Классикалық теориялар


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

1. «Өнімнің өмірлік цикл» теориясы.

2. «Масштабтың кеңею әсер теориясы».

3. Майкл Портердің «Бәсекелестік артықшылықтар» теориясы.

4. Қорытынды.

1. Соңғы 15-жылдықта Халықаралық сауда нарығының құрылымында елеулі өзгерістер байқалуда және осы өзгерістер әр ел экономикасына өз ықпалын тигізері сөзсіз. Сондай-ай осы өзгерістердің барлығын классикалық теориялар сипаттай алмайды . Осы себептен қазір бар теориялардың дамуына алып келуде. Осы аталған өзгерістер ішінен сапалы өзгеріс ретінде техниклық прогресті айтуға болады.

60-ғасырдың ортасында американ экономисті Р. Вернон «Өнімнің өмірлік цикл теориясын»ойлап тауып, тауардың нарыққа енуі, сұранысқа ие болуы және тұтынушы сұранысын қанағаттандыруын бақылау арқылы Халықаралық тауар айналымынның дамуын дәлелдеуге тырысты.

Жалпы өнімнің өмірлік периоды төрт кезеңнен өтеді. Олар:нарыққа ену, өсу яғни сұраныс көлемінің артуы, толысу мұнда сұраныс көлемінің тұрақталуы және тоқырау сұраныстың жағымсыз болуы.

Бірінші сатыда мемлекет ішінде пайда болған сұраныстың әсерінен жаңа тауар түрі пайда болады. Бұл сатыда өндіріс ғылыми жаңалықтарды, жұмысшылардың жоғары квалификациясын және тиімді стратегиялық операцияларды қажет етеді, бірақ өндіруші уақытша монополист кейпіне енеді және тауардың азғантай бөлігі ішкі нарыққа шығады.

Екінші сатыда өндіріс көлемі мен сұраныс көлемі бірдей өсе отырып, тауар қосымша нарықты қажет ете бастайды. Содан біртіндеп дамыған және дамушы елдердің нарығына ене отырып, тауар пайда болған ел экспортын өсіреді, яғни тауар стандартты форма алады.

Толысу сатысында өндіріс орындары іріленеді, негізгі бәсекелік фактор баға болады, бірақ ел ішінде жаңа нарыққа шығу және технологияны тарату тиімсіз болады. Сондықтан көбінесе дамыған мемлекет нарығынан дамушы елдер нарығына көп тауар ағымы басталады. Себебі экономикасы дамыған елге қарағанда дамушы ел нарығында өндіріс факторлары арзан болуы мүмкін. (әсіресе еңбек күші, шикізат ) Көптеген әлем ойшылдары мен экономистерінің болжауы бойынша, осы кезеңнің барынша ұзақ болғаны барынша тиімді дейді.

Құлдырау сатысында тауар пайда болған елде, яғни дамыған мемлекетте сұраныс көлемі нөлге жақындайды. Экономикасы орта елдерде тауар қоры өте көп жиналады және өндіріс орындар қысқарады. Сол себептен тауар ойлап тапқан ел, тек таза импорт иесіне айналады. Бұл теория жеткілікті деңгейде шындыққа жанасады, себебі көптеген тауарлардың нарыққа кіруі, сұранысқа ие болуы, даму сипаты, ел экономикасына әсерін тигізуі және қолданыстан шығуы осы теориямен сәйкес келеді. Бірақта әмбебаптық деңгейде Дүниежүзілік сауданы сипаттай алмайды. Себебі ғылыми зерттеулер мен жоғарғы технологиялар(тауарды іске асыратын) маңызды фактор болудан қалса және бәсекелестік күресте жоғарғы роль ойнамаса, онда өндіріс әрине салыстырмалы түрде өндірістік артықшылықтары бар басқа мемлекет нарығына көшеді. Мысалы: арзан еңбек күші. Бірақ кейбір тауар түрлері осы айтылған заңдылыққа бағына бермейді. Оған дәлел ретінде біраз нарықты иеленетін өірлік циклі қысқа тауарлар, транспорттық шығындары өте жоғары өнімдер, сапасы әр түрлі және сатып алу нарығы тар тауарлар әлем нарығында бар болуы және осылардың теорияда қарастырылмауы болып отыр.

1-сурет. Тауардың өмірлік цикл графигі.

2. 80-жылдардың басында П. Крюгман, К. Ланкастер және тағыда басқа ғалымдар масштабтың кеңею әсері деген ойларымен Халықаралық саудаға, альтернативті классикалық анықтама берді. Бұл анықтама негізінен микроэкономикалық заңдылыққа бағынады. Яғни белгілі технология мен өндірісті тиімді ұйымдастыру негізінде, ұзақ мерзімді шығындарды өнімнің массалық көлемін шығару арқылы азайтуға болады. Осыдан экономия туады, яғни өнімнің шығатын көлемін өсіру негізінде.

Осы бағыт өкілдерінің болжауы бойынша, көптеген дамыған мемлекет аумағында орналасқан және өндіріс факторлары прапорциялы түрде дамыған өндіріс орындарында, массалық көлемде бір-бірімен тауар айырбас жасауға болады дейді. Бірақ бұл өндіріс орындары маманданған болуы тиіс, себебі мамандану арқасында бұл аталған фирмаларда өндіріс көлемін кеңейтіп, яғни шығарылатын тауарды көбейтіп, өндіріс факторлары мен өнімнің өзіндік құнына жұмсалған қаржы көлемін азайтуға болады. Осы жоғарыда аталған операциялардың барлығы тиімді болу үшін, шығарылатын өнімге жеткілікті деңгейдегі нарық көлемі қажет. Яғни өнім көлемі өскен жағдайда пропорцияналды түрде тауар нарығы кеңеюі қажет. Ондай болса дүниежүзілік сауда бұл операцияда маңызды рөл ойнайды, себебі тауар өткізу нарығының кеңеюі мен кішіреюі оған байланысты. Дүниежүзілік сауда нарығы кез келген мемлекет нарығынан өзінің көлемі мен тұтынушыларының көптігімен ерекшеленеді және массалық көлемде тауар өткізуде ерекше орын алады. Бірақта бұл теорияның басты кемшілігі тауар өндіруге біріккен алып өндіріс орындары мен фирмалар әсерінен, олардың арасында бәсекелестік жойылып, оның арты монополистік саясатқа ұрындырады. Осған байланысты нарық құрылымы өзгеріске түседі және нарықта әр салаларды емденген олигаполиялық нарық пайда болады немесе бәсекелестігі жойылған, монополиялық нарыққа айналады. Бұл екі нарық түрінің ешқайсысы әр мемлекет экономикасына, саясатына және дамуына кері әсерін тигізері сөзсіз, әсіресе дүниежүзілік сауда ұйымына кірген мемлекеттерге. Сөйтіп дүниежүзілік сауда ұйымы өте ірі мемлекет аралық фирмалардың, трансұлттық корпарациялардың билік ету ордасына айналады.

Бірақ бұл теорияның кейбір артықшылықтары кейбір мемлекет практикасында қолданып, өз нәтижесін берген болатын. Мысалы: АҚШ -та «Ford» компаниясы алғашында өз көліктерін жалғыздан шығарған болатын, бірақ ол көліктердің бағасы өте жоғары болды. Себебі ол машиналарды сатудан түскен қаржы өндіріс факторлары мен т. б. шығындарды және өндіруші өнімін ғана берген болатын. Осыдан сатып алушылар да өте аз еді. Компания басшыларының алдында енді осы мәселе тұрды, яғни тұтынушы көлемін қалай көтеруге болады. Әрине тұтынушы санын көбеіту үшін, сатылатын тауар бағасы көпшілігіне тиімді болуы тиіс. Енді тауар бағасын қалай төмендетуге болады?- деген сұрақ туады. Осы мәселені шешу үшін, компания басшылары осы теорияны қолданған. Яғни сатылатын көліктер санын көбейту арқылы, олардың өзіндік құнын төмендетті.

Қазіргі таңда дүниежүзілік саудада және мемлекет ішіндегі компаниялардың негізгі тәсілі, осы тәсіл болып табылады.

3. 1991 жылы американ экономисті М. Портер «Елдердің бәсекетік артықшылықтары» атты зерттеуін жариялады. Бұл зерттеуде халықаралық сауданың мәселелері өте тиянақты қарастырылады. Осы тәсілдің бір алғы шарты: «халықаралық нарықта елдер емес, фирмалар бәсекелеседі. Бұл процестегі елдің атқаратын ролін түсіну үшін фирмалардың бәсекелік артықшылықты қалай құрып, қалай нығайтатынын түсіну қажет». Сыртқы рыноктағы табысқа жету дұрыс таңдалған бәсекелестік стратегияға байланысты. Бәсекелестік артықшылықтар стратегиясы. М. Портер бойынша бәсекелестің негізгі бірлігі сала, яғни тауар өндіретін және қызмет көрсететін және өзара тікелей бәсекелесетін бір топ бәсекелестерболып табылады. Салаларда бәсекелестік артықшылықтардың ұқсас негіздері бар өнімдер шығарылады. Фирманың сала ішіндегі бәсекелестік стратегияны таңдауында екі басты жағдай әсер етеді:

1. Фирманың іс-әрекет бәсекелестік ерекшеліктері бар. Сала құрылымы. Сала ішіндегі бәсекеге 5 фактор әсер етеді.

1/ Жаңа бәсекелестерінің пайда болуы.

2/ Орнын баса алатын тауар немесе қызметтің пайда болуы.

3/ Жеткізушілердің саудаласу мүмкіндігі.

4/ Сатып алушылардың сату мүмкіндігі.

5/ Бар бәсекелестер арасындағы жарыс.

Осы бес фактор саланың пайда көлемін анықтайды, өйткені олар бағаға, Фирма шығындарына, капитал болуына және т. б. жағдайларға әсер етеді. Әрбір саланың өз құрылымы болады. Мысалға фармацептика саласында жаңа бәсекелестердің пайда болуы өте сирек, ал ішкі бәсеке баға негізінде емес, ғылыми зерттеулер, жаңа дәрі шығару сияқты факторларға байланысты. Жоғары бағалар тұтынушыларды қорқытпайды, ал жеткізушілер оларға өз әсерін тигізбейді. Орнын басатын тауар жасау өте қиынжәне оған өте көп уақыт қажет.

2. Фирманың салада алатын позициясы. Фирманың салада алатын позициясы ең алдымен иеленетін артықшылығына байланысты. Фирма тұрақты бәсекелестік артықшылыққа ие болса, өз қарсыластарын озады. Ол үшін:

1/ Төменірек шығындар. Бәсекелестеріне қарағанда ұқсас тауарды жасау, өндіру және сатудағы фирмалық аз шығындармен жүзеге асыра алатын мүмкіндігі.

2/ Тауарлар дифференциациясы. Фирма тауарының жоғары сапасы, немесе ерекше тұтыну қасиеті және сатудан кейінгі қызмет көрсетудің ерекше мүмкіндіктері арқылы тұтынушы қажеттіліктерін тұтыну мүмкіндігі. Бәсекелестік артықшылық бәсекелсетерге қарағанда жоғары өнімдікті береді. Фирма сала ішіндегі позициясына әсер ететінтағы бір маңызды фактор - бәсекелесу сферасы немесе фирманың сауда шекараларында бағытталған мақсаттар ауқымы. Фирма өзі үшін, қанша түрлі тауарды шығару, сатудың қай каналдарын пайдалану, қай тұтынушыларға қызмет көрсету, әлемнің қай аумақтарында өз өнімін сату мен қандай ұқсас салаларда бәсекелесу керектігін шешу. Салалар бөлектенген, сондықтан фирма бәсеке сферасын таңдау барысында ауқымды бағытта ма, рыноктың бір бөлігіне ғана нысаналап бәсекелесетінін шешу қажет. Типтік стратегиялар концепциясының мәні болып, әр стратегия бәсекелестік артықшылыққа негізделген, сондықтан фирма қолда бар артықшылққа байланысты өз стратегиясын таңдауы керек. Бәсекелестік артықшылыққа фирма өз әрекетінің жекелеген түрлерін ұйымдастыру мен орындау негізінді қол жеткізеді. Осының нәтижесінде сатып алушыларүшін белгілі құндылықтар жасалады. Түпкілікті құндылықтар фирма ұсынған тауар мен қызметі үшін тұтынушының қанша ақша төлеуіне байланысты. Әрине, қажетті іс-шаралар шығынынан жоғары болғаны дұрыс. Бәсекелестік артықшылыққа жету үшін, сатып алушыларға бәсекелестердегі құндылығы бар тауарларды ұсынып, бірақ оны төменірек шығындармен өндіру қажет немесе сатып алушыға жоғары баға алуға болатын жоғары құндылықты тауар ұсыну дифферециация стратегиясы.

Бәсекелестің артықшылық детерминанттар. Бәсеке ретінде тепе-теңдік емес, тұрақты болатын өзгерістер түсіндіріледі. Әрбір сала тұрақты түрде жаңарып, жетіле бергендіктен, осы процесті ынталандыруда тұрғылықты мемлекетмаңызды орын алады. Тұрғылықты мемлекет (Страна базирования) -бұл қажетті дағдылы еңбек күші бар, негізгі технология, өнім, стратегия әзірленетін ел.

М. Портер жергілікті фирмалар бәсекелесетін және оның халықаралық табысына әсер ететін ортаны қалыптастыруда мемлекеттің 4-қасиетін көрсетеді. Бұл детерминанттар, әрқайсысы бөлек және бәрі бірге жүйе ретінде осы елдің фирмаларының пайда болып, іс-әрекет ететін ортасын қалыптастырады. Елдердің қандай да бір салада табысқа жетуі осы елдердегі ортаның серпінді түрде дамуына тікелей байланысты, сонымен қатар ол фирмалардың алдына күрделі міндеттерқоя отырып, қолда бар бәкеселестік артықшылықтарды тиімді пайдалануға және жаңа артықшылықтарды іздеуге мәжбүр етеді. Елдер ұлттық «Ұлттық ромб» өзара күшейтутін, яғни әрбір детерминант басқаларына әсер ететін салаларда немесе олардың бөліктерінде табысқа жету мүмкіншілігіне ие. Жоғары бәсекелестік кабілетіне жету үшін рыноктағы күшті бақталастық өте маңызды орын алады.

Өкіметтің орны. Ұлттық артықшылықты қалыптастырудағы үкіметтің төрт детерминантқа әсер етуінде :

  • факторлар параметріне - субсидия, капитал рыногына қатысты саясат, тағы сол сияқтылар арқылы;
  • сұраныс параметріне - әр түрлі стандарт қою мен мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру жолымен;
  • туыстас салалар мен жабдықтаушы салалардың даму жағдайына - жарнама құралдарына бақылау орнату мен инфрақұрылым дамуын реттеу;
  • фирмалар құрылымы, бақталастығы мен стратегияларына - өзінің салық салу саясаты, монополияға қарсы заңы, инвестицияны реттеу мен бағалы қағаздар рыногындағы іс-әрекеттер және т. б.

Осы барлық төрт детерминант кері әсер беруі мүмкін. Үкіметтің орны да оң немесе теріс болуы мүмкін.

2-сурет. Елдің бәсекелестік артықшылықтарының детерминанттары.

Халықаралық бәсеке ерекшеліктері.

Жоғарыда бәсеке мен бәсеке стратегиясы туралы айтылғанның бәрі сыртқы және ішкі рынокқа бірдей қолдануы мүмкін. Соған қарамастан, халықаралық бәсеккенің өз ерекшеліктері бар. М. Портер бәсеке ерекшеліктеріне қарай екі сала түрілерін өзгешеледі.

  • көп түрлі ұлттық салалар. Халықаралық ауқымда ондай сала ұлттық салалар жиынтығы болады да және елде бәсеке әр түрлі өтуімен сипатталады.

Бәсекенің бір стратегиясын мұндай салаларда жүргізу мүмкін емес. Мысалға жинақ банктер саласын келтіруге болады:

- Глобалды салалар, ол әлем бойынша бір бәсекелесу аймағы болуымен ерекшеленеді. Осындай салаларда бәсекелестік артықшылыққа жету өте маңызды болады, өйткені оны бүкіл дүние жүзінде пайдалану мүмкіндігі туады. Осы салаларда көптеген елдерде сатылуға арналған бір тәсілді қалыптастыратын және пайдаланылатын глобалды стратегия қажет. Көп ұлтты компаниялардың өмір сүруі глобалды стратегиясы барын көрсетпейді, өйткені көп түрлі ұлттық салаларда көп ұлы компаниялар филиалдары жеке дара жұмыс істейді. М. Портер глобалды стратегияда бәсекелестік артықшылыққа жетудің екі жолын көрсетеді.

1 Іс - әрекет конфигурациясы, елдің ерекшеліктерін пайдалану үшін іс- әрекетті әр түрлі елдерде орналастыру болып табылады. Бір елде өндірістік іс- әрекеттің түрлерін кезінде, тауар экспорты арқылы сыртқы рынокқа шығу, ал өндірісті әр түрлі елдерде орналастыру кезінде, тікелей шетел инвестициялары арқылы сыртқы рынкқа шығу жүзеге асырылады. Іс - әрекет түрлерін орналастыру кезінде ел төмендегідей критерийлер бойынша таңдалады:

- факторлардың минималды құны,

- ГЗТҚЖ (НИОҚР) өткізу үшін қажетті жағдайлардың болуы;

- Маманданған дағдыларға қол жеткізу мүмкіндігі;

- Сатып алушылармен қатнастардың даму дәрежесі т. б.

2. Филиалдар іс-әрекетін үйлестіру, оған кіретіндер:

- (информация) ақпаратпен алмасу:

- жауапкершілікті бөлу.

Үйлестірудің (координация) өзі бәсекелестік артықшылық болып табылады, өйткені ол әр түрлі жерде алынған білім мен тәжірибе жинақталуына әсер етеді. Соның арқасында фирмалар рыноктағы өзгеріске тез жауап қайтаруына мүмкіндік алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми төңкерістер. Ғылыми рациональдылық
Зерттеу процессі кезіндегі экспериментті жоспарлау әдістері жайлы
Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы
Ғылым әлеуметтік институт ретінде туралы
Жаратылыстанудағы ғылыми эволюция
Абстракциялықтан нақтылыққа көшу
«Қазіргі жаратылыстану концепциялары» курсы бойынша дәрістер
Қазіргі нарық теориялары және оның даму тарихы
ФИЗИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Экономика теориясының қоғамда дамуындағы рөлі мен орны, оның пәні мен әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz