әкеліп соқтыруы ықтимал оқиға, процесс немесе құбылыс түсініледі. Компьютерлік жүйелердегі ақпараттың қауіпсіздігіне төнетін қатердің көпшілігі екі жікке бөлінеді: кездейсоқ және қасақана қатер төндіру.
Әлбетте, барлық өркениетті елдерде азаматтардың қауіпсіздік сақшысы ретінде заңдар тұр, бірақ есептегіш техника саласында құқық қолданатын іс-тәжірибе әзірге дамымаған, ал заң шығарушы прцесс технология дамуына ілесе алмайды, сондықтан компьютерлік жүйе жұмысының сенімділігі көбіне өзін-өзі қорғау шараларына сүйенеді.
Ақпаратты рұқсат етілмей (рұқсат берілмеген, тыйым салынған, символдық) қол жетуден қорғау мәселесі жергілікті, әсіресе, ғаламдық компьютерлік желінің кеңінен таралуымен байланысты елеулі түрде шиеленісті.
Ақпаратты қорғау иесі үшін бағалы ақпаратты жоғалту немесе жаңғыртып, жетілдіру, тарап кету ықтималдығын азайту үшін қажет.
Ақпарат пен оның құпиялығын онлайндық немесе автономды жұмыс режиміндегі қорғау стратегиясы сайып келгенде біреу: ақпаратты бақылау. Сіз ақпараттың сақталу орнын, оған қол жеткізуді шектеу мен оның тұтастығын сақтауды бақылауыңыз керек. Негізгі стратегияларды атап көрсетейік.
Жүйені қорғау. Жұмыста да, үйде де - компьютеріңізге пайдаланушылардың қолы жетуін, мүмкіндігінше, әрқашан және қайда да болмасын шеутеңіз. Бұл үшін компьютерді заттай орналастыру және парольмен қорғау сияқты мүмкіндіктерді қарастыруға болады. Бұл шығу тегі белгісіз программамен қамтамасыз ету көмегімен жанама жетуге де қатысты, бұл вирус программасы немесе Троян аты болуы мүмкін.
Ақпаратты жасыру. Егер сіздің сақталатындығын өзіңізден басқа ешкім білмесе, ақпараттың құпиялылығының бұзылуы немесе ақпараттың бүліну қаупі едәуір азаяды. Бұл үшін файлдардың жалған аттары немесе файлдар немесе каталогтардың «көрінбейтін» аттары сияқты айла-шарғыны қолдануға болады. Мәліметтеріңіздің барлық іздерін өшірген жөн, бұл бәрінен бұрын ашық файлдар мәзірін және Windows құжаттарын тазалауды меңзейді.
Ақпараттың тұтастығын қолдау. Бүлдіруден қорғау. Негізгі мақсаты - ақпараттарыңызды жойылудан, өзгеруден, нұқсан келуден сақтау. Бұл үшін мәліметтерді архивтеу, файлдарды бұғаттау (блокирование) парольдерді қорғау сияқты тактикалық әдістер қолданылады.
Ақпаратты қол жетерлік ауқымнан қашықтату. Ең осал ақпарат жағдайында файлдарды жасыру мен бұғаттау жеткіліксіз шара болып шығады. Мұндайда сіз жұмыс файлдарын қатқыл дискіде сақтау тактикасына немесе тек басылып шыққан құжат түрінде ғана сақтауға иек артуға болады. Сонымен қатар жүйе құрған мәліметтердің резервтік көшірмелерін жоя аласыз.
Компьютеріңізді тұзақтан алыңыз. Белгілі бір сорттағы ақпаратты сізге жасау мен сақтау шын мәнінде қажет пе, соны ойлаңыз.
Із жасыру. Кейбір қосымшалар сіздің алда болып өткен жұмысыңыз жайлы ақпараттың іздерін сақтауға құмар болады. Олардың көпшілігін параметрлерді қоюмен өшіруге болады., қалғандарын қолмен жоюға болады.
Интернеттегі қауіпсіздік пен құпиялылық . Интернетте жұмыс істеу кезінде Бүкіләлемдік желі ресурстары әрбір клиентке қаншалықты ашық болса, оның компьютерлік жүйесінің ресурстары қажетті құралдары барлардың барлығына ашық болады.
Жеке пайдаланушы үшін бұл факт ерекше рөл атқармайды, бірақ аумағында Интернет серверлері орналасқан елдердің заңнамаларын бұзатын іс-қимылдарды болдырмау үшін ол жайлы білген жөн. Мұндай іс-қимылдарға компьютерлік жүйенің жұмысқа қабілеттілігін бұзатын бағдарламаны пайдалану мен тарату жатады.
Бүкіләлемдік жүйеде жұмыс істегенде барлық іс-қимылдар толықтай белгіленетінін және арнайы программалық құралдар мен хатталатынын, заңды, заңсыз іс-әрекеттер туралы ақпарат міндетті түрде бір жерлерде жинақталатынын есте сақтаған жөн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz