Кәсіпкерлік: мәні, түрлері, ұйымдық-құқықтық нысандары



КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3


I. КӘСІПКЕРЛІК: МӘНІ, ТҮРЛЕРІ,
ҰЙЫМДЫҚ.ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ.

1.1 Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері . . . . . . . . . . . 5

1.2 Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары . . . . . . . . . . . . . . 6
және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері.

1.3 Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі нысандары,
олардың артықшылықтары мен кемшіліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9


II. ҚАЗАҚСТАНДА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ
ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13

2.2 Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің дамуы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20

2.3 Кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 28

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 30
Курстық жұмыстың мақсаты - екі бөлімді талдап қарастыру. Бірінші бөлімінде кәсіпкерлік мәнін, түрлерін, ұйымдық-құқықтық нысандарын зерттеу. Екінші бөлімінде Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму ерекшеліктерін қарастыру.
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950 жж.) мән берген. Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: “Кәсіпкер болу – басқаның стегенін істемеу”. Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол жайлы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832 жж.) былай деген: “Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам”. “Кәсіпкерлік” терминің алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734 жж.) ендірді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызған.
А.Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттады.
Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.
Буржуазиялық саяси экономияда “кәсіпкерлік” түсінігі XVIII ғасырда пайда болды да, “меншік иесі” деген түсінікпен қатар орын алды. Мысалы А.Смит кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда табу мақсатымен экономикалық тәуекелге бас ұрған меншік иесі деп сипаттады. Ол өндірісті өзі ұйымдастырады, оның нәтижесіне иелік етеді. Алайда, меншік иесі мен кәсіпкердің бірігуі несиенің пайда болуымен байланысты өзгереді. Кез келген коммерциялық банк айналысқа жіберген бүкіл капиталға иелік ете алмайды. Меншік иесінің үлесі тек құрылу қорына (уставной фонд) ғана таралады, ал оның көлемі салыстырмалы алғанда шағын, әрі шектеулі.
Несиенің дамуымен байланысты капитал иесінің қызмет етуші капиталдан бөлінуі орын алды, ол өз кезегінде кәсіпкерлікке ірі қозғалыс берді. Сондықтан XVIII ғасырдың аяғы XIX ғасырдың басында өмір сүрген әйгілі француз экономисі Ж.Б.Сэй кәсіпкерлікті А.Смитпен салыстырғанда кеңінен сипаттады. Кәсіпкерлікке шаруашылық тиімділігін қамтамасыз ету мақсатымен өндіріс факторларын байланыстырушы экономикалық агент ретінде анықтама береді.
Корпорация қызметінде жауапкершілік менеджерлерге ауысады. Сөйтіп капитал, меншікті капитал және қызмет атқарушы капитал болып бөлінеді де, ал меншікке нақты бақылау жасайтын менеджерлер жалған меншік иесі көрінісін қабылдайды. Несие қатынасының дамуы және ұлттық байлықтың жеке меншік формасынан корпорациялар меншігінің формасына көшуі нәтижесінде меншік кәсіпкерліктен бөлініп қалады.
1. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Р.Н., Табаев Т.П.
“Экономикалық теория” Алматы: Қазақ университеті, 1999 ж.
(84-90 бет).

2. Әубәкіров Я.Ә. “Экономикалық теория негіздері” Оқулық. – Алматы,
“Санат” 1998 ж. (177-180 бет).

3. Бердалиев К.Б. “Қазақстан экономикасын басқару негіздері”
Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2001 ж. (79-88 бет).

4. Крымова В. “Экономикалық теория” Кестелі оқу құралы, Алматы:
Аркайм, 2003 ж. (23-24 бет).

5. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. “Кәсіпорын экономикасы” Оқу
құралы, Алматы: Экономика, 2003 ж. (11-17 бет).

6. Осипова Г.М. “Экономикалық теория негіздері” Алматы,
2002 ж. (76-81 бет).

7. Сәбден О. “XXI ғасырға қандай экономикамен кіреміз” Алматы:
Қазақстан, 1997 ж. (158-163 бет).

8. Сәбден О., Тоқсанова А. “Шағын кәсіпкерлікті басқару”
Алматы, 2001 ж. (14-26 бет).

9. Шеденов Ә.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И.
“Жалпы экономикалық теория” Алматы – Ақтөбе, 2001ж. (152-155 бет)

10. Мауленов С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ.
“Экономикалық теория” Оқу құралы, Алматы: Экономика, 2003 ж.

11. Нұрғалиев Қ.Р. “Қазақстан экономикасы” Оқу құралы, Алматы:
Қазақ университеті, 1999 ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

I. КӘСІПКЕРЛІК: МӘНІ, ТҮРЛЕРІ,
ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ.

1.1 Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері . . . . . . . .
. . . 5

1.2 Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары . . . . . . . . . . .
. . . 6
және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері.

1.3 Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі нысандары,
олардың артықшылықтары мен кемшіліктері . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . 9

II. ҚАЗАҚСТАНДА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ
ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . 13

2. Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің дамуы . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . 20

3. Кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . 25

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . 28

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . 30

Кіріспе

Курстық жұмыстың мақсаты - екі бөлімді талдап қарастыру. Бірінші
бөлімінде кәсіпкерлік мәнін, түрлерін, ұйымдық-құқықтық нысандарын зерттеу.
Екінші бөлімінде Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму ерекшеліктерін
қарастыру.
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа
түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард
университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950 жж.) мән берген.
Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: “Кәсіпкер болу –
басқаның стегенін істемеу”. Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен
кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол жайлы француз экономисі Жан Батист
Сэй (1767-1832 жж.) былай деген: “Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер
ауқымында ұйымдастыратын адам”. “Кәсіпкерлік” терминің алғашқы рет ағылшын
экономисі Ричард Кантильон (1650-1734 жж.) ендірді. Бұл ұғымға ол нарықтық
тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам
белсенділігін жатқызған.
А.Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу
үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттады.
Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда
алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік
жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.
Буржуазиялық саяси экономияда “кәсіпкерлік” түсінігі XVIII ғасырда
пайда болды да, “меншік иесі” деген түсінікпен қатар орын алды. Мысалы
А.Смит кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда табу
мақсатымен экономикалық тәуекелге бас ұрған меншік иесі деп сипаттады. Ол
өндірісті өзі ұйымдастырады, оның нәтижесіне иелік етеді. Алайда, меншік
иесі мен кәсіпкердің бірігуі несиенің пайда болуымен байланысты өзгереді.
Кез келген коммерциялық банк айналысқа жіберген бүкіл капиталға иелік ете
алмайды. Меншік иесінің үлесі тек құрылу қорына (уставной фонд) ғана
таралады, ал оның көлемі салыстырмалы алғанда шағын, әрі шектеулі.
Несиенің дамуымен байланысты капитал иесінің қызмет етуші капиталдан
бөлінуі орын алды, ол өз кезегінде кәсіпкерлікке ірі қозғалыс берді.
Сондықтан XVIII ғасырдың аяғы XIX ғасырдың басында өмір сүрген әйгілі
француз экономисі Ж.Б.Сэй кәсіпкерлікті А.Смитпен салыстырғанда кеңінен
сипаттады. Кәсіпкерлікке шаруашылық тиімділігін қамтамасыз ету мақсатымен
өндіріс факторларын байланыстырушы экономикалық агент ретінде анықтама
береді.
Корпорация қызметінде жауапкершілік менеджерлерге ауысады. Сөйтіп
капитал, меншікті капитал және қызмет атқарушы капитал болып бөлінеді де,
ал меншікке нақты бақылау жасайтын менеджерлер жалған меншік иесі көрінісін
қабылдайды. Несие қатынасының дамуы және ұлттық байлықтың жеке меншік
формасынан корпорациялар меншігінің формасына көшуі нәтижесінде меншік
кәсіпкерліктен бөлініп қалады.
Біріншіден, кәсіпкерліктің қажетті шарты мен белгісі, субьектінің
белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқы болуы шарт. Ол шаруашылық
қызметінің бағытын тандау, өндірістік бағдарламаны анықтау, қаржыландыру
көзін тандау, өнімдерді өткізу, оларға баға белгілеу, пайдаға өз жарлығын
жүргізу т. б. Басқаша айтқанда, кәсіпкер шаруашылықты жүргізудің
экономикалық жағынан оқшауланған субъектісі болуы керек.
Екіншіден, кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын
нәтижелерге тәуекелділікті қажет етеді. Қабылданған шешімдерге деген
жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерлік болмағаны, жәй тапсырма
бойынша жарлық ету болғаны. Тәуекелдік тура шешім туралы ерекше айту керек.
Кәсіпкерліктің қандай түрімен айналысушылардың басым көпшілігі кепілді
табыс пен жоғары жалақыға есеп жасайды.
Үшіншіден, кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге,
пайда табуға бағдар ұстауы, мұның өзі экономиканың қажетті рыноктық
құрылымын орнатумен байланысты. Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей,
кәсіпкерліктің жан-жақты дамуына оның құқылық базасы жеткіліксіз, оған сай
әлеуметтік-экономикалық шарт қалануы қажет. Олай дегеніміз рынок пен
кәсіпкерлік кенеттен пайда болып тез дамымайтыны кім-кімге де түсінікті.
Олар бұйрықпен, үкімет шешімдерімен, міндеттеу жолымен іске қосылмайды.
Өйткені ақшасыз, тауарсыз, капиталсыз, ең басты реттеуші – құн заңынсыз,
қозғаушы күші бәсекесіз олар дами алмайды.
Төртінші шарты жоғарыда атап өткендерден туындайды. Еркін кәсіпкерлік
меншіктің әр қилы формада, түрде, типте болуын қалайды, олай болса
иемденуді де қамтиды.
Қазіргі экономикалық әдебиеттерде де кәсіпкерлікті шаруашылық
искусствосы, экономикалық және ұйымдық творчество, еркін бастамаға, жаңалық
жаңашыры, тәуекелге бас ұру арқылы түсіндіреді т.б. мұның бәрі пайда әкелу.
Мұның өзі табиғи, әрі дұрыс: басқарудың өзі “мүмкіндік - искусствосы”. Оның
үстіне әңгіме тауарлы және бәсекелі шаруашылықтың туумен байланысты
өндірісті басқару және ұйымдастыру жөнінде болып отыр. Мұнда жеке бастың
бейімділігі, қабілеті, батылдығы маңызды рөл атқарады. Бұған қосарымыз
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікке жол ашқан, оның құқы мен
жауапкершілігі туралы алғашқы қабылданған заң актілірінің бірі
“Кәсіпорындар және кәсіпкерлік қызмет туралы” болды. Мұнда кәсіпкерлік
азаматтар мен бірлестіктердің жеке дара бастамасы, іс-қимылы, ол пайда алу
мақсатын көздейді, тәуекелділік көрсетеді, өзгерістерге деген
жауапкершілігі бар деп анықтама берілген. (2. 177-180 бет)

I КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МӘНІ, ТҮРЛЕРІ, НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

1.1 Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері

Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың өз ісіне деген табиғи
ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл
қызметтің ерекше түрі – кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына әкеп
соғады.
Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің
белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел
буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді.
Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және
ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа
тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт-
бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына
дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден,
экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-
техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да
болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме
сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б.
коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 10, 11 баптарының 1-5
тармақтарында Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асырылуының жалпы
құқылық ауқымы айқындалған.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік тұңғыш рет Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексі 10 бабының, 1 тармағында заңмен
бектітілген: “Кәсіпкерлік – меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен
заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру
арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған жеке меншікке (жеке
кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына
(мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет
кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен
жүзеге асырылады”.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар
бола алады:
- әрекет қабілеті заңды белгіленген тәртіпте шектелмеген Қазақстан
Республикасының азаматтары;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер
шегінде шет мемлекеттердің азаматтары мен азаматтықтары жоқ адамдар;
- азаматтар бірлестігі – ұжымдық кәсіпкерлер (әріптестер).

Кәсіпкерлік мәртебесі мемлекеттік тіркеу және реестрге кіргізілуі
арқылы беріледі. Реестр – фирмалардың атаулары, олардың жұмыс бағыттары,
жеке жауапкершіліктері бар серіктестіктер мүшелерінің фамилиялары, фирманың
жеке капиталы туралы мәлімет және басқадай деректер жазылған есеп жүргізу
кітабы.
Кәсіпкердің мәртебесі заңды және заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден
өткеннен кейін күшіне енеді.
Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктері
ұлттық заңдарымен реттелетіндер:
- кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы, кәсіпорындар құру және олар
үшін қажетті мүліктер сатып алу;
- барлық субъектілердің рыноктағы материалдық, еңбек, ақпарат және
табиғи ресурстарға қол жеткізудің теңдік құқығы;
- меншік түрлеріне және ұйымдастыру-құқықтық формасына қарамастан
кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы;
- кәсіпкерлердің мүліктерінен заңсыз айыруды қорғау;
- кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінде еркін таңдау;
- нарықтық монополия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір тауар
өндірушілердің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу. (№5)
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен
баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетің кезкелген
қызметтің түрі. Рас бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты.
Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш. Сондықтанда
бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер
бола алмайды. Экономикалық ғылымда “кәсіпкерлік қабілеттілік” ұғымда бар.
Ол дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ
бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді. Басқа жұрт
қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа
жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабелділікпен, яғни
адамдармен тез арада байланыс жасау қабілеттілігі, олармен өзара жақсы
қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз
қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай
қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл
табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адамның
экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы
жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады. (9. 152-155 бет)

2. Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары және бизнеске
қатысудағы өзгешеліктері

Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төтеп беру
өзгешелігі, кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушы оған
бүгіннен бастап ақша төлеуге дайын.
Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай,
кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық және қаржылық болып бөлінеді.
Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі, демек өзіндік
технологиясы болады. (5. 11-17 бет )
Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері) жеке тұлғалар, әр түрлі
ассоциациялар, акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтері және
мемлекет бола алады.
Кәсіпкерлік нысандары (объектілері) шаруашылық қызметтің кез келген
түрлері, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру
қызметтері, бағалы қағаздармен операциялар бола алады.
Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді.
Өндірістік кәсіпкерлік – тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани
құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс
функциясы негізгі болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлік – тауарлар мен қызметтерді қайта сату
бойынша мәмілелер мен операциялар құрамына енеді және өнім өндірісімен
байланыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға
сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болса, алыпсатарлық
болып есептелмейді.
Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып
табылады, сату-сатып алудың объектісі ақша, валюта, бағалы қағаздар болып
табылады.
Делдалдық кәсіпкерлік – бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын
қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс
алады.
Сақтандыру кәсіпкерлігі – кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде
ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің
ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.
Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған.
Бірақ ол үшін шектеулі ресурстарды қиыстырып пайдалануға үйрену керек.
Ресурстардың әр түрлі комбинацияларын жасау – кәсіпкер қызметінің
қажетті буыны. Олар Шумпетер көзқарасы бойынша бес бағытты қамтиды.
1) Жаңа игілікті жасау немесе ескі игіліктің жаңа сапасын жасау;
2) Өндірістің жаңа әдісін енгізу;
3) Жаңа өткізу рыногына шығу;
4) Шикізат немесе жартылай фабрикаттың жаңа көзін табу;
5) Өндірісті қайта ұйымдастыруды жүргізу.
Әрбір мерзім аралығында жаңа комбинациялар көрінуі мүмкін.
Кәсіпкерліктің бұл қасиетіне кәсіпкерлікті өндіріс факторын комбинация
жасайтын экономикалық агент ретінде анықтай отырып А.Смиттің тұжырымын
толықтырған Ж.Б.Сей назар аударды.
Кәсіпкерлік қызмет тек бір ғана меншік формасымен (жеке, ұжымдық,
қоғамдық) байланысты емес. Оның әр түрлі варианттары мен үилесімдері болуы
мүмкін. Бұл кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін қолданылған капиталдың толық
меншік болуы міндет емес деген сөз. Қарыз капиталын қолдануға болады.
Алайда қарыз капиталы пайданың белгілі бір бөлігімен бірге қайтарылады.
Сондықтан оны пайдалану кезінде кәсіпкердің экономикалық тәуекел дәрежесі
өседі.
Тәуекел, айтып өткендей, кәсіпкерліктің негізгі белгілерінің бірі.
Тәуекел – жоспар немесе болжауды қарастырылған вариантпен
салыстырғанда табыс алмаудың немесе зиян шегудің ықтималдығы. Тәуекелдің
бірнеше түрлері бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, несиелік,
проценттік.
Тәуекелдің мүмкін деңгейі осы қызметке қатысатын адамдардың санына
кері тәуелді деген көзқарас бар. Көбінесе тәуекел сақтандыру
кәсіпкерлігімен шұғылданатын мекемелерде сақтандырылады.
Тәуекелді әр түрлі әдістермен өлшеуге болады:
- статистикалық, мұнда бұрынғы шығындар статистикасына қарап б
олашаққа болжау жасайды.
- эксперттік, мұнда мамандар мен тәжірибелі бизнесмендер көзқарастары
зерттеледі.
- есептік талдау математикалық тәсілдерге негізделеді.
Кәсіпкерліктің жаңашылдықсыз болуы мүмкін емес. Осыған байланысты
кәсіпкерліктің екі моделін қарастырады: классикалық және инновациялық.
Біріншісінің мәні мынада, бизнесмен өз қызметін қарамағындағы бар
ресурстардан максималды қайтарым алу есебімен ұйымдастыруға ұмтылады.
Екінші модель өзінде бар ресурсын ғана емес, сондай-ақ сыртқы
ресурстарды тарту және пайдалану мүмкіндігіне бағытталады. Өзінің және
сыртқы ресурстарды пайдалана отырып, кәсіпкер өз бизнесі дамуының тиімді
варианттарымен шұғылданады. (1. 84-90 бет)

1.3 Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі нысандары, олардың артықшылықтары
мен кемшіліктері

Кәсіпкерлік әр түрлі формада болады. Оларды топтастыру негізінде екі
белгі жатыр: меншік формасы және фирма көлемі.
Меншік формасына байланысты кәсіпкерлік мемлекеттік және жеке болып
бөлінеді. Бұл екі сектордың ұлттық экономикадағы үлес салмағы тұрақсыз:
ұлттандыру кезінде мемлекеттік кәсіпкерлік шекаралары кеңейеді, ал
жекешелендіру оларды тарылтады.
Мемлекеттік кәсіпкерлік әдетте тұрақты және капитал сыйымдылығы
жоғары, - себебі, үкіметтің қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан
қамқорлығында. Сонда да, жеке сектор мемлекеттікке қарағанда бірқатар
артықшылықтарға ие:
- түсімділігі жоғары қызмет сферасын таңдауға еркін.
- бизнес көлемі шектелмеген.
- қатаң бағамен шектелмейді.
Кәсіпкерлікте үш түрді бөліп алады:
- жеке тұлғалар.
- серіктестік (жолдастық).
- корпорация (акционерлік қоғам).
Жеке кәсіпкерлік деп бір адам ғана айналысатын бизнесті айтады. Оның
жауапкершілігі шектелмеген және оның капиталы көп емес – жеке
кәсіпкерліктің кемшіліктері осында.
Оның артықшылықтары: әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез келген
өзгерісті өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпорация
үшін бекітілген салықтан босатылған. Бұл ұсақ дүкендерге, қызмет көрсету
саласындағы кәсіпорындарға, фирмаларға, сондай-ақ юристердің, дәрігерлердің
т.б. кәсіби қызметіне тән бизнестің кең тараған формасы.
Серіктестік деп екі немесе одан да көп адам бірлесіп айналасатын
бизнесті айтады. Серіктестікке де табыс салығы салынады.
Серіктестіктің артықшылығы сол, оны ұйымдастыру және қосымша қаражат
пен жаңа ойлар тарту жеңіл.
Кемшіліктері қатарына капиталдың жаңа салымдарын төмен ететін, дамып
келе жатқан істе қаржы ресурстарының тапшылығын, фирма қызметін,
мақсаттарын оның қатысушыларының бірдей түсінбеуін, әрқайсысының фирма
табысында немесе зиянындағы үлесін анықтау күрделілігін кіргізуге болады.
Серіктестік формасында делдалдық кеңселер, аудиторлық кеңселер мен
фирмаларды, қызмет сфераларын т.б. кіргізуге болады.
Корпорация деп бірге кәсіпкерлік қызмет істеу үшін бірлескен тұлғалар
жиынтығы аталады. Корпорация меншігіне құқық акциялар бойынща бөліктерге
бөлінген, сондықтан корпорация иелері акция ұстаушылар, ал корпорация
акционерлік қоғам деп аталады. Корпорация табысынан корпорацияға салынатын
салық ұсталады. Кәсіпкерліктің акционерлік формасы Қазақстанда жиі
кездеседі.
Корпорация артықшылықтарына мыналар жатады:
- акциялар және облигациялар сату арқасында ақша капиталын тартуда
шектелмейтін мүмкіндіктер;
- басқару функцияларын орындау үшін кәсіби мамандарды тарту;
- корпорация қызмет етуінің тұрақтылығы, өйткені акционерлерінің
біреуінің қоғамнан шығып кетуі фирманың жабылуына ықпал етпейді.
Бизнесті корпоративті формада ұйымдастырудың кемшіліктеріне
төмендегілер жатады:
- корпорация табысының акция ұстаушыларға дивиденд түрінде
төленетін бөлігіне екі жақты салық салу: бірінші рет корпорация
пайдасының бір бөлігі ретінде, ал екінші рет акция иесінің жеке
табысының бөлігі ретінде. Кіші корпорациялардың иелері үшін екі жақты
салық салудың ауыртпалығы елеулі. Сондықтан АҚШ-та бұндай фирмаларға S
корпорациялары (small business corporation) статусын алуға рұқсат
етеді. Бұндай жағдайда корпорация табысы олардың иелерінің табысы
болып саналады және тек табыс салығы алынады;
- экономикалық теріс пайдаланушылыққа қолайлы мүмкіндіктер. Ешқандай
нақты құны жоқ акцияларды шығару және сату мүмкіндіктері;
- меншік және бақылау функцияларының бөлінуі. Акциялары көптеген иелер
арасында орналастырылған корпорацияларда бақылау функциясы меншік
функциясынан ажырайды. Акция иелері көп дивиденд алуға ұмтылады, ал
менеджерлер ақшалай айналымға жіберу мақсатында дивидендтерді азайтуға
тырысады.
Корпорацияның басқа да кемшіліктері бар, бірақ олардың орнын
артықшылықтары толтырады.
Кәсіпкерлік көлеміне қарай: кіші, орташа және ірі бизнеске бөлінеді.
Қазіргі батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылықтың ірі секторын
құрайды. Бұнда жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі жұмыс табады. Кіші
бизнестің әдеттегі формалары франчайзинг (franchise - жеңілдікті) және
венчурлық (venture – тәуекел ету) кәсіпкерлік жүйелері болды.
Франчайзинг – ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалануға құқық алу
үшін және белгілі бір сферада, белгілі бір территорияда өз қызметін жасау
үшін рұқсат алу үшін келісім шарт жасайтын ұсақ жеке фирмалар жүйесі.
Олардың бағаны төмендету, тауарды жеткізуге, құрал-жабдықты сатып алуға,
кредит алуға көмек түрлерінде жеңілдіктері бар.
Ұсақ фирмалар ірі компаниялар өнімдерінің бөлшек сатушылары болып
қалыптасады. Бұндай келісімдер екі жаққа да пайдалы: ұсақ фирмалар ірі
корпорациялардан сауда запасын, кредит алады және олардың қамқорлығына
енеді, ал корпорациялар өз өнімдерін өткізуге шығын жұмсамайды, сондай-ақ
өз қамқорлығындағылардан ұдайы төлем алып отырады.
Венчурлық фирма – ғылыми зерттеулерді жасаумен шұғылданатын
коммерциялық ұйымдар. Венчурлық кәсіпорындар жаңалықтармен бизнес жасайды.
Жаңа өнімнің рынок талаптарына сатып алушылар қажеттіліктеріне төменгі
шығындарға сай келмей қалуының мүмкін болуына байланысты “күйіп кетуге”
тәуекел етеді. Сондықтан венчурлық фирмалар бір өніммен жұмысты бітіріп,
тезірек екіншісіне көшуге тырысады. Венчурлық кәсіпкерліктің отаны АҚШ
болып табылады және ол екінші дүниежүзілік соғыстан соң кең дамыды. Бүгінгі
күні венчурлық фирмалар Қазақстанда да құрылып қызмет ете бастады.
Орта бизнес елеулі роль атқармайды. Ол бәсекеде мықты емес, себебі
оның ірі де кіші де кәсіпкерлікпен бәсекелесуіне тура келеді, осының
нәтижесінде ол ірі кәсіпкерлікке айналады немесе мүлдем өмір сүруін
тоқтатады. Бұл жерде әңгіме қандай да бір ерекше өнім шығаруда монополист
болып табылатын, тұрақты тұтынушысы бар фирмалар туралы емес (мүгедектерде
арналған техниканы өндіру, қалалық сағаттарды жөндеу).
Ірі бизнес кіші және орта бизнестен өте қуаттылығымен ажыратылады.
Оның рыноктағы монополиялық жағдайы көпшілік тұтынушылардың қажеттіліктерін
қанағаттандыруға есептелген жаппай және арзан өнімді шығаруға мүмкіндік
береді. Әрбір елдің өзіндік бизнесті ұйымдастыру құрылымдары бар.
Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет формалары Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексімен анықталған.
Соған сәйкес барлық ұйымдар (заңды тұлғалар) коммерциялық және
коммерциялық емес болып бөлінеді.
Коммерциялық фирмалардың негізгі мақсаты пайда алу болып табылады.
Коммерциялық емес фирмалар ондай мақсат қоймайды.
Коммерциялық фирмалар шаруашылық серіктестіктер, өндірістік
кооперативтер, мемлекеттік және жергілікті унитарлық кәсіпорындар
формасында құрыла алады. Шаруашылық серіктестіктер өз кезегінде толық
серіктестік, сенім серіктестік (коммандиттік), жауапкершілігі шектелген
серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғам,
еншілес және тәуелді қоғамдар түрінде қызмет етеді.
Коммерциялық емес фирмалар тұтыну кооперативті, қоғамдық немесе діни
ұйым, қайырымдылық қор фирмаларында құрылады. (3. 79-88 бет)

Кәсіпкерліктің негізгі нысандарының артықшылығы мен кемшіліктерінің
таблицасы

Акционерлік қоғам – өз әрекетін жүзеге асыру үшін қосымша қаржы тарту
мақсатында акциялар шығаруға негізделген кәсіпорын немесе мекеме.
Акция – акционерлік қоғам шығаратын айналым мерзімі белгіленбеген,
акция иесі жарғы қорына енгізгені туралы куәландырылған және дивиденд
ретінде кіріс алуға құқық беретін бағалы қағаз.
Акциялар курсы – акциялардың сатылымдық бағасы. (4. 23-24 бет)

II ҚАЗАҚСТАНДА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару

Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті
даму мәселесі – өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық
экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық
экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі
көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы ролінің өте
маңыздылығын дәлелдейді.
Қазақстан Республикасы Конституциясында былай деп жазылған: “Әркімнің
кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өзмүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік
қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар”. Бәрімізге мәлім, өндірістің
негізгі факторлары табиғи, еңбек, өндірістік ресурстар болып табылады.
Нарықтық экономика кезінде осы факторлардың жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне
әсер ететін нақты күш бар. Олар: іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін
белгілі бір мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі.
Жалпы өркениетті елдердің қай қайсысын алсақ та өздерінің
экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді.
Себебі кәсіпкерлік халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар, қосымша жұмыс
орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Кәсіпкерліктің осындай және басқа
да экономикалық және әлеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін маңызды
мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың
ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді. Техникалық прогресс, тұтынушы
сұранысын толық қанағаттандыру кәсіпкерліктің тиімділігіне байланысты
болады.
Кәсіпкерліктің түрлі формаларының өзара тиімді ынтымақтастық құруы
келешегі зор бағыт. Шағын кәсіпорындар ғылыми техникалық жетістіктерді
қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс өзгересіне оңай
бейімделеді. Сондай-ақ ірі кәсіпорындарға тауарлар жеткізу мен қызмет
көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге барады, мұнын өзі олардың тұрақты
табыстарына кепілдік береді. Олар ірі кәсіпорындардың орнықтылығын және
өндірістік диверсификациясын қамтамасыз етіп, монополистік бағытқа қарсы
әрекет етеді. Кәсіпкерлік нарықта консалтингтік, брокерлік, маклердік
делдалдық, жарнама, қолданбалы зерттеу жұмыстары бойынша қызмет көрсетумен
қамтамасыз етіліп, белсенді роль атқарады. Кәсіпкерлер өздерінің күштері
мен қаржыларын біріктіріп, жалғыз бастылықтан ұжымдық іскерлікке өтуге
бейім тұрады. Бұл жағдайда ортақ бір тұтас кәсіпорын құрамында жекелеген
кәсіпкер өз мүлкіне жекеменшігін сақтайды. Дегенмен де серіктестіктерде,
кооперативтерде оның құрылтайшылары мен қатысушылары құрал-жабдық және
басқа да мүлікті толық немесе ішінара біріктіреді. Жеке кәсіпкерліктің бұл
мүмкіндігі бизнесті дамытушы күш, маңызды фактор болып есептелінеді.
Сонымен қатар, ұжымдық бизнестің көптеген формалары капиталдың қосылуы,
ортақ меншіктің құрылуы, осы бірігудің барлық мүлкіне жауап беретін заңды
тұлға жасаумен байланысты.
Кәсіпкерлікті дамыту кез келген деңгейдегі басқаруды жетілдіру үшін
қажет. Кісіпкерлікті дамыту мынадай сұраққа жауап іздеуі керек:
“Геосаясаттық өзгерістер іскерлік белсенділікке қандай әсер тигізеді”? Кез
келген экономиканың бүгіні мен болашағында “стратегиялық көзқарассыз”
ешқандай даму болмайды.
Кәсіпкерлік мәселелері бүкіл іскерлік әлемді толқытып отыр. Сондықтан
да 1990 жылы мамыр айында Вашингтонда өткен стратегиялық басқарудың
халықаралық конференциясының лейтмотиві – “Кәсіпкерлер жаңа шаруашылық
ойлауды іздестіруде” деп аталды. Онда кәсіпкерлердің ұшқыр мәселелері,
экономикаға, ұйымдастыруға, технологияға, өнімге деген жаңа қадам іздестіру
туралы толғаныстар қарастырылды.
Конференцияда басты назар мына мәселеге аударылды: “Белсенді іс-
әрекеттер арасында” келесі шарттарды орындайтын корпорациялар жатады:
1) Өз қызметінің стратегиялық бағыт-бағдарын жеке түсіне білетін;
Уақытты, жаңалықтар мен идеялар, тәжірибелердің үзіліссіз
ағымынан қалып қоймай, оларды тиімді пайдалана алатын;
2) Ұйымдастырудың, жұмыс режимінің тиімді түрлерін, ресурстар мен
жұмыскерлер күш жігерінің тиімді үйлесімін, арақатынасын таба
білген;
3) Біріккен еңбек оның барлық қатысушыларын қанағаттандыратын
жағдайда ғана табысқа жетуге болады.
Кәсіпкерлікті дамытудың бұл шарттары нарықтық экономикаға өтудің
бастапқы кезеніңде тұрған елдер үшін өте құнды. Бұл әрине, Қазақстанға да
қатысты.
Кәсіпкерлікті жетілдіру экономиканың тұрақтылығы мен оның бәсекелік
сипатын қалыптастыруда басты күштерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлікті
дамыту үшін субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы,
шаруашылық қызметінің бағытын таңдауда еріктігі, қабылданатын шешімдерге,
одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдіктің болуы қажет. Кәсіпкерлік дамуы
үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық шарттары қалануы керек.
Республикамыздағы кәсіпкерліктің экономикалық мәнін тереңнен түсінуге
“Қазақ КСР-індегі шаруашылық қызмет еркіндігімен кәсіпкерліктің дамуы”
туралы заңның қабылдануы жол ашты. Бұл заң азаматтар мен заңды тұлғалардың
кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық,
экономикалық, әлеуметтік шаралар мен кепілдіктері анықтап берді.
Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын
қалайды. Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен – кәсіпорын.
Заңмен бекітілген іскерлік қызметті ұйымдастырудың әдістері бизнестің
немесе кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формасы деп аталады.

Нарықтық қатынастарға өтуде халықты кеңінен кәсіпкерлікке тарту қажет.
Нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуі үшін нарықтық іс басындағы
субъектілердің толық өзін-өзі басқаруы мен олардың экономикалық
тәуелсіздігі болуы қажет.
Халық шаруашылығында жұмыс істейтін кәсіпорын ұйымдық-құқықтық
құрылысы, масштабы, қызмет ауқымы жағынан әр түрлі болып келеді. Құқықтық
және өндірістік жағынан алғанда олар жекелеген топтар мен түрлерге
бөлінеді. Олар: шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғамдар,
өндірістік кооперативтер, сондай-ақ мемлекеттік секторында – мемлекеттік
немесе ұлттық және муниципалдық кәсіпорындар.
Серіктестікке қатысушылар мүлікті жауапкершілігінің деңгейіне қарай
толық, аралас, шектеулі болып бөледі.
Бизнес – бұл адамдарды, яғни тұтынушыларды өз қаржысын сізге беруге
ынталандыратын өнер. Бұл өнер коммерция заңдарына, кәсіпкерлердің үлкен
еңбегі мен тәжірибесіне негізделеді. Кәсіпкерлік өңдірістің, нарықтың және
бүкіл қоғамның дамуына ықпал етеді.
Сонымен, нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік – шаруашылық
қызметінің маңызды түрі. Қазіргі экономика кәсіпкерлікті шаруашылықты
ұйымдастырудың түрі ретінде анықтайды. Кәсіпкерлердің экономиканы өрлетуге
қосар үлесі өте зор.
Кәсіпкерлердің өздеріне ғана тән ерекше этикасы және дүниетанымы бар.
Бұл жағдайға қарап, біз кәсіпкерліктің ерекше бір философиясы бар екенін
айтуымызға болады. Кәсіпкерлік философиясы өндіріс пен қоғамның дамуының
әсерінен өзгеріп тұрады. Ал кәсіпкерлік философиясының негізі тұрақты болып
келеді. Себебі қоғамдық өмір мен адамдардың қатынастары өзгеріп тұрады, ал
нарықтық орта мен заңдар өзгеріссіз.
Кәсіпкер әрқашанда анықталмаған жағдайда қызмет жасайды. Әр нәрсе, әр
тенденция мәңгі болмайтындықтан нарық субъектілерінің мінез-құлқы әрқашанда
өзгермелі. Егер кәсіпкер экономикалық, саяси, технологиялық, әлеуметтік
ортаға бейімделе алмаса, онда оның орнын басқа кәсіпкер басады. Кәсіпкер
әрқашанда күтпеген жағдайларға дайын болуы керек, оларды болжай алуы қажет.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың түпкі мақсаты әлеуметтік
проблема – халықтың өмірін жақсарту проблемасын шешуге бағытталған. Ол үшін
экономиканы “тұтынушыға қызмет ету” режиміне ауыстыру қажет. Әлемдік
тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл мақсатқа экономикалық қатынастардың
кәсіпкерлік типі сәйкес келеді. Оның негізгі белгілері: батыл бастама толық
еркіндік пен жауапкершілік, нарық коньюктурасын бақылау мен қажеттілікті
іздеу, бәсекелік күрес тактикасы мен инвистициялау мәселелерін талдау.
Индустрия, энергетика, Сауда министрлігі мен Қаржы министрлігі
министрліктердің, ведомстволардың және кәсіпкерлер бірлестіктерінің
қатысуымен Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдаудың 1998-2000 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасын жасап, оны Үкіметтің қарауына берді.

Республикада кәсіпкерлікті дамытуға үлкен ден қойылып, бірқатар
заңдар мен жарлық, қаулылар қабылданған. Атап айтқанда, алғашқы құжаттардың
бірі болып “Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы” Заңы 1992 жылдың 4
шілдесінде қабылданып, онда кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдаудың
мәні мен мазмұны, басты мақсаттары мен бағыттары айқындалады. Кәсіпкерлікті
мемлекеттік қорғау және қолдау дегеніміз – аталған қызметті орындаудағы
құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайды қалыптастыру,
мемлекетте жаңа экономикалық құрылымдарды орнату болып табылады.
Республикада “Кәсіпкерлікті қолдау мен бәсекені дамыту” Қоры құрылып,
Президент Жарлығымен 1994 жылдың сәуір айында “Кәсіпкерлікті қолдау мен
бәсекені дамыту жайындағы” мемлекеттік комиссия өз қызметін бастады. Жалпы
бағыттық іс-әрекеттерді жүйелі орындау мақсатында Қазақстан Республикасы
кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдаудың 1994-1996 жж. Арналған
бағдарламасы жасалынды. Аталған бағдарламаның басты мақсаты – экономикада
жеке меншіктік секторын қалыптастыру және дамыту, кәсіпкерліктің
инфрақұрылымын жетілдіру болып табылады. Ел Президентінің “Азаматтар мен
заңды тұлғалардың кәсіпкерлікпен айналысуға еріктілігі жөніндегі құқығын
қорғау туралы” Жарлығының қабылдануы мемлекеттің кәсіпкерлікті дамыту
мәселесіне зор маңыз бергенін дәлелдейді. Әр жылдың сәуір айында Алматыда
өтетін республика кәсіпкерлерінің жыл сайынғы форумында да осы мәселеге көп
көңіл бөлінеді. Мұнда кәсіпкерліктің дамуына баға беру мәселесі қаралып,
оның нәтижесінде кәсіпкерлікті дамытудағы кедергілер мен оларды жою
бағыттары қарастырылады.
Әрине, кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдастырушылық негізін құруда әлі де
болса шешімін күткен мәселелер айтарлықтай. Оның үстіне лицензия беруші,
тексеруші органдардың көптігі, кеден және салық заңдарының жетілмегені,
кемшіліктер, несие алудың қиындығы, кәсіпкердің мүддесін қорғайтын органның
болмауы, бюрократия кәсіпкерлікті дамытуға елеулі кедергі жасайды.
Сондықтан да экономикада кәсіпкерлік субъектілерінің сандық үлесі артса да,
одан түсетін салықтық кіріс мөлшері аз. Бюджетке салықтың аз түсуі салық
жүйесінің жетілмегені де әсер етеді. Себебі салықтың жоғары болуынан
кәсіпкерлер табыстарын жасырады.
Кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында мынадай іс-шараларды жүзеге
асыру қажет:
- мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті барынша қолдау;
- мақсатты бюджеттік қаржыландыру саясатын жүргізу;
- жеңілдетілген несие беру саясатын жүргізу;
- кәсіпкерлер құқығын қорғайтын орган жұмысын жандандыру;
- кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізу кезіндегі қиыншылықтарды
жою;
- тексеруші органдар санын қысқарту;
- заңдардың орындалуын қамтамасыз ету, т.б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Шаруашылық серіктестіктегі қатынастардың ерекшеліктері
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер кешені
Кредиттік оқу жүйесі
Шаруашылық жүрпзуші субъектілердің қаржысы
Білім беру мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызмет пәні бойынша дәрістер
Коммерциялық заңды тұлғалардың түсінігі
Кәсіпкерлік қызметтің мазмұны
Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері
Пәндер