50-70 жылдардағы Ирандағы саяси оқиғалар


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Шілде көтерілісі. Рәзмара өлімінен соң Хосейін Әла премьер -министр болған еді. Алайда Иран мұнай өндірісі мемлекеттік меншікке өткен соң, аталмыш заңды жүзеге асыру үшін Мәжіліс премьер-минитр қызметіне доктор Мұхаммед Мұсддықтың кандидатурасын ұсынып, көпшілік дауыспен бекітті (1951ж., сәуір) . Мұсаддык аталған заңды орындау мақсатында 5 кісілік комитет құрып, оларды мұнай құрылымдарын мемлекет иелігіне қайтару жұмыстарын жүргізу үшін мамыр айында Хүзестанға аттандырды. Иран іс-әрекеттеріне қарсылық танытқан Британия үкметі Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне шағымданды. Қазан айында Мұсаддық Қауіпсіздік Кеңесінің жиналысына қатысу үшін Нью-Йоркке аттанды. Сол жерде сыртқы істер министрі Вейн Аченспен кездесіп, өзара түсіністікке қол жеткізді.

1953 жылы 27 сәуірде XVII- Мәжіліс ашылды. Мәжіліс құрамындағы 79 депутаттың 30-ы ұлттық шеп ұйымының мүшелері мен оның жақтастары еді. 1952 жылы 26 масымда премьер- министр Мұсаддық Шахқа минитрлердің тізімін ұсынғанда өзін әрі қорғаныс министрі етіп көрсетті. Шах бұл ұсынысты қабыл алмады. Мұсаддық өзінің қызметінен кетуі жөнінде хат жазып, тікелей халыққа жүгінді. Осыдан келіп ұлттық дағдарыс туындады.

Ұлттық Кеңес Мәжілісінің жиылысына Мұсаддықты қолдаушы 28 депутат қатыспай, қалыс қалды. Қалған 42 депутатың екеуінен басқасы премьер-министрлікке Кәвамды лайық көрді. Алайда халық бұл істі қолдаған жоқ.

Кәвам премьер-министр болған соң (7. 06. 1951) халыққа аса қатаң үндеу жариялады: « Менсаяси істерде соңы дау туғызатын алдауды, діни мәселелерде рия мен айланы жек көремін. Менің татулықпен істеін деген жұмысыма зиян келтіріп, жолыма бөгет жасап, қоғам тәртібінің бұзғандардың күні қараң болады . . . Ешкімнің лауазымына қарамастан тиісті шара қолданылады. Тіпті парламенттің қолдауымен төңкерістік сот құрып, бұзақылықтың қай түріне болсын рақымсыз үкәм шығарып, жолын кесуім мүмкін . . . Теһран. 18 шілде 1952ж. . Премьер-министр Кәвам-ал Сәлтәне» .

Кәвам премьер-министр болып сайланғанда Ұлттық кеңес Мәжілісі депутаттарының 30 мүшесі коммюнике жариялап, халықты қарсылыққа шақырды.

21-шілдеде мәжіліс ғимаратына баратын көшелер мен даңғылдар қарулы әскерлермен толып, екі арада шайқас басталып кетті. Осындай саяси шиеліеістер барысында Теһран, Хамадан, Әхваз, Исфахан, Керманшах қалаларында жарақаттанғандары мен қайтыс брлғандарды қосқанда барлығы250-дей адам зардап шекті. Аса үлкен қақтығыстар Теһранда жүріп, сол күні 5 сағат бойы ұрыс-жанжал басылмады. Оссы шайқаста 29 ереуілші қайтыс болды.

Негігі бөлім

50-70 жылдардағы Ирандағы саяси оқиғалар

Әскери төңкеріс. 19 тамыз, 1953ж. Шілде айының 21-де болған халық көтерілісінің барысында шатыман оқиғалар түрткі болғаны үшін патшаның шешесі мен Әшрәф Пәһлеви (шахтың қарындасы) Ираннан қуылып, шахпурлармен шахдохттардың арнайы кеңселері жабылды. Ұлттық кеңес Мәжілісі 24 шілдедегі көтерілісті киелі ұлттық көтеріліс деп бағалай отврвп, сол күнгі шәһид болғандарды «ұлт шәһидтері» деп атады.

Мәжіліс бекіткен айыптау қорытындысының жеке бабы бойыша Амед Кәвам қанды оқиғаның себебкері дееп танылып, оны «Мосед- ол әрз» (жер бетінің пасығы) деп айыптады. Барлық айыбы монына қойылған Кәвамның бүкіл дүниесі мен мал мүлкі, байлығы кәмпескеледі. Мәжіліс қабылданған қаулы бойынша премьер-министр қызметі мен әскери билік уақытша, алты айлық мерзімге доктор Мұсаддыққа твапсырылды. Сонымен қатар Аядолла Қашаниді Теһранның жұма имамы міндетінен босатып, мәжіліс төралығына сайлады.

Мұсаддық қанды оқиғадан кейін қоғамға түбегейлі өзөгерістер жасауға кірісті. Кезінде Реза Шахқа сот жүйесін жаңартуға жәрдемші болған, діни ағымға қарсы Иран партиясының діни емес басшыларының бірі қазы Абдоләли Лотфиге әділет министрлігін тапсырды. Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі мен транспорт министрлігін Иран партиясының діни емес басшыларына тапсырған үшін Мәжілістегі дәстүршіл қанаттың қолдауынан айырылды. Мәдениет министрлігінің тізгінің Туде партиясының жақтасы және Әзірбайжан университетінің оқытушысы доктор Мәһди Азарға ұстатты. Осы себебтерге байланысты ұлтшыл қанаттың діни басшылары мен Доктор Мұсаддық арасында келісппеушіліктер пайда бола бастады. Мәселен экономика министрі нан бағасы төменденте бастаған уақытта, оған Қашаниді Қолдаушы кәсіпкерлер үкіметтің еркін нарықтық базар ісіне араласуына қақысы жоқ деп шықты. Сондай-ақ Қашанидің ықпалымен телефон компаниясының мемлекеттік кәсіпорынға айналдыруға бөгет жасады. Мұсаддық кеңесшілері әйелдерге дауыс беру құқығын ұсынғанда олар тағы да қарсы болды. Осылайша қарсы қимылдар ары қарай жалғаса берді. Кейін Мұсаддық мәжілістен өзіне берілген билік мерзімін тағы да 12 айға ұзартуды сұрағанда діндар депутаттардың басым көпшілігі ұлттық қанатты тәрк етті. Қашани бқл ұсынысты диктаторлықтың бір түрі деп бағлады. Сөйтіп 1953 жылы тамыз айында орта буынның дәстүрлі жаңаша ағымының арасындағы қайшылықтар өз бейнесін көрсете бастады. Мұсаддық орта буынынң жаңа ағымымен одақтасам деп үш топтың қолдауынан айырылды. Олар: кәсіпкерлердің өкілдері, ислам мұжаһидтері, еңбекшілер және ислам жапидалардың партиясы еді.

Шет жерлерде Мұсаддыққа қарсы қызу жұмыстар жүріп жатты. 1953 жылы көктемде АҚШ Корея соғысын аяқтауға жақын қалған еді. Сол уақытта Иран коммунистік идеялар иіріміне батып бара жатқандай көрінді. Сол жылдың 1-мамырында Мәжіліс ғимаратының алдында солшыл ағымның үлкен шеруі өтті. Баһарыстан алаңының айналасында орнатылған репродукторлардан: «Қытай мен Кореяның ұлы халқы жасасын! Әлемнің демократиялық күштерінің жетешісі -қаһарман Кеңес халқына бізден сәлем! Америка мен Британияға өлім!»- деген секілді әртүрлі ұрндар салып, шеруге шыққан солшылдар батысшылдыққа қарсы елді үгіттеп жатты. Жұмысшы күннің бұл аяқ алысы Иранның ішкі мәселелернен алыстап, АҚШ пен Британияға қарсылықты қолдауды күшейте түсті. Сол себептен АҚШ пен Британия Иран мәселесімен арнайы айналысуға кірісті. Шахтың айдаудағы қарындасы Әшрәф ханыммен байланысып, ол арқылы Шахқа хат жолдады. Хаттың мәтіні күні бүгінге дейін жария етілген жоқ. Патшалыққа қарсы офицерлер өзара ұйымдасып, жасырын түрде көтеріліс жоспарын жасай бастады. 21 шілдеде бір топ әскери басшылар офицерлер клубына жиналып, «Отанды құқару» комитетін құрды. Бұл комитеттің көрнекті өкілі генерал Фәзлолла Зәһеди еді.

1953 жылы 15 маусымда әскери төңкеріліс басталды. Шах 14- шілдеде Мұсаддықты преиьер-министр қызметінен босату туралы жарлығын жариялады. Соның артынша тағы бір жарлық арқылы Заһедиді оның орнына тағайындады. Шах одан кейін жұбайы Сорәиямен бірге Ноушаһарға жол жүріп кетті де Мұсаддықтың реакциясын көрмек болды. Мұсаддық жарлықты алып барған генерал Нәсириді тұтқынға алды. Сөйтіп, төңкеріс жеңіліске ұшырады. Оның негізгі себептердің қатарына мыналарды жатқызуға болады: төңкерістен хабардар болған азаматтардың көп болмауы; төңкеріс мерзімінің қолайсыз уақытқа белгіленуі (түнгі сағат 22) ; қорғаныс министрлігі мен жандармерияның және әуе күштерінің жұмыс тәсілдерінің ескерілмеуі, төңкеріс басшысы Зәһедидің табандылық көрсете алмауы, Шахтың Теһранда болмауы.

17-тамызда Шах Бағдаттқа қашып кетті. Тақ тағдырын шешу үшін ұлттық қозғалыс тарапынан арнаулы комитет құрылды. Туде партиясының қолдаушылары көшеге шығып, шах пен оның әкесінің ескерткіштерін тұғырынан алып тастады8-тамызда Мұсаддық АҚШ елшісімен мемлекет тағдыры үшін маңызы зор әңгіме өткізген соң, армияға көшелерді ереуілшілерден тазалауға бұйрық берді. Алайда ереуілшілер Мұсаддық жақтастары болғадықтан армия бұл мұрсатты Мұсадықтың өзін бастап тастауға пайдаланды. 19-тамызда Зеһедидің басшылығымен 35 шерман такісі Мұсаддық отырған мекекнді қоршауға алды. Екінші жағынан «мисыз» деген лақап атпен танылған Шабан тәрізді адмадардың басқаруымен топтасқан тобыр базар бағытына қарай жол тартты. Жандармерия да сарай қорасында жұмыс істейтін 800-ге жуық дихандарды Вәраминнен Тәһранға алып келді. Туде партиясы төңкеріс басталған соң және оың шынайы мақсаты айқын болмағандықтан сол күні олардық әрекеті Мұсаддықтың саясатына кесірін тигізбесін деген оймен оған телефон соқты. Жағдай тағы да шиелене түскен сәтте тағы да Мұсаддықпен хабарласты. Алайда Мұсаддық: « Менің қолымнан келетін түк жоқ . Қолдарыңыздан келгенін істей беріңіздер» деп жауап қайтарды. Әуел баста іс тізгінінен айырылып қалған Туде партиясы түстен кейін сағат 15-те шара қолданбақ болғанымен табысты әрекет жасай алмады.

Шахтың қайтадан Иранға келуі. 16-тамызда болған әскери төңкеріс кезінде Мұхаммед Реза Шах Ноушахарда болатын. Төңкеріс жеңіліске ұшыраған соң Иранға қайта оралудан бас тартып, Бағдадқа қашып, ол жерден Римге кетті. Екі күн Римдегі Экселсивер қонақ үйінде Британия және АҚШ басшылығымен ұдайы хабарласып отырды. Америкалықтар Шахтың оралуына аса мүдделік танытпады, оның үстіне Шах американдықтарға өз орнына басқа әскери адамды тағайындауды ұсынды. Алайда британдықтар мұндай ұсыныспен келіспей, кеш қимылдаған жағдайда, Ирандағы билік басына коммунистік идеямен суарылған үкмет келеді деп қаіуптеніп, АҚШ-ты Шахтың Иранға қайта оралуына ықпал етуге көндірді.

Заһеди үкметі. Мұсаддық үкметі құлаған соң генерал ФӘЗлолла Заһеди үкмет басына келіп, лде әскери режим жариялады. Сонымен қатар, Мұсаддықпен оның үкметі мүшелерін және Мұсаддықты қолдайтын бірнеше беделді депутатарды жазалау науқанын бастады. Ұлттық қозғалыс көсемдері Халел Малеки, Дариуш Фухер тәрізді адамдар қамауға алынды. Шах қашқаннан кейін оған қарсы пікірлер айтып, сыни мақалалар жазған Мұсаддық үкметтінің сыртқы істер минитрі доктор Хасейн Фатеми өлім жазасына кесілді. Доктор Шай Ган, доктор Садиги, Қазым Хасеби, доктор Санжаби бірнеше айдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Туде партиясы басшыларының бірнешеуі ШығысЕуропаға қашса, бірнешеуі абақтыға қамалды, кейбіреулері патша жақтастарының қатарына қосылды.

Доктор Мұхаммед Мұсаддық соты. Мұсаддықты соттау мақсатында арнайы әскери сот құрылды. Алайда, Мұсаддық өзінің Иран премьер-министрі екендігін, сондықтан ол сотты өзіне лайықты деп санамайтндығын айтты. Әскери сот шешімі бойынша Мұсаддық үш жылға бас бостандығынан айырылып, түриеге жабылды. Кейін жаза мерзімі біткен соң туған жеріАхмедабадқа барып, өмірінің соңғы жылына деін сол жерде тіршілік етті.

Мұнай консорциумы. Заһеди үкметі бірінші кезекте Иран мұнайын әлемдік базарға шығаруды мақсат етті. Осы орайда Иран мен Британия арасындағы саяси байланыс қайта жандана түсті. АҚШ, Британия, Франция, Голландия компанияларынан құралған косорциуммен келіссөз жүргізе бастады. 0954 жылы екі жақтың үлесі елуде- елу пвайызға келісілген келісімшартқа қол жеткізілді. Мұсаддық үкметіне көмек беруден бас тартқан Эйзенхауер үкметі Заһедидің жаңа үкметіне жедел түрде 45 миллион доллар көлемінде көмек көрсетті.

Премьер-миинстр Икпал. Заһедиді өзөіне бақталас ретінде қабылданған Мұхаммед Реза Шах оны 1955 жылы қызметінен босатып, Швецарияға қуып жіберді. 1956 жылы оның орнына доктор Мәнаучеһр Иқбалды тағайындады. Осы уақыт аралығында премьер-министр міндетін уақытша Хосейін Әла атқарды. Иқбал үкметінің билігі 1960 жылғы дағдарысқа орай Шах құрбандыққа шалғанға дейін төрт жылға созылды.

САВАК ( мемлекеттік қауіпсіздік және ақпарат ұйымы) Керманшахта орналысқан танкі бригадасын заманының ержурек офицерлердің бірі, полковник Теймур Бәхияр Мұсаддық басқарды. Ол 19 тамызда болған төңкеріс кезінде түнделетіп теһранға келді. Қан төгістен кейін АҚШ-тың нұсқауымен Теһрандағы әскери күштерге жетекшілік етіп, нағыз билік иесіне айналды. Туде партиясын қарусыздандырып, «Ислам Жнпида» ұйымының мүшелерін оққа ұшырды, екінші танк гарнизоның азапханаға айналдырды. 1956 жылы АҚШ кеңесінің ұсынысы бойынша САВАК-тың тұнғыш президенті болып сайланды.

САВАК шын мәнінде АҚШ пен Иран бірлескен ұйымы қызметін атқарды. Оның қызметкерлері ЦРУ, Израильдің Моссад ұйымымен әріптес болып, солардың тәжірибелерінен өтті. САВВАК Иран үкметіндегі ең қатал да қорқынышты полицияға айналды. Олардың аса қатаң, асқан жауыздық тәсілдері тек Иранда ғана емес, әлемге әйгілі болды. САВАК-тың әуелгі міндеттерінің бірі Шахқа көмек көрсету және елді коммунизм қауіпінен аман алып қалу еді.

1960-1963 жылдардағы саяси оқиғалар. 1960 жылы Иран экономикалық дағдарысқа ұшырады. Шахтың пасықтығы мен оның өз орнына лайықты емес екендігіне АҚШ-тың көзі жетті. КЕңес Одағы да Шахпен ашық жауластыққа бара бастады. Сол жылы жазда Мәжіліс өз мерзімін аяқтамастан бұрын таратылып, Иқпал премьер-министрлік қызиетінен босатылды. Оның орнына Жафар Шарих Имами келді. Бір топ саясаткерлер өзінің саяси жоспарларында жер рефомасын сөз еткен Әли Әмини маңына жиналды. Осындай оқиғалар барысы Шахты прмьер-министірлікке Әли Әминиді тағаындауға мәжбүр етті. Оның АҚШ қолдауына ие болуы Шахтың мазасын кетірді. Әли әминидің жер туралы реформасында жерді дихандар арсына бөлу мәселесі алға қойылған еді. Алайда ол шахтың және косерваторлар мен ұлттық қозғалыстың, сондай-ақ Кеңес Одағының жан-жақты қысым көрсетуі салдарынан он төрт айдан кейін отставкаға кетуіне тура келді. (18 шілде 1962ж. ) . Оының орнына Әсетолла Әләм тағайындалды.

Әләм 1962 жылы 8 қазанда сайлаушылар құқықтарын белгілейтін уалаяттар қоғамының заң жобасын беккітті. Мұнда ислам шарттары сайлаушы және сайлаушылар құқықтарын шектемейтіндігі айқындалды, оның ішінде әйелдер де дауыс беру құқығына ие болды. Бірақ, бұл жобалар Имам Хомейіни мен өзге де дін ғұламаларының қарсылық білдіруіне байланысты өтпей қалды. Дегенмен Шах осы мәселеге байланысты референдум өткізу туралы шешім қабылдады. 1963 жылы 26 қаңтарда аоты баптан тұратынмыннандай ұсыныстар референдум сауалнаасына қойылды, олар: 1) жер реформасы; 2) ормандар мен жайлауларды мемлекеттік қорға алу; 3) мемлекеттік заыуттарды жер реформачының іске асыуна қолдау көрсету мақсатында акционерлік компанияларға айналдыру; 4) жұмысшыларды зауыт акциясына ортақтастыру; 5) сайлауға қатысты заңды реформалар және жаппай сайлауға қатьсыты мәселесі оның ішінде әсіресе әйелдердің қатысуы; 6) білім әскерін құру, яғни кейбір азаматтардың әскери міндеттерін ауылдарда дәріс беріп атқаруына мүмкіндік беру.

Көптеген қарсылықтарға қарамастан референдум өтті. Ақпарат құралдары көрсеткен деректерге қарағанда 5 600 000 адам келісім дауысын берген. діни топтар оған қарсы 1963 жылы айт күнін халықтық аза күні деп жариялады. Бұл шараның салдарынан 22 наурыз күні Феизийе медресесіне шабуыл жасады. Осы оқиғада қайтыс болғандардың қырқы сол жылғы 3 маусымдағы Хосейіни Ашура күнімен сай келді. Сол күні кешкісін Шахқа қарсы сөз сөйлеген Имам Хомейни тұтқындалды.

Ертесіне маусымның төртнде Құм қаласында, 5-де Теһранда халық шеруге шықты. Ресми деректерде осы қақтығыста жүздеген адам қаза тапты деп көрсетілегнімен, Бейресми деректер шын мәнінде 15 мыңға дейін жеткен дегенді айтады.

Қорытынды

37 жылға созылған Шах билігінің сыртқы саясаты сол кезеңдегі саяси - қоғамдық өзгерістермен тікелей байланысты болды. Алғашқы 12 жылға (1941-1953ж. ) мемлекеттік істерде премьер-миинстірлердің билігі үстем болуы салдарынан патшалық жүйенің негіздері әлсіреп, Мұхаммед Реза Шахтың нақтылы өзіндік сыртқы саясаты болмады. Зәке-ол Мок Форуғи, Кәвам-әл Сәлтене, Хосейін Әла, Рәзмара үкметті ұстап тұрған кезде Иран сыртқы саясаты негізінен Брмтания ықпалында болып келді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иранға АҚШ президенті
1978-1979 жылдардағы Иран революциясы. Хомейни ролі
Араб халықтарына Ұлы державалардың жүргізген отарлық қысымын әшкерелеу
Қазіргі Халықаралық қатынастардағы Иран Факторы туралы ақпарат
Иранның сыртқы саясатының дамуының негізгі бағыттары
ХХғ. Азия және Африка елдерінің әлеуметтік жағдайына сипаттама
Иран ислам революциясы және шах режимінің құлауы
ХІХ ғасырдың I жартысындағы Орта Шығыс және Үндістандағы халықаралық қатынастар
Күрдістан және күрдтер мәселесі (хіх ғ. 90 ж.– 1917)
ХХғсоңындағы азия және африка елдерінің әлеуметтік жағдайына сипаттама туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz