Қазiргi кезеңде материалдық мәдениет және тұрмыс ескерткiштерiн сақтау және насихаттау


М А З М Ұ Н Ы
Кiрiспе
I ТАРАУ. Х. Арғынбаевтың қазақ халқының материалдық мәдениет және тұрмысын жазып, зерттеуге қосқан үлесi.
I. I. Ғалым-этнограф Х. Арғынбаевтың өмiрбаян мәлiметтерi
I. II. Х. Арғынбаевтың қазақтардың дәстүрлi-тұрмыс мәдениетi саласындағы ғылыми-шығармашылық мұрасы.
II ТАРАУ. Қазiргi кезеңде материалдық мәдениет және тұрмыс ескерткiштерiн сақтау және насихаттаудағы мұражайлардың ролi.
II. I. Қазақ халқының материаладық және рухани мәдениетiнiң тарихын зерттеу.
II. II. Өлкетану мұражайларында материалдық мәдениет коллекцияларымен жабдықтау.
II. III. Оңтүстiк Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында материалдық мәдениет және халықтық тұрмыс ескерткiштерiн насихаттау.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
М А З М Ұ Н Ы
Кiрiспе . . .
I ТАРАУ. Х. Арғынбаевтың қазақ халқының материалдық мәдениет және тұрмысын жазып, зерттеуге қосқан үлесi . . .
I. I. Ғалым-этнограф Х. Арғынбаевтың өмiрбаян мәлiметтерi . . .
I. II. Х. Арғынбаевтың қазақтардың дәстүрлi-тұрмыс мәдениетi саласындағы ғылыми-шығармашылық мұрасы . . .
II ТАРАУ. Қазiргi кезеңде материалдық мәдениет және тұрмыс ескерткiштерiн сақтау және насихаттаудағы мұражайлардың ролi . . .
II. I. Қазақ халқының материаладық және рухани мәдениетiнiң тарихын зерттеу . . .
II. II. Өлкетану мұражайларында материалдық мәдениет коллекцияларымен жабдықтау . . .
II. III. Оңтүстiк Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында материалдық мәдениет және халықтық тұрмыс ескерткiштерiн насихаттау . . .
Қорытынды . . .
Қолданылған әдебиеттер . . .
К I Р I С П Е
Тақырып көкейкестiлiгi. Қазiргi кезде ғылымның дамуына өлшеусiз үлес қосқан көрнектi ғалым - этнографтардың тарихи-мәдени мұрасын ұғыну көкейкестi мәселенiң бiрiне айналып отыр. Соғыстан кейiнгi кезеңде Қазақстан этнографтары шоқ жұлдыхдары iшiне кiретiн В. В. Востров, Э. А. Масанов, И. В. Захарова, М. С. Муханов және басқалардың iшiнде Халел Арғынбаев қазақ этнографтарының қош бастаушысы ретiнде ерекше орын алады. Бұл тамаша ғалымның аты кәсiби тарихшылар арасында және қоғам алдында қазақ этнография ғылымының қалыптасуы және жетiстiктерiмен тiкелей байланыстырылады.
Ұлттық мәдениеттi сақтауда (рухани және материалдық мәдениет) мұражайлардың ролi аса жоғары. Мұражайдың өзiндiк ерекшелiгiнiң алғы шарты ол мұражай қызметiнiң негiзi материалдық және рухани мәдениеттiң түп нұсқа ескерткiшi - мұражай заты болып табылады. Х. Арғынбаевтың мұхият зерттеуi бойынша, сол мұражай затының бойында ғажайып әлеуметтiк маңызды ақпараты болып, қоғамдық өмiр және табиғаттағы белгiлi құбылыс пен процестердi растайтын құжат болып табылады.
Халел Арғынбаев қазақ халқының материалдық мәдениет және тұрмысының мәселелерiн зерттеп, суреттеуге қосқан үлесiн бағаламалау мүмкiн емес. Мұражайды анықтап, жинап, зерттеп насихаттайтын материалдық мәдениет ескерткiштерiнiң қоғамдық қолдануда көптеген қырлары бар.
Оларды қажеттi зерттеу мен мұражайлық интерпретациялауда тек адамның дүние танымына емес, оның өмiрлiк көз қарасына да терен әсер етуi мүмкiн.
Облыстық тарихи - өлке тану мұражайында ол өзi жұмыс iстей бастағалы берi қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетi заттарының бай коллекциясы жиналған.
Х. Арғынбаевтың ғылыми зерттеуiнiң объектiсi болып табылатын қолданбалы өнер заттары да ұлттық игiлiк болып табылады. 1
Жоғарыда айтылғандар дипломдық жұмыстын таңдалған тақырыбының ғылыми және тәжiрибелiк маңызын оның көкейкестiлiгiн көрсетедi.
Мәселенiң өңделуi. Дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша деректемелердi шолу, олар негiзiнен ғалым-этнограф Х. Арғынбаевтың өмiрбаянымен ғылыми-шығармашылық қызметiн 2 мерзiмдiк басылымдардағы мақалалармен және Х. Арғынбаевтың тiкелей өзi қатысқан ғылыми конференциялар туралы жекелеген хабарлар түрiнде берiлген 3 .
Мiне осылайша, Х. Арғынбаевтың ғылыми-шығармашылық мұрасы оның еңбектерiмен ғылыми мақалалары, кiтаптары арқылы берiлген 4 .
Айта кететiн бiр жайт, Х. Арғынбаевтың материалдық мәдениет заттарын суреттеу, зерттеу және оларды мұражай қорларына жинаудағы үлесiн көрсететiн бiр де бiр талдаған диплом жұмысы жазылған жоқ.
Оларды шешуге iске асыруға ұмтылу, сонымен қатар мұражайлар жұмысының тиiмдiлiгiн арттыруға ұмтылу дипломдық жұмыс ретiнде осы тақырыпты алудың қажеттiлiгiн тудырды.
- Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнерi: Ғылыми-зерттеу еңбек. - Алматы: Өнер, 1987-128 бет.
- Ажжигалиев С. Этнограф Халел Арғынбаев: Ученый-фронтовик/Наука Казахстана. Номер 23-24. 1-15 декабря 1994г. С. б.
- Ергазиева К. Международная конференция этнографов //Наука Казахстана. Номер 16-31 июля 1995г. Арцишевский А. Этнография: полвека служению истине//там же-6-30 сент. 1998
- Арғынбаев Х. Казақтың ер-тұрман жабдықтары.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Ғалым-этнограф, қазақ этнографиясының қош басшысы Х. Арғынбаевтың ғылыми-шығармашылық мұрасын және материалдық мәдениет заттарымен облыстық тарихи-өлкетану мұражайын жабдықтау сипатына әсерiн талдауды құрайды.
Зерттеу мiндеттерi:
- қазақ халқының материалдық мәдениет және тұрмысын суреттеу мен зерттеудегi Х. Арғынбаевтың ғылыми-шығармашылық мұрасын талдау;
- өлкетану мұражайларының материалдық мәдениет ескерткiштерiн сақтау мен насихаттаудағы ролiн анықтау;
облыстық мұражай қорын материалдықмәдениет және халық тұрымысы заттарымен жабдықтаудың тәжiрибе қызметiн қорыту.
Зерттеу объектiсi - қазақтардың дәстүрлi тұрмыс мәдениетi бойынша Х. арғынбаевтың ғылыми-шығармашылық мұрасы.
Зерттеудiң методологиялық базасы: әлеуметтiк мәселелер бойынша үкiмет құжаттары, отандық жетекшi ғалым-тарихшы, этнографтар жұмысы, Х. Арғынбаевтың тiкелей өзiнiң ғылыми еңбектерi құрайды. Зерттеу барысында Ш. Уалиханов атындағы тарих және этнология институтының Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылыми Академияның ғылыми еңбектерi зерттелдi. Қаралған саланың мерзiмдiк кәсiби басылымдары талданды.
Зерттеу әдiстерi. Зерттеудiң мақсаты мiндеттерiне сәйкес ғылыми таным әдiстерiнiң өзара байланысты жиынтығы қолданылады. Оларға тарихи, аналитикалық, жүйелiк және басқа да әдiстер кiрдi.
Тәжiрибелiк құндылығы. Дипломдық жұмысының негiзгi нәтижелерi мен ережелерi, ол:
- облыстық мұражайлардың қорларды қазақ халқының материалдық мәдениет және тұрмыс заттарымен жабдықтау жұмысының мазмұнын байытуға, ұйымдастыруын жетiлдiруге ықпал етедi;
- Студенттер және оқытушылардың оқу процесiнде қолдану табады;
Жұмыстың байқалуы. Дипломдық зерттеудiң негiзгi нәтижиелерi студенттердiң 3-шi ғылыми конференциясында баяндалады. (ОКМУ, сәуiр 2000жылы, Шымкент қаласы) .
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кiрiспеден, екi тараудан, қорытындыдан, қолданылған құжаттар тiзiмi және қосымшадан тұрады.
Кiрiспеде тақырып көкейтестiлiгi негiзделiнiп, зерттеудiң мақсаты мен мiндеттерi анықталған, оның тәжiрбиелiк маңыздылығы көрсетiлген.
I тарауда - “Х. Арғынбаевтың қазақ халқының материалдық мәдениет және тұрмысын жазып, зерттеуге қосқан үлесi” қазақтардың дәстүрлi тұрмыс мәдениетi саласындағы Х. Арғынбаевтың ғылыми-шығармашылық мұрасы зерттеледi. Ғалым-этнографтың өмiрбаян мәлiметтерi келтiрiледi: Сiбiр және Қиыр Шығыс бойынша Арғынбаевтар жанұясынан ауыр амалсыз көшi-қон өмiрi болашақ этнографтың жеке басының қалыптасуына, халық өмiрiне, қазақтардың мәдени-тұрмыс дәстүрiне қызығушылығына өз таңбасын қалдырды.
Талапты ғалымның қалыптасуына оның ересек әрiптестерi-шығыстанушылар Н. Сәбитова, Ә. Х. Мар-ұлан, И. В. захаровалардың ықпалы аз болған жоқ.
Х. Арғынбаевтың ғылыми қызметiнiң уақыты, бұл 1950-шi жылдар өзiндiк қазақ дала этнографиясының романтикалық кезеңi едi.
Х. Арғынбаев жас талантты зерттеушiлер тобымен В. Востров, Е. Масанов, М. Мұханов, Р. Ходжаева, Ғ. Уалихановпен кең байтақ Республиканың территориясынан этнографиялық тұрғыдан зерттелмеген әртүрлi аудандарынан дала материалдарын жинауға белсендi кiрiседi. Осы зерттеулер негiзiнде Қазақстанның жас этнографтарының алғашқы маңызды жарияланымдары пайда болды. Жас ғалымның ғылыми-зерттеу жұмысының өзектi бағыты қазақтардың дәстүрлi мал шаруашылығы, соның iшiнде халықтық мал емдеу мен дiни-салт аспектлерi, туыстық жүйесi және отбасы-неке қатынастары, қазақ шежiресi, әсемдiк-қолданбалы өнер мен қазақтардың көрiпкелдiк бiлiмi болды.
Х. Арғынбаевтың ғылыми қызыметiнiң ең жемiстi жылдары 60-шы жылдардан 1980 жылдардың басы. 30 этнографиялық экспедицияға қатысып және жетекшiлiк еткен Х. Арғынбаев қазақтардың дәстүрлi-тұрмысының әртүрлi бөлiмдерi бойынша ғажайып мол дала материалдарын жинайды. Ғылыми және зерттеу қорытындылары бойынша ғалымның 25-ке жуық мақаласы жарық көрдi.
2 тарауында “Қазiргi кезеңде материалдық мәдениет және тұрмыс ескерткiштерiн сақтау және насихаттаудағы мұражайлардың ролi” облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қазақтардың материалдық мәдениет және халықтық тұрмыс заттарын жинау, сақтау және насихаттаудағы орны мен ролi қаралады. Негiзгi көңiл бөлiнгенi қазақтардың материалдық мәдениет және тұрмыс заттай ескерткiштерiн жинау және зерттеу тарихы. Оны этнограф-ғалым Х. Арғынбаев мұқият жабдықтау мәселелерi қаралады.
Мұражай өткiзетiн ғылыми-ағарту шараларда (мұражай мерекелерi, археологиялық олжалар, көрмелерi, әсемдiк-қолданбалы өнер көрмелерi т. б. ) материалдық мәдениет тұрмыс ескерткiштерiн насихаттаудың ролi көрсетiледi.
Қорытындыда зерттеу қорытындылары келтiрiлiп, негiзгi тұжырымдамалар жасалған, мұражай мекемелерiнде ғалым-этнограф Х. Арғынбаевтың ғылыми мұрасын насихаттауға тәжiрибелiк ұсыныстар белгiленген.
Қолданылған құжаттар тiзiмiнде дипломдық жұмыста қолданылған басылымдар жүйелiк тәртiппен көрсетiлген.
I ТАРАУ. ХАЛЕЛ АРҒЫНБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТҰРМЫСЫН ЖАЗЫП, ЗЕРТТЕУГЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСI
I. I. ҒАЛЫМ-ЭТНОГРАФ Х. АРҒЫНБАЕВТЫҢ ӨМIРБАЯН МӘЛIМЕТТЕРI
Х. Арғынбаев 1924 жылы қыркүйек айында Павлодар уезiнiң Баянауыл ауданы 19-шы ауылының қазақ шаруасының отбасында дүниеге келдi. Ауыр ашаршылық жылдары отбасы Қазақстаннан кетiп, 1931 жылы Кузбасқа келедi. Онда әкесi шахтада забай қазушы болып iстейдi. 1932 жылы Арғынбаевтар отбасы одан ары кетуге мәжбүр болып Камчаткаға келiп, Петропавловск қаласында әкесi Камчатка акционерлiк қоғамында әр түрлi жұмысшы болып iстейдi. 1934 жылы отбасы Новосибирск облысына келiп, әке-шешесi сонда колхозға кiредi, ал 1935 жылы Қазақстанға Жетiсуға қайта оралады. Осында Қаратал, кейiнiрек Капал аудандарында Арғынбаевтардың үлкендерi колхозға кiрiп жұмыс iстейдi.
Халел Арғынбаев 1936 жылы жетi жылдық мектептi, ал 1942 жылы педучилище бiтiредi. Ғалым бозбала уақытын әлi де дәстүрлi мәдениетi сақталған Қазақстанның сұлу, көркем түкпiрлерiнiң бiрi Жоңғар Алатауының баурайында өткiзедi. Бұлар әрине (оның үстiне Камчатка бойынша ұмытылмас саяхаттар) болашақ этнограф халық өмiрiне, мәдени тұрмыс дәстүрiне қызығушылық тудырып, өз басын қалыптастыруға ықпал еткенi даусыз.
Халел Арғынбаев жастайынан-фашизмге қарсы күрес қиыншылығын бастан кешiрген даңқты Кеңес ғалымдарының бiрi. 1942 жылы тамыз айында ол Кеңес армиясы қатарына шақырылды. Ташкенттегi радиотелеграфистер курсын бiтiрген ол 1943 жылдың қаңтарынан 1945 жылдың мамырына дейiн радиобайланысшы ретiнде курс доғасы, Ясско Кишинев операциясы және Балатон көлi маңындағы ұрыстарға қатысты. Ең есiнде қалғаны Мичурин Рогта Днепрден өтуде екi барлаушы (Звонарев, Прокоров) және екi байланысшы (Замятин және өзi) кiшi лейтенант Қарпеевтiң басшылығымен ескi жарамсыз қайықпен арғы жағаға өтiп, алыстан өтiп, алыстан атылатын артиллерияның атысын реттеуi.
Соғыс Х. Арғынбаев үшiн Австралия территориясындағы Граце қаласында аяқталды. Жас жауынгер ерен ерлiгi үшiн екi дәрежелi Ұлы Отан соғысы ордендерiмен, басқа да жауынгерлiк, ерлiк медальдарымен наградталды.
Соғыс бiткен соң Х. Арғынбаев тек 1947 жылы наурыз айында ғана босады. Сол жылы 23 жасар өмiрлiк тәжiрибесi мол майдангер Абай атындағы КазПИ-дың тарих факультетiне оқуға түседi. Оқуды бiтiрген Халел Арғынбаев бiрнеше жылдар бойы Панфилов педагогикалық училищесiне оқу iсiнiң меңгерушiсi, тарих пәнiнен оқытушы болып iсiтейдi.
1954 жылы Х. Арғынбаев Каз ССР ғылым академиясы тарих, археология және этнография институтының аспирантурасына түседi. Этнография мамандығы бойынша.
Сол уақыттан бастап аға әрiптестерi Н. Сәбитова, Ә. Х. Мар-ұлан және тiкелей ғылыми жетекшiсi көрнектi этнограф И. Захарованың ықпалымен талантты ғалымның қалыптасуы басталды. Сол кезеңде қазақ этнографиясына талантты, қажырлы жас зерттеушiлер тобы келдi. В. Ростов, Е. Масанов, М. Мұқанов, Р. Ходжаева, Г. Уалиханов т. б. Солармен бiрлесiп Х. Арғынбаев шексiз - байтақ Қазақстанның этнографиялық тұрғысынан аз зерттелген әр түрлi аудандарынан дала материалдарын жинастыра бастады. Бұл өз кезiнде қазақ дала этнографиясын романтикалық кезеңi болды. Бұл зерттеулер негiзiнде Қазақстанның жас этнографтарының алғашқы салмақты мақалалары пайда болды.
50-шi жылдардың соңында күрделi тақырып “Орыс және қазақ халықтарының тарихи-мәдени байланыстары және олардың қазақтардың материалды мәдениетiне ықпалы” атты кандидаттық диссертациясымен жұмыс iстеудi аяқтайды. Қазақстанның шығыс облыстарынан жиналып, оригиналды дала материалдары негiзiнде жазылған диссертация 1960 жылы Москвадағы этнография институтында табысты қорғады.
Бұл көп қырлы, сан мағаны мәселеге жайдан-жай келген жоқ. Ол 30-50 жылдардағы қазақ қоғамында болып өткен жаңалықтың шынайы себептерi мен салдарын ашты. Бұл жұмыстың негiзгi мәнi қазақтардың дәстүрлi шаруашылығы мен материалды мәдениетiн жан-жақты талдау және алғашқы рет қолға алынғаны да сол болды.
Бұл негiзiнен орыс көшiп-келушiлерiнiң материалды мәдениетiн бағалауды қамтыды. “Тарих институты еңбектерiнiң” 6-шы және 16 томында жарияланған диссертация көрсетiлген мәселелердiң бiрнеше зерттеулерiн iске асырды.
Халел Арғынбаевтың бұрынғы жұмыстарында оның зерттеу бейiмдiлiгiнiң негiзгi қырлары анықталды. Уездiк Кеңес этнографиясына тән ауқымын кеңдiлiгi құбылыстарды терең талдау, негiзгi факторға объективтi өз тәжiрибесiмен дала материалдарын қолдануы.
Экспедициялық зерттеулер процесiнде ғалымның ғылыми-зерттеу қызметiнiң негiзгi бағыты бiртiндеп анықталды, атап айтқанда: жоғарыда айтылып өткен қазақ-орыс этномәдени өзара байланысы, қазақтардың дәстүрлi мал шаруашылығы (соның iшiнде халықтың малды емдеуi және ғибадат-салт аспектiлерi) туыстық және отбасы неке қатынастары; қазақ шежiресi, әсемдiк қолданбалы өнер және қазақтардың халық даналығы. Бұл кезеңде жас этнографтың кең ғылыми қызығушылығының қалыптасуына көрнектi қазақ шығыстанушысы Әлкей Хаканұлы Марғұлан айырықша ықпал еттi.
Халел Арғынбаевтың ең негiзгi жемiстi еңбек кезеңiн 60-шы және 80-шi жылдардың басына жатқызуға болады. Бұл кезеңде ғалым 30-этнографиялық экспедицияға мүше болып және жетекшiлiк жасап, iс жүзiнде Қазақстанның барлық территориясын зерттеп шықты.
Ол қазақтардың дәстүрлi-тұрмыс мәдениетiнiң әр түрлi салдарынан ғажайып, мол материалдар жинап, соның негiзiнде халық өмiрi мен құбылыстарын ашатын бiрнеше iрi монографиялық зерттеулер жазды.
1969 жылы “Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк” Алматы, 1969 10 бас. таб. атты автордың қызықты, мазмұны этнографиялық еңбегi шықты. Мұнда алғаш рет қазақ көшпелi қоғамы мал шаруашылығының өмiр тiршiлiгi толық суреттелдi. Кiтаптағы жоғары кәсiби деңгейде берiлген мал шаруашылығының негiзгi салаларына сипаттама, көшпелi жайлау жүйесi және жылдық мал атау циклдары, халықтың малға жасар ем-домы және салт дәстүрi көшпелiлер экономикасын зерттеуге қосқан мол үлесi болды. Бұл жұмыс бүгiнгi күнге дейiн әр түрлi саланың мамандарына әсiресе ауыл шаруашылығы үшiн оқу құралы ретiнде үлкен практикалық маңызын сақтауда.
Өкiнiшке орай бұл зерттеудiң құнды материалдарын көшпелi мәдениет тарихшылары, әсiресе археологтар әлi толық пайдалана алған жоқ. Бұл ғажайып еңбектi қайта басып шығару соның iшiнде орыс тiлiне аудару мәселесi бүгiнгi күнi ғана туындап отырған жоқ.
Халел Арғынбаевтың шығармашылығында ерекше орын алатын үлкен мәселе қазақтардың туыстық жүйесi мен отбасы-некелiк қатынастары, бұл қазақ этнографиясының өмiрлiк маңызды бөлiмiнiң жан-жақты зерттелуi елеулi ғылыми нәтижелерге алып келедi. Оның негiзгiсi “Қазақ халқындағы жанұя мен неке”. (Алматы. 1973, 20 баспа табақ) . Күрделi монографиясының жарыққа шыққанын айтуға болады.
Бұл еңбектiң бастапқы ғылыми-практикалық маңызы ретiнде барлық негiзгi мәселенiң тарихи-мәдени және әлеуметтiк аспектiлерi әртүрлi дәрежеде суреттеледi. Отбасы және неке формасы, туыстық жүйесi, iшкi отбасы қарым-қатынастары, өмiрдiк циклдiң дәстүрлi мен әдет-ғұрыптары, неке тойы, дәстүрлi отбасы-неке қатынастарының қазiргi қалдықтары және олардың болашағы.
Бұл шын мәнiнде қазақ этнографиясында осы тақырыпты толық көрсеткен, әлi деңгейiне ешкiм жетпеген монографиялық зерттеу.
Ғалым зерттеулерiнiң заңдылық қорытындысы ретiнде оның 1976 жылы докторлық диссертациясын қорғауы болды. Халел Арғынбаев шын мәнiнде қазақ этнографтарының қош бастаушысы болып, соған сәйкес тарих институтының бөлiмiне жетекшiлiк еттi. Оның аты кеңес этнографтары арасында кең мәлiм болып, көбiсiмен тығыз шығармашылық және достық байланыс орнатты. Солардың iшiнде Н. А. Кисляков, С. М. Абрамзон, Т. А. Жданко, Р. Г. Кузеев, Б. Х. Кармышева, В. П. Курылев, К. Шаниязов, А. Оразов, И. Мухмиддинов, Х. А. Есбергенов, В. Н. Васльев және басқа да көрнектi ғалымдар.
Олардың барлығы Х. Арғынбаевты қазақтардың дәстүрлi тұрмыс және мәдениеттiн әмбебап бiлгiрi деп есептейдi.
70-80 жылдары этнограф жалпы одақтық маңызы бар ғылыми жинақтар мен журналдарда шетел басылымдарында талдау мақалалары шықты, антропологиялық және этнографиялық халықаралық конгрестерге, этнографиялық сессияларға қатысты.
Бұл кезеңдерде Х. Арғынбаев ғылыми-ұйымдастыру мәселелерiне айырықша көңiл бөлдi. Олардың iшiнде экспедициялық зерттеулерде жоспарды өткiзу, коллективтiк талдау жұмыстарын жазуға күш жұмылдыру. Соның iшiнде “Қазақтар шаруашылығы”. Қазақ тарихы ғылымы үшiн көп жоспарлы зерттеудiң кезеңдерiн дайындау үшiн көп жұмыстар атқарылды. Кiтаптың негiзгi бөлiгiн этнографтар жазып, онда көп жылғы зерттеулер көрсетiлiп, аймақтық тарихи-этнографиялық атлас жасалды.
Х. Арғынбаевтың үшiншi iрi монографиясы “Қазақ халқының қолөнерi” -Алматы, 1987, 15 баспа табақ. Бұл бай безендiрiлген басылымдарда көне шеберлердiң шығармашылығына (ағаш, сүйек жону, тас қашау, металл, терiнi көркем өңдеу) және оның практикалық маңызына кәсiби этнограф тұрғысынан тұтастай сипаттама берiлген. Бұл кiтап тек этнографтар емес, өнертанушылар, суретшi-қолөнершiлерге берiлген, қажеттi оқу құралы болып табылады.
Мiне осылайша Халел Арғынбаевтың ғылыми сипаты зерттеудiң монографиялық бағыты деп айтуға болады. Ол барлығы алты монография шығарды. Сонымен қатар мол түп нұсқа материалдар, ұжымдық еңбектер бөлiмi, рецензиялар, ғылыми-анықтамалық және ғылыми-көпшiлiк жұмыстар жазылды. Ғалымның жалпы шығарған мақалалары 250-ге жуық. Көптеген маңызды еңбектерi жарыққа шығуын күтiп тұр. Соның iшiнде ұзақ күткен ұжымдық Халел Арғынбайұлы құрастыруға көп тер төккен “Қазақтар” еңбегi.
Халел Арғынбаевтың көптеген еңбектерi Республика қоғамына кеңiнен белгiлi және тiкелей практикалық қолданыс табуда. Мысалы “этнографизмдердiң” көптеген түрiн тiл мамандары 10-томдық “Қазақ тiлiнiң сөздiгi” құрағанда белсендi қолданады. Арғынбаев және оның әрiптестерiнiң өңдеуi және ұсыныстары арқасында халық өмiрiнiң жартылай ұмытылған қоғамдық айналымға өндiрiлiп, кейбiр шопан еңбегiнiң, қолданбалы өнердiң, өмiрдiк циклдың әдет-ғұрып салттарының спецификалық тәсiлдерi ыңғайластырылды. Бiрақ айта кететiн жайт, қазiргi кезде қызығушылық тудыратын ғалымның көптеген зерттеулерi библиографиялық сирек кездесетiн дүниеге айналды. Осыған байланысты “Халел Арғынбаевтың таңдамалы еңбектерiн” қазақ және орыс тiлiдерiнде толық шығарудың өткiр мәселесi тұр.
Этнографтық педагогикалық қызметiн ерекше айтуға болады. Халел Арғынбаев ұзақ жылдар бойы ҚазМУ-дiң студент -тарихшыларына дәрiс оқыды.
1982 жылы белсендi ғылыми-педагогикалық қызметi үшiн этнографқа профессор атағы берiлдi. Оның кейбiр шәкiрттерi ғылыммен бiржола араласты. Ғалымның жетекшiлiк етуiмен 7 кандидаттық диссертация қорғады.
Х. Арғынбаев еңбектерiнiң этнографиялық маңызы жайында, оның қазақ материалды тұрмыс және мәдениет саласына қосқан үлесiнен көруге болады. Ғалымның тағы бiр үлкен этнографиялық монографиясы “Қазақ халқындағы қолөнерi” деп аталады. Бұл кiтапта қазақ халқының дәстүрлi қолөнер үлгiлерi этнографиялық тұрығыдан жан-жақты сөз болады. Сонымен қатар қол өнерiнiң қызықты да, маңызды салалары: ағаш, металл, тас өңдеу мен терi, мүйiз, сүйек ұқсату шеберлiгiнiң туып-қалыптасу төңiрегiнде де кеңiнен баяндалған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz