Зат алмасуы


Зат алмасуы мен оның жас ерекшелігі
Зат алмасуы туралы жалпы түсініктеме. Астың маңыздылығы мен сіңімділігі оның құрамына байланысты. Нанның, ет пен сүттің сіңімділігі мен маңыздылығы олардағы белок, май, кемірсу жөне витаминдерге байланысты анықталады. Зат алмасуы тірі табиғаттың ерекше маңызды жөне организмнің негізгі қызметі. Зат алмасуы тоқталысымен тірлікжойылады. Оның барысында организмге түрлі қуаты бар қореюік заттар, түздар мен су кіреді де, бүл заггардың ыдырауынан пайда болған денеге қажетсіз улы заттар денеден шығарылады. Жаңадан қабылданған заттардан организмдегі ұлпалардың клеткаларының өздеріне бейімделген затгар жасалады. Бұл ассимиляция, яғни организмге енген заттарды өздеріне бейімдеп өзгерту. Мұнымен бірге организмде клеткалар мен олардың бөлшектері ескіреді, олар ыдырайды, яғни диссимиляция байқалады. Ассимиляция мен диссимиляцияның нәтижесінде организм ескіріп тозған қажетсіз заттарды сыртқа шығарады және қызметіне қажетті қуат алады.
Зат алмасуы баланың өсіп, дамуы кезінде күшті болады. Бұл адамның жас ерекшелігінің ауқымды бір көрсеткіші. Балаларда ассимиляция диссимиляциядан басым болады, олар тек ересек адамда ғана теңеседі. Бала кезінде ассимимляция басым болса, қартайғанда, керісінше диссимиляция басым болады. Бұл заңдылық түрлі ауруларға, сыртқы ортаның қауырт жағдайларының өсеріне байланысты бұзылады.
Адам организміндегі клеткалардың құрамында көптеген химиялық заттар бар. Олар органикалық және бейорганикалық болып екі топқа бөлінеді. Органикалық заттарға: белок, май, көмірсу, гормондар мен ферменттер, ал бейорганикалық заттарға: су, түрлі минерал тұздары жатады. Дені саулығы бар ересек, 70 кг салмағы бар, адамның организмінде шамамен 40-45 лсу, 15-17 кгбелок, 7-10 кг май, 2, 5-3 кг тұздар, 0, 5-0, 8 кг көмірсу болады. Бірақ дененің химиялық құрамы біркелкі тұрақты болмайды. Организмдегі үнемі болып жататын синтездеу мен ьщырау қажетті заттармен ұдайы дұрыс және жеткілікті шамада қамтамасыздандыруды талап етеді. Организмге қажетті "құрылыс материалдары" денеге тамақтану арқылы жеткізіледі. Әр адам өмір бойы өзінің салмағынан анағұрлым артық белоктар, майлар, көмірсу, тұздар мен суды қабылдайды. Мысалы, 65-70 жас өмір сүрген кісі шамамен 50 т су ішетін көрінеді, ал жейтін белогы 2, 5 т, майлары 2 т, көмірсулері 10 т, 200-300 кг ас түзын жейді екен. Бүл зат алмасуының организмде күшті екенін көрсетеді. Егер денеде зат алмасуы болмаса, адам организмінде қанша заттар жиналып қалар еді!
Белоктың маңызы және кажетті мөлшері. Азықтың ең құнды бөлігі белок, өйткені белокпен ғана тамақтанса, адам біраз уақыт өмір сүре алады, ал белоксыз өмір сүру мүмкін емес. Белок ыдырағанда май мен көмірсу түзіледі. Егер белокты (айталық, сүттің белогын) тікелей қанға жіберсе, адам уланады. Кейбір адамдарға сиыр сүті, жұмыртқа жақпайды, себебі бұл тамақтардағы белок ішек-қарын арқылы ыдырамай, сол күйінде қанға өтеді.
Белоктың құрамында азот, күкірт, амин қышқылдары бар, ал май мен көмірсуында олар жоқ.
Адамның тіршілігіне қажетті белок мөлшерін б е локтік минимум дейді. Ол жасқа байланысты өзгереді.
Қарапайым белоктың құрамында 4 зат қана бар: оттегі, сутегі, көмірсу жөне азот, ал күрделі белоктарда (мысалы белогында) бүлардан басқа күкірт, фосфор, темір т. б. бар. Белоктар мономерлі амин қышқылдар ы н а н тұрады. Белок молекуласында 100 ден 3-ға дейін мономерлер болады. Олардың молекулалық массасы 17000-нан 5-ға дейін. Не бары 20-дан астам амин қышқылдары бар. Солардан шексіз көп белоктар түзіледі, әр кісінің белоктары өзіне ғана тән етіп бейімделген.
Организмдегі белоктар түрлі қызмет атқарады. Ферменттердің негізі болып зат алмасуындағы химиялық реакциялардың қарқынын езгертеді, яғни биологиялық катализатор қызметін атқарады. Кейбір белоктар транспорттық қызмет атқарып, заттарды тасымалдауға қатысады. Бүдан бұрын айтып кеткен эритроциттердің құрамындағы гемоглобин отгегі мен көмір қышқыл газын тасиды. Денедегі барлық қозғалыс арнайы белоктар актиннің және миозиннің қатысуымен орындалады, яғни белок еттің ж и ы р ы л у қызметіне де қатысады. Денедегі клеткалардың құрамының негізгісі болып, белоктар -құрылыс материалы қызметін атқарады. Сонымен, біздің өміріміздің барлық салаларына белок қатысады.
Тамақтың құрамындағы күрделі белоктар ас қорыту сөлдерінің әсерінен қарапайым түрлері пептидтерге және амин қышқылдарына айналады. Мұны біз ас қорыту жүйесінің қызметін жазғанда қарастырғанбыз. Ал сол қарапайым заттар қанмен күллі клеткаларға тасылып, олардан әр клетканың өзіне бейімделген белоктар өндіріледі.
Амин қышқылдарының 10% организмнің өзінде өндірілмейді, сондықтан оларды таптырмайтын кышқылдар дейді. Бұларға аргинин, триптофан, лейцин, изолейцин, валин, треонин, лизин, метионин мен фенилаланин жатады. Өсіп, дамып жатқан бала организміне бұларға қоса 10-қышқыл - гастидин аса қажет. Осы аталған ауыстырылмайтын амин қышқылдары жейтін астың құрамында жеткіліксіз болғанда адам денесінде, өсіресе балалар мен жас өспірімдердің организмінде айтарлықтай өзгерістер пайда болады. Денеде белоктың қоры онша көп емес, сондықтан ашығу баланың өсуін мүлде тоқтатады, кейде ұзаққа созылған жағдайда ақыл кемшілігі пайда болуы мүмкін, баланың жұқпалы ауруларға қарсы түру қабілеті нашарлайды. Мысалы, ауыстырылмайтын амин қышқалдарының көпшілігі құрамында болмайтын өсімдік тағамдарымен ғана қоректенетін елдерде "квашиоркор" деген сырқат көп кездеседі.
Адам организміне тәулігіне қанша белок қажет болады? Ауыр жүмыспен шұғылданбайтын адам үшін орта шамамен тәулігіне адамның әрбір кг салмағына
1, 1-1, 3 г белок қажет.
Ересек адам ауыр жүмыс істегенде, оның бұлшық еттерінде белок жиналады, ал қалыпты жағдайда белок жиналмайды, артық мөлшері майға айналады немесе азот түрінде денеден шығарылады.
Өсімдік белоктарымен салыстырғанда, жүмыртқадан басқа, жануарлар белогы сіңімділеу болады. Шіріген тамақтың белогының сіңімділігі артады. Әр ұлпаның белок қажетгілігі әр түрлі. Мысалы, мидың ақ заттарына белоктан гөрі май көбірек қажет, ал мидың сүр затына, бүлшық еттерге, керісінше, белок көбірек қажет болады. Адамның өсуі мен дамуына белоктың мөлшері ғана емес, сапасы болуы керек. Нәресте тек қана ана сүтімен қоректенеді. Сүт табда аттан, нәресте үшін арнап жасаған дайын тағамы. Нәресте тәулігіне 600 мл сүтті анасының емшегінен сорып алады. 3-6 айлығында оған 700-800 мл сүт керек. Ана сүтінің құрамында белок, май, қант, минерал заттары, витаминдер т. б. бала тірлігіне қажетті заттардың бәрі бар және олар сапалы болады. Әсіресе биологиялық ете құнды - альбумин, гамма-глобулин, т. б. - белоктың түрлері, ферменттер, гормондар, иммунды денешіктер жеткілікті мөлшерде болғаны баланың дұрыс өсуіне өте қажет. 1 жасқа дейінгі балалардың дұрыс өсуіне дене салмағының әрбір кг-ы 5 грамға дейін белок қажет екен. Осы белокты бала ана сүтінен ғана ала алады. Ана сүтінің құрамы сиыр сүтінен басқаша. Құрамындағы заттардың қасиеті жағынан ана сүтіне бие сүті ғана жақын. Сиыр сүтінде көбірек те альбумин мен глобулин азырақ, ал ана сүті мен бие сүтінде олар керісінше. Сиыр сүтінің майының қүрамында қаныққан май қышқылдары көп, ал ана сүті мен бие сүтінде қанықпаған май қышқылдары кебірек. Адамның сүтіндегі белоктың жалпы мөлшері онша кеп емес 1-3 жасар баланың жейтін тамағының белоктың 75 % жануар текті, ал 25 % өсімдік текті болуы қажет. 5 жасар балалар үшін бүлар тең мөлшерде қажет болса, жас өспірімдер үшін өсімдік белогының мөлшерін кебейте түсу қажет. Нәрестенін дене салмағынын ұлпаларының клеткасындағы судың мөлшері - 80 %. Мектеп жасына дейінгі балаларда өсу, даму қаркыны жоғары болғандықтан, денесіндегі судың мөлшері де көп. 1 жаска дейінгі сәби төулігіне 800 мл, 2-4 жаста - 950 мл, 5-6 жаста - 1200 мл су ішуі керек. Ұл балалар қыздарға қарағанда суды көбірек ішеді, өйткені олардың дене қимылдары кезінде бұлшық еттеріне су көбірек қажет болады. Жалпы, бала организмінде зат алмасу күшті болғандықтан, суды кеп қажет етеді.
Қуаттың алмасуы. Ұлпадағы клеткаларда белок, май, көмірсу оттегінің қатысуымен тотығып ыдырайды жөне осы заттар денеге бейімделіп қайтадан өндіріледі. Қоректік заттардың тотығу нөтижесінде бөлініп шығатын қуаттың мөлшері бірдей емес. Белгілі бір қоректік заттың 1 г тотыққанда шығаратын қуаттың мөлшерін сол заттың калориялық коэффициенті деп атайды. Бүл мөлшер калориямен (кал), килокалориямен (ккал) немесе джоульмен (Дж), килоджоульмен (кДж) өлшенеді. 1 қдж = 4, 187 ккал. 1 г белок = 4, 1 ккал (17, 17 қЦж), 1 г май = 9, 3 ккал (38, 39кДж), 1 г. кемірсу = 4, 1 ккал (17, 17 кДж) . Қоректік затгар денедегі ұлпалардың клеткаларында ферменттердің қатысуымен тотығады. Клеткада ядро мен протоплазманың қүрамындағы белок, май, көмірсу ыдырайды. Мүнымен қатар қажетті заттар клеткада өндіріліп, ыдыраған заттардың орынын басады. Сөйтіп организм мен сыртқы ортаның арасында зат алмасуы үнемі болып түрады да, клеткалар жаңарып отырады. Организм бүйрек, тері, өкпе және ас қорыту жоддары арқылы денеде жиналған қажетсіз заттарды ыдыраған түрде сыртқа шығарады. Қоректік заттардың ыдырауынан пайда болған сыртқа шығарылған мочевина, фосфор қышқылы, көмірқышқыл газы, азот, аммиак т. б затгарды сыртқы ортада өсімдікгер пайдаланады да күн сөулесінің қуатын пайдаланып олардан жасыл жапырақтарда белоктар, май, көмірсу түзіледі. Мысалы, организмде белок түгел тотықпайды, оның тотығуының нөтижесінде мочевина, креатин, креатинин, аммоний түздары сияқты затгар пайда болады. Организмдегі тотығатын қоректік заттың түрі тамақтың қүрамына байланысты. Денеге сіңген 1 л отгегінің жылулық эквиваленті әртүрлі болады. Оттегініңкалориялық эквиваленті деп 1 л О 2 сіңген кезде шығатын жылуды айтады. Тыныс коэффициенті арқылы оттегінің калориялық эквивалентін тауып, оны белгілі бір мерзім ішінде сіңген оттегінің мөлшеріне көбейтіп, денеден шыққан энергияның мөлшерін білуге болады. Қуат шығыны екі түрлі өдіспен анықталады: а) денеден шыққан жылу қуатын тікелей калориметр деген аспаппен өлшеу - тікелей калориметрия өдісі; ө) газ алмасуын өлшеу арқылы, яғни жанама калориметрия әдісі. Тікелей калориметрия әдісі бойынша жылу қуаты калориметрлік арнайы камерадағы температураның өзгеруі арқылы анықталады. Ал жанама калориметрия әдісі бойынша белгілі бір уақытта денеге сіңген оттегінің мөлшерін не денеден шыққан көмірқышқыл газдың мөлшерін өлшеп, есептеп шығарады. Тәуліктегі жұмсалатын қуат мөлшері адамның жасына, денсаулығына, азығына және іс-қимылына байланысты. Жеңіл дене еңбегінде тәулігіне 2000-2300 ккал қуат жұмсалады, ал ауыр жұмыс кезінде бүл мөлшер істеген жұмысқа сай 2-3 есе артады. Атқарған жұмыстың ауыр-жеңілдігіне, күрделілігіне, денеге түсетін жүктеменің салмағына қарай қуат мөлшері әр деңгейде өзгеріп отырады. Ми еңбегінде дене еңбегінен гөрі қуат аз жүмсалады. Мамандығына сай адамдардың қуат жүмсау мөлшері әркелкі болады. 10 % төмен болады. Қыз балалардың негізгі зат алмасун я балалардан анағүрлым төмен. Бұл айырмашылык 6 аяла басталады да өмір бойы сақталады. Негізгі зат алмасуының мөлшері 1 кх салмз>; і шаққанда жаңа туған нөреетелерде онша көп емес 38-41 ккал, туғаннан кейін ол көбейе бастайды: 2-4 аптада -г ккал, 5-8 аптада 49 ккал, 8-12 аптада 54 ккал, 1-1, 5 жан 55-60 ккал болып ең жоғарғы деңгейіне жетеді. Ересек адамда 23 ккал
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz