Греция мен Рим қалаған іргетас


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1. Кіріспе:

Греция мен Рим қалаған іргетас.

II. Негізгі бөлім :

А) Рим архитектурасы

Б) Нақтырақ беруге тырысушылық. Егжей- тегжейлі әрі жақсы

айтылған Һикая

В) Римдік суретші Витрувийдің (б. э. I ғасыры ) трактатында

III Қорытынды

IV Қолданылған әдебиеттер :

Кіріспе

«Греция мен Рим қалаған іргетассыз қазіргі Еуропа да болмас еді” (Энгельс) .

Гректердің де, римдіктердің де өздері атқарар тарихи міндеті болды- олар бірін бірі толықтырды, ал қазіргі Еуропаның іргетасы- олардың іргетасы. Бұл ұлы халықтардың әрқайсысының қосқан үлесі неден тұрады?

Вергилий «Энеидада» бұл сұраққа әбден ашық та айқын жауап берген. Римдіктерді ғасырлар бойы жігерлендіріп келген дастанның А. Фет аударған айтулы жолдары, міне, мынау:

Мыстан нәзік мүсін жасап, жан бітірсін басқалар,

Жан бітірсін қашап, жасап тіпті мәрмәр тасқа олар.

Бүкіл әлем қозғалысын зерттесін, білсін-ақ

Жақсылап-ақ сызсын жолын қалай батып, күн шығар.

Ал сен болсаң, О Римлянин, халық басқар, үкім ет-

Осы сенің бар өнерің сақта дүние ғұрпын.

Бағыныштылар қалсын солай,

Тәкаппарлар тітіреп.

“Басқалар” деп отырғаны, әрине, гректер

Алайда бұл өр де каһарлы Рим өзінің ұзақ тарихы бойында тек мемлекеттік істерде ғана зор табыстарға жетті дегенді білдіре ме?

Латын позиясы мәңгі жасайды, ал Вергилий өз поэмасымен әлденеде өзін теріске шығарады. Бірақ сәулет, бейнелеу өнерінде әсемдіктің дүние жүзілік қазынасына Римнің қосқан үлесі туралы айтуға бола ма? Санның сапаға айналуы жайындағы белгілі қағидаға сүйенсек, әрине, айтуға болады. Сонымен қатар бұл арада сапаны Римді Эллададан ерекшелендіретін жаңа талпыныстардан туындайтын творчествоның ауқымдылығы ретінде де түсінген жөн.

…Грецияны жаулап алып римдіктер алғашында өздерін тағырларша ұстады. Ювенал өз сатирасының бірінде бізге «гректердің көркем дүниесін бағалай білмеген» сол заманғы дөрекі рим солдатын көрсетеді, ол солдат «сауға үлесі » етіп өзінің қалқаны мен сауытын әшекелеу үшін даңқты суретшілердің кубоктарын ұсақтап сындырады.

Ал римдіктер өнер туындыларының құндылығы жөнінде естіп білген кезде, енді қиратып жою, сірә, ешқандай таңдап талғаусыз, қирата тонаумен алмасты. Грециядағы Эпирден римдіктер 500 мүсінді алып кетті, оған дейін этрускілерді құртып, Веиден 2000 мүсін әкелген болатын.

Рим архитектурасы

Ұзаққа созылған Қанды қырқысулардан кейін ұлы Цезарьдың жиен немересі Август (б. э. бұрынғы 63 ж-б. э. 14 жылы) империяның негізін қалады, ол формальды түрде республика сақталатын, бірақ мемлекеттегі барлық өте маңызды лауазымдар бір ғана император қолына жинақталатын құрылымды тұңғыш рет орнықтырды.

Ол өлген соң құдайға теңестірілген Цезарь сияқты республиканың бірден бір державалы әміршісі болды «Құдай текті Августтың» Римді көріктендіру жөніндегі қызметі туралы Светоний былвй деп жазды:

«Астананың көрінісі державаның ұлылығына әлі сәйкес келмей жатты, Рим әлі де су тасқыны мен өрттен зардап шегетін. Ол кірпіш дүниені қабылдап, мәрмәр Римді қалдырып бара жатырмын деп мақтаныш етуге болатындай етіп қаланы қайта қаланы салдырды.

Қоғамдық ғимараттарды ол өте көп салдырды… Топырлаған халық пен толып жатқан сот істері үшін 2 алаңның жеткіліксіз екенін көріп, ол форум салдыра бастады… Марс храмын салуға ол Филипп соғысы кезінде серт берді ол соғыстар мен триумфтар туралы сенат осы жерде шешім қабылдайтын болсын повинцияларға әскер басшылары осы арадан аттансын, жеңіспен оралған қолбасшылар триумфтың әшекей жасауларын осында алып келетін болсын деген шешім қабылдады.

Апаллон ғибадатханасын, сәуегейлердің айтуына қарағанда, Палатин сарайының құдай жай түсіріп, таңдап алған бөлігінде салдырды, әрі храмға грек және рим кітапханасы бар портиктерді жалғады, қарт кезінде ол сенатты осында шақыратын. Кантабрия соғысы кезіндегі түнгі бір шеруде өзі отырып кле жатқан зембілдің дәл алдынан жай түсіп, алау көтеріп келе жатқан құлды өлтірген кездегі қауыптен аман құтылғанының ескерткіші етіп жай атқыш Юпитерге арнап храм тұрғызды. Сондй ақ басқа да көрнекті азаматтарға қаланы көріктендіруді талмай кеңес етіп отырды…

Ол бүкіл қаланы округтер мен кварталдарға бөлді. Өрттен сақтану үшін әр жерге пост қойып, түнгі күзет енгізді, су тасқынын болдырмау үшін Тибрдің арнасын тазартып кеңейттірді. Қаланың барлық жағынан кіруді жеңілдету ушін ол Фламиния жолын кеңейтуді қолға алды… ал қалған жолдарды триумфаторларға бөліп берді, олар соғыстан түскен ақшаны осы жолдарға тас төсеуге жұмсауға тиісті болды.

Ол тозығы жетіп құлаған немесе өртеніп кеткен қасиетті ғимараттарды қалпына келтіріп, оларды да басқа ғимараттармен теңестірді, бай тарту таралғылармен жасаулады. Мәселен, ол бір жолдың өзінде Капитолий юпитері ғибадатханасына 16000 қадақ алтынды және 50 000 000 сестерций тұратын інжү маржан мен асыл тастарды сыйға тартты».

Әйгілі Рим правосының негізі, римдік мемлекеттіктің бастамасы, дәл рмдік архитектураның, бүкіл римдік өнердің дүниеге келгені сияқты, республика заманынан басталады. Императорлық Рим бұл бастама негіздерді нағыз әлемдік көлемде етіп, дамытқысы келді.

Греция мен Этрурия Римді сәулет өнеріндегі өзінің жетістіктерімен кенелтті, мұның өзі Римнің жасампаздық арынында барлық өнердің ішіндегі ол үшін ең қажеттісі еді.

Ой ниетінің айқындылығымен ұштастырылған айбындылықты іздестіру үстінде римдік сәулетшілер гректік үлгілерге табан тірей отырып, осы күнге дейін із қалдырған өзіндік дүние жасай алды.

Гректер мен этрускілер арка мен күмбезді білетін. Бірақ бағзы заманғы антикалық тік бұрыштылықты жеңген осы архитектуралық формалар тек Римде ғана шегіне жете дамыды: Римде қисық сызық түзу сызықпен бәсекелесе алатын болды.

Триумф рәсімін, яғни жеңіп қайтқан қолбасшының Римге келіп кіруін бейнелейтін триумф аркасы- рим сәулетшілігінің ең тамаша жаңалықтарының бірі.

Іші жарқын сәулемне нұрланған, айбынды қуаттылақ бақытқа қарай, біршама жақсы сақталған осы храм архитектурасында бейнеленген идея, тегінде міне осы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Антикалық жерорта теңізінің медецинасы
Жер жұмыстары
Ертедегі Грецияда педагогикалық теорияның пайда болуы
Көне дүниедегі мектеп және тәрбие
Ежелгі тіл білімі
Ежелгі және орта ғасыр лингвистикасының қалыптасуы
Ежелгі Грециядағы білім беру ісінің дамуы
Көне дүниедегі мектеп және тәрбие, оқыту
«Гиппократ антының» негізгі жағдайлары
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz