Зейін туралы ұғым


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Педагогика және психология кафедрасы
Р Е Ф Е Р А Т
Тақырыбы: Зейін туралы ұғым
Тексерген:
Орындаған:
Жоспар
1. Зейін туралы жалпы ұғым
2. Зейіннің физиологиялық негізі
3. Зейіннің түрлері
4. Зейіннің ерекшелік жақтары
5. Зейінді тәрбиелеу және дамыту
Зейін психикалық құбылыстардың ішінде ерекше орын алады. Оны психикалық дербес процесстерге жатқызуға болмайды, өйткені ол барлық психикалық процесстердің қызметінің сәтті болуының керекті шарты. Қандай болмасын жұмыстың нәтижесі адамның зейін салып қабылдауымен, тыңдауымен, көруімен, ойлануымен, сезінуімен, әрекеттенуімен байланысты. Сөйтіп зейін басқа психикалық процестердің барысын, қалпын сипаттайтын қасиетке іспеттес.
Зейін дегеніміз сананы белгілі бір объектіге бағыттап, оны айрықша білу үшін әрекеттену. Зейіннің пайда болуына керекті шарттар: объектіні бөліп алуы, оған назарды шоғырландыру және басқа тітіркендіргіштерге алаңдамау.
Зейін адам кісілігінің ерекшеліктерімен байланысты. Адамның неғұрлым ойы, білімі, тәжірибесі, құмарлығы бай болса, соғұрлым оның зейіні күшті болады. Атаусыз, затсыз зейін болмайды. Әсіресе ол іс-әрекетпен тығыз байланысты. Қимылсыз тұрған бір затқа зейін көп тоқтала алмайды. Оны тоқтадудың амалы іс-әрекетпен тығыз байланыстыру.
Зейіннің физиологиялық негіздері.
Зейін механизмі мидың рефлекторлық әрекетімен байланысты. И. П. Павлов жануарлардағы шартсыз бағдарлау рефлексін бөліп көрсетіп, «Бұл не?» рефлекс деп атады. Ол адамға туа бітеді. Күтпеген, көрмеген, білмеген зат әлде құбылыс осы рефлексті қозғап, ырықсыз зейінді туғызады. Ырықты зейіннің физиологиялық негізі И. П. Павлов ашқан қозудың оптикалық ошағы құбылысымен байланысты. Миға әр сәт сайын көптеген тітіркендіргіштер (есту, көру т. б) әсер етеді. Осының нәтижесінде ми қыртысының үлкен жарты шарында күшті әр түрлі қозу ошақтары пайда болады. Бұл ошақтар бір-біріне сәйкес келіп күреседі, қазіргі кезеңдегі күштісіә жеңіп алып, оптималдық ошаққа ие болады. Осындай ошақты физиолог А. А. Устанский домената деген болатынды. Ал қалған бағынышты ошақтарды субдомената деген.
Ми қыртысында қозудың үстем ошағының болуы бір затқа немесе құбылысқа мұңшама қадалау дәрежесін, бөгде тітіргендіргіштер зейін аудара алмайтын және елеусіз қалатын жағдайда түсінуге мүмкіншілік береді. Адам зейіннің өте күшті шоғырлануы оның істі шын беріле сүйсіне, затқа бар ынтасымен қызыққанына байланысты болады. Педагогикалық практикада мұғалімдер оптикалық қозу ошағының пайда болу заңдылықтарын біле отырып оның тууына қолайлы жағдайларды жасау қажет. Мәселен оқулықтарда тақырып бойынша айтылатын заңдылықтар, анықтамалар жуан шрифтімен жазылады. Сөйтіп оларға оқушылардың зейінін аударып тоқтатады. Зейіннің пайда болуымен дұрыс ұйымдастырылуында жұмыстың қатаң режиміне негізделген динамикалық стереотип жасаудың үлкен мәні бар.
Адамның хайуаннан бір ерекшелігі ол зейінін басқара алады. Сондықтан зейінді тәрбиелеуде алға мақсат қоя білудің маңызы аса зор. Әрекет мақсатын белгілеу және үнемі анықтап отыру зейінді сергітеді, сүйемелдейді, сақтатады.
Зейін адамның сырт пішінінен жүріс-тұрыс қалпынан, мимика, паитомикадан білініп тұрады. Адам зейіні мейілінше күшейген жағдайда ол ойға шалып, жан-жақты еш нәрсеге алаңдамасы, біз «зейін тұрпаты» қалыптасты дейміз. Зейін қалпы қимылдық тежелуінен сезім мүшелерінің объектіге бағыт тасуымен сипатталады. Тұрпат ойға шолығандықты білдіретін кезде көз шеңбері кеңейеді.
Адам зейінінің көрінісіне қарай оның үш түрін айырамыз. Ырықсыз зейін-бұл сананың объектіге (затқа) мақсат қоймай бағытталуы. Көп жағдайларда бізді қоршаған заттар, құбылыстар өздерінің аса күшті ерекшеліктерімен адамның назарын аударады. Сөйтіп бағдарлау «Бұл не?» рефлексі пайда болады. Мысалы күшті гүрсіл, айқай, әлде жым-жырт, бұрын-соңды кездеспеген зат, сурет, ән-күй, т. б.
Ырықты зейін немесе белсенді ерікті зейін депте атайды. Ырықты зейін объектіге, затқа, құбылысқа сананың мақсат қою арқылы бағытталып, шоғырланып сақталуын айтамыз. Зейіннің бұл түрі мақсатқа айналған, қажетті нәрсеге қол жнеткізу әрекетімен байланысты. Сондықтанда ерікті азды-көпті жұмсап, кездескен қиыншылықтарды жеңіп, қойылған мақсаттарды орындайды.
Үйреншікті зейін - ырықты зейіннен кейін пайда болады. Бұл зейіннің түрі басында қиындықпен басталған жұмысқа, бой үйреніп, ой мен сана сол жұмысқа барынша берілгенін көрсетеді. Мысалы: беріліп есеп шығару, зерттеу жүргізу, пайдалы, қажетті информацияны тығыздау. Үйреншікті зейіннің пайда болуы оның тұрақтылығы мен ұзақтығы көбіне жеке бастың ерекшеліктерімен адам еңбекке дағдылануымен, оның жасап отырған ісіне көз қарасымен байланысты болады.
Зейіннің ерекшелік жақтары зейіннің қасиеттері деп атайды.
Зейіннің аумағы - бұл зейіннің тым қысқа мерзім ішінде қанша объектіні аңғарып қосуымен байланысты. Зейін аумағын анықтау үшін 1/10 секундқа тең уақыт ішінде 10-12 нәрседен тұратын объекті жиынтығын көрсетеді. Осы 12 нәрсенің қаншасы байқалып есте қалса зейіннің аумағы соған теңеледі. Зейіннің аумағы тахистоскоп (тез көретін- деген грек сөзі) деген қарапайым құрал арқылы өлшенеді.
Зейіннің бөлінуі бұл қасиетті адамның бір уақыт ішінде санасын әртүрлі әрекетке бағыттап, зейінімен қамтып, үлгеріп, жасап отыруы деп түсінеміз, яғни зейіннің аумағы белгілі бір уақытқа бірнеше заттарды өзінің объектісі ретінде қамтыса, зейіннің бөлінуі бірнеше әрекетке бағытталады.
Зейіннің шоғырлануы адамдардың іс-әрекетке, жұмысқа бар ынтасымен беріліп жасаған жағдайында кездеседі. Сонымен қатар зейіннің осы қасиеті арқылы оның қуаттылығының көрсеткіші «кедергіге төзімділігі, бөтен тітіркендіргіштерге бой бермеуі» байқалып отырады.
Зейіннің тұрақтылығы іс-әрекеттің мәнімен, тартымдылығымен, адамның қойған мақсатымен, оның еркінің күшімен тығыз байланысты. Егер де осы себептердің бәрі ойдағыдай болса зейіннің тұрақтылығы оның объектіге ұзақ уақыт аударғанын көрсетеді. Тұрақтылыққа қарсы қасиет - алаң болушылық. Ол зейіннің ауытқуынан көрінеді. Егер жұмыс кезінде басқа заттардың құбылыстардың адам көңіл-күйінің әсері тисе зейін ауытқып отырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz