Абайдың Алла тағалаға көзқарасы



АБАЙ ХАҚИҚАТ ТУРАЛЫ
АБАЙДЫҢ АЛЛА ТАҒАЛА ТУРАЛЫ КӨЗҚАРАСЫ
АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
ЖАРАТУШЫ ҒАЛАМНЫҢ ІШІНДЕ
Абай отыз сегізінші қара сөзінде Алла тағала туралы былай деп жазады: «Себебі, Алла тағала Өзі – Хақиқат, растықтың жолы. Қиянат – Хақиқат пен растықтың дұшпаны. Дұшпаны арқылы шақыртқанға дос келе ме? Көңілде өзге махаббат тұрғанда, хақлықты таппайды. Адамның ғылымы, білімі Хақиқатқа, растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтықтықпенен табылады. Ол – Алланың ғылымы емес, һәмманы білетұғын ғылымға ынтықтық, өзі де адамға өзіндік ғылым береді. Оның үшін ол Алланың өзіне ғашықтық. Ғылым Алланың бір сипаты, Ол – Хақиқат. Оған ғашықтық өзі де хақлық һәм адамдық дүр. Болмаса мал таппақ, мақтан таппақ, ғизат құрмет таппақ секілді нәрселердің махаббатымен ғылым – білімнің хақиқаты табылмайды». Абайдың бұл сөзі оның «Алланың Өзі де рас, сөзі де рас» өлеңінен кейін Алла тағаланың Хақиқат, яғни қазақша айтқанда Оның барлығы рас екенін тағы да ескертіп тұр. Ал Оны табу үшін Оған деген махаббат керек. Оған деген махаббат құштарлықтан, Оны білуге ұмтылудан туады. Алланың өзіне ғашық болып, Оның хикметін білуге ұмтылған адамда барлық білім көзі ашылып, ол толық білімге ие болады. Адамдық дегеніміз осы. Ал бұған мал таппақ, мақтан таппақ, ғизат құрмет таппақ мақсатында жасалатын іс - әрекеттер арқылы жетуге болмайды.
Абай Алла тағаланы Хақиқат деп атайды. Арабтың бұл сөзі қазақтың «растық, шындық» деген сөздерінен әлдеқайда кең ұғымды білдіреді. Себебі қазақшаға араб тілінен енген алдында «ғ» немесе «қ» әрібі бар сөздер – Алла тағалаға қатысы бар сөздер. Қазақ тілінде араб сөздері ислам дінінің тарауына байланысты енді. Ендеше ол сөздер Алла тағаламен тікелей байланысты. Сондықтан олар рухани мағыналы сөздер. Мысалы, арабтың «хакім» деген сөзі рухани басшыны білдірсе ол қазақшаға «әкім» болып ел басқаратын адамды білдіретін сөзге айналып кеткен. Сол сияқты «ғадалет», «хүкім», «хаса», «ғақыл», «ғалам», «харам» Алла тағаланың әділеттілігін, Оның үкімін, істерінің аса кереметтілігін, ақылдылығын, Оның үкімінен басқаның барлығы арам екенін білдісе, қазақ тіліне олар «әділет», «үкім», «аса», «ақыл», «әлем», «арам» болып фәни күнделікті өмір көріністерін білдіретін сөздерге айналған. Абай араб сөздерін өз мағынасында қолданған. Ендеше арабтың «ғылым» сөзі Алла тағаланың қасиетін білдіретіндіктен Абай бұл сөзді қолданғанда рухани ғылым туралы айтатынын ескерген жөн. Рухани ғылым барлық болмысты қамтитындықтан, тіршілік ғылымы да осы сөздің ішіне кіреді.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚР БІЛІМ БЕРУ МИНИСТРЛІГІ.
№ 29 орта мектеп.

ТАҚЫРЫБЫ: Абайдың Алла тағалаға көзқарасы.

ТЕКСЕРГЕН: Сапарова Р.Ә.

ОРЫНДАҒАН: Исагалиева Б.М.

АСТАНА 2004 жыл.

АБАЙ ХАҚИҚАТ ТУРАЛЫ.
Абай отыз сегізінші қара сөзінде Алла тағала туралы былай деп жазады:
Себебі, Алла тағала Өзі – Хақиқат, растықтың жолы. Қиянат – Хақиқат пен
растықтың дұшпаны. Дұшпаны арқылы шақыртқанға дос келе ме? Көңілде өзге
махаббат тұрғанда, хақлықты таппайды. Адамның ғылымы, білімі Хақиқатқа,
растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтықтықпенен
табылады. Ол – Алланың ғылымы емес, һәмманы білетұғын ғылымға ынтықтық, өзі
де адамға өзіндік ғылым береді. Оның үшін ол Алланың өзіне ғашықтық. Ғылым
Алланың бір сипаты, Ол – Хақиқат. Оған ғашықтық өзі де хақлық һәм адамдық
дүр. Болмаса мал таппақ, мақтан таппақ, ғизат құрмет таппақ секілді
нәрселердің махаббатымен ғылым – білімнің хақиқаты табылмайды. Абайдың бұл
сөзі оның Алланың Өзі де рас, сөзі де рас өлеңінен кейін Алла тағаланың
Хақиқат, яғни қазақша айтқанда Оның барлығы рас екенін тағы да ескертіп
тұр. Ал Оны табу үшін Оған деген махаббат керек. Оған деген махаббат
құштарлықтан, Оны білуге ұмтылудан туады. Алланың өзіне ғашық болып, Оның
хикметін білуге ұмтылған адамда барлық білім көзі ашылып, ол толық білімге
ие болады. Адамдық дегеніміз осы. Ал бұған мал таппақ, мақтан таппақ, ғизат
құрмет таппақ мақсатында жасалатын іс - әрекеттер арқылы жетуге болмайды.
Абай Алла тағаланы Хақиқат деп атайды. Арабтың бұл сөзі қазақтың
растық, шындық деген сөздерінен әлдеқайда кең ұғымды білдіреді. Себебі
қазақшаға араб тілінен енген алдында ғ немесе қ әрібі бар сөздер – Алла
тағалаға қатысы бар сөздер. Қазақ тілінде араб сөздері ислам дінінің
тарауына байланысты енді. Ендеше ол сөздер Алла тағаламен тікелей
байланысты. Сондықтан олар рухани мағыналы сөздер. Мысалы, арабтың хакім
деген сөзі рухани басшыны білдірсе ол қазақшаға әкім болып ел басқаратын
адамды білдіретін сөзге айналып кеткен. Сол сияқты ғадалет, хүкім,
хаса, ғақыл, ғалам, харам Алла тағаланың әділеттілігін, Оның
үкімін, істерінің аса кереметтілігін, ақылдылығын, Оның үкімінен басқаның
барлығы арам екенін білдісе, қазақ тіліне олар әділет, үкім, аса,
ақыл, әлем, арам болып фәни күнделікті өмір көріністерін білдіретін
сөздерге айналған. Абай араб сөздерін өз мағынасында қолданған. Ендеше
арабтың ғылым сөзі Алла тағаланың қасиетін білдіретіндіктен Абай бұл
сөзді қолданғанда рухани ғылым туралы айтатынын ескерген жөн. Рухани ғылым
барлық болмысты қамтитындықтан, тіршілік ғылымы да осы сөздің ішіне кіреді.

Алла тағала Өзі - Хақиқат деген Абай сөзіндегі Хақиқат сөзі
тіршіліктің ақиқат, шындық деген ұғымын емес, Алла тағалаға қатысты
айтылып тұрғанықтан ең жоғары ақиқатты, яғни Абсолюттік ақиқатты білдіріп
тұр. Ендеше Абай сөзін Алла тағаланың Өзі – Абсолюттік ақиқат деп
түсінуге болады.
Философиялық сөздікте абсолют (лат. absolutus – сөзсіз) деген
ұғымды - өзінен өзі жеткілікті, яғни толық бүтін, басқа ештеңеге тәуелді
емес, бүкіл болмысты қамтитын және оны жарататын мәңгі, шексіз, кемелді
және өзгермейтін субъект ретінде береді. Абай ұғымы бойынша бүкіл әлемнің
жаратушысы бар. Абай Алланың өзі де рас, сөзі де рас өлеңінде Замана,
шаруа, мінез күнде өзгерді,.. Күллі махлұқ өзгерер, Алла өзгермес, - деп
жазады. Сондықтан өзгермейтін Алламен байланыспаған қандай да болмасын
құбылыс түрін абсолютке жатқызуға болмайды. Салыстырмалы сөзі абсолюттің
белгілі бір дәрежесін көрсетеді. Салыстырмалы ұғым біздің жетілу
деңгейіміздің төмендігінен шығатынын Абай отыз сегізінші қара сөзінде былай
деп түсіндіреді:
Біз Алла тағаланы өзінің білінгені қадар білеміз, болмаса түгел
білмекке мүмкін емес. Заты түгіл, хикметіне ешбір хакім ақыл ерістіре
алмады. Алла тағала - өлшеусіз, біздің ақылымыз - өлшеулі. Өлшеулімен
өлшеусізді білуге болмайды. Ақылымыздың өлшеулігіне қарамай, өмірімізді
аболютпен байланыстыратын болсақ, оның нәтижесі өте жоғары болады.
Шығармаларының сапалығына және Көкбай ақын тәрізді оны жақсы білетін
замандастарының естелікеріне қарағанда Абайдың өзі өмірін үнемі Алла
тағаламен байланыстырып, барлық айтқан сөз, жасаған іс - әрекетін соған
айналдырып әкеліп түйіп отырған.
Мұсылман дініндегі суфистік философияда Алла тағаланы Хақиқат деп
атау кеңінен етек алғаны белгілі. Сопылар ілімінде Абсолюттік ақиқат өте
терең зерттеліп, тереңінен беріледі. Абай шығармаларынан оның бұл іліммен
жақсы таныс болғаны байқалады. Абайдың мұсылман дінін ғана емес, басқа да
діни - философиялық ағымдармен жақсы таныс болып, ой - өресі бүкіл адамзат
ауқымында өріс алған. Ол Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп деген сөзін
тегін айтпаған. Бұл сөздің астарында оның терең мағынасын әбден түсініп,
сезіну жатыр. Бұны ойшылдың отыз төртінші қара сөзінен де көре аламыз. Ол
былай деп жазады:
Адам баласына адам баласының бәрі - дос. Не үшін десең, дүниеде
жүргенде туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан
жерің, бармақ жерің - бәрі бірдей, ахиретке қарай өлуің, көрге кіруің,
шіруің, көрден махшарда сұралуың - бәрі бірдей, екі дүниенің қайғысына,
пәлесіне хаупің, екі дүниенің жақсылығына рахатың - бәрі бірдей екен.Бес
күндік өмірің бар ма, жоқ па?.. Біріңен бірің қонақ екенсің, өзің дүниеге
де қонақ екенсің, біреудің білгендігіне білместігін таластырып, біреудің
бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық қылып, көз алартыспақ лайық
па? Тілеуді Құдайдан тілемей, пендеден тілеп, өз бетімен еңбегімді жандыр
демей, пәленшенікін әпер демек - ол Құдайға айтарлық сөз бе? Екі ауыз
сөздің басын қосарлық не ақылы жоқ, не ғылымы жоқ бола тұра, өзімдікін жөн
қыламын деп, құр ой, Тәңір - ай! деп талача бергеннің несі сөз? Оның несі
адам?. Абай осы сөздерімен жеке адамдардың ғана емес, барлық халықтардың
да бір - бірімен тең екенін, сондықтан жер бетіндегі барлық халықтардың
өзара ынтымақтығының, достығының нығаюы заңды құбылыс екенін білдіреді.
Бірақ ол үшін Тілеуді Құдайдан тілемей, пендеден тілеу, Пәленшенікін
әпер деп талас қылу Құдай ісі емес екенін түсіну керек.
Абайдың отыз сегізінші қара сөзінде былай деп жазылған:
Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда
ғана оның аты адам болады. Сонан соң ғана Алла тағаланы танымақтық, өзін
танымақтық, дүниені танымақтық, өз адамдығын бұзбай ғана жәліб мәнфағат
дәфғы мұзарратларны (пайдалы және залалды істерді) айырмақлық секілді ғылым
- білімді үйренсе, білер деп үміт қылмаққа болады. Болмаса жоқ, ең болмаса
шала. Абайдың осы сөзінде бүкіл болмыстың бес негізі қамтылған. Біріншісі,
Алла Тағаланы танымақтық, бұл - Алла Тағаланың жасампаз, жаратушылығын
тану. Екінші, өзін танымақтық, бұл - адамның өз болмысын, яғни жан иелерін
тану. Үшінші, дүниені танымақтық, бұл - қоршаған ортаны, бүкіл табиғатты
тану. Төртінші, өз адамдығын бұзбайтын пайдалы және залалды істерді
айырмақлық, бұл - іс - әрекетті қалай жасауын тану. Бесінші, уақыт. Уақыт
туралы дәл осы арада айтылмаса да, оны ойшылдың отыз жетінші қара сөзі мен
көптеген өлеңдерінен табамыз. Бұлар бүкіл болмысты қамтып, оның бес негізін
көрсетеді. Сонымен Абай төмендегідей болмыстың бес негізін түгел береді:
1. Жаратушы (Алла Тағала).
2. Жан иелері.
3. Қоршаған табиғат.
4. Іс - әрекет.
5. Уақыт.
Абай отыз сегізінші қара сөзін көбіне діни адамдарға және медресе
шәкірттеріне арнап жазған деген сөз бар, сондықтан ол ғылым ұғымын
бүгінгі түсініктен мүлде бөлек қолданады. Оны өзінің әрі қарай жалғастырған
мына сөзінен де көруге болады: Ғылым - Алланың бір сипаты, Ол - Хақиқат,
Оған ғашықтық өзі де Хақлық һәм адам дүр.Болмаса мал таппақ, мақтан таппақ,
ғиззат - құрмет таппақ секілді нәрселердің махаббатымен ғылым - білімнің
хақиқаты табылмайды.
АБАЙДЫҢ АЛЛА ТАҒАЛА ТУРАЛЫ КӨЗҚАРАСЫ.
Абай ілімі бойынша имандылық дегеніміз бір Жаратушының бар екеніне
иланып, Оның заңдылықтарын танып, өмірді сол заңдылықтармен үйлестіру.
Данышпан Абай өзі болмыстың заңдылықтарын танып - түсініп, бізге
барлық себептің бір ғана себебі барын, ол себептің Алла екенін білдіреді.
Алланың өзі де рас,сөзі де рас,
Рас сөз ешуақытта жалған болмас,-
дейді ол. Алла тағаланың барлығына Абай өзінің қырық бесінші қара сөзінде
былай деп дәлел келтіреді:
Құдай табарака уатталағаның барлығының үлкен дәлелі - неше мың
жылдан бері әркім әртүрлі қылып сөйлесе де, бәрі де бір үлкен Құдай бар деп
келгендігі, уа һәм неше мың түрлі діннің бәрі де ғаделет, махаббат Құдайға
лайықты дегендігі. Бұл арада Абай Құдайдың бір екенін және барлығына ортақ
екенін айтып отырғаны анық білініп тұр.
Алланы танып - білу үшін әрбір халық Оның сипаттарын білдіретін
әртүрлі есіммен атайды. Бұл туралы отыз сегізінші қара сөзінде Абай былай
деп жазады:
Алла тағаланың заты ешбір сипатқа мұқтаж емес, біздің ақылымыз
мұқтаж, жоғарыда келтірілген сипаттармен Алла тағаланы анықтап танымаққа
керек. Егер де ол сипаттарымен анықтамасақ, бізге Алланы тану қиын болады.
Жаратушыны біздің халқымыз Алла, Құдай, Тәңір, Жаратушы, Құдірет тағы
сол сияқты есімдермен атаса, Оның басқа тілдерде Йегова, Будда, Христос
тағы басқадай есімдері бар. Ислам дінінде Оның тоқсан тоғыз есімі беріледі.
Жаратушының есімдері көбінесе Оның сипаттарын білдіреді. Мысалы, Алла
деген есім араб тілінде Жоғары Жаратушы ұғымын береді. Будда санскритте
ақылды, көкірегі ашылып шапағат алған деген мағына береді. Ведаларда да
Оның аттары көп. Олардың барлығы да Құдайдың сипаттары. Мысалы: Кришна -
бәрін өзіне тартушы, қызықтырушы, Рама - бәрін қуандырушы, Говинда -
сезімдердің иесі, Ишвара - бұйырушы, Парабраһман - Ең Жоғарғы Рух, тағы сол
сияқтылар.
Өмірде қарапайым адамның мінез - құлақ, сыр - сипатын толық білудің
оңай еместігі әркімге де аян. Ал Алла тағаланы адамның өзінің шектеулі ой-
өрісімен тануы мүмкін емес екенін Абай былайша түсіндіреді:
Біз Алла тағаланы Өзінің білінгені арқылы ғана білеміз, болмаса Оны
түгел білмекке мүмкін емес. Заты түгілі, хикметіне (даналығына) ешбір
данышпан ақыл ерістіре алмайды. Алла тағала - өлшеусіз, біздің ақылымыз -
өлшеулі. Өлшеулімен өлшеусізді білуге болмайды.
Абайдың бұл сөзі Құдай қайда, егер бар болса Ол неге көрінбейді?
дейтін кейбіреулердің сұрағына жауап болып табылады.
Негізінде бұл фәни өмірдің ықпалында жүрген адамға төрт кемшілік тән.
Біріншісі, адам баласы қателік жіберуге бейім.Таңдаулы, ұлы деген
адамдардың өздері қателікке ұрынып жатады.
Екіншісі, адамның өзін тәнге балап, түпкі нұсқасы жан екенін дұрыс
түсінбеуі.
Үшіншісі, алдауға бейімділік. Әркім біреуді алдауға бейім тұрады.
Себебі әркім өзін ақылды сезінеді. Немесе тағдырдың ықпалына түседі.
Төртіншісі, біздің сезімдеріміз шектеулі. Мысалы, қараңғы түссе біз
Құдай түгілі өзіміздің көз алдымыздағыны да көре алмай қаламыз. Бұл
тұрғыдан қарағанда бізден кейбір хайуанаттар артық. Қараңғыда адамның көру
қабілетінен мысықтың көру қабілеті артық. Иттің иісті сезу, есту
қабілеттері, бүркіттің көру қабілеті адамдікінен көп артық екені белгілі.
Абайдың Алла тағаланы біз Оның Өзінің білінгені арқылы ғана
білетінімізді айтқаны - Оның әркімге ашыла бермейтінін көрсеткені. Алла
тағала ашылса, әркімге әртүрлі деңгейде ашылады. Себебі, Алла тағала -
Жаратушы. Оның түрлі жан иелеріне қатынасы бірдей болмауына еркі бар.
Егер адамға Алла ашылса, ол адам Аллаға деген сүйіспеншілікке жетеді.
Бірақ Алланың ашылуы үшін адамның соған сәйкес қасиеті болуы керек. Ол
адамға бірден берімейді. Абайдың ілімі бойынша оған құлшылық жолы арқылы
ғана жетуге болады. Ал құлшылық жолына түсу үшін алғашқы рухани білім
керек.
Отыз сегізінші сөзінде Абай Алла тағаланың үш аспектісін білдіреді.
Біріншісі, Алла тағаланың тұлғалық аспектісі. Абай Алла тағаланың сегіз
тұлғалық қасиетін көрсетіп, оларды толығымен сипаттайды. Екіншісі, Алла
тағаланың жүректегі аспектісі. Абай Отыз сегізінші сөзінде Алла тағала
бүкіл ғаламның ішінде, ал ғалам Алла тағаланың ішінде екенін жазады. Алла
тағала ғаламның ішінде болса, онда Ол әркімнің жүрегінде де болуы керек.
Үшіншісі, Оның әлемдік сипаты. Абайдың ғалам Алла тағаланың ішінде деген
сөзі жаратушының осы әлемдік сипатын білдіреді.
Енді Абайдың отыз сегізінші қара сөзі бойынша Алла тағаланың осы үш
болмысының әрқайсысына жеке-жеке тоқтайық.
АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ.
Алла тағаланы Абай молынан суреттейді. Алла тағаланың түрлі сипатарын
данышпан анық беріп, сол арқылы адам өмірінің мақсатына көз жеткігендей
болады. Өмірде барлық сипаттары бірдей ұқсас келетін адамдарды табу қиын.
Адамдардың барлығы да бір - бірінен бөлек, мінез - құлық, түр - сипат,
әдеттерімен бір - біріне ұқсамайды. Абай олар туралы Өздерің де ойлаңдар,
неше түрлі жан барсың,- дейді.
Тіпті, хайуанаттар дүниесі де түрлі тұлғалардан қаралады. Әрбір
жануардың, малдың, аңның мінез - құлқы, сезіп - білуі бөлек. Бұл бір түр
мен екінші түрдің арасында ғана емес, бір түрдің ішінде, тіпті бір топ
хайуанаттардың арасында да аңғарылады. Өсімдік әлемінде де түрлі
өсімдіктерді байқауға болады. Бір өсімдік пен екінші өсімдіктің арасында
бір қарағанда ұқсастық болғанымен, көз жіберіп қараған адамға көптеген
айырмашылықтар табуға болады. Мысалы, ұқсас деген екі ағашты салыстыратын
болсақ, олардың көптеген айырмашылықтарын көреміз, ал ішкі әлемнің өзгерісі
өз алдына. Бұл әрбір жан иесінің өзіндік ерекше қасиеттері барын көрсетеді.
Олардың әралундығының негізі жан қасиетінде жатса керек. Абай ақыл мен жан
- мен өзім деп әркімнің негізгі болмысы жан екенін тегін ескертіп отырған
жоқ. Жан таза рух болғандықтан, оның қасиеттері өте көп. Бұл әрбір жан
иесінің өзіндік қасиеттерін тудырып, табиғаттың шексіз әралуандығын
жасайды. Бұдан Алла тағаланың да шексіз әралуан қасиеттері бары түсініктк
болады.
Алла тағаланың өзіндік қасиеттері барын басқаша дәлелдеуге де болады.
Егер пенделерде ерекше сипаттар болатын болса, онда оларды жаратқанның
Өзінде де сондай сипат болу керек. Себебі жаратушы өзінің жаратқан
пенделрінен кем болуы мүмкін емес қой. Бұл туралыАбай былай дейді:
Пендесінде ақыл - үкмші, қайрат, қуат - қызмет қылушы еді.Соған қарап
ойлайсың: Алла тағаланың сипатында да солай болмаққа тиіс.
Абайдың айтуына қарағанда, барлық жан иелері тәрізді Аллаға да сүю,
кешіру, мейірім, жақсылық жасау сияқты тағы басқа да ерекше қасиеттер
тән.Ол да сезеді, біледі, қалайды, қанағаттанады. Иә, Ол да ләззаттанады.
Ләззат алу - Оның көп қасиеттерінің бірі. Олай болса Алла тағала болмысты
өзін қанағаттандыру үшін жаратады.
Барлық болмысты Алла тағаланың Өзі жаратқандықтан, Оған басқа
ештеңенің қажеті жоқ, сонымен бірге, тіпті қажет болғанның өзінде де басқа
алатын жер жоқ. Сондықтан Алла тағалада керектінің барлығы бар және толық
қанағаттана алады. Олай болса, Жаратушыда Өзін қанағаттандырып, ләззат
алудан басқа ешқандай да мұқтаждық болмаса керек. Адамзат та - Жаратушының
- болмыстың бір бөлігі. Бұл - бүкіл адамзат, барлық болмыс Жаратушымен
біртұтас деген тұжырымға әкеледі. Сонымен бірге жан иелері және Жаратушы
әрқайсысы жеке тұлғалар болғандықтан, олар бір - бірінен бөлек. Жан
иелерінің міндеті - Жоғары Тұлғаға қызмет ету арқылы Оны қанғаттандыру. Бұл
түсінік адам Құдайға құлшылық етуі керек деген Абай ойының теориялық
негізі тәрізді.
Бүкіл болмыстың мақсаты - Жаратушыны қанағаттандыру, дей келіп Абай
сол мақсатқа жету жолын да көрсетеді. Махаббатпен жаратқан адамзатты
дейді данышпан Алланың өзі де рас, сөзі де рас деген өлеңінде. Махаббат -
Жаратушының бір қасиеті. Ол барлығын да Өзі ләззат алу үшін жаратқандықтан,
жаратудың махаббатпен болатыны да түсінікті нәрсе. Ол, әсіресе, адамзатты
махаббатпен жаратады. Себебі, адамзат бүкіл жер бетіндегі барлық
жаратылғандардың кемелдісі. Адамзатты махаббатпен жаратса, Сен де сүй ол
Алланы жаннан тәтті деп данышпан адамның ізгі міндетін көрсетеді.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп дегені Аллаға деген сүйіспеншілікке,
яғни соның жолы деп түсінуге болады. Ал бұл адамзатқа қызмет арқылы болады.
Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайдың алла, дін, мұсылманшылық туралы философиялық ой-толғамдары
Абай Құнанбаевтың діни-ағартушылық бағыттағы туындылары
Қазақ философиясы. Асан Қайғының, Шоқанның, Абайдың идеялары
Абайдың дінге көзқарасы
ҰЛТТЫҚ ЗИЯЛЫЛАРДЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МҰРАЛАР
Абай мұрасы – рухани ілім
Абай дүниетанымындағы ислами құндылықтар
Абай-қазақ халқының хәкімі
АБАЙ ТОЛЫҚ АДАМ ТУРАЛЫ
Қазақ санасына мұсылман дінінен енген жаңа этикалық ойлар
Пәндер