Ақтөбе өңірінің тарихи топонимиясы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті

Филология факультеті

Қазақ тілі теориясы кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Ақтөбе өңірінің тарихи топонимиясы

Орындаған: ҚТӘ 401-топ студенті

СҰЛТАН Ж. И.

Ғылыми жетекші: ф. ғ. д., профессор

ЖҰБАНОВ Е. Қ.

Рецензент: АСҚАР И. А.

«Қорғауға жіберілді»

« » 2004 ж.

Кафедра меңгерушісі ф. ғ. д. Е. Қ. ЖҰБАНОВ

Ақтөбе

2004

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І БӨЛІМ: Қазақстан топонимиясының зерттелуі жайындағы мәлімет

1. 1. Қазақстан топонимиясын зерттеудегі алғашқы қадамдар

1. 2. Қазақстандағы топонимиканың дербес ғылым ретінде қалыптасуы

ІІ БӨЛІМ: Ақтөбе өңірінің тарихи микротопонимиясы

2. 1. Абат-Байтақ;

2. 2. Ойсылқара;

2. 3. Мәні әулие;

2. 3. Бөкенбай шоқысы;

2. 4. Ботагөз бұлағы;

2. 5. Жанбике тоғайы;

2. 6. Қалмаққырған.

ІІІ БӨЛІМ: Топонимдер тұлғасындағы көмескіленген түбірлер мен қосымшалар

  1. Көмескі түбірлі топонимдер (гидронимдер)
  • Ырғыз;
  • Қобда;
  • Қарғалы;
  • Елек. Көмескі қосымшалы топонимдер
  • Ноғайты, Ебейтітұлғаларындағы-ты (-ті) форманттары

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Тіл тарихын зерттеуде ономастика ғылымы ерекше маңызды. Бұл тіл білімінде жалқы есімдерді: жер-су, ру, тайпа, ел, халық, ұлт аттары, кісі есімдері, астрономиялық атаулар мен хайуанаттар аттарын өзінің зерттеу объектісі ретінде қарастыратын ғылым. Ономастиканың басты бөлімдері: топонимика, антропонимика, этнонимика, космонимия, зоонимия, т. б. Ономастика лингвистика, география, этнография және тарих ғылымдарымен бірлікте зерттеледі. Ономастиканың бүгінгі күндегі даму деңгейінде осы аталған ғылымдардың өзіндік үлесі бар. Дегенмен, бұл ғылым саласы санамаланған пәндердің (география, этнография, тарих) материалдарына сүйенсе де, лингвистика пәні ретінде қала береді және тілші мамандардың алдында тұрған экстралингвистика, этнолингвистика мен социолингвистикаға қатысты проблемалардың шешімін табуға себебін тигізбек.

Мәдениеті мен ғылымы кемелденген өркениетті елдер көне тарихының сыр-сипатын ашуға, оны танып-білуге септігін тигізер құнды мұралардың ешбірін назардан тыс қалдырмай, мейлінше құнттап, зерделей зерттеп, ғылым елегінен өткізіп отырады. Мұндай тарихи фактілер ретінде топонимдердің алатын орны ерекше. Сол себептен, жер-су атауларының тарихилығы мен көнелігіне мән беріп, жинақтап зерттеудің бүгінгі мемлекетіміздің саяси стратегиясы үшін де маңызы зор.

Шындығында, кең-байтақ, ұлан-ғайыр жеріміздегі миллиондаған жер-су атауларының бойында халық тарихының ізгі жолы, дүниетанымдық көзқарасы, тіршілік қарекеті мен әдет-ғұрпының көрінісі сақталған. Сондықтан жергілікті топонимикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу - бүгінгі және болашақ ұрпақтың міндеті.

Бұл жұмыстың алғашқы бөлімінде жалпы топонимика ғылымы жөнінде және қазақ топырағындағы алғашқы топонимикалық зерттеулер жайында айтылады. Хронологиялық мәліметтер ІХ-ХІХ ғасырлар шамасын қамтиды.

Ал екінші бөлім өлкеміздегі тарихи тұлғалар мен тарихи оқиғаларға қатысты сақталған микротопонимдерге арналды. Онда Абат-Байтақ , Мәні әулие, Бөкенбай шоқысы секілді атаулар жөнінде мәліметтер беріліп, тарихи фактілермен байланыстырылды. Соңғы үшінші тарауда тұлғалық-мағыналық жағынан көмескіленген Ырғыз, Елек, Қобда сияқты гидронимдер қарастырылып, олардың шығу төркіні жайында жазылған ғылыми еңбектер негізінде этимологиялық пайымдау жасалды.

Дипломдық жұмыс Э. Мурзаев, А. Әбдірахманов, Ғ. Қоңқашбаев, Е. Қойшыбаев секілді топонимистер мен бір сыпыра тарихшылар еңбектері негізінде жазылды. Жұмысқа әсіресе арқау болған - жергілікті өлкетанушы, мәдениет қайраткері Р. Ілиясованың “Қазына”, “Арулар-аналар, даналар” атты тарихи-өлкетанушылық еңбектері.

Сондай-ақ, дипломдық жұмысқа қосымша ретінде Ақтөбе энциклопедиясы мен географиялық картасы негізінде Ақтөбе облысы территориясындағы 3100 топонимдер мен микротопонимдер жинақталып, топонимиялық анықтағыш ретінде түптелді. Оның құрамында 1853 гидроним, 954 ойконим, 200-дей ороним қамтылған.

I БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН ТОПОНИМИЯСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ

1. 1. Қазақтан топонимиясын зерттеудегі алғашқы қадамдар

Жалпы түркологияда, оның ішінде қазақ тіл білімінде ономастика ғылымының пайда болып, қалыптасу кезеңі көбінесе кеңес дәуірімен байланысты. Бірақ сол уақыттардағы қол жеткізген жетістіктерге қарамастан, нақты түркі тілдерінің негізінде әрі қарай дамып-жетілуді қажет етеді. Дәл осы мақсатта 1980 жылы Ташкентте өткен ІІІ Бүкілодақтық түркология конференциясында «түркі тілдерінің лексикасы мен ономастикасын және олардың этимологиясын зерттеудегі әдістерді» жетілдіру қажеттілігі жөнінде баса айтылды, сондай-ақ ономастика мәселелерін кең этномәдени-тарихи аспекттерде қарастыруға бағыт берілді1.

Қазақ тілінде этнос пен тіл тарихын анықтау мақсатында ономастиканы зерттеу проблемалары, оның апеллятивті лексикамен, диалектологиямен арақатынасын белгілеу қазіргі қазақ тілі үшін жаңа бағыт болып табылады. Қазақ тілінің ономастикасы ертеден қарастырыла бастаса да, ХХ ғасырдың 50-жылдарына дейін дербес ғылыми пән ретінде қалыптаса қойған жоқ. Қазақстан территориясына қатысты жер-су аттары Герадот, Страбон, Птолемей, Плений еңбектерiнде, ежелгi саяхатшы, жиһанкездер мен елшiлер - Марко Поло, Земарх Киликийдiң жазбалаларында кездеседi. Көне жер-су аттары орыс жылнамаларында, араб географтарының еңбектерiнде, Қазақстан жерiнде болған Батыс Европа саяхатшыларының, елшiлерiнiң (Плано Карпини, Андре Лонжюмо, Вильгельм де Рубрук) жазбаларында ұшырасады.

Орта Азия мен Қазақстан жерiнде өмiр сүрiп, тiршiлiк еткен ертедегi тайпалар жайлы бiздiң заманымызға дейiнгi грек, парсы, араб және басқа ел ғалымдарының еңбектерiнде айтылады. Олардың әр түрлi бұрмаланып, адам ажырата алмастай өзгерiске ұшыраған.

Македония ғалымдарының жазбаларында Қазақстан географиялық объектiлерi туралы деректер бар. Орта Азия мен Қазақстан ұлы өзенi Сырдарияны олар бiрде Дон (грекше Танаид, Танаис), бiрде Яксарт деген. Македония ғалымдарынан кейiн Қазақстан географиясы жөнiнде Рим ғалымдары Страбон және Птолемей жазды. Мәселен, Птолемей Окс көлi (қазiргi Арал теңiзi) туралы жазған. Көне грек және рим тарихшыларына, географтарына Қазақстан жерiнiң Каспий теңiзiнiң төңiрегi, Арал теңiзiнiң маңы және Сырдария бойы жақсы мәлiм болған.

Төртiншi ғасырда Орта Азия мен Қазақстан жерiнде көшпендiлер империясы пайда болған. Алтай түркiлерi қағанаты сегiзiншi ғасырға дейiн өмiр сүрдi. Сол кездерде Византия императоры Юстиниан II түркi қағаны Дизабұлға Земарх Киликийдiң елшiлiгiн жiбередi.

Земарх Каспий теңiзiнiң солтүстiк шығыс жағалаулары мен Волга (Едiл), Жайық (Даик), Жем (Их) өзендерiнен өтедi. Қайтарда ол Хорезмде, Амударияда болады. Земарх 12 күн бойы үлкен көлдiң құмды жағалауларымен жүрiп отырған. Академик В. Бартольд өз еңбегінде ол көлдi қазiргi Арал теңiзi деп жазады.

Қазақ жерi туралы құнды деректердi басқа да араб саяхатшылары да қалдырған. Солардың iшiнде Ибн-Хордадбек, Ибн-Хаукаль, Ибн-Руста, Әл-Истархидiң, Әл-Макдиси, Әл-Масуди, Әл-Идриситiң еңбектерiн атап өткен жөн.

Ибн-Хордадбек «Китаб ал-масамек ва-л-мамлик» жазбасында Фараб (Отырар), Талас өңiрi жөнiнде әңгiмелейдi. Талас атырабы көшпелi өмiрге ыңғайлы екiнiн айтқан. Испиджабтан Таразға дейiнгi жолды тәптiштеп жазады. Сол арада бiрнеше қала мен елдi-мекен Фараб, Будахкет, Тамтадж, Абарджадж, Джуви Джувикат орналасқанын жазады.

Оныншы ғасырдағы араб саяхатшысы Ибе-Хаукаль Фараб қаласы маңының табиғатын, жер ерекшелiктерiн жазды. Оғыздардың бас қаласы Янгикент жөнiнде мағлұмат бередi. «Макдисидiң айтуынша» - деп жазады Ә. Әбдiрахманов Сауран маңындағы Яныкент деген қаланы арабтар әл-Карьят, әл-Хадиси, парсылар Дехи-нау деп атаған. Дехи-нау тәжiкше Жаңа қала деген сөз де Карьят арабша ауыл деген сөз.

Белгiсiз автор «Худуд-ал-алам» деген кiтапта сол дәуiрде қала аттарының көбісі түрiкше және соғдыша аталғанын келтiрiледi: «Бекелегиде» - үлкен елдi мекендер жөнiнде баяндалады. Соның iшiнде - Құлан, Меркi, Талғар, Аталиг, Тузун, Балиг, Барсхан, Сикуль, Тонг, Пенгуль т. б. қалалар бар. Құлан, Меркi, Талғар деген атаулар осы күнде де бар. Академик Ә. Марғұлан Құлан деген қаланың қалдықтарын қазiр Қарғаты өзенiнiң бойындағы Луговая станциясының қасында екенiн жазған.

Манғол шапқыншылығы кезiнде қазақ жерiне қатысты географиялық мәлiметтер беретiн еңбектер жоқтың қасы дерлiк. Дегенмен Мухаммед Джувайни, Фазалаллах Рашид-ад-Дин еңбектерiнде қазақ жерiне қатысты географиялық атауларды кездестiруге болады.

Он үшiншi ғасырдан бастап Европа елшiлерi мен саяхатшылары қазақ даласының үстiнен өтiп бара жатып отырған жазбаларында сол жерлер туралы кейiнгi ұрпаққа көптеген құнды, қызғылықты деректер қалдырған. 1246 жылы Рим папасы Инокентий IV елшiлiк ұйымдастырады. Елшiлiктi басқарған Иоанн де Плано Карпини Қазақстан жерi арқылы өтiп, Манғолияға жетедi. Өзiнiң жазбаларында ол Сырдария өзенi, Жонғар Алатауының солтүстiк жағы, Тарбағатай таулары хақында баяндайды.

Монғолияға 1253 жылы сапар шеккен француз саяхатшысы Вилгельм де Рубрук Едiлден өтiп, 12 күн жол жүрiп, Ягак (Жайық) өзенiне жеткенiн, бұл үлкен өзен Паскажир (Башқұрт) елiне бағытталып, Каспий теңiзiне барып құятынын өзiнiң «Шығыс елдерiне саяхат» деген кiтабында жазады.

Рубрук сапар шеге отырып, Жетiсу елiне жетедi. Қайықпен Iледен өтiп, өзеннiң арғы жағындағы егiнi жайқалған тегiстiкке тап болады. Сол кең далада балшықтан соғылған көне қалалардың қалдықтарын көредi.

Рубрук сол кездегi Қарлұқ хандығының Қайлақ (Қайлық) деген астанасында бiрнеше күн болады. Қарлұқтардың елiнде бұрын көп қала болғанын, монғол шапқыншылары қалаларды тас-талқан етiп қиратып, егiстiктердi құртып, сол жерлердi жайылымға айналдырып жiбергенiн баяндайды.

Он төртiншi ғасырда жазылған Рашид-ад-Диннiң «Жами-аттауарих» деген еңбегiнде түркi халықтары жөнiнде құнды мәлiметтер бар екендігін тарихтан білеміз. Рашид-ад-Дин Сайрам, Тараз, Отырар қалалары, Сырдария өзенi жөнiнде деректер келтiрген.

Қазақстан жерiндегi бiраз атауларды он төртiншi ғасырда жазылған Мухаммед Хайдар Дулатидiң «Тарих-и-Рашиди» деген еңбегiнде кездестiремiз. Мұхаммед Хайдар қазiргi Балқаш көлiнiң Көкшетеңiз деп аталғанын, Тараз қаласы Яны деген атпен белгілі болғанын, ал сол қаланың тұрғындарын янылық деп аталғанын «Тарих-и-Рашидиде» ұрпаққа қалдырып кеткен.

Қазақстан топонимдерi - құрамында басқа тiлдерден енгендердiң iшiндегi ең жаңа тобы - орыс топонимдерi.

XVIII-XIX ғасырларда Қазақстанның көптеген жерлерiнде, жаңа қоныстанушылардың келуiмен байланысты iрi бекiнiстер салынып, селолар мен деревнялар саны кбейдi. Оларға жаңаша ат қойылды: Мысалы; Қарқаралы - 1824, Ақмола - 1832, Верный - 1854, Атбасар - 1848, Аягөз - 1831, Баянауыл - 1833, Капал - 1850, Ақтөбе - 1869 салынғанын тарихи деректер көрсетедi.

Бұл дәуiрдегi қазақ жерiнiң топографиясы, тарихы мен этнографиясы орыс оқымыстыларының еңбектерiнен орын алды. Әсiресе Қазақстанның ұлан-байтақ жерi, оның сан мыңдаған жер-су атаулары орыс мемлекетiнiң географиялық картасынан (1817-18 ж. ж. ) тиiстi дәрежеде көрiнiс тапты.

Орыс География қоғамының басшылығымен, өткен ғасырларда Қазақстан жерiнде жиi-жиi экспедиция жiберiлiп отырды. Осы тұста еңбек еткен П. П. Семенов-Тян-Шанский, Н. А. Северцов, И. В. Мушкетов, В. В. Радлов, Л. Мейер, М. Красовский, А. И. Добромыслов, А. Левшин, И. Аристов сынды ғалымдардың географиялық, тарихи-этнографиялық зерттеулерiнiң маңызы зор.

П. П. Семенов-Тяньшанский басшылығымен шыққан «Россия» атты еңбекте Қазақстан туралы, оның табиғаты мен өзен, көл, таулары, кең-байтақ сары даласы, олардың атаулары жөнiнде қыруар материалдар жазылған.

1. 2. Қазақстандағы топонимиканың дербес ғылым ретінде қалыптасуы

Қазақстанның жер-су аттарын арнаулы зерттеу жұмыстары қазақтың тұңғыш ағартушы ғалымы Ш. Уәлихановтың еңбектерiнен басталады. Оның есiмi география тарихына қазақ даласының, Орта және Орталық Азияны тұңғыш зерттеушiлердiң бiрi ретiнде ендi. Географиялық наменклатураға байланысты ескертпелер оның тек географиялық шығармалары ғана емес, сонымен бiрге тарихи, этнографиялық және статистикалық сипаттағы жұмыстарында да бар. Шоқан өзiнiң жазбаларында географиялық атаулардың шығу тегiне көңiл бөлiп, оларға түсiнiктеме бередi, ол атаулар туралы халық арасында тараған аңыз-әңгiмелердi келтiредi, мүмкiн болған жағдайда географиялық атау жайында халық аузындағы аңызды жазба құжаттармен салыстыру арқылы тарихи шындықты анықтауға тырысқан. Географиялық атаулардың дұрыс жазылу формаларын табу үшiн олардың әр түрлi транскрипцияларын жасайды.

Аталған ғалымдардың еңбектері мақсатты түрдегі ономасиологиялық зерттеулер болмаса да, тіліміздегі бүгінгі ономастика ғылымы үшін баға жетпес бұл еңбектерсіз қазақ тіл білімінде осындай қызықты саланың сәтті қалыптасып, дамуын елестету қиын.

Қазақстандағы ономастикалық зерттеулердің Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңдегі мазмұны мен әдісі лингвистердің, географтар мен этнографтардың тарапынан ана тілінің ономасеологиялық материалдарын зерттеуге деген қызығушылықтарын таныта бастауымен сипатталады. Оның зерттеу әдістері мен сапасына жоғары талаптар қойыла бастады. 30-40 жылдары Қ. Қ. Жұбанов, С. А. Аманжолов, С. Әлиев, Н. Баяндиннің қазақ жалқы есімдері мен Қазақстанның географиялық атауларына қатысты мақалалары жариялана бастады. Қ. Қ. Жұбанов өзінің «Қазақ сөйлеміндегі сөз тәртібінің тарихы жайынан» (1936 ж. ) атты еңбегінде Айсұлу, Күнсұлу, Айжарық, Қыз-Жібек, т. б. секілді күрделі жалқы есімдердегі сөз тәртібінің қазіргі кездегі сөз тәртібімен салыстырғандағы өзгешелігін, ескіден сақталған дәстүр екендігін ғылыми түрде дәлелдеген2. Жалқы есімдердің консервативтік қасиетін осы тұста тағы да аңғарамыз. Тіл тарихын зерттеуде тілдік элементтердің мұндай қасиеті айрықша құнды саналады.

Қазақ топонимиясы мен антропонимиясының жүйелі түрде зерттеле бастауы соңғы ондаған жылдармен ғана байланысты. Қазақстан топонимиясын алғаш зерттеуші Ғ. Қ. Қоңқашпаев өз еңбектерінде халықтық жер-су атаулары терминологиясының пайда болып, қалыптасу жолдарын, өзге тілдерден енген топонимдер мен төл түркілік атаулардың ара-жігін анықтауға тырысты (Конкашпаев Г. К. «Казахские народные географические термины». Дисс. к. г. н. Ташкент, 1948. ) .

Қазақстан антропонимдері мен топонимдерін арнайы лингвистикалық пән ретінде зерттеудің бастамасын Ә. Әбдірахманов, Т. Жанұзақов, Е. Қ. Қойшыбаев, О. А. Сұлтанияев, В. Н. Попова сынды ғалымдар қалыптастырды. Ә. Әбдірахманов өзінің 800-ден астам топонимикалық атаулар мен объектілерге талдау жасалған монографиясын жариялады. Мұнда сондай-ақ антропонимдер мен этнонимдер негізінде пайда болған жер-су аттары айтылады. Қазақстан топонимдерінің дұрыс жазылуы мен транскрипциясы жайы да осы еңбекте біраз қамтылған.

Антропонимиялық зерттеулерге қатысты Т. Жанұзақовтың 1965 жылы жарық көрген «Қазақ тіліндегі жалқы есімдер» атты еңбегін айтқан жөн. Кейін осы зерттеудің негізінде Қазақстанның жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы әзірленді. Бұл еңбекте ономастика мен ғылымның басқа да салалары арасындағы байланыс, антропонимиялық сөзжасамның құрылымдық модельдері, топонимдердің құрамдық типтері мен жүйелері жөнінде, сондай-ақ қазақ жалқы есімдерінің тарихы, семантикасы мен этимологиясы турасында жан-жақты мәліметтер келтірілген. Сонымен қатар, 1971 жылы осы автордың қазақ жалқы есімдерін лингвистикалық, тарихи-этнографиялық тұрғыдан талдауға арналған «Қазақ есімдерінің тарихы» деген монографиясы көпшілікке ұсынылды. Т. Жанұзақовтың аталған еңбектерінен өзге орыс тілінде шыққан «Основные пробемы ономастики казахского языка» (1976 ж. ) және осы монографиясының заңды жалғасы ретінде танылатын «Очерки казахской ономастики» (1982 ж. ) атты елеулі зерттеулерінің қазақ ономасеологиясындағы орны ерекше.

Бұлардан басқа да қазақ жалқы есімдерін лингвистикалық, тарихи-этимологиялық тұрғыда туыстас түркі тілдерімен салыстыру, өзге тілдермен салғастыру әдістері арқылы талдау негізінде жарияланған бірқатар монографиялар бар. Бұлардың ішінен қазақ ономасеологиясы саласында көптеген жылдар бойы өнімді еңбек еткен белгілі топонимист Ә. Әбдірахмановтың екі бөлімнен тұратын «Топонимика және этимология» (1975 ж. ) деген монографиясын атауға болады. Аталмыш монографияның бірінші бөлімінде топонимика саласындағы этимологиялық зерттеудің әдістері қарастырылса, екінші бөлімінде Қазақстанның екі жүзден астам топонимдеріне талдау жасалған қысқаша этимологиялық сөздік ұсынылады. Осы секілді, «Қазақстанның жер-су аттары» (1959 ж. ), «Қазақстанның этнотопонимикасы» (1979 ж. ) деген зерттеулер де Ә. Әбдірахманов авторлығының еншісіндегі еңбектер.

Осындай зерттеулердің нәтижесінде Қазақстан территориясында сақталған ономолексемалардың лексика-семантикалық, фонетикалық және морфологиялық құрылымдарынан көптеген байырғы тілдік элементтер мен тілдік құбылыстар анықталды.

Сондай-ақ, қазақ топонимикасы, антропонимика және этнонимикасының зерттелу тарихында В. В. Бартольд, С. Е. Малов, А. Н. Кононов, А. М. Самойлович, А. М. Бернштам, Э. Р. Тенишев, Н. А. Баскаков, А. М. Щербак, Э. М. Мурзаев, В. А. Никонов, С. Г. Кляшторный, және басқа да түркологтардың өзіндік алар орны бір төбе.

Соңғы кезде жалпытүркілік ономастика бойынша жасалған жұмыстардың көлемі мен шеңбері ауқымдала түсті. Бұл қазақ тіліндегі ономастикалық зерттеулердің, оның негізгі секторлары бойынша ғылыми ізденістердің де дамуына оң әсерін тигізеді.

Ономастикалық лексикографияға да көп мән берілуде. Қазақ тілі ономастикалық сөздіктердің жасалуы үш бағытта жүзеге асты: а) топонимияға арналған сөздіктер; б) антропонимиялық сөздіктер және в) топо-орфографиялық сөздіктер. 1963 жылы Ғ. Қ. Қоңқашпаевтың лингво-географиялық түсіндірмелі қысқаша «Қазақстан географиялық атауларының сөздігі» (1963 ж. ) жарық көрді. Кейінірек Е. Қойшыбаевтың бұдан гөрі толық, әрі мазмұнды «Қазақстан топонимдерінің сөздігі» (1974 ж. ) шықты. Он шақты жылдан соң осы автордың «Қазақстан жер-су аттарының сөздігі» (1985 ж. ) қазақ тілінде жарияланды. Е. Қойшыбаевтың бұл сөздіктеріне екі мыңнан астам қазақ топонимдері еніп, көпшілігіне этимологиялық талдау жасалған.

Ономастика суреттемелі-танымдық және лингвистикалық пән ретінде көбіне тіл мен қоғам арасындағы қатынасты анықтайтын ғылым ретінде көрінеді. Қазақ тілі ономастикасының даму болашағы көптеген объективті факторларға байланысты. Олардың ішінде ең алдымен Қазақстанның кең байтақ жеріндегі топонимияға қатысты барлық материалдарды, әсіресе микротопонимия, этнонимия, антропонимия, астронимия, космонимия, зоонимия, фитонимиялық лексикаларды егжей-тегжей жиыстыру проблемасы тұр. Акад. Ә. Қайдар қазақ ономастикасына байланысты мынадай тұжырым айтады: «тілші-ономастар осы мәселе төңірегіндегі барлық аспекттерді қамти отырып, топо- және антропонимикалық түбірлер мен әртүрлі сөзжасамдық модельдердің тізімін құрастырып, әр қилы сипаттағы (аймақтық, қос тілдік, түсіндірмелік, анықтағыштық, этимологиялық және орфографиялық) топонимикалық, антропонимикалық сөздіктер жасап, аймақтық, республикалық атластар шығаруы керек. Қазақстан ономастарының міндетіне сондай-ақ синхрониялық, жалпы және аймақтық, құрылымдық және салыстырмалы-тарихи, типологиялық тұрғыдағы зерттеулер кіреді. Осыған байланысты ономастикалық зерттеудің теориясы мен әдісін жан-жақты, терең меңгеру қажеттілігі туады»3.

Қазақстанның макро- және микротопонимдерін тиянақты зерттеу көпжылдық бағдарлама бойынша жүзеге аспақ. Себебі еліміздегі миллиондаған топонимдерді жинау белгілі бір уақыт шеңберін қамтиды. Республика территориясындағы топонимдерді жинақтап, оларды зерттеу - лингвистикалық, тарихи, этнографиялық, геология, географиялық сипаттағы баға жетпес құнды материалдарға қол жеткізуге, халқымыз бен туған өлкеміздің өткені мен бүгінгісін тани түсуге себебін тигізеді.

ІІ БӨЛІМ. Ақтөбе өңірінің тарихи миккротопонимиясы

Ақтөбе өңірі мыңдаған жыл бұрын түрлі тайпалардың алмасуы мен көшпелі халықтардың ұзақ қоныс тепкен жері болған табиғаттың тарылмаған байлығы мен географиялық жағдайы көптеген тайпаларды осы маңға тоғыстырған.

Ғалымдардың айтуынша, Орал тауының оңтүстік шетінен Каспий теңізінің солтүстік жағалауына дейінгі аралық халықтардың ұлы көші-қон жолы болғанын ескерсек, Ақтөбе даласы сол сан тарау жолдың қайнаған ортасы еді. сондықтан бұл өлкеде жердің асты мен үстінде кездесетін тарихи-мәдени ескерткіштер алуан түрлі4. Осы ескерткіштер негізінде қалыптасқан макро -, микротопонимдерді зерттеудің де бұрын-соңды тарих парағына із қалдырған халқымыз бен өлкемізді лингвистикалық аспект тұрғысынан тани түсуде маңызы айрықша.

Көптеген микротопонимдер біріншіден, ңініп, кейін келе сол микротерритория сол адамның есімімен аталып кетеді. ды. әр аймақтағы тарихи ескерткіштер - қорымдар мен кесенелерге байланысты болады. Мәселен, заманында белгілі болған адам жерленген жер «бәленнің бейіті», «түген жатқан жер» делініп, кейін келе осы микротерритория сол адамның есімімен аталып кетеді; ендігі бір микротопонимдер белгілі бір тарихи жағдайларға, оқиғаларға байланысты сақталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазығұрт өңірі топонимиясының этнолингвистикалық сипаты
Оңтүстік Қазақстан облысы топономиясының физикалық-географиялық астарлары
Қазақстан Республикасында топонимика ғылымының дамуындағы қазіргі теориялық мәселелер
Шығыс Қазақстан облысының топонимдер қалыптасуындағы рөлі
Сарыағаш атауының топонимиясы және ауданның физикалық-географиялық ерекшеліктері
Тарихи атауларды қалпына келтірудің маңызы
Солтүстік Қазақстан аймағы топонимдерінің ерекшеліктеріне шолу
Қазақстан топонимиясы
Оңтүстік Қазақстанның географиялық атауларының шығу тегі мен мағыналық жүктемесінің физикалық-географиялық негіздері
Топонимдегі ұлт пен мемлекет саясаты мен тарихының көрінісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz