Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметі жайлы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУ ТЕОРИЯСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.1 Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы бойынша экономикалық ілімдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2 Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.3 Кәсіпкерлік қызметке салық салудың шетелдік тәжірибелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ САЛЫҚ САЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.1 Кәсіпкерлік қызметті салықтық реттеу тұтқалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.2 Алматы қаласы Алмалы ауданы Салық басқармасы мәліметтері бойынша кәсіпкерлік қызметті арнаулы салық режимі негізінде талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...46
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58

Қазақстан Республикасы үшін XXI ғасырдың бірінші он жылдығы аса бір күрделі кезең болды. Осы 10 жылда экономикалық саясатта көптеген жұмыстар атқарылды. Халқымыз сауда жасап үйренді. Табиғи ресурстарды игеру кезеңі басталып, ол біршама сәтті жүзеге асты. Осы 10 жылдың өзінде Қазақстан табиғи ресурстардан алынған шикізат көздерін халықаралық рыноктарға шығару мүмкіндігіне ие болып, соның нәтижесінде елдің тәуелсіздік мұраттары ең алдымен экономикалық тұрғыдан бекіді. Экономикамызды дамытуда елде салық салу мәселелеріне де өте үлкен көңіл бөлінді. Салық салу қызметінің тиімділігі әлеуметтік және экономикалық саясаттың жетістіктеріне әкелді. Салық экономикалық белсенділікті реттей отырып, кәсіпкерліктің дамуына да зор ықпал етті. Кез - келген мемлекеттің экономикасының нарықтық дамуында салық жүйесі – жалпы экономикалық саясаттың маңызды инструменті. Отандық және шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, салық жүйесі экономиканы басқарудың ең қолайлы қаржы институты болып табылады. Нарықтық экономиканың қалыптасуы кезеңінде Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің дамуына қысым жасамайтын тиімді салық жүйесін құру үлкен мәнге ие болып отыр. Негізінен, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметке 1991 жылы тәуелсіздігін алғаннан кейін көңіл бөліне бастады. Кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Бұл кезеңде Қазақстан халқы негізінен кәсіпкерлікті ашып жүргізудің әдіс-тәсілдерін меңгерді. Арамыздан кәсіпкерлер аталатын үлкен әлеуметтік топ бөлініп шықты. Олар кәсіп түрлерін ашып жүргізу арқылы елімізді қажетті тауарлармен қамтамасыз етті, халыққа жұмыс тауып берді. Бірақ осы уақыт ішінде әлемдік рынокта бәсекелестік қабілетін шыңдап үйренген жоқ. Көп жағдайда, мемлекеттің қолдауына, қамқорлығына сеніп жұмыс істеп келді. Кәсіпкерлік секторы – бұл ұлттық экономиканың жетекші секторларының бірі. Ол экономиканың өсу қарқынын, жалпы ұлттық өнімнің құрылымын және сапасын анықтайды. Сонымен қатар, бұл сала әлеуметтік құбылыс ерекшеліктеріне иемденіп, халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді, жұмыссыздықты қысқартады және кедейшілікке шек қояды. «Экономиканы әртараптандырудың негізі – кәсіпкерлік» деп Елбасы өте орынды пікір айтқан. Себебі қазір Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың приоритетті бағыттарының бірі - кәсіпкерлік қызметтің қалыптасуы және дамуы болып табылады. Кәсіпкерлік - нарықтық механизмдердің қалыптасу шарттарының бірі және қазіргі нарық экономикасының негізгі бөлігі екендігін бүгінде қоғам растап отыр. Сондықтан да, кәсіпкерлік қызметтің ролі мына қызметтерден ерекше көрінеді:
1. Нысанбаев С.Н., Қожамқұлова Ж.Т. Коммерциялық кәсіпкерлік негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 138 бет.
2. Экономикалық теория негіздері: Оқулық. – Алматы: Санат, 2002. – 479 бет.
3. Аль-Пари, №1-2-2009, 224-бет «Қазақстандағы шағын және орта бизнестің қалыптасу ерекшеліктері»
4. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табиев Т.П. Экономикалық теория: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 280 бет.
5. Арзаева М.Ж., «Шағын және орта бизнесті дамытудағы қаржы-несиелік мәселелері», ҚазҰУ хабаршысы, №3(67)-2008, 60-бет
6. Ермекбаева Б.Ж. Салықтар және салық салу: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 131 бет.
7. Вестник налоговой службы РК, №1-2009, 40-бет, «Специальные налоговые режимы»
8. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсанындағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық Кодексі
9. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданған
10. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
11. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауы
12. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы
13. Ермекбаева Б.Ж. Проблемы развития налоговой системы Республики Казахстан в условиях глобализации экономики. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 138 с.
14. Аль-Пари, №1-2007, 243-бет «Нарықтық қатынастар арқылы кәсіпкерлердің балық өнімдерін арттыру»
15. «Жолдаудың сәтті жүзеге асуы – әр қазақстандықтың және мемлекетіміздің көркеюі», Алматы ақшамы, №14(4259)-2010, 2-бет
16. «Предпринимательская деятельность», Бухгалтер и право, №11(41)-2009, 21-бет
17. Плошай Б., «Салық режимдерінің түрлері», Бухгалтер хабаршысы, №2(2)-2007, 12-бет
18. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері», Дала мен қала, №4(334)-2010, 1-бет
19. Жатқанбаев Е.Б. Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы: Оқу құралы. – Алматы: 2006. – 300 бет.
20. Садыкова М.Ж., «Эффективность развития малого предпринимательства», Қаржы қаражат, №1-2008, 54-бет
21. Үмбетәлиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. Салық және салық салу: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2006. – 864 бет.
22. «Предприниматель» бизнес-газета, №1(2), 2010 г.
23. Сердюков А.Э., Вылкова Е.С., Тарасевич А.Л. Налоги и налогообложение: Учебник для вузов. 2-е изд. – СПб.: Питер, 2008. – 704 с.
24. Орысша-қазақша сөздік, - Алматы: Аруна, 2002. – 416 бет

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУ
ТЕОРИЯСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1. Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы бойынша экономикалық
ілімдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..8
2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
3. Кәсіпкерлік қызметке салық салудың шетелдік
тәжірибелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ САЛЫҚ
САЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...29
2.1 Кәсіпкерлік қызметті салықтық реттеу
тұтқалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..29
2.2 Алматы қаласы Алмалы ауданы Салық басқармасы мәліметтері бойынша
кәсіпкерлік қызметті арнаулы салық режимі негізінде
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .46
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 58
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы үшін XXI ғасырдың бірінші он жылдығы аса бір
күрделі кезең болды. Осы 10 жылда экономикалық саясатта көптеген жұмыстар
атқарылды. Халқымыз сауда жасап үйренді. Табиғи ресурстарды игеру кезеңі
басталып, ол біршама сәтті жүзеге асты. Осы 10 жылдың өзінде Қазақстан
табиғи ресурстардан алынған шикізат көздерін халықаралық рыноктарға шығару
мүмкіндігіне ие болып, соның нәтижесінде елдің тәуелсіздік мұраттары ең
алдымен экономикалық тұрғыдан бекіді. Экономикамызды дамытуда елде салық
салу мәселелеріне де өте үлкен көңіл бөлінді. Салық салу қызметінің
тиімділігі әлеуметтік және экономикалық саясаттың жетістіктеріне әкелді.
Салық экономикалық белсенділікті реттей отырып, кәсіпкерліктің дамуына да
зор ықпал етті. Кез - келген мемлекеттің экономикасының нарықтық дамуында
салық жүйесі – жалпы экономикалық саясаттың маңызды инструменті. Отандық
және шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, салық жүйесі экономиканы
басқарудың ең қолайлы қаржы институты болып табылады. Нарықтық экономиканың
қалыптасуы кезеңінде Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің дамуына қысым
жасамайтын тиімді салық жүйесін құру үлкен мәнге ие болып отыр.
Негізінен, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметке 1991
жылы тәуелсіздігін алғаннан кейін көңіл бөліне бастады. Кәсіпкерлік
белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Бұл кезеңде
Қазақстан халқы негізінен кәсіпкерлікті ашып жүргізудің әдіс-тәсілдерін
меңгерді. Арамыздан кәсіпкерлер аталатын үлкен әлеуметтік топ бөлініп
шықты. Олар кәсіп түрлерін ашып жүргізу арқылы елімізді қажетті тауарлармен
қамтамасыз етті, халыққа жұмыс тауып берді. Бірақ осы уақыт ішінде әлемдік
рынокта бәсекелестік қабілетін шыңдап үйренген жоқ. Көп жағдайда,
мемлекеттің қолдауына, қамқорлығына сеніп жұмыс істеп келді. Кәсіпкерлік
секторы – бұл ұлттық экономиканың жетекші секторларының бірі. Ол
экономиканың өсу қарқынын, жалпы ұлттық өнімнің құрылымын және сапасын
анықтайды. Сонымен қатар, бұл сала әлеуметтік құбылыс ерекшеліктеріне
иемденіп, халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді, жұмыссыздықты
қысқартады және кедейшілікке шек қояды. Экономиканы әртараптандырудың
негізі – кәсіпкерлік деп Елбасы өте орынды пікір айтқан. Себебі қазір
Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың приоритетті
бағыттарының бірі - кәсіпкерлік қызметтің қалыптасуы және дамуы болып
табылады. Кәсіпкерлік - нарықтық механизмдердің қалыптасу шарттарының бірі
және қазіргі нарық экономикасының негізгі бөлігі екендігін бүгінде қоғам
растап отыр. Сондықтан да, кәсіпкерлік қызметтің ролі мына қызметтерден
ерекше көрінеді:
Біріншіден, кәсіпкерлік қызмет әлі іске жаратылмаған қаржы қаражаттарын
тиімді жұмылдырады; Екіншіден, кәсіпкерлік
қызмет бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай үлес қосады;
Үшіншіден, кәсіпкерлік қызмет халықты жұмыспен
қамту мәселесін шешуде үлкен роль атқарады;
Төртіншіден, кәсіпкерлік қызмет халықты қажетті тауарлармен қамтамасыз
етеді; Бесіншіден,
кәсіпкерлік қызмет кедейшілікке қарсы күреседі. Осы және басқа да
қызметтерден көріп отырғанымыздай экономикамыздың тұрақты дамуында
кәсіпкерлік қызметтің ролі өте ерекше болып отыр. Сол себепті біздің
алдымыздағы міндет – кәсіп түрлерін игеру ісін одан әрі тереңдете түсу. Осы
міндетті жүзеге асыруда ең ауыр салмақ кәсіпкерлерге түсіп отыр. Осыған
байланысты менің Кәсіпкерлік қызметке салық салу мәселелері атты
дипломдық жұмысым өте өзекті мәселе болып отыр. Дипломдық жұмысымның
тақырыбының өзектілігіне келетін болсам, қазіргі таңдағы кәсіпкерлік қызмет
субьектілеріне салық салу мәселелері, олардың экономиканың дамуындағы
алатын орны, мемлекет тарапынын жүргізіліп жатқан қолдау мәселелері
тақырыптың өзектілігін ашады. Дипломдық жұмысымды жазудағы негізгі
мақсатым - кәсіпкерлік қызметтің қалыптасуын, түрлерін, даму тарихын
қарастыра отырып, кәсіпкерлік қызметке салық салу мәселелерін анықтау және
оларға талдау жүргізіп, жетілдіру жолдарын қарастыру.
Осы аталып кеткен мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер қойылып
отыр:
- Кәсіпкерлік қызметтің теориялық негіздерін қарастыру; -
Кәсіпкерлік қызметті дамытуда кездесетін мәселелерді анықтау; -
Кәсіпкерлік қызметті салықтық реттеу; -
Кәсіпкерлік қызметтің болашақта жетілдіру жолдарын қарастыру.
Дипломдық жұмысым үш бөлімнен тұрады: Бірінші бөлімде
кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму теориясы қарастырылады;
Екінші бөлімде кәсіпкерлік қызметке
салық салу бойынша талдау жасалады;
Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік
қызметті жетілдіру жолдары қарастырылады.
Ал қорытындысында жұмыстың барлық аспектісі бойынша қорытынды жасалған және
жұмысты пайдаланылған әдебиеттер тізімі аяқтайды. Дипломдық жұмысты жазудың
әдістемелік негізі ретінде Қазақстан Республикасының нормативті актілері,
шетелдік және отандық авторлардың, экономист ғалымдардың оқу құралдары,
сондай-ақ экономика және салықтар мәселелерін жариялайтын газет –
журналдар, баспасөздегі мақалалар болып табылады.
1. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУ ТЕОРИЯСЫ
1.1 Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы бойынша экономикалық ілімдер
Қазіргі уақытта кәсіпкерлік қоғамның экономикалық және әлеуметтік
прогресінің маңызды факторы болып келеді. Кәсіпкерлік секторы – бұл ұлттық
экономиканың жетекші секторларының бірі болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет

қысқартады және кедейшілікке шек қояды.
Кәсіпкерлік – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның
белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік – адамның еркін өмір
сүру түрі. Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады: біреуі – белгілі бір
істің түрі, екіншісі – сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап.
Кәсіпкерлік деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады.
Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі,
қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталды. Орта ғасырда көпестер,
саудагерлер, қолөнершілер және миссионерлер алғашқы кәсіпкерлер болған.
Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал-жабдықтарға иелік ете
отырып, өздері сол кәсіпорында жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің
бастапқы жабайы түрі.
XVI ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болды,
акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Мысалы, 1554 жылы Англия сауда
компаниясы, 1660 жылы Ост-Индия сауда компаниясы құрылды. XVII ғасырдың
аяғында акционерлік банктер іске қосылды.
Ал, Қазақстанда кәсіпкерлік ерте заманнан келеді. Мұнда бұл салалар
тарихи ерте заманда пайда болған. XVIII ғасырда қазақтар Орта Азия, Ресей,
Қытай, Иран патшалықтарымен – мал, жылқы, тері, жүн және аң аулау
бұйымдарымен сауда жасаған.
XIX ғасырдың алғашқы жартысында тұз табумен айналысу, тау-кен ісі дами
бастады. Сонымен қатар, мыс, қалайы, күміс, тас көмір қазу басталып,
балқыту және тері илеу зауыттары ашыла бастады. Сауда орталықтары – Семей,
Ақмола, Атбасар, Орал, Гурьевте орналасты. Осы кезеңде қазақ даласында
сауда – тауар-ақша қатынастары дамыды.
XX ғасырдың басында өте кең дамығаны – банк капиталы болды. Сауданың
стационарлық және жәрмеңкелік түрлері өте жақсы дамыды. Сонымен,
кәсіпкерліктің пайда болуының басты себебі – сауданың пайда болуы және
өркендеуі [1, 8б.].
Кәсіпкерлік – көп қатарлы және өте көлемді түсінік, ол бір мағынада
емес, кәсіпкерліктің мағынасы өз бастауын ғасырлар тереңінен алып жатыр.
Кәсіпкерлік алуан түрлі және кешенді ұғым. Ерте заманда кәсіпкерлік ұғымы
тек қана тәуекел элементтерімен байланыстырылған. Қазіргі кезде
кәсіпкерлік мағынасына берілетін анықтамалар шамадан тыс көп.
Алғаш рет кәсіпкерлік және кәсіпкер терминін XVII ғасырдың аяғы XVIII
ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734) енгізді.
Ғалым кәсіпкерлікті ерекше экономикалық функция ретінде қарастырды. 1725
жылы Ричард Кантильон кәсіпкерді - нар тәуекел жағдайында қызмет етуші адам
деді [1, 9б.].
Әйгілі ағылшын экономисі Адам Смит (1723-1790) кәсіпкерді жекеше
қызмет атқаратын жеке меншікке және оның қызметін кәсіпкерлердің жеке
қызығушылығымен байланыстырды. Бұл негізді кәсіпкер өзі жоспарлаған
өндірісті өзі ұйымдастырып және алынған пайданы өзі бөлуі тиіс болды.
А. Смит Халықтар байлығының табиғаты мен себебі туралы зерттеулер
еңбегінде кәсіпкердің сипаттарына көп назар аударады. Ол кәсіпкерді өзінің
коммерциялық идеясын өткізіп, пайда табу мақсатында тәуекел ететін меншік
иесі деп сипаттайды. Кәсіпкер өндірісті өзі ұйымдастырады, оның нәтижесіне
өзі иелік етеді.
Кәсіпкерлік теориясының қалыптасуына өз үлесін қосқан тағы бір әйгілі
француз экономисті Жан Батист Сэй (1767-1832) болып табылады. Ол былай
деген: Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын
адам. Жан Батист Сэй кәсіпкерлікке шаруашылық тиімділігін қамтамасыз ету
мақсатында өндіріс факторларын байланыстырушы экономикалық агент ретінде
анықтама береді. Сэйдің пікірінше кәсіпкердің табысы өнімді өндіру мен
өткізуді ұйымдастыру қабілеті үшін алатын сыйақы болып табылады. Яғни ол
кәсіпкерлерді пайда табу мақсатында өзіндік есебімен тәуекел үшін қызмет
атқарады деп түсіндірді. Бұның негізінде әрбір кәсіпкер өз білімі мен
тәжірибесіне жүгінуі тиіс болды. Жан Батист Сэй кәсіпкерлікті Адам Смитпен
салыстырғанда кеңінен сипаттады. Кәсіпкерлекке шаруашылық тиімділігін
қамтамасыз ету мақсатымен өндіріс факторларын байланыстырушы экономикалық
агент ретінде анықтама берді [2, 139б.].
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа
түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі, Гарвард
университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950) мән берді. Ол
былай деген: Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу. Екінші жағынан,
кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. 1934 жылы
Йозеф Шумпетер кәсіпкерді жаңа технологияларды өңдеуші жаңашыл тұлға
ретінде суреттейді. Ол кәсіпкерлік қызметті ең алдымен жаңалықтар мен жаңа
немесе ескі тауарларды жаңа әдіспен өндірудің әртүрлі мүмкіндіктерін
қолданатын, жаңа шикізат көздерін, өткізу рыноктарын аша отырып, өндірісті
реформалаумен немесе түбірімен өзгертумен байланысты іс-әрәкет деп
есептейді.
1961 жылы кәсіпкер – ұстамды тәуекел жағдайында қызмет ететін пысық
адам деп пайымдаған Дэвид Маклелланд да осы пікірді қолдаған.
Ағылшын экономисті Дэвид Ричардо (1772-1823) кәсіпкерді қарапайым
капиталист ретінде қарастырды. Ал Роберт Хизрич кәсіпкерлік – белгілі бір
құнға ие болатын жаңа нәрсе ашу үрдісі, ал кәсіпкер – осыған бар күші мен
уақытын жұмсай отырып, орнына ақшалай және қанағаттанарлыққа жете алатын,
қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекелді мойнына алатын адам -
деді.
Кәсіпкерлік ұғымына анықтама беруші келесі ағым – кәсіпкерлікке тән
тәуекелділікпен қатар, одан алынатын пайда мен туындайтын жауапкершілікті
жатқызады. Мысалы, 1797 жылы Бодо кәсіпкер – іскерлік қызметке жауап
беруші, кәсіпорын қызметін бақылап, жоспарлап, ұйымдастырып және оған иелік
етуші тұлға деген. 1964 жылы Питер Друкердің дәлелдемесі – кәсіпкер қандай
болмасын мүмкіндікті пайдалана отырып, ең жоғарғы деңгейдегі пайдаға жетуге
ұмтылатын адам.
Ал, Республикада кәсіпкерліктің қалыптасу теориясын әзірлеуге Мамыров
Н.Қ., Қошанов А.Қ., Кенжеғозин М.Б., Оқаев Қ.О. және т.б. ғалымдар үлкен
үлестерін қосты. Олар кәсіпкерлікті экономикалық дамудың түйінді мәселесі,
ел нарығын отандық тауарлармен толтырудың көзі, халықты жұмыспен қамтамасыз
етудің бірден-бір жолы деп санады. Ал, макро және микродеңгейде
кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін қарастырумен
Ихданов Ж.О., Бірәлиева Н.Б., Күлекеев Ж.А., Әлімбаев А.А., Сәбденов О.Қ.
сияқты ғалымдар айналысты. Ғалымдардың алғашқы тобы кәсіпкерлікті
экономикалық дамудың қозғаушы күші десе, екінші тобы кәсіпкерлікті
зерттеудің тәжірибелік-әдістемелік жағына баса назар аударды [3, 225б.].
Қазақстан заңында кәсіпкерлік - азаматтар мен бірлестіктердің пайда
алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік
жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.
Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен,
дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық
қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің
белгілері болып табылады.
Кәсіпкерліктің субъектісі – кәсіпкерлер, жеке тұлғалар, әр түрлі
ассоциациялар, акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтер және
мемлекет бола алады. Ал, кәсіпкерліктің объектісі – шаруашылық қызметтің
кез-келген түрлері, коммерциялық делдалдық, сату - сатып алу, инновациялық,
кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен операциялар бола алады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде кәсіпкерлік қызметке
мынадай анықтама берілген: Кәсіпкерлік – меншік түріне қарамастан,
азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты
қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған және жеке
меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық
басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызмет [4,
139б.].
Кәсіпкерлік дамыған рыноктық экономикада кәсіпорын ұйымдарының, жеке
кәсіпкерлердің жиынтығы ретінде келесідей қызметтерді атқарады: жалпы
экономикалық, шығармашылық ізденіс (инновациялық), ресурстық, әлеуметтік,
ұйымдастырушылық.
Дамыған рыноктық экономикада жалпы экономикалық қызмет анықтаушы болып
табылады, бұл кәсіпкерлік ұйымдар мен жеке кәсіпкерлердің рынок субъектісі
ретіндегі рөліне негізделеді. Кәсіпкерлік қызмет тауар (қызмет көрсету,
жұмыстарды орындау) өндіруге және оны нақты тұтынушыларға жеткізуге
бағытталады. Кәсіпкерліктің дамуы экономикалық өсудің, жалпы ішкі өнім мен
ұлттық табыс өсуінің басты шарты болып табылады.
Ресурстық қызмет – кәсіпкерліктің маңызды қызметтерінің бірі.
Кәсіпкерліктің дамуы ресурстардың барлық түрін тиімді пайдалануды талап
етеді. Кәсіпкер өз ісіне ғылыми-техникалық идеяларды, жаңалықтарды енгізіп,
біліктілігі жоғары жұмыс күшін, ресурстарды тиімді пайдалана білсе жоғары
табысқа қол жеткізеді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік шығармашылық ізденіс қызметін де атқарады.
Кәсіпкер қызметінде жаңа идеяларды қолданып қана қоймай, алға қойған
мақсатына жету үшін жаңа құралдар мен факторларды жасауы қажет.
Рыноктық экономика жағдайында кәсіпкерлік әлеуметтік қызмет атқарады.
Бұл қызмет адамдардың жаңа топтарының - дербес шаруашылық-экономикалық
қызмет атқаруға тырысатын, өз ісін ұйымдастырып, алға қойған мақсатына жете
алатын адамдардың қалыптасуынан көрініс табады.
Кәсіпкерлік ұйымдар неғұрлым тиімді қызмет етсе, олардың әртүрлі
деңгейдегі бюджетке, бюджеттен тыс және әлеуметтік қорларға түсетін
қаражаттары да соғұрлым көп болады. Сонымен бірге кәсіпкерліктің дамуы
жұмыс орындарының санын көбейтеді, жұмыссыздық деңгейін төмендетеді,
жалдамалы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсартады.
Кәсіпкерліктің келесі бір маңызды қызметі – ұйымдастырушылық қызмет,
бұл қызметке кәсіпкерлердің өз ісін ұйымдастыруда дербес шешім қабылдауы,
кәсіпкерлік басқарудың қалыптасуы, күрделі кәсіпкерлік құрылымдарды құруы
және т.б. жатады. Ұйымдастырушылық қызмет шағын және орта кәсіпкерліктің
тез дамуынан, сондай-ақ ұжымдық кәсіпкерлікте айқын көрініс табады [4,
140б.].
Кәсіпкерлікті шаруашылық қызметтің бір түрі деп қарастыра отырып, оның
негізгі ерекше сипатты белгілерін бөлуге болады:
1. Шаруашылық субъектілерінің еркіндігі және тәуелсіздігі;
2. Пайда табуға бағытталуы;
3. Новаторлық және шығармашылық ізденісі;
4. Шаруашылық жүргізуде нар тәуекелге баруы.
Егер осы жоғарыда аталған белгілер экономикалық қызметке тән болса,
онда оны толық негізбен кәсіпкерлік қызмет деп атауға болады.
Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді:
Өндірістік кәсіпкерлік – тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани
құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс
функциясы негізгі болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлік – мұнда басты рөлді тауар-ақша, сауда-айырбас
қатынастары атқарады. Мұнда бизнесмен басқа тұлғалардан сатып алған дайын
тауарларды қайта сата отырып, саудагер немесе коммерсант рөлін атқарады.
Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы
жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болса, алыпсатарлық болып
есептелмейді. Коммерциялық кәсіпкерлік сауда мекемелері мен тауар
биржаларында әрекет етеді.
Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің ерекше бір түрі
ретінде несиеге ақша беру, шетел валюталарын, бағалы қағаздарды сату-сатып
алу операцияларымен айналысады.
Делдалдық кәсіпкерлік – кәсіпкер-делдал өндірушілерден сатып
алушыларға қажетті тауарларды өткізу шарттары туралы ақпарат алады және ол
мәліметті сатып алушыға жібереді. Егер де өндіруші мен сатып алушы мәміле
жасаса, делдал кәсіпкерге сыйақы берулері тиіс. Яғни, делалдық кәсіпкерлік
- бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді.
Мұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.
Сақтандыру кәсіпкерлігі – кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде
ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің
ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.
Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысандары Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген. Кәсіпкерліктің ұйымдық-
құқықтық нысандарын дұрыс таңдау көптеген факторларға тәуелді болады, оның
ішінде: жеке капитал мен оны тарту мүмкіндігінің болуы, кәсіпкерлік қызмет
сипаты мен масштабы, кәсіпкерлік жобаны іске асыру мерзімі, кәсіпкердің
жеке тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілеті, рынок жағдайы және т.б.
Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары:
1. Серіктестік: толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі
шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік.
2. Акционерлік қоғам.
3. Мемлекеттік кәсіпорын.
Шаруашылық серіктестік жарғылық қоры құрылтайшылардың салымдарына
бөлінген заңды тұлға болып табылады. Шаруашылық серіктестігінің мүлкіне
ақша, мүліктік құқық немесе ақшалай бағасы бар басқа да құндылықтар
салынады.
Толық серіктестік. Қатысушылары (толық серіктестер) кәсіпорынның
міндеттемесі бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақтасып жауап беретін
серіктестік толық серіктестік болып табылады.
Толық серіктестік құрылтай шарты негізінде құрылады және әрекет етеді.
Толық серіктестік қызметі барлық қатысушылардың жалпы келісімі бойынша
басқарылады, серіктестіктің әрбір қатысушысы серіктестік атынан әрекет
етеді. Серіктестіктің пайдасы мен шеккен зияны қатысушылары арасында
жарғылық қордағы үлесіне қарай бөлінеді.
Сенім серіктестігі. Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл
мүлкімен жауап беретін қатысушылармен қатар, міндеттемеге өзінің салымының
көлемінде жауап беретін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын
бір немесе бірнеше қатысушылардан тұратын серіктестік сенім серіктестігі
болып табылады. Қосқан үлесінің мөлшерінде жауап беретін қатысушылар
командистер деп аталады. Командиттік серіктестіктерді ұжым басқарады және
ол өкілеттік қызмет атқарады. Фирманың ішкі өзара қызметін командистер
келісім арқылы жүзеге асырады. Әдетте мұндай келісім құқын ірі командитті
компаниялар шеңберінде командистерден тұратын кеңеске беріп отырады. Қоғам
сыртқы қатысушылардың қосқан үлес сомасына акциялар шығарады. Мұндай
акционерлік қоғамды командиттік акционерлік қоғам деп атайды.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Бір немесе бірнеше адам құрған
жарғылық қоры құрылтай құжаттарында белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген
серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады. Оның мүшелері
қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, серіктестіктің зияндарына
тек өз үлестерінің мөлшерінде тәуекел етеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қоғамды ұйымдастыру үшін құрылтай
келісім шартын жасау керек. Онда фирманың аты, мекен жайы, кәсіпорынның
қызмет түрі, бағыты, негізгі капитал мөлшері, қоғам мүшелерінің үлесі
көрсетіледі. Ақша қаражатынан басқа қоғамды ұйымдастырушылардың бағалы
материалдық заттар нысанында заттық үлестері де болуы мүмкін.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің қатысушылары серіктестік
міндеттемелеріне өздерінің салымымен, ал бұл жеткіліксіз болса,
салымдарының еселенген мөлшерінде қосымша мүлікпен жауап береді. Қоғамның
бір қатысушысы банкротқа ұшыраған жағдайда оның жауапкершілігі қатысушылар
арасында салымдарына қарай бөлінеді.
Акционерлік қоғам – бұл өз қызметін жүзеге асыру үшін акциялар
шығаратын заңды тұлға. Қоғам өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған
мүлікті иеленеді, ал акционерлер қоғам міндеттемелері бойынша жауап
бермейді. Жеке адам және заңды ұйымдар акционерлер бола алады. Акционерлік
қоғамды құру үшін серіктестік келісім шартын жасау керек, оны қоғамның
жарғысы деп атайды. Акционерлік қоғамды ұйымдастырушыларға шек қойылмайды.
Ұйымдастырушы бір адам болуы да мүмкін. Қоғамның негізгі жарғылық қорының
мөлшерін сол елдің ұлттық заң шығарушы органы анықтайды [4, 144б.].
Акция дегеніміз – оның иесі акционерлік қоғамның жалпы капиталына өз
үлесін қосқандығын дәлелдейтін және оның пайдасынан белгілі бір үлесін
алуға құқық беретін құжат.
Мемлекеттік кәсіпорындар үш топқа бөлінеді: бюджеттік кәсіпорындар,
мемлекеттік корпорациялар, аралас акционерлік қоғамдар.
Бюджеттік кәсіпорындарға заңды, шаруашылық дербестігі жоқ кәсіпорындар
жатады. Олар мемлекеттік әкімшілік жүйесіне енеді, құрылымдық тұрғыдан бір
министрлікке немесе жергілікті басқару органдарына бағынады. Бюджеттік
кәсіпорындар пайдадан салық төлемейді, олардың бүкіл табысы мен шығысы
мемлекеттік бюджет арқылы өтеді. Сыртқы қаржы көздерін пайдаланбайды,
мемлекеттік қазына есебінен қаржыландырылады. Кәсіпорын басшыларын
мемлекеттік органдар тағайындайды.
Мемлекеттік корпорациялар мемлекеттік кәсіпорындардың кеңінен тараған
түрі. Олар белгілі бір құқық субъектілері және өзіндік меншікте мүліктері
бар кәсіпорындар. Әдетте олар шаруашылық жұмыстарымен бірге мемлекет атынан
реттеуші және басқарушы қызметтерін атқарады. Мемлекеттік корпорациялар
мемлекет иелік ететін акциялар арқылы акционерлік қоғам нысанында да
құрылуы мүмкін. Кәсіпорын қызметінің экономикалық негізін мемлекеттік
қорлар есебінен құралатын өзіндік капитал, акционерлік капитал және пайда
құрайды. Сонымен қатар облигация нысанында заем капиталын, банк несиелерін,
басқа да қаржы көздерін пайдаланады.
Аралас компаниялар акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі
серіктестік нысанында құрылады, акциялары мемлекет пен жеке салымшылардың
қолында болады. Акционерлік қоғам туралы заңға сай аралас компаниялар заңды
иегер, коммерциялық жеке фирмалармен салыстырғанда бірқатар жеңілдіктер мен
артықшылықтарды пайдаланады.
Аралас фирмалардың өзіндік капиталы акционерлік капиталдан,
капиталданған пайдадан, акциялары қор биржасында сатылатын болса,
эмиссиялық табыстан құралады. Мемлекет пен жеке акционерлер өз
қызметтерінің нәтижесінде дивиденд нысанында табыс алып отырады.
Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің
ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік
болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін.
Кәсіпкерлік тәуекел – кәсіпкердің қарсы агенттері өз міндеттемелерін
орындамауынан немесе кәсіпкерге қатысты емес жағдайларда осы қызмет
талаптарының өзгеруінен туатын кәсіпкерлік қызметтің шығын тәуекелі, оның
ішінде жоспарланған кірісті ала алмау тәуекелі. Оларға мыналар: іркіліске
байланысты шығын тәуекелі, кәсіпорынның қарсы агентінің өз міндеттемелерін
бұзуына байланысты шығын тәуекелі, жоспарланған кірісті ала алмауға
байланысты тәуекел, өндірістік, коммерциялық, қаржылық, инвестициялық,
нарықтық, пайыздық, т. б. тәуекел жатады. Кәсіпкерлік қабылданатын
шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді.
Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, онда
кәсіпкерліктің де болмағаны.
1.2 Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің дамуы
Қазақстанда кәсіпкерлік тарихи ерте заманнан дами бастады. XIII ғасыр
мен XV ғасырдың алғашқы ширегінде Оңтүстік Қазақстан территориясы арқылы
сауда қызметінің дамуында маңызды рөл атқарған Батыс-Шығыс халықаралық
сауда жолы өткен. Осы халықаралық сауда жолы арқылы осы аймақта сауда
қызметі дамып, өркендей бастады.
XVIII ғасырда қазақтар Орта Азия, Ресей, Қытай, Иран патшалықтарымен –
мал, жылқы, тері, жүн және аң аулау бұйымдарымен сауда жасаған. Қазақ
жерлері арқылы Орта Азиядан Ресейге керуендер жөнелтілген. Орынбор, Тобыл,
Семей арқылы сауда жасау өте маңызды болған.

балқыту және тері илеу зауыттары ашыла бастады. Малдың тауарлық маңызы
барынша өсті.
XIX ғасырдың екінші жартысында натуралды шаруашылықтың бөлінуі
Қазақстанның Ресей, Орта Азия, Қытаймен сауда қатынастарының жалғасуымен
ұласты.
XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуына ресейлік және
шетелдік капиталдың келуі де үлкен пайдасын тигізді. Өте кең дамығаны –
банк капиталы болды. Сауданың стационарлық және жәрмеңкелік түрлері өте
жақсы дамыды.
Сонымен, кәсіпкерлік қызметтің дамуының басты себебі – сауданың
дамуымен байланысты болды.
Кәсіпкерлік қызметтің бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы
қабылданған СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы заңы алғаш рет
ресмилендірді. 1988 жылы Кооперация туралы заң қабылданды. Кооперативтер
мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен, нарықтық
инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана
аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары Жалға беру,
Бірлескен кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар экономикалық
жағдайды біршама ырықтандырды. Тұтастай алғанда, негізгі меншік
мемлекеттікі болып қала бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар
біршама дәрежеде кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін
кәсіпкерлік қызметке біршама көңіл бөлді. Осы сәттен бастап Қазақстан халқы
негізінен кәсіпкерлікті ашып жүргізудің әдіс-тәсілдерін меңгерді. Арамыздан
кәсіпкерлер аталатын үлкен әлеуметтік топ бөлініп шықты. Олар кәсіп
түрлерін ашып, жүргізу арқылы елімізді қажетті тауарлармен қамтамасыз етті,
халыққа жұмыс тауып берді.
Бүгінгі күні кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекет тарапынан түрлі жаңа
қадамдар жасалынуда. Кәсіпкерліктің жоғары деңгейде қызмет етуін
ұйымдастыру үшін конструктивтік бизнес – идея, тиімді басқару (менеджмент)
және қаржының жеткілікті болуы шартты жағдай.
Шаруашылық жүргізудің жаңа формаларын қолданбай еліміздің экономикасын
жандандыру, халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын көтеру мүмкін емес. Соның
бірі – кәсіпкерліктің дамуы болып табылады. Кәсіпкерлік ел экономикасын
дамытуда, нарықты қалыптастыруда, ірі өндірушілер монополиясын шектеуде
және бәсекелестікті дамытуда, тауар және қызмет сұраныстарын
қанағаттандыруда, жалақы мен зейнетақыны уақытылы төлеуде, жұмыссыздық
мәселесін шешуде және жаңа технологияларды енгізуде кәсіпкерлік шешуші
фактор ретінде маңызды рөл атқарады.
Кәсіпкерліктің Қазақстан Республикасында қалыптаса басталуы мен дамуы
нарық реформаларының басталуына тұспа-тұс келуімен және тауарлы нарықтың,
кәсіпкерлік іс-әрекеттің кең ауқымға құлаш жаюымен байланыстыруға болады.
Әрине мемлекетіміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі, нарық экономикасына бет
бұруының өзі елде кәсіпкерлік пен шағын және орта бизнеспен айналысуға
міндет еді. Бастапқы кезең ретінде көрінген мұндай бизнес 1995-1996 жылдары
делдалдық қызмет ретінде жүзеге асты. Кейіннен Қазақстанда кәсіпкерліктің
қалыптасуы кооператив түрінде көрініс тапты. Оған негіз болған 1988 жылғы
Кооперация туралы заң экономиканың мемлекеттік және ұжымшарлық
кооперативтік секторлардың тең құқықтық әрекет етуін қамтамасыз етуге
бағытталды.
1994 жылғы 10 маусымда қабылданған Қазақстан Республикасы
кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 1994-1996 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы осы саланы дамыту жөніндегі алғашқы ресми құжат еді.
Бағдарламаның басты мақсаты – экономиканың қуатты жеке секторын, жеке
кәсіпкерліктің, әсіресе, шағын кәсіпкерліктің, жетік инфрақұрылымын
қалыптастыруға қолайлы құқықтық, әлеуметтік-экономикалық қаржы және ұйымдық
жағдайлар жасау болды. Бұдан кейін келесі 1995 жылғы 20 маусымда шағын
бизнес орталықтарының Республикалық желісін құру мен дамыту бағдарламасы
қабылданды. Бағдарламаның басты мақсаты – кәсіпкерліктің кең дамыған
құрылымын құру арқылы шағын өндіріс кәсіпорындарына қолайлы жағдай жасау.
Шағын кәсіпкерлік пен бизнесті дамытудың түйінді мәселелерінің біріне оны
мемлекет тарапынан қолдау жататыны белгілі. Барлық дамыған елдерде үкімет
шағын кәсіпкерлік пен бизнесті дамытудың ұзақ мерзімді саясаты мен
стратегиясын дайындаған. Қазақстанда шағын кәсіпкерлік пен бизнесті
мемлекеттік қолдау қажеттілігі 1992 жылдың 4 шілдесіндегі Жеке
кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы Қазақстан Республикасы Заңында
атап өтілді. 1992-1996 жылдар аралығында шағын кәсіпкерлікті қолдау және
дамытудың екі мемлекеттік бағдарламасы дайындалды. Бұл құжаттардың мазмұнын
талдау барысында республикамыздағы кәсіпкерліктің қалыптасу үрдісіне әсер
ететін көптеген мәселелерді анықтады. Сонымен бірге, сын көзбен қарағанда,
кейбір кемшіліктердің бар екенін жасыруға болмайды. Мысалы, шағын
кәсіпкерлік пен бизнесті қолдау шараларын жүзеге асыруды ресурстармен
(қаржы, материалдық, еңбек және т.б.) қамтамасыз етуді негіздеудің жоқтығы,
нақтылықтың болмауы, шаралардың аяқталуына байланысты нәтижелер (табыстың
ұлғаюы, жұмыссыздықтың азаюы, халықтың әл-ауқатының жақсаруы) шамасының
көрсетілмеуі – экономиканың макро және микро деңгейінде елеулі
жетістіктерге жетуге мүмкіндік бермеді. Әйтсе де, аталған бағдарламалар,
жоғарыдағы кемшіліктерге қарамастан, елімізде кәсіпкерлікті қалыптастыру
мен дамытудың негізін қалау үшін батыл қадамдар жасауға мүмкіндік туғызды
деуге болады. Заң шығарушы және атқарушы органдар кәсіпкерлікті дамытуда
жаңарту проблемаларына көп көңіл бөлді. Мұның бәрі Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексінде, бірқатар заң актілерінде және тағы
басқа экономикалық реформаларды тереңдету құжаттарында бейнеленді. Осы
жылдар аралығында кәсіпкерлікті қаржы – экономикалық және ақпараттық қолдау
салаларында және оның инфрақұрылымында оңтайлы өзгерістерге қол жеткізілді
[3, 224б.].
Қысқа мерзім аралығында тағы бірқатар заң және нормативтік актілер
қабылданды: 1997 жылдың 19 маусымында Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік
қолдау туралы Заңда шағын кәсіпкерлік нысандарына жыл бойына орта есеппен
жұмыскерлер саны 50 адамнан аспайтын заңды тұлға немесе заңды тіркелмеген
жеке тұлға жататындығы белгіленген [3, 224б.].
1997 жылы 2 шілдесіндегі Жеке кәсіпкерліктің мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының кейбір Заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Заң және тағы бірнеше қаулылар мен ережелер. Осы құжаттарда
республикадағы кәсіпкерлікті дамытудың механизмдері мен тетіктері
қарастырылған. Кейінірек, әзірленген Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен
қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 1998 жылдың
31 желтоқсанында қабылданды. Бұл – кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі үшінші
бағдарлама болатын. Қазақстан Үкіметі соңғы жылдары кәсіпкерлікті қолдауды
өзінің басым міндеттерінің қатарына кіргізді. Бұл мәселе елбасшысының
Қазақстан-2030 ұзақ мерзімге арналған еңбегінде де көрініс тапты. 2001 ж.
7 мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-
2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жарық көрді. Бағдарламада
оны іске асуының негізгі бағыттары, қаржыландыру көздері, бағдарламаны іске
асырудан күтілетін түпкі нәтижелер қарастырылған. Бұл құжат та мемлекет
тарапынан жүргізіліп жатқан кәсіпкерлікті әрі қарай дамытуға бағытталған іс-
шара болып табылады [3, 225б.].
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік мемлекеттің қолдауымен және
қатаң бақылауымен дамып келе жатыр. Сонымен, отандық кәсіпкерліктің дамуын
келесідей негізгі бағыттарға бөліп қарастыруға болады: 1.
Кәсіпкерліктің қызмет етуі мен дамуының құқықтық негізінің қалыптасуы. Бұл
мақсатта Қазақстанда бірнеше республикалық және басқа да нормативті-
құқықтық актілер қабылданды: Азаматтық Кодекс, сондай-ақ Шаруашылық
қызметінің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы, Жеке кәсіпкерлік
туралы, Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы және т.б. заңдар.
2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік
қаржымен қамтамасыз ету және қолдау жүйесінің қалыптасуы. Бұл үшін салық
салу, қаржыландыру және несиелеу, сақтандыру жүйелері мен амортизация
саясаты жетілдірілуде. Ең алдымен тиімді кәсіпкерлікті жеңілдіктер
көмегімен ынталандыру үшін салық салуды өзгерту қажет. Салық жүйесі
кәсіпкерлік пен мемлекет мүддесін ынталандырушы қызмет атқаруы тиіс.
3. Үкімет орта мерзімді несие берумен
қамтамасыз ету үшін мемлекеттік ресурстарды қалыптастыру арқылы несиелеуді
жетілдіру шараларын қолдануда. Республикалық және аймақтық деңгейде
кәсіпкерлік құрылымдарды қолдаудың бірлескен қорын құру ұсынылады. Бұл
қордың қаржы көздері мемлекеттік бюджет қаражаттары және кәсіпкерлік
құрылымдардың табысы, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың кәсіпкерлікті қолдау
үшін бөлетін ресурстары болады.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті
дамыту мәселесі өзекті болып отыр. Мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті
дамытуға көп көңіл бөлуі оның оң экономикалық, саяси және әлеуметтік
нәтижелер беруіне байланысты. Шағын кәсіпкерлік:
1) бәсекелік ортаны қалыптастырады;
2) рынокты отандық тауарлар және қызметтермен толтыруға мүмкіндік
береді;
3) халықты жұмыспен қамтамасыз етеді.
2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 208409 кәсіпорын
тіркелген, оның 93,9% шағын, 5,1% орта және 1% ірі кәсіпорын. Меншік
формасы бойынша кәсіпорындардың басым бөлігін – 82,7% жеке меншік
кәсіпорын, содан кейін 12,7% мемлекеттік кәсіпорын және 4,6% шетел
кәсіпорындары құрайды. Шағын кәсіпорындардың 36% сауда саласында, 13%
мүлікпен операция жасау саласында, 9,8% құрылыста, 8% жуығы өңдеуші
өнеркәсіпте жұмыс істейді [4, 148б.].
Елде қазірдің өзінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін негіз
қалыптасқанын мойындау қажет. Тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
саны жылдан жылға өсіп келеді. Мәселен, соңғы 5 жылда олардың саны 2 есе
артты. Жұмыс істеп тұрған бүкіл шаруашылық субъектілері құрылымындағы
олардың үлесінің 91,4 пайыз құрауы да осыны нақты айғақтайды. Қазіргі таңда
елде 106 мыңға жуық шағын және орта бизнес кәсіпорындары жұмыс істейді.
Шағын және орта кәсіпкерлік өндірген өнімдер мен қызметтер елдің ІЖӨ
құрылымында қазірдің өзінде 30 пайыздан асады.
Осылайша, Қазақстанда тіркелген кәсіпорындардың саны жылдан-жылға
артуда. Яғни, кәсіпкерлік саласын сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер оң
үрдіс көрсетуде. Бұл:
- Өндірістің жандануына;
- Мемлекеттік қолдау шараларының күшейтілуіне;
- Халықтың нақты ақшалай кірісінің артуына байланысты.
Үкіметтің кәсіпкерлікті қолдау шараларына қарамастан, оның ойдағыдай
дамуына кедергі келтіретін мәселелер жылдар бойы өзгерген жоқ. Қазақстан
рыногында шағын кәсіпорындардың тиімді қызмет етуіне кедергі келтіретін
мәселелердің ішінде: бірінші орында салық саясаты, екінші – экономикалық
жағдайдың тұрақсыздығы, үшінші – несие саясаты, өткізу, шикізатпен
қамтамасыз ету, соңғы орында – мемлекеттік органдармен ара қатынас мәселесі
тұр.
Соның ішінде салық саясатына толығымен тоқталатын болсақ, фискалдық
саясаттың бір бөлігі болып табылатын салық саясаты мемлекеттің салық
төңірегінде жүргізетін іс-шараларының жиынтығы болып табылады. Рыноктық
экономика жағдайында салық саясаты мемлекетті қаржы ресурстарымен
қамтамасыз ету, ұлттық шаруашылықты реттеу барысына қатынасу, халықтың
табыс деңгейіне қатысты теңсіздіктерді шешу, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қызметін ынталандыру немесе шектеу, қоғам мүддесін қолдау
тәрізді міндеттерді атқарады. Салық ауыртпалығы неғұрлым жоғары болса,
соғұрлым салық төлеушінің салық төлеуге ынтасы мен мүмкіндігі кемиді.
Сондықтан салықтардың нақты өндіріс саласындағы шағын және орта бизнесті
белсендіру барысында тигізетін әсерін естен шығармаған жөн. АҚШ, Германия,
Жапония тәрізді елдердің экономикалық дамуы салық саясатының құрылымымен
және басым бағыттарымен ерекшеленеді. Аталмыш мемлекеттердің салық жүйесі
әлеуметтік-экономикалық дамуды, инвестициялық стратегияны, кәсіпкерлікті,
сыртқы экономикалық қызметті, экономиканың басым бағыттарын қолдаудағы
ерекше құрал болып танылады.
Мемлекет қазынасын толтырудың басты қайнар көздерінің бірі салықтар
салық саясатының негізгі элементі болып табылады. Салықтар ұлттық
шаруашылықты қамтитын әмбебап құрал ретінде, тұтастай алғанда экономикаға,
оның ішінде нақты өндіріс саласындағы шағын және орта бизнес
субъектілерінің ішкі-сыртқы қызметтеріне әсер етеді [5, 62б.].
Ғылыми негізделген, нақты кезеңдегі жағдайды анық көрсететін салық
жүйесі нақты өндіріс саласындағы шағын және орта бизнесті белсендірудің
маңызды құралдарының бірі болып табылады. Экономикалық әдебиеттерде салық
жүйесіне әртүрлі анықтама беріледі.М.Т.Оспанов салық жүйесіне нақты
кезеңде мемлекет аумағы шеңберінде қызмет ететін, заң бойынша бекітілген
объектісі, субъектісі, төлеу тәртібі мен мерзімі, есептеу әдісі, салықтарды
басқару жүйесінің жиынтығы көрсетілген салықтар мен бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдердің заң жүзінде бекітілген тізбесі деп анықтама
берсе, келесі бір экономикалық әдебиеттерде салық жүйесі – салық салу
әдістері мен тәсілдерінің, мемлекетке алынатын салықтарды жинау мен
пайдалану түрлерінің, салық органдарының жиынтығы, елдегі заңды және жеке
тұлғалардан бекітілген тәртіппен алынатын салықтар, алымдар, баждар мен
міндетті төлемдердің жиынтығы, рыноктық экономиканың маңызды элементі
деп түйінделеді [5, 63б.].
Көптеген экономист-ғалымдар да, кәсіпкерлердің өздері де салық
кәсіпкерлік қызметтің дамуын тежейтін бірден-бір құрал деген пікірде. Менің
пікірімше, бұл қисынсыз тұжырым. Өйткені қазіргі таңда біздің елімізде
кәсіпкерліктің қалыпты дамуына кедергі болып отырған фактор – салықтардың
өздері емес, ең алдымен салық жүйесінің тұрақсыздығы. Өйткені салық
жүйесіне жиі енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың өздері де
кәсіпкерлік қызмет барысына өзіндік ықпалын тигізері сөзсіз [5, 63б.].
Сонымен қатар, кейбір мәселелердің шешімі кәсіпкерлік белсенділіктің
қарқынды дамуына түрткі болар еді. Олар: кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту
инфрақұрылымының дамуда қалық болуы, мамандандырылған кадрлардың жетіспеуі,
шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несие ресурстарына қол жетімділігінің
шектеулігі.
Стратегиялық басымдықтардан шыға отырып, шағын және орта
кәсіпкерліктің қазіргі даму ахуалын талдау нәтижесін және шетелдік
тәжірибені ескере отырып көптеген мәселелер анықталды. Сол мәселенің бірі –
кәсіпкерліктегі көлеңкелі экономиканы азайту. Кәсіпкерлердің көлеңкелі
бизнеске кетуінің негізгі себебі – заңды бизнесті жүзеге асырудағы
ұсталымдардың көптігі болып табылады. Кәсіпкерліктегі көлеңкелі экономиканы
азайту үшін ең алдымен әкімшілік кедергілерді алып тастау бойынша іс-
шаралар қабылдау қажет. Көлеңкелі экономика үлесін төмендету бойынша
жұмыстың жемісті болуы салықтық әкімшілікті жетілдіру шараларының
пәрменділігіне байланысты болады.
2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне
кәсіпкерлікке қатысты өзгертулер енгізілді. Біздің міндетіміз – тұрғын үйді
жалға берумен айналысатындарды, базарда сауда жасап тұрғандарды, жеке
тасымалдаумен айналысатындарды және тағы басқа көлеңкеліктен шығару
мақсатында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне Салық Кодексіндегі оң
өзгертулерді түсіндіру. Көлеңкелі экономика құрамындағы біршама үлес
көшедегі, базарлардағы сауда, шағын сауда орындарына тиесілі. Мұнан шығу
жолын біз ұйымдаспаған сауда түрлерін біршама өркениетті түрге айналдыруға,
сауданың жалпы қабылданған нормалары мен ережелерін, базар саудасын сауда
орталықтарына айналдыру бойынша қызмет көрсету стандарттарын енгізуге
жағдай жасаудан көріп отырмыз.
Мұның барлығы кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан көмек көрсету қажет
екендігін көрсетеді. Жоғарыда аталғандарды қорытындылай отырып,
Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметті белсенді етудің шарттарын қысқаша атап
өтуге болады:
- Кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің араласпауы;
- Мемлекет тарапынан материалдық көмек көрсету;
- Шаруашылық субьектілері мүліктерінің қорғалуына кепілдік беру;
- Экономикалық еркіндік және рыноктық қатынас субьектілерінің барлығына
теңдей құқық беру;
- Рынок инфрақұрылымын дамыту;
- Шаруашылық жүргізудің бәсекелік жүйесін құру, мемлекеттің монополияға
қарсы қызметін қайта құру.
Егер де мемлекет жоғарыда аталған мәселелерге біршама мән берсе,
кәсіпкерлік қызметтің дамуына қолдау көрсетсе, онда экономикамыз тұрақты
түрде дамитын еді.
1.3 Кәсіпкерлік қызметке салық салудың шетелдік тәжірибелері
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы бері 19 жыл ішінде көптеген
елдермен тығыз қарым-қатынас жасап, ел экономикасын дамыту инвестиция тарту
барысында үлкен жеңістіктерге жеткені айқын. Экономиканы реформалаудағы
маңызды саланың бірі – салық жүйесін реформалау, еліміздің салық жүйесін
халықаралық деңгейге көтеру. Осы орайда мен дамыған елдердің салық ісіндегі
тәжірибесін қарастырдым. Негізінен бүкіл дүниежүзінде кәсіпкерлік қызметтің
экономика құрылымындағы үлесі өте жоғары.
Ресей Федерациясында да кәсіпкерлік қызметке арнаулы салық режимі
қолданылады. Салық салудың арнаулы салық режимін қабылдауына байланысты,
2006 жылы бюджетке 56,0 млрд руб. түскен. Яғни, бұл көрсеткіш 2005 жылмен
салыстырғанда 44,3 %-ға жоғары. Ресейде патент негізіндегі арнаулы салық
режимі 2006 жылдың 1 қаңтарында енгізілген. Бір жыл ішінде патент беруден
түскен түсім 2,9 млн руб. құрап отыр.
2006 жылдың 1 шілдесіндегі көрсеткіш бойынша, 1,2 млн кәсіпорын және
жеке кәсіпкерлер салық салудың арнаулы салық режимін қабылдады. Бұл
көрсеткіш 2005 жылдың 1 шілдесіндегі жағдаймен салыстырсақ, 27 %-ға жоғары
болып тұр.
Қорыта келе, біз жеке кәсіпкерлердің салық салудың арнаулы салық
режимін қабылдауына байланысты, жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерінің үлесі
артып отырғанын байқадық. Яғни, Ресейдегі кәсіпкерлік қызметпен айналысатын
жеке кәсіпкерлер үшін арнаулы салық режимі тиімді болып тұр.
Ал Италияда шағын және орта кәсіпкерліктің басты сипаттамасы ең
алдымен меншік құқы мен кәсіпорынды тікелей басқарудың бірлігі болып
табылады. Екінші сипаттама - кәсіпорынды тікелей басқарудың айқындылығы,
яғни, кәсіпорын қызметінің айқындылығы. Оның көлемінің шектеулілігі қожайын
мен жұмыскер арасындағы өзіндік ерекше қатынастар сипаттарын білдіріп,
өндірістің түпкі нәтижесі үшін екі жақтың да бірдей мүдделігін, ынталылығын
тудырады.
Үшіншіден, кәсіпорындар өмірінде басқарушы рөлінің ерекше маңыздылығы.
Ол шаруашылықтың нәтижелілігіне тек қана мүлік иесі болғандықтан тәуекелге
бел буатындығынан ғана емес, сонымен бірге оның өзінің де өндіріспен
тікелей айналысып, оны ұйымдастыруға барлық жағынан қатысуынан көрінеді.
Төртінші – істі жанұялық негізде жүргізу, кәсіпорындар қызметін
нәтижелі жүргізу, ұйымдастыруға атадан балаға мұра ретінде машықтану.
Бесіншіден – шағын кәсіпкерліктің тағы бір сипатты белгісі ретінде
кәсіпорынды қаржыландыру мәселесін айтуға болады.
Егер алыптар қажетті ресурстарды негізінен капиталдар нарығы (қор
биржалары) арқылы алатын болса, ал шағын және орта кәсіпорындар банктердің
аздаған несиесіне арқа сүйейді, сондықтан да олар үшін қаржылындыру
мәселесі басты мәселе болып табылады.
Шағын кәсіпкерліктің жоғарыдағы аталған сапалық жақтарымен бірге
сандық жағынан да сипаттамалары бар. Олар екі көрсеткішке негізделеді:
жылдық айналым сапасы мен еңбекпен қамтылғандар саны. Италияда қабылданған
есептеу методологиясына сәйкес халық шаруашылығының бұл секторына мыналар
жатқызылады: 1. Белгілі бір
жағдайда өзіндік фирма түріндегі – барлық жеке еркін мамандық иелері
(дәрігер, нотариустар, салық пен жарнама бойынша консультанттар,
аудиторлар, өз бетінше дербес әрекет ететін инженерлер, педагогтар,
баспасөз, өнер қызметкерлері және тағы басқалар); 2. Жұмыс
істейтіндер саны 1-ден 43 адамға дейінгі және жылдық айналымы 1 млн.
маркаға дейінгі ұсақ кәсіпорындар; 3. Жұмыс
істейтіндердің саны 50-ден 499 адамға дейінгі және жылдық айналымы 1 млн.-
нан 10млн. маркаға дейінгі орта кәсіпорындар. Италиядағы шағын
бизнестің экономикалық маңызы, біріншіден барлық еңбекке жарамды халықтың
23 бөлігін қамтып отырған жұмыс беруші ретіндегі, екіншіден елдің жалпы
ішкі өнімінің жартысына жуығын құрайтын өнім өндіруші мен қызмет көрсетуші
ретіндегі, үшіншіден барлық инвестициялар мен тіркелген патенттердің
жартысынан артығының өндіріске еңгізудегі үлесіне 25 бөлігі келетін ғылыми-
техникалық прогрестің катализаторы ретіндегі, төртіншіден Италиядағы
барлық өндірістік оқу орындарының 85 процентін қамтитын кадрлар дайындау
көзі ретіндегі рольмен анықталады.
Италияда шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүйесінің негізінде жатқан
басты принцип, өздігінен мүмкіндігінше өз бетінше дамуын барынша
ынталандыратын негізде көмек беру болып табылады. Бағдарламаның жалпы
мақсаты – ол шағын кәсіпкерліктің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін
арттыру. Қазіргі кезде бірінші орынға арнайы шаралардың жиынтығы мен нақты
бағдарламалардың өмірге келуіне талап етіп отырған Италияның жаңа
аймақтарындағы шағын кәсіпорындарды ынталандыру проблемасы қойылып отыр.
Осыған орай, мынадай шараларды атап өтуге болады: Италияның
федеральді өкіметі іс жүзіне асырып отырған құрылымдық-саяси шаралар. Шағын
кәсіпкерлікке қолдау жасауға құрылымдық-саяси шаралардың екінші бір құрамды
бөлігі – мемлекеттік келісім шарттарды бөлуге қатысудағы олардың құқықтық
жағынан теңдігін қамтамасыз ету. Италияда салық салудағы жеңілдіктер.
Италияның жаңа аймақтарында қазіргі кезде кеңінен пайдаланып жүрген
инструменттің басты үш түрі бар: - амортизациялық аударымдардың
арнайы нормалары; - пайданың салық салынбайтын
резервтерін жасау; - салық ведомоствалары
төлейтін инвестициялық үстемелер. Енді әрқайсысына жекелеп тоқталсақ:
Амортизациялық аударымдардың арнайы нормалары барлық инвестицияларға
қолданылып, жаңа жұмыс орнын ашуға, қоршаған ортаны қорғауға, техникалық
жағынан алдыңғы қатарлы өнім өндіруге, сыртқа тауар шығаруға бағытталады.
Жұмсалған қаражаттар үш жыл ішінде есеп ретінде шығарылады, бірінші жылы
жұмсалған капиталдың 50% амортизацияланады, екінші жылы 30% және үшінші
жылы 20%. Салықтан босатылған пайда резервтерін жасауға қол өнері
өндірісінде, саудада, өнеркәсіпте, еркін мамандық секторларында, сондай-ақ
мүліктерді жалдау мен жалға беру қызметі сферасында қолдануға рұқсат
етілген. Резерв бір жыл ішінде түскен пайданың 20% дейінгі мөлшерін құрауы
мүмкін.
Қаржы жағынан қолдау. Федералдық өкімет тарапынан берілетін
салыстырмалы түрде процент ставкасы төмен және жеңілдік жағдайын пайдалана
отырып, ақшаны қайтаруға мүмкіндіктер тудыратын несиелер – шағын бизнес
үшін қамқорлық болып саналады. Қазіргі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz