Коммерциялық банктердегі қаржы менеджменті


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

«Қаржы және есеп»

факультетінің «Қаржы және несие» мамандығының 3 курс студенті

Әлібай Мақпал Болатбекқызының

«Коммерциялық банктердегі қаржы менеджменті»

тақырыбына жазылған дипломдық жұмысына

БАЯНДАМА

Кіріспе

Банктер - нарықтық құрылымның жүйесіндегі орталық буын болып есептеледі. Олардың харакетінің дамуы - нарықтық механизм құрудың қажетті шынайы шарты. Экономикалық қайта құру процесі банктік жүйені қайта түзуден басталады. Бұл сала бүгінгі күні қарқынмен дамып келеді. Соңғы кезде Қазақстандағы банктік жүйенің қалыптасуында едәуір ілгерілеушіліктер болды. Көшбастаушы банктер анықталды, банк ісіне маманданудың негізгі бағыттары қалыптасты, қаржылық институттар арасындағы клиенттік базаның бөлінуі аяқталды.

Қазір банктік жүйе - кез келген дамыған мемелекеттің ұлттық шаруашылығындағы маңызды сала болып табылады. Соңғы жылдары ол едәуір өзгерістерге ұшырады. Банктік жүйенің барлық компоненттері өзгеріп жатыр.

Қазақстанның нарыққа қосылуы көп жағдайда несиелік қатынастар мүмкіндігін жүзеге асырумен байланысты. Сондықтан нарықты қалыптастырудың міндетті шарттарының бірі - ақша айналымы мен несиені түбірімен қайта құру болып табылады. Қайта құрудың негізгі міндеті - ақша ресурстарының орталықтан бөлінуін барынша азайту және оның қаржылық рыноктарға өте-мөте горизонтальды қозғалысына көшу. Несие өндіргіш күштердің дамуына жағдай жасайды, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінің негізінде өндірісті кеңейту үшін қаржы көзін қалыптастыруды тездетеді.

Несиелік қолдаусыз шаруашылықтардың, кәсіпорындардың жылдам және өркениетті түрде қалыптастыруды қамтамасыз ету, ішкі мемлекеттік ішкі және сыртқы экономикалық кеңістікте кәсіпкерлік харекеттің басқа да түрлерін енгізу мүмкін емес.

Тәуекелдік қашан, қай сатыда пайда болуы мүмкін?

Тәуекелдікті қарастыруда екі түрлі көзқарас бар:

  1. жеке тәуекелділік (кез келген актив және дара қарастырылады) ;
  2. портфельді тәуекелділік (актив қандай бір портфельдің бөлшегі болып табылады) . Басқаша көзқараспен қарағанда, тек қана портфельді тәуекелдіктер ғана болады, өйткені банктер өз активтерін диверсификациялауға ұмтылады сондықтан әрбір активті өз алдына жеке қарастыруға болмайды.

Қаржылық істе тәуекелдікті басқару негізгі шаруа болып табылады. Әдепкіде банктер тек қана депозиттерді қабылдап алғанмен, олар, қаржыны басқаға өткізуде делдалдық қызмет атқарып, сонымен қатар өзіне басқа тәуекелдіктер (мәселен несиелік) қабылдап, толысып жетілді. Несие қаржылық істің негізі және базисі болды, банк жұмысының сапасын соған қарап бағалады. Несиелік тәуекелдікті басқару процесі ерекше назар аударуға тұрады, өйткені банк жұмысының табысы оның сапасына тәуелді болады. Дүние жүзіндегі банктердің банкротқа ұшырауын зерттеу - оның негізгі себебі активтердің сапасының төмендігінен екендігін көрсетеді.

Тиімді басқарудың басты элементтері болып табылатындар: жақсы жетілген несиелік саясат, портфельді ұқыпты басқару; несиеге тиімді бақылау жасау; және ең негіздісі - бұл жүйеде жұмыс істеу үшін жақсы дайындалған персонал.

1. Қаржы менеджментінің мазмұны және негізгі мақсаттары

Қаржы менеджментінің мазмұны және тұжырымдамалары

Қаржы менеджменті - дегеніміз кәсіпкерлік қызметті қаржыландыдыруды ұтымды немесе тиімді басқару жүйесі.

Қаржы менеджменті компаниялардың қаржы ресурстарын басқару немесе компаниялардың қаржы ресурстарын қалыптастыру, пайдалану, тарату және айналымдағы ақша қаражаттарын ұйымдастыруды басқару үшін қолданылатын әдістермен басқару шешімдерін іске асыру принциптерінің жүйесі.
Қаржы менеджментінің негізгі мақсаты салықты оптимизациялау болып табылады. Компаниялардың қаржысын басқару екі қосалқы жүйеден құрылады:

  • Басқару объектісі;
  • Басқару субъектісі.

Басқару объектісіне жататындар: қаржылық есеп, талдау, жоспарлау, болжау, бақылау, реттеу, салық салу, несиелеу, сақтандыру, лизинг, жалдау, факторинг, хеджирлеу және есептесу әдістері.

Басқару объектісінің элементтері:

  • Қаржы қатынастары;
  • Қаржы ресурстары;
  • Ақша айналымы және қаржыландыру көздері.

Барқару субъектісі деп әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржы қызметі және оның бөлімшелерін айтамыз. Басқару субъектісі шаруашылық жүргізу көлеміне байланысты әр түрлі бөлімдердерден тұрады:

  • Қаржы бөлімі;
  • Жоспарлау бөлімі;
  • Маркетингтік бөлімдер;
  • Есеп бөлімі;
  • Бухгалтерия;
  • Салықтық есеп бөлімі.

Қаржы менеджменттің түпкі мақсаты шаруашылық жүргізуші субъектінің нарықтық құнын барынша көбейтуді қамтамасыз ету. Қаржы ресурстарын қалыптастыру және тиімді пайдалану табысты көбейту тетігін қолдана отырып, шаруашылық жүргізуші субъектінің бәсекелестік деңгейін көтеру.

Қаржы менеджментінің орындау процесінде үш бағыт анықталған:

  • Табысты максимизациялау;
  • Шығындардарды минимизациялау;
  • Салықтарды оптимизациялау.

Қаржы менеджменті өзінің басты мақсатын орындау процесінде төмендегі міндеттерді атқаруы тиіс:

  • Алдағы кезеңде компанияның даму саясатына сай келетін қажетті қаржы ресурстарының көлемін қалыптастыруды қамтамасыз ету;
  • Компанияның ақша айналымын тиімді басқаруды қамтамасыз ету;
  • Компаниялардың айналым активтерінің қажетті өтімділік деңгейін қамтамасыз ету;
  • Компаниялардың барлық даму кезеңдерінде қаржы тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету;
  • Банкрот болудан қашу және ірі қаржы сәтсіздігін болдырмау;
  • Бәсекелестік күрес жағдайында кәсіпорынның немесе компаниялардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • Компаниялардың нарықтық құнын барынша молайту;
  • Компаниялардың экономикалық потенциалын даму қарқының қамтамасыз ету;
  • Компаниялардың қызметіне байланысты қажетті рентабелділік деңгейін қамтамасыз ету.

“Қаржы” және “менеджмент” категориялардың функцияларын талдау нәтижесінде қаржы менеджментінің негізгі функциялары анықталған:

  1. Қаржыны жоспарлау функциясы. Бұл функцияның атқарылуы қаржы менеджментінің қойылған мақсаттары мен міндеттеріне байланысты қаржы ресурстарын болжамдау және жоспарлау нәтижесінде анықталады.
  2. Қаржыны бақылау. Бұл функцияның атқарылымы қаржы менеджментінің қойылған мақсаттары мен міндеттеріне байланысты жоспардың орындалу ерекшеліктерін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Қаржы менеджментінде қолданылатын экономикалық категориялар бухгалтерлік есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есеп элементтері болып табылады. Қаржылық есеп элементтері екіге бөлінеді:

  1. Баланстық есептің элементтері
  2. Қаржылық шаруашылық есептің нәтижесі туралы есептің элементтері.

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру заңына сәйкес бес қаржылық есеп нысаны қарастырылады:

  • Бухгалтерлік баланс;
  • Кірістер мен шығыстар туралы есеп;
  • Ақша қозғалысы туралы есеп;
  • Меншікті капиталдың өзгерістері туралы есеп;
  • Есеп саясаты немесе түсініктеме хат.

2. Тәуекелдікті басқаруды ұйымдастыру және іске асыру

2. 1 Тәуекелділікті басқаруды ұйымдастыру

Тәуекелдіктерді басқару практикалық менеджменттің әр бөлігі болғандықтан, ол қабылданған шешімдерді әрдайым бағалап және қайта бағалап отыруды талап етеді. Олай болмаған жағдайда іс жүзінде жүзеге аспайтын статистикалық, бюрократтық және технологиялық иллюзиялар қалыптасуы мүмкін. Әртүрлі айырмашылықтары мен өзгешеліктері бола тұра ағылшын-саксон елдердегі қаржылық тәуекелділіктерді басқару модельдері - осындай басқаруды ұйымдастырудың үлгісі болып табылады.

Тәуекелділіктерді басқару жүйесінің маңызды бөлшктері болып мыналар есептеледі:

  • қатаң және құжатнамалық принциптер, банктің сауда саясатының мәселелері, тәуекелдіктерді басқарудың, еңбек процестерін ұйымдастыру және пайдаланған терминология мәселелрі бойынша ережелер мен директивалар;
  • банктің коммерциялық бөлімшелеріне тәуелсіз тәуекелдіктерді басқарудың арнайы топтарын құру.

Нарықтық тәуелдіктермен айналысатын бөлімшенің басшысы банктің атқарушы директорының алдында есеп беріп отырады. (“Chief Executive Officer”), несиелік тәуекелдіктер бөлімшесінің бастығы несиелер жөніндегі директордың алдында (“Chief Executive Officer”), яғни банктің жоғарғы басшылығы мүшелерінің алдында есеп береді:

  • нарықтық және несиелік тәуекелдіктер лимитін тағайындау және оның сақталуын қадағалау, сондай-ақ жекелеген банк өнімдері, контрагенттер және аймақтар бойынша тәуекелдіктерді агрегилеу (біріктіру) ;
  • тәуекелдіктер туралы банк басшылығына ақпарат беріп отырудың жүйелігін айқындау. Тәртіп бойынша, мұндай ақпарат, әсіресе нарықтық тәуекелдіктер бойынша күн сайын беріліп отырады;
  • тәуекелдіктердің барлық түрлері үшін банктің коммерциялық бөлімшелерінен тәуелсіз арнаулы аз ауқымды топтар құрылады;
  • тәуекелдіктерді басқарудың және бақылау жүйесінің барлық элементтері банктің коммерциялық қызметінен тәуелсіз аудиторлар тарапынан тұрақты тексеріліп отырады.

Көптеген ірі батыс банктері жылжымайтын мүліктер саласына қайтарылмаған несиелерден соңғы жылдары тап болған шығындар (мәселен, Ситикорп 1999 жылы 736 млн. долл., 2000 жылы тағы да 2, 4 млрд. долл. жоққа санауға мәжбүр болды) олардың басшыларын қаржы құралдарын пайдалану саласында жасалған тәуекелдіктерді бағалау және оларды басқару жүйесіне ерекше көңіл бөлуге мәжбүр етті. “Деривативтер” тәуекелдігін саралау секілді несие тәуекелдіктерін саралау үшін портфельді инвестиция қисыны кең қолданыс таба бастады.

Банктің актив және пассивтік операцияларының құрылымын талдау өтімділікті бағалаудың бастапқы кезеңі деп айтуға болады. Өтімділік көрсеткішін банктердің табыстылығымен де байланыстыруға болады. Бірақ іс жүзінде жоғары пайдалы, табысты банктердің өтімділігі кейбір жағдайда төмен деңгейде болады. Сондықтан, өтімділікті және пайдалылықты, табыстылықты талдау бірге жүргізіледі.

Өтімділіктің динамикасына 3 негізгі фактор әсер етеді:

  1. салымдардың мөлшеріне байланысты қаражат жинау немесе жоғалту;
  2. ссудалар және инвестицияларға байланысты қаражаттың келуі және кетуі;
  3. міндетті резервтік қорлардың өсуі және төмендеуі.

Активті операциялардың, өтімділіктің деңгейін төмендетпей, пайдалылығын жоғарылату үшін қарыз қаражат және несиелер мен инвестициялар бойынша шекті шығындар мен төлеу мерзімдерін салыстыру қажет.

Жалпы АҚ “Банк ТуранАлем” 1997 жылдың 15 қаңтарында АҚ “АлемБанк Қазақстан” және АҚ “ТуранБанк” қосылуы нәтижесінде ЖАҚ ретінде құрылған. Ал 1998 жылдың 6 маусымында банктің тұрақтылығын жоғарылату, тәуекелділікті төмендету, активті операцияларды көбейту мәселесімен акциялардың қосымша эмиссиясына шешім қабылданып, ЖАҚ-нан ААҚ өту акционерлердің жиналысында қабылданды.

Екі банктің тарихына тоқталып өтуге болады.

1925 жылдың 15 қазанында ССКО-ның Промбанкісінің республикада бөлімшесі АҚ “Туранбанк” ашылды.

Банктің клиенттері болып Қазақстанның ірі өндірістік корпорациялары, орта және шағын бизнес субъектілері және жеке тұлғалар қалып отыр. Өзінің қызметін атқару барысында банкті ірі қаржы мекемесіне жатқызуға болады, және де кең филиалдық жүйесі бар мекемелердің ішінде екінші орын алады.

Нарықтық экономиканың даму барысында және банктік жүйеде бәсекелестік дамыған сайын “Банк ТуранАлем” ААҚ-да салымдық, несиелік операциялардан, шот жүргізу, есептер жасаудан басқа жаңа қызмет түрлері де атқарыла бастады. Оларға лизингтік, факторингтік операцияларды, құнды заттарды, ақшаны сейфтік сақтау және кепілдік беру операцияларды жатқызуға болады.

Банктің даму барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі көп көмек көрсетті: жарғылық қорға 90 млн. доллар салым салынды.

1998 жылы шығарылған акциялардың нәтижесінде банктің акционерлік капиталы 15 млн. долларға артты.

Қазіргі кезде 2005 жылдың мәліметі бойынша АҚ “Банк ТуранАлем”-нің жарғылық қоры 17 033 570, 0 мың теңге болды.

Баланстың құрылымы негізінде талдау және бағалау жүргізу үшін өтімділіктің әртүрлері анықталады:

  • қысқамерзімді өтімділік;
  • ұзақмерзімді өтімділік.

“Банк ТуранАлем” АҚ-ның мәліметі бойынша өтімділік және тәуекелдік көрсеткіштері анықталды.

Өтімділік активы 23310302

Өтімділік коэффициенті = = = 0, 11

Тартылған қаражат 206256105

Өтімділік коэффициенті 1-ден 1, 5 дейін болса, онда ол банктің өтімді активтері, оның қысқа мерзімді міндеттемелерін жабуға жететінін білдіреді. Ал егер бұл көрсеткіштің мөлшері 1, 5-нан 2 дейін болса, онда ол банктің активтерінің дұрыс қолданбағанын көрсетеді. “Банк ТуранАлем” АҚ-ның мәліметі бойынша бұл көрсеткіш 0, 11 болып анықталды. Бұл ретте табысты активтердің жалпы қысқа мерзімді өтімді активтердегі үлесін анықтау қажет.

Банктің өтімділігін бағалау үшін ссудалар мен тартылған қаражаттың қарым-қатынасын анықтау қажет. Егер бұл көрсеткіштің мөлшері өте жоғары болса, онда ол банктің ссудалық саясаттың консервативтігін білдіреді.

3. Коммерциялық банктердегі тәуекелдікті басқарудың әдістерін жетілдіру

Тәуекелдікті басқару қандай да бір бос кеңістікте жүзеге асырылатын жүйесіз харакеттердің жиынтығы емес. Басшылықпен бірге жұмыс істей отырып, бағаны дайындайтын қызметкер тәуекелдікті анықтауға, минимизация жасауға және мүмкіндігінше шығынды азайтуға тырысады.

Қазір көптеген рыноктерде жағдай өзгеріп келеді, кей жағдайда бұл өте жіті болғандықтан, бұл рыноктерде жұмыс істейтін банктердің қаржысын және тәуекелдігін басқаруды шұғыл күшейтуді талап етті. Бірнеше саланы нығайту қажет: қаржылық ақпаратты көпшіліктің қолы жететіндей ету, қаржылық саясатты, қаржылық ғадеттерді, әсіресе активтер мен міндеттемелерді, міндеттемелер мен портфельдерді басқаруды дамыту, активтер мен міндеттемелерді басқару процесін құру, ұйымдық құрылымды жетілдіру, қаржылық басқару жөніндегі міндеттерді нақтылап бөлу және бақылау тиімділігін арттыру қажет.

Банктік реттеулерде сипатталатын тәуекелдіктерге байланысты активтер әдетте ақша қаражатын қарастырмайды, ақшаның ең жақын баламалары: банктік вексельдер, жоғары сенімге ие бағалы қағаздар және алтын.

Тәуекелдікпен байланысты активтер барлық активтердің ауқымды бөлігін құрайды.

Осындай активтерге ие болу және оларды басқару - банктегі басқару процесінің негізі болады, өйткені нақ осы активтер банк табысының негізгі үлесін қамтамасыз етеді. Осы активтерге қатысты стратегиялық жоспарлар қазір бар және мүмкіндігі мол рыноктерді, портфель стратегиясы мен сапасын бағалауға тиіс.

Банктік реттеулерде сипатталатын тәуекелдіктерге байланысты активтер әдетте ақша қаражатын қарастырмайды, ақшаның ең жақын баламалары: банктік вексельдер, жоғары сенімге ие бағалы қағаздар және алтын.

Тәуекелдікпен байланысты активтер барлық активтердің ауқымды бөлігін құрайды.

Осындай активтерге ие болу және оларды басқару - банктегі басқару процесінің негізі болады, өйткені нақ осы активтер банк табысының негізгі үлесін қамтамасыз етеді. Осы активтерге қатысты стратегиялық жоспарлар қазір бар және мүмкіндігі мол рыноктерді, портфель стратегиясы мен сапасын бағалауға тиіс.

Халықтың ақша қаражатын өзіне тартып отырған банктер, жобаға сәйкес, қамсыздандыру қорын түзіп, қамсыздандыру жағдайында содан қаражат төлеп отырады. Қор қаражатының жетімсіздігі жағдайында (жұмыстың алғашқы кезеңінде оның мүмкіндігі шамалы) қор Кеңесінің шешімімен дефицитті жабуға қаражатты барлық қатысушы - банктер бөледі, бұл жұмысы жолға қойылған банктерді қолайсыз жағдайға әкеледі, өйткені банкротқа ұшыраған банктердің қарызын төлеуге бұларды мәжбүр етеді. Бүгінгі заңнама жобасы, Ұлттық банк басшылығының пікірі бойынша, қамсыздандыру қорының қызметін қамтамасыз ету шығынына сараптамалық баға өткізуді талап етеді, олар алдын-ала жасалған жоба бойынша Банк қызметін қадағалаудың барлық жүйесінің харекетін қамтамасыз ететін Банк шығындарымен сәйкес келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджментті жетілдіру
Қаржы менеджменті банктік менеджменттің құрамдас бөлігі және аясы ретінде
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУ
Банктік менеджмент
Банктің несиелік ресурстарын қалыптастырудың теориялық негізі
Коммерциялық банк қаржысын банктік баланс негізінде талдау
Қаржылық менеджменттің эволюциясы
Базалық банктік қызметтерді дамыту
Екінші деңгейлі банктердің несие саясатын басқару
Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердегі қаржылық менеджменттің мәні мен маңызын анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz