Әлемді жаулап алушы – Шыңғыс хан


Шыңғыс хан
ЖОСПАР
1. Әлемді жаулап алушы - Шыңғыс ханның өмірбаяны.
2. Шыңғыс Хан құрған мемлекеттің қоғамдық құрылысы.
3. Шынғыс хан шебер қолбасшы.
4. Шыңғыс хан және оның мұрасы.
КІРІСПЕ
Шыңғысхан билеген тұста, Қазахстан жерінде көптеген өзгерістер болып отырды. Қарапайым халықты қырып жойып, елінен жерінен айырып баспанасыз қалдырып, халықты бытыратып жіберді. Бұндай іс қимылдар тек қана қазақ жерінде болып қана қойған жоқ, бүкіл Еуропа мен Азияны қамтыды. Шыңғысханның осындай әрекетке бару себебі, бүткіл дүние жүзін өзіне бағындыру арқылы өзін жеңілмес қолбасшы ретінде танытып, беделін ғана ойлады. Шыңғысханның бұл әрекеті іске асып, өзін дүние жүзіне, әлемді жаулап алушы хан екендігін танытты.
Шыңғысхан өзінің билігіне араласқан адамдардың жеп көрді, өзінің іс- әрекетіне арласқан бауырларында өлтіруден тайымбайтын. Ол өзіне қарсы шыққан ұлын өлтіргенін біреу білсе, біреу білмейді, осы әрекетіне қарап қан ішер деп айтсақ, үлкен қате болады, себебі Шыңғысханнан асқан ақылды, парасатты, батыл қолбасшы жоқ болды деп айтсақ артық болмайды. Баласының өлу себебі өзінің әкесін (Шыңғысханды) өлтіріп билікті өз қолына алу болды, оны сезген Шыңғысхан оны өлтіруге бел буды. Осылайша өз билігін одан әрі жалғастырды.
ШЫҢҒЫС ХАН ШЕБЕР ҚОЛБАСШЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МҰРАСЫ
Әлемді жаулап алушы - Шыңғыс ханның өмірбаяны
«Ал енді ол туатын уақыт жеткен кезде,
Шыңғысхан өзінің оң қолының алақанында
Бір түйір ұйыған қанды қыса дүниеге келді»
Асыл аңыыз.
Болашақ Шыңғыс хан бір деректер бойынша 1162-ші, ал келесі бір деректер боиынша 1155-ші жылы туылған. Ол қиятбөржіген тайпасының көсемі, бай ноян Есугей баһадүрдің ұлы еді. Әкесі Есугей-баходыр, татар басшысы - Темүжін-үгені тұтқынға алғандықтан, ұлына Темүжін деген ат қойған.
Есугей Бартан-баходырдың ұлы және Қабыл-ханның немересі болған. Ол хан болған жоқ, ол баходыр (батыр) атағын иеленді. Есугей Хұтұл-ханның цзиньцзалармен соғысына белсенді қатысты.
Есугей-батыр, бірнеше моңғол ұлыстарын біріктірген ұлыстың басшысы болды. оның өмірі соғыстар мен жорықтарда өтті және оның ерлігі мен тегеурінінен қорыққан достары мен дұшпандарының көпшілігі өз өмірін сақтап қалу үшін бағынды, сондықтан оның жағдайымен ісі түгелдей өз жөнімен жүріп, тамаша жағдайда болды.
Темүжін тоғыз жасқа келгенде, Есугей оған Оэлунның руынан (Темүжіннің шешесі) алқоңыт руының қызына түспекші болды. Баланы өзімен бірге ертіп алып, ол жолға шықты. Жолда оларға қоңырат руынан шыққан Дай-сешен кездесті.
- Есугей құда, Қайда жол тарттыңыз?
- Мен өзімнің мынау ұлыма қыз айттыруға бара жатырмын, - деді Есугей. Дай-сешен Темүжінге қарады.
- Сенің ұлыңның көзі отты, ал жүзі жарқын екен. Құда Есугей, бүгін түнде түсімде менің қолыма күн мен айды тырнағына ілген қыран қоныпты. Бұл нені білдіреді, - деп ойладым мен. Қарасам, ұлыңды ертіп сен келе жатырсың. Қоңырат тайпасының ежелден даңқы шыққан, біздің немерелеріміздің көркі мен қыздарымыздың сымбаты мен сұлулығына тең түсентіндер жоқ. Құда Есугей, менің үйіме соға кет. Қызым менің қызғалдақ, Есугей құда көріп кетуің керек.
Есугей Дай-сешеннің қызы он жасар Бөртеге көз салды, жүзі жарқын, көзі оттай жанып тұр екен! Қонақтар түнеп, ал таңертең құдалық басталды. Атақты күйеу баланы айналдырған Дай-сешен, Есугеймен құда болғысы келіп, сыпайлықпен саудаласты.
Саудаласты да, былай деді. Әке-шешесінің есігінде отырып қартаю, қыз-баланың талайына жазылмаған. Қызымды беруге келісемін. Ұлыңды күйеу жігіт етіп қалдырып кет. Солай келісті. Есугей Дай-сешенге өз сәйгүлігін сыйға тартып, баласына бас-көз болуын сұрады.
- Менің ұлым иттен қатты қорқады. Сен құда, ұлымды иттерден қорға.
Есугей тоғыз жасар ұлын Темүжінді он жасар қалыңдығына монғол халқының ежелгі салты бойынша күйеу-жігіт етіп қоңырат руынан шыққан Дай-сешенге қалдырып кетті.
Қайтар жолда Есугейге тойлап жүрген татарлар кездеседі. Шөл қысып келе жаттқан Есугей, бұл татарлардың ешқайсысы оны жүзбе-жүз танымайды деп ойлап, олардың тойында қалып, тынығуды ұйғарады. Олардың біреуі Есугейді танып қалып, оны ашықтан-ашық өлтіруге жүрексынып, Есугейге ішімдікке у қосып берді. Жол үстінде Есугей бір сұмдық сезіп, үш тәуліктен соң үйіне жеткенде ауырып, жатып қалды.
Өлер алдында ол өзінің жақыны Мұңлықты шақырып.
-Балам, Мұңлық тезірек менің Темүжінімді жеткіз. Мен татарлар алдап соқты. Халім мүшкіл. Менің жақындарымды, балаларымды, жетім қалған інілерімді, жесірімді, келінімді өз қамқорлығыңа ал. Балам, Мұңлық тезірек менің Темүжінімді жеткіз. Осы сөздерді айтып, ол 1165-ші жылы дүние салды. Мұңлық Есугейдің сенімді серігі болған және оның тілегін орындады. Темүжіннің жағдайын ойлап, ол Есугейдің өлімін бірден хабарламады. Ал Дай-сешенге.
- Есугей қатты аурып, Темүжінді сағынып жүр, мен соған келдім, - деді.
Құда баласы үшін қайғырып жүрсе, Темүжін барып көрісіп келсін, тезірек қайтсын.
Осылайша Мұңлық Темүжінді Есугей-батырдың қол астындағы монғолдар оның жанұясынан кетіп бара жатқан қиын сағатта әкесінің қаңырап қалған шаңырағына қайта алып келді. Әркім оз жолымен кетті.
Ол 1162-ші жылы болған талқандаудан ес жиған моңғол қолбасшыларының алғашқыларының бірі болды. Темүжін барлық моңғол тайпаларын қол астына біріктіре алды. 1205 ж. хуралда (құрылтайда) моңғол ақсүйектері Темүжінді ең жоғарғы билеуші етіп сайлап, Шыңғыс хан деген атақ берді.
Моңғол көшпенділеріне жаңа жайылымдар, ал феодалдарына алым-салық төлеп тұратын және соғыс жүргізгенде әскерін толықтыратын жаңа халықтарды жаулап алу қажеттігі туды. Осы мақсатпен көршілес бай әрі отырықшы, мәдениетті елдерді басып алып, астық, мата, қару-жарақ, металл, қолөнер бұйымдарымен өздерін қамтамасыз ету міндеті тұрды. Көшпелі ақсүйектер талабын қанғатандыратын, ішкі талас-тартыстарды болдырмау үшін Шыңғыс хан жаулаушылық жолына түсті. XIII ғасырда моңғолдар Азияның, Шығыс және Орталық Еуропаның аса зор аумағын жаулап алды.
Тарихи деректерде шапқыншылықтарды әр түрлі: «моңғолдар», «моңғол-татарлар», «татарлар», «татар-моңғолдар» деп атайды. «Татарлар» атауының шығыс-моңғолдық тайпалардың бір бөлігіне ғана қатысы бар. Қытай деректерінде бүкіл Монғолияның халқы «татарлар» деп аталған, осы қытайлардан бұл сөз араб, парсы, орыс және батыс еуропалық деректерге ауысқан. Шыңғыс хан мен оның халқы өздерін «моңғолдар» деп ал мемлекетін «Моңғол мемлекеті» деп атаған. «Татар-моңғолдар» және «монғол-татарлар» сөзі кейін пайда болған.
Қоғамдық құрылысы. Моңғолдар мемлекеті әскери-әкімшілік ұйым негізінде құралды. Мемлекет аумағы мен халқы үш әскери әкімшілік аймаққа бөлінген: оң қанат (барунгар), сол қанат (жоңғар) және орталық (кул) . әр аймақ бірнеше түменнен, түмен 10 «мыңдықтан», әр мыңдық - 10 «жүздіктен» тұрады. Ең төмен әкімшілік саны «ондық» - әрбір көшпелілер тобы 10 жауынгер беруге міндетті болды. Аймақтар мен түмендерді, сондай-ақ мыңдықтарды басқарушылар Шыңғыс ханның туыстары мен оны қолдаушы нояндардан сайланды. Олар әрі осы ретпен құралған армияның да басшылары болды. Армия темірдей тәртібі және жоғары әскери дайындығымен ерекшеленеді.
Шыңғыс хан құрған мемлекеттік құрылыс жүйесі алдына қойған мақсатына жетуге бейімделген еді.
Шынғыс хан шебер қолбасшы.
1211-1215 жылдары Қытайға жасаған жорығынан кейін монғол армиясында қытайдың әскери техникасы - қабырға құлатқыш, тас атқыш және от атқыш қарулары пайда болды. Шынғыс хан жаулап алуға әскерін аттандырмас бұрын ол елдің жағдайы туралы егжей-тегжейлі біліп алды. Мәліметтерді ол қашқындар мен мұсылман көпестерінен алып отырды. Көпестер өздерінің сауда жолындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күшті әміршінің болуын қалады. Монғолдардың әскери басымдыққа жетуіне Шынғыс ханның жауапты орындарға этникалық және әлеуметтік шығу тегіне қармастан, батыл да іскер адамдарды қоюы көп әсерін тигізді.
1218-1219 жылдары монғолдар көптеген көрші халықтарды бағындырды. Енисей қырғыздары мен буряттар жері жаулап алынды. Ұйғыр, Тұрпан князъдіктері монғолдар билігін ерікті түрде қабылдады. Цзин империясының армиясын талқандағаннан кейін монғолдар Солтүстік Қытайды басып алды.
Шынғыс ханның ендігі ойы батыс елдерін - Орта Азия мен Иранды, Таяу Шығыс пен Кавказ сырты, Шығыс Еуропаны жаулап алу болды. Әлі жаулап алынбаған Ертістің, Арал теңізі мен Әмударияның батысындағы жерді үлкен ұлы Жошы мен оның ұрпақтарының ұлысы етіп беріп қойды.
Монғолдардың Қазақстан жеріне енуі. Жетісуды Шынғыс хан әскері еш қарсылық көрместен оңай иемдеді. Сегіз жыл билік құрған найман ханы Күшіліктің Хорезім шахы Мұхамедпен және Қарлұқ билеушілерімен үздіксіз соғыстарынан жергілікті халық әбден күизелген болатын. Күшіліктің мұсылмандарды қуғындауы наразылықты күшейте түсті, сондықтан да дінге қысым жасамайтын монғолдарды олар құтқарушы деп қабалдады.
1210-1211 жылдары қарлұқ билеушісі Арсылан хан Шынғыс ханға бағынды. 1217 жылы Алмалықтағы қарлұқ билеушісі Бұзар, келесі жылы Баласағұн қаласы монғолдарға соғыссыз берілді.
Жетісу халқын өз жағына тартқысы келген Шынғыс хан бұл өлкеде тонаушылыққа, кісі өліміне жол бермеді.
Шығыс Түркістан мен Жетісуды алған соң моғолдарға Оңтүстік Қазақстан арқылы Орта Азияға жол ашылды. Мәуереннахрдың жағдайын барлап білу үшін Шынғыс хан Хорезм шахы Мұхаммедке елші жіберіп, өзінің Солтүстік Қытайда жеңіске жеткенін, түркі елдерін бағындырғанын айтып, бибіт келісімге шақырды. Бұл болашақ әскери жорықтың дипломатиялық дайындығы еді. Хорезм шахы иелігіне баса - көктеп кіруге 1218 жылы жазда Шынғыс хан аттандырған сауда керуенінің Отырарда тегіс өлтірілуі сылтау болды. Хорезм шахының Отырардағы билеушісі Қайыр хан көпестердің астыртын барлаушылар екенін біліп, түгел өлтіруге бұйырған еді.
1219 жылы қыркүйекте Шынғыс хан әскері жорыққа шықты. Барлығы 150 мың жауынгер, оның ішінде 111 мыңы монғолдар, қалғаны қол астында- ғы ұйғырлар мен қарлұқтардан алынған жауынгерлер болды. Мәуереннахрға беттеген монғол әскері Ертіс өзенінен бастап, Қазақстанның халық жие қоныстанған және шаруашылығы күшті дамыған аудандары-Жетісудағы, Сырдарияның орта және төменгі ағыстарындағы қалалардың үстімен өтуге тиіс еді. Батысқа жылхыған монғол әскерлеріне Оңтүстік Қазақстанның жергілікті халқы үлкен қарсылық көрсетті. Моғолдар бұл жерде жаппай қырып-жою, тонаушылық әдісін қолданды, тұтас аймақтар қаңырап бос қалып, қалалар қиратылды. Араб және парсы тіліндегі тарихи шығармаларда мрғолдар халқын түгелдей қырып, күлталқан қираттқан отыз шақты қалалар аталды. Олардың ішінде оңтүстікқазақстандық Отырар, Сығанақ, Ашнас қалалары бар.
Негізгі күшімен Бұхарға беттеген Шынғыс хан Отырарды алу үшін өзінің ұлдары Шағатай мен Үгедейді бас қылып, бірнеше түмен әскерін қалдырды. Бірнеше жасақты Сырдария бойында орналасқан қалаларды алуға, қарсылық көрсетілген жағдайға қиратуға жіберді.
Отырардың билеушісі Қайыр хан 80 мың әскерімен қаланы бес ай қарғады. «Қамал, сыртқы бекініс пен қала қабырғалары жақсы бекініске айналдырылды, » - деп жазды тарихшы Аладдин Ата Мәлік Жувейни. Тек әскербасылардың бірі - Қараша - хажиб «Сұпы хан» қақпасынан шығып, монғолдарға берілген соң ғана «татарлар осы қақпа арқылы түнде қалаға кіруге мүмкіндік алды. Қайыр хан қала ішіндегі қамалға бекініп, оны соңғы жауынгері қалғанша қорғады. Ақыры Қайыр ханды тұтқындап, жазалады, ал халқын қой сияқты қаладан айдап шығарып, мал-мүлкін талан-таражыға салады. Үйлері мен қабырғалары тып-типыл құлатылған соң ғана моғолдар қаладан шықты. »
Тірі қалған адамдардың арасынан қолөнершілерді таңдап алып, өздерімен айдап әкетті.
Монғолдарға берілгісі келмеген Сығанақ халқы өз қаласын жеті күн бойы қорғады. Жеңілген қала тұрғындарын тегіс қырып тастады. Шынғыс ханның үлкен ұлы Жошы бастаған әскер Ашнасты алып, халқын жойып жіберді. Жент, Баршынкент, Үзгент қалалары тонауға түсті. Бұл қалалардың халқын қырғынға ұшыратпаған. Жувейнидің айтуынша, Жен тұрғындарын қала сыртына иіріп қойып, жеңімпаздар қаланы тоғыз күн бойы тонаған. 1245-1247 жылдары Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанды басып өткен Плано Карпини Сырдарияның бойынан «қиратылған қалалар, құлаған бекіністер мен қаңырап қалған елді мекендерді көргенін» баяндайды. Қалалар мен бірге суару жүйелері қиратылды, егістіктер ат тұяғымен тапталды, егіншілік алқаптар күлге айналдырылды. Сырдария жазиралары халқының бір бөлігі қырғынға ұшырады, бір бөлігі тұтқынға айдалды, енді қалғаны бас ауған жаққа бытырап кетті. Тұтас аймақтар мен жайылымдар қаңырап қалды.
1221 жылдың көктемінде монғолдар орта Азияны жаулап алуды аяқтады.
Енді олар Иранға, Ауғанстанға, Солтүстік Үндістанға көз тігіп, соғыс қимылдары сол жаққа ауысты. Жебе мен сүбедей баһадүрлер бастаған қалың қол алаңдары, қыпшақтарды талқандап, орыс жерінің оңтүстік бөлігін бағындырып, 1224 ж. Қазақстан арқылы Ертістегі Шыңғыс ханға оралды.
Сөтіп, 1219-1224 жылдардағы монғол шапқаншылығы нәтижесіндегі Қазақстан Шынғыс хан империясының құрамына кірді. «Жошы мен Шағатай, » деп жазады Жүзжани, -Хорезмді қиратып, Қыпшақ пен Түркістанға бет бұрды, бүкіл тайпаларды өзіне бағындырды.
Қазақстандық көшпелі тайпалар монғолдарға қарсы шықты, бірақ жергілікті ақсүйектер монғолдарға бас ұрып, қызымет етті, ал қатардағы көшпелілерді Шыңғыс балаларының «жүздік» «мыңдық», «түмендерінің» қатарын толықтыруға мәжбүр етті. Қыпшақтар мен басқада түрік тайпалары 1237 жылы шығыс Еуропаны бағындыруға аттанған Батый қолының айтарлықтай бөлігін құрады.
Шыңғыс хан және оның мұрасы
«Балалар, қараңдаршы, -дегісі келді
Ол баршаға, - тарих шынында да
Қайталанады екен және бұл жалған емес».
Джо Ле Карре
Шыңғысханның өлімінен кейін монғол жаулап алулары тоқтап қалған жоқ, қайта серпіле түсті. Монғол шапқыншылығының сұмдығы сол, замандастар былай деп есептеген: «бұл адамзаттың басына туған ең ірі де, ұлы зілзала болды»(Ибн-әл-Асир) . Мұсылман және мәсіх авторларының пікірінше, бұл соғыстар «құдайдын қасіреті», болды (Д. Жувейни), «Шынғыс пен оның әскеріне жеңілмес қуат берген құдай», және: «періште оған көптеген елдер мен аймақтарда билік жүргізіп, сансыз көп болуын көбеюін бұйырды» - деп жазылған бір армян деректерінде («Инок Мағақияның моңғолдар тарихы») .
«Шығыс пен Батыста»билік жүргізу ойы Шыңғысқа тән болды және моңғол әскерлері оның өмірінің соңы жылдары -ақ орын алды -«күн батыстан күн шығысқа дейін, айналыьыз бәрі дұшпан»(«Асыл аңыз») . Шыңғысханның өліьінен кейін моңғалдардың әлемді жаулап алуы, оның өсиетімен толық сәйкестендірілді: «Оларда, мүмкін болса барлық халықтарды өздеріңе бағындырындар деген Шыңғысханның бұйрығы болды», - деп жазды Плано Карпини. «Олар өздерін әлемнің иесі деп есептейді және де оларға тең ешкім жоқ» деп айтпауы керек», -деп келісті П. Карпинидің пікірімен Г. Рубрук. Шыңғысхынның өмірі мен жорықтарының алғашқы тариқшысы Ата-Мәлік-Д. Жувейни, өз еңбегін «Әлемде жаулап алушының тарихы» деп атады.
Шыңғысхан өзінің ұлдары мен немерелеріне жақсы ұйымдастырылған мықты әскер, орасан зор тактикалық іскерлікке ие қолбасшылар және қуғын -сүргін қолданылатын соғыс жүргізудің қатігез әдістерін қалдырды. Қала тұрғындарының қыру, Шынғысхан мен оның қолбасшылар және қуғын-сүргін қолданылатын соғыс жүргізудің сапалы әдісі, жауды қорқыту мақсатындағы саясат болды. Танымал шығыстанушы профессор И. П. Петрушевский Рашид-ад-діннің еңбегіне орысша аударманың алғы сөзінде былай деп жазды: « Енді бұл зілзалалық қатігездік емес, қарсы тұруға қабілетті тұрғындарды ұйымдастырып қырып тастау мақсатындағы террор жүйесі, бейбіт тұрғындарды қорқыту және жаулап алынған елдердің ішінде үрей тудыру болатын».
Мұсылман деректерінде қалаларды жаулап алу кезінде болған отызға жуық «қырғын-жойқын» оқиға тіркелген. Әдетте қаламен қоса айналадағы аймақтардың тұрғындарын да кескілеп тастайтын. Тұтқындалған жазғыштар өлгендердің санын анықтап отыратын. Мысалы, Мервадағы соғыстан кейінгі бұл санақ 13 күнге созылды.
Шыңғыс соғысқа осындай әдістер қолданды және ол өз қатігездігін мақтан ететін деген замандастардың дерктері бар. Парсы тарихшысы Джузджани осы оқиғалардың куәгері Вахиадин Бушенджидің Шыңғыс жақындарының арасында отырып оның қырғындарының көп болғандықтан оның беделі мәнгі деп мақтанғаны туралы әңгімесін ерекшелеген. Сол кезде арасында болған Бушенджи былай деген екен:
- Егер сен өз дәуірлеріңмен бүкіл халықты қырып тастасаң, сенің беделің кімге керек?
Шыңғыс оны ақымақ деп атап, былай депті:
- Әлемді билеуші көп. Мұхамед Оғыз Хорезм Шах әскерлерінің ат тұяғы басқан жердің бәрінде мен ойрандадым, қырғын-жойғын, жойқантөбе келтірдім. Ал басқа мемлекет елдеріндегі халықтар болса, менің атақ-даңқым туралы дастан жаза алады!
Жүржендер мен таңғұттар мемлектіндегі оның әскерлерінің істеген сұмдықтарын Шыңғыс айтпауды жөн көрді. Шыңғыс оның қолбасшыларының бұйрығымен іске асқан өте көп өлім мөлшері моңғолдардың өздерінде де үрей тудырып, танқалдырғандығын айта кеткен жөн. В. В. Бартольд былай деп жазды: «Даналық сөздердегі» Шыңғысхан қолына қатқан қан ұйындысын қыса дүниеге келгендігі туралы аңызда, Шыңғысхан бұйрығы бойынша төгілген қанның мөлшері оның өз моңғолдарын да таң қалдырғаны айқын бейнеленген. Көпшілік террор әдісін Шыңғыстың үлкен ұлы - Жошы да құптамады. Хорезмнің билеушісі болған ол, сол жерді кедейліктен арылтуға талпынып, жақындарына былай деген екен: «Мұншама жер мен халықты қырған Шыңғысхан есінен танған» (Джузджани) . Жошы аң аулау кезінде Шыңғысханды өлтірмекші болды деген де бұлыңғыр деректер бар. Оның ойын сезіп қойған Шыңғысхан, Жошыны уландырып өлтіруге бұйрық бердідеседі. Шыңғысхан Бөрте меркіттердің тұтқындарында болып келгеннен кейін туылған Жошыны онша жақсы көрмеді.
Қатігездік пен кекшілдік Шыңғысханға тән қасиеттер болса керек. Ол бөлісе алмаған балық үшін қандас бауырын өлтірд, үлкен ұлын уландырып өлтірді, жалған «қара ой» ойлап, туған бауыры Хасарды өлтіре жаздады, татарлар мен меркіттерді бірін қалдырмай қырды. Академик Б. Я. Владимирцов былай деп жазды: «Адам өлімі кәдімгі құбылыс болып есептелді, ал адам өлтірушіні қылмыскер деп санамады, кейінірек Шыңғысхан көрші халықтармен соғыс жүргізу пайдаланып, қарсылас, жау, дұшпандарға деген қатігезді танытты».
Көпшіл террордың мақсаты қарсыласты қорқыту болатын және бұл тактиканы «қара» салдарлар әкелді. Ибн-Әл-Асир, тұрғындардың моғол-татарлардың жүрексіну, қорқу оқиғаларын былай сипатталды: «Менің естуімше олардың біреуі (татар) адамдар көп жүретін көшелердің біріне кіріп, тоқтаусыз бірінен соң бірін қырып тастаса да, оған ешкім қарсы сөз айтуға бата алмапты. Тағы бір естігенімдей бір татар адамды ұстап алып, қолында түк болмағандықтан былай деген екен: мен басқа да 17 адаммен жол жүріп келе жатқан кезде, біздің жанымызға татардың салт аттысы келіп, бір-бірімізді байлап тастауды бұйырды. Менің жолдастарым оның айтқанын істей бастады. Сол кезде мен: ол жалғыз ғой, оны өлтіріп қашып кетейік, -дедім. Олар болса: біз қорқамыз, - деп жауап берді, ал мен: ол бізді өлтірейін деп тұрғой, одан да біз өлтірейік оны, мүмкін бізді Алла қорғар, - дедім. Осыған келісуге олардың бір де біреуінің батылы жетпеді. Сол сәтте мен қолыма пышақ алып, өлтірдім де, біз құтылып кеттік. Мұндай мысалдар көп»
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz