Аңшылық кәсібінің мәдениеттегі орны


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Адамзат қоғамы дамып, өндіріс, мәдениет, ғылым өрбіген сайын, адамның танымдық, ұғымдық ой-өрісі арта түсетіні заңды құбылыс. Санада қалыптасқан ұғымды танытудағы шеңбері де кеңейе түсетіні де белгілі. Сондықтан қазіргі тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың басты мәселесі санада тілге дейінгі бейнеленген дүниелердің ішкі мәнін түсіндірудің әдіс-тәсілдерін табу. Бұл процесс жан -жақты зерттеуді қажет етеді. Бұл қызметті жүзеге асыратын когнитивтік бірлік- концепт.

Концепт бір сөздің беретін ұғымы, түсінігі емес, күрделі семантикалық бірлік. Ол тілдік бірліктердің қандайын болса да (сөз, сөз тіркесі, сөйлем, дискурс) белгілей алатын, семантикалық өріс ретінде де көрініс беретін мағына. Онсыз ол концепт деңгейіне көтеріле алмайды. Концептінің құрылымын жалпылама түрде қарастырғанда бірқатар зерттеушілер оны шеңбер тәрізді елестетуге болатындығын, оның ортасында концептінің ядросы - негізгі ұғым орналасса, перифериясында мәдениет, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер мен халықтық және жеке тәжірибе әсерінен қалыптасқан дүниеліктердің барлығы орналасатындығын айтады. Адамзат алғаш әлемде пайда болған кезде-ақ өзін қоршаған ортаға үйлесе өмір сүруге талпынған. Күн көріс қарекетімен әуелден әртүрлі табиғаттағы жабайы жеміс-жидекті теріп жей келе, аң-құс аулауға машықтана бастады. Мұны дала мәдениетіндегі сақталып қалған көне жәдігерлер дәлелдеуде. Әсіресе, тасқа «қашалған» аң-құс аулаудағы бейнелер соның айғағы іспетті.

Аңшылық- адамзаттың ең көне және ең алғашқы күнкөріс қарекетінің бірі болғанымен, уақыт өте келе кәсіпке ұласып, орта ғасырдың соңына дейін шаруашылықтың бір түріне айналды. Тарихи даму барысында табиғат ананың қорының, дәлірек айтсақ, аң-құс фаунасының қатарының сиреуі, адамзат баласының санының күрт өсіп, экологиялық апаттың қылаң беруі мен технократтың өркениеттің кең қанат жаюы аңшылықты тежеуге мәжбүрледі. Әрі діни фактордың күшеюі, адамдардың ақыл-парасатының арта түсуі, өркениетті қоғам элеметтірінің дамуы табиғатқа деген қамқорлықты аттырды. Сондықтан аң-құстарды жөн-жосықсыз, шектен тыс аулауға, құртуға шек қойыла басталды. Әсіресе, адамдардың санасындағы мифтік түсініктері мен байырғы дүниетанымындағы табиғат ананы қастерлеу оның аң-құсын, әсіресе қазақтар «Құдайдың малы», «қоңыр аң» деп қастерлеген бұғы, қарақұйрық, тауешкі, құлжа қатарлы аңдарды және киелі құстарды шектен тыс аулауға, жөн-жозықсыз қыруға жол берілмеді.

Осы кезден аң аулаудың көптеген тәсілдерінің бірі алға шықты, ал қайсыбірі екінші қатарға ысырылды. Аңшылық тәсілдерінің аңды қыран құспен алу, құмай тазымен аулау, ату қаруларымен (садақ, мылтықпен), түрлі жабдық- саймандармен (тұзақ, абақ, шаншу, қақпан, атқы), әр алуан тәсілдермен (құм қақпан, орға жығу, қысаңға қамап, сойылмен үру) аулау деген негізгі түрлері бар.

Аңшылық өнерінің қазақ мәдениетіне қосқан үлесі орасан зор және ұлттық өнер ретінде қазақ этносының мәдениетіне алып келген мұрасы да құнды болып табылады. Ондай мәдени мұраларды атап айтатын болсақ, еліміздің ұлан байтақ жеріндегі тау-тастарға қашалып салынған аңшылық дәстүрін бейнелейтін суреттер, қазақтың тұрмысындағы аңшылықтың сан түрлі көрінісін бейнелейтін суреттер, өлең-жырлар және мақал-мәтелдер т. б.

Халық аузына тараған мынадай мақал-мәтелдер бар: аң таппаған - атынан көреді, ата алмаса - мылтығынан көреді; мылтықсыз мерген - көзімен көріп, жүрекпен сезген, аң мен малдың қоңданатын кезі «қоңыр күз» деген; аңды не көрінбеген атады, не ерінбеген атады; шын аңшының алдына - аңның өзі келеді; ажалды киік адырға қашады; атқанның құсын жатқан байланар, тарсонардан кең шиыр, алпыс құлан ат болмады, атасына нағлет аңшылық және т. б.

1. Қазіргі лингвистикадағы «концепт» мәселесі.

1. 1 Тіл білімінде концептінің зерттелуі.

Ғылыми зерттеу қажеттіліктен басталады. Қазақ тіл біліміне концептілік зерттеулерге жалпы тіл біліміндегі обьективті себептер, когнитивтік ізденістердің ықпалымен қатар, Қазақстан өміріндегі өзгерістер де себепкер болды. Ең алдымен қазақ тіл білімінде осы саладағы зерттеулер қажеттілігі туындады. Бүгінгі таңдағы Қазақстанның ұлтаралық, халықаралық, мәдениетаралық қарым-қатынастарының кеңіп, белсенденуінің, қазақ еліне осыған байланысты көптеген мақсат, міндеттер жүктелуінің нәтижесінде ұлтаралық қарым-қатынастағы қазақ тілінің орны қазіргі Қазақстан мамандары үшін де, Қазақстанмен жұмыс істейтін шет ел мамандары үшін де алғашқы орындағы мәселе. Концепттілік өріс, сәйкесінше әрбір концепт халықаралық қарым-қатынастың категориясы болғандықтан тілдік концептерді зерттеу үлкен маңызға ие болды. Мәдениетаралық, ұлтаралық қарым-қатынас әр уақытта ұлттың маңызды концептілерін тану қажеттілігін туғызады. Екінші себеп ұлттық мұраны зерттеудің белсенденуі, зерттеудің мақсаты мен ұстанымдарының өзгеруі.

Концептілік зерттеулер, таным мәселесін тіл тұрғысынан қарастыру жалпы тіл біліміне бүкіл әлемнің гуманитарлық ғылымдарында 50-60 жылдары жүріп өткен когнитивтік зерттеулердің ықпалымен келді.

Когнитивті ғылымдарды когнитивизм деп те атайды. Когнитивизм терминінің түрлі бірнеше мағынасы бар: 1) бұрын психология аясында қарастырылған таным, танымдық процестер мәселесіне қайта оралу; 2) бүкіл когнитивті ғылымдарға синоним ретінде қолданылады; 3) когнитивті ғылымдардың дамуының бастауында тұрған даму сатысы.

Когнитивті лингвистиканы В. А. Маслова жеке ғылым деп қарастырады.

Когнитивті лингвистика АҚШ-да дүниеге келіп, белсенді дамығанымен Еуропада зерттеудің өз бағыты қалыптасты. Когнитивті лингвистиканың басты мақсаты тілдік қабілетті немесе тілді ішкі когнитивті құрылым ретінде білу, сөйлеушіні-тыңдаушыны ақпаратты өңдейтін өз алдына жеке модульдерден тұратын жүйе ретінде сипаттап, түсіндіру. [1. 17. ] .

Концептердің зерттелуінде «Тілдің логикалық анализі» тобының ролі зор. Олар концептік зерттеулерде белгілі дәрежеде өзіндік жол сала алған топ. «Тілдің логикалық анализі» тобының еңбектерінде негізінен рухани мәдениеттің басты терминдері: «парыз», «тағдыр», «ақиқат», «өтірік», «жақсылық», «жамандық», «жан» және т. б. қарастырылды. Бұл концептер қазақ тіл білімінде арнайы концептік зерттеулердің нысаны болғанымен, қазақ мәдениеті мен психологиясында өзіндік нақышымен көрінетін концептер. Мысалы, «жақсылық» концептісін алатын болсақ, бұл ұғым атауы қазақ халқы үшін ертеден-ақ антропоним болып қалыптасқан.

Дерексіз лексиканың кез-келген сөзі қандай да бір мәдениеттің өзгешелігімен ажыратылса, белгілі бір мәдениет өкілімен игеріліп, оның ажырамас бөлігіне айналса, концепт (мәдени сөз) болып таныла алады. Сондықтан, «Тілдің логикалық анализі» тобының басым көпшілігі анықтағанындай тек философиялық ғылыми ұғымдарды белгілейтін сөздер ғана емес, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді білдіретін сөздер де мәдени концепт деңгейіне көтерілуі мүмкін. Мысалы, «наурыз» еуропа халықтары үшін жылдың үшінші айы болса, түркі халықтары үшін наурыз - жыл басы, үлкен той, ол көптеген салт-дәстүрмен ассоциацияланады, т. с. с. Халықтың өмір сүру дағдысын (көшпенділік, күзеу, қыстау, жайлау), адамның әлеуметтік жағдайын ) би, кедей, қойшы, сұлтан), адамның жеке қасиеттерін (адалдық, нәзіктік, батылдық, ерлік), тіпті нақты процестердің атын білдіретін (жүн түту, киіз басу, аңшылық, айтысу) сөздер де «мәдени мәнге» ие бола алады.

Мәдени концептілердің аясы нақты, жинақтаушы және заттық лексика есебінен кеңеюі мүмкін. Мысалы, қазақ халқы үшін «шаңырақ», «ертоқым», «жер», «жусан» «селеу», «қамшы», «ақжаулық» сөздері мәдени сөз болып табылса, өзге халықтар үшін «саре», «қар», «тайга», «самаурын», «кенгуру» сияқты сөздер мәдени мәнге ие болуы мүмкін. Өсімдік, жан-жануар, тұрмыс заттары, қандай да бір табиғат құбылыстары, іс-әрекет түрлері, белгілі бір мәдениеттің ажырамас бөлігі болғандықтан, өзге тілдердегі баламаларынан мәдени компонентімен ажыратылады. Сөздердің мәдени концептер қатарына өтуі оның мәдени игерілуінен болған прагматикалық және семантикалық жағына қайта ұғынылуымен байланысты: бұл сөз қандай да бір мәдениетке тән нәрселер тұрғысынан қарастырылады; сонымен қатар, сөз материалдық мәдениет затын немесе құбылысын атаса, ол зат немесе құбылыс енді рухани құндылық сияқты бағаланатын болады. «Игерілген» сөз - концептерді мысалға ала отырып бір мәдениеттің екі жағы - материалдық және рухани мәдениеттің арақатынасын көруге болады. [2. 14. ] .

«Концепт» термині Ресей лингвистикалық әдебиеттерінде ең алғаш қоршаған орта құбылыстарының тілдік-мәдени игерілу процесін көрсету мәселесімен байланысты 20-30 жылдарда пайда болды. Бұл зерттеулер өз бастауын орыс философы С. А. Аскольдов-Алексеевтың 1928 жылы «Русская речь» жинағында жарық көрген «Концепт және сөз» мақаласынан бастау алады. Автордың түсіндіруінше, концепт - сөз бен оның мәні (ұғымы) арасындағы байланыстырушы. Аяқ астынан сөйлегенде біздің санамыз сөз ұғымдарын пайдалана алмайды, сондықтан жаңа мәндік элементтер ретінде ұғымдар емес, алғаш қалыптасқан ой-ментальді сигналдар іске қосылады. Осылардың өзі концепт. Егер автордың ойына жүгінсек, тұжырылған ұғым емес, ұғымның «ұрығы», өйткені, ол оған ұғымнан бұрын беріледі және кейіннен ұғымға ұласатын семантикалық құрылым оның бойында о бастан болады. Концепт өзі уақыт пен түсініктен тыс тұрып сөздердің уақыт пен кеңістіктегі ұғымдық-тектік байланысын табуға көмектеседі. [3. 28. ] .

Концептті зерттеуге когнитивтік лингвистикада басты назар аударылады. Концептің табиғатын тануда деген кез келген ұмтылыс онымен сабақтасып, астарласып жататын ұғымдардың, терминдердің бар екендігін көрсетеді. Олар ең алдымен: концепт, ұғым, мағына.

Ұғым және концепт

«Ұғым» және «концепт» терминдері бір жағынан сөздің мазмұндық жағының әр түрлі кезеңін, екінші жағынан олардың әртүрлі қызметін көрсетеді. Ұғымнан концепт ұлттық менталитетті көрсете алатын алғашқы түсінік ретінде де, әмбебап мәдени түсінік ретінде де ерекшеленеді. [2. 24. ] .

Философиялық анықтама бойынша, «концепт»-жалпы ұғым, мағына. Ал "ұғым, мағына"- ойлау категориялары ретінде логикалық термин. Сондықтан да "концепт", "ұғым", "мағына" терминдерін бірде тұтас, бірде бөлек қарастырылады. Алайда, айырым белгілерін жоққа шығармайды. Дүниені, шындықты адам санасының қабылдауы тек ұғымның айналасында қалып қоймайды.

Концептінің жасалуына ұғым емес, заттық образдар (заттың бейнесі) негіз болады. Мысалы, ана сөзі ұғым бойынша-шеше(Ананын ақ сүтін ақтау) . Бұл адамдардың бәрі білетін ең негізгі басты сипаты. Бірақ бұл ұғыммен қатар ана туралы басқа да түсініктер бар. Мәселен, анаға қатысты тілімізде бағалауыштық, коннотативтік бірліктер, мақал-мәтелдер, фразеологиялық тіркестер, нақыл сөздер мен афоризмдер қалыптасқан. Демек, ана ұғымын тереңдететін, нақтылай түсетін, жан-жақты сипаттайтын басқа қосымша мәнді, қажетті мәдени мағлұматтар арқылы менталдық деректер жинақталған. Бұларды саралай келгенде, ұғымдық саты толыға береді де, концепт дәрежесіне көтеріледі.

Сондықтан кез келген ұғым, сөз концепт бола бермейді. Концепт болу үшін белгілі бір ұғымға қатысты ұлттың мәдени көрсеткіші болатын тілдік дерек-лексика-семантикалық тақырыптық топ, сондай-ақ менталдық мінездемені қажет ететін және философиялық мазмұнды, логикалық бағдары бар ұжымдық білім көрсеткішіне негізделген күрделі құрылымды бірлік болу керек. [4. 147. ]

Концепт белгілі бір ұлт мәдениетіне тән болғандықтан, сол ұлт бейнесін көрсететін салт-дәстүрлер көрінісі, ұлтқа тән таным мен білім сияқты ерекшеліктеріне қарай жетілдіріліп отырады.

Концепт туралы айтылған ой-пікірлерді сараптап, тұжырымдай келе, концептінің ең басты өлшемдерін айта кету керек. Олар:

-бейнелілік

-ұғымдық

-құндылық

Концептінің бейнелілігі-бұл заттар мен құбылыстар, оқиға сипаттарын көру, есту, сипау, иіс, дәм арқылы тәжірибелік біліміміздің дара қасиеттерімен біздің жадымызда сақталуы.

Концептінің ұжымдық жағы-бұл концептінің сипаты, құрылымдық белгілері, дефинициялары, бір-бірімен алшақ өмір сүрмейтін басқа концептілермен салыстырмалы ерекшеліктері және ең басты адамдар іс-әрекетінің жүйелі түрде тілде белгіленуі.

Концептінің құндылық жағы-концепт ретінде тануға, қарастыруға, талдауға тұрарлық әрі жекенің, әрі ұжымның жасаған ұлттық ерекшелігі.

Концепт тіл - тілдегі сөз астарын және сөз байлығын мейлінше жан-жақты талдауға мүмкіндік береді. Концептуалдық талдау нысаны-менталдық кеңістіктегі мәдени мазмұндағы базалық концептілер. [5, 36. ] .

Концепт-адамдардың білімі мен тәжірибесін қамтитын таным және ақпараттық құрылымдағы менталдық қордың бірліктерін білдіретін термин.

"Концепт" термині ғылымдар тоғысында жиі талдауға түскені соншалық, лингвистер әр қырынан қарастырғанда әртүрлі толықтырулармен жан-жақты анықтай түскен. Сонымен концепт:

- тілден тыс ойлау арқылы қалыптасқан мазмұн;

- "менталдық лексикон бірліктері" (Е. С. Кубрякова) ;

- тіл мен ойлаудың аралығындағы "түсініктер бірліктері"(Ю. Н. Караулов) ;

- ұжымдық және жеке таным бірліктері (А. А. Залевская)

- тұрақты тілдік құрылымдармен диахронды және синхронды байланыстағы мағынаның көпқабатылығы;

-идиалды дүние нысанының субъектідегі түсінігі (А. Вежбицсая) ;

-таңба арқылы танылған ұғым (М. В. Никитин) ;

-қабылдау, ұғым, білім, ассоциация, әсерлердің шоғыры (Ю. С. Степанова) ;

-"нысанның көру, есту, дәм, вербалды және басқа сипаттарын біріктерін" категория (В. А. Пищальникова) ;

-адам танымындағы мәдениет бірлігі, мәдени ақпараттар жиынтығы.

"Концепт" пен "стеоретип" терминдерін В. В. Красных қарама-қарсы салыстыра қарастырып, мынадай тұжырымдар жасайды:

1) концептіге-тілдік білімдер де енеді (мысалы, сөздердің тіркесімділігі), ал стеоретип- бейненің вербалданған түрі;

2) концепт арқылы- абсрактылы деңгейдегі архетиптерді анықтауға болады, стеоретип- оған қарағанда анық, нақты;

3) концептіге - менталдық білімдер жүйесімен орайлас келетін парадигматиалық құбылыстар тән болса, стеоретипте- коммуникативтік дағдылар да көрінеді.

4) концепт- санада гештальт пен проппозиция түрінде сақталса, стеоретип-санада құрымдық фрейм күйінде сақталады. [6. 19. ] .

Лингвокогнитивтік аспектіде концепт - ақиқат дүниенің санада жан-жақты жинақталып, тұжырымдалған ақпараттары мен когнитивтік семантикасы арқылы бейнесі. Әрбір концепт - тіл арқылы көрініс табады, концептіні танытуда тілдік семалар қызмет атқарады. Дүниені танытатын әрбір сема санада фрейм, сценарий, ойсурет, схема секілді фонға салынған ситуациялар мен бейнелер болып табылады.

Концептілік жүйе дегеніміз - концептілік құрылымдардың реттелген формасы. Концепт ұғымының теориялық негіздері Н. Д. Арутюнова, Е. С. Кубрякова, Ю. С. Степанов, Д. Лихачев, Р. М. Фрумкина, Е. В. Рахилина, А. Вежбицкая, А. П. Бабушкина, В. Маслова т. б. көптеген ғалымдардың еңбегінде сөз болады. Қазақ тіл білімінде тілдік таңбалардың семантикалық құрылымы, концептілік өріс, концептінің құрылымдық түрлері М. Күштаева, С. Жапақовтың, К. Күркебаевтың, Г. Зайсанбаеваның, А. Әмірбекованың т. б. диссертациялық зерттеулерінде қарастырылады. Осы зерттеушілер еңбектерінде концептінің түрлі анықтамалары, оның маңызы көрсетілген.

Тәжірибе жинақтау барысында тілде бейнеленген «ғалам бейнесі» өзара логикалық концептуалды жүйе құрайды, нақты бір концептілерге айналып отырады. Ол концептілік жүйелер қайта құрылып, толығады және адам оны үнемі нақтылап отырады. Өйткені концептілер жүйеге ене отырып, оның мүшесі ретінде көптеген өзге де концептілермен өзара байланысады және өзгеріске ұшырап отырады. [7. 24] . .

Концепт сөзі мағына мен ұғым, лингвомәдени бірліктерді сипаттайтын терминдердің орнына да қолданыла бастады. Бірақ олардың бір-бірінен ара жігін ажыратып алған дұрыс. Сол себепті зерттеуші ғалымдар мағына, ұғым, концепт сөздерінің ара жігін ажырату жөнінде орынды пікір білдіреді. Мәселен, Ю. Степанов: мағына тек тіл жүйесінде анықталатын тіл білімінің термині, ал ұғым тіл білімі мен логика саласындағы логикалық қатынастар жүйесінде анықталады» деп көрсетсе, С. Аскольдов-Алексеев концеп лексикалық мағынаға қарағанда ауқымы кең дүние, - деп таниды. Концепт пен ұғым терминдері ішкі формасына қарай ұқсас. Себебі латынның conceptus - ұғым деген сөзінің тікелей калькаланған түрі. Соңғы уақытта екі ұғымның да өзіндік ерекшеліктері бар екендігі байқалады. Ұғым танылатын обьектінің мәнді, мазмұнды қасиеттерінің жиынтығы болса, концепт ұлттық болмысқа негізделген ментальді білімінің жиынтығы деп түсіну қажет. Концептіні таныту үшін кез келген тілдік бірлік, лексика-фразеологиялық мағынасы бар бірліктер алынады. Алайда концепт ретінде барлық ұғым алынбайды, тек белгілі бір мәдениетті тануда қолданылатын жалпы ұлттық құндылықтардың ерекшелігін танытатын күрделі ұғымдар ғана танылады.

Концепт пен ұғымның басқа да өзгешеліктері бар: ұғым өз бойына мәнді, маңызды белгілерді жинайды, ал концепт - бұнымен қоса, мәнді емес қасиеттерін де қамтиды.

Сонымен, концепт пен ұғым - ғылымда екі түрлі термин. Ұғым - логика мен философия термині, ал концепт - математикалық логика, мәдениеттану, когнитивтік тіл білімі термині. Концепт пен мағына біржақты ұғымдар емес. Концепт дүние туралы тұрақты мәліметтер жинайды, ал сөз өз мағынасымен концептінің бір элементін ғана танытады. Концепт терминін анықтау сөз мағынасының қалыптасуына үңілуден туындайды. [7. 26. ] .

Ұғым өз бойына дүние туралы ақпараттың ең басты деген маңызды белгілерін жинақтайды, ал концепт бұлардың барлығын қамти отырып, өз бойында белгілі бір құбылыстардың мәнді емес бөліктерін, қасиеттерін де қамтып отырады. Ұғым құрылымының мүмкіндігіне қарағанда концепт құрылымының шеңбері едәуір кең. Концепт пен ұғымды оның құрылымдары арқылы ажыратуға болады. В. А. Маслова өз еңбегінде: «Ұғым құрылымында тек мазмұндық элементтер болады, оған концептілік құрылымдағы барлық компонент ене бермейді. Концептінің әрқашан эмоциональды, экспрессивті, бағалауыш сәулелері көрінеді», - дей отырып, концепт пен мағына біржақты ұғымдар еместігін, себебі, концепт дүние туралы тұрақты мәліметтер жинаса, сөз өз мағынасымен концептінің бір элементін танытатынын, концептіні анықтауда оны танытып тұрған мағыналар мен сөйлемдереге, дискурсқа сүйену керектігін айтады. [8. 76. ] .

Когнитивтік ғылым базасында, терең зерттеулердің нәтижесінде концептінің санада ойлау әрекеті арқылы қалыптасып, психикалық ментальді қабілеттер негізінде танылатыны айқындалды. Кең ұғымда концепт - санадағы ментальді бірліктер мен психикалық ресурстар қызметі арқылы индивидтің тәжірибесі мен білімін танытатын ақпараттық құрылым. [9. 90. ] . Концепт ұғымына берілген тұжырымдар мен зерттеулерді сараптау нәтижесі оның қалыптасуы мен танылуының мынадай басты қағидаларын анықтауға негіз болды.

Концепт- санада қалыптасатын логикалық болмыс. (С. А. Аскольдов-Алексеев, Чесноков, Е. С. Кубрякова) . «Концепт- бұл сөзбен оның ұғымы арасындағы делдал. Ішкі сөйлеу барысында санада қалыптасқан ұғым бірден сөзбен таңбалана алмайды. Сондықтан оның орнына мағына элементі ретінде ойдағы алғашқы түсінік - ментальді сигналдар көмекке келеді. Бұл концепт болып саналады» [3. 28. ] . «Концепт - зат не құбылыстардың өзара қарым-қатынасы қалай, олар қалай топтастырылады, қалай категорияланады деген мәселелерді айқындайтын ментальді репрезентация». « Концепт- бұл өзінше бөлек бүтін мазмұнға ие, әрі ұсақ ойларға бөлінбейтін ойлау бірлігі, яғни ішкі қабаттың үстірт қарапайым көрінісі». Е. С. Кубрякова: «Концептіні адам санасының және ойының аспектілері ретінде сипатталады», -деп танылады.

Концепт- адамның өмірлік тәжірибесі мен ұлттық тәжірибедегі бейнелер (таңбалар) жиынтығы. (Чубарян, Р. И. Павиленис, А. П. Бабушкин) «Концепт- ұқсас заттар мен құбылыстардың ұқсастық дәрежесі, олардың бойындағы белгілері мен қасиеттеріне байланысты екі объектінің де ортақ белгісі концепт қалыптастыруға негіз болды». «Концепт -белгілеуге болатын таңбасы бар ұжымдық сананың дискреттік бірлігі» [11. 14. ] . «Концепт- бұл белгілі бір сөзді айқындайтын түсінік, білім, ассоциация шоғыры».

Концепт - ақиқат дүниенің мәдени бейнесі. Демек белгілі бір ұлттың не адамның мәдени танымы сол дәуірдің мәдениетін айқындайды. А. Н. Арутюнова, М. М. Копыленко, А. Н. Мороховский пікірінше, мағыналық аясы белгілі бір мәдениеттің белгілерін білдіре алса, әрбір тірек сөз концепт бола алады. Дегенмен қазіргі таңда тіл білімінде концепт терминін анықтайтын үш бағыт қалыптасты:

Бірінші бағыт. (Ю. С. Степанов, Н. Телия) Концептіні мәдениеттаным аспектісінде қарастырып, адамның ментальді дүниесіндегі мәдениеттің қайнар көзі деп таниды. «Концептіні танытуда тіл басты қызмет атқармайды, ол тек мәдени концептілердің ең құнды бөлігін таңбалау үшін қажет», - деп түсінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі «Аңшылық» концептісі
Қола дәуірінің ерекшелігі
Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің қоныстары
Қазақ ұлттық сәнді қолданбалы өнерінің түрлері мен даму тарихы
Қола дәуіріндегі қазақстан тайпалары
Археология ғылымы. Археологиялық ескерткіштер түрлері
Қазақтың дәстүрлi ойын мәдениетiнiң феноменологиясы
Алматы қаласы музейлеріндегі ат әбзелдері мен қару-жарақ қоры коллекциялары
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері
Кеңестік дәуірдегі ауыз әдебиетіндегі қазақ тарихының зерттелу мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz