Сот жұмысының ұйымдастырылуы
Кіріспе
І. Сотта құжаттардың ұйымдастыру тәртібі
1.1 Жергілікті соттардың жұмысының ұйымдастырылуын зерделеу
1.2 Сот жұмысының ұйымдастырылуы
ІІ. Соттағы статистика құжаттары және сотқа шақыру құжаты
2.1 Есеп статистика карточкалар
2.2 Сотқа шақыру қағазы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Соттардың төрағаларының, судьялардың, сот кеңселері қызметкерлерінің кәсіптік әзірлік деңгейін арттыру, сот процестерін өткізу мәдениетін жақсарту, сот төрелігін іске асыру жөніндегі жұмыстың сапасын арттыру, тағылымдамадан өтуді ұйымдастыруды жақсарту, жұмысты және іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру мақсатында облыстық және оған теңестірілген сот төрағасының өкімімен аудандық және оған теңестірілген соттың біріне базалық сот мәртебесі беріледі. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі жұмыстың жоғары сапасы, көпқұрамдылық, тәжірибелі судьялардың болуы, сот кеңсесінің мінсіз жұмысы, жоғары атқарушылық және еңбек тәртібі, соттағы қалыпты моральдық-психологиялық ахуал, сондай-ақ материалдық-техникалық жарақтандыру және судьялар мен кеңсе қызметкерлерінің жұмыс жағдайларының қазіргі заманғы талаптарға барынша сәйкестігі сотты базалық сот деп жариялау үшін негіз болады. Жергілікті соттарға практикалық көмек көрсету және олардың жұмысының ұйымдастырылуын зерделеу сот төрелігін іске асыру сапасын жақсартуға, соттардың бүкіл қызметінің деңгейін көтеруге, жұмысты ұйымдастырудың әлдеқайда тиімді нысандары мен әдістерін енгізуге, соттардың тұтастай алғанда заңдылықты мүлтіксіз сақтауына жәрдемдеседі.Өңірлерге шығудың мақсаты сот істерін қараудың қалыптасқан практикасымен танысу, соттардың жұмысын ұйымдастырудағы кемшіліктер мен олқылықтарды, олардың себептерін анықтап, жою жөнінде көмек көрсету болып табылады. Практикалық көмек көрсетудің және жергілікті соттардың жұмысын ұйымдастыруды зерделеудің нәтижелері біркелкі сот практикасын қалыптастыруға, сондай-ақ судьялардың кәсіптік әзірлігін және Қазақстан Республикасының жергілікті соттарының кеңселері қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға жәрдемдеседі.
1. Нормативтік актілер:
1. “Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы” 2003 жылғы 25 желтоқсандағы №132-II Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы // Құқық қорғау органдары. Заң актілерінің жиынтығы. – Алматы: ЮРИСТ, 2002. – 154б.
3. “Жоғарғы Сот Кеңесі туралы” 2004 жылғы 28 мамырдағы № 203-II ҚР Заңы.
4. «Әділет біліктілік алқасы туралы» 2001 жылғы 11 шілдедегі № 234 ҚР Заңы.
2. Арнайы әдебиет:
1. Халиков К.Х. Некоторые вопросы борьбы организации и деятельности суда. Алма-Ата. 2007.
2. Алиев Мирбашир Мирахмед Оғлы. «Қазақстан Республикасының Сот жүйесі мен құқық қорғау органдары». Астана, 2004
3. Мақұлбеков Б.Д. Қазақстан Республикасының сот билігі: оқу құралы – Алматы: Айдана, 2006. – 146 бет.
4. Нарикбаев. М.С. Казахстан: Судебно-правовая реформа и дальнейшие пути ее совершенствования // Жинақта: Проблемы реализации судебно-правовой реформы в постсоветских государствах: опыт и суждения. Астана, 2008, 7-бет

Мазмұны
Кіріспе
І. Сотта құжаттардың ұйымдастыру тәртібі
1.1 Жергілікті соттардың жұмысының ұйымдастырылуын зерделеу
1.2 Сот жұмысының ұйымдастырылуы
ІІ. Соттағы статистика құжаттары және сотқа шақыру құжаты
2.1 Есеп статистика карточкалар
2.2 Сотқа шақыру қағазы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Соттардың төрағаларының, судьялардың, сот кеңселері қызметкерлерінің
кәсіптік әзірлік деңгейін арттыру, сот процестерін өткізу мәдениетін
жақсарту, сот төрелігін іске асыру жөніндегі жұмыстың сапасын арттыру,
тағылымдамадан өтуді ұйымдастыруды жақсарту, жұмысты және іс қағаздарын
жүргізуді ұйымдастыру мақсатында облыстық және оған теңестірілген сот
төрағасының өкімімен аудандық және оған теңестірілген соттың біріне базалық
сот мәртебесі беріледі. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі жұмыстың жоғары
сапасы, көпқұрамдылық, тәжірибелі судьялардың болуы, сот кеңсесінің мінсіз
жұмысы, жоғары атқарушылық және еңбек тәртібі, соттағы қалыпты моральдық-
психологиялық ахуал, сондай-ақ материалдық-техникалық жарақтандыру және
судьялар мен кеңсе қызметкерлерінің жұмыс жағдайларының қазіргі заманғы
талаптарға барынша сәйкестігі сотты базалық сот деп жариялау үшін негіз
болады. Жергілікті соттарға практикалық көмек көрсету және олардың
жұмысының ұйымдастырылуын зерделеу сот төрелігін іске асыру сапасын
жақсартуға, соттардың бүкіл қызметінің деңгейін көтеруге, жұмысты
ұйымдастырудың әлдеқайда тиімді нысандары мен әдістерін енгізуге,
соттардың тұтастай алғанда заңдылықты мүлтіксіз сақтауына
жәрдемдеседі.Өңірлерге шығудың мақсаты сот істерін қараудың қалыптасқан
практикасымен танысу, соттардың жұмысын ұйымдастырудағы кемшіліктер мен
олқылықтарды, олардың себептерін анықтап, жою жөнінде көмек көрсету болып
табылады. Практикалық көмек көрсетудің және жергілікті соттардың жұмысын
ұйымдастыруды зерделеудің нәтижелері біркелкі сот практикасын
қалыптастыруға, сондай-ақ судьялардың кәсіптік әзірлігін және Қазақстан
Республикасының жергілікті соттарының кеңселері қызметкерлерінің
біліктілігін арттыруға жәрдемдеседі.

Заңнаманы қолдану және жергілікті соттардың жұмысының ұйымдастырылуын
зерделеу жөнінде практикалық көмек көрсетудің мерзімі мен тәртібі Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының жұмыс жоспарымен айқындалады. Жоспардан тыс
сапарлар құрылымдық бөлімше басшысының Жоғарғы Сот алқалары төрағаларымен
келісілген және Жоғарғы Сот Төрағасы мақұлдаған дәлелді өтініші болған
ерекше жағдайда жүзеге асырылады. Заңнаманы қолдану бойынша практикалық
көмек көрсету және жергілікті соттардың жұмысының ұйымдастырылуын зерделеу
жөніндегі жұмыс Жоғарғы Сот Төрағасы бекіткен жоспарға сәйкес жүзеге
асырылады. Заңнаманы қолдану бойынша практикалық көмек көрсету және
соттардың жұмысының ұйымдастырылуын зерделеу жөніндегі жоспармен облыстық
және оған теңестірілген соттардың төрағалары, соттардың әкімшісі мен
аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары таныстырылуға тиіс.
Заңнаманы қолдану бойынша практикалық көмек көрсетуді әртүрлі санаттағы
істер бойынша судьяларға түсіндіруді қажет ететін, әлдеқайда жиі
кездесетін проблемалық мәселелерді анықтаудан бастау қажет. Облыстық,
аудандық және оларға теңестірілген соттың төрағасы комиссия мүшелерінің
сот кеңсесінің, мұрағаттың жұмысымен жан-жақтылы танысуын, олар сұраған
құжаттар мен анықтамалардың берілуін қамтамасыз етеді. Комиссия мүшелері
зерделенетін мәселелерге қатысы бар қосымша құжаттарды сұратып алуға,
олардың көшірмелерін жасауға, сондай-ақ қажет болған жағдайларда сот
төрағасының және судьялардың, сот кеңсесі қызметкерлерінің түсініктеме
беруін талап етуге құқылы.Жергілікті соттардың жұмысының ұйымдастырылуын
зерделеу кезінде комиссия мүшелері:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарды, Қазақстан
Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік
құқықтық актілер мен лауазымдық нұсқаулықтарды қатаң басшылыққа алуға;
заңнамалардың қолданылуы жөнінде практикалық көмек көрсету және соттардың
жұмысының ұйымдастырылуын зерделеу кезінде әділетсіздікке және үстірт
көзқарас танытуға жол бермеуге; қызметтік этика мен мемлекеттік қызметші
этикасының нормаларын қатаң сақтауға;зерделеу барысында алынған, заңмен
қорғалатын ақпараттарды жария етуге жол бермеуге тиіс. Қазақстан
республикасының “ Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы”
Конституциялық заңы 2000 жылы 25 желтоқсанда қабылданды. Заң қабылдағаннан
бері 6 жыл өтті, ал әділеттілікті жүзеге асырушылардың қызметінде қандай
өзгеріс болды?
Көптеген теориктер Қазақстандағы сот реформасы аяқталды деп есептейді,
ал практиктер 5-6 жыл ішінде толығымен тиімді жұмыс істейтін инфрақұрылым
құру қиын деп санайды.
Сонау 1994 жылы ҚР Президентінің қаулысымен құқықтық реформаның
мемлекеттік программасы бекітілген болатын. Бұл программа бойынша заң
шығару, сот жүйесі, әділет органдары, прокуратура, ішкі істер органдары,
ұлттық қауіпсіздік саласында түбегейлі өзгерістер көзделген болатын.
Егемендік алған жылы мемлекетке демократияландыруға бағытты жария ету
жеткіліксіз, ол үшін тиісті құқықтық база қажет. Сол жылдары заң шығару
саласы жақсы дамыды (бір жыл ішінде 140 заң қабылданды), бірақ осы
заңдардың атқаруылында қиындықтар болды, себебі судьялардың көбісі бұрынғы
кеңестік қатаңдықты ұстанған болатын.
Қазақстанда сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту, сот-құқықтық
реформасының қарқынын жеделту мақсатында Қазақстан Республикасы
Президентінің 2000 жылғы 1 қыркүйектегі Жарлығымен Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті құрылды.
Қазіргі кезде Комитет Қр Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы №471
Жарлығымен бекітілген ережеге сәйкес облыстық, аудандық, және оларға
теңестірілген соттардың қызметін материалдық-техникалық және өзге де
қамтамасыз ету, сондай-ақ атқарушылық құжаттардың уақытында орындалуын
қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
Сот жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі – кадрларды дайындау болып
табылады. Қазіргі уақытта кез келген коммерциялық университет, институт,
колледж заңгерлерді дайынды. Соның нәтижесінде білімсіз, кәсіпқойлық
деңгейі төмен жас кадрлардың саны көбейіп келеді. Сондықтан мұндай жағдай
болмас үшін, заңгерлер дайындайтын 2-3 жетекші мемлекеттік жоғарғы оқу
орындары болуы қажет.
Батыс елдерінде судья мәртебесі өте жоғары, себебі азаматтар ғасырлар
бойы судьяны үлкен құзыретке ие тұлға ретінде құрметтеген. Мысалы,
Эстонияда судьялардың кәсіпқойлығын арттыру мақсатында судьяларға екі жыл
бойы жаңа заңнаманы толығымен игеруге мүмкіндік беріп, кейін емтихан
тапсырғызды. Жеткілікті балл жинай алмаған судьяларды қызметтен босатты,
осылайша жаңадан судьялық корпус тек кәсіпқой судьялардан тұратын болды.
Біздің мемлекетте де судьялар аттестациядан өтеді, олардың біліктілігін
арттыратын институт құрылды, осылайша біздің мемлекеттегі кәсіпқой
судьялардың саны артуда. Өкінішке орай, сот жүйесінің теріс жақтары да бар.
Мысалы, 2001 жылы ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің тәртіптік-біліктілік
коллегиясымен 212 тәртіптік іс қаралып, 80 судья қызметтен босатылды.
Себептері:заңдылықты бұзу, немқұрайлық және т.б. Бірақ қазіргі біздің сот
жүйесінің жылдан жылға дамуымен, мұндай жағдайлар болашақта болмайды деп
сенеміз.
Реформаның көзделген мақсаттарының бірі – мамандырылған соттарды, яғни
экономикалық, әкімшілік, ювеналды соттарды құру болып табылады. Қазіргі
уақытта экономикалық және әкімшілік соттар қызмет етуде және олар елеулі
жетістіктерге жетті, ал ювеналды сот тәжірибе түрінде жүзеге асырылып
жатыр.
Астанада өткен “ Әкімшілік сот өндірісі” атты халықаралық ғылыми-
практикалық конференцияда Конституциялық кеңестің төрағасы Рогов И. мынадай
ұсыныс енгізген болатын: әкімшілік-биліктік құзыретті органдардың шешімдері
мен әрекеттеріне шағымдану істерін әкімшілік соттардың қарауына беру.
Себебі мұндай құзыретке көптеген елдердің әкімшілік соттары ие. 2004 жылы 9
қыркүйекте ҚР Президентінің қаулысымен 29 мамандырылған ауданаралық
әкімшілік соттар құрылды. Олардың құзыретінде – 400 әкімшілік бұзушылық
туралы істер.
Қазақстан судьяларының IV съезінде мемлекет басшысы Алматы қалалық
сотында шетел компанияларының қатысуымен инвестициялық дауларлы қарайтын
мамандырылған коллегия құруды ұсынған болатын. Алматы қаласын Орталық-
азиялық аймақта қаржылық орталық ретінде даму көзделген. Осыған
байланысты, Алматыда дүние жүзіндегі белгілі қаржылық институттардың
офистары ашылады. Сондықтан олар дүние жүзінде белгіленген құқықтық
жағдайларда қызмет етуі тиіс. Мемлекет басшысы бұл жағдай бойыншамынадай
пікір білдерген болатын: “Шетел инвесторлары дауларды шешу үшін шетел
соттарына жүгінеді. Неліктен сол даулар біздің соттармен қаралмайды?”
Қазақстан Республикасының судьяларыдың моральдық-этикалық келбетін
жақсарту мақсатында барлық облыстық соттар жанынан соттық этика бойынша
коллегиялар құрылды. Олар соттардың заң шегінен шығатын, жұмыстан тыс
уақытта әдепсіз мінез-құлық бойынша істерді қарастырады. Егер сот
төрағасының пікірі бойынша соттың мінез-құлқы сот этикасы шегінен шықса,
төраға тиісті судьяның ісін коллегия қарауына жібереді. Егерде этиканың
бұзылу фактісі анықталса сот төрағасы судьяға қарсы қылмыстық іс қозғай
алады немесе қызметтен босату туралы мәселені қарастырады.
Жоғарғы Сотпен қылмыс жасағандағы сезіктілерді қамауға алуға санкцияны
беру функциясын судьяларға беру туралы заң жобасы дайындалып жатыр. Бұл
жобаны дайындауда негізгі проблема: сот пен прокуратура құзыреті мен
санкция берілудің процедурасын анықтау.Бұл жобаның негізгі 3 нұсқасы
қарастырылады:
1-нұсқа парламент депутаттарымен ұсынылды. Олардың пікірі бойынша бұл
функцияны толықтай судьяларға беру қажет. Бұл жағдайда прокуратура қамауға
талапты білдіреді. Бірақ бұл нұсқа Конституцияға сәйкес келмейді, себебі
Конституцияда жазылған: “ Заңда көзделген реттерде ғана және тек соттың
немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауға ұстауға болады...”
2-нұсқа бойынша, прокурор азаматты қамауға алуға санкцияны 2-3 айға
бере алады. Бұл мерзім аяқталғаннан кейін, егерде қамаудың мерзімін ұзарту
қажет болса, бұл әрекетті судья атқарады.
3-нұсқа бойынша, ереже бойынша санкцияны сот береді. Егер сот санкция
беруден бас тартса, прокурор жоғары инстанциялы сотта оның шешімін
шағымдауға және санкцияны 10-15 күнге беруге сұрауға құқылы. Мұндай шешімді
прокурор, егерде сезікті қоғамға қауіпті болғанда қабылдайды.
1.2 Сот жұмысының ұйымдастырылуы
Кешенді іс-шаралар республиканың жергілікті соттары мен соттар
әкімшілері қызметінің жай-күйін терең зерделеу мақсатында бес жылда бір
рет Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жұмыс жоспарына сәйкес
өткізіледі. Сот жұмысының жай-күйінің жекелеген мәселелерін зерделеу
қажеттігі туындаған жағдайда немесе олардың жұмысында кемшіліктер болған
кезде қызметтің жекелеген бағыттары бойынша мақсатты іс-шаралар
жоспарланады және өткізіледі. Бұрын анықталған кемшіліктерді жоюға
бағытталған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету және зерделеу
мақсатында бақылау іс-шаралары өткізіледі.Комиссия Жоғарғы Сот Аппаратының
зерделенетін мәселелерді мәні бойынша талдауға қабілетті және анықталған
кемшіліктерді жою жөнінде көмек көрсете алатын ең тәжірибелі
қызметкерлерінен құрылады. Комиссияға сондай-ақ Жоғарғы Сотқа бағынысты
басқа ведомостволық органдардың қызметкерлерін қосу ұсынылады.Соттың
төрағасы, соттардың әкімшісі комиссияның жұмыс уақыты мен тәртібі туралы
алдын-ала хабардар етіледі. Олар комиссия келгенге дейін жергілікті соттар
қызметінің барлық бағыттары бойынша ақпарат дайындайды.
Конституцияның 75-бабының 2-тармағына сәйкес, Сот билігі сотта іс
жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары
арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін
жүргізі алқа заседательдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Әділет Министрлігінің
қолдауымен Парламентке алқалы заседательдері туралы заң жобасын ұсынды.
Мұндай соттар көптеген еуропалық мемлекеттерде, соның ішінде Ресейде, АҚШ-
та, Канадада қызмет етеді.
Бұл мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты үкіметтік
емес ұйымдардың қатысуымен шетел гуманитарлықұйымдармен талқылау жүргізген
болатын: Қазақстанда алқа заседательдері бола ма не болмай ма?
Алқа заседательдері сотының концепциясы жасалған. Қай жолмен дамитыны
қоғамға байланысты. Дүние жүзінде мұндай соттардың екі жүйесі бар:
англосаксондық және континентальды. Англосаксондық жүйе бойынша, сот
құрамына кәсіби судья және 12 алқа заседательдері кіреді. Практик-
заңгерлерлердің пікірі бойынша, бұл жүйе толығымен ақталмаған және шығынды,
бұл жүйе бойынша әдеп-ғұрыптар мен тарихқа құрмет көрсетілген. Егерде осы
жүйені Қазақстанға енгізетін болсақ, алдын ала есеп бойынша 26 миллиард
тенге қажет. Бұл жағдайда ол қоғам талаптарына сай бола ма: егерде сот
құрамына мамандар емес жай адамдар кірсе, әділетсіз шешімдердің көп болуы
мүмкін.
Сарапшылардың пікірі бойынша, Қазақстанға тиімдісі континентальды
моделі. Бұл модель көптеген мемлекеттерде жетістікке жеткен: үкімді кәсіби
судья мен 2-4 алқа заседательдері келісе шығарады. Алқа заседательдерінің
кәсіпқойлықсыздығын сол істі қарап жатқан судьяның кәсіпқойлығы мен
тәжірибесі орнын толтырады. Екінші жағынан қаржыландыру жағынан да
тиімдірек болып табылады.
Ұлыбританияда алқа заседательдер сотының құрылуы көп ғасырларға
созылды. Бұрынғы кезде сот айыпталушының кінәлігі немесе кінәсіздігі туралы
мәселені табиғи күштердің көмегімен шешетін.1215 жылы Ұлыбританияда Ұлы
бостандық Хартиясы қабылданды. Осы құжат парламенттің пайдасына король
билігін шектеді, осыдан кейін алқа заседательдер соты дами бастады. Осы
кезден бастап азаматтар қылмыстық, азаматтық істер бойынша “көмекші”
ретінде қатысты. Тәртіп бойынша бұл азаматтар іске судьялар ретінде емес
куә ретінде қатысатын және олардың пікірлерін корольдік судьялар елемейтін.
Бірақ, XV-ғасырда бұл азаматтар істі мәні бойынша шешетін. Бұл процесс
кейіннен Ұлыбританияның колонияларына тарады: Үндістан, Австралия, Жаңа
Зеландия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Африка.
XVIII-ғасырдың аяғында Францияда революциядан кейін корольдік
билікті шектейтін сот ұйымы туралы декрет қабылданды. Нақты осы декретпен
демократиялық әділеттіктің негізі қаланды. Осы декрет бойынша ассиздер,
яғни алқа заседательдері сот жүйесінде маңызды рөл атқаратын. Осыдан кейін
француздық алқа заседательдер соты ұзақ даму кезеңінен өтті. Англосаксондық
және американдық жүйелерден айырмашылығы:
- судьялармен бірге айыпталушы мен куәлерден жауап алады;
- судьялармен ақылдаса үкім шығаратын.
Бірақ бұған қарамастан, көптеген елдерде өзінің ұлттық ерекшеліктерін
және құқықтық әдет-ғұрыптарын ескере отырып, ағылшын тәжірибесін
қолданылады. Мысалы, 1864 жылы Ресейде жалпы және әлемдік судьялардан
тұратын сот жүйесі құрылған болатын. Сол кезде өте ауыр қылмыстар бойынша
істер судья және алқа заседательдерінің қатысуымен қаралатын. Ресейдегі
жүйе француздық модель бойынша құрылған болатын. Алқа заседательдер соты
Ресейде 1917 жылы алынып тасталды. Бірақ, 1993 жылы Ресейдің 9 ауданында
алқа заседательдер соты тәжірибе ретінде қолданыла бастады. Алқа
заседательдер сотының қызметіне заңгерлер, судьялар, прокурорлар теріс баға
берді. Мысалы, Нидерланды мен Германия алқа заседательдер институтын
қолданудан бас тартты. Алқа заседательдер институты Австрияда, Бельгияда,
Ұлыбританияда, Францияда, Италияда, Канадада, Данияда және АҚШ-та жақсы
дамыған.
Енді алқа заседательдері институтының кемшіліктері мен артықшылықтарын
қарастырайық.
Артықшылықтары:
1) биліктің тәуелсіз тармағы ретінде, халықтың сотқа деген сенімін
арттырады;
2) алқа заседательдері үкімді әділетті сезім негізінде шығарады. Осылайша
қоғамға өте қауіпті емес құқыққа қайшы әрекет жасағандарға жаза мөлшерін
азайтуға немесе тіпті жауаптылықтан босатуға болады.
3) сот қателіктер мүмкіндігін төмендетеді. Мысалы, тергеудің сапасыз
қызметін анықтауға мүмкіндік береді.
Кемшіліктері:
1) қарапайым халықтан кездейсоқ сайланатын алқа заседательдері сот
жүйесінің маманы болып табылмайды және кейбір кезде жиналған
дәлелдемелерді дұрыс талдай алмайды;
2) үкім толығымен қорғау не айыптау жағының шешендігі мен айлакерлігіне
байланысты болады;
3) алқа заседательдері көбінесе ақтау шешімдерін шығарады, осылайша
көптеген айыпталушылардың жағдайын жақсартады. Мысалы, жай соттарда
ақтау шешімдері 0,5 пайызды құрайды, ал алқа заседательдері сотының
ақтау шешімдері 10 пайызға дейін жетеді.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты континентальды немесе аралас
жүйені енгізуді ұсынды. Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Алматы қалалық
адвокаттар коллегиясының мүшелері негіз ретінде классикалық моделін
енгізуді ұсынды. Олардың пікірінше, ұсынылып отырған жүйеде шешуші сөзді
кәсіпқой судья айтады, ал бұл жағдай алқа заседательдер қызметі идеясын
теріске шығарады. Ал классикалық модельде шешуші сөзді алқа заседательдері
білдіреді. Сонымен бірге, олардың пікіренше, судьяны алқа заседательдерімен
бірге кеңесу бөлмесінде қалдыруға болмайды. Себебі ол қарапайым азаматтарға
қарағанда тәжірибесі мол, өз саласының маманы және білдірілген пікірлер
ішінде басымдыққа ие бола алады.
Бұған қоса, алқа заседательдері қызметі жағдайында тараптардың
жарыспалылығы ұлғаяды. Бұл тараптардың, соның ішінде мемлекеттік
айыпталушының жұмысқа деген жауаптылығын артады. Сонымен қоса, практикада
судьяны негізінен “қатаң үкім” шығарады деп санайды. Егер де ол “жеңіл
үкім” шығарса, сотталушы жағында деп есептейді ,яғни оның қатаңырақ үкімі
– бұл онша әділетті емес. Алқа заседательдері сотында судья шешім
қабылдауда бейтарап болуға мүмкіндігі көбірек.
Сонымен бірге, сотталушының ісі бойынша пікірі құқық қорғау органдары
дайындаған материалдары негізінде процесске дейін қалыптасады. Бұл жердегі
кемшілік - судья қорғау жағының материалдарымен тек сот процесі кезінде
таныса алады. Ал классикалық модельде, судьяның процесске дейін іс
материалдарымен танысуға мүмкіндік болмайды. Судья алқа заседательдерімен
бірге айыптау мен қорғау жақтарының дәлелдері мен позицияларын қарастырады.
Алқа заседательдеріне кандидатуралардытаңдау жүйесі соқыр сайлау
негізінде жүзеге асырылады.Мысалы, 100 кандидатуралар тізімінен 12 алқа
заседательдері таңдалады. Бұл таңдауда гендерлік, этникалық,
конфессиональдық баланс міндетті түрде сақталуы керек. Мысалы, АҚШ-тағыдай
ақ адамның ісін 12 афроамерикандар қарамауы қажет. Алқа заседательдерінің
тізімін сот секретары анықтайды деген пікір айтылып жатыр.
Негізінен мұндай жауапты істі қызметі жауаптырақ тұлғаға тапсыру қажет, бұл
процедура толығымен болуы қажет.
Алқа заседательдеріне процесс үшін судьяның жарты жалақысына
теңелетін ақы төленуі көзделіп отыр. Сонымен бірге, алқа заседательдері
қолданылатын жаза мерзімі 15-20 жыл болатын, ауыр немесе өте ауыр
қылмыстарды қарастырады.
Сотталушы ерікті түрде ісі алқа заседательдер сотымен қаралуын
шешеді. Мысалы, Ресейде мұндай тәжірибені қолдануда. Алқа заседательдері
соты тәжірибесінде маңызды мәселе: олар тараптарға тікелей сұрақ қоя
алмайды, тек қана судья арқылы.
Алқа заседательдерінің қатысуымен нақты қандай істер қаралуы мүмкін,
оның құрамы қандай болу керек деген мәселелер болашақта ғылым және тәжірибе
жүзінде өз шешімдерін таба жатыр.
Анықтамада келтірілген фактілер мен статистикалық мәліметтер комиссия
мүшелерінің қалауы бойынша толық көлемде немесе ішінара зерделенуге тиіс.
Заңнаманы қолдану жөнінде практикалық көмек көрсету бойынша жоспардан тыс
тексерулерді өткізу кезінде жергілікті соттардың төрағалары алдын-ала
хабардар етілмеуі мүмкін. Заңнаманы дұрыс қолдану жөнінде сотқа көмек
көрсету мақсатында комиссия жұмысына Жоғарғы Соттың алқа төрағаларының,
сондай-ақ судьяларының қатысуы міндетті. Комиссия құрамы мен топ жетекшісі
сот жұмысының көлемі мен судьялар санына қарай анықталады. Комиссия
жұмысына облыстық және оларға теңестірілген соттардың судьялары да
тартылуы мүмкін.Жергілікті жерге барар алдында статистикалық мәліметтерді,
істерді апелляциялық және қадағалау тәртібімен қараудың нәтижелерін,
істердің жекелеген санаттары бойынша сот практикасын талдаудың
қорытындыларын, бұрын зерделенген материалдарды, сот жұмысына жасалған
шағымдарды және өзге де мәліметтерді талдаған жөн.Жергілікті жерлерге
барғанда комиссия мүшелері материалдарды алдыртып, зерделеп жатпауы үшін
материалдар мүмкіндігінше молынан жинақталып, зерделенуге тиіс.

Комитет төрағасының 2003- жыл, 28- ақпандағы N 47-П бұйрығымен
бекітілген Қазақстан Республикасының облыстық және оған теңестірілген
соттарында іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың талаптарының
сақталуын, қандай нарядтар жүргізілгенін, олардың қалай қалыптасатынын
және істердің номенклатурасына сәйкестігін, сот істері есебінің қалай
жүргізілетінін, есеп-статистика карточкасының қаншалықты дұрыс
толтырылатынын және олардың статистикалық есептерді әзірлеу кезінде
пайдаланылуын, статистикалық есеп жүргізу ережесінің сақталуын анықтау
қажет. Сондай-ақ сот хабарламаларын өз уақытында салып жіберу, мүдделі
адамдарға сот құжаттарының көшірмелерін жіберу, тапсыру, беру және үкімді
орындауға байланысты құжаттарды белгіленген тәртіппен жіберудің сақталуы,
атқару құжаттарының өз уақытында берілуі, апелляциялық шағымдары бар
істердің және қадағалау тәртібімен тексеру үшін алдырылған істердің өз
уақытында жіберілуі, заттай дәлелдемелердің, істердің сақталуы мен есепке
алынуы зерделенуге тиіс. Сондай-ақ мұрағаттың жағдайын, ондағы істер мен
материалдарды өткізу және сақтау тәртібін де зерделеу қажет. Азаматтармен
және заңды тұлғалардың арыздарымен жұмыс істеу жағдайы да зерделенуге
тиіс. Азаматтар мен заңды тұлғалардың сотқа келіп түскен, іс жүргізу
заңнамасымен көзделген тәртіпте қаралуға жатпайтын арыздарын тиісінше
тіркеудің ұйымдастырылуын, оларды қарау мерзімінің белгіленуін және оны
сақтаудың бақылануын, шағымдарды тудыратын себептерді және оларды жою
жөніндегі шаралардың қабылдануын зерделеген жөн.Шағымдарды қараудың
нәтижелері бойынша жауаптармен танысып, онда келтірілген дәлелдерге
қаншалықты нанымды және толық жауап берілгені, кімнің қол қойғаны,
шағымдардың қайтадан түсу себептерінің талдануы анықталуы қажет.Сотта
келушілердің тиісті құжаттарды толтыруы үшін жабдықталған арнайы орын
болуы керек, талап арыздар мен басқа да іс жүргізу құжаттарының тиісінше
ресімделеген үлгілері мемлекеттік және орыс тілдерінде ілініп тұруға
тиіс. Сот статистикасын талдау кезінде сот жұмысының зерделеніп отырған
кезең ішіндегі көрсеткіштерін өткен жылдың тиісті кезеңіндегі
көрсеткіштермен, сонымен қатар облыс, республика бойынша орташа
көрсеткіштермен салыстыру маңызды. Салыстыру кезінде әсіресе жекелеген
санаттар бойынша қылмыстық және азаматтық істердің түсуі жөнінде елеулі
ауытқушылықтарға, жазалау шараларын тағайындау практикасына, соттың
профилактикалық қызметіне, үкімдер мен сот шешімдерінің апелляциялық және
қадағалау тәртібімен бұзылуына және өзгертілуіне назар аудару қажет.Сондай-
ақ судьялар мен сот кеңсесінің қызметкерлерін сипаттайтын қолда бар
материалдар да зерделенуге тиіс.Мақсатты іс-шараларға дайындық кезінде
жергілікті жерге барған кезде зерделенуі керек деп көзделген сот
қызметінің бағытына қатысты мәліметтер зерделенеді.Егер зерделеу барысында
комиссияның жұмыс жоспарында көзделмеген, бірақ назар аударуға тұрарлық
мәселелер туындаса, онда осы мәселелер де қаралуға тиіс. Комиссияға
жергілікті жерге барған соң жұмысты судьялармен және сот кеңсесінің
қызметкерлерімен жан-жақты әңгімелесуден бастау ұсынылады. Бұл
әңгімелесудің мақсаты судьялармен және сот кеңсесінің қызметкерлерімен
танысу, оларға комиссияның алдына қойылған мәселелерді түсіндіру, соттағы
істің жайы туралы алдын-ала мәлімет алу болып табылады. Сот жұмысының
ұйымдастырылуын зерделеуді сот кеңсесі қызметкерлері арасындағы, сондай-ақ
істерді қарау және сот қызметінің өзге де мәселелері бойынша судьялар
арасындағы міндеттердің қалай бөлінгенін, осы мәселенің қаншалықты сәтті
шешілгенін және жұмысты бөлудің қабылданған тәртібінің сот алдында тұрған
мәселенің табыспен орындалуына қаншалықты әсер еткенін, осы орайда
қылмыстық және азаматтық істерді, атап айтқанда, кәмелеттік жасқа
толмағандардың қылмыстары туралы істерді қарау ерекшеліктерінің қалай
ескерілгенін, жұмыстың жекелеген учаскелерін және әрбір қызметкердің
қызметін бақылаудың қалай жүзеге асырылып жатқанын анықтаудан бастаған
жөн.Жұмысты ұйымдастырудың негізі оны жоспарлау болып табылады. Осыған
байланысты, зерделеу барысында, жоспарланған іс-шаралардың қаншалықты
өзектілігіне, оларды таңдаудың немен түсіндірілетініне, облыстағы,
аудандағы заңдылықтың жай-күйінің қаншалықты ескерілетініне, қылмыс пен
соттылық туралы мәліметтердің талдануына, жоспарлардың орындалуы
тұрғысынан алғанда қаншалықты шынайы екендігіне, жоспарларда прокуратура
және ішкі істер органдарымен бірге өзара іс-шаралардың көзделген-
көзделмегеніне, нақты орындаушылардың және орындалу мерзімінің
көрсетілуіне, жоспарланған іс-шаралардың орындалуын бақылаудың қалай
жүзеге асырылатынына назар аудару қажет. Қылмыстық және азаматтық істерді
қарау бойынша жұмысты зерделеу оны ұйымдастырылу деңгейінде қарауды, оның
сот төрелігін тиісінше қаншалықты жедел қамтамасыз еткенін, оның жоғары
кәсіби және мәдени деңгейде іске асырылуын анықтауды мақсат етеді.Комиссия
мүшелері жұмысқа кіріскенде соттағы бар істерді зерделеуге, оларды тіркеу
карточкаларымен салыстырып, жоқ істердің қайда екендігін құжат бойынша
анықтаулары тиіс. Мұнан басқа тіркелмеген істердің бар-жоғын, олардың
қашан түскенін, неге тіркелмегенін және неге қаралмағанын, сондай-ақ
қаралатын қылмыстық және азаматтық істердің тізімінің ілінген-ілінбегенін,
оларда істердің қаралатын уақыты мен орнының көрсетілуін анықтаулары
қажет.Комиссия мүшелері сотта істерді қарау практикасын — бір айда
өткізілген сот отырысының санын, бір уақытқа бірнеше істерді қарауға
тағайындау жағдайларының бар-жоғын, осы орайда істерді күрделілігіне
қарай, мұқият қарау үшін қажетті уақыттың қаншалықты дұрыс белгіленгенін,
сот отырысына шақырылуға тиісті адамдар санының қаншалықты дұрыс
ойластырылғанын, олардың істердің қаралуын күту үшін уақыт жоғалтпауы
қаншалықты ескерілгенін, іске қатысушы адамдар - тараптарға, куәгерлерге,
сарапшыларға және т.б. шақыртулар мен хабарламалардың уақытында
тапсырылуының қамтамасыз етілуін, осы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz