Ас қорыту мүшелері және олардың қызметін зерттеу әдістері



1. Ас қорытудың маңызы.
2. Ас қорыту мүшелерінін қызметін зерттеу әдістері.
3. Ауыз қуысындағы ас қорыту, оның маңызы.
4. Өңеш.
5 Қарында астың қорытылуы және оның жас ерекшеліктері
6. Ішектегі ас қорыту.
7. Ас қорытудың реттелуі.
8. Қарын бездерінің кызметінің реттелуі
9. Ішек.қарынның қозғалысы (моторикасы).
10. Ішектегі ас қорытудың реттелуі
Ас қорытудың маңызы. Адам өз тіршілігіне қажетті қоректік затгарды тамақтану арқылы алады. Желінген тамақ сол күйінде бойға сіңбейді. Сондықтан ол ас қорыту мүшелерінде қорытылып, ыдырап, соның нөтижесінде пайда болған заттардан организм өзіне тән бейімделген заттарды қүрады.
Астың құрамындағы заттар бірнеше сағаттың ішінде бөлшектеніп, қорытылып, ыдырауы тиіс. Тамақтың құрамы (нан, ет, ірімшік, кәртөп, сүт, қияр, қызамық, жұмыртқа, алма, өрік т. б.) адам денесіндегі ұлпалардың заттарына мүлде ұқсамайтындықтан, олар қорытылып, дененің ұлпаларын жасауға қажетті қарапайым заттарға бөлінеді. Мұндай бөліну адам денесінде ерекше жүйе құратын - ас қорыту мүшелерінде болады. Асты қорыту "конвейер негізінде" жүреді: ас қорыту жолдарының әр бөлігінде жеген тамақтың біразы ғана қорытылады. Мысалы: Автомобиль зауытында үнемі жылжып тұратын конвейер лентасының әр жерінде отырған жүмысшылар өзіне жүктелген бір ғана жүмысты істейді, айталық, жылжып келген рамаға автомобильдің кабинасын, кезектегі келесі жүмысшылар мәшиненің рулін қондырады т. с. с. Міндеттері өртүрлі қаз қатар отырған жұмысшылардың алдында баяу ғана жылжып отырып конвейерден бір кезде толық автомобиль шығады.
Сол сияқты жеген тамақ та ауыз қуысынан тік ішекке дейін апарылады. Ас ауыз қуысында, одан соң асқазанда, содан кейін он екі елі ішекте, ащы ішекте біртіндеп қорытыла жөне сіңіп, ақырында қажетсіз қалдық заттары тік ішек арқылы сыртқа айдалады. Жеген тамақ белгілі бір жылдамдықпен ас қорыту мүшелерінің қабырғасындағы еттердің жиырылуына байланысты бір бағытта жылжиды. Егер ас қорыту жолының қозғалысы жылдам болса, онда жеген ас толық қорытылып үлгермейді. Ал, керісінше, баяу қозғалатын болса, ас қоймалжыңы бір жерде тұрып қалып, ас қорыту бүзылады. Ас қорыту мүшелерінің қозғалысын жүйке жүйесі реттейді.
Бұл химиялық "конвейерде" асты қорыту ерекше заттар - ферменттер - арқылы іске асады. Ас қорыту мүшелерінің бәрі дұрыс болғанымен, ферментсіз ас қорыту жүйесінде тамақ қорытылмайды, нәтижесінде ас қоймалжыңы бірнеше сағат бір орында жатып қалады да шіріп, улы
заттарды, газды бөледі. Адамның іші "кеуіп" мазасы кетеді. Әрбір фермент тек езіне тән жүмысты ғана орындайды, бір ферментті екіншісімен алмастыруға болмайды. Әрине, жоғарыда келтірілген зауыт конвейерінің мысалы тек сырт көрініске ғана үқсас, шын мөнінде ас қорыту ете күрделі
қызмет. Дегенмен ас қорыту жүйесін зауыттың конвейерімен бейнелеп сипаттау күллі ас қорыту мүшелерінің біртүтас, бір-біріне байланысты қызметін толық елестетуге мүмкіндік береді.
1. А.Г. Хрипкова Возрастная физиология. М. 1978
2. Ю.А. Ермолаев Возрастная физиология. М. , 1985
3. Н.Н. Леонтьева, К.В. Маринова Анатомия и физиология детского организма, М., 1976
4. Дүйсенбин.Қ, З. Алиакбарова. «Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы» Алматы, 2003

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Ас қорыту мүшелері және олардың қызметін зерттеу әдістері

Ас қорытудың маңызы. Адам өз тіршілігіне қажетті қоректік затгарды
тамақтану арқылы алады. Желінген тамақ сол күйінде бойға сіңбейді.
Сондықтан ол ас қорыту мүшелерінде қорытылып, ыдырап, соның нөтижесінде
пайда болған заттардан организм өзіне тән бейімделген заттарды қүрады.
Астың құрамындағы заттар бірнеше сағаттың ішінде бөлшектеніп, қорытылып,
ыдырауы тиіс. Тамақтың құрамы (нан, ет, ірімшік, кәртөп, сүт, қияр,
қызамық, жұмыртқа, алма, өрік т. б.) адам денесіндегі ұлпалардың заттарына
мүлде ұқсамайтындықтан, олар қорытылып, дененің ұлпаларын жасауға қажетті
қарапайым заттарға бөлінеді. Мұндай бөліну адам денесінде ерекше жүйе
құратын - ас қорыту мүшелерінде болады. Асты қорыту "конвейер негізінде"
жүреді: ас қорыту жолдарының әр бөлігінде жеген тамақтың біразы ғана
қорытылады. Мысалы: Автомобиль зауытында үнемі жылжып тұратын конвейер
лентасының әр жерінде отырған жүмысшылар өзіне жүктелген бір ғана жүмысты
істейді, айталық, жылжып келген рамаға автомобильдің кабинасын, кезектегі
келесі жүмысшылар мәшиненің рулін қондырады т. с. с. Міндеттері өртүрлі қаз
қатар отырған жұмысшылардың алдында баяу ғана жылжып отырып конвейерден бір
кезде толық автомобиль шығады.
Сол сияқты жеген тамақ та ауыз қуысынан тік ішекке дейін апарылады. Ас
ауыз қуысында, одан соң асқазанда, содан кейін он екі елі ішекте, ащы
ішекте біртіндеп қорытыла жөне сіңіп, ақырында қажетсіз қалдық заттары тік
ішек арқылы сыртқа айдалады. Жеген тамақ белгілі бір жылдамдықпен ас қорыту
мүшелерінің қабырғасындағы еттердің жиырылуына байланысты бір бағытта
жылжиды. Егер ас қорыту жолының қозғалысы жылдам болса, онда жеген ас толық
қорытылып үлгермейді. Ал, керісінше, баяу қозғалатын болса, ас қоймалжыңы
бір жерде тұрып қалып, ас қорыту бүзылады. Ас қорыту мүшелерінің қозғалысын
жүйке жүйесі реттейді.
Бұл химиялық "конвейерде" асты қорыту ерекше заттар - ферменттер -
арқылы іске асады. Ас қорыту мүшелерінің бәрі дұрыс болғанымен, ферментсіз
ас қорыту жүйесінде тамақ қорытылмайды, нәтижесінде ас қоймалжыңы бірнеше
сағат бір орында жатып қалады да шіріп, улы
заттарды, газды бөледі. Адамның іші "кеуіп" мазасы кетеді. Әрбір фермент
тек езіне тән жүмысты ғана орындайды, бір ферментті екіншісімен алмастыруға
болмайды. Әрине, жоғарыда келтірілген зауыт конвейерінің мысалы тек сырт
көрініске ғана үқсас, шын мөнінде ас қорыту ете күрделі
қызмет. Дегенмен ас қорыту жүйесін зауыттың конвейерімен бейнелеп
сипаттау күллі ас қорыту мүшелерінің біртүтас, бір-біріне байланысты
қызметін толық елестетуге мүмкіндік береді.
Белок таза күйінде жүмыртқаның ақ уызында болады, ай - өсімдік жөне
жануарлар майы мен сары май, ал көмірсу — крахмал мен қант түрінде
кездеседі. Егер бір кесек етті алып зерттесек, оның қүрамында көп мөлшерде
белок, аздаған май мен көмірсу болады. Ал кәртөпті зерттесек, керісінше,
онда көмірсу көп болып, белок пен май аз болады. Қазіргі кезде барлық
тамақтың қүрамындағы белоктар, майлар мен көмірсу, витаминдері мен түздары
толық зерттелген. Тіпті дайын тағамдардың да мүндай керсеткіштері белгілі.
Тамақтың қүрамындағы белоктар, майлар мен көмірсу- өте күрделі заттар.
Олар ас қорыту жүйесінің мүшелерінде
қорытылып, организмнің өсуіне, жұмыс істеуіне қажетті
материал ретінде пайдаланылады.
Тамақтың құрамындағы заттардың физикалық және ашиялық қорытылуының
нәтижесінде олар жай және еритін заттарға айналады да, ас қорыту
мүшелерінің обырғасы арқылы қанға сіңіп, қанмен күллі клеткаларға тасылады.
Организмде түрлі ас қорыту сөлдерінің катысуымен белоктар амин
қышқылдарына, майлар -глицерин мен май қышқылдарына, ал күрделі көмірсулер
жай қанттарға (глюкоза жөне басқалар) ыдырайды. Мүндай химиялық өзгерістер
ас қорыту сөлдерінің күрамындағы ферменттердің әсерінен болады. Фермент-тер
— адам организмнің өзінде түзілетін биологиялық катализаторлар. Олар ете
белсенді белоктардан түратын ерекше заттар. Олардың әрқайсысы белгілі бір
арнайы касиетгі заттарға, заттар тобына, молекуладағы химиялық оайланысқа
ғана өсер етеді. Ферменттердің өсерінен сінбейтін, ерімейтін күрделі затгар
еритін, оңай сіңетін жай заттарға айналады.
Ас қорыту жүйесінің мүшелеріне ауыз қуысы, үш жүп сілекей бездері,
жүтқыншақ, өңеш, ас қазаны (қарын), ащы ішек пен тоқ ішек, бауыр мен үйқы
(қарын асты) бездері жатады.
Ас қорыту мүшелерінін қызметін зерттеу әдістері. Ас қорыту мүшелерінің
қызметтерін орыс физиологы И. П. Павлов мұқият зерттелек Арнайы фистулалық
әдісті қолданып И. П. Павлов ас қорыту мүшелерінің негізгі тетіктерін
анықтап, осы кезге дейін маңызын жоймағак қүнды меліметтер алды, ал ғалым
1904 жылы дуниежүзілік Нобель сыйлығымен марапатталды. И. П. Павлов пен
оның шәкірттері жануарлардың ас қорыту мүшелеріне фистула деп аталатын
түтікше орнату арқылы ас жолындағы тамақтың барлық өзгерістерін зерттеді.
Бұл әдіс жануарлардың ғана ас қорыту тетіктерін көрсете алады, ал
адамдарға ондай фистулаларды түрлі сырқаттарға байланысты уақытша ғана
орнатады. Адамның ауыз қуысындағы сілекейдің құрамын зерттеу үшін арнайы
жабысқақ капсулаларды пайдаланады. Ең кең тарағаны Лешли-Красногорскийдің
капсуласы.
Қарын мен ішектерде астың қорытылуын зерттеуде ең көп қолданылатын
әдіс -зонд жутқызу. Арнайы жасалған түтікше-зонд арқылы ас қорыту жолының
мүшелерінің ішкі беткейін, ас қорыту сөлдеріның химиялық қалпын (жағдайын)
зерттеп, адамның ас қорыту жүйесіндегі сырқаттарды анықтайды. Сонымен бірге
ас қорыту мүшесін зерггеуде арнайы гастроскоп (грек. гастер, гастрос —
кдрын + скопия - қараймын) деген аспап арқылы қарынды зерттейтін
гастроскопия және радио байланысы арқылы түрлі физикалық жағдайларын
зерттейді. Сонымен қатар радиотелеметрия жөне ультра дыбыстармен зерттеу
(УЗИ) әдістері де қолданылады.

Ауыз қуысындағы ас қорыту, оның маңызы. Жеген тамақ ауыз қуысынан бастап
қорытылады, мүнда тамақтың дөмі, температурасы, басқа да қасиеттері
анықталады. Сұйық тамақ бірден жүтылады, ал қою тамақ шайналып үсақталады,
сілекеймен араласып ас қоймалжыңына айналады. Асты шайнау ас қорытудың
алғашқы кезеңі. Астың әрі қарай қорытылуы оның шайналу дөрежесіне сай
болады. Егер ас жеткіліксіз шайналса, онда оның қүрамындағы қоректік заттар
толық қорытылмайды, сіңуі де нашар болады. Кейбір мөліметтерге қарағанда,
шала шайналған астың 35-40% қорытылып үлгермей, организмнен сыртқа
айдалады. Сондықтан тамақты мүқият үзақ шайнайтын адамдарға азғантай тамақ
жеткілікті болады да, шала шайнайтын кісіге ондай мөлшер жеткіліксіз
болады. Тамақты шайнап, ұсату - ауыз қуысының негізгі қызметі. Шайнауға
қозғалмалы орналасқан теменгі жақ сүйегі мен қозғалмайтын үстіңгі жақ
сүйегінде орналасқан тістер, тіл және ұрт қатысады.
Тістер тамақты шайнап үсақтайды, тіл шайналған асты қозғалтып,
сілекеймен араластырады да, жұтқыншаққа қарай жылжытады.
Нәрестеде тіс болмайды. 4-6 айда баланың алғашқы уақытша, яғни сүт
тістері шыға бастайды да, 3 жаста 20 сүт тісі түгел шығады. Сүт тістер үсақ
және борпылдақ келеді. 5 жастан аса баланың сүт тістері біртіндеп түсіп,
орнына түрақты тістері шыға бастайды. Тұрақтылары 32 тіс, 28 тіс 15-16
жаста, ең соңғы 4 ақыл тісі 20-25 жаста шығады, кей адамдарда одан да кеш
шығуы мүмкін.
Ауыз қуысына үш жүп сілекей бездерінің өзектері ашылады: шықшыт,
жақасты және тіласты. Бұлардан басқа ауыз қуысының кілегей қабатында үсақ
бездер болады. Олар муцинге бай сілекей бөліп шығарады. Ересек адамда орта
есеппен тәулігіне 1-1,5 л сілекей бөлінеді. Сілекейдің құрамы мен мөлшері
астың құрамындағы заттарға байланысты. Сұйық тамаққа сілекей бөлінбейді.
Қою асқа, есіресе қүрғақ тамаққа шығатын сілекейдің қүрамында су көп
болады. Құрғақ және кою тамақ шайналып, сілекеймен шыланып, жүтуға ыңғайлы
ас қоймалжыңына айналады да, тілдің жөне үрт еттерінің қозғалысы арқылы
жұтылады. Ауыз қуысында механикалық әсерден басқа сілекейдің құрамындағы
ферменттердің қатысуымен қоректік заттар қорытыла бастайды. Сілекейдің
құрамында көмірсуын қорытатын ферменттер бар. Соңғы жылдардағы мәліметтер
бойынша, оның негізгі ферменті сілекей амилазасы крахмал мен гликогенді
ыдыратады, бірақ ауыз қуысында ас өте аз уақыт болады, сондықтан химиялық
өсер тамақты қорытуда онша маңызды емес. Дегенмен сілекейдің рН — реакциясы
сілтілі реакция болғандықтан, ас қоймалжыңының қарында біртіндеп
қорытылуына әсер етеді. Сілекейдің қүрамындағы м у ц и н н і ң маңызы
күшті, өйткені оның шүбаланып созылып жатқан белогы ас түйіршіктерін ауыз
қуысынан өңешке, одан қарынға өтуіне ыңғайлы етеді.
Сілекейдің қорғаныш қызметі де маңызды. Оның құрамындағы
л и з о ц и м ферменті аспен бірге енген зиянды микроорганизмдерді
(бактериялар, микробтар, вирустар) ерітеді немесе бірін-біріне жабыстырып
тірлігін жояды..
Себи туғаннан бастап сілекей бездері жұмыс істейді, білардың өндіретін
сілекейінің мөлшері алғашқы өте аз болады. 3 айдан аса сілекейдің мөлшері
бірақ бүл кезде баланың сілекейді жұту кабілеті індықтан сілекейі шұбырып,
өте көп өңдірілетін тудырады. Шын мәнінде оның айтарлықтай көбейетін
мезгілі 9 бен 12 айдажөне 9-11 жаста. Мектепке дейінгі балалардың
сілекейінің жалпы тәуліктік мөлшері 850-1000 мл шамасында болады.
Жаңа туған сәбидің шықшыт безінің салмағы 1,5-2 г, жақ асты безі 0,72-
1,00 г, тіласты безі 0,2-0,6 г. Бүл бездер 3 айлық балада шамамен 2 есе, 6
айда 3 есе, 1 жаста 3-4 есе, 2 жаста 5 есе өседі. 5 жастағы балалардың
сілекей бездерінің қүрылысы ересектерге ұқсайды, бірақ олардың өсуі 13-15
жасқа дейін жалғасады. Жаңа туған сәбидің сілекейіндегі амилаза мен лизоцим
ферменттері жоқтың қасы, өйткені ана сүтінің күрамында бүл ферменттер бар.
Амилаза ферментінің мөлшері 1 жаста ересек кісілердегідей болады. Сәбидің
сілекейінде аз шамада муцин, ал суы көп болады. Олар ауыз қуысының, тілдің
қүрғап қалмауын қамтамасыз етеді.
Жаңа туған сәбидің сілекейінің реакциясы айтарлықтай тұрақты: өлсіз-
сілтілі реакциядан сәл ғана қышқыл реакцияға дейін өзгереді, ал ересектерде
күні бойы рН 5,6-дан рН 8,3-ке дейін, яғни қышқылды реакциядан сілтілі
реакцияға дейін өзгеріп түрады.
Жануарлар мен аңдарда сілекей тек тамақ ауызына барғанда ғана бөліне
бастаса, адамда төулік бойы 1 минөтге 0,2 мл шамасывда бөлініп, тіл мен
ауыз қуысын суландырып түрады. Тамақ жегенде тамақтың құрамына, адамның
жасына, шайнау үзақтығына, төбетіне сай мелшер мен қүрамда сілекей
бездерінен ауыз қуысына шығады.
4 жастан 12 жасқа дейін ауыз қуысының кілегейлі қабаты саны жағынан да
сапасы жағынан да өзгереді. Бұл балалардың осы кездегі зат алмасуының
ерекшеліктеріне және қорғаныс тетіктерінің қалыптасуына байланысты болса
керек деген болжамдар бар. Бұл кезде кілегейлі қабаттағы түрлі клеткалар
үлкен езгеріске үшырайды.
Соңғы кезде сілекейдің қүрамында қанды үйытатын жөне қанның үюына кедергі
жасайтын түрлі ферменттердің бар екені анықталды. Бұл сілекейдің қорғаныш
қызметін күшейтеді. Ауыз қуысындағы кілегейлі қабаттың жаралануы күнделікті
жиі болып тұратын жағдай. Сондықтан оны тез арада қалпына келтіру, қанның
ағуын тоқтату, жараны асқындырмай мезгілінде қалпына келтіру өте маңызды.
Ауыз қуысының жарасы терідегі жарадан анағүрлым тез жазылатыны мөлім.
Сонымен қатар, сілекей ауыздағы тістер үшін ішкі орта болады. Қалыпты
жағдайда ол минерал түздарының тіс эмаліне өтуіне жағдай тудырады.
Сілекейдің қүрамының өзгеруі тістің бетінде түрлі тұздардың шөгуіне
мүмкіндік тудырады. Сонымен бірге сілекейдің құрамы ауруға байланысты
өзгереді. Мысалы, бүйрек ауруында, қарын жарасы кезінде сілекейдің қалдық
азоты көбейеді.
Жалпы алғанда сілекей бездерінің қызметі нөрестенің сүт тістері пайда
болған мерзімнен бастап (5-6 ай) белсенді болады. Алғашқы екі жылда сүт
тістері қарқынды қалыптасады да, 2-2,5 жаста барлық 20 сүт тістері болатыны
айтылды. Осы кезден бастап бала ұзақ шайнауды қажет ететін қатты тамақты
квп мөлшерде қабылдауына болады.
Жұту. Жұту кезінде арнайы тетіктер ас қоймалжыңының тыныс жолдарына
(мұрын қуысы мен кеңірдекке) бармай, өңешке өтуін қамтамасыз етеді.
Ауыз қуысында шайналып жүмсарған, жылытылған, сілекеймен
араластырылған ас қоймалжыңын тіл көтеріп таңдайға тақап қысады. Ал таңдай
доғасы оны жұтқыншаққа қарай ысырады. Бұл кезде жүмсақ тандай мен тілшік
жұтқыншаққа қарай кетеріліп, оның қуысының мұрын белімін ауыз бөлімінен
бөліп тастайды. Сонда жүтылған ас мұрын қуысына кетпей, өңешке бағытталады.
Бұған көмекейдің көтерілуі де көмектеседі. Тілдің түбірі көмей қақпақшасын
үстінен басып, көмейді жауып тастайды. Ас қоймалжыңы еңешке қарай
козғалады. Жұтқыншақ кетеріліп, өңештің кіре берісіндегі сфинктер еті
босап, еңеш жолы ашылады да, жүтқан ас өңешке кіреді. Өңештің қабырға
етгері жиырьшып асты қарынға ысырады. Бұл кезде қарынның кіре берісіндегі
сфинктер ашылып, асты қарынға өткізеді.
Өңеш. Ауыз қуысында үсақталып, сілекеймен араласқан ас қоймалжыңы
жұтқыншаққа, одан өңешке өтеді. Өңеш ұзындығы 22-27 см шамасындағы үзын
түтік. Оның ішкі кілегей қабаты, қатпарланып ас қоймалжыңы өткен сәтте
кеңейіп, оны өткізуге бейімделген. Мүнда ас қорытылмайды.
Нәрестелердің өңешінің кілегей қабаты нөзік болады, сондықтан ірі ас
түйіршіктері оңай жаралайды. Жаңа туған сәбидің өңешінің үзындығы 10 см, 5
жаста - 16 см, 15 жаста - 19 см.
Қарында астың қорытылуы және оның жас ерекшеліктері

Өңештегі ас қоймалжыңы карынға барьш жеткеннен кейін қарындағы астың
қорытылуы басталады. Бұл жерде ас қоймалжыңына қарын сөлі өсер етеді. Қарын
сөл і н і ң құрамында 0,35-0,5 %-дық т ұ з қ ы ш қ ы л ы, органикалық
заттар мен хлордың, фосфордың натрийдің және күкірттің тұздары болады.
Қарын селінің 98,5-99 % -су, 0,2-0,3 % органикалық заттар, қалғандары -
тұздар. Қарын сөлінің белсенді рН реакциясы - кышқыл болады. Қарын сөлінің
реакциясы тамақтың түріне байланысты, мысалы, ет жегенде сөлдің қышқылы
0,56 %, сүт ішкенде 1,48-0,50 %, нанға 0,45-0,49 % болады.
Органикалық заттарға ферменттер, азотты қосылыстар жатады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баланың ас қорыту жүйесі. Ас қорыту мүшелері және олардың қызметін зерттеу әдістері
Модульдік оқыту технологиясы туралы
Асқазан - ішек жолдарына түсініктеме
Студенттер арасындағы дұрыс тамақтану режимін сақтану маңызы
Баланың ас қорыту жүйесі
“Зоология” курсының кіріспесі
Асқазан - ішек жолдарының ауруларының негізгі себептері студенттерде
ЖАНУАРТАНУ ПӘНIНДЕ БУЫНАЯҚТЫЛАР ТИПIНIҢ ҚҰРЫЛЫСЫН OҚЫТУ ӘДIСТЕМЕСI
Анатомия пәні мен міндеттері, аралас пәндермен байланысы
Жануарлар физиологиясы пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Пәндер