Мұқағали Мақатаев туралы


Мазмұны:
КІРІСПЕ 3
1. Мұқағалидың өмір жолы. 4
2. Ақынның алғашқы қадамы 6
3. Мұқағалидың шығармалары 9
Қорытынды 13
Қолданған әдебиеттер 14
КІРІСПЕМЕН ӨМIРДI ЖЫРЛАУ ҮШIН КЕЛГЕМIН!
Мұқағали өмiрдi сүйген ақын. Оның түсiнiгiндегi өмiр- қозғалыспен жарық. Мұқағали өлеңдерiнiң формасы да жазылуы да мәңгiлiк қозғалысқа берiлген. Өлеңдерi қанатты, жеңiл, қуатты, қимылмен әуенге толы.
Бiз Мақатаевты Шындық Ауылын iздеген ақын-философ ретiнде көбiрек бiлемiз де, оның нәзiк, сыршыл лирик екендiгiн аз бiлемiз.
"Поэзия Махабаттан басталып Ақылмен аяқталу керек. Өзiңдi өмiрден жасауың керек, өзiңнен өмiр жасау емес… Осылай менiңше шын ақынның құдiретi. Өмiрде бiлмеймiн, бiрақ поэзияда өтiрiкке жол жоқ ! "- деп жазады ол өзiнiң күнделiгiнде. Сол күнделiкте Мұқағалидың бiр көрегендiгiне себепшi мынадай жолдар бар: "Әй, шарманщиктер! Сендер емес маған қазылық айтатын… Нағыз қазылар келешекте… Жылдар өтер, жаңа ұрпақ келер, солар әрқайсымызды өз орнымызға қояды. Ғасырдан ғасырға солай болған, солай және солай болады да. Өзiм жайлы мыныны айтам: мен XXI ғасырдағы ұрпақтың құрдасымын, тiптi мүмкiн одан да әрiрек ұрпақтың құрдасы болуым мүмкiн . . . "
Өзiнiң айтқанындай болды да XXI ғасырддың басында халқының көрнектi ақыны деген атақ алып, оның шырғармашылығы бiрауыздан Мемлекеттiк сыйлық алды. Иә, уақыт бәрiн өз орнына қояды. Мұқағалидың орны жетпiс жасқа келгенде ұлылардың қатарына қосылды.
1. Мұқағалидің өмір жолы.Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 февральда Алматы облысы Нарынқол ауданы Энгельс атындағы колхоздың Қарасаз деген жерінде дүниеге келген. Әкесі Сүлеймен осы өнірде тұңғыш колхоз құрылысын жолға қойып, шағын шаруашылықты басқарғандардың бірі болатын.
Жаңа қоғамнын, қарышты құрылысына алаңсыз кіріскен Отан шетіне қанқұйлы жау тиіп, батысты өрт шалғанда әкесі өзі тіленіп, майданға аттанады. Зұлмат соғыс тақсыреті мен касіреті Мақатаевтар шанырағын да шайқалтып кетті. Сүкең Калининград маңайында болған сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза тауып, қара қағаз суық хабар әкеліп, шешесі
Нағиман қаршадай Мұқағалиға жедеғабыл үш ұлымен жесірлік тартып қалды.
Сөйтіп, оныншы класты интернатта бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласты. Алдымен ауыл советтің хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметкері, жетіжылдык мектептің мұғалімі - міне М. Мақатаев өткен әуелгі өмір мектебі осындай.
Тек журналистік жолын алпысыншы жылдардын басында Нарынкол аудандық «Советтік шекара» газетінде бастаған ол кейіннен аз уақыт «Жұлдыз» журналында жалғастырды.
. . . Бүкіл қазақ тіршілігіне тосын тыныс, жаңа леп уақыттың асау ырғағын әкелген Жаңа дәуірдің рухани революциясы аспантаудың алыс аясындағы кішкентай Қарасаз ауылын да айналып өтпепті, Ликбездін жарығы жертөледен асып, әлжуаз сәулесі санаға түсіпті. Тал бесікте тербелген сәбидің құлағына кұтырған қаңтар бораңының уілі алғашқы бесжылдыктар балғасынын дүрсілін жеткізгендей. Бірінші бесжылдықтармен тәй-тәй басып, тұсауы кесіліп, буыны бекіген бала кең дүниеге солармен қоса елеңдеп, елегізіп, кұмартып, қызығып қарағандай екен.
Жалпы М. Мақатаевтың етек жауып, ес жиған балалығы, жоғарыда айтқандай, жаралы соғыс жылдарына сәйкес келген типтік өмірбаян.
Ауылдық мектепте мұғалiм болудан бастап, қазақ радиосында диктор болды. Сол кездегi "Соц. Қазақстан", "Мәдениет және Тұрмыс", "Жұлдыз" газет-журналдарында қызмет iстедi.
Ол өзi өлең жазып қана қоймай, үлкен аудармалармен де айналысты. Мысалы, Дантенiң "Құдiреттi комедиясының" "Тамұқ" атты бөлiмiн, Шекспирдiң сонеттерiн, Уолт Уитменнiң кейбiр шығармаларын қазақшаға аударды.
2. Ақынның алғашқы қадамы1962 жылы ауылды мүлде қалдырып, Мақатаевтар ата-анасымен Алматыға көшіп келеді.
Мұқалғалидың балғын колтаңбасында I. Жансүгіровтың «Жетісу суреттері» мен Қ. Аманжоловтың «Өзім туралысының» алыс әсерлері, жырақ жаңғырықтары жатқанын жасырмай айтқаннан ұтылмаймыз.
Үлкен ұстазға ізеті мол алғыр шәкірт содан кейінгі ізденістерінде өзінше тартты. Дәстүрді дәстүрше әдемі ұғынып, ұстанып, оның көлеңкесінде көп ат шалдырмай, содан кейін өзіндік өрнекке қарай батыл бет бұрды.
Бейнелілік құралдары байып, ішкі үлгі өзгеше екпін алып, ол қай тақырыпқа қалам тарса да, жанданып, түрленіп, кұлпырып шығатын.
Мұқағалидың күркіреп келген көктемін, жадыра жазын, күрең кузін, ақикөз ақпанын ешкімнің мезгіл-маусымымен шатастырмайтынымыз кәдік. Бәрі-бәрі ез бояу, өз керік-кескінімен, сыр-сықпытымен, шырай-шұғыласымеи баурап, әлдилеп, әндетіп құдіретті рухани қуатты сезіндіреді. «Сыр дүние-ай, сикырың көп не түрлі. Бір көрсетпей өтесің-ау бетіңді . . . жанып-сөнген, жанып-сөнген жұлдыздар іиірдегі стадион секілді», суреті басқа бір рәуішке айналып желпінтеді:
Шайқалып нұр,
Маужыраған мамырдан май тамып тұр. .
Жайқалып қыр,
Тауға соққан боз сағым қайта ағып тұр.
Айталық сыр,
Серуендеп жүр, қалқам, қайталық бір.
Бара-бара қарапайым көрініске жан бітіп, көкірегіңнен үйлесім іздейді. «Шып терлеп, дала бусанған, сағымы қайнап, шымырлап. Бозторғай ұшты жусаннан, сүйінші сұрап, шырылдап» қайдағы бір шуақты шаққа бастайды. «Тыныштық деген жан ізгі, сағынып келген жардайын, Оянып кетер тәрізді, сипасаң болды маңдайын . . . »
Әйтпесе жайлаудын жазғы түні ше: «Жұлдызды аспан тұр жайнап, кеудесіндей маршалдын». Одан кейін қарашаның қарбаласы қалай: «Дүрліккелі даяр тұр, дүрліккелі. Секем алған пілдердің құлағындай, желпілдейді үйлердің түнліктері». Оған ілесе қаһарыыа алып, қырын келген қыс кейпі қандай: «Бұқкан қоян секілді қыстау жатыр, Бұғып алып таудың бір қойнауында».
«Сөзбен сурет салып, ой түйген» суреткер акыннын кезі жіті, кұлағы сак, алпыс екі тамыры өмір үшін тынбай бүлкіл қағып тур. Содан барып құсұйкы түні тылсым сырға тұнып, қызу күні мән-мағынаға толып, тіршіліктің нән алып қазанындай қайнап жатыр толассыз. Жаратылысынан мол пішілген денелі, жазық мандай, қыран кабақ астындағы кілең от шашып тұратын жанар оның кен кеудесінде жаиартау бұлқынып, құйын ойнап, самал соғып жатканын жасыратьшдай. Сырт көрініс дәйім алдамшы ғой. Оның терең жан-қойнауларында нәзік нсгіз ұя салғандай еді. Сондықтан болар ол өз-өзі» қатты қаузайтын:
Сайтанның да, күнәсіз періштенің,
Бал мен уын талғамай неге ішкемін?
Періштенін қайғысын бөліспедім-
Сайтанменен, болса да, келіспедім,
Не істермін, тәңір-ау, не істермін?!
Бұл әрекетсіз шарасыздық емес, қозғалыс үстіндегі жаннын көңіл күйі. Сәлден аспандап, солден бәсейіп қалатып ақын болмысы. Мұқағали да тым әсершіл, тым сезімтал, тым мұңшыл болатын. Мұңы бірақ нұрлы еді. Қездейсок бір кездескенде ол олақ сыншының өз өлеңдерін парықсыз сынағанын зілсіз айтып, сынағаны үшін емес, бірақ ауыл арсындағы жағымсыз батыраш пен қотыраш қылыққа қысылып, назаланып тұрды. Біз нәзік ақын жанының жазықсыз жаралаиғанын сезінген болатыпбыз. Алайда, жалғыз бұл жағдайда емес, ылғи да қанша пендешілік көлеңкесін көрсе де ешкімді де жамандықка қимайтын. Муқағали жырлары өзіне біткен кесек мінезден танған жоқ, талғампаз оқырман жүрегіне көлденең жолби-келерсіз-ақ тете жол тартты. Оларды бүгінгі күннің романтикасы мен бүкіл болмыс-шындығы сусындатып, емірдін өзінен ойып алғандай әсер беретін. Сол күйі ол елуінші жылдардың аяғынан бастап, соңғы демі үзілгенше поэзия процесінің қызу ортасында кақ жарып жүрді. Оның шығармаларын биік парасат пен кекірек көзі нұрландырды дәйім. Мұқағали Мақатаев жаңарған тау мен даланын, олардың жаны жарқын асыл адамдары мен таңғажайып табиғатынын үлкен жүректі асқақ жыршысы болатын, солай болып қала береді. Ақын творчествосында бұл егіз тақырып ажырамастан қатар өріліп, домбыраның кос ішегіндей жарысып жатты.
Таулар - менің таусылмайтын бақытым,
Ал, ырысым - ұлан-ғайыр кен далам.
Ондайда дала дидары әр қырынан жақсы жаркырап ашылатын:
Боз далам, күрен далам, жасыл далам,
Кісі емес саған келіп бас ұрмаған.
Құныға құшырым бір қанбай қойды-ау,
Қалай ғана құшармын ғашық-далам?
Соған жедеғабыл ақын өзекжарды ойын өрбітіп: «Өзіндей алып болып тумаған соң, Адам болып журудің не керегі . . . » деп күрсіністі күй түйіп, іле-шала серпіліп шыға келеді: «Керімсал менің кең өлкем, жетемін саған мен ертен . . . Туған жер болар кұс төсек, Аспаның - көрпе, жамыл да, Дамылда, жаным, дамылда, Бақытты сол бір шағында».
Ал, тау ол ушін барша тіршіліктін тірегі секілді көрінетін, қалай масаттанып жазам десе де қақысы бар еді:
3. Мұқағалидың шығармаларыТау дейтін алып жүрек Ана туған,
Мен - таулықпын.
Таудан мен жаратылғам.
Киіктің сүтін еміп ер жеткемін,
Қуат алып қыранның қанатынан.
Аз жылдар ішінде «Ильич » (1964 ж), « Армысындар, достар !» (1966 ж), « Қарлығашым, келдің бе ?» (1968 ж), «Мавр » (1970 ж), «Аққулар ұйықтағанда » (1973 ж), «Шуағым менің » (1975 ж), «Дариға-жүрек » (1978 ж), тағы басқа да жарқын жүректің жарқылдарынан туған жеті-сегіз жинақ ұлттық әдебиетке толысқан талант келіп қосылғанын айғактаған еді.
Олардан мәңгі өмір сұлулығына сұқтанып, сырлы саз, ойлы тол-гам түйіп, асқақ жырлап өткен ғашық ғұмырдың кең тыныс-тіршілігінің лебі еседі. Атамекен аспанында жырларын қырандай калықтатып, айдын көлінде аққудай сұңқылдатады. М. Мақатаев поэзиясының терен тамыры кешегіде, бүгін мен ертеңде жатыр. Тәлімді бұл творчествоны ешкімнің еш жатырқамайтыны ықтимал.
Иә, Мұқағали Мақатаев талантынын, берік тұғыртасы - шаңдағына аунап, тентек өзеніне шомылып, құстар қиқуын тыңдаған туған топырағында, ол соған тартып туған. Қайда больга, қайда жүрмесін Қарасаз ғұмыр бойы тепсінген ой, уылжыған сезімнің діңгегіне айналады. Ақын дала мен тау, атажұрт арқылы, Отанды, адамзаттың алтын бесігі - жұмыр жерді сүйеді. Кішкентай жүрекке кең дүниені сыйғызып, әлемдік кеңістікке құлаш ұрады. Кемелденген социалистік құрылыстың ақыны екенін бір пәс есінен шығармайды.
Ақын жүрегінің құбыланамасы әлеуметтік езгерістер мен уақыт желіне нәзік бұрылып, сондай сезімталдықпен көрсетеді. Ол сезім шуақтарын тамшылатып, не айтса да, бар жан-тәнімен айтады екен:
Басымды иіп, тіземді бүгіп түрып,
Ажарымда айдындай шуақ тұнып.
Отанымды сүйемін күліп тұрып,
Отанымды сүйемін жылап тұрып.
Оның махаббаты осылай жарқын көрініс табады. Дегенмен, атылмыш жырлардан бір аяғы қалада, енді бір аяғы даладағы адамның арпалыстағы дүниетанымын аңғарып, соның қоңырқай күн кешкен тіршілігін таратып әкетіп жатамыз. Ауылдан үзілді-кесілді күрт қол үзе қоймаған кешегі түз баласының, енді астанаға біржола сіңісіп кете алмаған жанның күрделі күйі алдымызды орайды. Содан ата-мекенге дегеи сағыныш оты да белекше күйдіреді көкіректі. Ол орынсыз аңсау емес еді. Қозғаушы күш болатын.
М. Мақатаев поэзиясының гуманизмі, асқақ азаматтық пафосы, әсіресе, адамдарды, солардың тағдыр толқынына түскендегі қайшылыктағы тұлғасын жырлағанда айқын көрінетіні ғанибет. Оның жалын атқап жырларында қаншама лирикалык. кейіпкердің келбет-кескіні, бет-бейнесі көз алдымыздан өтеді. Бәрі де бітеу жаралған емес, қызғаныш пеп сүйініш, пәстік пен асқақтык, безбүйректік пен бауырмалдық , осалдық пен мықтылық, тоңмойындық пен елгезектік, зинақорлық исі пәктік сықылды жұмыр басты пендеге тән қылық-әрекеттердің иелері болып жүр. Сонда ақын жүрегі сезімтал құбыланамадай жамандықтан жақсылыққа қарай, түнектен сәулеге карай бұрылып турады експ. «Қалса екен нәрім ауамда, мына даламдл, түспесе окон келеңкем тірі адамға». Екі талай емірдің шайқаоымди оиың кесірткедей өңін өзгертетін қуыс кеуделерге, тоғышарлыққа, бойкүйездікке, жандайшаптарға , даңғойлар мен енжар ездікке жаны қас .
Ақын адамдар арқылы өзін, өзі арқылы адамдарды зерттепті: «Алдымен зертте мені», сонан соң «Қиын не бар адам жанын зерттеуден? Мем келемін өз жанымды зерттеумен, бірде аяз, бірде жалын өрт кеудем», одан прі тағы да: « Басқа жанның жан сырын ұғу үшін, өзімді зерттегенді жөн көремін»: деп бар ақиқатын жайып салып, терең толғапады. Кім болса да, оның ауыл адамдарын, әсіресе, қарттар мен кейуаналарды қандай сүйіспенділікпен жырлайтынын баиқар еді. Қалжыңдасып отырып бірге насыбай ататын қарттан («Жұмыстан сон, ») «Әулиедегі» ақсақалға дейін бір-бірін қайталамайтын қаншама ақылмандар образы бар. Олардың арасында «төрт баланы тыныштыққа кұрбан ғып, төрт келінді терт адамға ұзатқан» (қандай қасірет!), соңынан көксерке маңырап «күреңмен қырқа асып бара жатқан» шопан, «екі тізгін, бір шылбыр қолға ұстатқан» жылқышы аталар бір дегеннен байырғы танысындай көзге ыстық басылады. Абзал аналар бейнелері қалай-қалай мүсінделеді десеңізші . . . Туған жердің топырағын тұмар ғып тігіп жатқан бөз қалтадан «Сөнбейді, әже, шырағыңа»! дейінгі бедерлі бейнесімен, іс-әрекетімен, мейірбандығымен есте қалатын кейуаналар жанында қандай қымбат. Бұлардың бәрі ақын үшін жай көненің көзі емес, қадір-қасиеттің кеніші, өнегелік-руханилықтың қайнары. Халық даналығының сипаты, жарқын жастығының жалғасы, жанының қаһарман-дығы мен сұлулығының алтын сандығы іспеттес.
М. Мақатаев үлкен азаматтық категориялармен ойлайтын ақын. Жанына жауһардай жиған биік адам танымын ұлғайтып, ол, жеке тағдыр, жеке тұлға арқылы сатылап, ел, жұрт, халық деген ұлы ұғымға көтеріледі. «Не сыйлайды, не береді, келер күн?! Не де болса тірі болсам көрермін. Желідегі құлынымын мен елдің, көгендегі қозысымын мен елдіи. Не сыйласын, несін берсін ел маған?! Тұрсақ екен елім де аман, мен де аман». «Күйінішін халқымның, сүйінішін ез үніммен жырласам деген едім», «Жақсы сезім - жаны игі халқым үшін. Атақ куып, бақ қуып, даңқ қуып, Біреулерден жүргем жоқ арту үшін», «Сәби - халқым, сарыла сыр ақтарам, жалған ой, жасырын күй жырақ маған. Сенің үнің мендегі, сенің шынын, сенін ойың санамда турақтаған», «ең бірінші - бақытым - халқым менін, соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, қымбатырақ алтыннан нарқым менің», «туған елім болса екен бақытты» . . . Күптігей ақын көңілі өстіп ой толқындарын кешіп, жүрегі осылай лүпілдейді. Ол ең алдымен халкының ары мен инабатын, ақиқаты мен тазалығын алға тартты. Соны айтып, езі де жырымыздың ары мен ақиқатына айналды.
Біз Мақатаев өнер-өмірбаянын ілкіалды сөз еткенде, оның бір кезеніне соқпай кете алмайтынымыз кәдік. Ол - ақынның Мәскеуде болған аз мерзімі. Мұқағали Тверь бульвары, 25 - үйге (М. Горький атындағы әдебиет институты) барып жүріп, кеудесіне көп нұр құйып, жадына көп тоқыды. Шабытының шаңқай түсіне тап болған ол « Түсіме тау кіреді », «Сынық канат шағалам», «Жүрегім менің - жанартау », « Сағындым ғой », «Пушкинмен қоштасу», «Есенин - Маяковский » тағы басқа да өрнекті де, көрнекті өлеңдерін жазды. Соларға ұласа Алматыға қайтып оралған соң, бірнеше толғау мен поэма, жырлар туды. Мұқағалидың мақамды лирикасы азды-көпті сөз болып жүргенмен, эпикалық туындылары қазақ поэзиясы сыны үшін әлі зерттелмей жаткан тың. Табиғат талак, еткен жанның трагедиясына құрылған «Аққулар ұйықтағанда » мен өмір сүргіштік рухтың өрнегіндей «Өмірдастан » поэмалары, тарихи сезім мен бүгінгі таным ұштасқан « Шолпан » мен от жүректің одасындай « Отаным, саған айтам !» толғаулары жеке-жеке пікір пайымдатып, арнайы қадалып, сөз айтуды керек етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz