Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күшпен ұйымдастырудың тарихнамасы


Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күшпен ұйымдастырудың тарихнамасы
Жоспар
Кіріспе. .
- Ауыр шаруашылығындағы сталдік-галощокиндік реформаның тарихнамасы. Астық пен ет дайындау кампаниялары ғылыми әдебиетте……Қазақстанда ірі бай шаруалықтарын тәркілеу мәселесі тарихи әдебиетте Аухатты шаруаларды жау тап ретінде жоюға тарихшылар көзқарасы
- Қазақстанда шаруа қожалықтарын ұжымдастыру және оған қарсылық мәселесі ғалымдар зерттеулерінде
- Қазақ ауылдарын отырықшылыққа көшіру мен оның ауыр зардаптарының зерттеулері . .
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күшпен ұйымдастыру мәселесі тарихымызда бұрын біржақты зерттеліп келді. Себебі кеңестік әкімшілі-әміршілік жүйе жағдайында қалыптасқан тарих ғылымы ел өміріндегі елеулі оқиғалар мен фактілерді көп жағдайда біржақты көрсетіп, ақиқатты бұрмалап, қисынсыз пікірлерге негізделген теориялық тұжырымдамалардың пайда болып, орнығуына жол ашты. Осылайша тарихнамада “ақтаңдақтар” пайда болды. “Ақтаңдақтар” қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, қазақ ауылының 20-30 жылдардағы экономикалық жағдайы мәселелерінде өте көп. Сондықтан да, қазіргі кезде Қазақстан тарихының осындай күрделі кезеңдерін мұқият зерттеп, қалыптасқан қөзқарастарды өзгертіп, қайта құруда заңды құбылысқа айналуда.
Жиырмасыншы жылдардың орта шенінен бастап жаппай ұжымдастыру және зорлап отрықшыландыру мәселесі ауыл шаруашылығын қайта құрудың сталиндік көзқарасына балама теориялық пікір ұсынған көрнекті ғалымда, профессор С. П. Швецов., М. Г. Сириус. Н. Н. Челинцев., А. Донич., Е. А. Помочанский., Н. Д. Кондратьев., Т. Рысқұлов еңбектері жарық көрді. Сталинизм ықпалына түскен бұл еңбектер бүгінгі тарихнама үшін аса құнды дербес, соны ойлар, фактлер және материалдар бар 1 .
1930 жылдардан бастап жеке шаруа қожалықтарының мүддесін қорғайтын Қазақстан үшін дәстүрлі мал шаруашылығын дамытудың тиімділігін ғылыми тұрғыдан дәлелдейтін және көштенділерді асықпай біртіндеп отырықшыландыруды жақтайтын, негізінен күшпен ұжымдастыруға және отырықшыландыруға дейінгі алғашқы
Швецов С. П. Казахское хозяйство в его естественно-исторических и бытовых условиях. Л., 1926; Сириус М. Г. Перспективы развития сель. хозяства Казахстана Кызыл- Орда 1926, Челинцев А. Н. Перспективы развития сель. хозяства Казахстана// Народные хозяйство Казахстана. 1928. №3-5. Полчанский Е. А. За новый ауыл кыстау. М; 1926. Донич А. Проблемы новой казахского ауыла// Народное хазяйство Казахстана. 1928 4-5. Рыскулов Т. Казахстан. М., 1927.
кезеңде жарық көрген профессорлардың, ауыл шаруашылығы мамандарының еңбектерін “кондратьевшілдік”, “алашордашылдық”, “судуақасовшылдық” деп айтатын жұмыстар жарық көрді 1 .
Елуінші жылдары тәркілеу мәселесіне арнай З. Акишеваның ғылыми еңбегі жарық көрді. Бірақ бұл жерттеуге тиым салынды 2 . Осы жаңа дәуірде кеңестік рухтағы әдебиеттер арасында Ә. Тұрсынбаевтың ғылыми еңбектерінің орны бөлек 3 . Сонымен қатар, осы мәселеге байланысты Ж. Жұмабековта біраз еңбектерін арнады. Әсіресе архив деректерін терең зерттеген автор ұжымдастыру, отырықшыландыру барысындағы қателіктермен асыра сілтеулерді Ф. Голощокиннің саяси қызметіндегі қазақ ауылдарының өзіндік ерекшеліктерін ескермеушілікті өткір сынға алған 4 .
Қазақстан шаруалары тариқнамасының осы дәуірінде өзінің зерттеу шеңберінде және аймағының кеңдігімен Б. А. Төлепбаевтің еңбектері назар аудартады 5 .
Осы мәселеге байланысты елеулі де қомақты еңбектері белгілі тарихшылар Г. Ф. Дахшлейгер мен К. Нурпейісов жазды, авторлар кошпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру мәселесіне нақты көңіл бөлді 6 .
Тоқсаныншы жылдардың басында жаңаша көзқараспен қарауды қалыптастыруға М. Қ. Қозыбаевтың еңбектері де ықпал жасады.
1 Семевский Б. К. К кретике буржуазных теории экономического развития Казахстана. // Народное хазяйства Казахстана. 1930. 7-8; Кондратьевшина в Казахстане С/б. А. 1931. Зверяков И. А. От кочевания к социализму. А-М ., 1932.
2 Акишева З. Конфискация скота и имушества крупных баев полуфеодалов Казахстана. А. 1950.
3 Турсинбаев А. Победа колхозного строя в Казахстане. А. 1957. Колхозная крестянство Казахстана. А. 1960
4 Жумабеков Ж. Ленинские идей руководства массами и действии. А. 1969. Сонікі. Ленинской дорогой А. 1973.
5 Тусупбаев Б. А. Торжество ленинских идей социалистического переобразования селского хозяства в Средней Азии и Казахстане М, : 1984.
6 Дахшлейгер Г. Ф. Социально-экономические переобразование в ауыле и деревне Казахстане. (1921-1929) А. 1965; Дахшлейгер Г. Ф., Нурпейсов К. История крестьянство Советского Казахстана. А. 1985. Т. 1.
Бұларда Қазақстандағы ашаршылық ақиқаты, күштеп ұжымдастыру барысындағы жүгенсіздіктер ашық айтылды 1 .
Қазақстанның дәстүрлі шаруашылығының қоғамдық рөлін дұрыс анықтауға, сталиндік күшпен ұжымдастыруға балама көзқарастардың Қазақстанда зерттеген ғаламдар Ж. Б. Әбілқожиннің еңбектері құнды болып табылады 2 .
Қазақстандағы 20-30 жылдардағы күшпен ұжымдастыру мәселесіне, халық көтерілістеріне Т. Омарбековтың еңбектері арналған 3 .
Мәселенің демография жақтары М. Тәтімов., М. Асылбеков., Ә Ғалиев еңбектерінен көрініс тапты 4 .
Ал, егер деректік көзге келетін болсақ, осы мәселеге байланысты Рысқұловтың, Мирзоянның, Исаевтың Мәскеудегі Сталлиннің және Молотовтың аттарына жазған хаттарының, сондай-ақ тарихымызда “Бесеудің хаты” деген атпен мәлім болған Ғ. Мүсіреповтың, М. Гатаулиннің, М. Дәулетқалиевтің, Е. Алтынбековтың, К. Қуанышевтың, Ф. Галощокинге жазған хаттары құнды болып табылады 5 .
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күшпен ұжымдастыру мәселесінің зерттеу деңгейін ашып көрсету.
Жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Қозыбаев М. К. История современность. Алматы., 1991: Сонікі. Ақтаңдақтар ақиқаты. А. 1992.
3 Абылхожин Ж. Б. Традиционная структура Казахстана: Социально-экономические аспекты фнукционированияи трансформации. 1920-1930. А. 1991. Сонікі. Очерки социально-экономической истории Казахстана ХХв. А. 1997.
3 Омарбеков Т. Зобалаң А. 1994. Сонікі. 20-30ж. Қазақстан қасіреті. А: 1997. Сонікі. Тарих тағлымы не дейді? А. 1992.
4 Тәтімов М. Б. Ауылдағы демографиялық ахуал. А. 1990. Сонікі. Халықнама. Сан мен сана. А. 1993. Асылбеков М. Х., Ғалиев А. Б. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980) А. 1991ж.
5 Қазақ қалай аштыққа ұшырады? (Қасіретті жылдар хаттары) А. 1991.
1 Тарау. Ауыр шаруашылығындағы сталдік-галощокиндік реформаның тарихнамасы.
- Астық пен ет дайындау компаниялары ғылыми әдебиетте.
Қазақстандағы сталиндік-голощокиндік ұрдажық саясаттың бір ұшы саяси төтенше шаралар, яғни астық және ет дайындау науқандары кезінде айқын көрінді. Мұндай шаралар қазақ шаруаларын малдан айырып, ақыры күштеп ұжымдастырып, жантүршігерлік алапан апат- ашаршылық пен “ қызылтабан шұбырынды” босқындарға айналуына жорл ашты. Кеңестік дәуірде бұл мәселе жан жақты зерттелмеді.
Ә. Тұрсынбаевтің “Великий перелом в селском хозяйстве Семиречья” және “Победа селхозного строя Казахстана” деген монографиялық зерттеулері жарияланды, Автор мәселені коммунистік партияның 1928-1929 жылдардағы астық дайындау науқанындағы кулактар мен байларға қарсы күресі аясында қарастырып, оның орасан зор маңызына назар аударады. 1
Қазақстандық тарих ғылымында тұңғыш рет эканомикалық қатынастарды тежеу ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау барысындағы саяси төтенше шаралар Т Омарбековтың еңбегінде қарастырылды 2 .
Тарихшы Ә Тұрсынбаев Астық дайындауда орын алған қайшылықты жағдайды “партия қызметкерлердің бай-кулактарға қарсы күрес алмауынан”- десе 3 , Т. Омарбеков “ Қазахстанда астық дайындау ісі нарықтық мезанизмдердің көмегімен жүргізіліп, жеке қожалықтардың үлес салмағын жылдан-жылға біртіндеп күрт азайған.
Турсинбаев А. Белики перелом в сельском хозяйстве Семиречья Алма-Ата. 1950 Сонікі. Победа колхозного строя Казахстана. Алма-Ата, 1957
Омарбеков Т. 20-30ж. Қазақстан қасіреті. Алматы. 1997.
Турсинбаев А. Победа колхозного строя Казахстана. Алма-Ата, 1957, 74 б.
Астық дайындауды негізінен мемлекеттік мекемелер мен кооперативтер жүргізген. Мұндай жағдай Қазақстанда жылдан -жылға ауыл шаруашылығы кооперативтері сандарының өсуіне ғана емес, жекешелердің арзан бағамен мемлекетке астық өткізгілері келмеулерімен де қалыптасқан- депқорытынды жасайды 1 .
Ғылыми-тарихшы Ә. Тұрсынбаев астық дайындаудағы аса күрделі жағдайдан шығуда Кеңес үкіметі деревнияны азық түлік тауарлармен қамтамасыз етуі жақсартуда бірқатар шаралар қабылданғанын ашып көрсете келіп, “астық дайындауда және бай, кулактар, алып- сатарлармен күресті күшейтуде жергілікті жерлерде ерекше үштіктер құрылды”-деп батыл көзқарас танытады 2 . Алайда автор “Кеңестік зерттеу тәсілдері” бойынша мәселенің таптық жағына көбірек үңіледі. “Деревнияның капиталистік элементтерін дайындау майданындағы жалпы бетімен кетушілікті пайдаланып, кеңес өкіметіне қарсы күресті күшейтті”- деу осыған дәлел бола алады 3 . Ә Тұрсынбаев пайымдауларында біршама қайшы, шынайы тарихи тарихи оқиғаларға сәйкес пікірді Т. Омарбеков білдірді. Тарихшы Сталиннің астық дайындаудағы төтенше шараларды бастауына негіз қалауын партияның нұсқау-қарарлары бойынша анықтады. Мәселен, Т. Омарбеков …жергілікті жерде барлық билікті өз қолдарына жинаған астық дайындауға байланысты төтенше “үштіктер” және “бестіктер” құрыла бастады. Конституцияның заңға қайшы органдар бола тұрса да, барлық мемлекеттік мекемелер бұларға сөзсіз бағындырылды-деп жазды 2 .
Ауқатты шаруаларға қарсы жазалау шараларының шұғыл күшейе түсуіне И. Сталиннің Сібір сапары кезінде кулактарға қарсы РСФСР Қылмыстық кодексінің 107 бабын жедел түрде қолдануды
1 Омарбеков Т. 20-30ж. Қазақстан қасіреті. Алматы, 1997. 43 б.
2 Турсинбаев А. Белики перелом в сельском хозяйстве Семиречья Алма-Ата. 1950 80 б .
3 Турсинбаев А. Белики перелом в сельском хозяйстве Семиречья Алма-Ата. 1950 80 б .
4 Омарбеков Т. 20-30ж. Қазақстан қасіреті. Алматы, 1997. 51 б.
талап етуі тікелей ықпал еткендігі жайлы мәселеде ғылыми зерттеушілердің көзқарастарындағы алшақтық айқын көрінеді.
Мәселен, Ә. Тұрсынбаев “қакүнем” бай-кулак элементерге қатысты бірқатар шаралардың қабылданғанын ашып көрсете отырып, “кулактар мен алып-сатарларға қарсы РСФСР Қылмыстық кодексінің 107 бабы қолданылып, бұл бап бойынша ауыл шаруашылығы азық түліктерін баю мақсатында алып-сатарлықпен айналысқандар сот шешіміне орай бес жылдан төмен емес мерзімге мүлкін толық немесе жартылай тәркілеу арқылы бас бостандығынан айырылды-деп тұжырымдайды. 1 Ал, тарихшы ғалым Т. Омарбеков астық дайындауға байланысты жазалау шаралары әртүрлі және жан-жақты сипат ала бастағандығын, бұл бағыттың әсіресе И. Сталиннің Сібірге сапарынан кейін үлкен қарқынға ие болып, айыптаушылардың қатары да күн сайын өсе түскендігін назар аударады. Т. Омарбеков антиконституциялық әділетсіз шаралардың нәтижесінде Қазақстанда барлық жазалар мен айыптауларға ұшырағандар жайлы мәліметтерді Ф. И. Голощокиннің БК (б) П қазақ өлкелік партия комитеті бюросының 1930 жылғы 2 қаңтарда болған жабық мәжілісінде сөйлеген сөзіне байланысты көрсетеді. Алайда Ф. Голощокиннің Бүкілқазақтың 7 партия конференциясында (1930ж. Мамыр-маусым) жазған байандамасында көрсетілген мәліметтер арасында алшақтық барлығына назар аударды. Осы конференцияда жасаған баяндама бойынша барлық жауапқа тартылғандар -56 498, соның ішінде әкімшілік жолмен жазаға тартылғандар -20367, сотталғандар 23, 6 % болғандығы жайлы деректерге тоқталады 2 .
1 Турсинбаев А. Белики перелом в сельском хозяйстве Семиречья Алма-Ата. 1950 80 б .
2 Омарбеков Т. 20-30ж. Қазақстан қасіреті. Алматы, 1997. 62 б.
Зерттеушілердің Қазақстандағы астық дайындау шараларының қорытындыларын көрсетудегі тұжырымдары қарама -қарсы. Мәселен, Ә Тұрсынбаев шындыққа жақын ой-пікір танытқаны мен астық дайында науқанының нәтижелері партиялық қағидалар аясына сидырып, оның қорытындыларына, шешімдеріне сәйкес тұжырым түйіндейді. Мысалы, ауыл мен деревнияда бай-кулактарды негізгі еңбекшілер бұқарасынан аластау, астық дайындау компаниясындағы партия бай-кулакткрға қарсы күресінің маңызды саяси қорытындысы болды-деген пайымдау осыны толық дәлелдейді 1 . Т. Омарбеков мұндай пікірге қарсы көзқарасты ұсынады. Тарихшы ғалым өз зерттеулерінде Қазақстанда астық дайындауда эканомикалық қатынастарды тежеп, төтенше шараларды”ендірсе” де мол табыстарға жету үрдісінің байқамағандығын “шешуші” шаралар каммунистік партия басшылығы ойлағандай астық дайындауда толық жеңіске жетпегендігін, бірінші бесжылдық ішінде жыл сайын астық дайындау жоспарының бәрібір орындалмай қалып отырғандығын баса көрсетеді. Мәселен, жоспар 1927-1928 80, 5%, 1928-1929 69, 9 %, 1929-1930 88, 9% . 1930-1931 88, 7 % ғана орындалған 2 . Автор “астық дайындаудың сталиндік, сібір әдісі” шараларды жаңадан қалыптасып келе жатқан әкімшілік-әміршілік тотаритарлық жүйеге басы байлы етіп тәрбиелеуге негіз қаладыөдеп жазды 3 .
60-70 жылдары Қазақстандағы социалистік аграрлық қайта құруды қарастыратын зерттеулерде астық пен ет дайындау науқаны ондағы төткенше шаралар туралы айтылмайды. Ғылымда мұндай үрдістердің орын алу себебі саяси сипаттағы, әлеуметтік -экономикалық мәні қарама- қайшы шаруаларға қарсы бағытталған,
1 Турсинбаев А. Белики перелом в сельском хозяйстве Семиречья Алма-Ата. 1950 80 б .
2 Омарбеков Т. 20-30ж. Қазақстан қасіреті. Алматы, 1997. 61 б. .
3 Омарбеков Т. 20-30ж. Қазақстан қасіреті. Алматы, 1997. 61 б.
айыптау мен жазалау әрекеттеріне толық большевиктік партия мен кеңес өкіметінің төтенше шараларының тарихын жазуға зеттеушілер көрсетіп, мазмұнын ашуға әкімшілік-әміршілік жүйе кезеңінде тыйым салынды 1 .
80 жылдардың соңы 90 жылдардың басынан бастап республикадағы сталиндік-голощокиндік саясишаруашылық төтенше шаралар туралы алғашқы тарихи зерттеулер жарық көре бастады. Осы тақырыпты алғаш рет жаңа тарихи таным тұрғысында қайта қарап, оның теориялық негізін қалыптастырған Ж. Б. Әділғожин., М. Қозыбаев., М. Қ. Тәтімов еңбектерінің маңызы зор 2 . Зерттеуде ауыл шаруашылық дайындау науқандарының шаруаларға, меншік иелеріне жазықсыз жаза ретінде төнгендігін, оның барысында күштеп қысым көрсету орын алғандығын ашып көрсетеді. Оған дәлел ретінде ғалым тарихшылар екі астық дайындау науқаны (1928-1929 ж) және (1929-1930 жж) кезінде тек үш округ (Ақмола, Петропавл, Семей) бойынша РСФСР Қылмыстық кодексінің 107 және 61 баптарына сәйкес 34120 адамның сотталып, 22307 шаруашылықтың әкімшілік жауапқа тартылғандығын көрсетеді 3 .
Т. Омарбеков аталған зерттеулерінде ет проблемасын шешуге байланысты төтенше шаралардың Қазақстандағы ауыр зардаптарын жан-жақты ашады. Кеңес өкіметінің ет проблемасы оны жедел байындау мен шарт жасау жолымен шешуге күш салғандығын баса көрсетеді. Келісім шарт бойынша мал алған «колхозшы, совхоз мүшесі мен немесе шаруа өзі аштан өліп қалса да, шартқа түркелген, сөйтіп, шындығында үкімет меншігіне өткен малды аман-есен сақтауға міндетті болады.
1 Омарбеков Т. 20-30ж. Қазақстан қасіреті. Алматы, 1997. 62 б. .
2 Абилгожин Ж. Б., Козыбаев М. К., Татимов М. К. Қазахстанская трагедия. // Вопросы истории. 1989. №7 б. 53-72
3 Сонда 54-55 б.
Ет дайындау ісінің өзі терең ойластырылмай, науқаншылдық бағытта, жедел, әкімшілік негізде жүргізілгенін ашып көрсетеді. Ет дайындаудың зардаптарын айқындай келе жалпы 1929-1930 жылдар ішіндегі қазақтарды ашаршылыққа ұрындырған мал басының шұғыл кему процесінде 36 миллионға жуық шығын болған, бас малдың шамамен 15 млн. мал ет дайындау науқандарында сойылып, басым көпшілігі Қазақстаннан тыс сыртқа тасылып әкетілген деген қорытынды жасайды 2 .
Қазақстан ауыл шаруашылығында эканомикалық қатынастарды саяси төтенше сталиндік-голощекиндік шаралармен алмастыру мәселелерін зерттеген Ф. Қозыбақованың кандидаттық диссертациясы және Бү Түменбаеваның ғылыми мақаласында назар аударылды 3 .
Б. Түменбаева астық дайындау науқаны кезінде төтенше шараларға халық наразылығының күшейіп кеткендігі сонша, оған жауап ретінде шаралар толқуларының басталғандығын жазады 4 .
Сонымен Қазақстандағы экономикалық қатынастардың тежелу, астық және ет дайындау науқандары кезіндегі төтенше шараларды зерттеуге арналған ғылыми еңбектерден қазақстандық тарихи -ғылыми құр алақан еместігіне көз жеткіздік.
1 Омарбеков Т. 20-30ж. Қазақстан қасіреті. Алматы, 1997. 62 б.
2 Сонда 67 б.
3 Қозыбақова Ф. Қазақстан ауыл шаруашылығындағы “қанаушы таптарды” және жекешелер қожалықтарын жою. Тарихы мен салджары ( 1926-1933жж) Алматы 1997. Түменбаева Б. Ұжымдастыру және төтенше шаралар. // Қазақ тарихы 6 Б. 42-45.
4 Түменбаева Б. Ұжымдастыру және төтенше шаралар. // Қазақ тарихы 6 Б. 43.
1. 2 Қазақстанда ірі бай шаруалықтарын тәркілеу мәселесі тарихи әдебиетте
Қазақстанда ірі мал иелерін меншігінен айыру және тәлкілеу 1920 жылдардың соңында әлеуметтік саяси мәнді тарихи прогресс болды. Сталиндік-голощекиндік билік қазақ ауылын “қансорғыш қанаушылардан азат етуді “ көздеп, ауқатты шаруаларды түп тамырымен жоюды мақсат етті. Ірі мал иелерінің қожалықтарын жоюды большевиктік партия мен кеңес өкіметінің қатігез әрі қате саясаты ауыл шаруашылығында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.
Қазақ байларының мал- мүлкін тәлкілеу қазақстандық тарих ғылымында 40 жылдардың соңынан бастап зерттеле бастады. Осы мәселеге байланысты Н. Ә. Әлімбаевтың мақаласы арналды. Автор “ғылымда кәмпеске ауыл қанаушыларының экономикалық мамандылығын айтарлықтай етті . Ауылда орта шаруа айтарлықтай көбейді деген тұжырымдар берік орнықты”- деп жазды 1 .
Зерттеуші Г. Ф. Дахшлегер, Б. А. Төлепбаев, Ә. Б. Тұрсынбаев, Ә. Ә. Шупеков т. б. зерттеулерін талдай келе, “ 1928 жылғы ірі бай шаруашылықтарын тәлкілеуді ғалымдар ауылдағы капитализмге дейінгі ереженің экономикалық негіздерін жоюдағы саяси-экономикалық актілердің соңғысы ретінде қарастырды”- деп көрсетеді.
1920 жылдың соңы 30 жылдары ірі мал иелерін меншігінен айыру мәселесі ғылыми тұрғыда арнайы зерттелмесе де мерзімді баспасөз беттерінде оның кейбір тұстарын ашатын мақалалар жарияланды.
1 Алимбаев Н. А. Аграрные переоброзавании в Казахском ауыле в 1926-1928гг. // Вопросы историографии второй половины 50-80-х гг. //Известия АН Каз. ССР . серия общест. Наук. 1982. №5 40б.
Мақалалар авторлары бәрі бір ауыздан Тәлкілеуге қарсы болып, С. Сәдуақасова, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсыновты бурзуазиялық “ұлтшылдар, уклонистер” ретінде әшкерелеп оларды “ірі байлар мүддесін қорғайды” деп айыптады 1 .
Ғ. Тоғжановтың еңбегінде көрсеткендей С. Сәдуақасовтың пікірінше “ауылда байды экспоприциялау пролетарлық базаны құру емес және кедейді бұдан азат етпейді, керісінше бұл кедейдің тозуы, қанауы, яғни есідей үшін азап” екендігі мүлде естен шығарылды. Авторлар тәлкілеуді “ауылда жартылай феодалдық қатынастар қалдықтарын жоюдағы, ауылды кеңестендірудегі оны революциялық жолмен дамытудағы батыл әрекет” ретінде көрсетті 2 .
Қазақтың ірі мал иелерін меншігінен айыру мәселесі төңірегінде алғаш рет1940 жылдардың соңына қарай З. А: Ақышеваның, А. П. Купчиннің, С. Н. Якубовскаяның, А. П. Скоплиннің ғылыми еңбектері жазылып, жарияланды. Ақышев өз еңбектерінде былай дейді: Қазақ халқы өмірінің материалдық игілігін жақсартып, мәдени деңгейін көтеру көшпенділікті жоймай мүмкін емес, ал ірі бай ауыл еңбекшілерін қанауды бүркемелейтін көшпенді тұрмыс, патриархалды-рулық сарқыншақтарды жақтайды”-депкөрсетеді. Сонымен қатар: “Қазақстандағы ірі -жартылай феодалдық мүлкі мен малын тәлкілеу ауылдың экономикалық және саяси өміріндегі үлкен кезең болды. әдеп жазды пайымдайды. Қазақ ауылыірі бай -жартылай феодалдардан құтылды Өндіргіш күштерді дамытуға алғышарттар туды . Малсыз және әлсіз шаруашылықтардың саны азайды-деген автордың ең алғашқы пікірі болды
1
.
2 Дахшлейгер Г. Ф. Маршрутом социального процесса. Алма-ата 1978 Турсунова А. Колхозная притьянство Казахстана Алма-Ата. 1960. Тулепбаев Б. А. Социалистические аграрные переобразования в Средней Азиии Казахстана М. 1984.
1 Сәдуақасова С. Қазақстан шаруашылығының бет алысы. // Еңбекші қазақ. 19241 қаңтар. Бөкейханов Ә. Н. Шығармалар. Алматы, 1994.
3 Тогжанов Г. Буржуазные и мелкобуржуазные “теори” об ауыле. // Народные хозяйства Казахстана 1931. №5. Б. 21-34
Осылайша ірі мал иелерін тәлкілеу тарихын зерттеудегі алғашқы кеңестік концепция қалыптасты. Осындай концепцияны ары қарай дамытушылардың бірі А. П. Кучкин болды. Автордың пікірінше жүдеп жадауға әкелген “ бүкіл қазақстан бойынша тәлкілеу табысты өткізіліп, үш айға созылды…, 700 бай шаруашылықтары тәлкіленді. Барлығы 150 мың бас ірі қараға шаққанда, алынды 2 . ” Егер З. А. Ақышева “ Қазақстанда барлығы -696”, ал А. П. Купчин “700 бай -жартылай феодал шаруашылықтары тәлкіленді. Бұл белгіленген жоспадың 99. 4 % деп көрсетті. С. К. Якубовская өз мақаласында тәлкіленген шаруашылық снының 608 болғандығын айтады. Алайда аталған автордың бәрі де бай-жартылай феодалдарға 150 мың бас мал алғанын (ірі қараға шаққанда) бір ауыздан дерек арқылы көрсетеді. Тек, зеттеуші А. П. Сполин тәркілеудің сәті жүргізілгендігіне тоқтала келе байлардың тәлкілеуге түскенін 300328 басмалдың 144474 басқа қысқарғанына “ назар аударады. Зерттеушілердің тәлкілеудің экономикалық қорытындыларын түйіндеген пайымдауы да ұқсас. А. П. Купчин : “Тәлкіленген мал мүлкінің 60-70 ауылдың кедей шаруашылықтарына оларды күшейту үшін, ал қалған бөлігі колхоздар мен совхоздарға берілді”- десе, А. Сколпин “мал алған кедейлермен батырақтар совхозға кірді . Ауылда 293 жаңа ұжымдық шаруашылықтар ұйымдастырылды. Малдың бір бөлігін бұрынғы 695 ауыл шаруашылығы артильдерін нығайтуға бөлінді. Барлығы 988 колхоз 29329 бас мал алды. 5 жаңа мал шаруашылығын совхоздар құрды” -деп көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz