Қоғам өміріндегі саяси жүйе және адам қоғамы



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
III. Қоғам өміріндегі саяси жүйе және адам қоғамы оның мазмұны
IV. Қоғамның саяси жүйесі, оның мазмұны
V. Саяси жүйедегі мемлекеттің алатын орны
VI. Қорытынды
Адамның объективтік тарихи даму процесіне және күнделікті қарым-қатынасында коғамның бірнеше түрлері болады: өндірістік қоғам, шаруа-шылық қоғам, әлеуметтік қоғам, азаматтық қоғам т.б. Осылардың ішіндегі ең күрделісі, ең түпкіліктісі - адаммен бірге дамып келе жатқан азаматтық қоғам. Қоғамның басқа түрлері тез құрылып, тез тарап жатады. Олардың өмірі, іс-әрекетінін шеңбері, кеңістігі көп өлкеге жайылмайды, уақыты көпке созылмайды.
Қоғам - мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған қатынасушылардың; табиғи және азаматтық құқықтарын, бостандығы мен міндетін автономиялық даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліс болмайды, уақыты шектелмейді, өлкеге-аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық жерін, барлық халқын біріктіреді.
Мемлекеттік нысанның соңғы элементі — саяси режим. Бұл режим деген сөзді екі мағынада қолданады. Бірінші - саяси режимді мемлекеттің бүкіл саяси жүйесіне таратады, ал оның екінші жағынан саяси режимді тек мемлекеттің қолданатын әдістері деп түсінуге болады. Сонымен, саяси режимді мемлекеттің қолданатын әдістері, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарының дамуы және кепілдіктері, демократиялық институттарды қолдану.
Саяси жүйеге жатқызылатын қоғамдық құбылыстардың ерекше белгілері болады. Ондай белгілерге мыналар жатады: 1) саяси жүйенің бөлшегінің ұйымдық сипаты болуы қажет; 2) кез келген қоғамдық бірлестік, ұйым саяси жүйенің болмысы бола алмайды.
1. Н. Назарбаев. Қазақстан Республикасы Президентінін Қазақсган хал-қына Жолдауы. Елдегі жагдай, ішкі және сыртқы саясаттын Негізгі ба-ғыттары туралы: жақа ғасырда қогамды демократияландыру, экономи-калық және саяси реформа. // Егемен Қазакстан. 1998. 30 кыркүйек.
2. Н. Назарбаев. Тәуелсіздігіміздін он жылы: бейбіттігіліқ прогресс және қогамдық келісім. Қазақстан халықтары Ассамблеясының VIII сессия-сында сөйлеген сөзі// Егемен Қазакстан. 2001. 25 Қазакстан.
3. Ә. Нысанбаев. Қазақстан. Демократия. Рухани жақару. — Казахстан. Демократия. Духовное обновление. Алматы, 1999.
4. Қазақстан Республикасынын Конституциясы. Алматы: Жеті жарғы, 2000.
5. Общая и прикладная политология./Под общей редакцией Жукова В И , Краснова Б И М , 1997
6. Основы политической науки: Учебное пособие/ Под ред проф В П Пугачева М , 1994
7. Основы политологии. Курс лекций/ Под ред проф В П Пугачева М , 1992
8. Политические партии и общественные движения современного Ка-захстана: Справочник Алматы, 1994
9. Политология: Курс лекции/Под ред проф Мустафина Т Т Алма-ты, 1993
10. Политология: Энциклопедический словарь М , 1993
11. Агдарбеков Т. Құкық және мемлекет теориясы. Қарағанды, 2002. 10-бет
12. Дархамбаева А.Д. Мемлекет және құқық теориясы А. 2004
13. Жоламан К.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998. 5-бет
14. Жоламан К.Д., Мұқтарова А.Қ. А.Н.Тәуекелов Мемлекет және құқық теориясы. А. 1999
15. Мемлекет және құқық теориясы . Қазақ мемлекеттік заң университеті А. 1998
16. С.Өзбекұлы, Ө.Қопабаев Мемлекет және құқық теориясы.А.2006
17. Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы А. 1997
18. Сәкен Өзбекулы. Қазақстаннын саяси-кұқықтық ой-пікір тарихынын өзекті мәселелері. Алматы, 2004. 81-бет.
19. Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. А. 2003
20. Фарукшин М X Политичесқая система общества// Соц -полит науки 1991, №5

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
III. Қоғам өміріндегі саяси жүйе және адам қоғамы оның мазмұны
IV. Қоғамның саяси жүйесі, оның мазмұны
V. Саяси жүйедегі мемлекеттің алатын орны
VI. Қорытынды

КІРІСПЕ

Адамның объективтік тарихи даму процесіне және күнделікті қарым-
қатынасында коғамның бірнеше түрлері болады: өндірістік қоғам, шаруа-шылық
қоғам, әлеуметтік қоғам, азаматтық қоғам т.б. Осылардың ішіндегі ең
күрделісі, ең түпкіліктісі - адаммен бірге дамып келе жатқан азаматтық
қоғам. Қоғамның басқа түрлері тез құрылып, тез тарап жатады. Олардың өмірі,
іс-әрекетінін шеңбері, кеңістігі көп өлкеге жайылмайды, уақыты көпке
созылмайды.
Қоғам - мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-
экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған
қатынасушылардың; табиғи және азаматтық құқықтарын, бостандығы мен міндетін
автономиялық даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліс болмайды,
уақыты шектелмейді, өлкеге-аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық жерін,
барлық халқын біріктіреді.
Мемлекеттік нысанның соңғы элементі — саяси режим. Бұл режим деген
сөзді екі мағынада қолданады. Бірінші - саяси режимді мемлекеттің бүкіл
саяси жүйесіне таратады, ал оның екінші жағынан саяси режимді тек
мемлекеттің қолданатын әдістері деп түсінуге болады. Сонымен, саяси режимді
мемлекеттің қолданатын әдістері, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарының
дамуы және кепілдіктері, демократиялық институттарды қолдану.
Саяси жүйеге жатқызылатын қоғамдық құбылыстардың ерекше белгілері
болады. Ондай белгілерге мыналар жатады: 1) саяси жүйенің бөлшегінің
ұйымдық сипаты болуы қажет; 2) кез келген қоғамдық бірлестік, ұйым саяси
жүйенің болмысы бола алмайды. Саяси жүйеге жату үшін оның алдына қойған
мақсатының саяси мазмұны болуы шарт; 3) Саяси ұйымның саяси сипаты оның
бағдарламасында анықталады.
Саяси жүйені зерттеп, тану үшін ерекше тәсілдер қоцанылады.
Конституциялық тәсілді қолдану арқылы саяси жүйе бөлшектерінің ұйымдық
ерекшеліктері айқындалады. Мысалы, мемлекеттің механизмінің болуы оның
басқа саяси жүйе бөлшектерінен ерекше екенін байқатады. Функционаддық (қыз-
мет бағытына байланысты) тәсілді қодцану арқылы саяси ұйымның табиғи сипаты
анықталады. Реттеу ролін зерттеу арқылы саяси ұйымның қоғамдық қатынастарды
қалыптастырып, дамытудағы қызметі көрсетіледі. Идеологиялық тәсілді қолдана
отырып саяси ұйымның нақтылы қандай таптар, әлеуметтік топтар, ұлттар үшін
қызмет атқаратынын анықтауға болады. Коммұникативтік тәсілді қолдану арқылы
саяси ұйымның саяси жүйеге жататын басқа ұйымдармен қарым-қатынасының
дәрежесін, деңгейін, көлемін, мазмұнын түсінуге болады.
Саяси жүйеде мемлекеттің алатын орны ерекше. Мемлекет барша елдің
ресми өкілі болып саналады, себебі ол қоғамды қандай да болсын ерекше
бөлшектерге бөлмей қоғамның, халықтың мүддесін қанағаттандыру үшін қызмет
атқарады.

1.1 Қоғам өміріндегі саяси жүйе және адам қоғамы оның мазмұны

Адам қоғамы қалай қалыптасты, оның себептері қандай - бұл туралы бір
қорытынды пікір жоқ. Бірақ, бұл түсінікті ең бірінші ғылымға енгізген Адам
Смит, Давид Рикардо, оған саяси сипаттама берген Гегель. Дүниежүзілік
ғылыми, саяси қайраткерлердің, ойшылдардың айтуынша - қоғам саналы
адамдардың ерікті түрде бірігіп өмір сүруі. Бұл бірігудің негізгі себебі
адамдардың бір мүдделігі, бір тілектестігі. Мұнсыз бірігу мүмкін емес.
Мүдде екі түрлі болады: жеке адамның мүддесі және қоғамның мүддесі. Қоғам
осы екі мүдде-мақсатты біріктіріп, дамытып отыра ды. Осы объективтік даму
процесінде адамдардың өзара ынтымақтастығы қалыптасты. Сол арқылы жеке
адамның қолынан келмейтін, элі жетпейтін істерді атқаруға мүмкіншіліктуды.
К. Маркс қысқаша: "Қоғам - адамдардың өзара еңбек жасауының одағы", -
дейді.
Коғамдық мүдде-мақсат, қоғамдық тілек уақытша емес, түпкілікті,
накты, объективтік мағынада қалыптасуы керек. Сонда ғана қоғамның жақсы
дамуға, нығаюға мүмкіншілігі болады. Себебі, қоғам саналы адам-дардың
ерікті түрде қалыптасқан одағы. Егер бұл одақ, бұл бірлік еріксіз, озбырлық
түрде ұйымдастырылса, ондай қоғам нәтижесіз тез тарқап кетер еді. Адам
қоғамның бірінші - клеткасы. Қоғам адамдардың күрделі әлеуметтік
бірлестігі. Бұл бірлестік, бұл қоғам дұрыс, жақсы даму үшін оның ішіндегі
қарым-қатынастарды реттеп, басқару керек болды. Оны қоғамның объективтік
даму процесінің заңдарына сүйене отырып, адам-дар өздері әлеуметтік
нормалар арқылыреттеп, басқарып отырады. Сон-дықтан, мемлекет пен құқық
пайда болдьт. "Адамдар өз тарихын өздері жасайды, - деп жазды Маркс - бірақ
олар оны өз қалауынша жасай алмайды, қолындағы барды, бұрынғыдан қалған
мұраны колдануға мәжбұр болады".
Қоғамның тарихи объективтік қалыптасқан негізгі белгілері:
- саналы адамдардың ерікті түрде бірлесіп одақ құруы;
- қоғамдықтүпкілікті, нақты, объективтік мүдде-мақсаттың қалыпта-суы;
- адамдардың өзара ынтымақтастығының, бірлігінің қалыптасуы;
-қоғамдық мүдде-мақсат, тілек арқылы қарым-қатынастарды реттеп -
басқару;
- қоғамды басқаратын, қоғамдық тәртіпті қорғайтын мемлекеттік биліктің
өмірге келуі.
Қоғам — саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орын-дау үшін
саналы түрде өзара бірігуі. Мұнда міндетті түрде екі шартты элемент бар:
мүдде-мақсаттың қалыптасуы және саналы адамдардың саналы түрде бірігуі.
Адамның объективтік тарихи даму процесіне және күнделікті қарым-
қатынасында коғамның бірнеше түрлері болады: өндірістік қоғам, шаруа-шылық
қоғам, әлеуметтік қоғам, азаматтық қоғам т.б. Осылардың ішіндегі ең
күрделісі, ең түпкіліктісі - адаммен бірге дамып келе жатқан азаматтық
қоғам. Қоғамның басқа түрлері тез құрылып, тез тарап жатады. Олардың өмірі,
іс-әрекетінін шеңбері, кеңістігі көп өлкеге жайылмайды, уақыты көпке
созылмайды.
Қоғам - мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-эко-
номикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған
қатынасушылардың; табиғи және азаматтық құқықтарын, бостандығы мен міндетін
автономиялық даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліс болмайды,
уақыты шектелмейді, өлкеге-аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық жерін,
барлық халқын біріктіреді.
Қоғам — мемлекетке тәуелді емес, дербес, ашық, жариялы қоғам.
Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу ерекшеліктері: кеңестік мейлінше
мемлекеттендірілген күйден шығу, қоғам мен мемлекеттің ара қатынасын
тәуелсіз - "дербестікте" дамыту.
Республика Конституциясы Қазақстандағы.қоғамның барлық даму сатыларын
мемлекетке бағындырмастан (оның айғағы - онда "Қоғам" бөлімнің әдейі
болмауы) әлеуметтік бағдарлы нарық экономикасы мен жеке адамның
автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін оған қажетті құқықтық жағдайлардың
негізін қалайды. Оған: тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік
меншікпен жеке меншікті (6-баптың 1-тармағы); адам және азамат құқықтарының
кең ауқымды және біртұтас кешенін (ІІ-бөлім); отбасын, ана мен эке және
баланы мемлекеттің қорғауын (27-бап); идеологиялық және саяси әр
алуандылықты (5-бап) және тағы басқа жаңа Конституцияда бекітілген
қазақстандық азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға
болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде қоғамды
қалыптастырып, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру
бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең курделі, ең жауапты
мүдде-мақсаты [4].

2 .Қоғамның саяси жүйесі, оның мазмұны

Саяси жүйелерді талдамастан бұрын мынандай бір мәселені атап өткіміз
келеді. Батыста қалыптасқан саяси ғылымның басты әдістемелік құралдарының
бірі ғана емес бірегейі ретінде өткен ғасырдың 50 –ші жылдарынан бастап
жүйелік талдау орнығады. Осы әдістің негізін қалаушылар – Д.Истонның,
К.Дойчтың, Г. Алмондтың және т.б. зерттеушілердің батагөйліктерінің
арқасында – Батыста “саяси жүйе”, “жүйелік талдау” түсініктері іс жүзінде
синонимдер ретінде қолданылды. Өкінішке орай бірқатар посткеңестік
зерттеушілер әлі күнге американдық зерттеушілердің өткен ғасырдың 50-ші,
60-шы жылдарындағы қырғи-қабақ соғыс саясаты жылдарында тұжырымдаған
кескіндемелер мен қисындарды пайдаланып келуде. Ал, жоғарыда аталған
зерттеушілердің өздерінің тұжырымдарына соңғы он жылдықта елеулі өзгерістер
енгізгендігі бүгінде ғылымға белгілі жәйт. Сондықтан “ жүйелік талдау”
қоғамның саяси жүйесін талдаудың бір әдістемелік тәсілі де, ал “саяси
жүйе” терең зерттеуді қажет ететін күрделі феномен екендігін назарда
ұстағанымыз жөн.
Батыс зерттеушілерінің басым көпшілігі саяси жүйе деп кез келген
қоғамда орын алатын саяси рөлдер мен функциялардың қарым-қатынастарының
жиынтығын түсінеді. Мысалы Дэвид Истон саяси жүйені - қоғамдық қорларға
(ресурстарға) қарым-қатынастар кешенінің көмегімен жету және оны
орналастыру билігі деп сипаттама береді. Д. Истонның саяси жүйені
сипаттаған кескіндік модельі төмендегідей.
Дойч саяси жүйені ақпаратты өндіру мен шығарудың жүйесі деп
қарастырды. Ақпарат дегеніміз – бұл оқиғалардың арасындығы
құрылымдандырылған қатынас болып табылады. Коммуникациялар – болса, осы
құрылымдандырылған қатынастарды жеткізу тетігі болып табылады. Арналар –
осы ақпарттың жүру жолдары болады дейді ол.

Қоршаған орта
Талаптар
шешім

Қолдау
әрекет

Қоршаған орта

Әділетін айту керек жүйелік талдаудың жақтаушылыры, мысалы Г.Алмонд
саяси жүйені талдау барысында саяси функцияларды атқаратын құрылымдарды
бөліп қарастыру керек дейді. Алмондтың айтуы бойынша – саяси жүйе дегеніміз
өзара қарым-қатынастағы рөлдер мен рөлдер құрылымы болып табылады.
Г.Алмондтың айтуы бойынша рөлдердің “институттар”, “ұйымдар”, немесе
“топтар” секілді түсініктерге қарағанда артықшылығы, оның ашықтығы мен
кеңдігінде болып табылады. Рөлдер концепциясы бойынша ресми және бейресми
мекемелер, от басы, электорат, тобыр, уақытша немесе тұрақты топтар да
саяси жүйенің құрамдас , ықпал етуші бөліктері ретінде қарастырыла алады.
Осы тұрғыдан қарастырғанда саяси жүйенің “институционалдандырылған”
анатомиялық құрылымы өзінің мәнін жояды. Оның үстіне Истон, Алмонд және
басқа да осы тәсілдің жақтаушылары осылайша түсінілетін саяси жүйені
бейімделу мен кірігуді (адаптация мен интеграцияны) жүзеге асырушы кез
келген ұжымнан табуға болады дейді..
Саяси жүйе - қоғамдағы сан түрлі әлеуметтік топтардың түпкілікті
мүдделерін бейнелейді, оларды іске асыруға арналған түрлі элементтер мен
механизмдерді біріктіреді және олардың саясатқа байланысты өзара қарым-
қатынасын тұтастырып отырады. Оның қызмет атқару механизмдері тұрақтылық
пен өміршеңдікті қамтиды. Бұл механизмдер арқылы қоғамдағы әлеуметтік
қайшылықтар шешіліп, түрлі топтардың, ұйымдар мен қозғалыстардың, т.б. іс-
әрекеттері реттеліп отырады.
Саяси жүйе өзінің біртұтастығына қарамастан қызмет атқару барысында,
басқа салалармен байланыс үстінде үнемі қозғалысқа түсіп, өзгеріп отырады.
Оның шекарасы, қамтитын аумағы тарихи дәуірге, қоғам сипатына қарай
жылжымалы. Сөйтсе де қандай бір саяси жүйені алмайық, оған тән, оның мәндік
негізін анықтап, тұрақтылығын баянды ететін құрылымдық бөліктері бар.
Жүйелік талдау теориясы бойынша:
• Жүйе көптеген элементтер мен бөліктерден құралады;
• Ол бөліктер өзара байланыста болады;
• Жүйенің шегі бар;
• Жүйенің қызмет атқаруы үш циклдан тұрады: кіру , өңдеу және шығу.
Қоғамның саяси жүйесінің құрылымы
• Саяси институттар (ұйымдар мен мекемелер);
• Саяси қатынастар;
• Саяси қағидаттар мен ережелер;
• Саяси сана мен саяси мәдениет.
Жүйе құрамында саяси биліктің қызмет атқаруы саяси институттар арқылы
жүргізіледі. Ол өз ретінде бірнеше тарамдарға бөлінеді:
• Тікелей саяси институттар;
• Жанама саяси институттар;
• Саяси емес институттар.
Мемлекет пен саяси партиялар тікелей саяси институттар болып
есептеледі. Себебі саяси билікті осылар жүргізеді. Саяси билікті ұстап
тұру, жүргізу немесе ол үшін күрес – мемлекет пен саяси партиялардың
қызметінің мазмұны.
Жанама саяси институттарға саяси үрдістерге қатысатын, саяси билікке
азды-көпті ықпалы бар, бірақ негізінен алғанда түрлі таптар мен топтардың
әлеуметтік мүдделерін қорғаумен шұғылданатын бұқаралық ұйымдар, мәселен,
кәсіподақтар, жастар одағы, кооперациялар сияқты ұйымдар жатады. Олар
билік тұтқасының жүргізіп отырған саясатына өз көзқарасын білдіреді, оның
алдына нақты талаптар қояды. Қажет болған жағдайда қысым да жасайды. Билік
тұтқасын қуаттағанда оның шешімдерінің жүзеге асуына ат салысады.
Саяси емес құрылымдардың өзіндік ұйымдық негізі, ішкі тәртібі,
ұйымдасу және басқару жүйесі бар. Олар саяси билікке қатыспайды. Алайда
қоғамдық үрдістер өтпелі кезеңдерді бастан өткергенде, бүкіл халыққа
қатысты принципті саяси мәселелер күн тәртібіне қойылғанда, сондай-ақ,
демократияландыру қарқын алып, көпшіліктің саяси белсенділігі арта түскен
жағдайларда олардың саяси мәнді мәселелерді көтеріп, саяси билікке ықпал
жасауға мүмкіндіктері бар. Оларға түрлі ерікті қоғамдар, шығармашылық
одақтар, т.б. жатады.
Қоғамның саяси жүйесінің функциялары
• Саяси жүйе – қоғамның ахуалының, сыр-сипатының, даму қайшылықтарының
бейнесі. Одан экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, демографиялық құрылымдар
мен рухани жағдайдың болмысы көрініс табады;
• Саяси жүйе арқылы әлеуметтік мүдделер іріктеліп, топтастырылады, олардың
ішіндегі бірінші кезектегі маңыздылары анықталады;
• Саяси жүйе біріктірушілік, топтастырушылық міндет атқарады (консенсус,
тұрақтылық, тұтастық).
• Маңызды әлеуметтік мүдделердің саяси шешім табуын және іске асуын
қамтамасыз етеді.
Саяси жүйелердің типологиясы
• Маркстік тәсіл қоғамның формациялық түрде дамуын және әлеуметтік –
экономикалық құрылымдардың ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып құл
иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және коммнистік саяси жүйелерді
ажыратады;
• Биліктің әлеуметтік негізіне қарай әскери және азаматтық, ұлттық-
демократиялық және буржуазиялық-джемократиялық саяси жүйелерді бөлуге
болады;
• Саяси жүйелер қоғамдағы саяси режимдердің сипатына қарай демократиялық,
авторитарлық және тоталитарлық жүйелер есебінде қаралады;
• Саяси жүйелер өзінің ұстаған бағытына, тұрақтылығы мен өзгергіштігіне
қарай консервативті және трансформацияланушы жүйелер болып бөлінеді;
• Дәстүрлі және жаңғырған (модернизацияланған) жүйелер туралы да айтуға
болады;
• Саяси жүйелер ашық және жабық, орталықтандыпрылған және жергілікті билік
буындарына дербестік берілген т.б болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасының саяси жүйесі
Қандайда саяси жүйе болмасын, оның заңдық негізі, яғни конституцияға
негізделген болуы керек.
Республика Конституциясында, Қазақстан мемлекетіне мынандай анықтама
берілген:
• Мемлекеттік құрылыс нысаны - унитарлық мемлекет;
• Мемлекет басқару нысаны – президенттік республика;
• Мемлекеттік саяси режим – демократиялық режим.
Қазақстан Республикасы Конституцияға сәйкес президенттік басқару
нысанындағы мемлекет болып табылады. Оны бүкіл халық сайлайды. Президент
- мемлекет басшысы әрі үкімет басшысы. Ол ішкі және сыртқы саясат тетігін
қолында ұстайды, қарулы күштердің бас қолбасшысы. Үкімет құрамын өзі
тағайындайды, парламенттен тәуелсіз. Қазақстанның атынан халықаралық
қатынастарда өкілдік ететін лауазымды тұлға. Ол халық пен мемлекеттік билік
бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен
бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Президент Қазақстан халқына елдегі
жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары
туралы жыл сайын жолдау арнайды. Парламент қабылдаған заңдарды бекітеді,
келіспеген жағдайда қайта қарауға жібереді: Парламенттің келісімімен
Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды, оны қызметтен
босатады. Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын
белгілейді, оның мүшелерін тағайындайды, олардың антын қабылдайды.
Конституцияға сәйкес заң шығару өкілеттігіне және Парламентті тарату
құқығына ие.
Адам қоғамы дамып, калыптасып, өмірге келген күннен бастап міндетті
түрде оның бағдарламасы, саясаты, биліктің түрі анықталады. Бұл жұмыстармен
шұғылданатын қоғамның саяси жүйесі. Ең алдымен қоғамның мүддесі мен мақсаты
анықталады. Қоғамдық бағдарламаны жасап, саяси биліктің мазмұнын
толықтырып, олардың орындалу бағыттарын, жолдарын анықтап, іске асыру
механизмін белгілейді.
Саяси жүйе қоғамның объективтік даму процесінде қалыптасып, өмірге
келеді. Саяси жүйенің негізгі міндеті экономикалық, рухани, мәдени базисқа
сәйкес қоғамдық биліктің мазмұнын анықтап сол билікті орнату, дамыту,
нығайту. Қоғам өзгерсе саяси жүйе де өзгереді. Адам қоғамы өзінің
диалектикалық даму процесінде бес формацияны басынан өткізіп отыр. Соған
сәйкес саясаттың бес түрі бар. Себебі әр түрлі тарихи дәуірде әр қилы
оқиғалардың болуы да заңды. Өйткені, осы оқиғалардың бәрі де қажеттіліктен,
қоғамның материалдық, өмірі жағдайларынан туады. Қоғамдық заңдылық қоғамдық
дамудың негізгі бағытын анықтайды, кездейсоқтықтың біразын қамти отырып,
заңдылық өзіне қажеттілікпен жол табады. Қоғамдық заңдылық абсолюттік идея
түрінде қоғамға сырттан табылмайды, адам қызметі және оның әлеуметтік
жағдайлары: өндіргіш куштер, өндірістік қатынастар, өндіріс өнімдері т.б.
рухани мәдениет қосындысынан туады.
Адамдар тарихтың объективті заңдарын жасап немесе бұза алмайды, бірақ
сол заңдар алдында дәрменсіз емес. Тарихи даму заңдарын білу, адамдардың
сол заңцардың күшін қоғамды қайта құру үшін пайдалануына мүмкіншілік
береді. Белгілі бір заң әсер ететін жағдайды өзгерту арқьшы адамдар оның
нәтижесінің түрін өзгертіп көрінісін шапшаңдатады немесе баяулата алады.
Міне, осы қоғамдық заңдылыққа сүйене отырып, саясат қоғаммен бірге
өзгеріп, ескіріп, жаңарып, дамып келеді.
Саясаттың қоғамда атқаратын жұмысы ұшан - теңіз. Қоғамдағы бар-лық
мәселені реттеп, басқарып отыратын саясат пен мемлекет.
Қоғамда бір мүдде-мақсат болады. Соған сәйкес қоғамдық билік
қалыптасады. Онсыз қоғамның мүдде-мақсатының дұрыс жақсы орындалуы мүмкін
емес. Қоғамдық билікті реттеп-басқаратын қоғамның, саяси жүйесі. Қоғамдық
биліктің түрлері: саяси билік, мемлекеттік билік, ұжымдық билік, ұйымдық
билік т.б. ірі-ұсақ биліктер. Саяси жүйе мемлекетпен бірігіп, қоғамның
бағдарламасын, мүдде-мақсатын анықтап, оның бағыттарын, орындау механизмін
белгілеп, міндетті нұсқау, бұйрықтар беріп, іске асуын бақылап отырады.
Саяси жүйеге мемлекет, бірлестіктер, ұйымдар, үжымдар кіреді. Мемлекет
саяси жүйеден кейінгі қоғамдағы ең күрделі, ең көлемді, ең жауапты аппарат.
Қоғам көлемінде атқаратын жұмыстың басым көпшілігі мемлекеттің құзырында.
Қоғамдық саясаттың тарихи түрлері: алғашқы қоғамның саясаты -қоғамдық
меншік, қоғамдық еңбек, қоғамдық, теңдік; құлиелену қоғамының саясаты - өз
атынан түсінікті; феодализм қоғамының саясаты - феодалдың жерге меншігі
және қоғамдағы ұстемдігі; капитализм қоғамының саясаты - капиталдың
буржуазиялық ұстемдігі; социализм қоғамының саясаты - (теориялық түрде, іс
жүзінде толық болған жоқ) — жалпы қоғамдық бостандық, теңцік, әділеттілік
т.б.
Әлеуметтік мазмұнына қарай саяси жүйе бірнеше түрге бөлінеді:
демократиялық, либерал-демократиялық, шовинистік, ұлтшылдық, расистік,
тоталитарлық, фашистік т.б. Қоғамдық ықпалына қарай саясат жариялы және
құпиялы болып екіге бөлінеді. Идеологиялық бағыты-на сәйкес саясат үш топқа
бөлінеді: оңшылдар, центристер, солшылдар.
Бірлестіктердің, одақтардың, ұлсымдардың, т.б. ұйымдардың атқара-тын
саяси жұмыстары өздерінің ережелері - уставтарының мазмұнына сәйкес келеді,
өздерінің қоғамдық құзырының шеңберінде жүргізіледі. Бәрінің жұ_мысын
біріктіріп айтсақ олардың қоғамдық мүдде-мақсатты орындауда, саясатты іске
асыруда үлестері өте зор. Мысалы: толып жатқан ұжымдар: зауыт, фабрикалар,
акционерлік шаруашылық, өндірістік ұйымдар қоғамың материалдық, техникалық,
әлеуметтік, экономикалық, мәдениеттік негізін дамытып нығайтады. Саяси
жүйенің даму процесінің бірнеше түрі болды. Социалистік типті мемлекеттерде
сталиндік саяси жүйе қалыптасты. Оның мазмұны: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғам және оның мәні, әлеуметтік құрылымы
Қоғам және философиялық ерекшеліктер
Қоғамның әлеуметтік құрылымының жіктелуі
Қоғам - әлеуметтік жүйе
20 ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ мәдениеті
Техника философиясы өркениетті тұрғыда бағалау ретінде
Табиғат пен қоғамның бірлігі мен байланысы
Діннің қоғамдағы маңызы
Қоғамның саяси жүйесінің даму
Қоғам ұғымы және оның әлеуметтік құрылымы, негізгі қағидалары
Пәндер