Тараз қаласы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ МЕН ФИЗИКАЛЫҚ.ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Көне Тараз тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Тараз қаласының географиялық орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2 ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМЫҒАН РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ...12
2.1 Тараз қаласының тарихи . мәдени ескерткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2 Тараз қаласындағы археологиялық қазба жұмысы ... ... ... ... ... ... ... ..19
3 ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ТУРИЗМ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
3.1 Тараз қаласындағы туризмнің қазіргі жағдайы мен болашағы ... ... ... ... 25
3.2 Тараз қаласындағы туризмнің даму мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35

Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Республикамыздың әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясын айқындап, елу елдің қатарына кіру үшін 7 кластерді дамыту керек екендігін атап көрсетті. Бұл жеті кластердің бірі – туризм кластері. Туризм – әрі экономика, әрі саясат Мемлекет басшысының туризм кластерін дамыту арқылы Қазақстанның халықаралық беделін көтеру, сала жұмысының тиімділігін арттыру арқылы оны табыс көзіне айналдыру жайлы үкімет алдына мәселе қойып отыр. Туристік кластерді дамытуда қызмет көрсетушілер, немесе, басқаша айтқанда Қазақстанға шетелдік туристерді тартуда қызмет ететін туристік агенттіктердің орны үлкен. Мейманханалардың, демалыс үйлерінің және көлік кешендерінің қызметтері де туристік бизнестің маңызды буыны болып табылады. Туризм бүгінгі күнде жай ғана демалыс емес, қай мемлекетте болмасын шағын және орта бизнесті дамытатын қозғаушы күш. Бұл сала сонымен қатар, валюттік түсімдердің қайнар көзі әрі жергілікті халықты жұмыспен қамтамасыз етудің де құралы. Әлемдік статистика мәліметтеріне сүйенер болсақ, келген турист қай елге болмасын орта есеппен мың доллар көлемінде қаржы түсіріп, тоғыз адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді екен. Жер бетінің ұлтарақтай ғана аумағын мекен еткен Андора, Лихтенштейн, Монако, Сан-Марино тәрізді егжейлі мемлекеттерден бастап әлемдік саясатқа ықпал жасап келе жатқан Ұлыбритания, Германия, Испания, Франция, Қытай, Канада тәрізді іргелі державаларға дейін туризмді экономиканың негізгі табыс көзі айналдырған.
Жерінің кеңдігі жағынан тоғызыншы орында тұрған Қазақстанның табиғаты ешбір елден кем емес екендігі бесенеден белгілі. Әр аймағы өзіндік қасиеттерімен ерекшеленетін біздің жеріміз батысы мен шығысы, солтүстігі мен оңтүстігі бірін-бірі қайталамайтын көрікке ие. Аспанымен бой таластырған қарлы шыңдар мен биік таулар, құмды, шөлді далалар, ну ормандар мен қалың тоғайлар, өзендер мен көлдердің де неше атасы біздің жерімізде орналасқан.
Жедел қанатын жайып келе жатқан туризм индустриясы әлемдік экономиканың дамуына өзінің қомақты үлесін қосып келуде. Еліміз экономикасының дамуында басымды бағыттардың бірі ретінде Қазақстанда туризмнің өріс алуына ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы саланы дамытуда мемлекеттің қолдауы нәтижесінде осы заманғы, тиімділігі жоғары және бәсекелестікке қабілетті туризм инфрақұрылымын жетілдірудің бүгінгі күнгі стратегиясы қалыптасуда.
Еліміздің туризмге тартымды өкілдерінің ішінде Тараз қаласы туристерді бірден-бір қызықтыра алатын, туристік көне ескерткіштері мол, туризмді дамытуда үлкен мүмкіншіліктері бар өлке екені сөзсіз.
Туристік өңір ретінде, ауа райының қолайлығымен, табиғаттың әсемдігімен, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің сан түрлілігімен, таулы жерлердің ғажайып көркі мен тамылжыған табиғатымен біздің облысымыз туристік қызмет көрсетудің халықаралық нарығында оңды көрініс алып отыр.

1 Тараз. Жамбыл облысының энциклопедиясы «Қазақ энциклопедиясының» бас редакциясы. --Алматы, 2003.
2 Дәдібаев Ж. Атыңнан айналайын Тараз. -- Алматы, 2002.
3 Бекболатов А.Ә. Жамбыл облысының экологиялық жағдайлары / Қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми-теориялық және практикалық аспектілері: проблемалар, стартегия. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. -- Тараз, 2006.
4 Туристерге жол бастар Жамбыл облысы. Жамбыл облысы әкімиятының кәсіпкерлік және өнеркәсіп Департаменті. – 2006.
5 Теңізбаев Ж.С. Капиталдық салымдар Жамбыл облысының экономикалық өсу факторы ретінде / «Жас ғалым» - 2005 атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. -- Тараз, 2005.
6 Инвестициялық мүмкіндіктер. Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау Департаменті. – 2006.
7 Ешмаханов М.К. Талас өзені алабының табиғи жүйесінің экологиялық орнықтылығы. -- Тараз, 2006.
8 Кекілбайұлы Ә. Талайғы Тараз. -- Астана, 2002.
9 Баялиев К. Жасырған Жамбыл жерінде. -- Тараз, 2000.
10 Байпаков К, Байбосынов К. Ұлы Жібек жолы және Тараз. -- Тараз 2005.
11 Әбілдаұлы Б. Талас. Айша бибі, Қарахан. – Алматы: Санат, 2002.
12 Қазақстан Республикасының Тарихи және мәдение ескерткіштер жиынтығы. Жамбыл облысы. -- Алматы, 2002.
13 Байпаков К. Қазақстанның ежелгі қалалары. -- Алматы 2005.
14 Байбосынов К. Жамбыл өңіріндегі тас мүсіндер. -- Алматы, 1996.
15 www. zhambyl.kz
16 Әбіл А., Мамыт А. «Жамбыл өңірінде жүзеге асырылып жатқан оң істер көп» // Ақ жол. -- 2005-9 сәуір.
17 Әлімбай С. Жадігерлер жинақталған киелі орын: облыстың тарихи өлкетану мұражайы туралы // Ақ жол. -- 2006-18 мамыр.
18 Әмзаұлы Ә. Тарихи-мәдени ескерткіштердің бүгіні мен ертеңі //Ақ жол. -- 2005-8 сәуір.
19 Әуелбеков З., Әлімбаев Б., Бар байлықты пайдалан білейік: Жамбыл облысының өзендерінің су ресурстарын пайдалану мәселелері //Ақ жол. -- 2005-13 желтоқсан.
20 Бөкейханқызы Р. Туризм – мемлекеттің жарнамасы: елімізде туризм саласын дамыту жайында // Қала мен дала. – 2006-16 маусым.
21 Ахметова Қ. Туризм – мемлкеттік имиджі: Жамбыл облысындағы туризмнің дамуы // Евразия. -- 2006 ж. 21 сәуір.
22 Сарыбай Б. Туризм – табыс көзі (Тараз қаласы туралы) // Дала мен қала. -- 2005-1 шілде.
23 Мауленов Б. Тарихын таспен жазған халықпыз: Тараз төңірегіндегі тас мүсіндер, Ақыртас деген қала туралы // Дала мен қала. – 2006-28 шілде.
24 Айдапкелов Серғали Шежірелі Сарысу. -- Тараз, 2003.
25 Мырзахметұлы М. Түркістан Тараз арасы. -- Астана, 2002 Жамбыл облысының статистика бөлімшесі, 2007 жылғы мәлімет.
26 Жамбыл облысының статистика бөлімшесі, 2007 жылғы мәлімет.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ МЕН ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
ОРНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 5
1.1 Көне Тараз
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .5
1.2 Тараз қаласының географиялық орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2 ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМЫҒАН РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ...12
2.1 Тараз қаласының тарихи - мәдени
ескерткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 12
2.2 Тараз қаласындағы археологиялық қазба жұмысы ... ... ... ... ... ... ... ..19
3 ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ТУРИЗМ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ
МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
3.1 Тараз қаласындағы туризмнің қазіргі жағдайы мен болашағы ... ... ... ... 25
3.2 Тараз қаласындағы туризмнің даму мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .33
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Кіріспе
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Республикамыздың әлемдегі
бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясын айқындап, елу
елдің қатарына кіру үшін 7 кластерді дамыту керек екендігін атап көрсетті.
Бұл жеті кластердің бірі – туризм кластері. Туризм – әрі экономика, әрі
саясат Мемлекет басшысының туризм кластерін дамыту арқылы Қазақстанның
халықаралық беделін көтеру, сала жұмысының тиімділігін арттыру арқылы оны
табыс көзіне айналдыру жайлы үкімет алдына мәселе қойып отыр. Туристік
кластерді дамытуда қызмет көрсетушілер, немесе, басқаша айтқанда
Қазақстанға шетелдік туристерді тартуда қызмет ететін туристік
агенттіктердің орны үлкен. Мейманханалардың, демалыс үйлерінің және көлік
кешендерінің қызметтері де туристік бизнестің маңызды буыны болып табылады.
Туризм бүгінгі күнде жай ғана демалыс емес, қай мемлекетте болмасын шағын
және орта бизнесті дамытатын қозғаушы күш. Бұл сала сонымен қатар,
валюттік түсімдердің қайнар көзі әрі жергілікті халықты жұмыспен қамтамасыз
етудің де құралы. Әлемдік статистика мәліметтеріне сүйенер болсақ, келген
турист қай елге болмасын орта есеппен мың доллар көлемінде қаржы түсіріп,
тоғыз адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді екен. Жер бетінің
ұлтарақтай ғана аумағын мекен еткен Андора, Лихтенштейн, Монако, Сан-Марино
тәрізді егжейлі мемлекеттерден бастап әлемдік саясатқа ықпал жасап келе
жатқан Ұлыбритания, Германия, Испания, Франция, Қытай, Канада тәрізді
іргелі державаларға дейін туризмді экономиканың негізгі табыс көзі
айналдырған.
Жерінің кеңдігі жағынан тоғызыншы орында тұрған Қазақстанның
табиғаты ешбір елден кем емес екендігі бесенеден белгілі. Әр аймағы
өзіндік қасиеттерімен ерекшеленетін біздің жеріміз батысы мен шығысы,
солтүстігі мен оңтүстігі бірін-бірі қайталамайтын көрікке ие. Аспанымен
бой таластырған қарлы шыңдар мен биік таулар, құмды, шөлді далалар, ну
ормандар мен қалың тоғайлар, өзендер мен көлдердің де неше атасы біздің
жерімізде орналасқан.
Жедел қанатын жайып келе жатқан туризм индустриясы әлемдік
экономиканың дамуына өзінің қомақты үлесін қосып келуде. Еліміз
экономикасының дамуында басымды бағыттардың бірі ретінде Қазақстанда
туризмнің өріс алуына ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы саланы дамытуда
мемлекеттің қолдауы нәтижесінде осы заманғы, тиімділігі жоғары және
бәсекелестікке қабілетті туризм инфрақұрылымын жетілдірудің бүгінгі күнгі
стратегиясы қалыптасуда.
Еліміздің туризмге тартымды өкілдерінің ішінде Тараз қаласы туристерді
бірден-бір қызықтыра алатын, туристік көне ескерткіштері мол, туризмді
дамытуда үлкен мүмкіншіліктері бар өлке екені сөзсіз.
Туристік өңір ретінде, ауа райының қолайлығымен, табиғаттың
әсемдігімен, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің сан түрлілігімен, таулы
жерлердің ғажайып көркі мен тамылжыған табиғатымен біздің облысымыз
туристік қызмет көрсетудің халықаралық нарығында оңды көрініс алып отыр.
Саяси тұрақтылық, демократиялық өзгерістер біздің өлкенің беделін
арттыруға қолайлы жағдай жасауда.
Бай мәдени мұралар, ежелгі Тараз қаласын мекендеген түркі халықтарының
аңыздары, тарихи ескерткіштар мен археологиялық қазбалар Ұлы Жібек жолы
бойындағы Қазақстан учаскесінің мәдени-тарихи ресурстары мен туристік
әуелетінің негізі болып таблады.
Тараз қаласы шғыс халықтарының меймандостығымен, аса бай ұлттық
мәдениетімен, табиғаттың көрікті жерлерімен және ескіліктің ғазайып
ескерткіштерімен тамсандырып, құшақ жая қарсы алатыны сөзсіз.
Жұмыстың мақсаты: Тараз қаласының туристік мүмкіндіктерін анықтау.
Жұмыстың міндеті: 1) Тараз қаласының туристік рекреациялық
потенциалын анықтау.
2) Тараз қаласының қазіргі туризм жағдайын талдау.
3) Тараз қаласындағы туризмнің даму мәселелерін анықтау.
1 ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ МЕН ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ
1.1 Көне Тараз тарихы
Қалалардың да адамдар секілді жастары болады. Олар ежелгі, жаңа, жас
болып ерекшеленеді. Ежелгі қалалардың біріне Тараз қаласы жатады.
Қазақстанның бұл ежелгі қаласы тарихта көптеген атпен қалған: Талас, Тараз,
Яны-Тараз, Наманган-Көше, Аулие-ата, Мирзоян, Жамбыл. Қаланың 2000 жылдық
тарихы тікелей осы аттармен байланысты. Сол кезеңді қысқаша шолып өтейік.
Көптеген жылдар бойы ғалымдар Тараздың құрылған жылы жайында
пікірталаста болды. Архелогиялық жазбаларға жүгінсек бұл қалаға халық б.э.
1 ғасырында қоныстана бастаған. Ірі ғалымдардың бірі, шығыстанушы
В.В.Бартольд Тараз қаласы б.э.д. салынған деген. Өкінішке орай жазбалардың
аздығынан Тараз туралы толық мәлімет жоқ. Дегенмен, архелогиялық
қазбалардың деректеріне жүгіне отырып, біздің ежелгі қаламыздың қай жылы
кіммен соғылғанын білуге болады. Б.э.д. 1 ғасырдың соңында Талас пен
Сырдария өзендерінің маңында Қаңлы көшпенді халқының мемлекеті өмір сүрген.
Халық саны 600 000 адам, оның ішінде 120 000 әскер болған. Олар Жетісуда
өмір сүрген Үйсіндермен жаугершілікте болған. Үйсіндер Қаңлыларды қыспаққа
алғаннан кейін Қаңлылар Ғұндармен одақ құрмақшы болып, Ғұндардың билеушісі
Чжи-Чжиді шақырады. Бұл оқиға жайында Л.Н.Гумилевтің Б.э.д. 36 жылдағы
Таластағы соғыс дерегінде көрсеткен. Талас өзенінің жағасында ғұн
билеушісі Чжи-чжи біздің жыл санауымызда бұрынғы 42-41 жылдары тұтқын Рим
легионерлерін пайдалана отырып, кент салғызғанын жазған еді. Талас өзені
жағасында салынған сол қала әуелі Талас аталып, 892 жылы Бұқарадан қалың
әскермен келіп, жаулап алған Исмаил Самани билігінен кейін ортағасырлық
тәжік тілінің р мен л дыбыстарын алмастыра айтатын әсерімен Тараз
аталып кеткен. Талас қаласы және оның тұрғындары талай тарихи оқиғаларды
бастан өткізді. Талас деген сөз санскрит тілінде, сол тілден бастау алған
соғды тілінде су, өзен деген мағынаны білдіреді екен. Ата-баба түркілер
санскрит тілі негізінде сөйлейтін парсылармен кемінде 3 мың жыл аралас-
құралас болғаны белгілі. 568-ші жылы Византия императоры Юстианның елшісі
Земарх түркі қағаны Естемиге келгенде қаламыздың атын грекше Талас деп
жазған екен. Бұл елші түркі қағанына Визатияның Иранға қарсы одақтасуды
ұсынғаны, бұл ұсыныс құп алып, түркі әскерлері эфталиттердің-ақ ғұндардың
қаласы Яссының (қазіргі Түркістанды) жаулап алған. 751 жылы шілде айында
Талас өзені жағасында қытайлықтар мен араб әскерлері шайқасқанда да біздің
ата-бабаларымыз — түркілер мұсылмандар жағына шығып, Ислам дінін жаппай
қабылдағаны да аса зор оқиға болды. Осы соғыс араб жылнамаларында Талас
соғысы немесе Атлах шайқасы деп жазылған. Талас қаласы түркештердің,
қарлықтардың, кейінірек қарахандар әулеті шыққан яғмалардың үлкен саяси
орталығы, астанасы болды. Бұл жерде көшпелі деген мағынаны
білдіретіндігін айту керек. Атақты академик В.В. Бартольд яғмалардың
кейінгі мұрагерлері жалайырлар болды деп жазған. Бұл жөнінде Казақ Совет
Энциклопедиясының 12 томыдағы яғма деген сөздің мағынасы туралы мақаладан
білуге болады.
Л.Н.Гумилевтің жазба деректерінде б.э.д. 55 жылы Ғұн мемлекеті
солтүстік және оңтүстікке бөлінгендігі айтылады. Манғолияның солтүстік
батысында, Қырғыз-Нұр өзенінің маңында Чжи-Чжи өзінің мемлекетін құрады.
Осы жерден ол Үйсіндерге шапқыншылық жасаған. Чжи-Чжи мен Оңтүстік
ғұндардың басшысы арасында бәсекелестік туындайды. Бұл кезде Чжи-Чжидің
Қытаймен де ара-қатынасы нашар еді. Осындай жағдайда жүрген Чжи-Чжиге
Қаңлылардың басшысының Таласқа шақыруы өте қолайлы ұсыныс болатын. 3000
қолмен келген Чжи-Чжи Үйсіндерге қарсы соғыста Қаңлы мемлекетіне көмектесе
алмады. Сөйтіп, Чжи-Чжи мен Қаңлылардың ара-қатынасы үзіледі. Чжи-Чжи Талас
өзенінің бастамасында қалып, өзіне қала соға бастайды. 500 жұмысшының
қолымен 2 жыл соғылған қала мықты бекініс болып шықты. Қаланың дуалы екі
қабаттан тұрды – сыртқы қабаты ағаш, ішкі қабаты лайдан соғылған. Кейбір
деректерге сүйенсек, Талас деп атанған бұл қаланың соғылуына Марк Крассаның
бүлінген армиясынан қалған Римнің легионерлері де жұмыс істеген. Чжи-Чжидің
күшеюі Қытай империясын дүрліктіре бастады, сөйтіп олар соғысқа дайындала
бастады. Қытай қолжазбаларында осы соғыстар жайлы көп деректер жазылған:
Чжи-Чжи өз атымен көпке танымал болды. Ол Үйсіндерді басып алып, Қаңлыларға
шабуыл жасамақшы болады. Оның әскері жақсы соғысатын, көп жеңіс көрген,
жылдам әрі батыл қимылдайтын болған. Қытаймен соғысқанда Чжи-Чжи өзі
сауытын киіп, қолына қару алып, соғысқа шығады. Әйелдер де қолдарына садақ
алып, қаланы қорғады. Осы кезде Чжи-Чжидің мұрнына садақ тиеді. Әскердің
көбісі, оның ішінде әйелдер де Қытай әскерінің қолынан қаза табады. Түннің
бір уақытысында Қытайлықтар қалаға басып кіреді. Чжи-Чжидің батыл
қорғанысына қарамастан, Қытайлар сыртқы ағаш дуалды өртеп, ішкі лай дуалды
бұзып, қалаға басып кіреді. Олар Чжи-Чжиді көптеген әйелдерімен,
балаларымен, қызметшілерімен, барлығын есептегенде 1518 адаммен тұтқындап,
бастарын алады. Бірақ қала түгелдей талқандалмай, одан әрі өмір сүре
береді. Осы деректерге сүйене отырып, Қазақстан Республикасының академигі
Алкей Марғұлан – Б.э.д. 1 ғасырда Ұлы Чжи-Чжи Талас қаласы өзінің
мемлекетінің астанасы қылу үшін соққан дейді. Қазақтың ғалымы Самат
Утениязов – Қытайдың бір мұражайында осы күнге дейін Таластың сол кездегі
бейнесі бейнеленген жібек картасы барын айтады. Таластың кейінгі тағдыры
оның Жібек жолының бойында орналасқанына байланысты болады. Археологиялық
қазбалардан табылған римнің, (кушанның) тиындары Таластың сол кезде-ақ Орта
Азиямен, Орталық шығыстың елдерімен байланыста болғанын дәлелдейді. 6-8 ғ-
ғы жазбаларда Талас қаласын Көпестер қаласы деп атағандығын айтады. Көп
жылдар бойы қаланың құрылу уақытын 568 жылы осы өлкеге Византия императоры
Юстиниан 2-ші түріктерді өз жағына өткізу үшін келгендігімен
байланыстырған. Ол кезде Талас 552 жылы құрылған Түрік қағанатының құрамына
кіретін. 603 жылы Түрік қағанатынан бөлініп шыққан Батыс Түрік қағанаты
бөлініп шыққан. Олар Шығыс Түркістаннан Амударияға дейінгі жерді мекендеді.
629 жылы Қытайдың саяхатшысы Сюань-Цзян: Цянь-цюаньнан батысқа қарай 140-
150 шаршы жүргеннен кейін біз Даласы (Талас) деген қалаға келдік. Қаланың
шекарасы 8-9 шаршы шақырым. Ол қалада әр елдің саудагерлері өмір сүреді
екен. Жері мен табиғаты Сүйеттікіндей. Олардың тілдері, салт-дәстүрлері мен
заңдары Қытайдікіндей, дейді. VIII ғасырдың басында (704 ж.) Батыс Түрік
қағанатынан Түркештер бөлініп шығады, олар Іле өзенінен келіп, Шаш
(Ташкент) қаласынан Турфан, Бесбалыққа дейінгі жерді мекендеді. Бас қаласы
Суяб қаласы, екінші бас қалалары Кунгут болды. Түркештер қара және сары
болып екіге бөлінді. Қара Түркештер Талас өзенінің бойын қоныстанды. VIII
ғасырдың ортасында Таразды астана етіп жариялады. Мемлекеттің сыртқы
саясаты қиын болды. Соғдылармен қосылып Түркештер арабтарға қарсы соғысты.
Оңтүстіктен Тан мемлекеті қауіп төндірді. 751 жылы Талас өзенінің маңында
құрамында қара түркештері бар қытайлар арабтармен соғысты. Бұл шайқас
тарихта Атлах шайқасы атымен қалды. Бұл соғыс туралы деректерде: екі жақтың
әскерлері 751 жылдың шілде айында Таластың бойында жиналды. Ұрысқа бірден
түсуге батылдары бармай, 5 күннен кейін қарлұқтар қытайларға шабуыл жасады,
сол кезде екінші жағынан арабтар соққы берді. Қытайлар шегінуге мәжбүр
болды. Мұсылмандар мен қарлұқтар үлкен олжаға кенелді, ал тұтқындар
Самарқанд пен Иракқа қағаз және жібек өндіру үшін жіберілді. Талас
шайқасынан кейін қытайлықтар Орта Азияның тірлігіне араласуын қойды, ал
арабтар жеңісіне қарамастан өз жерлеріне қайтты. Арабтар мен үнемі
соғысудың нәтижесінде түркеш қағандары әлсіреп, ақырында қарлұқтардан
жеңіліп қалады, сөйтіп қарлықтар 744 жылы өз мемлекеттерін құрады. Аса ірі
көшпенді және жартылай көшпенді Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның халықтары:
тухси, шығылы, азкештер, түркештер, халаджы, шарұқтар, барысхандар. 766
жылдан бастап Талас – Тараз деп атала бастады. 893 жылы Исмаил Ибн Асад
Таразды шауып алып, ислам дінін қабылдатады. Осы соғыстан кейін Тараз –
Бағдат, Каир, Дамаск қалаларымен тікелей байланыста болды. 940 жылы Қарлұқ
мемлекеті құлайды, оның орнына Қараханид мемлекеті келеді. XI-XII
ғасырларда Қараханид мемлекетінің шекарасы Мауеренахрдан батыста Жетісу,
шығыста Қашғарияға дейін созылып жатты. IX-XII ғасырларда Тараз гүлдене
түсті. VIII ғасырда Тараз өз ақшасын шығара бастады, алғаш түркештің
теңгелерін, кейін қараханидтің дирхемдерін. XIII ғасырда Жетісу мен Орталық
Азияның басына қара бұлт үйіріледі. Орта Азияны бағындыру үшін
қарақытайлар, наймандар, хорезмшах Мухаммед өзара қырқысты. Тараз қолдан
қолға өтті. 1212 жылы хорезмшах Мухаммед Таразды талқандайды. XIII ғасырдың
ортасында Манғолдар басып алған кезде қала қайта құрылады, бұл туралы
Гильом Рубрук жазбаларында айтады. Осы жылдары Тараздың дамығаны сонша
ешкімнің қолдауынсыз Самарқандты өздері басып алады. Қаланың ішіне тастан
жолдар, жер асты құбырын, көптеген мавзолейлер, оның ішінде Айша-бибі,
Бабаджа-Хатун, Қарахан т.б. соғады. Тараздың аты тек қана сауда орталығымен
емес, түрлі-түсті металлургиясымен де шыға бастады. Бұл кезде Тараздың
айналысында Жықыл, Төменгі Барысхан, Құлан, Меркі, бас-аяғы 26 қалалар мен
ауылдар болды. XII ғасырдың 1-ші жартысында Қарақытайлар Жетісуды басып
алды. 1211 жылы Күшлік хан қарақытайларды басып алады. 1220 жылы Манғол
шапқыншылығы Тараз қаласын талқандады. Олар Тараздың атын Яны (жаңа) деп
өзгертті. Қала қайта құрылды. Қытай ғалымы Чянь-Чунь 1221 жылы Янының
қасынан өтіп бара жатып көрген көрінісін жазған: Шу мен Таластың тұрғындары
жібек өңдеумен, шарап жасаумен айланысады. Жолдар жөнделіп, көпірлер
соғылған. Бұл жылдары Тараз Шағатай ханның ұлысы Кайдудың астанасы болатын.
XIV ғасырда Шағатайдың ұрпағының арасында билікке талас туындайды. Сөйтіп
Тараз тағы да шапқыншылыққа ұшырайды. 1513 жылы Тараз туралы ең соңғы
деректе Қасым ханның осы қалаға жорығы жазылған. XVI ғасырда Тараз бен оның
айналасындағы қалалар, соның ішінде Шу, Қозыбас, Қордай Қазақ хандығының
құрамына кірді. XVIII ғасырдың екінші он жылдығында Қазақ хандығының жеріне
Жоңғарлардың көзі түсе бастайды. Кең жайылымдардан басқа, Қазақстанды
Ресеймен, Шығыс елдерімен байланыстырып тұрған сауда жолдары оларды
қызықтырады. 1723 жылы Талас пен Қазақстанның оңтүстік аймақтарын жоңғарлар
шауып алып, 1755 жылға дейін билігін жүргізеді. Тарихта бұл шапқыншылық
Ақтабан шұбырынды деген атпен қалған. Бұл шапқыншылықтан қазақтар мал-
мүліктерін, жерлерін тастап, Ташкент, Ходжент, Ферғана, Самарқандқа қашады.
Сол кездегі жағдай Елімай өлеңінде толығымен көрсетілген. 1731 жылы Кіші
жүздің ханы Әбілхайыр хан батырларымен жоңғарларға соғыс ашып, көптеген
жерді қайтарып алады. 1734-35 жылдары монғолдар қазақтарға соғыс ашып,
Қазақ хандығы өз билігін тек XVIII ғасырдың 50 жылдарының ортасында ғана
жүргізе бастайды. 1771 жылы Манғолияға көшіп бара жатқан Қалмықтар жол-
жөнекей қазақ ауылдарын тонап, қиратады. Осы мүмкіншілікті пайдаланып
Қырғыздар Шу, Іле, Талас жерлерін басып алады. Абылай ханның бастауымен
қырғыздар қуылып, 1774 жылы Таластың бойына Абылай хан қоныстанады.
Тараздың орнына Яны қаласын соғып, Абылайханның баласы Әділ басшы болып
сайланды. Осы тұста қаланың аты Аулие-Ата болып өзгерді. Себебі Қарахан
мавзолейінде Аулие-Ата, яғни Қараханидтердің басшысы Шах-Махмуд жерленген
еді. XIX ғасырдың аяғымен XX ғасырдың басындағы деректерде – Тараздың
шекарасы көрсетілген. Қаланың солтүстік дуалы 370 м, батыс 160 м, оңтүстігі
200 м-ге дейін жалғасқан. Археологтардың қазба жұмыстарының нәтижесінде
Тараздың шығыс жағынан, жылу жүйесі бар 7 бөлмелі XI ғасырдың моншасы
табылған. 1-де қызыл, сары плиталармен жабылған едені бар, 2-де кірпіштен
жасалған хауыздар, 2-ші бөлмеден моншаның үшінші бөлмесіне өтетін есік бар,
моншаның 6-шы бөлмесінде орындықтар орналасқан. Моншаға су арнайы соғылған
бөлмеден келетін. Жылу жүйесі еденнің астында орналасқан. Тараздың моншасы
шығыстағы Каср-ал Хайр ал-Гарби сарайындағы моншаға өте ұқсас,
қабырғаларының ою-өрнектері, әсемделген дуалдары. Орталық Азияда моншалар
VIII ғасырда пайда бола бастаған. IX – XII ғасырда үлкен қалаларда моншалар
10-нан кем болмайтын. Мысалы, Самарқанд пен Бұхарада 100 шақты монша
болған. Ал-Макдиси қолжазбаларында: Орта Азияның моншаларының
қабырғаларында жиі кездесетін суреттердің бірі – ал-Анка атты құстың
бейнесін көруге болады. Бұл құстың беті адамдікі, тұмсығы бүркіттікі, екі
жағынан төрт қанаты бар, ұзын тырнақты екі қолы бар. IX – X ғасырдың
дәрігері Закария ал-Рази ағзаның демалып, жаңаруы үшін моншалардың
қабырғаларына жануарлар, құстардың бейнесін салуға кеңес берген. Тараз
қаласы бай сауда орталығы болған. Осы қалаға өз керуенін жібермеген ел
болмаған. Мұнда әр елдің халықтары тек қана сауда емес, жаңа идеялар,
ғылыми-географиялық ашылымдар, жер өңдеу, қала соғу, ән, би, ұлттық салт-
дәстүрлермен де алмасқан. Тараз қаласының Ұлы Жібек Жолының бойында
орналасуы бұл қалаға кең танымалдық, жылдам экономикалық даму, саяси салмақ
берді.[ 24 ]
1774 жылы Талас өзенінің жағасына Абылай хан қала тұрғызып, оны өзінің
ұлы Әділ сұлтанға билетті. Осы жайында Абылай ханның шөбересі, атақты
ғалымымыз Шоқан Уәлиханов өзінің Абылай атты мақаласында атап көрсеткен
болатын. Бұл қала Әулиеата аталды. Осы арада кейбір тарихшыларымыз Әулиеата
қаласын қоқандықтар салды деп жаңсақ айтып жүргендігін айта кету керек.
Рас, қоқан мемлекетінің тағына би атауынан бас тартып, хан лауазымен алғаш
отырған Әлім 1799-1809 жылдары арасында қазақтың Түркістан Шымкент сондай-
ақ Әулиеата қаласын жаулап алған. Бұл туралы өзбек тарихшысы Молла Әлім
Махмуд қажы 1914 жылы Түркістан тарихы атты өзбекше жазған кітабында атап
көрсетеді. Бұл дерек тарихшымыз Е. Бекмахановтың Казакстан в 20-40 годы
XIX века деген монографиясынан келтіріліп отыр (ҚазМУ баспасы, 1992 ж.,
158-159 бб.). Осы өзбек тарихшысының шығармасында Әділ сұлтан Әулиеата
қаласын қайтарып алумен бірге Ташкентке де билік жүргізуге әскери жеңіс
нәтижесінде ие болғаны, бірақ кенеттен 1815 жылы көз жұмғаны да айтылады.
Тек Әділ сұлтанның қазасынан кейін ғана Қоқан хандығы Әулиеата қаласын
екінші рет жаулап алып, 1826 жылы Наманган көшесін, қамал-қорған салады.
Бұдан туатын қорытынды: Әулиеата қаласын қираған Тараз орнына салып, ең
ежелгі шаһарымыздың үзілген тарихи жібін қайта жалғастырған ұлы ханымыз
Абылай екендігін халқымыздың және жат жұрттардың зердесіне жеткізу.
Әулиеата қаласын 1864 жылы полковник М.Г. Черняев басқарған орыс армиясы
қоқандықтардан күшпен тартып алғаны белгілі. Бұл жорыққа штабс-капитан
Шоқан Уәлиханов, Жетісудан атақты Сұраншы батыр, Рүстем сұлтан
Аспандиярұлы, Меркіде Сыпатай батырдың ұлы Пірімқұл, Құланнан Бәйетұлы
Құдайберген, Әулиеатадан Байзақ датқа ұлы Ақмолда батырбасы, басқа да қазақ-
қырғыздың талай белгілі адамдары қатысқан. Әулиеата соғысында орыс армиясың
бейбіт халыққа қарсы зеңбіректер қолдануынан көп адамдар шығын болды,
олардың арасында Рүстем сұлтан да қаза тапты. Оның сүйегі Ташкентке,
нағашысы Төле би мазарының қасына апарылып қойылды. Шоқан Уәлиханов мұндай
жауыздыққа қарсылық білдіріп Әулиеатадан Алматыға қайтып кетті. Әулиеатаны
азат етуге қатысқан Ақмолда батырбасы - орыс армиясының капитаны,
Құдаберген — майор алғандығы архивтен мәлім. Әулиеата қаласы - Мирзоян,
артынша Жамбыл есімдерімен аталып, 1997 жылы Қазақстанның тұңғыш Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен ежелгі Тараз атауына ие болды.
1.2 Географиялық орны
Тараз - Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі қала, Жамбыл
облысының әкімшілік ортлығы. 1939 жылы құрылған.. Географиялық қатынасы
негізінен жазықты. Тараз қаласы Жамбыл облысының оңтүстік батысында Талас –
Аса оазисінің ортасында, Талас өзенінің сол жағалауында орналасқан. Алып
жатқан аумағы 110 шаршы шақырым, қаланың батыс және оңтүстік батыс жағында
20 шаршы шақырым жерде Кіші және Үлкен Қаратау сілемдері, ал оңтүстігі мен
шығысында 15 шаршы шақырым жерде Талас Алатауы орналасқан. Солтүстігінде
Мойынқұм құмы жатыр. Қала теңіз деңгейінен 490-700 м биікткте. Қала
тұрғындарының саны 346 мыңды құрайды. Халық тығыздығы 1 шаршы шақырымға
3459 адам. Тараз қаласы бойынша 6 археологиялық ескерткіш, 13 тарихи
ескерткіш, қаланың тарихи бөлігін соғу және жоспарлау структурасын түзу
кезеңін көрсететін 53 сәулет құрылысы ескерткіші, 7 монументалды өнер
ескерткіші бар. Қалада Айша-бибі, Бабаджы-қатын, Қарахан және Дәуітбек және
тағы басқа сәулет кесенелері осы күнге дейін сақталған. Қалада бірегей
мұражайлар, қазақ және орыс драма театрлары, филармония, Қазақстан
суретшілерінің сурет Галереясы, Жастар сарайы, орталық концерт залы “
Баласағұн”, спорттық-саықтыру кешені “Аквапарк”, демалыс зонасы
“Зербұлақ”, стадиондар, бассейндер, 222 кітапхана, 144 клубтар және
мәдениет үйлері, парктер, саябақтар Тараз қаласынан кездестіресіз.
Тараз қаласында Қазақстан суретшілері картиналарының салон-галереясы,
облыстық тарихи-өлкелік мұражай бар. Талас өзенінің бойында Т. Рысқұлов
атындағы шипажай батпақты ванналармен емдейтін "Қурылысшы" шипажайы
орналасқан, ал Меркі шатқалындағы шыпажай радонмен емдейді.
1 сурет. Тұрғындардың этникалық құрамы
(2006 ж. 1 желтоқсандағы санақ бойынша) [ 26 ]
2 ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ДАМЫҒАН РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАР
2.1 Тарихи - мәдени ескерткіштері.
Көне деректерге сүйенетін болсақ, Тараз қаласы Талас өңіріндегі саяси
мәдениеттің ірі орталығы болған республикадағы ежелгі қалалардың бірі. Онда
көптеген елдің көпестері, мемлекетаралық іспен шұғылданған елшілер, әртүрлі
діни ағымды таратушы миссионерлер мен жол кезбелер, тарихшылар болып
кеткен. Соңғы кезде көне қала жұртындағы археологиялық қазба жұмысы
барысында ірі қоғамдық ғимараттардың тұғырлары мен қабырғаларын безендіруге
пайдаланған көптеген ою-өрнегі бар бедерлі тақтайшалардың табылуы Таразда
сәулетті сарайлар мен қоғамдық ғимараттардың болғандығын растайды. Оған
қазба барысында қала датқасының сәнді-сарайлары мен халық бас қосатын
қоғамдық көпшілік үйлерге қойылатын тамаша өрнектері бар бірнеше қоладан
жасалған шырағданның табылғандығы да дәлел бола алады. Міне осындай
сәулетті сарайда 568 жылы Византияның елшісі Земарахты Түркі қағаны Дизабул
(Естеми) салтанатты түрде қабылдап, өзара келісім шартқа қол қойғандығы
тарихтан белгілі.
Бүгінде тарихымыздың діңгегі болған Тараз қаласының жұртынан бізге
жеткен қоғамдық үйлердің бірі - Ортағасырлық моншалар қалдығы. Егер тарихи
деректерге сүйенентін болсақ, көне қалалардың әрқайсысында ең кемінде 5-6
монша болған. Ал біздің Тараз қаласының жұртынан екі монша табылды. Зерттеу
барысында моншаларды салуда қаланың санитарлық тазалық жағы ескерілгендігі
және соған орай олардың қаланың сыртқы қорғаныс дуалдарының ішкі жағына
орналастырылғандығы анықталды.
Талас өзені ағысы деңгейінің төмендігі, биіктеу жерден табылған су
құбырлары моншаларға қажетті судың өзеннен арнаулы шығыршақ арқылы су
сақтайтын қоймаға құйылып, ары қарай көлбей қойылған су құбырларымен
ағызылғандығын айғақтайды. Кейде қос моншада жеткілікті мөлшерде су болмай
қалған кезде суды қабырғалары тастан өрілген құдықтан алатын да кез болған.
[ 9 ]
1939 жылы көрнекті археолог А.Н.Бернштам көне қаланың шығыс-терістік
жағындағы бұрышынан моншаны қазды. Монша - көлемі 13,60x12,40 және 50-
50x6,5 келетін күйдірілген кірпіштен тұрғызылған 6 бөлмеден тұратын болып
шықты. Бірінші киім шешетін бөлмеден екі орындық пен пештің калдығы
табылды. Ал моншаның оңтүстік-батыс бөлмесінде 1,75x4 м жуынатын астау,
еденнен сыртқа су ағатын қуыстары болған.
Қазба жұмыстары нәтижесіне қарағанда үш бөлменің қабырғалары
геометриялық өрнектермен, ал екі бөлменің қабырғалары мен жуынатын астау
сегіз бұрышты өрнекті сары бояумен, оның айналасы қара бояумен көмкерілген,
ал алтыншы бөлменің кабырғалары ақ, қызыл, сары бояулы тақталармен
қиылыстырылып, кейбір жерлерде шөп тәрізді өрнек те қолданылған. Төбеден
түскен қалдықтарға карағанда монша көп күмбезді болған, Моншаның еденінен Х-
ХІ ғасырлардағы 17 көне тиын ақша, өте жақсы сақталған шырағдан табылды.
Археолог А.Н.Бернштам моншаның қабырғаларындағы геометриялы, шөп
тәрізді ою-өрнектердің Айша-бибі кесенесіндегі өрнектермен ұқсастығын айта
келіп, оны XI ғасырдағы Қараханидтер дәуірінен қалған жәдігер деп
тұжырымдайды.
1970 жылы Орталық базарда жабық базар құрылысын салу үшін жер қазу
жұмысы жүргізіліп жатқанда, ол арадан қабырғалары қызыл кірпіштен қаланған
құрылыс табылды. Соған сәйкес жер қазу жұмыстары тоқтатылып, археологиялық
қазба жұмыстары басталды. Нәтижесінде көлемі 10,5х10м, төртбұрышты,
қабырғаларының биіктігі 1,5 м-ге жуық, қалыңдығы 90 см күйдірілген
кірпіштен қаланған, төрт бөлмеден тұратын екінші моншаның орны табылды.
Аумағы басқалардан үлкендеу көрінген 1-ші бөлме шешінетін орын болып шықты.
2-3 бөлмелер жуынуға, буға түсуге немесе массаж жасауға арналған. Ал
төртіншісінен аумағы онша үлкен емес ыстық су құятын астаудың орны табылды.
Ең қызығы қазба барысында табылған аумағы кішкене қыш құбырлардың
көпшілігінің өзегінде онымен ыстық су жүргендігін дәлелдейтін ақ дақтардың
іздері сақталыныпты, 2-3-ші
бөлмелердің астында жылу жүретін жолдар бар. Олардың үстін жалпақ тастармен
жауып, әк қосқан ерітіндімен сылап тастаған. Мұның өзі моншаға келгендердің
аяғы астында жылудың болуына, терлеп-тепшіп рахаттануына мүмкіндік
туғызған. Еден астындағы жылу құбырлары қабырғаларының нақышына
келтіріліп, әсем әрі берік қалануы олардың осы уакытқа дейін бұзылмай
сақталуына мүмкіндік туғызған. Терістік жақтағы пештің орны бұзылып кеткен.
Шамасы осында жағылған оттың жылуы еден астындағы қуысты бойлап, негізгі
қабырғамен аралығындағы аумағы үлкен құбыр арқылы сыртқа шығып кетіп
отырған. Моншада ыстықтың көп сақталуы үшін оттың жүретін қуыстардың астына
қиыршық тастар төселген. [ 9 ]
Моншаның батыс жағында екі жерден бір бағытқа тартылған ылас жуынды
сулар ағатын көлемі бір метрдей келетін қыштан күйдіріліп жасалған түбі
жалпақ сүзгіш бар. Пайдаланылған ылас су осында жиылып, одан әрі су құбыры
арқылы тастан қаланған құдыққа құйылған.
Біз төртінші бөлменің батыс жағындағы астауға жақын, терендігі 4
метрге дейін айналасы тастан қаланған құдықты қаздық, бірақ түбіне жете
алмадық.
Моншаға керекті ауыз суды құдықтан алып отырған. Бөлмелердің еденін
қазғанымызда табылған жоғарыдан түскен қалың сынықтар моншаның көп күмбезді
және бірнеше рет жөндеуден өткендігін білдіретіндей.
Соңдай-ақ, қазба барысында сол кездегі қала тұрғындарының тұрмыс-
тіршілігінде көп пайдаланылған, кішігірім тастар, кұмыралар, әртүрлі ою-
өрнекті қола шырағдандар және басқа құнды заттар табылды. Осы қазба
барысындағы тағы бір олжамыз, екінші бөлменің шығыс жағында орындық ретінде
қойылған тастың арасынан моншаға түсуге келген Тараздың бір сұлу кербезінің
шашын тарап отырғанда абайсызда жоғалтып алған алтын сақинаны қоярда-қоймай
Астана мұражайы алып кетті.
Тараз жұртынан табылған алғашқы моншаның қабырғаларын көмкерген ою-
өрнек жақсы сақталғанымен, еден астындағы жылу жүретін құбырлар
сақталынбаған. Ал екінші моншаны алсақ, біріншіге қарағаңда әлдеқайда жақсы
сақталынған, онда жылу жүретін қуыстар, лас су жүретін құбырлар тізбегі
бар. Оның үстіне қазба барысыңда табылған ыдыс-аяқтарды өзінің табылған
орнына қойсақ болғаны. Егер мүмкіндігі болса бір бөлмеге бірінші моншадан
табылған экспонаттар мен ою-өрнектерді койып, бір қабырғада безендіріп
керсеткен оңды болар еді.
Жуырда осы жоғарыда аталған моншалардың алғашқысы туралы Егемен
Қазакстан газетінің 5 маусымдағы нөмірінде Қанат Тұяқбаевтың Көне шаһар
маржандары атты мақаласы жарияланды. Онда автор мүмкіндік болса Тараз
моншасын қайта толығымен калпына келтіруге немесе тап өзіндей көшірмесі
салынса деп орынды меселе көтеріпті. Сірә автор монша орнының ертеде-ақ
талқандалып, орнына үйлер салынып кеткендігін, монша туралы деректердің тек
А.Н. Бернштамның еңбектерінен ғана белгілі екенін білмейтін секілді. Ол
кісі Тараз қаласының 2000-жылдық мерей тойына дайындыққа байланысты ғылыми
іс-сапармен келгенінде орталық базардағы № 2 моншаның көміліп жатқанын
дәлелдейтін тақтадағы жазуды байқамаған сияқты. Бұл ескерткіш есепке
алынып, қорғауға алынған. Егер автор өзінің
республикадағы бірден-бір мемлекеттік жөндеу-құрылыс және қайта қалпына
келтіру басқармасының бастығы екендігін пайдаланып, Тараздан табылған 2-ші
моншаны мұражай етіп ашуға өз тарапынан көмек көрсетсе, нұр үстіне нұр
болар еді.
Жалпы ортағасыр дәуіріндегі дәрігерлер моншаның адам өміріне тигізетін
әсерін жоғары бағалаған. Мәселен, атақты ғалым дәрігер Ибн Сина әрбір
моншаның ыстықтығы бір қалыпты, кіре беріс бөлмесі кең, жарық және
бөлмелердің қабырғаларында сұлулықты уағыздайтын тамаша суреттер болуы
керек деген. Демек, орта ғасыр дәуіріндегі адамдар монша кабырғаларындағы
әртүрлі тақырыптағы бейнеленген мазмұңды суреттерден қиялы шабыттанып,
эстетикалық ләззат алып, рахаттана дем алатын болған. Сонымен бірге монша
ертеден-ақ көпшілік қауымның бас қосатын орны болған, онда тек тән
тазалығын қамтамасыз ету ғана емес, әртүрлі лауазымды іс адамдарымен
кепестер бас қосып, көптеген келелі мәселелерді шешіп отырған.
Тараз моншасы сонау ата-бабаларымыздың аманат ретінде бізге қалдырған
бірден-бір ескерткіші. Сол себептен оларды бұзылып қирап қалған демей,
қолда бар нәрсені көздің қарашығындай сақтап, қамқорлық жасап, қолдан келсе
қаражат бөліп мұражай ашу қажет.
Осындай қолда бар жәдігерлерді көрсету арқылы казақ халқын ықылым
заманнан-ақ мәдениеті өркендеген өркениетті ел екенін әлемге танытуға
болады. Әрі оның өзі қаланың екі мың жылдық торқалы тойына таралғалы тарту
болған болар еді.
Қали Жүніс моншасы – Тараз қаласында 19 ғасырдың басында салынған қазіргі
Байзақ батыр және қазыбек би көшелерінің қиылысында орналасқан. Моншаны
Әулие Ата тұрғындары салған. Архитектуралық ескерткішке жатады. Қаланың
көне тарихи орталығында тұрғын үйлердің қоршауында орналасқан. Монша бір
қабатты, төбесінде үлкен әрі көлемді күмбездері бар. Беталды кіреберіс
жағы Байзақ батыр көшесіне бағытталған. Күйген кірпіштен ортаазиялық ескі
дәстүрлі әдіс бойынша салынған. Монша 1986 жылы қалпына келтірілген.
Моншалық бетәлпет жағы кірпіштермен өрнектеліп, қуыс аралықтары жылтыр
етіп салынған.
Моншаның ішіне тоқталатын болсақ, монша бірнеше бөлмелерден тұрады.
Яғни кіреберіс бөлмеден, вестибюльден, демалатын бөлмеден, жуынатын
орыннан, массаж жасайтын бөлмелерден, жылыту бөлмесінен, ыстық су мен суық
су сақталатын ыдысы бар орындармен байланысатын қуыстардан, ыстық және суық
су сақталатын үлкен резервуардан, қабырғаға жапсырына орналасқан су ысыту
қазаннан, жуынатын үш бөлмеден тұрады. Жуынатын үш бөлмеден сыртқа шығып
кететін арнайы есігі бар. Жарық беру мен желдеткіш күмбезде қарама-карсы
орналасқан тесіктер мен үй қабырғаларының арасындағы кішкене қуыстар арқылы
жүзеге асырылған. Үй көне дәстүр бойынша еденнің астынан қыздыратын
каналдар арқылы жылытылады. Монша XX ғасырдың 50 жылдарына дейін жұмыс
істеген. Қазір моншада реставрация жүріп жатыр. Монша қазір сәулет
ескерткіші болып табылады. [ 12 ]
Қарахан кесенесі орта ғасыр дәуірінен бізге жеткен сәулет өнерінің
тамаша үлгісінің бірі. Кесене XI ғасырда салынған. Қазіргі Тараз қаласының
орталық бөлігінде Төле би мен Байзақ батыр көшелерінің қиылысында
орналасқан. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ши-Махмуд Бұғра
Қарахан қабірінің басына орнатылған. XI ғасырда салынған кесененің 4
қабырғасы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қос мұнарасы XIX ғасырдың 90
жылдарына дейін сақталған. Оның күмбезі ғана құлаған. 1905 жылы оның
құлаған бөлігін түгелдей бұзып алып, орнына 1906 жылы жаңа кесене салған.
Жаңа құрылысты сол кездегі Ташкент ишамы Саид Бахманов салдырған. Кейінгі
салынған кесене алғашқысына ұқсамайды. Қас беті Айша бибі кесенесіне ұқсас
болғанымен кірпіштерінің өрнектеліп қалануы жағынан Бұқарадағы
ортағасырлық Исмаил күмбезіне ұқсайды. Кесененің бас беті оңтүстікке
қараған. Кірер есігі аркалы қуыспен безендірілген. Алдыңғы жағында екі
мұнарасы бар. Сыртын жаңа кірпішпен қалаған. Кесененің ішкі құрылысына
келетін болсақ, 4 бұрышты, ортаңғы кең бөлмеден және кіші бөліктен тұрады.
Ортаңғы бөлменің төбесі киіз үйге ұқсатып салынған. Бөлменің нақ
ортасында оңтүстен солтүстікке қаратылған қабір бар. Ішкі жағын кесененің
бұрынғы кірпіштермен қалаған. Кесене қасиетті жер саналады [14].
Дәуітбек кесенесі (XIII ғ.) ортағасырлық сәулет ескерткіші. Тараз
қаласында Қарахан кесенесінің шығыс жағында орналасқан. Кесене манғолдық
билеушілердің бірі ұлық Білге Ықбалқан Дәуітбек қабірінің үстіне салынған.
Кесене мемлекеттің қорғауына алынған. Кесене орта ғасырдағы аймақтық
сәулет өнеріне тән, бүгінгі күнге дейін бұзылмай аман жеткен діни
ескерткіштердің қатарына жатады. Кесене күйдірілген кірпіштен салынған,
қабырғалары бітеу, төбесі күмбезден жасалған. Кіреберіс бетәлпеті терең
қуыстары бар, үстіңгі жағы бәсеңдеу күмбезбен жабылған. Жан-жақтары
қарапайым кірпіштермен өрілген, екі бұрышында мұнаралары бар, олар онша
биік емес. Кесененің ішкі құрылысы крест тәріздес, қабырғаларында терең
қуыстар бар. Кесененің қақ ортасында биіктің үстінде үш сатыны тас
ескерткіш бар. Оның бетінде арабша жазулар жазылған. Оны 1893 жылы
Бартольд аударды. Яғни онда жерленге адамның аты-жөні мен қайтыс болған
мерзімі жазылған. Зерттеу нәтижесіне қарағанда биікте жатқан адамды 13
ғасырдағы ірі іскер басшысы болған деп санауға болады. Кесене Тараз
халқының тұрғындары үшін Шомансұр кесенесі деген атымен белгілі.
Тектұрмас - әлемдегі көне заман ескерткіштері сияқты ертедегі тарихи
мұралардың бірі. Тектұрмас тек тұрмайтын киелі орын. Ол қарахандықтар,
әулиеаталықтар, Манас, Айша бибі, Бабажан-қатын замандарында халықтың
басын қосқан, жаудың бетін қайтарған орын. Ертедегі аңыз бойынша
тектурмастан қашан болса да бір дыбыс шығып, әуен естіліп тұрады екен. Ол
әуен, әсіресе, таң самалында күңіреніп күй тартады деседі.
Енді филология ғылымының докторы, профессор Жанғара Дәдебаевтың айтуы
бойынша Тектұрмас атаның әу бастағы қасиет тұтып қойған аты Сұлтан
Махмұдхан екен. Тектурмасты Әулие ата бек болып қызмет атқаруға сарайына
шақырады. Бірақ, ол бек болудан бас тартып, жеке, дара әулиелік жолға
түседі. Бектіткен бас тартқандықтан, ел оны тектұрмас деп атап кетеді.
Жұрт тектұрмас атаның мазарын қасиет тұтып, оның басына шырақ жағып,
құрбандық берген.
Тағы да осындай жорамалдар баршылық. Біздің ойымызша, тектұрмас
қандай да болмасын жеке тұлғаның есімі емес. Бұл орынның осылайша аталуы
мынада: осындай бір халықтың жадында терең із қалдырған адамды жұрт әулие
тұтатыны белгілі: осында келіп, мінәжат етеді, перзент көрмей жүргендер
түнеп жатып, жалбарынып, Алладан перзент сұрайды, ауырғандар жазылып
кетуін тілейді екен. Яғни бұл жер ешқашан адамсыз болмайды, тек тұрмайды.
Сонымен, қорыта айтқанда, бұл жерде жерленген адам – атқарған ісімен
көзі тірісінде әйгілі болған көрнекті тұлға, ол қарахандықтар әулетінен
шыққан билеушілердің біреуі. Қарахан мемлекетінің патшасы Мұса 960 жылы
Исламды мемлекеттік дін деп жариялады. Содан бастап әлгі аты беймәлім
тұлға бар ғұмырын осы жаңа дінді жергілікті түркі тілдес халықтар арасында
таратуға, соны уағыздауға арнаған. Сондықтан да оның іс-әрекеті жұрттың
жадында сақталған, оны әулие деп таныған. Дүниеден озғаннан кейін оның
моласының үстіне XIII ғасырда сол қарахандықтардың билеушілері кесене
орнатқан. Кесене Тараз қаласының шығыс жағында Талас өзенінің оң
жағалауында төбе үстінде орналасқан. Шамамен XIII-XIV ғасырларда салынған.
Кесене 1935 жылы толық қирап қалған, ол тек 19 ғасырдың 80 жылдары
түсірілген фотосурет арқылы ғана белгілі. Күйдірілген кірпіштен салынған,
күнбезі болған, іргесі төртбұрышты басып келген. Кіретін арқа тәрізді
қақпасы батысқа Тараз қаласына қарай қараған. Қазір оның орнына 2002 жылы
ортағасырлық үлгідегі жаңа кесене салып, қалпына келтірілді. Кесене
орналасқан төбеден төменде жатқан Тараз қаласының бар көрінісі жақсы
көрінеді. Кесененің дәл қасында қазақтың ұлы батыры Мәмбет батырдың
моласының үстіне салынған кесене бар. Тектұрмас – сәулеттік кешен, сондай-
ақ зиярат ету орны болып табылады.
Айша бибі кесенесі – XI-XII ғасырлар. Айша бибі орта ғасырда өмір
сүрген ару қыз. Ол Зеңгі бабаның қызы. Айша бибі Тараздан келген жас батыр
Қараханның өнеріне ғашық болған. Жігіт те қызды ұнатқан. Бірін-бірі
ұнатқан екі жас бас қосып, өмірлік серік болуға уағдаласады. Алайда,
аяқастынан еліне жау шапқанын естіген Қарахан дереу еліне аттанады. Әуелі
кезде хабар болмаған соң, алаңдаған Айша бибі күйеу жігіт еліне барып бір
хабарын білейін, аман болса алдыңызға келіп ақ батаңызды алып қосылармыз
деп, әкесінен рұқсат сұрайды. Бірақ қыз әкесі келісімін бермейді. Айша
бибі әкесі Зеңгі бабаны тыңдамай 40 қыз жолды ертіп, Қараханның еліне өз
бетімен аттанады. Әкесі Айша бибіге теріс батасын береді. Айша бибі
Қараханның еліне таяғанда дем алмақшы болып су бойына тоқтап жуынады. Сол
кезде жерде тұрған сәукеленің ішіне жылан кіріп кетеді. Айша бибі оны
байқамай, сәукелесін киейін дегенде жылан шағып алады. Қыздардың хабарын
естіп Қарахан да келеді. Бірақ Айша тілге келмейді. Ең болмаса о дүниеде
қосылайық деп Қарахан сол жерде Айшамен некесін қидырады. Қарахан сол Айша
бибі қабірінің үстіне күмбез тұрғызады. Кесенені 12 ғасырда, қазіргі
Жамбыл ауданының Айша бибі ауылында салдырған. [ 11 ]
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2004-2006 жылғы мәдени мұралар
мемлекеттік бағдарламасы жарлығын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімінің
2004 жылғы 26 ақпанындағы шешімі №40 мәдени басқармасында тарихи – мәдени
ескерткіштерді қалпына келтіру және сақтау туралы мемлекеттік мекеме
ашылды. Дирекцияның негізгі міндеті Жамбыл облысында көп жылғы
археологиялық және тарихи археологиялық зерттеу нәтижесінде аңықталған
тарихи-мәдени мұраларды қорғау, сақталған ескерткіштер облысымыздың тарихи-
мұрасының бағалы қоры. Жамбыл облысында 2006 жылы 1080 ескерткіш есепке
алынды, оның ішінде 844 археологилық, 111 тарихи, 97 архитектуралық, 28
монументальды өнер туындысы. Ескерткіштердің ішінде 29-ының Республикалық
мәні бар, ал қалған 1051 ескерткіштің жергілікті мәні бар.
Жамбыл Жабаев ескерткіші Жамбыл алаңында орналасқан. 1961 жылы ақынның
115 жылдың мерей тойына арналып салынды. Жобаның авторы – сәулетші В.
Сашенко мүсінші Қазақ ССР-інің халық суретші Х. Наурызбаев. Мүсін
Ленинградта жасалған. Қола мүсін тік бұрышты ашық қызыл плитадан жасалған
биік таста тұр. Жамбыл ұзын шапанда, бөрік киген, сол қолында домбыра, оң
қолы жоғары көтірілген.
Жамбыл Жабаев халық ақыны, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында туған.
Халық ауыз әдебиетінің ірі өкілі. Қазан төңкерісіне дейінгі өлеңдері
сүйікті шығармашылығы – айтыс. Батырлар туралы өз халқын қорғаған ерлік
істері туралы жырлаған ақын. Соғыс жылдарында Қоршаудағы Ленинград қаласын
қорғаған батырларға арнап жазаған Ленинградтық өренім атты өлеңі көп
ұлтты кеңес әдебиетінің ең үздік шығармасы. 1934 жылы Алматыда
республикалық айтыстың лауреаты, СССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1941
жылы Ленин және Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
Мұхамед Хайдар Дулати. Ескерткіш 1998 жылы Сүлейменов көшесіндегі
университеттің бас корпусының алдына Мұхамед Хайдар Дулати мырзаның 500
жылдығына арналып салынған.Авторы – О. Әуезов.
Мүсіншілер – Д.Ж. Әлдеков, Н.А. Рүстемов. Ескерткіштің биіктігі 3 м.
Постамент қызыл граниттен жасалған. Мұхамед Хайдар Дулати – көрнекті
мемлекеттік қайраткер, дипломат, тарихшы, публицист. М.Х. Дулатидің бас
еңбегі Тарих және Рашиди Орта Азия халықтарының тарихы туралы.
Ол өз шығармасының кейіпкері, мемуаршы, осы қасиеттері орта ғасыр
әдебиетінің ұлы ескерткіші Орта Азия жалпы әсіресе, қазақ халқы үшін
ерекше. Тарих және Рашиди Алтын Орданың құлауынан кейінгі мемлекеттің
дамуы және Қазақ мемлекеттінің құрылуы. 1533 жылы М.Х. Дулати өз өмірін
қорғап қалу мақсатымен Индияғакеледі, онда Кашмирді жеңіп алып қалған бар
өмірінде оны билейді.
Бауыржан Момышұлының ескерткіші 2000 жылы 12 қазанда Ұлы Жеңістік 55
жылдығына және батырдың 90 жылдығына арнап салынды. Авторлар ұжымы:
мүсіншілер: М. Рүстемов, Д. Әлдеков. Сәулетшілер: С. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz