Абзал Бөкеннің лирикасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Е. А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
АБЫЛБАЕВА Б. Б.
АБЗАЛ БӨКЕННІҢ ЛИРИКАСЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы: 0212 - «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті»
Қарағанды-2002 ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Е. А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Филология факультеті
Қазақ тіл білімі кафедрасы
Қорғауға жіберілді
кафедра меңгерушісі
ф. ғ. д. М. Х. Хамзин
«» 2002 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
АБЗАЛ БӨКЕННІҢ ЛИРИКАСЫ
Мамандығы: 0212 - «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті»
Ғылыми жетекші: филология ғылымдарының кандидаты, доцент Смағұлов Ж. Қ.
Дипломшы: Абылбаева Б. Б.
Қарағанды-2002 ж.
ЖОСПАР
СӨз басы 4-7
І - ТАРАУ
А. БӨкеннің лирикасы 8-32
а) Адамгершілік лирикасы
ә) Табиғат лирикасы
б) Махаббат лирикасы
ІІ - ТАРАУ
А. БӨкен лирикасындағы кӨркемдегіш
амалдардың қолданылуы 33-44
СӨз соңы 45-48
Пайдаланған Әдебиеттер 49-50
СӨЗ БАСЫ
Көркем әдебиет, оның ішінде поэзия - өнер дүниесі. Ал бұл дүние әсемдік, үйлесімдік, көркемдік деген сипаттармен өнер аталады. Сондықтан да «өнер» деген жерде «көркем» деген анықтама сөз қоса жүреді. Көркемдік - кең ұғым. Әсіресе, поэзия әлеміне келгенде, ол тек «сыртқы сұлулықтан» көрінуі емес, яғни өлең қызыл сөздің жиынтығы емес, ең алдымен, мазмұн мен түрдің сәйкестенуі, ақынның білдірмек ойына оны беретін тілінің сай келуі. /1/
Қазір проза да, поэзия да кесек бейнелер арқылы, үлкен ұғымдар арқылы толғайды. Әрине, бұл уақыттың заңдылығы. Қазіргі дүние диалектикасын ірі, кесек құбылыстар арқылы бағдарламасқа шара жоқ, өйткені адамның жан дүнисіндегі күйкентайдай құс үні алысқа жетпеуі мүмкін. Бейнелеу құралдары мен толғау тәсілдерінде түрлі-түсті түрлеулер қаншама мол болғанымен, ақындық, ақындық мұрат жөнінде сөз басқа.
Асыл поэзия мұраты біреу-ақ: ол - адамның рухын биіктету. Адамның рухын күнделікті күйкі тірліктің шаң-тозаңынан аршып алып, еңсесін көтеру. Күнделікті тұрмыстың қауырт қарбаласы қалай да адамды титықтатады, қалжыратады. Сондайда құлшындыратын, алға асықтыратын, рухын көтеретін - поэзия. /2/
Тірліктің поэзиясы.
Күнделікті тіршіліктің, құбылыстардың үйлесімін, сұлу саздарын танып-талғай білу, поэзия көрігінде қорыту - ақынның талант-қабілетінің таразысы.
Ақын - жан-дүние жыршысы. Адам белгілі тарихи кезеннің баламасы десек, поэзия сол адамның жан дүниесінің қаншалықты нәзіктігін, толысқандығын толық жеткізеді.
Жыр - тағдыр - ел тарихы, ел тынысы . . .
Қазір де поэзияда осы заңдылық айқынырақ көріне бастады. Поэзия жанрында әр жол сайын, әр шумақ, тармақ сайын жаңалық ашу - жаңа образдар тудыру, соны сөз өрнектерін өрбіту . . . Поэзия тілі - сиқырлы тіл. Поэзия үшін үрдіс жаңалық, үнемі соны сүрлеу, қиын асу - образдылық сөздің жаңа сыңғыры, метафораның жаңалығы ойға да, өлеңге де әл-қуат. Соны образ, өзіндік бітімі бөлек метафора ақынды қанаттырады, шабыттандырады, оқырман талғамын таң арайындай сергітеді. Ақындық ерекшелік те, даралық та, өзіндік дүниетаным да сондай өзіндік қасиеті күшті, дара қолтаңбадан, детальдардан-ақ танылады.
Жалпы, қазіргі қазақ поэзиясының тақырыптық, көркемдік проблемасы өте көп.
Поэзияның алтын арқауы - құнарлы балама, өрнекті қауыздан өнген дәндер. Хабарлама өлең тек өлеңшінің ермегі. Ал, поэзиядағы шыншылдықтың, шынайылықтың өлшемі - ақынның әр детальды, әр штрихты шынайы сезінуі, сананың да, жүректің де айнымас асыл қуатымен күш-құдірет құюы. Сезім мен ой кестесі сәт сайын сан түрге еніп, сағымдай сәуле құбылтып, салтанатты сазға оранған асыл тас десек, поэзия дәл соның өзі. Сезім мен ойдың әр сәттегі, әр секундтағы көз қарыған жасын-жарығын жасытпай қолға ұстату! . . .
Өлең - өнердің өз заңдылығы бар, яғни өлең - барынша күрделі тоқылған, әсем өрілген, сан алуан құбылыстарымен тамырласып тұтасқан, көркемдік құпиясы аса мол өнер. Өлең құрлысының әңгіме етер жібек арқауы, алтын өзегі сөз десек артық емес. Өйткені, сөз мәдениетінде, оның қазынасында адамзат баласының сан ғасырлар бойы жинап-терген даналығы мен данышпандығы, ойлылығы мен сезімталдығы, өмірлік тәжірибесі мен тарихы, ұғым-түсінігі мен көркем шындығы жатыр. Заман көші ілгері озған сайын үнемі дамып, үздіксіз өсіп, үзіліссіз жетіліп, жалындай маздап кемелденген, түрленген сөздің барша қуат-құдіретін сарқа пайдаланған сөз ұстасы оның қандай нұсқа-үлгісін болса да шешен сөйлетіп, шебер ұйымдастырып, тыныс-демін байытып, жан дүниеңді, сезім әлеміңді сілкіндіріп, толқытып толғандырады. Ақын сөздің мағыналық өрнегін, шырын-мәйегін, қоғамдық мәнін, өмірлік мазмұнын, көркемдік бояуын, әуендік келісімі сияқты сипаттаудың селбесуін есепке алуы керек. Өлең сөздің өрттей ыстық жалыны осыншалықты қасиеттердің бірлесуінен пайда болса, оның көркемдік мазмұны да ерекше үйлесу арқылы жүзеге асады.
Өлең образ, теңеу, әсем тіркестерді тізбектеп, көрмедегідей тамашалау үшін жазылмаған, керісінше, соның бәрі өмірді, тағдырды, тіршілік диалектикасын жеткізуге бағындырылған өзегі өмір өлең - өмірлі өлең.
Қазақ жырының көкжиегін кеңейтіп, аспанын биіктететін өлеңдер де солар. Қалай десек те, өмірдің жан-өзегінен туған өлеңнің эстетикалық тұғыры бөлек. Сезім де, махаббат та, тартыс та - өмірдің алақанында талпынған сәби.
Поэзия тазалықты, жанға жақын шынайлықты, санаға сіңерлік табиғи зергерлікті, сезіммен, жан-жүйемен сезінерлік нәзік те киелі сезім-сырларды аңсау, адамның асқақ та жұмбақ, қырлы да сырлы табиғатын тану. Сол арқылы өзіңді өзің тану. Әрине, творчествосы өзінше бір әлемге айналған ақындарымыз да, әдеби процесте өзіндік орны бар туындыларымыз да көпке мәлім. Ал солардың кез-келгені өз оқырманын тапты ма?!
Оқырман - ақын. Өлеңнің оқылуы. Оқылмайтын өлең де, оқырман санасына қозғау салмайтын өлең де өмір жоқ . . . Жырлардың ерекшелігі - тіршілік, тагдырдың өз бойындағы поэзия нәрлерін сезініп жырлап, сол арқылы оқырман - ақын арасында алтын көпір орнатады. Мұқағали Мақатаев жырларының дара бітімі сол оқырманды тікелей сұбатқа шақырумен туады. Олжас Сүлейменов болса, жалпы адамзатқа ортақ азаматтық, адамгершілік пафосқа ден қояды. /3/ Ал осы дипломдық жұмысқа арқау болып отырған ақын Абзал Бөкеннің өлеңдері өз оқырманына жоғарыда айтылып кеткен поэзия еркшеліктерімен әсерлі.
Қай ақынның болсын өлең өнерінде азды-көпті үлесі бар. Поэзияға келген әрбір жас талапкер секілді Абзал да қазақ әдебиетіндегі бар үлгіні, бар дәстүрді, көркемдеу құралдарының бар түрлерін пайдаланған. Өмірде, өнерде өлмес, өшпес із қалдыру оңай жүк емес. Өз жолын, өз стилін тауып, шығар биігіне әбден орнықпайынша ақында тыншу, тыным болмақ емес. Осы мақсатта лирик-ақын Абзал Бөкеннің поэзиясының қыр, сырын, маңызын, мән мағынасын ашу мақсатында жазылған дипломдық жұмыс төмендегідей жоспар бойынша өрбімек:
а) А. Бөкеннің лирикасы, алатын орны;
ә) А. Бөкеннің лирикасының тақырыптары;
б) А. Бөкеннің көркемдегіш амалдарды қолдануы.
Ақын жайында еш жерде ешбір деректің болмауына байланысты, тек қолда бар өз туындысы «Шың мен шыңырау» жыр жинағының көмегімен ғана жұмыс жазылып отыр.
І - ТАРАУ
А. БӨКЕННІҢ ЛИРИКАСЫ
«Өзгеге көңілім тоярсың,
Өлеңді қайтып қоярсың!»
Абай
Біздің өлең орманымызда бәйтеректерге қарап бой түзеген нелер әсем шынарлар бары даусыз.
Кейінгі кезеңдерде жұртшылыққа танылған бір топ ақындардың қатарында өз әуенімен, өз жырының гүлімен ерекше көрінген ақындардың бірі - Абзал Бөкен.
«Өзеге көңілім тоярсың, өлеңді қайтып қоярсың!» - деп ұлы Абай айтқандай, қоғамдық бетбұрыстың қандай қилы кезеңінде де халық арасындағы хас дарындар үнсіз жатпаған ғой. Бас-аяғы шағын мерзім аралығында өмір мен сана қаншама өзгерістерге ұшырады: кешегі Кеңестер Одағы деп аталатын қызыл империя күйреп, Қазақ елі де ата-бабаларымыз ғасырлар бойы көксеген еркіндікке қол жеткізіп, тәуелсіз шаңырағының үстінде көкбайрақ желбірей көтерілді . . . Жетпіс жыл бойы жалған шабытпен мадақ жарапазанын сайрап төселген үлкенді-кішілі ақындарымыз абдырап қалғаны рас: бірқатары баяғы коммунистік идеологияға үйреніп кеткен дағдысынша ет қызуы мен бөркін аспанға атып, құдды бір қой үстіне бозторғай жұмыртқалағандай, екі сөзінің бірін «егемендік алдық» деп бастап, ел басқарған бастықтарды марапаттаудан жалығар емес. Ал енді бір мол шоғыр жас толқыннан тарихтан белгілі «зар заман» ақындарының сарыны естілгендей. Алайда, осының бәрі іздену, жаңа өнер табу, өр табу мұратындағы заңды құбылыс деп қарастырылса да, тек қана одақшылықпен немесе тек қана күйзеліс әуенімен ұлттық поэзиямыздың көсегесі көгермейтіні түсінікті. Бұл жерде айтылар ой, ол біреуге ақ бояу, біреуге қара бояу жағу емес, таланттың қарым-қабілетіне келіп тірелсе керек. Сыртқы түрі өлең сияқты көрінгенімен, ішкі дүниесі құр жалаң ұйқасқа құрылған жайдақ қара сөзден болып жүрген лириканы әлі де кездестіруге болады. Ал жас та болса қаламын өткір ұштаған лирик ақын - Абзал Бөкеннің шығармашылық сілтесінен Тайбұрылдық рух, кескекті мінез танылады. Ақынның өлеңдерінен қаламгерлік мәнері қалыптасқан, өлең өлкесіне арынды ақ бұлақ болып келіп, аруақты поэзия теңізіне қарай анық сеніммен арна тартқан арқалы толқын екенін көруге болады. Сонымен бірге ақын шығармасында алдыңғы лекте өткен Мұқағали, Жұматай, Сағи ағаларының саздары жаңаша сәнмен жаңғыра, әсем жалғастық тауып отырғанын атап айту бір мәртебе!
Құр ұйқасқа құрылған мақалалық мақамдар қаптап кеткен қазіргі кезеңде - нағыз поэзияға қырық қайнаса сорпасы қосылмайтын арзан науқандық мүшайралар, қарабайыр ақындар айтысы, газеттердің күнкөріс үшін «өлеңмен» жазылған құттықтауларды жарыса жариялауы шынайы өнер туындысына шын зиянын тигізіп, қауымның әдеби талғамына қыруар нұсқан келтіре бастаған шақта өзің оқып отырған ақын шумақтарының қадып-қасиеті айрықша арта түседі.
Тоқсаныншы жылдары өлеңге келген өнімді топтың басында Абзал Бөкен тұр десек, бұл да ақиқатты бұрмалағандық болмайды. Өйткені Абзал шығармашылығында шынайы талантқа тән бітім-болмыстың бәрі де бар: ой да, образ да, ішкі саздылық та, түрлік сан алуандылық та.
Қай ақынның болса да өмірбаяны - өлеңінде. Ақын ғұмырының бөлінбес бөлшектері, тағдырының кейбір сәттерінің, қайталанбас кезендерінің көріністері оның жырларынан, сөз жоқ, өз орнын табады. Сонымен бірге, сол шығармалардан ақынның қандай ауамен тыныстап, қандай нұрға шомылып, қай дарияда жүзіп, қай аспанда самғап жүргенін де байқап - бағамдауға болады. Тіпті, өзі туралы жазбаса да, сол туындыларда оның жан дүниесі мен ой өрісі, жүрек соғысы мен қан айналысы жататындығы ақиқат.
Ал біз сөз еткелі отырған лирик ақын, жас ақын Абзал Бөкен туралы ешбір жерде еш дерек, еш мақала басылмаған (менің ізденуім бойынша), тек менің қолыма түскені өзінің қаламынан туындаған, қазіргі кезде жарық көрген кітабы «Шың мен шыңырау». Әйтесе де осы жыр кітабын қолына алып оқыған адам, оның кім екенін, қандай ақын екенін пайымдай алады деп айтуға әбден болады.
Әр жылдарда жазылған өлеңдер өз иесінің бүкіл ғұмыр жолын күнбе-күн, бастан-аяқ, егжей-тегжейлі, тұтасымен көрсете алмауы мүмкін, дегенмен, «теңіздің дәмі - тамшысынан» дегендей, олардың өзегіне зер сала білген оқырман тағдырдың талма тұстарынан, бастан кешуінен хабар беретін жеке жолдар мен шумақтардағы астарлы меңзеумен ишарат арқылы-ақ сөз иесінің шығармашылық бейнесін тастан қашап шығарған мүсіндей етіп құрастырып ала алады. Сондықтан ақын өмір сүрген ғұмырдың белгілі бір дәрежеде өлеңі де сүреді.
Дарынды ақын Абзал Бөкеннің бүкіл ғаламның қам-мұңын өз жүрегімен қабылдап, адамзат азабын арқалауға ұмтылысында өзінше бір ерекшелік бар.
. . . Алаңдатып -
Ақиық жыр аспаны
Құзғынға да құшағын бір ашқаны.
Алаңдатып
Ақылдың - аярлыққа,
Кемелдіктің қулыққа ұласқаны.
(Қалайша аламын дем?)
Қуған арман құлшынып бала күннен,
Алаңдатып мың тірлік,
Амал қанша
Біріне де үлгермей барамын мен.
(Алаңдатып) /4/
Оның өлеңдерінде адамгершілік рухының бүкіл әлемдегі ту ұстар жыршыларымен үндестік сезіледі. Өркениет заманының өрелі ақынына тән жан-жақты терең білім, үлкен эрудиция, әлем тағдыры - өз тағдырым деп қарайтын кең құлаш, адам баласына деген бауырмалдық, басқаның мұңын бөлісуге бейім ақжарма пейіл ақынның шығармашылығының түпқазығына айналғандығын көре аламыз.
Лирик ақын өз өлеңдерінде жеке адамға тән, бүкіл адамзатқа ортақ проблемаларды қозғаумен келеді. Өмір мен өлім, жақсылық пен зұлымдық, махаббат пен жек көру, соғыс пен бейбітшілік, бүкіл ғалам мен адамзат тағдыры, жаратылыс пен жан-дүние экологиясы сияқты мәңгілік тақырыптарға батыл барып, өз сөзін айтуға талпынады. Оған әрине, оның ақындық қарымы, білігімен білімі жететіндігінде сөз жоқ.
Нені көрсе де құс биігінен көретін ақын:
. . . Саған да мен қарыздармын аспан-ау,
Саған да мен қарыздамын тастар-ау.
Саған да мен
Саған да мен
Саған да . . .
Қарыздар ем,
Соны ұмытсам масқара-ау!
Керек кімге түйіні жоқ дөкей дау,
Керек бізге көптің қамын жете ойлау.
Адам тегі, адам тегі
Парызын
Қарыздар боп жүріп қана өтейді-ау!
деп толғанады.
Жыр дегеннің өзі аңсаудан, армандаудан, адалдықтан, сүйіспеншіліктен, қызығу мен құштарланудан туады ғой. Ақын арманы - халқының адал азаматы болу; сол халықтың жанын қозғап, жүрегін тербер сөз жазу. «Шың мен шыңырау» ақынның сондай арманының үміті мен сенімінің бір белгісіндей. Абзал өлеңдерінде баладан үлкенге дейін қызықтырып оқырлық, тыңдарлық бір өзгеше жылылық бар. Өйткені, бұларда өмірдің өзі сөйлейді, өмір сырлары шертіледі.
Көп нәрсе бар көңіл атты көмбеде,
Жас болсам да
Ұмытайын мен неге?
Деп тілейтін ертелі-кеш қарт әжем:
«О, тәңірім, пенде қылма пендеңе».
Білер дей ме ойлы жандар парықты,
Осы сөздер жиі айтатын жарықтық.
Мағынасын ұқпасам да,
Сарыны
Өшпестей боп көкейімде қалыпты.
(Әже тілеуі) . /5/
Бүкіл ниеті, бүкіл қызметі, бүкіл болмысы дүниеге ұрпақ әкелу, оны өсіру, тәрбиелеу ғана емес, сол ұрпақтың келешек қамын ойлап қамығу, «пенде қылма пендеңе», - дегені «етпе ешкімге тәуелді» екендігін ескерте отырып, ананың алақандай арқасында асқарларға көтерер құдірет барын сезінуі көрініп тұр емес пе?!
Абзалдың осы тәріздес аяулы, асыл аналар туралы жырлары бар. Олар «Әже тілеуі», «Ана сөзі», «Ана бақыты» және т. б.
Ана, Отан-Ана, Жер-Ана ақын өлеңдерінде өмірдің тұтқасындай тұтасып, тұлғаланып көрінеді. Ақын айтқандай тіршілік бастауы да, өмірдің өрен күші де, - бәрі де Анадан, Жер-Анадан басталады. Ана тек жақсылықты ғана тілейді.
Ұлым менің, қашанда жайдары бол,
Жарқылдаған жақсының айдары бол.
Адал бол да
Арлы бол
Болдырмаса
Ақиқаттың жолында айдалып өл.
Ұлым менің, ұл болсаң кесегі бол,
Кесек бол деп кетіпті кешегілер.
Арамзаның болғанша арғымағы,
Шаруаның шаң басқан есегі бол.
Ұлым менің, тартынып табандамай,
Ұмтыл алға, адам бол алаңдамай,
Сенің жақсы болғаның - маған мерей,
Сен жаңылсаң - тимес ол маған да оңай.
Ұлым менің, қаңсырап Далаң кеше
есін жиған . . . Қастерле, шамаң келсе.
Мені Ана деп сыйлаған мынау Елің,
Арманым не, сені де балам десе.
(Ана сөзі) /6/
Өлеңде сүлулық пен сыршылдық, өршілдік пен тапқырлық, парасат пен мәнділік үндесе толқындап тұруға тиіс. Поэзияның басты қасиетін сипаттайтын метафора, әсірлеу, бейнелеу жоқ жерде ақынның өлеңі де өлі сөзбен тең. Өткен-кеткенді айтып, домбыраны қанша дыңғырлатса да - одан шын поэзия шықпайды. Ал Абзал міңгірлемейді, асқақ тебіренеді.
Құлагерді аямай айбалтамен өлтірген,
Не дерсің бұл қазаққа?
Батырашты сол үшін тәубәсіне келтірген,
Не дерсің бұл қазаққа?, - деп ақын қапалана отырып, сұраққа жауап іздесе, әрі қарай өз сұрағына жауап тапқандай болады. Сөйтіп ақын Құлагердің өлімін -тағдырдың қаталдығы деп, былайша толғанады .
Құм тістеген аузымен жүйрік еді,
Құйма тұяқ қыр төсін түйгіледі.
Күндік жерден келеді жеке дара
Кім біледі,
Әлдене килігеді.
Шапқанына бергісіз желгені де,
Желқұйынды жөнелтпек көрге, міне,
Ай тұяқты тұлпардың ақ өлімі
Айбалтадан шынымен келгені ме?!
Иә, келді! . . .
Тұлпардың тайды бағы,
(Тағдыр неткен табансыз, айнылмалы) .
Абайсызда жарқ етіп,
Құлагердің
Маңдайына аспаннан «Ай» құлады . . .
(Құлагер қазасы) /7/
Бұл өрен сөздерден жыр кемеңгері Ілияс Жансүгіровтің асқақ әуендерін естігендей боласың.
Қалың ойға қамалдым қайдан тағы,
Қаза берсең көңілге қайғы артады.
Құлагерді құлаған жерден таптым.
Таба алмадым құлатқан айбалтаны . . .
Сол мені ойлантады. /8/
Бұл үзілген үн, немесе көлеңкеде қалу емес, керісінше Ілиястың жалғасы, дарынды ақынның ерен жыры бар.
Абзал - лирик ақын. Адам жанының, табиғат жүрегінің жыршысы. Абзалдың творчествосының үлкен саласы деп айтуға келетіні - поэмалары.
Поэзияның романтикасын, өршілдігін көбінесе жырланатын оқиға, көрініс күйлері көтеретіндігі де рас. Ал ақын, яғни тапқыр ақын, әр көріністі қиялмен, ой көзімен барлап, тың теңеу, әсерлі бейнелер табуға тиісті. Бұл ретте Абзал Бөкеннің жыр кітабы «Шың мен шыңырау», - дан тапқырлықты айқын көруге болады. Ақынның өлеңдер жинағынан басталатын бұл кітабының екінші бөлімі «Қылқапқан», «Семейге үн қос, Невада!», «У», «Арманың бар ма, Адамдар?», «Аққайың», «Молшылық», «Сейткүл», «Шопандар тойы», «Шарапат» атты поэмалардан тұрады. Қай поэмасын оқысаң да ақынның зеректігін, көрегендігін, оқиғаның шындығын, оқиғаны өз көргеніңдей әсем суреттелетінін көресің. Алғашқы поэмасы «Қылқапқан» - аңыз-дастан ретінде жазылған .
Екі қылыш қан төгіскен кез еді,
Екі ұлыс сан тебіскен кез еді,
Теңдік үшін тартыс еді
Немесе
Теңдік үшін соғысудың өзі еді.
Қазір ол күн ұрпақ үшін ертегі,
Тарих қана зарлы күйін шертеді,
Қып-қызыл қан қып-қызыл бір өрт еді,
Қысқасы, бұл уақыттың дерті еді, - деп
(Қылқапқан) /9/
басталатын поэма, қазақ пен қалмақ батырларының кездесуіндегі тек батырлық, ерлік қана сөз етілмей, және сонымен бірге тек күш сынасу ғана емес екенін ақын былай деп жырлайды:
. . . Жекпе- жегі ғана емес бұл, қос Ердің,
Жекпе-жегі Тыныштық пен Соғыстың . . .
Сол кездегі екі елдің қан төгіскен кезінде батырлардың қан төгіспей бітімге келуі поэма соңында :
Қазір бұлар бірі іні, бірі аға,
Туыс ьолды. Татулығын сұрама.
Қылау түсер қиянат жоқ бұрынғы
Достық атты тұнып аққан тұмаға.
Келмесіңе кеткен солай ескі күн,
Қылыш емес, қауышады төс бүгін.
Жаса менің жарқын халқым
Ұйытқан
Жүздеген жұрт өкілінің достығын! - /10/
деп аяқталған.
Адамзат адамзат аталғаны бері оған бір елі ажырамас баянды серік болып келе жатса да, сырын түгел адыра қоймаған бір жұмбақ дүние - өлең.
Өлең деп әншейін жылтырақ сурет, қисынды сөз, лепірме көңіл емес, алаң жүректің ең ділгәр дертіне шипа болардай тұңғиық тұнық сезімнен өрбіген тылсым сыр ғана аталса қажет-ті.
Әдебиет, оның ішінде жыр жәрмеңкесі сылдыраған ұйқас пен жалпақ жұрт жаппай білетін жаттанды қисындардан қашан да кенделік көрмепті. Қазір де кенде емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz