Қарқаралының археологиялық ескерткіштері


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І тарау. Қарқаралының археологиялық ескерткіштері . . . 5

  1. Қарқаралының архитектуралық ескерткіштері . . . 9
  2. Мазарларды мазаламайық . . . 24

ІІ тарау. Қарқаралының тарихи ескерткіштері . . . 29

Қорытынды . . . 43

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 45

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі . Қазақстанның орталық аймағы - Сарыарқа өлкесі тарихи мұраларға бай өлке. Тарихи дамуда кез келген халық өзінің мәдениетіне сүйенеді, өзінің өткен кездеріне сын көзбен қарайды, ұлттық мұраға назар аударады. Арқа өңірінің өзіндік белгісінің бірі - осы кең далада орналасқан тарихи жәдігерліктермен бірден көзге түседі.

Сәулеттілік әр халықтың өмірінде оның материалдық-көркем мәдениетінің ең жоғары көріністерінің бірі болып табылады. Ол белгілі дәрижеде халықтың тарихын, әлеуметтік, экономикалық даму дәрежесін көсетеді. Себебі, халық сәулеткерлігі мен архитектуралық құрылыстың көптеген туындыларына тарихи және өркениеттік мазмұң тән болуы мүмкін.

Қазақстанның орталық аймағы - Сарыарқа өңірі тарихи мұрағаттарға өте бай өлке. Көне мәдениет ескерткіштері халқымыздың өткендегі тұрмыс салтынан мол мағлұмат береді. Дегенмен Орталық Қазақстанның көне архитектуралық ескерткіштері осы уақытқа дейін арнайы ғылыми түрде зерттелген емес.

Бұл ескертіштер әр кезде бері қойғанда 300 жылдан бері әлденеше жиһанкездердің жазбаларында сиппатталып келеді. Олар туралы түрлі аңыз-әңгімелерде баршылық. Баспасөз бетінде, елтану, өлкетану әдебиеттерінде сырттай сипаттаған мағлұматтар да кездеседі.

Қазақтың ұлы ғалыы Шоқан Уәлихановта Арқа өңірін аралағанда көне мәдени ескерткіштерді іздеп тауып, оларға сипаттама берген, кейбіреуінің суретін салып алған.

Кейінгі Кеңес дәуірінде Қарқаралы өңірінің архитектуралық ескерткіштері тарих мұрағаты ретінде мерзімді баспасөз бетінен көрініп келеді. Әсіресе, қаланың 100, 125, 150, 170, 180, жылдық мүшелдеріне байланысты архитектура ескерткіштері еске алынып келеді.

Қарқаралы тарихына арналған өлкетанушы Поповтың “Қарқаралы” атты еңбегі, Т. Аршабековтың “Қарқаралы күмбездері”, С. Ләмбеұлының “Тәттібет” атты еңбегі 2001 жылы шыққан Тоғжанов пен Аршабековтің “Атамекен” еңбектеріңде аталып өтеді.

Ғылыми жобаның ақсаты мен міндеті.

Жалпы тарихи ескерткіштер бұл тек қана тарихи-мәдени мұра ғана емес, сонымен қатар халықтың өткен тарихының бір белгісі, қолтаңбасы болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда біз таңдап алған тақырыптың мақсаты осы өңірдегі тарихи ескерткіштерді архиологиялық, архитектуралық және табиғи ескерткіштер ретінде қарастыру.

Сонымен қатар ескерткіштердің қысқаша тарихына тоқтала отырып, оларды болашақта қорғау және этнотуризмді дамытуға өіндік үлес қосу болып табылады.

1 тарау. Қарқаралының археологиялық ескерткіштері

Орталық Қазақстанның таулы аймақтарында, әсіресе Қызыларай, Темірші, Қарқаралы, Балқантау, Қу манайында ортағасырда мекен еткен түркі-қыпшақ тарихынан құнды мәлімет беретін көненің көзі-тас мүсіндер кездеседі. Көшпелі елдің шеберлері тас қашауды, кен қазуды жетік білген. Қазақстандағы мүсін тастың ең көне түрі ғұндар заманында пайда бола бастаған.

Жалпы, тас мүсіндер жөнінде ғылыми тұрғыдан зерттеушілердің бірі В. В. Бартольд болды. Ол 1894 жылы Орта Азия мен Қазақстанды аралаған сапарында сипаттама беріп өткен болатын.

Кейінгі уақытта, тас мүсіндер тарихын зерттеуге Я. Шер, Л. Кызыласов және басқа ғалымдар да өз үлесін қосты.

Өткен заманнан бізге он саусағынан өнері тамған тас безеуші-шеберлердің тамаша туындысы тас мүсіндер жөнінде ғылыми тұжырым жасаған Әлкей Марғұлан болды. Ол өзінің Сарыарқа бойын зерттеуге жіберген отыз жылдан астам далалық зерттеулерінде, кімді болса да ойландырмай қоймайтын көне тарих куәсі тас мүсіндерді зерттеуге арнады. Түркі мен Қыпшақ дәуірінен қалған ондаған мүсіндерді тауып Ә. Марғұлан “Тегіде мұндай тас мүсіндер әрбір өлген адамның ескерткіші ретінде орнатылған, сондықтан олардың әр қайсысы әрбір өлген адамның келбетін бейнелеуге болады”.

Тас мүсіндердің бет бейнесі, жыныстық айырмашылығы, олардың кәсіби жөнінде шеберлер жақсы келтіре білген.

Орталық Қазақстанда тас мүсіндер өте жиі және жүйелі түрде кездесіп отырған, өкінішке орай олардың саны бұл күндері әлдеқайда азайып кеткен. Олар Торғай өзені мен Ұлытау төңірегінен бастап, бүкіл Сарыарқаның жолымен күншығысқа қарай созылып, Қарқаралы, Темірші тау сілемдерімен созылып Алтай тауларына дейін кездеседі. Топографиялық таралу картасы бойынша бірталай заңдылықтар да бар, олар көбінесе қола дәуірінің ескерткіштері обалары сақталған жерлермен қаббаттасып отырады. Қай жерде қола моласы кездессе, соның жанынан Түркі қағанаты кезеңінің (VI-VIII ғғ. ) орнатылған тас шарбақ пен мүсіндердің көпшілігі осы жерде кездеседі.

Көне заманнан жеткен бұл мүсіндер тас шарбаққа немесе тастан үйілген обаларға орнатылған. Тас шарбақтар сонау қола дәуірінен келе жатқан көне жерлеу дәстүріне, бертін келе мұсылман рәсіміне біршама ықпалын тигізді. Әдетте мұндай тас шарбақтың көлемі 2 метрден шамалы ғана асады, биіктігі 30 - 40 см мұғдарында.

Ә. Марғұлан Орталық Қазақстандағы тас мүсіндерді зерттей келіп, тас шарбақтарды ғылыми тұрғыда зерттеу мақсатында бірнеше жерде қазба жұмыстарын жүргізген болатын. Қазба жұмысында адамның сүйегі және басқа бұйымдар табыла қоймаған. Тек әр жерінен малдың сүйегі және кездескен, демек ғылым: “Тас шарбақтар тарихи адамдарды жерлеген қабір емес, тек оларды еске түсіру үшін, ас беріп ат шабтыратын жерлерге қойылған” деді яғни, мұндай салтпен жерлеу VI-VII ғасырларындағы түркі қағанаты кезінде болған.

Сыртқы құрылымы бойынша тас мүсіндер екі түрде кездеседі бір тобы граниттен жасалған төрт бұрышты тас шарбақтың күншығыс жиегінде, екінші тобы үйген тас обаның күншығыс жиегінде. Тас мүсіндердің бұлай кездесуі екі түрлі дәуірді көрсетеді: бір тобы төрт бұрышты тас шарбақтың жиегінде, екінші тобы үйген тас обаның күншығыс жақ жиегінде.

Тас мүсіндердің екі тобы да ислам дінінен бұрынғы көшпелілердің салт - сана сезімінен туған, негізін айға, күнге, жұлдызға табынуға сүйенген. Сонын дәлелі ретінде тас мүсіндердің қай тобы болса да олардың беттері қашанда күншығысқа қарап тұрады. Жеке адамның келбетін бейнелейтін мүсіндер Орхон жазбаларында бәдіз деп аталған. Әрбір мүсін тас тұрған шарбақтардан шығысқа қарай созылып, тік орнатылған тас бағаналар тізбектеліп тұрады, оларды ескі жазбаларда балбал деген. Балбалдардың тізбегі 15 метрден 200 метрге дейін созылады. Бұл тау баурайындағы жазық алаңда - белгілі тәртіппен орнатқан тас бағандар тобы зерттеушіге бір үлкен ой туғызады.

Қыпшақ жұртынан қалған тас мүсіндерде бұрынғыға қарағанда едәуір өзгешеліктер де бар. Мұндай мүсіндер тас шарбақтың орнына, ұзыны мен ені бірдей үйме тастың жанына (VIII- IXғғ) не тас обалардың (X-XIIғғ) шығыс іргесіне орналасқан. Бұрынғы кезден қалыптасқан тарихи дәстүр бойынша, мәселен құты, сауыт, ұзын мұрт, сақал суреттері кездесіп отырады. Қыпшақ кезеңінің жұрт ардақтаған ерлермен қатар, әйелдерге арналған тас мүсіндер бірнеше топқа бөлінеді: жас қызды бейнелеген мүсіндер, жас келіншек сәукелесімен бейнеленген мүсіндер (келіншек тас) . Жас әйелді бейнелейтін тас мүсіндерде ыдыс - аяқ суреттері кездеседі. Қарқаралы өңірінің Кент тауының етегінен табылған жас келіншектің бейнесі, тіптен өте айқын бейнеленген. Оның сырғасы тағы да дене мүшелері айқын көрінеді. Осы өңірден табылған тас мүсіннің бірі қобызшыға арналған. Олар түр жағынан әр алуан болып кездессе де, халықтың салтөдәстүрі бойынша шығысқа қарап тұрады. Жалпы бұл Орталық Қазақстандағы тас мүсіндер дамуының жаңа бір сатысын көрсетеді.

Алғашқы уақытта мүсіндерді алыс жерден әкелмей, көбінесе жақын жерде тастан қашап отырған. Кейінгі дәуірде олай емес, оның ішіндежұмсақ қызғылт құмайт тастарды іздеген. Оның үстіне мүсіндерге әйелдің сәукеле сияқты бас киіміне, басқа да ерекшеліктеріне көңіл бөлінетін болған. Кей жағдайда бас пен денені тек жалпы түрде дөңгелетіп келтірген, қас, қабақ, ауыз бүтіндейкөрсетілмей, тек бастың жалпы нобайы көрсетілген.

Жалпы алғанда тас мүсін жасаушы бәдізші шебердің өз өнерін жете меңгергендігінің, белгілі бір дәрежедегі халықтың салт-дәстүрлі жемңсі екенін көрсетіп берді.

Кен ошақтарының келесі бір бөлігі Орталық Қазақстанның шығыс бөлігі Қарқаралы даласы, таулы өңірі болды. Бұған ірі ертедегі кен орындарының (Атабай, Әділ, Кентөбе, Қызылеспе, Қорғантас, Саяқ т. б. ) қоныстардың, зираттардың болуы куә болды.

Осындайірі кен өндірісінің бірі Қарқаралы I қонысында болды. Ол Қарқаралы өзенінің таудан ағар бастауынан жақын орналасқан.

1940 жылы Қарқаралы I қонысының территориясынан геолог И. Могилевский дөнгелек еденді және күл қалдықтары сақталған мыс қорыту пешін тапты. Қарқаралы пештері Қалба тауларынан және Бала Терісаққан өзені жазығынан табылған пештермен өте ұқсас.

Өлкетанушы Яснецкая қоныс территориясынан бай материал жинақтаған. Олардың арасында қыш ыдыстар, қайлалар, түрен, балталар, руда ұсататын құрал жабдықтар, тасқалыптар, шлактар т. б. бар. Қоныс топографиясы мен одан табылған заттар онда мал шаруашылығымен ауналысатын металургтер тұрғанына куә.

Қарқаралы II қонысынан да онда негізінен металургтер тұрғанын дәлелдейтін тау-кен жабдықтары табылған. Олар II және III тұрақтардан шлактар, кола құймалар, тас руда ұсатқыштар, қайла, т. б. табылған.

1. 1 . Қарқаралының архитектуралық ескерткіштері

Қызыл кеніш сарайы.

Қарағандыдан 260 км. Қарқаралы ауданының Бүркітті кеңшарының Кент бөлімшесінің онтүстігіне таман 1, 5 км жерде, Кент тауының шығыс бөлігінде орналасқан.

Қызыл кеніш сарайының құрылыс ө жобасының орны осы күнге дейін сақталған. Өз уақытында бұл екі қабат етіп салынған, айқыш (крест) тәріздес үлгімен салынған. Құрылыс материалына, осы өңірдің қызыл тасын қашап салған. Ғимараттың үш бүйірінен іргелестіре алынған қосымша бөлмелер ортадағы негізгі бөлмемен ішкі есіктер арқылы байланысқан. Сарайдың онтүстікке қараған сыртқы есігінің алдында тағы қосымша бөлік болған.

Сарай жөнінде жазба деректер XIX ғасырдың бас кезінен бастап қарай ұшырасады. Бұл орайда алғаш қазба жұмысын және жазба деректі қалдырушының бірі генерал С. Броневский болды.

Мұнан соң А. Левшин, В. Никитин, Н. Коншин сияқты зерттеушілер сарай жөнінде жазған болатын.

Тек сарайдың архитектуралық құрылымы ғана емес, сонымен қатар осы ғимаратқа байланысты тарихи аңызды келтірушілердің бірі Д. Байжұмар болды.

Кеңес дәуірінде сарайға бірнеше қайта зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл археологиялық қазба жұмыстары Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің археологтары тарапынан жүргізілді. Кешенді зерттеуді 1987 жылы Ж. Смаилов пен А. Бейсенов басқарған археологиялық экспедициясы атқарды.

Қызыл кеніш сарайына қатысты айтылатын аңыз-әнгімелер В. Никитин, Б. Дөкей, Н. Кошин сияқты зерттеушілердің жазбаларында кездеседі. Бұл аңыздардың жазбаға түсуі әр түрлі деңгейде болғанымен, оларды бәріне ортақ бір желі бар. Еділ бойындағы қалмақ ханның қызы шығыстағы жоңғар ханынан ұзатылыпты - мыс. Сол жылы қыс ерте түсіп, жолшыбай Кент тауына қыстауына тура келеді. Арқаның алты қысында хан қызы қазақ батырымен танысып, көңіл қосады.

Аңыз - әнгімелерде қалмақ ханы Қалдан - Серен, қалмақ батырлары - Айда, Тілеуке, Хан қызы - Ләуке, Елеуке болып айтыла береді.

Тағы бір аңызда: “ертеде қазақ пен қалмақ аралас өмір сүрген екен. Қазақтың Аюке деген ханы өзінің Етрежеп деген қызын қалмақтың Қонтажы деген ханына ұзатпақ болады. Аюке қияндағы жат жұртқа бұйырған жалғыз қызының ұзатылу тойын өткізіп, Аюке хан Едіге атты батырын басшы етіп, қызы Етрежептің көшін жолға салады. Содан Етрежеп көш ө керуенімен Кент тауыа жеткенде Арқаның қысы түсіп кетеді. Қазақ батыры Едіге батыр мен қалмақ батыры Қабыл - зайсан ақылдаса келіп, Кент тауының ішінде жер таңдайды да, сонда қыстап шығуға келіседі. Ел жұртынан айрылған хан қызының көңілін аулау үщін Кент тауларының ішінен қырық жігітке сарай соқтырады. Солай жүргенде Етрежеп пен Едіге көңіл қосады, Етрежеп жүкті болады.

Елге келген соң, қыз босанып ұл туады, атын Сына деп қояды. Сегіз жасынан қолына садақ алады, жұрт оны Сына батыр деп атайды. Сына батыр жастайынан Қоңтажы ханға жауығып өседі. Етрежеп бір күні баласына ақыл береді сенің түбің қазақ еді дейді. Содан Сына батыр аман - есен оралады. ”

Кедесі бір түрі 1900 жылы Д. Байжұмардың жинақталған аңызында былай деп айтылады “ О самой постройке существует такая легенда: во время борьбы калмыков с киргизами, калмык Айда батыр полюбил Ляуке (Иляуке), дочь Касан - Серень - хана: но так как Касан-Серень хан добровольно не отдавал дочь за батыра, то последний украл ее, а с нею увел 40 девушек и 40 нокеров. Долго они странствовали по степи, но там было не безопасно: киргизы (казахи) уже завладевали степями и ежеминутно могли напасть на беглецов. Тогда они ушли Кенчские горы, где их застала их зима. Чтобы укрыться от холода буранов, Айда батыр построил там дворец и зажил в нем, не заботясь о будущем. Так прожил Айда батыр в этом укромном месте некоторое время спокойно и счастливо. Но когда калмык в борьбе с киргизами пришлось очень плохо, старший брат Айда батыра, Тлеуке батыр спасаясь от киргизов (казахов), укрылся тоже в Кенчских горах, где и повстречал своего брата и стал звать его с собою идти на врагов. Однако, ни увещание брата оставить киргизку Ляуке, ни укоры за то, что он наслаждается, когда все его сородичи за свою жизнь и свободу, ничто не действовало на Айда батыра. Он лично был счастлив, а его всему остальному был равнодушен и говорил: «борьба теперь напрасна, дело проиграно, и рано или поздно смерть все равно меня не минует, так пусть же смерть сама придет ко мне чем сам я пойду к ней. А пока еще её нет и пока она далеко, пусть счастье улыбается мне до последней минуты».

И последняя минута пришла скорее, чем он ждал ее. Тлеуке батыр возненавидел брата и, сговорившись с нокерами, убил Айда - батыра, Ляуке и всех девушек, а сам со своими воинами и нокерами брата отправился на войну, но был побежден и убит. «То был последний калмык» говорит легенда”.

Тәттімбет күмбезі.

Қазанғапұлы Тәттімбеттің шыққан тегі - Қаракесектен Ақша, Түйте, Қамбар. Ақшадан Бошан, Бошаннан Әнет, Байбөрі, Манат, Жалықбас, Бұлбұлдан Күшін, Алдияр, Шаншар, Үсен, Кұдайберді. Шаншардан Айбике, Қызданбике, Нұрбике атты үш әйел туған. Шаншардың Нұрбикесінен Тұрлыбек, Бертіс, Тілеуке. Бертістен Бектемір. Бектемірден Битан, Шитан, Мәшеке, Дәулет. Мәшекеден Қазанғап. Қазанғаптан Құлымбет, Құтымбет, Тәттімбет, Жақсымбет, Ашымбет, Дүйсен, Мариям.

Тәттімбеттің бірінші әйелі Ақбөпеден Мұсатай, Қыстай, Шатай. Екінші әйелі Елімнен Байқы, Балдықызы, Парша атты қыздар туған.

Тәттімбет 1855 жылы батыс сібір қырғыздары (қазақ) делегациясының II Александр патшаның қабылдауында болады. Осы қабылдауда бірнеше күй орындайды. Тәттімбеттің жүрегінен жарып шыққан “Былқылдақ”, “Шайырқалды”, “Сарыөзен”, “Алшағыр”, “Көкейкесті”, “Сарыжайлауының” әркайсысының шығу тегі, өзіндік орындалар мәні бар. Бұл күйлердің барлығы да Сарыарқаға арналған.

Шайырқалды Тәттімбеттің Қарқаралы өңірінің биік тауларының бірі ө Мыржық тауына байланысты шыққан көрінеді. Мыржықтың етегінде күйшішің балдәурен шағы өткен, дүниеден көз жұмарда да осында қайтып оралады.

Қазанғапұлы Тәттімбеттің Қарағанды облысының Қарқаралы ауданының қарасты Дайыр тауының етегінде туған. Күмбезі Түндік өзенінің бойында, Бабалы мен Арқалық тауының ортасында Арқалық селосынан 12 км. Жерде тұр. Бұл Тәттімбеттің әкесі Қазанғапқа арналып салынған күмбез. Ішінде үш қабыр бар. Біріне Қазанғап, анасы Қалайы, үшіншіде Тәттімбеттің өзі жатыр.

Тәттімбеттің қайтыс болуына байланысты Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаковтың іс-қағаздарының бірінде Қарқаралы онтүстік приказы 1 маусымдағы №2095 жолдаған қатынастағы Үшқатын қорығы №1581 іске байланысты сұрауға Нұрбике Шаншардың бұрынғы болысы, іске қатысы бар жазбасы Қазанғапов Тәттімбеттің қайтыс болғаның хабарлайды.

Жалпы Тәттімбет атқа ерте мінген, ел ісіне араласқан адам. Омбыдағы Батыс-Сібір генерал-губертаторы майор фон Фридрихтың Тәттімбет туралы жинаған мәліметінде Тәттімбет - ақсүйектер әулетінен, бірақ көпестер гильдиясына тіркелмеген. Қарқаралы округіндегі Нұрбике шаншар болысында 1842 жылдың 20 қаңтарынан 1854 жылдың 25 қаңтарына дейін болыс болды. Бұл жұмыстан өз арызы бойынша 1854 жылдың 29 шілдесіндегі бұйрықтың негізіне босатылды, қылмыс жасамаған.

1855 жылы 23 наурызда Сібір қазақтары патша ағзамның қабылдауында болған. Сібір қазақтары депутациясының Санк-Петербургке келуі туралы, сондай-ақ осы делегация мүшелеріне шен беріліп, ордендермен және медальдармен марапаттау туралы деген 90 беттік іс-қағаздың 33 бетінде Қазанғапов Тәттімбетке 1853 жылы хорунжий шенінің берілгендігі, мойынға салатын Анна лентасы тағылған күміс медальмен марапатталғаны жазылған.

Жапалақ батыр күмбезі.

Күмбез Томар селосынан солтүстік - шығыста 13 км. жерде, Әбеу қыстағынан батыс бағытта 3 км жерде қырдың үстінде орналасқан. Осындай жерге орналасуына байланысты алыстан көзге көрінеді. Өзінің формасы бойынша центрикалық және төрт бұрышты бөліктен тұрады. Бұл бөлігі биіктігі - 0, 7м. қабырғасының ұзындығы - 8м, ал негізгі күмбездің жоғарында аталғандай дөнгелек, биіктігі - 5, 5 м, ішкі аумағы - 5м, қабырғасының қалындығы - 0, 60м, жоғарғы жағында 4 терезенің орны сақталған. Жәдігердің негізгі құрылыс материалы қыш кірпіш. Кірпіштерінің қалануы әр түрлі қалыпта, шырша тәрізді, қос басар, бір басар ретінде қаланған.

Жапалақ батыр Қамбар руынан шыққан батырдың бірі. Сатыкелді Айтұлынан-Қошқар, Теке, Серкебай, жапалақ батыр бәйбішесінен, тоқалынан-Ошаған. Жапалақтан - Өгізбай, кіші әйелінен-Ханбатыр. Өгізбай көз тиіп жастай опан болған. Күмбездің осы ұлынан арнап салса керек. Ханбатырдан-Шиаяқ, Әбеу, Қалқа, Жұмаділ, Тәттібай. Шиаяқтан-Қазылбек,, Ырысбек. Әбеуден-Уақас, Қасымбек, Қажыбек, Төлеубек. Қасымбектен-Гаухарбек, Қуатбек. Қалқадан-Қонай. Жұмаділден-Келісбек. Әбеудің Уақасынан-Базарбек, Ақшабек. Қизамбектен -Раушан.

Жапалақ батырдың тұқымының бірі Раушанның айтуы бойынша батыр өте алып денелі болса керек. Атқа мінгеннің өзінде аяғы біршама салбырап отырады екен. Қысты күні үлкен көлге шомылғанда, желкесіндегі жалы күдірейіп тұрады екен. Бет әлпетінде қасының өзі өте қалың, қатты ашуланған кезде жауар бұлттай түнеріп, қарсы келген адамның зәресін алса керек.

Елуінші жылдары шөпшілер Жапалақ батырдың күмбезі тұсынан батырдың сауытын тауып алса керек, бірақ бұл сауыт жөнінде этнографиялық экспедиция барысында мәліметтер табылмады. Оның есесіне Жапалақ батырға байланысты бірнеше аңыз сақталған.

“Қарқаралы дуанының аға сұлтаны Құсбек төре осы елге өзінің байлығымен де танымал болған. Оның 3 мың жылқысы болыпты. Бірде ел арасында Құсбектің шамалы жылқысы жоғалып, оны Қамбарлар алып кетті деп кеуесет тараған екен. Бұл хабарды естіген Жапалақ дуанға келсе, аға сұлтан қабылдамай үй бермепті. Содан Жапалақ Алданазардың көзін шығарамын деп қорқытты. Ел жиналған жерге кіріп, жиналған ел басшыларына өзінің қамын айтады екен десем, бес байталын айтады екен деп, кейін шығып кетеді. Жапалақтан соң барлық Қамбар төре тұрады, міне осыдан соң еріксіз Құсбек мырза өзінің ырайынан қайтып келген екн.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарқаралы ұлттық саябағының көрінісі
Қазақтың ұсақ шоқыларына физикалық-географиялық сипаттама
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар
Туристік рекреациялық ресурстар мен Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық орталықтар және емдеу саласындағы туризмнің үлесі
Қарқаралы өңірінің ежелгі металлургия ескерткіштерін зерттеу тарихы
Жұмыстың мақсаты Қазақстанның жеті кереметімен танысу
Қарқаралы ауданы
Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының қола дәуірін зерттеу тарихы
ҚАЗАҚСТАНДА ЭТНО - МӘДЕНИ ТУРИЗМІН ДАМЫТУ ӘЛЕУЕТІ
Жезқазған қаласы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz