Қазақстан Республикасындағы коммерциалық банктердің қызметі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР, ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.1 Қазақстан Республикасында банктерді ұйымдастыру негіздері ... ... ...7
1.2 Қазақстан Республикасындағы банк қызметін реттеу қажеттілігі ... ..12
1.3 Банк кызметін реттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
2.1 Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қазіргі жағдайы ... ... ... 27
2.2 Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің қызметін реттеу құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИАЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ...44
3.1 Банк қызметін экономикалық және құқықтық реттеудің жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
3.2 Банктік жүйелердегі бәсекелестік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...53

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...56

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...58
"Коммерциялық банк" термині, банкілер басымды жағдайда саудаға (commerce), тауар айырбасы операцияларына және төлемдерге қызмет көрсетуі кезіндегі банкі ісінің ерте кезеңінде пайда болды. Оның негізгі тапсырыскері сатармандар еді. Банкілер тауар айырбасымен байланысты тасымалдау, сақтау және басқада операцияларды несиелендірді. Өнеркәсіптік өндірістің өркендеуімен өндірістік циклді қысқа мерзімді несиелендіру бойынша операциялар пайда болды: айналым капиталын толықтыру, шикізаттар мен дайын бұйым қорларын құру, жалақы төлеу және т.б. несиесі.
Несиелер мерзімі біртіндеп өсе бастады, банк ресурстарының бір бөлігі негізгі капитал мен бағалы қағаздарға жұмсалым үшін қолданыла бастады. Соңғы уақытта Қазақстанның банкілік жүйесінің қалыптасуында маңызды өзгерістер болды. Банк-жетекшілер анықталды, банкілік мамандандырудың негізгі бағыттары қалыптасты, қаржы институттары арасында тапсырыскерлер қорын бөлу аяқталды.
Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуін, оның жұмыс істеу тиімділігінің артуын, қажетті инфрақұрылымның құрылуын несиелендіру қатынасын қолданбай және оны ары қарай өркендетпей қамтамасыздандыру мүмкін емес.
Несие – қарызға ақша немесе тауар беру, ереже бойынша, процент төлеумен; құндық экономикалық категория тауар – ақша қатынасының бөлінбес элементі. Несиенің пайда болуы айырбас саласымен тікелей байланысты, бұл жерде тауарлар иелері экономикалық қатынасқа түсуге дайын, меншіктенушілер ретінде бір – біріне қарсы тұрады.
Несиенің пайда болу және өркендеу мүмкіндігі капиталдың ауыспалы айналымымен және айналымымен байланысты. Капиталдың негізгі және айналымды қозғалысы процесінде ресурстарды босатып алу жүреді. Еңбек құралдары өндіріс процесінде ұзақ уақыт қолданылады, олардың құны дайын өнімдер құнына бөлшекті беріледі.
Несие берудің негізгі алты принципі (алты «Си» ережесі)
Сипаттама (Character) Тапсырыскердің несиелік тарихы. Осы тапсырыскермен байланысты басқа несиегерлер тәжірибесі. Несие мақсаты, болжауды құрудағы тапсырыскер тәжірибесі. Несиелік рейтинг, сұранылатын несие бойынша, екінші қол қоятын немесе кепілдік беретін тұлғаның болуы.
Ақша қаражаты (Cash) Пайда, дивидендтер және бұрынғы сату көлемдері. Қолма – қол ақшаның жоспарланған ағымының жеткіліктілігі және өтімді бұйым қорының болуы.
1. Закон Республики Казахстан «О банковской деятельности » от 30 марта 1996 года.
2. "Правила выдачи, отзыва разрешения на создание, реорганизацию банка, лицензии на проведение банковских операций и иной банковской деятельности, их ануллировния и приостановления, дачи, отзыва согласия на открытие, слияние филиалов и открытие представительства банка" (29.02.04г.,постпновление N50);
3. "Положение о предоставлении права банкам второго уровня на открытие корреспондентских счетов друг у друга" (28.03.04г.,пр.№7);
4. "Положение об экономических нормативах" (28.03.03.,пр№7);
5. "Положение о классификации ссудного портфеля и порядке формирования резервов (провизии) для покрытия убытков от кредитной деятельности банками второго уровня Республики Казахстан"(20.05.04г., постановление N76);
6. "Инструкция о порядке предоставления банками Республики Казахстан данных для пруденциальных (экономических) нормативов" (20.07.04г.,постановление N95);
7. "Положение о пруденциальных номативах"(29.02.02г);
8. "Инструкция о порядке предоставления банками Республики К азахстан данных для пруденциальных (экономических) нормативов" (20.07.04г.,постановление N95);
9. "Положение о выдаче , аннулировании лицензии на право проведения аудиторской проверки банковской деятельности и требованиях, предъявляемых к уполномоченным аудиторам" (29.02.00.,пост.N49);
10. "Положение о пруденциальных нормативах"(29.02.02);
11. Нәумбетов Қ.С Вестник Каз НУ."Инспекциялық қадағалау механизмі"2005 ж, маусым. И4 (75);
12. Абильпейсова.А.А \Жедел жаңару жолындағы эканомикалық бағдарламалар.Халықаралық ғылыми тәрбиелік конференция материялдары."Пруденциялық нормативтер коммерциялық банктер қызметтерін реттеудің инструменті".2005жыл 18-20мамыр,271-278 бет.
13. "Перечень банковских операций, проводимых инвестиционным банками в Республике Казахстан"(19.10.04г.,постанавление И181);
14. Мақыш.С.Б. Қаз ҰУ хабаршысы.Коммерциялық банктер тәуекелін рейтингтік бағалау жүйесі.эканомика сериясы.2004 жыл,маусым.(И3,137-136);
15. "ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы"ҚР заңы.31.08.1999ж.
16. Абдуллина.Н.К Банковская система за десять лет независимости Кахахстана,под редакцией.2001,стр 110;
17. Аралбаева.А.А Банки Казахстана."Бүгінгі таңдағы банктік қызметті реттеуге арналған заңдық дамуының кейбір мәселелері" 2005жыл И11,37-38бет;
18. Давыдов.М, Айманов.Д "Банковское право республики Казахстан":учебное пособие Жеті жарғы,Алматы 2003г.,352стр;
19. Абрамов.М.А Александрова.Л.С .Финансы,денежное обращение и кредит.М:институт международного права и эканомики,2004г;
20. "Временная инструкция о порядке прохождения экспертизы в Национальном банке РК проспектов на выпуск акций, облигаций, эмитируемых банками и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских лпераций на территории РК" (18.05.00);
21. Турысова К.Т.,Есентугелов.А Экономические реформы, состояние экономики, пути и перспективы экономического развития.Алматы,2000г;
22. Колесникова.В.И, Кроливецеой.Л.П под редакцией\Банковское дело:М, Финансы и статистика 2001г;
23. Бралина.А.Г. Вестник Каз НУ,серия экономическая. Денежно- кредитная политика коммерческого банка.2005г,И2(48);
24. Информационный бюллетень.Национальный Банк Казахстана.2004г.И14;
25. Лаврушина.М.,Под ред\Банковское дело.,1992г,
26. Қазақстан Ұлттық банкінің стстистикалық бюллетенінен.2005жыл.,маусым.,И6(103);
27. Гражданско-правовое регулирование банковской деятельности. М.,Юринформ,1999.Гвирцман.М.В.Правовое регулирование банковской тайны\\Деньги кредит.2004г №6.С.57;
28. Банки Казахстана,Банктің хұқтық актілері, 2005жыл.,ақпан И5(45);
29. Қарымсақов. Ғ. С. Вестник КазНУ., Банкқызметіндегі тәуекелдік.2005жыл.,И3 (50);
30. Уткин.Э.А. Справочник банкира.2002г;
31. Қарымсақов. Ғ.С. “Вестник КазНУ”. Банк қызметіндегі валюталық пайыздық тәуекелдер. 2005ж.,№3 (70) ;
32. Павлодский Е.А. Прововое регулирование расчетных и кредитных отношении//право и экономика 2002 №3,4. стр.30.
33. Ефимова А.Г. Сборник оброзцов банковских документов. М: кодекс,2004г;
34. Қарымсақов Ғ.С. “Вестник КазНУ” Несие тәуекелдік 2005ж. №3 (55) ;
35. Новоселова Л.А. “Денежные расчеты в предпренимательской деятельности” М: Юринформ 1999г. Стр.145.
36. Ефимова Л.Д. Комерческий банк: предприятие или учереждение// хозяйство и прово. 2000г. №7. стр.100.
37. Жалгасов М.Ж. “Вестник КазНУ” Ақша несие саясаты. 2004ж. №6.
38. Закон РК от 30 марта 1995г. «О Национальном банке РК ».

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
МазмҰны

кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Коммерциялық банктер, және олардың қызмет етуінің теоретикалық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...7
1.1 Қазақстан Республикасында банктерді ұйымдастыру
негіздері ... ... ...7
1.2 Қазақстан Республикасындағы банк қызметін реттеу
қажеттілігі ... ..12
1.3 Банк кызметін реттеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

2. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қызметін Талдау және
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..27
2.1 Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қазіргі
жағдайы ... ... ... 27
2.2 Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің қызметін реттеу
құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 38

3. Қазақстан Республикасындағы коммерциалық банктердің қызметін жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ...44
3.1 Банк қызметін экономикалық және құқықтық реттеудің жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
3.2 Банктік жүйелердегі
бәсекелестік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .53

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..56

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .58

іріспеасы рыќтыќ экономикасындаѓы
___________________________________ ___________________________________ ______
________________
Кіріспе

"Коммерциялық банк" термині, банкілер басымды жағдайда саудаға
(commerce), тауар айырбасы операцияларына және төлемдерге қызмет көрсетуі
кезіндегі банкі ісінің ерте кезеңінде пайда болды. Оның негізгі
тапсырыскері сатармандар еді. Банкілер тауар айырбасымен байланысты
тасымалдау, сақтау және басқада операцияларды несиелендірді. Өнеркәсіптік
өндірістің өркендеуімен өндірістік циклді қысқа мерзімді несиелендіру
бойынша операциялар пайда болды: айналым капиталын толықтыру, шикізаттар
мен дайын бұйым қорларын құру, жалақы төлеу және т.б. несиесі.
Несиелер мерзімі біртіндеп өсе бастады, банк ресурстарының бір бөлігі
негізгі капитал мен бағалы қағаздарға жұмсалым үшін қолданыла бастады.
Соңғы уақытта Қазақстанның банкілік жүйесінің қалыптасуында маңызды
өзгерістер болды. Банк-жетекшілер анықталды, банкілік мамандандырудың
негізгі бағыттары қалыптасты, қаржы институттары арасында тапсырыскерлер
қорын бөлу аяқталды.
Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуін, оның жұмыс істеу тиімділігінің
артуын, қажетті инфрақұрылымның құрылуын несиелендіру қатынасын қолданбай
және оны ары қарай өркендетпей қамтамасыздандыру мүмкін емес.
Несие – қарызға ақша немесе тауар беру, ереже бойынша, процент
төлеумен; құндық экономикалық категория тауар – ақша қатынасының бөлінбес
элементі. Несиенің пайда болуы айырбас саласымен тікелей байланысты, бұл
жерде тауарлар иелері экономикалық қатынасқа түсуге дайын, меншіктенушілер
ретінде бір – біріне қарсы тұрады.
Несиенің пайда болу және өркендеу мүмкіндігі капиталдың ауыспалы
айналымымен және айналымымен байланысты. Капиталдың негізгі және айналымды
қозғалысы процесінде ресурстарды босатып алу жүреді. Еңбек құралдары
өндіріс процесінде ұзақ уақыт қолданылады, олардың құны дайын өнімдер
құнына бөлшекті беріледі.
Несие берудің негізгі алты принципі (алты Си ережесі)
Сипаттама (Character) Тапсырыскердің несиелік тарихы. Осы
тапсырыскермен байланысты басқа несиегерлер тәжірибесі. Несие мақсаты,
болжауды құрудағы тапсырыскер тәжірибесі. Несиелік рейтинг, сұранылатын
несие бойынша, екінші қол қоятын немесе кепілдік беретін тұлғаның болуы.
Ақша қаражаты (Cash) Пайда, дивидендтер және бұрынғы сату көлемдері.
Қолма – қол ақшаның жоспарланған ағымының жеткіліктілігі және өтімді бұйым
қорының болуы.
Қамтамасыз етілу (Collateral) Активтерді меншіктену құқығы, олардың
қызмет көрсету мерзімі. Активтердің моральды тозу ықтималдығы. Олардың
қалдықты құны.
Шарттар (Conditions) Саладағы тапсырыскер жағдайы және нарықтағы
күтілетін үлес. Тапсырыскер қызметінің нәтижелерін осы саланың басқа
фирмаларының қызметтері нәтижелерімен салыстыру.
Бақылау (Control) Банк қызметіндегі сәйкестікті заңдар және несиенің
сипаты мен сапасына қатысты ережелер.
Қазіргі кезде Қазақстандағы шағын бизнестің өркендеу жағдайы қоғамның
қажетсінуіне алыс сәйкестікте емес. Бұл тарихи түсінікті жағдай. Нарыққа
өтпес бұрын Қазақстан экономикасын ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар –
социалистік индустрияның флагмандары құрды. Одан өзге, онымен қатаң және
компромиссіз күрес жүргізілді, өйткені шағын кәсіпкерліктің өркендеуі
социалогиялық идеология негізінің беделін түсіретін еді.
2003 жылдың аяғында шағын кәсіпкерліктің тіркелген субъектілерінің
саны, бағалау мәліметтері бойынша, 440 мың шамасында болды, ал Бағдарламада
бұл көрсеткішті 500 мыңға жеткізу болжалынған. Осы кездегі әрекеттегі
кәсіпорындар мөлшері 350 мың бірлігі қатарын құрады. Бағдарламада, сонымен
қатар, қызметтің өндірістік, қаржылық, ғылыми – технологиялық, сауда –
делдалдық және басқа аймақтарындағы шағын және орта кәсіпкерліктің
субъектілерінің тиімді қатынасын алу болжалған.
2004 жылдың қаңтарынан бастап банктердің несиелік нарықта белсенді
саясаты жалғасты. Банк несиелері бойынша экономикаға негізгі қарыздың жалпы
көлемі 2004 жылдың ақпанында 3,5% көтерілді және 70,47 млрд. тенгені құрады
(4,6 млрд. жуық АҚШ долл.).
Орташа- және ұзақ мерзімді несиелер бойынша негізгі қарыз 0,5% ке
немесе 385,3 млрд. тенгеге өсті, ал қысқа мерзімді несиелер бойынша -7,6%,
сөйтіп 311,0 млрд. тенгені құрады. Нәтижесінде орташа- және ұзақ мерзімді
несиелердің меншікті салмағы 55,3% құрады.
Ұлттық валютадағы несиелердің меншікті салмағы несиелердің жалпы
көлемінде 2004 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда біршама қысқарды, 31,1%
құрады (2004 жылдың желтоқсанында - 31,5%). Осы кездегі шетелдік валютадағы
несиелер көлемі бір айда 4,2% , 479,9 млрд. тенгеге жоғарылады, ал ұлттық
валютада бір айда 2,1 % және 216,3 млрд. тенгеге артты.
Банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несиесі бір айда 1,5%
қысқарып 144,3 млрд. тенгені құрады.
Сонымен қатар, Қазақстандағы несиелендірудің белсенді дамуының
анықтаушы факторлары қатарына келесілерді жатқызуға болады:
“Несиеге өмір сүруге” қорықпайтын тұрғындар саны көбейді;
банктердің сыйақылық мөлшерлемелері төмендеу тенденциясына ие;
Несиелендірудің жаңа түрлерін ұсынуда банкілер өз қызметтерін едәуір
жандандырды;
Экономикалық өсудің жоғары қарқындылығы тұрақты түрде ақша қаражатының
жетіспеушілігімен қатар жүреді. .
Осы жағдайларда банкілер жаңа несиелендіру спектрін кеңейтті және
берілетін несиелер көлемін көбейтті, ал несие беру олардың көрсететін
қызметтерінің басымдылықты түрі болды.
Соңғы үш жылдың ішінде, экономикадағы банкілер несиелерінің көлемі
бірнеше есеге жоғарылады және 2004 жылдың наурыз айының аяғына
974,6 млрд. тенгені құрады.
Қазіргі кезде банктер активтерінің 60% - ға жуығы экономиканы
несиелендіруге бағытталған.Отандық банктердің (орта есеппен 32 млн. АҚШ
долларына жуық) жеткілікті жоғары капиталдандырылғанын еске алсақ,
несиелердің мұндай қатынастары әмбебап банкілер үшін дұрыс, оның
активтеріндегі несиелер үлесі 60 – 65 % болады.
Қазіргі күнде Қазақстандағы несиелік нарық келесі беталыстармен
сипатталады.
Экономикадағы банктер несиелері бойынша негізгі қарыздың жалпы көлемі
ақпан айында 4%-ке көбейді (жыл басынан 3,6%-ке) және 1 трлн. тенгені (7,3
млрд. АҚШ долл.) құрады.
2005 жылдың ішінде байқалған, ұлттық валютаның нығаюы тенгемен
берілетін несиелердің артуына және соған сәйкес несиелік салымдардың
долларлану дәрежесінің төмендеуіне әкелді, бұл бәрінен бұрын тенге
бағамының АҚШ долларына қатынасы бойынша нығаюымен түсіндіріледі.
Шағын және орта бизнес секторындағы жұмыс жағдайын жақсарту үшін
Қазақстан Республикасының мемлекет басшысымен және Үкіметімен оның
өркендеуіне кедергі келтіретін жетімсіздіктерді болдырмауға бағытталған
шаралар қабылданды.
Өзінің Қазақстан халқына үндеуінде Президент Н.А. Назарбаев “Келесі
мәселелерді сатылы шеше отырып шағын және орта бизнесті беріктендіру қажет:
- салықтық алымды төмендету;
- меншікті және активті жариялы ету;
- несие ресурстарына шығуды жеңілдету;
- әкімшілікті процедуралар мен рұқсаттарды күрделендірмеу;
- бюрократтықтан және бақылау – тексеру органдарынан қору;
- шағын және орта бизнесті қолдаудың регионалдық орталықтарын құру,
маркетингтік зерттеу жүргізуде, кәсіпқойлығын жоғарылатуда,
орталықтандырылған бухгалтерия құруда көмек көрсету.
Қазақстан халқына мемлекет басшысының жолдауындағы ережелерге сәйкес,
қазіргі этапта агроөнеркәсіптік салалар басымшылықты болады. Осыған
байланысты шағын және орта кәсіпкерліктің өркендеуінің басымды бағыты,
қаралатын кезеңдегі, саланың минералды тыңайтқыштар, ауыл шаруашылығы
машинасын жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі сияқты ауыл шаруашылықты
бағыты болады.
Қорыта келіп айтатын болсақ, шағын және орта бизнестің өркендеуін
қамтамасыз ететін Үкіметпен қабылданған шараларға қарамастан, жүргізілген
зерттеулер экономиканың осы секторының өркендеуіне кедергі келтіретін
келесідей проблемалардың бар екенін куәлендіреді :
- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға бағытталған,
қабылданған заңдық және бағдарламалық құжаттардың толық орындалуы
жеткіліксіз;
- тиімді өндірістік – шаруашылықты қызмет үшін отандық өндірушіге
қажетті нарықтық инфрақұрылымның өркендемеуі;
- несиелік ресурсқа шығу қиындығы;
- өнімнің, жұмыстың, қызмет көрсетудің стандартталу және сертификатталу
жүйесінің қолданудағы жүйесінің жетілмегендігі, ол отандық тауар
өндірушілерге шет елдік компаниялармен бірдей бәсекелесуге мүмкіндік
бермейді.
Шағын және орта бизнестің ары қарай өркендеуі мүмкіндікті, егер
экономиканың осы секторында шығарылатын өнімнің бәсекелестік қабілетін
жоғарылатуға ба,ытталған сапалы өзгерістер жүргізілетін болса.
Бұл қазіргі кезде жұмыс істейтін кәсіпорындардың, әсіресе ауыл
шаруашылығы өнімдерін өңдеу аймағандағы, құрылыс материалдарын шығарушы
және металл бұйымдарын жасаушы, резеңке және синтетикалық шайырлар шығарушы
кәсіпорындардың.
Экономиканың қаралатын секторындағы жұмыстың күрт өзгерісі болуы үшін
Қазақстандағы шағын және орта бизнесті өркендету және қолдаудың кезектегі
мемлекеттік бағдарламасында осы проблемаларды жоятын шаралар енгізу қажет.
1 Коммерциялық банктер, және олардың қызмет етуінің теоретикалық негіздері

1.1 Қазақстан Республикасында банктерді ұйымдастыру негіздері

ҚР-ғы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда
қабылданған "ҚР Ұлттық банкі" және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған "ҚР-
ғы банктер және банктік қызмет туралы" ҚР заңдарын басшылыққа
алады.1,152б
Коммерциялық банктер - банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар
банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғаларға кең
көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жузеге асырады.
Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап
қалыптасты, яғни қазақстандық банктік жүйенің небары он бес жылдық тарихы
бар. Коммерциялық банктердің соңғы сегіз жылдағы сандық құрамы 1-кестеде
берілген.

1 кесте - ҚР -ғы коммерциялық банктердің сандық құрамы кезеңнің басына

Банктер түрлері 01. 00 01.01 01. 02
1. Екінші деңгейдегі 44 38 36
банктердің барлығы:
оның ішіиде:
мемлекеттік 2 2 2
мемлекетаралық 1 - -
Шетел капиталының
қатысуымен, оның ішінде: -
100%50%-дан аса, оның 16 17 17
ішінде еншілес банктер 96 96 104
11 11 10

Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-
несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда
табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне
жетекшілік етуге бағытталады.16, 48-49б
Орталық банктің тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне
экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады.
Ұлттық банк - бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен
айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялык банкке
ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық
кассалық резевтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі
Ұлттық банктер мекеме-лерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы
арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды
Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық
банктен несие ала алады.
Ұлттық банк - бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті
алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын
мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.
Әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әртүрлі
келесідей құқылық формалары кездеседі:
- мемлекеттің 100% қатысуымен капиталын құрайтын біртұтас банк
формасында (мысалға: Ұлыбритания, ГФР, Франция, Канада, Ресей, Қазақстан);
- акцияның бір бөлігі мемлекетке тиеселі немесе мемлекеттің қатысынсыз
акционерлік қоғам формасында (Жапония, Белгияда);
- орталық банктің функцияларын біртұтас аткаратын теуелсіз банктер
жүйесі (АҚШ-та).
АҚШ-та орталық банктердің мүлкіне мемлекет қатынаспайды, олардың
капиталы Федеральды резервтік жүйеге мүлік иесі болып келетін коммерциялық
банктердің қосқан жарнасынан тұрады.
Ұлттық банк өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып табылады,
ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық қордың мөлшері
- 20 млрд. теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан,
құрал-жабдықтардан, көліктік құралдар мен басқа бағалылықтардан, ал айналым
қорлары банкке тиселі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан
тұрады.
2004 жылдан бастап, "Ұлттық банкі туралы" ҚР заңына жасалған соңғы
толықтырулар мен өзгерістердің кейінгі Ұлттық банкінің басты міндеті -
еліміздегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Сол сияқты, Ұлттық банкке мынадай қосымша міндеттер жүктелді;
- мемлекеттің ақша-несие саясатын жасау;
- төлем жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету;
- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамысыз ету;
- банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану
арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың
орындалуына бақылауды жүзеге асыру.17
Ұлттық банктің несиелік ресурсы төмендегідей көздерден құралады:
- меншікті қаражат есебінен;
- басқа банктерден тартылған және Ұлттық банкте шартты негізде
орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен;
- ҚР төңірегінде тартылған қаражаттардан;
- арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар
есебінен.
Ұлттық банктің басқару құрылымы.
Қазақстанның Ұлттық банкі - тігінен басқарылатын жүйедегі біртұтас
орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық банктің басқару органына:
Басқарма және директорлар Кеңесі (Директорат) жатады.
ҚҰБ-нің жоғары басқару органы Басқарма болып табылады және басқармаға
келесідей негізгі қызметтер жүктеледі:
- мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау;
- банк қызметтіне қатысы бар ҚҰБ-нің нормативтік құқықтық актілерін
бекіту;
- Ұлттық банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта
қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу;
- жекелеген банктік операциялар түрлерін жүргізуге лицензиялар беру
туралы шешім қабылдау;
- банктер үшін резервтік талаптар нормасын бекіту;
- алтын валюта активтерін баскарудың негізгі қағидаларын анықтау;
- ҚР валютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту;
- ҚҰБ жұмыс туралы жылдық есепті қарау, қабылдау және Президенттің
бекітуіне беру;
- ҚҰБ-нің жылдық балансын және табыс мен зияны туралы есебін қарау және
бекіту;
- ҚҰБ туралы нұсқауды, оның жарғылық капиталы мен резервтік қордың
қалыптасу тәртібі, негізгі құралдарды және өзге де мүліктерді пайдалану,
ақылы қызмет көрсету, ҚҰБ-нің құрылымы және бюджеті, департамент
директорларын, филиалдардың, өкілеттіліктердің және ұйымдардың жетекшілерін
тағайындау туралы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
- банктер үшін пруденциальдық нормативтер мен баска да міндетті
нормаларды және шектерді бекіту;
- еңбек жағдайын, оған ақы төлеу жүйесі мен мөлшерін анықтау және
бекіту;
- ҚҰБ-нің халықаралық және басқа да ұйымдарда қатысуы туралы шешім
қабылдау;
- Директорлар Кеңесінің (Директораттың) құрамын бекіту;
- бухгалтерлік есептің қазақстандық стандартын ескере отырын, ҚҰБ-не
арналған бухгалтерлік есептің саясатын және одістерін анықтау;
Ұлттық банктің Басқармасы тоғыз адамнан тұрады. Ұлттық банктің
Басқармасының құрамына:
- ҚҰБ төрағасы жене бес лауазымды тұлғалары,
- ҚР Президентінен бір өкіл;
- ҚР Үкіметінен екі өкіл кіреді.
Ұлттық банктің оперативтік басқару органы директорлар кеңесі болып
табылады. Директорлар кеңесі құрамына Ұлттық банк төрағасы, оның
орынбасарлары жене құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері кіреді.
Ұлттық банк тек қана ҚР Президентінің алдында есеп береді. Есеп беру
мыналарды білдіреді:
- Парламенттің келісімімен ҚР Президенті ҚҰБ-нің төрағасын 6 жылға
сайлайды және қызметінен босатады;
- ҚҰБ төрағасының орынбасарларын да ҚҰБ төрағасының ұсынуымен ҚР
Президенті 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады.
- ҚҰБ-нің жылдық есебін ҚР Прзеиденті бекітеді;
- Ұлттық валютаның - теңгенің айшығының тұжырымын ҚР Президенті
бекітеді;
- ҚҰБ-нің ҚР Президентінің сұрауы бойынша өзінің қызметіне байланысты
ақпараттарды беріп отыруы.
Ұлттық банк өзінің негізіі қызметтерін жергілікті жерлердегі облыстық
басқармасы Алматы қалалық филиалы арқылы атқарады. Бұл филиал Ұлттық банк
атынан жұмыс істейді. ҚҰБ филиалдары мен өкілеттіліктері өз қызметтерін ҚҰБ
бекіткен өкілеттігі шегінде ғана жүзеге асырады.
Ұлттық банктің функциональдық құрылымына департаменттер мен басқа да
бөлімшелерден тұратын орталық аппараты, филиалдары, өкілетіліктері мен
ұйымдары кіреді.
Ұлттық банктің орталық аппаратында мынадай департаменттер мен дербес
басқармалары бар:
- зерттеу және статистика департамент;
- шетел операциялары департаменті;
- ішкі операциялар басқармасы;
- монетарлық операциялар департамент;
- сыртқы байланыстар бөлімі;
- заң қызметі департаменті;
- әкімшілік департаменті;
- қолма-қол ақшалармен жұмыс жөніндегі басқарма;
- инженерлік қауіпсіздік жүйесін пайдалану бөлімі;
- бухгалтерлік есеп департаменті;
- есептеу жұмыс орталықтарының департаменті;
- операциондық басқарма;
- төлем жүйесі басқарамсы;
- бақылау және аудит департаменті;
- персоналдармен жұмыс жасау басқармасы;
- халықаралық қаржы ұйымдарының жобаларын іске асыру бөлімі;
- мерзімді басылымдар және іскерлік ақпараттар белімі. Сонымен қатар,
ҚҰБ құрылымына мынадай дербес
бөлімшелер де кіреді:
- Мемлекеттік сақтау қоймасы;
- Ресей Федерациясындағы Ұлттық банк екілеттігі;
- Банкноттық фабрика;
- Монета сарайы;
- Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталғы (ҚБЕО);
- Қазақстан ипотекалық компаниясы;
- Ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры;
- Процессингтік орталық;
- Актуарлық орталық;
- Банктік сервистік бюро;
- Ұлттық ақпараттар технологиясы;
- Автобаза.18,44б
2004 жылдан бастап, Үкіметтің қаулысымен Ұлттық банктің құрылымынан
қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының қызметіне бақылау және қадағалау
жөніндегі Қаржы агенттігі бөлініп шықты.
Оның құрамына: банктің қадағалау, бағалы қағаздар нарығын реттеу және
сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеу департаменттері кіреді.
Осындай өзгерістерге сәйкес Ұлттық банктің атқаратын қызметтері де
қысқарып, яғни тек қана классикалық қызметтер қалды.
Ұлттық банк мынадай классикалық қызметтерді атқарады:
- ақшаны эмиссялау;
- ақша-несие саясатын жүргізу;
- төлем жүйесін ұйымдастыру;
- төлем балансын құру;
- валюталық реттеу және валюталық бақылау. Ұлттық банк мынадай
операцияларды жүргізеді:
- бірінші кластық эмитенттермен шығарылатын алты айлық қайтару
мерзімдегі міндеттемелерді қайта есепке
алады;
- мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және
сатады;
- депозиттік сертификаттармен қайтару мерзімі бір жылға жататын
борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады.
- депозиттік және есеп айырысу операцияларын жүргізе отырып, бағалы
қағаздарды, басқа да құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
- қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;
- қажет кезінде банктерде және қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
- чектерді жазып вексельдерді береді;
- жарғыға қайшы келмейтін өз міндеітемелеріне сай келетін басқа да
банктік операцияларды жүзеге асырады.
Ақша-несие саясаты
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және
жүзеге асыратын орган болып табылады.
ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты - ұлттық валютаның
тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына
қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін,
сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің
қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі - Ұлттық
банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу
объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының
жиынтығы жатады.
Шаруашылық конъюктурасының жағдайына байланысты ақша-несие саясатының
екі типі болады:
І.Рестрикциялық ақша-несие саясаты;
2.Экспанциондық ақша-несие саясаты.
Рестрикциялық ақша-несие саясаты - екінші деңгейлі банктердің несиелік
операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы
мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциондық ақша-несие саясаты - несие беру көлемін кеңейтумен,
айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы
мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.
Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты:
инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл
мақсатқа жетуде Ұлттық банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде. Заңға
сәйкес Ұлттық банк мынадай ақша-несие саясатының негізгі құралдарының
көмегімен реттеледі:
- Сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу;
- Ең төменгі міндетті резевтер нормасын белгілеу;
- мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сатуы бойынша ашық
нарықтағы операцияларды жүргізу;
- банктерге және укіметке несиелер беру;
- валюталық нарықта интервенциялау;
- кейбір жағдайларда, несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің
деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс-жүзінде
қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелері, қысқа мерзімді
ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.19,221б
Ұлттық банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы
мөлшерлемелерді белгілейді:
- ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;
- ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі;
- РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
- "овернайт " займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
- күндізгі займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі.
Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі - ақша нарығының жалпы жағдайына,
несие бойынша сұраныс мен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция
деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық банкінің заң актілері, ҚР
Президентінің актілері негізінде немесе ҚҰБ Басқармасының жеке қаулылары
бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданылады.
Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі - ақша нарығының жалпы
жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты
белгіленеді және Ұлттық банктің коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу
операцияларында қолданылады. Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме жылдық
пайыздық мөлшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлық
вексельдерді қайта есептеуге қолданылады.
РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері - жылдық
пайыздық молшерлемелер, ішқі қаржы нарығының жағдайына байланысты
белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүрғізуде
қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мелшерлемесінен ауытқу жағдайында ақшалай
қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы
мөлшерлемелерді реттеу арқылы сыйақы мелшерлемелердің елеулі ауытқуын
болдырмау.20,58б
"Овернайт" заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі - Ұлттық банктің екінші
деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы корреспонденттік шоттары бойынша есеп
айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары
"бойынша қолданылады.
Күндізгі заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері Ұлттық банктің екінші
деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы теңгеде ашқан корреспонденттік шоттары
бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға қажстті ақша
қаражаттары уақытша болмаған не жетіспеген жағдайларда займдар бойынша
қолданылады.
Ұлттық банктің ресми сыйақы мөлшерлемелерін төмендегідей 3-кестемен
беруге болады.

3 кесте- Ұлттық банктің ресми сыйакы мөлшерлемелері пайызбен*

N Сыйақы мөлшерлемесінің 01.2003 ж.01.2004 ж.01.2005ж.
түрлері
1.Қайта қаржыландыру 14 9 7,5
2.Есептік (дисконттық) 12,5 8 8
3.Овернайт займдары бойынша 20 12 9
4.РЕПО операциялары
бойынша,
соның ішінде:
овернайт - 5 5,5
1 жұма 6,5 5 5,5
1 жұма 5,5 5,5 5,5

*Сандық мөліметтер ҚҰБ статистикалық бюллетенінен алынған.

Ескерту: РЕПО операциялары бойынша мөлшерлемелер 8.12.00 жылдан бастап,
мерзімдер бойынша күн сайын белгіленеді.
Ең төменгі резервтік талаптар.
Ақшалай нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін
несиелер көлемін реттеуде, банктің өтімділік деңгейін реттеуде және олардың
міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым
иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең
төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.
Резервтік талаптар ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен
қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі
құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму
жағдайында резервтік талаптар, бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ
кезінде, коммерциялық банктердін. депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші
жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация процессін реттеу қызметтерін
атқарады.
Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген "ҚР
коммерциялық кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы"
нұсқауға сәйкес, міндетті резерв нормативі 18-20% мөлшерінде бекітілген
болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 6%-ды құрайды.12,66-65б
Ашық нарықтағы операциялар.
Ашық нарықтағы операциялар - бұл Ұлттық банктің айналыстагы ақша
массасының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің
бағалы қағаздарып сату және сатып алумен байланысты операциялары.
Бұл біршама ақша массасын, коммерциялық банктердің өтімділігі және
несиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады. Оның
негізгі мәні ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердің несиені эмиссия-
лауын шектеуді білдіреді.
Ұлттық банк нарықта бағалы кағаздарды сату арқылы оны сатып алушылардың
резервтік шоттарынан тиісті соманы ұстап қалады. Сөйтіп, керісінше,
банктерге несие беруді және ақша шығаруды ынталандыру мақсатында Ұлттық
банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиісті соманы банктердің резервтік
шотына қайта аударады.
Несиелік операциялар.
Несиелеу және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары Ұлттық банктің
қызметінің алдағы уақыттарда классикалық қызметіне жақындауына байланысты
тиісті шаралар қолданды. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктерді
несиелеу тек қана олардың өтімділігін сақтау мақсатында жүзеге асырылады.
Бюджеттің тапшылығын жабу үшін Үкіметке несие беру бюджет саясаты
аумағында, яғни Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуден бас тарту
мақсатында жүргізілді. Жеңілдікпен берілетін ңесиелерді беру және
кәсіпорындардың несие үшін тікелей өтініш жасауын - қарастыру болған жоқ.
Ұлттық банктің несиелерін орналастыру аукциондар арқылы, банкаралық нарық
арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу негізінде жүзеге асырылады.
Валюталық интервенция.
Ұлттық банктің валюталық интервенциясы - деп ұлттық валюталық багамына
эсер ету максатында орталық банктің шетел валютасын сату және сатып алу
жолымен валюталық нарықтағы операцияларга араласуын айтады.
Ұлттық банктің валюталық нарықтағы интервенция дербес түрде кез келген
банктер және валюталық биржалар арқылы кез келген валюталық мәмілелер
түрлерін пайдалану негізінде жүзеге асырылады.21,66б
Ұлттық банк ақша-несие саясатының бағыттарын бір жылға анықтап келсе,
2002 жылдан бастап, алдағы үш жылға алдын-ала анықтау тәжірибесіне көшті
және әр жыл өткен сайын өзгерістерді ескеріп, оған Ұлттық банк пен ҚР
Үкіметі біріге түзетулер енгізеді. Мұндағы негізгі мақсат біртіндеп
инфляциялық таргеттеу принципіне өту, яғни ақша базасы мен алтын-валюта
резервтері бойынша мақсатты көрсеткіштерден инфляция бойынша мақсатты
көрсеткіштерге көшу.
Осындай ақша-несие саясаты қана Ұлттық банктің инфляцияны төмендету
мақсатындағы саясатына толық жауап береді және сонымен қатар жүргізілетін
ақша-несие саясатына деген рыноктың қатысушыларының үлкен сенемін
қамтамасыз етеді. Басқа елдердің тәжірибесі көрсеткендей, инфляцияның
мақсатты көрсеткіштерін енгізуге мынадай факторлар негіз бола алады:
бюджеттің тұрақты жағдайы, макроэкономикалық тұрақтылықты кепілдендіру,
қаржы жүйесінің тұрақтылығы, Орталық банктің тәуелсіздігі, Орталық банктің
құралдары мен инфляция арасындағы өзара байланысты түсіну, ақпараттың
ашықтығы.
Ақша-несие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сактауға, сақтандыру
нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің
ңығая түсуіне, экономиканың нақты секторын банктердің несиелеуін әрі қарай
өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының
жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады.22,55б
Инфляциялық таргеттеу тұсындағы ақша-несие саясатынын, негізгі
құралдарының біріне "ашық нарықтағы операция", оның ішінде РЕПО операциясы
және вексельдерді қайта есепке алу операциялары жатады. 2003 жылы Ұлттық
банк өзінің ресми мөлшерлемелерінің (оның ішінде РЕПО және вексельді есепке
алу мөлшерлемелері бойынша) ролін нығайту үшін шаралар қолданбақ. Бұл өз
кезегінде 2004-2005 жылдары ақша-несие саясатының инфляциялық таргеттеуге
өтуіне дайындық үшін қызмет етеді.
2003 жылы Қазақстан Республикасында валюталық режимді либерализациялау,
бірінші кезекте капиталдың сыртқа шығуы мен ішке келуіне жасалатын
валюталық бақылау мен реттеу шараларын жұмсарту, яғни кейбір капитал
қозғалысымен байланысты операциялар үшін лицензиялауды алып тастауды
көздейтін сияқты шаралар жалғасын табуда. Жалпы алғанда, валюталық режимді
либерализациялау үш кезенде өтеді. 2 кезең бағдарламасын 2005 жылы
басталды. Либерализациялау бағдарламасы толығымен 01.01.2007 жылға
аяқталады деп күтілуде.
Жалпы 2003 жылы ақша-несие саясатын жүргізу қаржы нарығындағы
тұрақтылықты қамтамасыз етті, сонымен қатар елде жоғары экономикалық өсуді
сақтауға белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізді.
2003 жылы орташа жылдық инфляция 6,4% болды. Жыл бойы валюта нарығында
теңге АҚШ долларына қатысты 12,4%-ға нығайды, ал еуро және Ресей рубліне
қатысты 6,9%-ға және 5,4%-ға құнсызданды.
2004-2006 жылға арналған ақша-несие саясатының ңегізгі корсеткіштерінің
болжамы 4-кестеде беріледі.

4.кесте- 2004-2006 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі
көрсеткіштерінің болжамы

Көрсеткіштер 2003 2004 2005 2006
(бағалау)
Базалық инфляция
жылына орташа, % 4-6 3-5 3-5
Инфляция (ТБИ)
жылына орташа, % 6,5 5-7 4-6 4-6
Қайта қаржыландыру
жылдың соңына, % 7,0 6-6,56,0 5,5
ҚҰБ жалпы алтын-валюта резерві
млн. АҚШ доллары 4852 5156 5679 6438
өзгерістер, % 54,5 6,3 10,1 13,4
Ақша базасы
млрд. тенге 312 411 495 574
өзгерістер, % 50,0 31,6 20,3 16,1
Акша массасы
млрд. тенге 1026 1325 1607 1898
өзгерістер, % 34,2 29,1 21,3 18,1
Банк жүйесіндегі резиденттердің
денозиттері
млрд. тенге 780 972 1183 1407
өзгерістер, % 29,4 24,6 21,7 18,1
Экономикаға беретін банктің несиелері
млрд. тенге 940 1225 1520 1844
өзгерістер, % 39,8 30,3 24,1 21,3
Жеке тұлғалардың теңгедегі мерзімді 10,0- 9,0- 8,0- 7,0-
депозиттері бойыиша орташа өлшемді 11,0 10,5 9,5 9,0
мөлшерлеме, %
Заңды тұлғаларға берілген теңгедегі 14,5 12,0-11,0-10,0
несиелер бойынша орташа өлшенген 13,5 13,0 -12,
мөлшерлемесі, % 0

4-кестеден көріп отырғанымыздай, 2004-2006 жылға арналған ақша-несие
саясатының басты мақсаты орташа жылдық базалық йнфляцияны - 2004 жылы 4-6 %
және 2005-2006 жылдары 3-5 % шегінде ұстау.

2003 жылы Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 58%-ға 4958,9 млн.
долл. дейін ұлғайды, бұл 4,8 айдан астам уақыт тауарлар мен қызмет көрсету
импортының орнын жабуды қамтамасыз етеді. Елдің халықаралық резервтері
тұтастай алғанда 69,3%-ға 8565,2 млн. долл. дейін өсті.
Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің өсуі ақша агрегаттарының
кеңеюіне алып келді: ақша базасы: -52,2%-ға 316,9 млрд. теңгеге дейін, ақша
массасы - 26,8%-ға 969,9 млрд. тенгеге дейін, қолма-қол ақша 47,6%-ға 238,7
млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Нәтиіжесінде 2003 жылы экономиканы
монетизациялау 17,3%-дан 22%-ға дейін өсті.
2003 жылы қаржы секторының негізгі сегменті - банк секторында дамудың
жоғары қарқын сақталды.
2003 жылы екінші деңгейдегі банктердің жиынтық активтері 46,5%-ға 1,7
трлн. теңгеге дейін (11,7 млрд. АҚШ доллларына жуық), ал жиынтық меншікті
капиталы - 45,1%-ға 233,9 млрд. теңгеге дейін үлғайды. 2003 жылы халықтын
(резидент еместерді есептегенде) салымдардыц осуі жалғаса түсті, олар 33,4%-
ға 343,2 млрд. тенгеге дейін (2,4 млрд. АҚШ долларына жуық) өсті. 2003 жылы
банктердің ресурстық базасының айтарлықтай өсуі банктердіц экономикаиың
нақты секторына берген несиелерінің 45,5%-ға 978,1 млрд. теңгеге дейін (6,8
млрд. долл. жуық) осуіне ықпал етті.23,41-52б

2.2 Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің қызметін реттеу
құралдары

Есептік мерзім ішінде банкте кредиторлар мен депозиторлар алдында
мерзімі өткен міндеттемелері болса, өтімділік нормативі орындалмаған болып
саналады.
Банктер ағымдағы өтімділік коэффициентін есебімен қатар активтер мен
міндеттемелердің мерзімдері бойынша салыстыру кестесінде беруге міндетті (4-
кесте келесі бетте).
Аталған активтер мен міндеттемелерді мерзімдеріне қарай салыстыру
кестесін толтырғанда өрбір активтер (міндет-темелер) үшін ең аз мерзім
қарастырылады және сол мерзім ішінде банк дебиторлар мен
корреспонденттерінің міндеттемелерді орындауын талап етуге құқы бар. Бұл
жерде активтер банктің қызметіне байланысты зияндарды жабуға арналған
резервтерді (провизияларды) шегермей-ақ қамтиды.
Активтердің, міндеттемелердің және шартты міндеттемелердің
графаларының барлық мөліметтері 1 мен 5-жолдар бойынша өсу нәтижелеріне
қарай толтырылады. 5 және 6-жолдардың сомалары "Барлығы" деген жолға
жазылып баланстың мөліметтерімен салыстырылады. "Барлығы" деген графа мен
жіктелген активтер (стандарты активтерден басқасы) бөлігінің нәтижесінің
алшақтығы банктің құрған резервтерінің (провизияларының) сомасына сәйкес
келуге тиіс.

5.кесте- Банктің активтері мен міндеттемелерін мерзімдеріне қарай салыстыру
кестесі

№ Баптар Актив Міндет
-темел
ер
Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері 1 0 0
Меншікті капиталдың жеткілікті коэффициенті (кі) 2 3 0
Меншікті капитапдың жетюлікті коэффициенті (к2) 2 5 0
Банкпен ерекше қатынастағы бір қарыз алушыға 6 1 1
келетін төуекелдің жоғарғы мөлшері (кЗ.1)
Жалпы клиентгері бойынша бір қарыз алушыға келетін5 1 0
төуекелдің жоғарғы мөлшері (кЗ.2) 1
Ағымдағы өтімділік коэффициенті 3 3 0
(к4.1)____________________
Банктің негізгі құралдарға және қаржылық емес 3 2 0
активтерге жұмсаған инвестициясының жоғарғы
мөлшері (к5)
Ашық валюта позициясы лимиті 7 0
ІІруденциялық нормативтерді бузушы банктердің саны29 15 1

* Қазақстан Ұлттық банкінің статистикалық бюллетенінен N 6 (103) маусым
2005 жыл
Пруденциялық нормативтерді бұзатын банктердің санының азаюы Халықаралық
стандартқа екінші деңгейдегі банктердің етуіне байланысты бағдарлама
шегінде жасалып отырған банктердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетел валютасымен операциялар
Ақылы қызметтер Ақысыз қызметтер
Коммерциялық банктердің нарықтық экономика жағдайындағы мәні
Коммерциялық банктердің актив және пассив операциялары
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму жолдары
Қарыз капиталының қорлануы
Банк ішіндегі банктер
Банктердің басшы қызметтері
Орталық банктен және басқа коммерциялық банктерден алынған несиелер
Банктерді ерікті және еріксіз қайта құру
Пәндер