Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920)



Өмірбаяны
Шығармашылығы
Қазаққа ілгерілеу керек болса, мұны аз қалыпта қалдырмай көбірек, көбіре тұрсын, бәріне таныс жетілген жұртардың қатарына қосу керек; Олар мен бірге адам баласының жеңіл күн көруіне, тегіс бақытты болуына жол табу керек, іздесіп ат салысу керек ... Бізге керегі қайткенде солардың білімін тез үйреніп қайткенде сол қатарға тез қосылу қамын келу керек.
(Сұлтанмахмұт)
Өмірі: Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр жанырда еңбек етіп, ерекше көзге түскен көрнекті ақындарының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыров болады. Ол 1893 жылдың 28 қазанында Омбы уезінің Шарғай баласына қарасты Қарауыл шабар ауылында (Қазіргі Ақмола облысы Қызыту ауданы) туған. Оның әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) атаған, кедей момын шаруа адамы болған. Шоқпыт кедейліктік тақсіретін көп тартып, Қарауыл еліндегібай жездесін паналап, малын баққан. Сонда үйленген. Байқоңыр, Сұлтанмахмұт деген балалары болған. Сұлтанмахмұттың екі жасында шешесі өліп, жетімідік көріп өседі. Әкесі Шоқпыт әйелі өлген соң балаларын алып, өзінің тұған жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына көшеді. Сұлтанмахмұттың балалық шағы баянауылда өтеді. Алғашқыда әкесінен арабша хат таныған Сұлтанмахмұт әлі, Торғай, Мұқан деген ауыл молдарларынан оқиды. Мұқан молда Сұлтанмахмұтың ақындық талантын бақап, құаттайды.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Сұлтанмахмұт Торайғыров
(1893-1920)

Қазаққа ілгерілеу керек болса, мұны аз қалыпта қалдырмай көбірек,
көбіре тұрсын, бәріне таныс жетілген жұртардың қатарына қосу керек; Олар
мен бірге адам баласының жеңіл күн көруіне, тегіс бақытты болуына жол табу
керек, іздесіп ат салысу керек ... Бізге керегі қайткенде солардың білімін
тез үйреніп қайткенде сол қатарға тез қосылу қамын келу керек.
(Сұлтанмахмұт)
Өмірі: Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр жанырда еңбек
етіп, ерекше көзге түскен көрнекті ақындарының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыров
болады. Ол 1893 жылдың 28 қазанында Омбы уезінің Шарғай баласына қарасты
Қарауыл шабар ауылында (Қазіргі Ақмола облысы Қызыту ауданы) туған. Оның
әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) атаған, кедей момын шаруа адамы болған.
Шоқпыт кедейліктік тақсіретін көп тартып, Қарауыл еліндегібай жездесін
паналап, малын баққан. Сонда үйленген. Байқоңыр, Сұлтанмахмұт деген
балалары болған. Сұлтанмахмұттың екі жасында шешесі өліп, жетімідік көріп
өседі. Әкесі Шоқпыт әйелі өлген соң балаларын алып, өзінің тұған жері
Павлодар облысының Баянауыл ауданына көшеді. Сұлтанмахмұттың балалық шағы
баянауылда өтеді. Алғашқыда әкесінен арабша хат таныған Сұлтанмахмұт әлі,
Торғай, Мұқан деген ауыл молдарларынан оқиды. Мұқан молда Сұлтанмахмұтың
ақындық талантын бақап, құаттайды. Оның жылы лебізіне риза болған жас
талант иесі Сұлтанмахмұт, өзінің ұстазы мұқанға арнап:
Мұқаннан екі жылдай сабақ алам
Ұйықтасам да қөңілім оқуға алаң
Лепес қып өзі бастап ақын бол деп
Дұғасын ықыласпен берді маған –
деп өлең шығарды.
1908 жылы Сұтанмахмұт Баяауылдағы Әбдірахман деген молданың
медересесіне түсіп одан 2-3 жыл сабақ алады. Молданың ұрып соғуына шыдай
алмай, Сұлтанмахмұт оқуды тастап кетеді. Молданың надандығын қаталдығын
сықақ етіп өлең шығарды. Ол 1911 жылы бір қыс бойы Нұрғали Бекбай деген
мұғалімнен оқиды. Нұрғали жаңаша (жадидше) оқыған, көзі ашық, сауаты
мұғалім болған. Нұрғалидың көмегімен Сұлтатмахмұт қазақ татар тілдерінде
шыққан әдеби кітаптарды, газет журналдарды оқуға дағдыналады. Өзінің
білімінің саяздығын сезген Сұлтанмахмұт 1912 жылы Трастик қаласына барып,
Ахун Рахманқұш деген татардың медресесіне оқуға түседі. Бірақ тұрмыс
жағдайының ауырлығынан мұнда ұзақ оқи алмайды. Қаржының тапшылығынан көп
қиыншылық көріп, ауруға шалдығады. Жаз шыға маңындағы бір ауылға бала
оқытуға кетеді. Ондағы ойы бала оқыта жүріп, денсаулығын түзеп қаржы жинап,
қайта оқуға келу болады. Ол бала оқутудан бос уақытында, өз бетімен оқумен
шұғылданады, өлеңдер жазады.
1913 жылы Сұлтанмахмұт Транцк қаласына қайта келіп Айқап журналы
редакциячында қызмет етеді. Осы кезден бастап шығармашылық жолында аға
ағартушылық көз қарасы анық танылады. Оның Оқып жүрген жастарға,
Шәкірттерге, Оқудағы мақсат не, Анау-мынау деген өлеңдері, негізінен
осы тақырыпқа арналған. Сол кездегі жастардың оқуға деген ынта- ықыласын,
қайрат-жігерін, келешеке зор сенімнің молдығын:
Үмітпенен жоқ қуған,
Талабы алда боламыз.
Басқалар жоғын тапқанда,
Біздер қайтып қаламыз
Тәуелкеге бел бусақ
Көрдегені аламыз
Жеткізбей кетер жүйрік жоқ
Қусаң бәрін шаламыз -
деп жырлайды. Өлеңде оқуға ынталы жастардың іздесек, талаптансақ өмірден
керегімізді алмай қойямыз деген оптимизмі беріледі.
Сұлтанмахмұт оқудың мақсаты халыққа адал қызмет ету деп
түсіндіреді. Шәкірттерге деген өлеңінде
Мимәттің кел де бірлік, ал жастары
Қызмет қыл, өткір қылыш алмастары
Бәріміз қуат қосып, бірге тартсақ
Аңық қой надандықтың қалмастары –
деп оқу – ағарту ісіне, халықты өнер – білімге үйретуге белсене араласайық
деген ұран тастайды.
Осы идеяны Оқуда мақсат не? деген өлеңінде тереңдете түсіп,
оқудың мақсаты – молда болу, әкім болып, шен тоғу емес, өнер табу, халыққа
пайдалы іс істеу деп түсіндіреді.
Оқу жолындағы үзіліс, Айқаптан қызметтен кету, онан кейінгі Баянауылға
барып, балаларды оқыту үшін елден қаржы жинау мақсатында Шоң серіктігін
ұйымдастыру талабының іске аспауы ақынды өмір үшін өршелене күресуге
итермелейді. Шығамын тірі болсам адам болып деген өлеңінде:
Шығамын тірі болсам адам болып
Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе
Жүргенше өмір сүріп, надан болып?!-
деп өзіне-өзі ант береді, алдына үлкен азаматтық бағдарлама қояды. Осыдан
бастап ақын өлендерінің кейіпкерінде шарқ ұрып талмай іздену байқалады.
Ақынның лирикалық кейіпкерінде шарқ ұрып талмай іздену байқалады. Ақынның
лирикалық кейіпкері тағдырға мойын ұсынбай, от болып алға ұмтылып, өжет,
өр мінез көрсетеді.
Тағдырға ақын өз Менің қарсы қояды, оның философиясы – адамның
өзін-өзі билеуі өз еркін өзінің бағындыруы, еркіме жүрер менің қай дүние,
көнбесе өз еркіме өз денем деген ой. Сонлықтан ол:
Жақсылық көрсем өзімнен
Жамандық көрсем өзімнен.
Тағдыр қылды деулерді,
Шығарамын сөзімнен.
Өзім қылдым деулерді,
Таса қылам көзімнен,-
деген қорытындыға келеді.
Осы кезден бастап Сұлтанмахмұт шығармаларында заманын сынау
айырықша бір өткір түрге көшеді. Ол өзінің Жарлау деген өлеңінде қазақ
ауылындағы ескі наным-сенімдерді, келіңсіз мінездерді кектене мінеп,
шенейді. Ақын қазақ Халқының даму күйін басқа халықтар өмірімен салыстырып,
жастардың көңілін соған аударады.
Қарасақ басқалардың жастарына
Өнер-ғылым толып тұр бастарында
Өзіне от, жел, суды жалшы қылып
Алланың сайран етер аспанында,-
деп қазақ жастарына мәдениетті, білімді елдің жастарын үлгі етіп ұсынады.
Солардан неге үйренбейсіңдер деп өкпе – наз айтып, қайрат жігер береді.
Алға басудың жолы талапта ден түсінген ақын, келешек - өр мінезді
күресшіл жастардікі, өмір үшін күресе біл деп оларға ой тастайды.
Бір балуанға қарап деген өлеңінде бұл ойын:
Тұрмысы бұл дүниенің күреспен тең
Тәуекел, күреске түс, бардағы жең
Дүниеде барлығынды кім біледі
Үйінде ынжықтанып отырсаң сен!-
деп тұжырымдайды.
Бұл кім? деген өлеңінде қазақты бұрынғы ер түріктің азып-тозып
күлкі болған жұрағаты деп қарайды да, қарнынан басқаны ойламайтын, малға
арын сатқан өзі жатып, құдайды жұмсайтын жалқау, біріне-бірі жау болып
күнде шапқан, пәле баққан, саналы азаматын қуғындап отқа жаққан керітартпа
қазақты өлтіре сынайды.
Сұлтанмахмұт Маххабат лирикасын Аққудай үлбіреген сұңғақ мойын,
Ақ сәуле т.б. өлеңдері жатады. Онда ақын жас адамның ыңтықтық сезімін қыз
көркі, қыз намысы жайлы байсалды ойға жеңдіреді.
Сұлтанмахмұттың заман туралы үлкен толғаныста эпикалық туындысы –
Қамар сұлу романы. Автор роман сюжетін қазақ әйелінің теңсіздік күйін
көрсетуге құрғанмен, сол оқиғаға байланысты бүкіл қазақ қоғамның тіршілік –
тынысын, ұғым – нанымын терең бейнелеп береді. Осыған жалғыс Кім жазықты
романында да қазақ қоғамның мән-жайы, белді адамдардың бейнесі, олардың
өмір жайлы, теріс тәрбиесі, мінез-құлқы жан-жақты суреттеледі. Жасынан
тәрбиесіз өскен бай баласы Әжібайдың жеке өмірі де зорлық-замбылыққа, қара
күшке негізделгені әйгілі бұған Кім кінәлі деген сұрақ қояды да, заман
кінәлі, ескі феодалдық заң, отбасының теріс тәрбиесі кінәлі деп жауап
береді.
Сұлтанмахмұт 1917 жылдың Қазанында Семейге келген Әлихан
Бөкейхановты қарсы алып, желтоқсанда өткен Алашорда партиясы съезіне
қатысушылардың ініде болады. Оның Әлиханның семейге келуі атты Сарыарқа
газетінде мақаласы жарияланады. Онда халықтың Алашорда көсемін қалай қарсы
алғанын көрсету арқылы олар көтерген автономияны мемлекет болу идеясын
қазақ қауымының жаппай қолдағаннын көрсетеді. Сұлтанмахмұттың өзі Алаш
ұраны атты өліңін жазып, патшаның тақтан құлауына, елдің дербес автономия
алуына тілектестік білдіріп, үн қосады.
Алаш тауы астында
Біз – Алаштың баласы
Күніміз туып көгерді
Сарарқаның даласы
Құрт аурудай жайлаған
Құтпаққа бізді ойлаған,
Қолымызды байлаған
Ерімізді айдаған,
Елімізді лайлаған
Жерімізді шимайлаған,
Өшті залым қарасы, -
деп Алаш ісіне адалдығын біілдіріп, оны қолдауды уағыздап, елді бірлікте ел
тұтастығын үшін күреске шығады.
Сұлтанмахмұт 1918 жылдың қысында Абай елінде болып, Таныстыру
атты поэмасын жазады. Онда Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатом сынды Алаш
партиясы қайраткелерінің қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы жалынды
еңбегін зо бағалап
Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі
Демейді қандай қазақ оны өн көзі
Семей тұрсын, жеті облыс бар қазақтан
Толассыз жеке дара тұр ғой өзі, -
деп келіп, шен-шекпенге сатылмай, ел жұрты үшін түрмеде азап шегіп, халық
бостандығы үшін басын бәйгеге тіккен көсем екенін айтады.
Сұлтанмахмұт қазақтың ұлы ақыны Абайға да мінездеме беріп, оны
қазақ әдебиетінің өкілдерінің бәрінен ерекше, дара тұлға деп бағалайды.
Абайды дейік биік бұлтқа жетті
Ал ішімі жетуіне жәрдем етті.
Сүйікті, тағзым мінді суретті
Алса егер Тожтойдың тәрбиесін
Абай да көрсетер ед сондай кепті,-
деп суретейді. Өз замандостардың ойшыл ақындары ішінен Сұлтанмахмұт
Шәкерімге болекше баға береді. Оның ойшылдығы жайында.
Ол кісінің пікірімен болсаң таныс...
Надандар, оны өлшемейтін өлшеуіш жоқ
Аулақ жүр, біле алмайсың жай шамалап
деген кесек пікірді айтады.
Сұлтанмахмұт ана тілін қастерлеуге басқа көңіл бөледі.
Сүйемін туған тілді – ана тілді
Бесікте жатқанымда берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген тыныс үнін
Сол тілмен шешем мені әлдилеген
Еркелеткен Құлыным, Жанмы деген
Сол тілімнен бірінші білгізілген
Ана деген сүйгендік сөз әніменен,-
деген өлең жолдары дәл бүгін де өзектілігі кемігемен ой десе болғандай.
Сұлтанмахмұт өз өмірінің ішінде (небәрі 27 жас жасаған) әлденеше
лирикалық өлең, ондаған мақала, екі роман, 5-6 поэма беріп кеткен, қазақ
поэзиясы мен прозасын жаңа сатыға көтерген, Абайдан кейінгі ірі суреткер
реалист ақын болып табылады.
Қамар сұлу романы, Қамар сұлу өзінің тақырыбы мен көтерген
әлеуметтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұлтанмахмұт Торайғыров жайлы
Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы ақпарат
С.Торайғыров (1893-1920)
Талпынам, асыққандай жігіттікке
Сұлтанмахмұт Торайғыров -Айтыс поэмасы
«Құмар Сұлу» романы
Сұлтанмахмұт Tорайғыров өмірі туралы
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың педагогикалық көзқарастары
Сұлтанмахмұт торайғыров туралы
Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы мағлұматтар
Пәндер